Стандарттаудың экномикалық тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 19:51, дипломная работа

Описание

Жұмыстың мақсаты: Жер беті метеорологиялық бақылаулары атмосферадағы физикалық процестер сипаттамаларын және олардың төселме беткеймен әрекеттесе отырып дамуын нықтау болып табылып, бұл процесстерді сипаттайтын метеорологиялық көрсеткіштерді өлшеуді қамтиды және маңызды атмосфералық құбылыстардың негізгі сипаттамаларын (басталуы,аяқталуы, қарқындылығы және қауіптілігі) анықтайды.
Жұмыстың міндеті көзделген мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылады:
-Атмосфера қысмын бақылау;
-Жел сипаттамасын бақылау;
-Ауа температурасы және төселме беткейдің температурасын бақылау, өзгерістерін тіркеу;
- Атмосфералық жауын-шашынды бақылау;

Содержание

Кіріспе
1. ЖЕР БЕТІ МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бақылаулардың анықтамасы және атқаратын қызметі
1.2 Станциялар торабын құруға қойылатын негізгі талаптар
1.3 Станцияларда бақылауларды ұйымдастыру
Негізгі бөлім
2. МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАР ЖҮРГІЗУ
2.1 Атмосфера қысмын бақылау
2.2 Жел сипаттамасын бақылау
2.3 Ауа температурасы және төселме беткейдің температурасын бақылау, өзгерістерін тіркеу
2.4 Атмосфералық жауын-шашынды бақылау
Эканомикалық бөлім
3 ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
4.1 Метрологиялық алаңға қойылатын талаптар.
4.2 Атырау Гидрометеорологиялық орталығында сақталатын ережелер
Пайдаланылған әдебиеттер
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА СЫМБАТ (1).docx

— 151.03 Кб (Скачать документ)

Егер жаңбыр жазуы нөл  сызығынан басталмайтын болса,онда осындай жазуды өңдегенде жауын-шашын  мөлшерінің барлық есептелері нөл сызығы деп есепке алынатын осы жаңбырдың  бастапқы жазу сызығынан жүргізіледі.

Жауын-шашын мөлшерін өңдеу  нәтижелері блангкіде жәй қаламмен,уақыт  аралықтарыа сәйкес орналасқан бағана түрдегі алты қатарда жазылады.Осы  қатарларда әр 10 минуттық уақыт аралықтарындағы,яғни 1сағ уақыттағы жауын-шашын мөлшері  жазылады.Әрбір қатар белгілеенген 10 мин уақыт аралығындағы тізбелі  нөмеріне сәйкес келетін ордината сандары  мәндері деңгейінде орналастырылады.Яғни, «1 мм» ординатасы деңгейінде орналасқан  бірінші қатарда бірінші 10 минуттық уақытта анықталған жауын-шашын  мөлшері жазылады,ал «2мм» ординатасы деңгейіндегі екінші қатарда екінші он миутық уақыт аралығындағы жауын-шашын  мөлшері және т.с. жазылады.

12.6 суретінде плювиограф  бланкісінің өңделген үлгісі  келтірілген.

Төгу түзетуін есептеу  тек бланкі бойынша есептелген жауын-шашын  мөлшері тексеру ыдысы арқылы анықталған мөлшерден кем емесе  болғанда ғана жүргізіледі.Төгу үзетуі тек бір немесе екі табиғи төгіліс  болған кезде,сонымен қатар тексеру  ыдысы мен лента жазуы бойынша  алынған жауын-шашын мөлшерінің айырмашылығы 0,1мм-ден жоғары болған жағдайларда ғана енгізіледі.

Төгу үзетуі төмендегідей енгізіледі.Тексеру ыдысы бойынша  өлшенген жауын-шашынның толық мөлшерінен бланкіде тіркелген жауын-шашын  мөлшері алынады.Алынған айырмашылық  осы тәуліктегі бланкіде белгіленген  төгілу санына бөлінеді.Осы түзету төгуден кейінгі әрбі 10минуттық уақыт аралықтарындағы жауын-шашын  мөлшеріне қосылады.Түзету мөлшері  бланкінің артық бетіне жазылады.

Кейбір жағдайларда,төгілу уақыт аралығы ішінде болатын  болса,онда осы уақыт аралығының соңына дейін жауған жауын-шашын  және төгу түзетуіне тең болады.

Мысал-Бланкідегі жауын-шашын  мөлшері 26,8мм тіркелді;қосымша құйылған суды алып тастағанда тексеру ыдысындағы жауын-шашынның толық мөлшері 27,3мм тең.

Тексеру ыдысы және плювиограф бланкісі бойынша анықталған жауын-шашын  мөлшерінің айырмашылығы 0,5мм.Осы жағдайда екі рет су төгілді:біріншісі 10сағ 16мин-та,екіншісі-в 14сағ 03мин-та басталды.Алынған  айырмашылық 0,5мм екі төгуге бөлінеді:

а) 10сағ 20мин-та анықталған жауын-шашын  мөлшеріне төгілу кезіндегі жауын-шашын  мөлшері және 0,2мм-ге тең төгілуі  түзетуі қосылды;

б) 14сағ 10мин-та анықталған жауын-шашын  мөлшеріне төгілу кезіндегі жауын-шашын  мөлшері және 0,3мм-ге тең төгілу түзетуі  қосылады.

Яғни,уақыт аралығындағы бірінші төгуден кейінгі жауын-шашын  мөлшері 10,8мм-ге,ал екінші төгуден кейін-21,3мм-ге тең болады.

Керек

Жағдайда әр он минут аралық уақыттағы жаңбыр қарқындылығы осы  уақыт аралығындағы жауын-шашын  мөлшерін 10-ға бөлу арқылы анықтауға  болады.Увқыт аралығындағы жауын-шашын  мөлшері келесі уақыт аралығындағы және осы уақыт аралығындағы жауған жауын-шашын мөлшерінің айырмашылықтары  ретінде анықталады.

Кейбір жағдайларда,жаңбыр басы мен аяғындағы қарқындығын  есептегенде,бланкіде жаңбыр жазу уақыт  аралығының ішінде басталған немесе аяқталған болса,онда жаңбырдың  басындағы уақыт аралығы ретінде  жаңбырдың басталу уақытынан  сол 10миуттық уақыт аралығының соңына диенгі уақыт алынады,ал жаңбырдың  соңында-сол уақыт аралығының басынан  бастап жаңбыр тоқтаған кезге диенгі уақыт алынады.

Мысал-Жаңбыр 14 сағ 03мин-та басталып 18сағ 08мин-та аяқталды.Жаңбыр басындағы  қарқындылығын есептегенде бірінші  уақыт аралығының ұзақтығы 7мин-қа тең,ал жаңбыр аяқталардағы соңғы уақыт  аралығының ұзақтығы 8мин-қа тең.

Қақындылық мөлшері бланкіде жауын-шашын мөлшерініңғ қасына жазылады.

Плювиограф жазуын тексеру

Плфвиограф жазуын техникалық тексеруден өткізгенде төмендегілер тексерілуі керек:

-диаграммалық лентаның  артқы бетіндегі жазулардың дұрыстығы,ол  жерде:станция аты,өздігінен жазатын  аспап аты,бланкінің алған және  салған күні,бақылаушылардың аты-жөні,жауын-өлшегіш  пен бланкі бойынша анықталған  жауын-шашын мөлшері және тексеру  ыдысындағы су мөлшерін есептеу  жазулары келтіріледі;

-бланкінің алдыңғы бетіндегі  жазулар тексеріледі,ол жерде:жаңбыр  басталу және аяқталу уақыты  мен күні,мезгілдік белгілер,жасанды  төгу үшін құйылған қосымша  су мөлшері және төгу түзетуі  келтірілген.Бланкіні бірнеше күн  бойы қолданған кезде әр тәулік  бойынша жазудың басталу және  аяқталу күні мен уақыты және  қосымша құйылған су мөлшері  келтіріледі;

-барлық жаңбыр жазуын  өңдеудің дұрыстығы,әсіресе тһөгу  түзетуін есептеу және енгізу  дұрыстығына аса көңіл аудару  керек.

Күнделікті бланкіні тексергенде  бақылаушының белгіленген талаптар мен ережелерге сай орындауын  тексеріп отыру керек.

Аспап дұрыс жұмыс істегенде  және бланкіні өңдеуге жарамды жазуы  келесі түрде болады:

-горизонтальды сызық  жаңбыр жаумағанда;

-горизонтальды-сызық жаңбыр  кезінде;

Вертикаль сызық-қалтқылы камерадан  тексеру ыдысына су төгілген кезде.

Жазу күдікті болған барлық жағдайларда кемшіліктерін анықтап,оны  түзету мақсатымен аспапты қару керек.

Аспаптың дұрыс жұмыс  істемеуіне бланкіні станцияда өңдеуге  болмайтын барлық жағдайларда бланкінің  артқы бетінде осы туралы жазылуы  керек.

Егер жаңбыр соңы қатты  түрдегі жауын-шашыгға айналса,онда тек жаңбыр жауған кездегі жазу бөлігі ғана өңделеді.Қатты түрдегі жауын-шашын  жауған және осыдан кейінгі кездегі  жазу бөліктері өңделмейді,өйткені  ол жауын мөлшерінің берілген мерзімде дұрыс анықталғанына қарамастан,оның нақты қарқындылығының өзгерісі дұрыс көрсетілмейді,Бланкінің артқы  бетінде күн,жауын-шашын түрі және көзбен шамалап анықталған қарқындылық,жауын-шашынның әр түрінің басталу және аяқталу  уақыттары жазылады.

Кретикалық тексеріс кезінде  плювиограф жазуы бойынша және жауын-шашын  өлшегішпен анықталған жауын-шашынның тәуліктік мөлшері салыстырылады.олардың 10процентке дейінгі айырмашылығына рұқсат етіледі.Егер айырмашылық одан үлкен болатын болса,онда блоанкінің өңделуі тағыда тексеріледі.Жауын-шашын  өлшегіштің төмен көрсетуі көбінесе оның тесік болуын байланысты,ал плювиографта-қалтқылы камерадан судың ағып кетуіне  және қаламұшты қағазға қатта  үйкелуіне немесе қалтқылы стерженнің бағыттау тегістерінің қабырғаларына  қатты үйкелуіне байланысты болуы  мүмкін.

Қар жамылғысын бақылау.

Жалпы нұсқаулар

Қар жамылғысы жауған жауын  нәтижесінде жер бетінде пайда  болатын қар қабаты болып табылады.қар  жамылғысы құрамына қар бетінде  және жер бетінде құралатын мұз  қабыршақтары да,сонымен қар астында  еріген су да кіреді.

Қар жамылғысын бақылау,қар  жамылғысының өзгеруін күнделікті бақылаудан және табиғи ландшафт элементтерінде қардың жиналуымен ондағы су қорын  анықтау үшін жүргізілетін кезеңдік қар өлшеу жұмыстарынан тұрады.

Қар жамылғысына күнделікті бақылаулар жүргізгенде төмендегілер анықталынады:

-метеорологиялық алаңдағы  немесе станция жанынан таңдалған  учаскедегі қар жамылғысының  биіктігі;

-қар жамылғысының станция  маңын басып жату дәрежесі.

Барлық таңдалған маршутарда қар өлшеу жұмыстарында келесілер  анықталады:

-қар жамылғысының биіктігі;

-қар жамылғысының құрылымы;

-маршут бойында қардың  жату сипаты;

-маршут бойында қардың  басып жату дәрежесі;

-қар астындағы топырақ  бетінің күйі.

Бұл тарауда келтірілген  әдістемелер,метеорологиялық станцияларда бақылау жүргізгенде барлық аталған  сипаттамаларды анықтауды реттеп белгілейді.

Анықтау әдістері

Станция маңының қармен жабылу дірежесін,бақылаушы станция маңын  қарап белгіленген шкалаларға сәйкес көз мөлшерімен бағалайды.

Қар жамылғысының биіктігі жер бетінен қар жамылғысының беткейіне дейінгі ара қашықтықты өлшеу негізінде анықталады.

Қардың тығыздығы қардың вертикальды бағаны салмағының сол  баған көлеміне қатынасы ретінде  есептелінеді.Суға қаныыққан қар  тығыздығы,қар астындағы судың  тығыздығы және топырақ бетіндегі  мұз қабыршағының тығыздығы қардың тығыздығы есебіне алынбайды.

Қар жамылғысындағы су қоры қар жамылғысының өлшенген биіктігі мен тығыздығы бойынша және суға қаныққан қардың,еріген судың және мұз қабыршағының берілген орташа тығыздықтары бойынша есептелінеді.

Өлшеу құралдары

Өлшеу жүргізгенде келесі өлшеу құралдары қолданылуы тиіс:

-бөлім бағасы 1см-лік М-103 (ұзындығы 1800мм М-103-І және ұзындығы 1300мм М-103-ІІ) станционарлық қар  өлшегіш ағаш рейка;

-бөлім бағасы 10мм-лік  М-104 (ұзындығы 1800мм М-104-І және  ұзындығы 1300мм М-104-ІІ) тасымалданушы  қар өлшегіш ағаш рейка;

-ВС-43 таразылы қар өлегіш;

-ең кіші бөлім бағасы 1мм-лік сызғыш.

Биіктігі 1,5 м-ден жоғары қар жамылғысының сипаттамаларын анықтағанда  өлшеу құралы ретінде М-46тасымалданушы  қар өлшегіш металл рейканы қолднуға болады.

Станциялық қар өлшегіш  рейкалар (сурет 13.1,а) құрғаш ағаштан  тегіс жонылып жасалған ұзындығы 180см,ені 6см және қалыңдығы 2,5с түзу тақтайша болып табылады.

Рейкалар ақ майлы немесе эмальды бояумен боялған және бет жағында сантиметрлік шкаласы  болады.

Тасымалданушы қар өлшегіш  рейка,ені 4см және қалыңдығы 2см тегіс  жонылған құрғақ ағаш тақтайдан жасалады.Рейканың төменгі шеті ұзындығы 10см матталл  ұшпен жабдықталған.Рейканың беткі  жағына сантиметрмен шкала түсірілген,оның нөлі ұштың төменгі қырына сәйкес келеді.

ВС-43 таразылы қар өлшегіш (сурет 13.2) қар өлшеу жұмыстарын жүргізгенде  қардың тығыздығын анықтауға арналған.Ол металл цилиндр мен таразыдан  тұрады.Цилинрдің бір шетінде  кесетін тістері бар сақина болады,ал басқа шеті қалпақпен жабылады.

Қар өлшегіш рейкалкр мен  таразылы қар өлшегіштің тексеру  туралы сертификаттары болуы тиіс.

Бақылу жүргізу жағдайлары

Қар жамылғысының күнделікті бақылау барлық ауа райы жағдайында жүргізілуі тиіс.

Қардың арнайы жабу дәрежесін  бақылау метеорологиялық алаң жанындағы  ең биік,тұрақты жерде жүргізіледі,ал қар жамылғысының биіктігін өлшеу  метеорологиялық алаңда немесе алаң жанынган таңдалып алынған учаскеде жүргізіледі.

Қар өлшеу жұмысын жүргізу  үшін жергілікті жерден таңдалып бекітілген маршут болуы керек:

-ашық учаскеде ұзындығы 2 немесе 1к;

-орманда,ағаштар көлеңкесінде,ұзындығы 0,5км;

-сайлар мен жырларды  кесіп өтеін 2-5 көлденең сызықтар.

Қар өлшеу жұмыстары бекітілген календарлық мерзімдерде жүргізіледі.Егер сол ауданда қауіпті құбылыс  болатн болса қар өлшеу жұмысы жүргізілетін календарлық мерзімді 1-2 күнге өзгертуге болады.

Қар жамылғысын күнделікті бақылау жүргізу ережсіне сәйкес,белдеулік  декреттік уақыт бойынша сағ 8-ге жақын мерзімде жүргізіледі.

Станция маңын қар жамылғысының жабу дәрежесі 10-балдық шкала бойынша  баллмен бағалагнады.

Егер көрінетін айналаның  бәрі де қар мен жабылып жатса,онда жабу дәрежесі 10 баллға тең;егер көрінетін  айналаның шамамен 0,3 бөлігі бжабылса,онда жабу дәрежесі 3 баллға тең болады;егер көрінетін айналаның 0,1 бөлігінен  азын жауып жататын бөлек қар  таңбалары болса,онда жабу дәрежесі 0балл деп бағаланады.

Топырақ беінде қар болмаса  жабу дәрежесі бапғаланбайды.

Жағалаулық станцияларда тек құрлық беті ғана ескеріледі,ал орман массивтері жанындағыы станцияларда-тек  ашық жер беті;таулы аудандарда беті ашық тік учаскелер беткейі ескерілмейді.

Айналаны қардың жабу дәрежесін  бақылау нәтижелері КМ-1 кітапшасының 5 бетіне сәйкес графаларына жазылады.Айналаны қардың жабу дәрежесі баллмен жазылады.

Қар жамылғысының биіктігін  күнделікті өлшеу метеорологиялық  алаңда 13.3 суретінде бейнеленгендей орнатылған,үш қар өлшегіш рейкалармен  жүргізіледі.

Кейбір жағдайларда қар  жамылғысының метеорологиялық алаңда жату сипаты қоршаған ортаға сәйкес болмаса,қар  өлшегіш рейкалар станция жанында  арнайы таңдалған учаскеде орнатылады.Учаскені ГМО маманы таңдайды,сол учаскенің  желден қорғалуы анықталады.Қар өлшегіш  рейка метеорологиялық алаңнан  тыс орнатылған кезде топырақ  температурасын өлшейтін учаске жанына қосымша рейка орнатылады.

Жазда рейкалар міндетті түрде  орнынан алынады.

Метеорологиялық алаңда қар  жамылғысының биіктігін өлшеу келесі тәртіппен жүргізіледі:

Информация о работе Стандарттаудың экномикалық тиімділігі