Стандарттаудың экномикалық тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 19:51, дипломная работа

Описание

Жұмыстың мақсаты: Жер беті метеорологиялық бақылаулары атмосферадағы физикалық процестер сипаттамаларын және олардың төселме беткеймен әрекеттесе отырып дамуын нықтау болып табылып, бұл процесстерді сипаттайтын метеорологиялық көрсеткіштерді өлшеуді қамтиды және маңызды атмосфералық құбылыстардың негізгі сипаттамаларын (басталуы,аяқталуы, қарқындылығы және қауіптілігі) анықтайды.
Жұмыстың міндеті көзделген мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылады:
-Атмосфера қысмын бақылау;
-Жел сипаттамасын бақылау;
-Ауа температурасы және төселме беткейдің температурасын бақылау, өзгерістерін тіркеу;
- Атмосфералық жауын-шашынды бақылау;

Содержание

Кіріспе
1. ЖЕР БЕТІ МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бақылаулардың анықтамасы және атқаратын қызметі
1.2 Станциялар торабын құруға қойылатын негізгі талаптар
1.3 Станцияларда бақылауларды ұйымдастыру
Негізгі бөлім
2. МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАР ЖҮРГІЗУ
2.1 Атмосфера қысмын бақылау
2.2 Жел сипаттамасын бақылау
2.3 Ауа температурасы және төселме беткейдің температурасын бақылау, өзгерістерін тіркеу
2.4 Атмосфералық жауын-шашынды бақылау
Эканомикалық бөлім
3 ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
4.1 Метрологиялық алаңға қойылатын талаптар.
4.2 Атырау Гидрометеорологиялық орталығында сақталатын ережелер
Пайдаланылған әдебиеттер
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА СЫМБАТ (1).docx

— 151.03 Кб (Скачать документ)

Ауа температурасының өлшенген мәндері бойынша кез-келген бекітілген кезең аралығындағы ауа температурасының минимальды және максимальды мәндерін анықтауға болады:бекітілген кезеңдегі  минимальды температура минимальды термометр штифінің барлық көрсеткіштері  мен құрғақ термометрдің сол мерзімдердегі  және өткен кезеңнің соңғы мерзімі  көрсеткіштері бойынша салыстырып анықталынады;ауаның максимальды температурасы  максимальды термометрдің бекітілген кезеңдегі барлық мерзімдері бойынша және құрғақ термометрдің сол мерзімдерімен өткен кезеңінің соңғы мерзімі көрсеткіштері бойынша салыстырылып анықталад:ауаның максимальды температурасы термометрдің бекітілген кезеңдегі барлық мерзімдері бойынша және құрғақ термометрдің сол мерзімдері мен өткенкезеңнің соңғы мерзімі көрсеткіштері боынша салыстырылып анықталады.

Құрғақ және суланған термометрлермен  өлшенген мәндер бойынша және «Психрометрлік кестелерді» қолдана отырып су буының парциальды қысымы,ауаның салыстырмалы ылғалдылығы,қанығу тапшылығы және шық нүктесі анықталады.

Су буының парциальды қысымының  және қанығу тапшылығының мәндері КМ-1 кітапшасына ауа температурасы 7,0 ºС-ге тең және одан жоғары болғанда гектопаскальдың ондық бөлігіне дейінгі дәлдікпен,ал температура 7,0 ºС-ден төмен болғанда жүздік бөлігіне дейінгі дәлдікпен жазылады.

Шық нүктесі градустыңондық бөлігіне дейінгі дәлдікпен,ал салыстырмалы ылғалдылық 1%-ға дейінгі дәлдікпен  анықталады.

Кей мерзімдерде суланған термометрдің болмауына немесе істен  шығуына байланысты ауа ылғалдылығы  бақыланбаған кездерде,ауа ылғалдылығының сипаттамаларын гигрометр көрсеткіші мен құрғақ термометр бойынша  ауа температура мәндерін қолдана  отырып анықтауға болады.

Егер гигрометр жоқ  немесе істен шыққан болса,станция  гигрограф болған жағдайда,ылғалдылық сипаттамаларын гигрограф көмегімен  анықтауға болады.

Ондай жағдайда КМ-1 кітапшасына  өткізіліп алынған мәннің толықтырылғаны туралы жазып,ол туралы материалдарға  тіркеме хатта көрсету керек.

Ауа температурасы минус 10 ºС-тан төмен болғанда су буының парциальды қысымы,ауаның салыстырмалы ылғалдылығы,қанығу тапшылығы және шық нүктесі гигрометр мен  құрғақ термометрдің түзетілген көрсеткіштері  бойынша «Психрометрлік кестелер»  көмегімен анықталады және оларКМ-1 кітапшасының сәйкес қатарына жазылады.

Ылғалдылық сипаттамалары  қөұрғақ және суланған термометрлермен  анықталған сияқты дәлдікпен анықталады.

Гигрометрдің түзетілген көрсеткіштері бойынша ылғалдылық сипаттамаларын анықтау мысалдары  «Психрометрлік кестелерде» келтірілген.

Тұрақты аяз (минус 10 ºС-ден  төмен) түсуге дейінгі бір ай аралық мерзімде жүогізілген гшигрометр мен  психрометр көрсеткіштерін салыстыру  бойыншажасалған ауыстыру графиктері мен кестелері арқылы анықталатын  түзетулермен гигрометрдің көрсеткіштері  түзетіледі.

Ауыстыру графиктері негізгі  және қосалқы гигрометрлердің екеуіне  де жасалынады.

Сенімді ауыстырма графигін жасау үшін 100-ге жуық нүктенің болғаны  жеткілікті,яғни барлық бақылау мерзімдері бойынша 100салыстырс\малы өлшеулер қолданылады.Осы  нүктелердің жартысы температура 0-ден минус 10 ºС-ге дейінгі аралықта алынғаны дұрыс.Психрометр мен гигрометр  бойынша параллель бақылаулар жүргізу  уақытын ГМО анықтайды.

Гигрометр үшін ауыстыру графигі  ТМ-9 формадағы арнайы бланкта немесе милиметрлік қағазда құрастырылады.График құрастыру үшін қағазда бір-біріне перпендикуляр осьтер сызылады.Вертикаль  оське төменне жоғары қарай психрометр бойынша салыстырмалы ылғалдылықтың100-ден 100%-ға дейінгі мәндері түсіріледі,ал горизонталь осьте-солдан оңға қарай 100%-дан бастап төмендейтін гигрометр  көрсеткіші түсіріледі.(6.10 сурет)

Психрометр мен гигрометр  бойынша бір мерзімде өлшенген салыстырмалы ылғалдылықтың мәндері графикте осы мәндерге сәйкес сызықтардың  қиылысуында жатқан бір нүктемен белгіленеді.Егер бір жерге бірнеше  нүкте түсетін болса,онда ол нүктеге  дәл келген нүктелердің санына сәйкес сызықша қосылады.

Егер гигрометрдің күйі жіне бақылау жүгізу қанағатттандыралықтай  болса,онда нүктелер координат осіне 45 ºС жуық бұрышта болатын жіңішке  жолақ бойында жатуы тиіс.Егер кейбір нүктелер осы жолақтың ортасынан  біршама алшақ жататын болса,онда олар күдікті рертінде есепке алынбайды.

Барлық нүктелер салынып  болған соң қарандашпен мүмкіндігінше  нүктелер екі жақта бірдей жататындай етіп баяу сызық жүргізіледі.

Графикті қолдана отырып көрсетілген шекте гигрометрдің кез-кеген көсеткіші үшін салыстырмалы ылғалдылықтың түзетілген сәйкес мәнін  тапбуға болады.Гигрометр көрсеткіші мәніне сәйкес горизонталь очсьтен  сызыққа дейін тік жоғары көрсетіледі  деқиылысу нүктесінен кейін солға  горизонталь бағытты вертикальоське дейін жүреді және шкала бойынша  салыстырмалы ылғалдылықтың сәйкес мәні анықталады;келтірілген графикте (6.10 суреті) 90% гигрометр көрсеткішіне 87% салыстырмалы ылғалдылық сәйкес келеді.

График бойынша гигрометр  көрсеткішінен салыстырмалы ылғалдылық мәніне өту ыңғайлы болу үшін ауыстыру кестесі жасалынады.Кестенің бірінші  графасында және жоғрарғы қатарында  гигрометр бойынша сәйкес өлшеу  сандары орналастырылады,ал қатарлар мен графаның қиылыстарында-график бойынша алынған салыстырмалы ылғалдылықтың  сәйкес мәндері жазылады.

Мысал 6.10 суретінде келтірілген  ауыстыру кестесі бойынша 67% гигрометр  көрсеткішіне 65% салыстырмалы ылғалдылық сәйкес келеді.

Алынған графиктер күзде  ГМО-қа жіберіледі.ГМО-та гигрометрдің жұмыс сапасы туралы  қортынды жасалады да қорытынды мен график метеорологиялық  станцияға жіберіледі.Осыдан соң  іске қабылданған графиктегі байланыс сызығы таза бланкіге көшіріліп,қыс  бойы ауа температурасы 0-ден минус 10 ºС-ге дейінгі аралықта болғанда осы  графикке гигрометр мен психрометр көрсеткіштерінің нүктелерін түсіреді.Әр айда нүктелер әр-түрлі бояумен түсіріледі.Қыс  мерзімінде шаштың сезімталдығын өзгермегенін тексеру үшін көктемде осы графиктар тағы да ГМО-қа жіберіледі.Аспаптың қыс бойы жұмывс істеу сапасы туралы қорытынды графикпен бірге станцияға жіберіледі.

      Ескерту- Егер ауа температурасы  лезде төмендеген кезде теріс  таңбалы температурада қажетті  өлшеулер саны жеткіліксіз болса,онда  нүктелері аз санды графикті  уақытша қолдануға болады,ал температураминус 10,0 ºС-тан жоғары болғанда графикті  дұрыстау үшін жиеленген бақылаулар  жүргізіледі.

Ауа температурасының салыстырмалы ылғалдылығының өзгерістерін тіркеу

Жалпы нұсқаулар.

Ауа температурасы мен  салыстырмалы ылғалдылығының уақыт  бойынша өзгеруін тіркеу тәулік ішінде олардың әр сағаттық және экстремальдык  мәдерін анықтау үшін жүргізіледі.

Ауа температурасы мен  салыстырмалы ылғалдылығының әр сағаттағы  және экстримальдык мәндері,тіркелген  мәліметтерді барлық бақылау мерзімдерінде  психрометрмен анықталған ауның  температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығының мәндерін тіркелген  мәліметтермен салыстыра отырып,есептеу  жолымен анықталынады.

Ауа температурасының өзгеруін тіркеу өздігінен жататын деформациялық  термометрді қолдануға негізделген.

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының өзгеруін тіркеу шашты сезімтал элементі бар ылғалдылықты өздігінен жазатын  аспапты қолдануға негізделген.

Аспатар мен жабдықтар

Ауаның температурасы  мен ылғалдылығының өзгеруін тіркеу үшін келесі аспаптар қолнуы керек;

-биметалды сезімтал элементі  бар метеорологиялық термограф  М-16С;

-майсыздалған шаш будкасы  түріндегі сезімтал элементі  бар метеорологиялық гигрограф  М-21АС

Термограф пен гигрограф  құрылысы жән оларды қолдану туралы мәліметтер 7.2.2 және 7.2.3 таралуында келтірілген.

Көмекші ретінде келесі жабдықтар  қолдануы керек:

-өздігіне жазатын метеорологиялық  аспаптар орнатуға арналған БС  типті жалюзді қорғаушы будка;

-будкаға арналған биіктігі  175 см металл тіреніш пен оның кішкене саты;

-биіктігі 275см болатын  қосымша металл тіреуіш және  оған кішкенесаты.

Аспаптардың олардың метеорологиялық  станцияларда қолануға жарамдығын куаландыратын  паспорттары болу керек.

Метеорологиялық термограф  М-16АС(ГОСТ 6416-75) (7.1 суреті) минус 45-тен 35ºС-ге дейін;минус 35-тен 45 ºС-ге дейін;минус 25-тен 55 ºС-ге дейінгі аралықтарының  біреуінде қателігі ±1ºС мөлшермен  ауа температурасы өзгерістерін үздіксіз тіркеуді қамтамасыз етеді.

Термографтың жұмыс істеу  принціпі ауа температурасының өзгеруіне  байланыстыбеймтал пластинкасының майысу радиусының өзгеру қасиетіне  негізделген.Бейметалды пластинканың өзгеруі жеткізу механизмі көмегімен,қаламұшты  стрелканы сағат механизімімен  айналып тұратын ьбарабанда орналастырылған  диаграммалы бланк бойымен жылжытылады.

Термограф М-16АС келесі маңызды  түйіндерден тұрады:

-температураны түрлендіріп  өлшегшітенбиметалды пластинадан  14;

-тасымалдаушы механизімнен:рычагтан 11,тартқыштан 7,рычагтан 8 және осьтен 9;

-реттеуші бөлігінен:қаламұшты  1 тілден 5 және сағаттық механизмі  бар барабаннан 18;

-табаны және айқарыла  ашылатын қақпағы барқораптан  19.

Бимиталды пластинаның бір  ұшы негізгі кронштейнде 10 кронштейн 12 көмегімен орнатылған иінге 17 бекітілген,ал екінші ұшы тілмен 5 бірге айналып  тұратын оське 9 жеткізу механизімімен  қосылған.

Ауа температурасы өзгерген кезде биметалды пластинаның  иіні өзгереді.Тасымалдау механиімі  көмегімен пластинаның деформациялануы  қаламұшты стрелканың қозғалуына әкеледі.Тілдің ұшына кигізілген қаламұш барабанда 18 бекітілген диаграммалық бланк бетін  жазу жазады.Барабан оның ішінде орналасқан сағат механизмі көмегімен вертикальды  осьте айналып тұрун қамтамасыз етеді.Барабанның толық бір айналу уақыты 26 сағ.

Барлық түйіндері мен  механизмдері бекітілген аспаптың негізгі  платасы айқарыла ашылатын қақпағы  бар пластмасс қорап ішіне  орналастырылған.Бимитал пластинам  қораптың сыртына шығарылған және ол қорғаушы доғал мен 6 сақтандырылады.

Аспатың қорабына ілгігі бар  пружиналы құлып бекітілген.Қораптың қақпағын құлып ілегін басып тұрып  ұстағышпен ашуға болады.

Термограф бақылау мерзімінде диаграммалық лентаға жазу сызығын  кесіп қаламұшпен вертикаль белгі  салуға арналған уақыт белгілегішімен жабдықталған.Уақытты белгілеу үшін аспаптың қақпағын ашпай,аспаптың қорабының  сыртына шығарылған уақыт белгілегішінің баспасын жайлап басу керек.

Диаграммалық бланкіге вертикаль  бойынша әрқайсысы 1ºС өзгеріске  келетін горизонтальды параллель  сызықтар жүргізілген,ал горизонталь  бойынша –барабан айналуының әрбір  минутына сәйкес келетін вертикальді  доғалдау сызықтар жүргізілген.

Термограф тіркеу бөлігінің  құрылысы барографтың тіркеу бөлігінің  құрылысына ұқсас.

Қаламұш тілін диагнрамма бланкасінің қажетті бөліміне қою  орналастыру винтімен 13 жүргізіледі.

 Метеорологиялық гигрогограф М-21АС(М-21С) (ТУ-25-04-1861-72) қоршаған ауа температурасы минус 35-тен 45 ºС –ге дейінгі аралықта ауаның үздіксіз тіркеуді қамтамасыз етеді(7.2 суретіне қара).

М-21АС гигрографтың жұмыс  істеу принціпі адамның майсызданған шашының ұзындығы ауа ылғалдылығының өзгеруіне байланысты өзгеру қасиетіне  негізделген.Ауа ылғалдылығының өзгеруіне  байланысты шаш будасының ұзындығының  өзгеруі тасымалдау механизмінің көмегімен  қаламұшы бар тілдің сағат механизімімен  айналып тұратын барабанда бекітілген диаграммалық бланка бойымен жылжытылады.

Гигрограф М-21АС келесі негізгі  түйінділерден тұрады:

-ылғалдылықты түрлендіріп  өлшегіш-зақымданудан арнайы қорғанышы  5 бар майсыздалған адам шашының  будасынан 6 (35-40 дана);

-осьтері бар доғал  лекал жүйесінен тұратын тасымалдау  механизімінен;

-тірегіш бөліктен-қаламұшты  тілмен және сағат механизмі  бар барабаннан;

-табаны және айқарыла  ашылатын қақпағы бар қораптан.

Шаш будасының ұштары кронштейнде 7 қатайтылған арнайлы тығындарға бекітілген.Шаш будасының ортасы тасымалдау механизиі көмегімен  тілге 2 қосылатын ілгекпен 9 тартылған  цилиндрлі қарсысалмақ 4 шаш будасын  керіп тұрады.Ауа ылғалдылығы  өзгерген кезде шаш будасының  ұзындығы өзгереді де,ол қламұшты тілдің жоғпры немесе төмен жылжуына әкеледі.

Қаламұш барабанда бекітілген ЛМ-6р диаграммалық бланкіге жазу жазады.Барабан  сағат механизмі көмегімен вертикальды  осьте айналады да,диаграммалық бланкінің  бірқалыпты жылжуын қамтамсыз етеді.

Барабанның бір толық  айналу мерзімімі 26 сағат.Гигрографтың тіркеуші бөлігінің құрылысы барографтың  тіркеуші бөлігінің құрылысына ұқсас.

Диаграммалық бланкі ауаның салыстырмалы ылғалдылығының әр 2% бөлігіне сәйкес келетін горизонтальды параллель  сызықтармен және барабанның әр 15 мин  айналу уақытывна сәйкес келетін  вертикальды доғал сызықтармен  бөлінген.

Қаламұшты тілдің диаграммалық бланкінің керек бөлігіне қою  орналастыру винтін 8 айналдыру арқылы жүргізіледі.

Информация о работе Стандарттаудың экномикалық тиімділігі