Стандарттаудың экномикалық тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 19:51, дипломная работа

Описание

Жұмыстың мақсаты: Жер беті метеорологиялық бақылаулары атмосферадағы физикалық процестер сипаттамаларын және олардың төселме беткеймен әрекеттесе отырып дамуын нықтау болып табылып, бұл процесстерді сипаттайтын метеорологиялық көрсеткіштерді өлшеуді қамтиды және маңызды атмосфералық құбылыстардың негізгі сипаттамаларын (басталуы,аяқталуы, қарқындылығы және қауіптілігі) анықтайды.
Жұмыстың міндеті көзделген мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылады:
-Атмосфера қысмын бақылау;
-Жел сипаттамасын бақылау;
-Ауа температурасы және төселме беткейдің температурасын бақылау, өзгерістерін тіркеу;
- Атмосфералық жауын-шашынды бақылау;

Содержание

Кіріспе
1. ЖЕР БЕТІ МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бақылаулардың анықтамасы және атқаратын қызметі
1.2 Станциялар торабын құруға қойылатын негізгі талаптар
1.3 Станцияларда бақылауларды ұйымдастыру
Негізгі бөлім
2. МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАР ЖҮРГІЗУ
2.1 Атмосфера қысмын бақылау
2.2 Жел сипаттамасын бақылау
2.3 Ауа температурасы және төселме беткейдің температурасын бақылау, өзгерістерін тіркеу
2.4 Атмосфералық жауын-шашынды бақылау
Эканомикалық бөлім
3 ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
4.1 Метрологиялық алаңға қойылатын талаптар.
4.2 Атырау Гидрометеорологиялық орталығында сақталатын ережелер
Пайдаланылған әдебиеттер
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА СЫМБАТ (1).docx

— 151.03 Кб (Скачать документ)

Егер бақылау мерзімдерінің  біреуінде уақыт белгісі жоқ  болса немес ол уақытысында түсірілмесе,онда сағатқа бөлу бір-біріне жақын орналасқан екі нақты уақыт белгілері  аралығы бойынша жүргізіледі.

Егер сағат жүргеніне  қарамастан жазу үзілген болса,сағатқа  бөлу кәдімгідей толық жазу кезегіндегідей жүргізіледі.

Сағат тоқтап қалған жағдайда әр жазу аралықтары өздігінше қарасырылады,ал сағат бөлу жазудың үзілгенге  дейінгі және үзілгенне кейінгі  сағат жүрісін ескере отырып ең жақын  орналасқан мерзім сағатына байланысты жүргізіледі.

Сызықтың әр сағаттық ордината мәндері бланкідегі жазудан температурасы  бойынша 0,1 ºС дәлдігімен,ал салыстырмалы ылғалдылық бойынша 1% дәлдікпен анықталады.

Толық сағат белгілеріне  сәйкес келетін жазу серіктестері болғанда жағдайларда қаламұштың орташа жағдайы  есептеоінеді.

Анықталған мәндер бланкінің  астыңғы жағында сәйкес сағаттарға жазылады.

Бланкідегі барлық жазулар  карандашпен жүргізіледі және ол жазулар сызықтан алшақ болуы  керек.

Термограф бланкісіндегі  негізгі бақылау мерзімдерінде  жасалынған уақыт белгілеріндегі сызық  ординаталарына түзетулерді анықтау  үшін сол мерзімдерге сәйкес психрометрлік  будкадағы кұрғақ термометрдің түзетілген көрсеткіштері жазылып алынып,асты сызылады.Осыдан кейін әр негізгі  бақылау мерзімдері үшін құрғақ термометр  мен термограф көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық есептеоінеді де,бланкіге жазылады (7.4, а суретінде,екінші қатар).Осы айырмашылықтар мерзімдік  уақыттардағы сызық ординаталарына түзетулер болып табылады.Егер құрғақ термометр көрсеткіші термограф  көрсеткішінен жоғары болса түзету оң таңбалы,ал төмен болса түзету теріс таңбалы деп саналады.

Бір бланкінің соңындағы  және екінші бланкінің басындағы  сызық ординаталарына түзетулерді  анықтау үшін бланкілерді ауыстыру мерзіміндегі құрғақ термометр көрсеткішін  қолдануға болады.

Мерзімдік сағаттар үшін түзетулерді  анықтап болған соң мерзім аралық сағаттар үшін термографтың сызығы ординатасына түзетулер көрші екі мерзім аралығындағы түзетулерді сызықтық интерполициялау  жолымен анықталады.Ондайда мерзім аралық түзетулер өзгерісі түзу сызықты  болып есептелінеді.Есептелінген түзетулер  термограф бланкісіндегі сәйкес сағат тұсына жзылуы керек (7.4,а суреттегі  екінші қатар).

Жазуда үлгісіз болған жағдайда түзетулерді есептеу жазу үздіксіз болған жағдайдадағыдай жүогізіледі.Егер мерзімнің біреуінде уақыт белгісі  болмаса немесе ол бақылау мерзім кезінде жасалынбаса,онда интерполяцины  нақты белгіленген екі көрші  мерзімдер түзетулері бойынша жүргізеді.

Түзетулер анықталып болған соң берілген сағаттағы термограф  көрсеткіші мен сол сағат үшін есептелінген түзетуді қосу арқылы ауа  температурасының әр сағаттық мәндері  анықталады.Нәтижелері бланкіге жазылуы  тиіс (7.4,а суретінде үшінші қатар).

Ауаның тәуліктегі максимальды  және минимальды температураларын анықтау  үшін екі қатарлас бланкілерден метеорологиялық  тәуліктердегі қимық сызықтан ең жоғары және ең төменгі нүктелері  табылып,олардың ордината мәндері  анықталады.Осы нүктелер үшін түзетулер  жақын сағат бойынша алынады.Егер нүкте екі сағат ортасында  жатса,онда сол екі сағат түзетулердің орташаланған мәні алынады.

Гигрограф көрсеткіші бойынша  алынған ауаның салыстырмалы ылғалдылығының түзетілген мәндерін анықтау гигрометр  көрсеткішіне түзетулерді анықтауда  қолданылатын сияқты салыстыру графигі  бойынша жүргізілуі тиіс.

Графикке гигрографтың мерзімдік  сағаттардағы көрсеткіштері мен  станциялық психрометмен ол мерзімдерде  есептелінген салыстырмалы ылғалдылық мәндері түсіріледі.

Жылдың жылы айларында,яғни ылғалдылық ұдайы психрометрлік  әдіспен өлшеніп отырған кезде  салыстыру графигі әр ай үшін жасалынуы  тиіс.Графикті жасау үшін өтіп жатқан айдың 1 мен 15 күндер аралығындағы барлық бақылау мерзімдері бойынша алынған  мәліметтер қолданылады.Гигрограф  жақсы істен болса,онда барлық нүктелер графикте жіңішке жолақ бойында  жатады.Осындай жағдайда ғана өтіп жатқан айдың бірінші жартысына  байланысты гигрограф бланкісі өңдеуді  айдың 16 күнінен бастауға болады.Айдың  келесі күндері графикті жаңа нүктелермен  толықтыруға болады.

Қысқы айлар үшін аязды  кезеңге жақын айлардағы гигрограф  пен психрометр көрсеткіштері бойынша  маусымдық графиктер жасалынады.Қыс  уақытында график барлық жылымақ  кезеңдерінде толықтырылып отырады.Маусымдық  графикті жасаған кезде бөлек  айлардың нүктелері әр түрлі бөлек  түстермен түсіріледі.Бұл салыстыру  графигін бір айдан екінші айға өткендеталдауды  жеңілдетеді.Гигрографқа түзетулерді  талдау әдісі гигрометрдей болады.График немесе график бойынша жасалынған ауыстыру кестесі көмегімен гигрографтың қисық сызығының әр сағаттық ординаталары,сонымен  қатар оның максимумы мен минимумы салыстырмалы ылғалдылық мәндеріне ауыстырылады.Осы мәндер бланкіге жазылады.

Термограф пен гигрографтың жазуларын өңдеу дұрыстығын күн  сайын кезекші бақылаушы тексеріп отыруы тиіс.Сонымен қатар,станция  бастығы немесе техниктер арасындағы жауаптысы термограф пен гигрограф  жазуларын өңдеуге техникалық тексеру  жасап отыруы тиіс.Техникалық тексеру  жасау кезінде әр бланкінің артқы  және беткі жақтарында барлық керекті  мәліметтердің болуы.,сағаттың дұрыс  жүруі,мерзімдік уақыттарда жазуда уақыт белгілерінің белгіленуі және мерзімдік уақыттарда жазуда уақыт  белгілерінің болуы тексеріледі.Бланкіні алу немесе салу уақыттарының белгілнуі  және мерзімдік уақыттарда жазуларының  түсуі тексеріледі.Бланкіні алғанда  немесе салғанда,мерзімдік уақыттарда,сонымен  қатар жазуда үзіліссіз болғанда уақыт белгілері түсірілмеген болса,онда тексеруші оның себебін анықтауға  және ол туралы бланкінің артқы жағына жазуға және ол туралы бланкінің артқы  жағына жазуға міндетті.Осыдан ол келесілер  текскріледі:

-бланкідегі жазуларды  өлшеудің дұрыстығы.өлшеу қателігі 0,2ºС-ден асатын болса,онда ол  түзетілуі қажет;

-термографқа есептелген  түзетулер нәтижелері жән дұрысталған  мәндері;

-гигрограф графигі,ауыстыру  кестесі және гигрограф көрсеткіштерін  түзету нәтижелері;

-элементтердің максимумы  мен минимумын анықтауы.

Аспаптардың жұмыс істеуін  тексеру

Күнделікті термограф  бойынша өлшеулерді психрометрлік  құрғақ термометрмен анықталған мәндермен,ал бланкі жазуынан алынған максимум және минимумдармаксимальды және минимальды термометр мәндерімен салыстырылады.

Құрғақ психрометрлі термометр  өлшеулерінің термограф жазуларымен  сәйкес болмауын термограф жұмысының  ақаулығы мен немесе термометрмен өлшеуде  жіберген қателіктерімен түсіндіруге  болады.

Гигрографтың жазуын күнделікті қарап отыру қажет.Сызық түрі бойынша гигрографтың сезімталдығының  жойылғанын анықтауға болады.Сезімталдығы төмен болған жағдайда гигрограф  бланкісіндегі жазу,психрометр көрсеткіштері  бойынша ылғалдылық бір мерзімнен  екінші мерзімге өткенде өзгеріп  отырғангына қарамастан тіке сызық  түрінде болады.

Жазудың жайылыңқы немесе біркелкі болмауы алынған ылғалдылық мәндерінің гигрограф мәндеріне  сәйкес келмеуіне әкелуі мүмкін.

 

    1. Ауа температурасын және төселме беткейдің температурасын өлшеу,өзгерістерін тіркеу.

 

Төселме беткей-ол жер беті,яғни атмосферамен тікелей қарым-қатнаста болып жылу-және суайналым процестеріне қатысып,топырақтың жылулық режимін реттейтін,күн мен атмосфера радиацияларын жұтып және өзі сәуле шашатын топырақ,өсімдік,қар,мұз және т.б. беткейлері.

Топырақтың жылулық режимі сонымен қатар физикалық сипаттамаларына,механикалық құрамына және басқада факторларға бағынышты болады.Топырақтың қызу дәрежесі температурамен сипатталады.

Бұл нұсқама топырақ және қар беткейі температурасының келесі сипаттамаларын анықтауға арналады:

-бақылау мерзімінде топырақ  немесе қар жамылғысы беткейінің  температурасын;

-көрші екі бақылау  мерзімдері арасындағы 3 сағаттық  уақыт интервалындағы топырақ  немесе қар жамылғысы беткейінің  минимальды температурасын;

-төселме беткейдің күйін.

Өлшеу әдістері

Топырақ немесе қар жамылғысы  беткейінің температурасын өлшеу топырақ  беткейіне үнемі тиіп тұратын  термометрлерді қолдануға негізделген.

Төселме беткейдің күйін  бақылау көз мөлшермен жүргізіледі.Топырақ  беткейі мен қар жамылғысының күйі КН-01 кодындағы бекітілген шкалаға  сәйкес санмен бағаланады.

Өлшеу құралдары

Өлшеу жүргізгенде келесі аспаптар қолдануы тиіс:

-топырақ немесе қар  жамылғысының температрасын өлшеу  үшін ТМ3 термометрі;өлшеу диапазоны:минус  35-тен 60ºС-қа дейін,минус 25-тен  70 ºС-ға диен,минус 10 нан 85 ºС-қа  дейін.

-максимальды температураны  өлшеу үшін ТМ1 метеорологиялық  максмальды термометрі;өлшеу диапазоны:минус  35-тен 50 ºС-ға диен,минус 20-дан  70 ºС-қа диен.

-минимальды температураны  өлшеу үшін ТМ2 метеорологиялық  минимальды термометрі;өлшеу диапазоны:минус  70-тен 20 ºС-қа диен,минус 60-тан  30 ºС-қа дейін,минус 50-ден 40 ºС-қа  диен.

Әр термометрдің бөлім  бағасы 0,5 ºС

Өлшеулер жүргізу жағдайлары

Төселме беткейдің күйін  бақылау көз мөлшермен тәулігінебір рет белдеулік декретік уақыт  бойынша сағат 8-ге жақын бақылау  мерзімінде жүргізіледі,опративтік мәліметтерді жіберу үшін –ОГУ бойынша 00 және 12 сағатта.

Қар жамылғысы болмаған кезде  және станция маңының 0,1-ге дейінгі  бөлігін қар жаулап жатқан жағдайда,топырақ  беткейі температурасын өлшеуге  арналған термометр орнатылған учаскідегі немесе мееорологиялық алаң маңындағы  жердің топырақ беткейі күйі анықталады.Ол үшін тұрақты түрде,алаңда немесеоның жэанында жергілікті жер жақсы көрінетін  ең биік жер таңдалады.

Шөлейт аудандарда немесе шаң мен құм қарқынды жылжитын аудандарда,сонымен қатар қары аз,топырағы құмдауыт,қыста шаңды дауыл байқалатын аудандарда топырақ беткецінің күйін жіне оның құммен,шаңмен жабылуын бақылау станцияның көрінетін маңында жүргізіледі.

Топырақ және қар жамылғысы  беткейінің температурасын бақылау  метеорологиялық алаңның оңтүстік бөлігінде көлеңкеленбейтін жерде  размері 4х6м участке таңдалады;егер тек топырақ беті температурасы  ғана өлшенетін болса 3х4м участке  жеткілікті.

Жыл сайын ерте көктемде участке 20-30см тереңдікке дейін қазылып  қопсытылады да тегістеледі.

Участке қазылып кейін  еріп,басылып қалуы мүмкін.Ондай  жағдайда алаңның деңгейіне дейін  жеткізіп сондай құрамды қосымша  топырақ салынады.

Участкенің деңгейі метеорологиялық  алаңның деңгейімен бірдей болуы  тиіс.Участкені қопсытып жұмсатрып,сосын  тегістеп отыру керек,әсіресе жаңбырдан  кейін.Топырақтың тығыздалуына,қыртыстар  мен айрықтардың пайда болуына  жол бермеу керек.

Термометрлер қопсытылып тегістелген,беті ашық участкенің ортасына,бір-біріне 5-6см қашықтықта,резервуарлары мшығысқа қаратылып келесі тәртіпте орнатылады:

-солтүстіктен бастап біріншісі-топырақ және қар жамылғысы беткейінің температурасын өлшейтін термометр;

-екіншісі минимальды  термометр;

-үшіншісі-максимальді.

Топырақ және қар жамылғысы  беткейінің температурасын өлшейтін термометр  мен минимальды термометр қатаң  горизонтальды жатқызылуы тиіс.ал максимальды  термометр-резервуар жағына кішкене  еңкейтіліп.

Термометрдің резервуарлары  мен сыртқы қабығы топыраққа жартылай топыраққа енгізіліп қойуы тиіс.

Бақылау жүргізу уақытында  термометрлердің алдына тақтай төсеніш  қойылуы керек.

Айқарыла ашылатын тақтай төсеніш термометрлердің алдына 30см-ден кем емес қашықтықта ағаш тіреулерге қондырылады.Ағаш тіреулер жер бетінен 5см-ден биік болмауы  керек.өлшеулер жүргізілгенне кейін  тақтай төсеніш жиналып қойылады.

Термометрлерді қардың басып  қалмауы үшін үнемі қадағалау  керек.Қар жауып біткеннен кейін  немесе бораннан кейін бірден алаңға барып,терммометрлерді абайлап қазып  алып,қар жамылғысы бұзылмаған жерге,ережелерді сақтай отырып орнату керек.

Егер участкеде қар  еріп әр жерде ғана қалса,термометрлерді қардан таза топырақ бетіне ауыстыру керек.

Егер термометрлер қойылған жерді су немесе балшық басып қалса,термометрлер құрғағырақ жерге ауыстырылады.

Ылғалды топыраққа қойылған термометрлердің топыраққа жабысып  қатып қалуын болдырмас үшін,участкені  мұқияттап тегістеп,термометрлерді резервуары мен сыртқы қабығын топыраққа  жартылай енгізіп орнату қажет.Сосын  термометлерді топырақтан алып таза матамен құрғатып сүртеді.

Әр термометрдің резервуары мен сыртқы қабығының астыңғы  бетін таза техникалық вазелинмен дымқылданғанг  матамен сүрту керек.Майланған  термометрді қайтадан өзінің орнына салып,топырақпенқатынасы жақсы болу үшін үстінен саусақпен жайлап басу қажет.

Термометрлердің орнын ауыстырған жағдайларда минимальды және максимальды  термометрлерді абайлап ұстау қажет,яғни минимальды термометрдің штифтін жылжытпау  және максимальдыны сілкілемеу үшін.

Топырақ несесе қар жамылғысы  беткейінің температурасы минус 35 ºС болғанда сынаптық термометрлерді станция  бөлмесіне алып кету керек.Термометрді  алып және қайтадан қою уақытын КМ-1 кітапшасына жазу керек.Топырақ  немесе қар жамылғысы беткейінің температурасы минус 35 ºС-тан төмен  болғанда өлшеулер тек минимальды термометрмен жүргізіледі.

Информация о работе Стандарттаудың экномикалық тиімділігі