Стандарттаудың экномикалық тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 19:51, дипломная работа

Описание

Жұмыстың мақсаты: Жер беті метеорологиялық бақылаулары атмосферадағы физикалық процестер сипаттамаларын және олардың төселме беткеймен әрекеттесе отырып дамуын нықтау болып табылып, бұл процесстерді сипаттайтын метеорологиялық көрсеткіштерді өлшеуді қамтиды және маңызды атмосфералық құбылыстардың негізгі сипаттамаларын (басталуы,аяқталуы, қарқындылығы және қауіптілігі) анықтайды.
Жұмыстың міндеті көзделген мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылады:
-Атмосфера қысмын бақылау;
-Жел сипаттамасын бақылау;
-Ауа температурасы және төселме беткейдің температурасын бақылау, өзгерістерін тіркеу;
- Атмосфералық жауын-шашынды бақылау;

Содержание

Кіріспе
1. ЖЕР БЕТІ МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бақылаулардың анықтамасы және атқаратын қызметі
1.2 Станциялар торабын құруға қойылатын негізгі талаптар
1.3 Станцияларда бақылауларды ұйымдастыру
Негізгі бөлім
2. МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАР ЖҮРГІЗУ
2.1 Атмосфера қысмын бақылау
2.2 Жел сипаттамасын бақылау
2.3 Ауа температурасы және төселме беткейдің температурасын бақылау, өзгерістерін тіркеу
2.4 Атмосфералық жауын-шашынды бақылау
Эканомикалық бөлім
3 ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
4.1 Метрологиялық алаңға қойылатын талаптар.
4.2 Атырау Гидрометеорологиялық орталығында сақталатын ережелер
Пайдаланылған әдебиеттер
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА СЫМБАТ (1).docx

— 151.03 Кб (Скачать документ)

Бақылау мерзімінің дәл алдында  тұрақты рейкаларының ақаусыздығы  тексеріледі.Рейкалкр сынық болған жағдайда өлшеулерді тасымалданушы  рейкамен жүргізуг болады;келесі мерзімге диен ақаулар жойылуы тиіс;

-өлшеу №1,2 және 3 рейкаларымен  кезекпен,1см дәлдікпен жүргізіледі.Рейкалармен  өлшеулер жүргізгенде бақылашы  рейкадан 2-3 м қашықтықта тұруы тиіс.Қар жамылғысының биіктігі ретінде қар жамылғысының жоғарғы деңгейі сәйкес келетін шкала бөлімі алынады.Егер рейкаға қар жабысып қалған болса,ұшында планкасы бар жеңіл ұзын ағашпен абайлап қарды тазалау керек.

Рейканың түбіндегі қар  үрленіп кетке жағдайда,биіктікті  есептеу 13,4 а суретінде көрсетілгендей,ал қар басып тастаған жағдайда-13,4 бсуретінде көрсетілгендей жүргізіледі.

Қар ерігеннен кейін рейкалардың  жанында мұз немесе су қабаты пайда  болса,онда рейка бойынша сол  қабаттың қалыңдығы есептелінеді.

Рейкалкрмен есептелген қар  жамылғысының биіктігі КМ-1 кітапшасының 5-ші бетіне,берілген сан қатарына және сол рейкаға сәйкес келетін графаға  жазылады.

Егер рейка бойынша  есеп рейканың бірінші бөлімінің  жартысынан төмен болса,онда сәйкес графаға қар жамылғысының биіктігі-0деп  жазылады;егер есеп рейканың бірінші  бөлімінің жартысына тең немесе жоғары болса,онда 1-жазылады.

Егер рейканың жанында  қар да,мұз да,су да болмаса «Рейка бойынша есеп» графасы толтырылмайды.

Тұрақты рейкалар бойынша  қар жамылғысының биіктігін өлшеу  нәтижелері бақылаудан кейін бірден өңделеді.

Үш рейкамен жүргізілген  өлшеулер бойынша қар жамылғысының орташа мәні анықталынады.Ол үшін үш рейка  бойынша анықталған қар жамылғысының биіктіктері қосылып үшке бөлінеді және бүтін сантиметрге диен дөңкелектенеді.Егер ббөлген кезде 0,5см-ден кем мән  шықса «Орташа» графасына 0,ал егер 0,5 см-ге тең немесе одан үлкен болса 1 жазылады.

Егер рейкада қар,мұз  немесе еріген су болмаса,онда орташа биіктік рейкалар көрсетулерін үшке бөлу арқылы анықталынады.

Мысалдар-қар жамылғысының орташа биіктігін есептеу:

-қар жамылғысының биіктігі  №1 рейкада-6см;№2 рейкада-4см;№3  рейкада-0,3см.Орташа биіктік тең  болады (6+4+0):3=3,3см.КМ-1 кітапшасындағы  «Орташа» графасына 3 жазылады;

-қар жамылғысының биіктігі  №1 рейкада-2см,№2 және №3 рейкаларда  қар жамылғысы жоқ.Орташа биіктік  тең болады 2:3=0,7см.

Декада соңында қар  жамылғысы бар күндер үшін қар  жамылғысының тәуліктік орташа биіктіктерінің қосындысын рейка бойында қар,мұз  немесе еріген су байқалған тәуліктер  санына бөле тырып қар жамылғысының орташа биіктігі анықталынады.

Егер рейка бойында  қар болмай шықса,бірақ маңайды  қар жабу дәредесі >6 балл болса,онда дека бойынша орташа биіктік анықтағанда  бұл күн ескеріледі және нольге тең  деп алынады.

Қар өлшеу жұмыстары

Ландшафт элементіндегі  қар жамылғысының негізгі сипаттамаларын анықтау жергіліктәі жерде таңдалып және бекітілген қар өлшеу маршуттарында  жүргізіледі.Маршуттар ГМО мамандарымен таңдалады және алқапта,орманда немесе сайда қар жамылғысының құрылуына байланысты қоршаған ортамен сипатты болуы тиіс.

Маршруттарды таңдауды ГМО  мамандары мен станция қызметкерлерібірге жүргізеді.Жергілікті жерде әр маршрут  қадаммен,ағаштарда,бұталарда және т.б белгімен бекітіледі.Одан кейін  маршуттың сипаттамасы жасалады және маршутты көрсете отырып станцияның радиусы 5км айналысының жоспары  сызылады.

Қар өлшеу маршрутының  сипаттамасы «Станция тарихи журналына»,сонымен  қатар маусымдағы бірінші рет  қар өлшеу алдында КМ-5 кітапшасының үшінші бетіне жазылады.

Таңдалған маршрут бірнеше  жыл бойы тұрақты болып қалуы  тиіс.

Егер ГМО-та қар өлшеу  жұмыстарын талдау нәтижесінде маршруттың қоршаған ортаға сәйкес еместігі анықталса  немесе маршрутта қар жамылғысының жатуына айтарлықтай әсер ететін өзгерістер болса,онда маршрут ауыстырылады.Қар  өлшеу маршруттарын таңдағанда келесі ережелер орындалуы тиіс:

-қар өлшеу маршруты  станциядан 5км –ден артық қашықтықта  орналаспауы керек,ал темір жолға,тас  жолға және өндірістік обьектілері  бар елді мекенднрге 0,5км-ден жақынг  болмауы тиіс;

-көл,өзен және т.б. су  қоймаларындағы мұз үстімен,көктемгі  су тасу кезінде адам бара  алмайтын жерлермен,сонымен қатар  аэродром алаңымен маршруттар  жүргізуге тиым салынады.

Қыс кезінде қар тоқтату  шаралары жүргізілетін алқаптардан  тұрақты маршрутты таңдауға болмайды,бірақ  егерде басқа маршрутты таңдау мүмкін болмаса қар өлшеу жұмыстары  «Қар тоқтату жағдайында ауылшаруашылық алқаптарында топырақтағы су қорын,қар  жамылғысындағы су қорын анықтауға  және қар тоқтату нәтижелігін  бағалауға арналған әдістемелік  нұсқамаға» сәйкес жүргізіледі.

Қар өлшеу маршуттары жатқан жер учаскелерінің сипаттамасын жасауға қойылатын талаптар.Қоршаған жер және қар өлшеу маршруттары  сипаттамасы таңдалған маршуруттардың рельеф,өсімдік және төселме беткей жағдайларына байланысты сипаттамалары  дәрежесін дұрыс бағалапу үшін қажет.

Сипаттама жазда және күзде  жасалады.Егер таңдалған маршрутта  немесе қоршаған жерде келесі жылдары  өзгерістер болса,онда оларды сипаттамаға  енгізеді.

Сипаттамада қоршаған жердің және маршрут сызығының толық  сипаттамалары беріледі,сонымен  қатар құрылыстардың,ағаштардың,бұталардың,рельефтегі ой-қырлардың,әртүрлі қар тоқтатын кедергілердің блуы және олардыңмаршруттан  қашықтығы көрсетіледі.

Маршрут бағыты бойынша келесілер  көрсетіледі:

а) жер рельефі:

-жазық жер,адырлы жазық  жер,күрт адырлы жер;

-беткей,беткей экспозициясы,ойпат  төбенің шыңы;

-жыра,сай,қолат;

б) пайдаланатыгн жер түрі:шабындық,жыртылған  жер,орылған егіс,күздлік егіс,сүдігер  және т.б.;

в) өсімдіктің сипаттамасы:шөп,бұтақта  өсімдік,батпақ учаске,бақ,парк,орман,шоқ.Аллқапта қорғаушы жолақ болса,оның бағытын,енін,қар  өлшеу маршутына диенгі қашықтығын,ағаштың  түрімен биіктігін көрсету керек.

Орманды маршутта келесілер  анықталады:

-орман құрамы;

-қалыңдығы;

-жасы;

-орманның шабылу сипаттамасы:

-төселме беткей.

Егр маршрут сай несесе жырамен өтетін болса,онда оның тереңдігі,ені,беткеінің  көлбеулігі,өсімдік түрлері жазылады.

Маршруттың сипаттамасынан басқа қоршаған ортаның топографиялық  негізде немесе көз мөлшерімен жоспары  сызылады.Жоспарда қар өлшеу жұмысы маршруттарының қар тығыздығын өлшейтін жерлері көрсетілген схъемасы беріледі.

Жоспарда жердің рельефі,беткейдің  күйі,жолдар,өзендер,құрылыстар және басқада  заттар келісілген топографиялық белгілермен  бейнелнеді.

Алқаптық маршрут рельефтің  негізгі пішіндерін кесіп өтетіндей  етіліп тіке сызық бойымен жүргізщіледі.Егер тіке сызықты маршрутты таңдау мүмкін болмаса,өте сирек жағдайда маршрутты  доғал бұрышты қисық сызық  бойымен жүргізуге рұқсат беріледі.Маршрутты  параллель сызықтар түрінде жүргізуге  тиым салынады.

Орманды дала,далалы,рельефі  төбелі аудандарда және станция маңында  ұзындығы 200м құрау тиіс.Орманды  аудандарда және рельефі тегіс жерлерде,орман  ішінде орналасқанүлкен емес алаңдарда  ұзындығы 1000м алқаптық маршрут таңдалады.

Ормандық маршрут сол  ауданға сипатты орман учаскелерімен  ұзындығы 500м тіке сызық түрінде  жүргізіледі.

Егер орманда қылқпн жапырақты  ағаш түрлері басым болса,онда маршрут  қылқан жапырақтар арасымен өтуі керек;егер жапырақты түрлері басым болса-жапырақты  ағаштар арасымен өтеді.Орманды  маршрутты станция ауданында  кең тараған ағаш түрлері бар  жасанды отырғызылған ағаштар арасымен жүргізуге болады.

Орманды маршрут орманның шетінен 100м-ден ке емес қашықтықта басталуы керек.орман алқабы кіші болса,жалпы  ұзындығы 500м болатын екі маршрут  жүргізіледі;біріншісі орман шетінен 100м қашықтықтан басталады,ал екіншісі-біріншіге 20-6-50м қашықтықта параллель орман  ішіне қарай жүргізіледі.

Қар өлшеужұмысына таңдалған  сайдың ені 30-400м және ол сол аудандағы  сайларға сипатты болуы тиіс.

Егер станция ауданында  өсімдіктері жоқ үлкен сайлар басым болса,онда қар өлшеу жұмысы үшін ағаштары бар кіші размерлі сайларды таңдамау керек;егер станция аудаында көпкішілік сайлар солтүстіктен оңтүстікке бағытталған болса,онда таңдалып алынған  сай да сондай бағытты болуы тиіс және т.б.

Қар өлшеу жұмысына таңдалған  сайларда,жалпы ұзындығы 500м кем  болмайтын саны екіден беске дейін  көлденең сызықтар жүргізіледі.Көлденең сызықтардыңсаны және олардың жалпы  ұзындығы сайдың еніне байланысты болады.Сайдың ені 100м дейін болса,көлденең сызықтардың  арасы 100м болуы керек,одан кең  сайларда көлденең сызықтардың арасы  сайдың енінен кем болмауы тиіс.Қар  өлшеу сызығы сайдың сол жақ және оң жақ жиектерінен 10-20м шегінде  өтуі тиіс.

Қар өлшеу жұмыстар үнемі  қар жамылғысы бар кезеңде,станция  маңыедағы беткейдің жабылу дәрежесі 6 баллдан кем болмағанда жүргізіледі.

Егер айналадағы топырақ  беті мұз қабыршағымен жабылған болса,ал қар жоқ немесе көрінетін маңайдың жартысынан кемі қармен жабылып жатса,онда қар өлшеу жұмыстары жүргізілмейді.

Алқаптық маршрутта қар  өлшеу жұмысы әр айдың 10-ы,20-сы және соңғы күні жүргізіледі.Бірінші  қар өлшеу жұмысы,қар жамылғысының бірінші рет немесе ерігеннен  кейін қайта пайда болуына  қарамастан қар жамылғысы орныққаннан  кейін,бекітілген ең жақын календарлық  күні жүргізіледі.Көктемде,қар еру  алдында және қар еру кезінде  қар өлшеу жұмысы жиетіліп әр бескүндіктің соңғы күні.Жиілетілген қар өлшеу  жұмысының бастапқы күні көктемгі қар  ерудің алдында,берілген климаттық  аймақтың қар еру режимін ескере отырып ГМО-та анықталады және станциға күні бұрын хабарланады.

Қар жамылғысы тұрақсыз аудандарда алқаптық маршрутта қар өлшеу  жұмысы станция маңын қардың жабу дәрежесі >6 балл болған кезең бойы әр бескүндіктің соңғы күні жүргізіледі.

ГМО нұсқауы бойынша жеке станцияларда алқаптық маршрутта қараөлшеу  жұмысы айына бір рет,ал көктемде-10 күнде бір рет жүргізіледі.

Ормандық маршруттарда қар  өлшеу жұмысы айына бір рет,ал 20-шы қаңтардан кейі-әр декада соңында  жүргізіледі.Көктемде тұрақты рейкалар жанында және алқаптық маршрутта  қар жамылғысы болмаса,бірақ ормагндық  маршрутта қар жамылғысы болса,онда қар өлшеу жұмысын оманды маршрутта  жүргізу керек.Ол мәліметтер гидрометеорологиялық болжамдар жасау үшін қажет.

Сайларда қар өлшеу  жұмыстары 20-шы қаңтарда,20-шы ақпанда,ал 20-на қар ерудің басталына диен-әр декада соңында жүргізіледі.

апАлқаптық және ормандық маршруттарда қар өлшеу жұмыстары тұрақты қар жамылғысы бұзылғаннан кейін,яғни қар өлшеу маршрутының жартысын немесе жартысынагн кемін ғана қар басып жатса тоқтатылады.

Сайларда қар өлшеу  жұмысы қар ери бастағанда тоқтатылады.

Әр жаңа бақылау маусымы  алдында қар өлшеу маршрутының  күйін тексеріп,оны жергілікті жерде  қайтадан бекітеді.Егер қар өлшеу  маршруттарында қар жамылғысының жату сипатын бұзатын өзгерістер болса,онда ол туралы ГМО-қа хабарлау керек,онда маршруттың сол маусымда қар өлшеу жұмыстарын жүргізуге жарамдылығы туралы шешім  қабылдауы тиіс.

Егер қар өлшеу маршрутындағы  өзгерістер өткен маусыммен салыстырғанда  айтарлықтай болмаса,онда ол туралы КМ-56 кітапшасына ескерту жазылады;сол  кітапшаға маусым бойы маршрутта  болған өзгерістер туралы ескертулер жазылады.

Мысал- Қар өлшеу маршрутынан 200м қашықтықта жеке бұталар шабылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 Еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

 

4.1 Метрологиялық алаңға қойылатын талаптар.

Метеорологиялық алаңда оны  қоршаған ортаға сәйкес табиғи төселме  беткей сақталуы керек.Ол үшін:

-Метеорологиялық алаңдағы  шөптің биіктігі 20см-ден аспайтындай  етіп үнемі шауып отыруы қажет;  шабылған шқп алаңнан сол заматта  тазартылуы керек;

-пайда болғаннан бастап  ерігенге диен қар жамылғысын  табиғи күйінде қалдыруы керек.Егер  аспаптардың қасында қоршаған  ортадан айырмашылығы бар қар  күртігі орнықса,оны кесіп алып  алаңнан тазарту керек.Ондай жағдайда  қалған қар қабатының құрылысы  бұзылмауы тиіс.Қар күртігінен  тазартылғаны туралы мәліметті  КМ-1 кітапшасына жазу қажет.

 Метеорологиялық алаңда  қар жамылғысы бір қалыпты  орнықса жүретін жолдарды қардан  тазартуға болмайды.Бақылауға диен  алаңды тазартуға шыққан кезде  будкалардың төбесі мен қабырғаларында,жауын өлшегіштің қорғаушы планкаларында тұрып қалған қар тазартылады.

Метеорологиялық алаңдағы аспаптар мен қондырғылар әрқашан ақаусыз  жұмыс қалпында сақталуы қажет.Бұзылған және қолданылмайтын аспаптар алаңнан  алынуы қажет.

 Қорғаушы будкалар  мен суырмалы термометрлердің  трубкалары міндетті түрде ақ  түсте болады.

Метеорологиялық алаңның  қоршауы,сатышалармен басқада қосымша  жабдықтар таза күйінде болып,ақшыл  бояумен боялып тұруы керек.

Информация о работе Стандарттаудың экномикалық тиімділігі