Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2013 в 02:37, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы нарықтық экономика жағдайында жерді тиімді пайдаланудың мәселелерін қарастырып, осы саладағы терең өзгерістер мәндеріне талдау жасау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу қарастырылады:
- Қазақстан Республиқасындағы жер ресурстарын басқарудың теориялық негіздерін анықтау;
- Жер қатынстарының қазіргі жағдайын талдау;
- Жер реформасын жүзеге асырудың экологиялық проблемалары айқындау;
- Ауыл шаруашылығында жер қатынастарын қалыптастыру және дамыту мәселелерін қарастыру;
- Жер нарығын қалыптастыру мен дамыту факторларын жетілдіру жолдарын қарастыру;
Кіріспе.........................................................................................................3 бет
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1Жер қатынастарының мәні және олардың аграрлық қатынастар жүйесіндегі орны.........................................................................................................5
1.2 Шетелдердегі жер қатынастары және оларды реттеудің тәсілдері......20
2 ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 ОҚО жер қатынастарының қазіргі жағдайын талдау................................25
2.2 Жер қатынастарын қалыптастырудың ерекшеліктері...........................35
2.3 Жерді ұтымды пайдаланудағы мемлекеттік кадастрлық бағалаудың ролі..............................................................................................................................40
3 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Ауыл шаруашылығында жер қатынастарының қалыптастыру және дамыту........................................................................................................................48
3.2 Жер нарығын қалыптастыру мен дамыту факторларын жетілдіру жолдары......................................................................................................................54
Қорытынды....................................................................................................57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................59
Мазмұны
Кіріспе.......................
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1Жер қатынастарының
мәні және олардың аграрлық қатынастар жүйесіндегі
орны..........................
1.2 Шетелдердегі жер қатынастары
және оларды реттеудің
2 ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 ОҚО жер қатынастарының қазіргі жағдайын
талдау........................
2.2 Жер қатынастарын қалыптастырудың
ерекшеліктері.................
2.3 Жерді ұтымды
пайдаланудағы мемлекеттік
3 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Ауыл шаруашылығында жер қатынастарының қалыптастыру
және дамыту........................
3.2 Жер нарығын
қалыптастыру мен дамыту
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. 2003 жылы Қазақстанда «Жер Кодексі» қабылданып, онда ауыл шаруашылығы жерлеріне жеке меншік институты енгізіледі. Аталған шара ауылға қаржының келуіне жол ашып, оның даму үрдісін жеделдетеді, бірте-бірте өндірістің шоғырлануына, халықтың жұмыспен қамтылуына, жер күтімінің елеулі жақсаруына ықпал ететіндігі анық.
Жер реформасы-жер
ресурстарын пайдаланудың
Аграрлық салада жер-өндіріс нысандарын орналастырудың аумақтық негізі болып қана қоймай,өнеркәсіптегі секілді өндірістің маңызды факторы мен басты ресурсы рөлін атқарады. Көбіне, ауыл шаруашылығының және жалпы агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігі ауыл шаруашылығы жерлерінің мөлшеріне, сапасына, орналасу жағдайына және экологиялық ахуалына тәуелді болады.
Көптеген елдердегі ауыл шаруашылығын қайта құру тәжірбиесі аграрлық реформалардың, негізінен, жер қатынастарына өзгерістер енгізу үрдісінің нәтижелілігімен анықталатынын дәлелдеді.
Кеңес Одағы кезіндегі аграрлық саясат шаруа-меншік иесі және шаруа-еңбеккер арасындағы байланысты еркермеуі және оларды бір-бірімен ұштастырмауы салдарынан сәтсіздікке ұшырады. Бұл қарама-қайшылық нарықтық қатынастардың жаңа жүйесіне өте барысында айқын байқалады.
Ауыл шаруашылығы әкімшіл-әміршіл әканомика жағдайында, дәлірек айтқанда XX ғасырдың 60-жылдарының аяқ тұсында шаруашылық ішілік есеп айырысу және ақшалай еңбек ақы төлеу жүйесіне өте арқылы материалдық қызығушылықты арттыру мен ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу жүйелеріне өзгерістер енгізуге бағытталған жағымды үрдіс бәсеңси бастағанда қарқынды даму мүмкіншілігінен айрылды. өндірістің жоғары еңбек сыйым- дылығы мен ауыл шаруашылығының дотацияға деген қатты мұқтаждығы жалпы халықшаруашылығы үшін ауырға соқты. Тек мұнай мен газ әкспортынан келіп түскен бюджеттік ресурстарды ауылшаруашылығының пайдасы үшін қайта бөлу нәтижесінде ғана агроөнеркәсіп кешеніндегі өндіріс көлемін ең төменгі қажетті деңгейде ұстап тұруға және зиянды шығындарды жабуға мүмкіндік туғызды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы нарықтық экономика жағдайында жерді тиімді пайдаланудың мәселелерін қарастырып, осы саладағы терең өзгерістер мәндеріне талдау жасау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу қарастырылады:
- Қазақстан Республиқасындағы жер ресурстарын басқарудың теориялық негіздерін анықтау;
- Жер қатынстарының қазіргі жағдайын талдау;
- Жер реформасын жүзеге асырудың экологиялық проблемалары айқындау;
- Ауыл шаруашылығында жер қатынастарын қалыптастыру және дамыту мәселелерін қарастыру;
- Жер нарығын қалыптастыру мен дамыту факторларын жетілдіру жолдарын қарастыру;
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмысы - тақырыптан, кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диплом жұмысы 60 беттен 2 – суреттен, 6 - кестеден тұрады.
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жер
қатынастарының мәні және олард
Жер еңбек заты,ерекше өндіргіш күш және еңбек өнімі ретінде дамып келе жатқан қоғамдық өндірістегі обьективті қалыптасқан тәуелділіктерге бағынады. Жеке алғанда материалды өндіріс әлементі ретінде меншік обьектісі ретінде көрініп,оған оның барлыққұқы таралады. Кез-келген шаруашылық жүргізуші субьектілердің тәртіп формаларын анықтайтын ережелерге бағынады. Алайда, бұл жағдайда жер ресурстарын көптеген өндіргіш күш әлементтерінің құрамынан ажырататын оның ерекше қасиеттері өз күшін жоймайды. Бұл біріншіден,оның тек ғана өндіріс емес,сондай-ақ жалпы тұрмысқа материалдықбазасы ретіндегі ролі; екіншіден,өнім түрінде жаңа құнды қалыптастыру қабілеттілігі; үшіншіден, оның көлемінің табиғи шектеулілігі. Жердің осы ерекше қасиеттері жерге қатысты қатынастар механизмін жасауда ескеруді талап етеді. Ал бұл өз кезегіндегі жерге меншік пен шаруашылық жүргізу мәселелеріне ерекше тоқталу қажеттілігіне алып келеді.
Жер қатынастары – бұл жерде иемдену,пайдалану және басқару бойынша тұлғалар арасында туындайтын қатынастардың жиынтығы. Оған меншік пен шаруашылық жүргізу формасы, жер нарығы, жер бағасы,рента,жерге салық салу, аренда, жер пайдалану мен жер ресурстарын басқару мәселелері кіреді (1сурет).
Кейбір әдебиеттерде жер қатынастарының негізін «меншік», «иелік ету», «пайдалану» ктегориялары арқылы қарастыру орын алып, «басқару» экономикалық категория емес, меншік иесінін ерікті субьективті іс-әрекеті ретінде көрінеді [1].
Егінші үшін жерге меншік құқығы ерекше мөрге ие және жер мен аграрлық қатынастардың бүкіл жүйесі осы мәселе төңірегінде құрылып,тарихи дамып келеді. Аграрлық қатынастардың тарихи даму процесінде «жер оны өңдеген адамға тиесілі болу керек»,-деген қағида айтылып келеді. Алайда нақты өмірде бұл жүзеге асырылған жоқ. Оның бір себебі жерге жеке меншікпен байланысты және соның негізінде туындайтын абсолюттік рента теориясына қатысты қарастырылады.
Тарихи тұрғыда жерге абсолютті жеке меншік тек феодализм мен капитализмнің алғашқы стадиясына ғана тән болды, яғни жердің жеке меншік иесі меншіктің барлық күш функциясы: иемдену, пайдалану, басқару тәсілі болды. Бірақ өндіргіш күштің дамуы мемлекеттің буржуазиялық қатынастарының жетілуімен жерді пайдалану мен басқару функциялары бөлінеді.
Нарықтық экономика жағдайындағы жер қатынастарының қызмет етуінің схемасы
Экономикалық түрде жерге жеке меншік шаруашылық жүргізу обьектісі ретінде жер учаскесін сатудың абстрактілі мүмкіндігінде емес,мақсаты бағытына сәйкес оны пайдаланудан түсетін белгілі бір табысты жүзеге асырады. Бұл табыс жерді ауыл шаруашылық бағытында өнімді пайдалану мен сатып алудың экономикалық мотивтерін анықтайды және жер учаскесін бағалаудың нақты әдістаріне тәуелсіз сату бағасын қалыптастырудың негізгі обьективті факторы болып табылады. Басқаша айтқанда жер учаскесін сатып ала отырып, сатып алушы ең бірінші кезекте болашақта аталмыш учаскені тікелей бағыты бойынша пайдаланудан түсетін табысты көздейді.
Жерге меншік мәселесін қарастырғанда ол ауыл шаруашылығын тиімді жағдайға алып келедіме? –деген сурақ туады. Жерге жеке меншіктің артықшылығын Батыс Еуропа мен АҚШ-тағы фермерлердің табысымен байланыстыра отырып, көптеген саясаткерлер мен ғалымдар тек ғана жеке меншік жерді рационалды пайдаланып, ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді жүргізуге жағдай жасайды деп тұжырымдады. Жерге жеке меншіктің болу қажеттілігінің себептері: біріншіден, мысалы, дамыған елдерде жерге жеке меншіктің болуы; екіншіден, мемлекеттің меншік обьектісі ретінде жерді пайдаланудың тиімсіздігі; үшіншіден, жерге мемлекеттің меншік жағдайында оның құнарлылыған көтеруге деген қызығушылықтың жоқтығы және шетерлік инвесторлардың жерге жеке меншік жоқ Қазақстан Республикасының экономикасына капитал салудан бас тартуы секілді пікірлер.
Жерге жеке меншіктің өзіне келетін болсақ, жер жылдар бойы өңделмеуі, ол тек өзінің иесіне оны алып- сатудан табыс түсіреді және жер учаскелерінің спекуляциясын, ипотекалық қарыздылықты қалыптастырады, ауыл тұрғындарының мүліктік дифференциясын күшейтеді дей отырып, Я. Әубәкіров қазіргі аграрлық қатынастардың жерге жеке меншік принципіне негізделе алмайтындығын көрсетеді [2].
Азық-түлік өнімдерінің тапшылығы орын алып отырған тұста жерге жеке меншік өздерінің қажеттіліктерін ауыл шаруашылық өнімдеріне монопольды жоғары бағалар арқылы монопольды рентаны иемдену есебінен қанағаттандыруды көздейтін шаруашылықтар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл өнім өндіріс көлемін ұлғайтуды ынталандырмайды.
Жер мемлекеттік меншік обьектісі ретінде тиімсіз пайдаланылады деген пікір де қате. Біріншіден, оның тиімсіз пайдаланылуы меншік формасы қате таңдаудың салдары емес, осы жерде жұмыс істейтінсубьектілердің еңбек пен өндірісті дұрыс үйлестіре отырып, басқара, ұйымдастыра алмауында. Бұрыңғы колхоз-совхоз, басқада кәсіпорындарды сынағанмен қоғамдық меншікте болса да олардың ішінде жоғары қарқынмен дамыған шаруашылықтарды жоққа шығара алмаймыз. Жоғары көрсеткішке ие болған шаруашылықтардың дамуы жерге жеке меншіктің болу, болмау жағдайына байланысты емес, өнім өндірісі үшін қолайлы экономикалық ортаны қалыптастыруда яғни егіншілік пен мал шарушылығын жүргізудің ғылыми негізделген жүйесін, қазіргі заманғы техника мен технологияны өндіріске енгізу, жерді тиімді пайдалану, жұмысшының білімі мен іскерлігі сияқты факторлардың бірлігі қажет.
Ел Президентінің Республика халқына «Қазақстан-2030» атты жолдауында «Жер қойнауының байлығы – баршы келер ұрпақтың игілігі. Жер жаппай сатылған жағдайда осы игілікті қалтасында қаржысы жоқ жарлылар тобы сатып ала алмайды. Ол аттөбеліндей қалтасы қалыңдардың қолында шоғырланады. Егер қазір жерді жеке меншікке сата бастасақ, республикамыздың қарапайым халқын үлкен қиындықтарға душар етеміз. Байлардың аттөбеліндей шағын тобы жарлы адамдардың үлкен тобынан едәуір алшақтап кеткен жерде қоғам еш уақытта еңсесін көтеріп, рахаттанып, гүлдене алмайды»,- деп атап көрсетеді [3]. Сол себепті республикамызда қарапайым тұрғындардың қазіргі тұрмыс жағдайы жерді сату арқылы оған жеке меншік беруге мүмкіндік бермейді. Басқаша айтқанда, нақты ақша қозғалысымен байланысты мәселелерді тудыратындығын ескерген жөн. Көптеген әкономистер осы уақытқа дейін жерді бөлудің қажетті және жеткілікті шарты оны сатып алу- сату емес, аренда бола алады деп санады. Экономика саласында Нобель лауреаттары атанған Франко Модильяни, Джеймс Тобин, Роберт Солау және Уильям Викри сияқты ғалымдар және рентасын жеке секторға көшіруге жол бермеу жөнінде айтқан болатын [4]. Нарықта өтпелі кезеңде Қазақстанның аграрлық секторында қалыптасқан жағдайды ескере отырып, біздін ойымызша жерге жеке меншік жерді тиімді пайдалану мәселесіне жауап бермейді және экономикалық, психологиялық тұрғыдан тиімсіз.
Жерді иемдену формалары мәселені шешуде жердің осы жерде тұрақты өмір сүретін және оны өңдейтін адамға тиесілі болу керектігінде талас жоқ. Бұл жерде жер шаруашылық жүргізу обьектісі ретінде де егер жер зологқа немесе, арендаға берілетін болса өмір сүру көзі болып табылатындығы сөзсіз. Бірақ меншік иесіне арендалық немесе басқада төлемдерді төлей отырып, еңбек етпей қосымша табыс алынбайды. Осыған байланысты ресейлік ғалымдар жер иемдену мәселесін жерге меншік сферасы емес, шаруашылық жүргізу обьектісі ретінде жерді пайдалану нәтижелері мен тәсілдері сферасында шешу қажеттігін санайды [5].
Қазіргі кезде Қазақстанда қалыптасқан жаңа жер қатынастарын келесі кезеңдермен сипаттауға болады. Бірінші кезеңде (1990-1993 жылдар) жер жер тек ғана мемлекеттік меншікте болып табылатын заңдар қабылданды. Шаруашылық жүргізудің алуан түрлі формалардың қалыптасуымен байланысты жер қорын қайта бөлу процесінде жерді иемдену мен пайдаланудың келесі формаларын қарастырады: шаруа қожалықтарын, жеке қосалқы шаруашылықтар, бау-бақша, мал шаруашылыған жүргізу, тұрғыдан үй, бақша құрылыстарын салу үшін өмірлік мұрағерлік иемдену, орман және ауыл шаруашылығын жүргізу үшін басқа да кәсіпорындар мен ұйымдар, мекемелерге тұрақты иемдену, мал жайылымы және шабандық үшін тұрақты және уақытша пайдалану, жер арендасы. Жер қатынастары дамуының екінші кезеңі (1994-1995 жылдыр) нарықтық экономика жағдайына бейімделумен байланысты ҚР Президентінің «жер қатынастарын одан әрі жетілдіру туралы ( сәуір 1994 жыл), ҚР Президентінің жер қатынастарын реттеуші жарлықтарына бірқатар өзгерістар мен толықтырулар енгізу туралы жарлықтары шығады. Бұл жарлықтар республикада жаңа жер қатынастарының даму үшін алғашқы алғышаттар құрды. Жер рыногінің, оның ауыл шаруашылығында жер пайдалану құқы нарығының қалыптасуын қамтамасыз етті. ҚР –да жерге жеке меншік институты қалыптасып, жер мемлекеттік меншікпен қатар заңмен бекітілген шарттар, негіздер, шектеулер негізінде жеке меншікте де бола алады. Оны реттеуді және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ҚР Президентінің Заң күші бар «Жер туралы» жарлығының шығуымен жер қатынастары дамуының үшінші кезеңі байланысты. Жекешелендіру процесінің негізінде ауыл еңбекшілерінің шартты жер үлестеріне ие болғандығы белгілі. Қазіргі кезде республика бойынша 2,3 млн адамға шартты жер үлесіне куәлік беру жұмыстары аяқталды, 106,3 млн га жерге шартты жер үлесі құқын алуға 2,1 млн келісім- шарт тіркеліп, рәсімделді. 45,2 мың адам 3,1 млн га жерді сату, 466,3 мың адам 24,8 млн га жерді арендаға беру, 842,9 мың адам 45,2 млн га жерді мемлекеттік емес кәсіпорындардың жарлық қорына өткізген. Бұдан басқа 651,7 мың жер үлестарінің қатысуымен шаруа (фермер) қожалықтары құрылған [6]. Бұдан көріп отырғанымыздай, ауыл-шаруашылығында меншік иелерінің үш типі қарастырып отыр:
Информация о работе Жер қатынастарының мәні және олардың аграрлық қатынастар жүйесіндегі