Жылжымайтын мүлік объектілерінің сипаттамасы және типологиясы

Автор работы: c*************@mail.ru, 26 Ноября 2011 в 22:29, курсовая работа

Описание

Жылжымайтын мүлік азаматтар үшін жеке өмір сүру негізі болып, барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық әрекеті мен дамуының базасы болып қызмет атқарады. Қазақстанда жылжымайтын мүлік нарығының белсенді қалыптасуы мен дамуы байқалады, барған сайын жылжымайтын мүлікпен операцияларға қатысатын азаматтардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың саны артуда.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3
ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................5
1.1Жылжымайтын мүлік ұғымы және объектілерінің сипаттамасы.....................5
1.2Жылжымайтын мүлік объектілерінің типологиялық бөліну ерекшелігіне байланысты түрленуі...................................................................................................7
1.3Жылжымайтын мүлік нарығы және нарықтық операциялар...........................18
2. ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖІКТЕМЕСІ.............24
2.1Жылжымайтын мүлік объектілерін салық салу жүйесін реттеу мақсатында топтау..........................................................................................................................24
2.2Жылжымайтын мүлік объектілерін типологиялық ерекшелігіне
байланысты жіктеу....................................................................................................26
Жылжымайтын мүлік объектілерін және онымен жасалынатын
мәмілелерді мемлекеттік тіркеу...............................................................................49
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ОБЪЕКТІЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ..........................................................................................55
Жер телімдерін пайдалану және бөліп беру мәселесі......................................55
3.2«Тұрғын үймен қамтамасыз ету» жобасының кемшіліктері және оның дамуы..........................................................................................................................57
3.3Тұрғын емес ғимараттардың қазіргі таңдағы экономикадағы орны және жандануы....................................................................................................................59
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................65

Работа состоит из  1 файл

курстық жұмыс сонгы.docx

— 119.73 Кб (Скачать документ)
  • тарихи оқиғаларға байланысты  тарихи-мәдени қорықтар, мұражай-қорық, мемориалды саябақтар, мемориалды (азаматтық және соғыс) моласы, мола, тарихи немесе мемориальды үйлер, ғимараттар, үймереттер мен ескерткіш орындары.
  • қалашық, қорғандар, ежелгі молалар, ескерткіш скульптуралары мен мегалиттер, тауда бейнеленген суреттер, бұрын болған соғыс алаңдары, қорған қалдықтары, соғыс лагерлері, қоныс пен тұрақтану аймағы, тарихи мәдени қалыптастыру, өндіріс қабыттылығы, арықтар, жолдар
  • архитектуралық жиын мен кешен, тарихи орталықтар, аудандар, алаңдар, қалаларды және басқа да тұрғылық аудандардың ежелгі жобалау мен салу қалдықтары, азаматтық, өндірістік, соғыс, ерекше архитектуралық үймереттері, бақтық-саябақтық кешендер

    Қолдану кезіндегі шектеулер:

    1. Ерекше ғылыми, эстетикалық және тарихи-мәдени құндылығы бар тарихи-мәдени мақсаттағы объектілер қатарындағы жер телімдері тек ұжымдық немесе мемлекеттік меншікте болуы мүмкін. Аталған жерлерді жеке меншікке пайдалануға беру заңмен рұқсат етілмейді.

    2. Ұлттық және жалпы мемлекеттік мәні бар тарихи-мәдени объектілер жер телімі тек қана мемлекеттік меншік формасында пайдаланылады. Ұжымдық немес жеке меншікке пайдалану заңмен қудаланылады.

    3. Археологиялық ерекше туындылар объектілері орналасқан жер телімдері тек мемлекеттік меншікте бола алады. Басқа жағдай орын алғанда олар заңмен көрсетілген ережелікпен, археологиялық ерекше туынды – ежелгі соғыс алаңы орналасқан жер телімдерін санамағанда,  мемлекеттік меншікке алынуы (сатып алынуы) тиіс.

    4. Археологиялық ерекше туынды объектілері болып саналмайтын басқа мәдени мұра объектілері шеттетілуі, сонымен қатар мәдени мұра қорғау ұйымының келісімімен басқа заңды немесе жеке тұлғаға иесіне берілуге немесе иелік ету, пайдалану немесе басқару сәйкес ұйымдарға берілуі мүмкін.

    Орман шаруашылық мақсатындағы жерлердің жіктемесі

    Орман мақсатындағы жерлерге келесі жер телімдеріне жатады:

    1) Қазақстанның орман қорына жататын және төмендегілер кіретін орман телімдері орналасқан орман жерлері:

  • орман өсімдіктерімен жабылған жер телімдері;
  • жанаспаған орман мәдениеті; орман арам шөптері; плантациялар; орман жолдары мен жолақтары; орман алаңы, орман өртке қарсы бөлгіштер, орман шөлейттенген арықтары мен дренаждық жүйелер себебімен әрқашан немесе уақытша орман өсімдіктерімен жабылмаған жер телімдері;

    2) Орман шаруашылық қажеттіліктерді өтеу мақсатындағы және пайдаланушыға бекітілген ережелікпен ұсынылған жер телімдерін санағанда ормандық емес жерлер:

  • ауыл шаруашылық телімдер
  • қоралар
  • шөп қоймасы
  • жайылым жерлері
  • сулар
  • балшықтар
  • үймереттер
  • коммуникациялар
  • аз өндіретін жерлер

    Орман мақсатындағы жерлерді иелік ету  құқығы иелік ету құқығының үш формасының бірінде жүргізіледі: мемлекеттік, ұжымдық және жеке меншік.

    Cу  қоры жерлерінің  жіктемесі

    Бір жағынан ортақ, екінші жағынан ерекшеленетін  сипаттамсы мен сапалардан тұратын  ж су қорының жерлері жер телімдерінің  үш топқа жіктейді:

  • бірінші топ су асты объектілеріндегі жер телімдерінен тұрады
  • екінші топ су маңындағы объектілердегі жер телімдерінен тұрады
  • үшінші топ әртүрлі су шаруашылық ғимараттар орналасқан аумақтағы жер телімдерінен тұрады

    Су  қорының жерлері мынандай меншік иелеріне беріледі:

  • коммуналдық меншік жерлері үшін аумақтық құрылымдарға
  • мемлекетке – мемлекеттік меншік жерлеріне
  • жеке меншік сипатындағы заңжы немесе жеке тұлғаға

    Су  қорының астында орналасқан жер  телімдері тек мемлекеттік және ұжымдық меншікте болуы мүмкін. Аталған  жерлерді жеке меншікке берілуі заңмен қудаланады. Жалпымемлекеттік мәні бар  су объектілері ерекше қарауда болады және олар тек мемлекеттік меншік сипатында болады.

    Өндірістік, транспорт, байланыс және басқа да мақсаттағы жерлердің жіктемесі

    Орналастыру мен пайдалануға арналған жерлер өндірістік жерлер болып табылады:

  • негізгі, қоймалық және көмекші ғимараттардағы
  • өндірістік, тау-кен өндіруші, транспорттық және басқа кәсіпорындар үймереттері мен олардың жолдары
  • инженерлік желі
  • басқа ғимараттар

    Жер кодексінде транспорт жерлері мемлекеттік, ұжымдық және жеке меншік иелінде  болуы мүмкін деп қарастырылған.

    Жер кодексіне сай байланыс жерлері деп ауа мен кабельдік телефон-телеграфты желілер, спутникті байланыс құралы астында орналасқан жер телімдері танылады.

    Байланыс  жерлері мемлекеттік, ұжымдық немес  жеке меншік түрінде иелік етуі мүмкін. Ерекше болып ғаламдық жүйе мақсатында пайдаланылатын жерлер тек мемлекеттік  меншік иелік сипатында болуы  мүмкін және олардың басқа меншік түріне берілуі заңмен қудаланады.     Жоғарыда көрсетілген типологиялық анализ және әрбір түрдің жалпы сипаттамасы – сол объектіге қатысты меншіктік қатынастардың заңмен және мемлекеттік араласуымен, яғни реттелуімен, жүзеге асады. 

    2.3 Жылжымайтын мүлік объектілерін және онымен жасалынатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу 

    Жылжымайтын мүлікті сату жөніндегі отандық  тәжірибені ескере отырып, жылжымайтын  мүлік нарығы – бұл жылжымайтын  мүлікпен жасалатын мәмілелердің, олардың  ақпараттық қамсыздандырудың, мүлік  облысындағы қызметтерді басқару  және қаржыландыру жөніндегі операциялардың жиынтығы деп ануымызға болады. Аталған нарықтың құрылуының ең басты алғышарты жылжымайтын мүлік объектілігінің заңдылығы, яғни мемлекеттік тіркеу тізімінде тұру міндеттілігі болып табылады.

    Жылжымайтын заттарға меншiк құқығы мен басқа  да құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттiк тiркелуге тиiс.

    Мемлекеттік тіркеуге кіретіндер:

  1. меншіктілік құқығы;
  2. шаруашылық жүргізу құқығы;
  3. оперативтік басқару құқығы;
  4. жылдан аса уақытқа жерді пайдалану құқығы;
  5. жылдан аса уақытқа сенімділік басқару құқығы;
  6. кепілдік;
  7. рента;
  8. жылжымайтын мүлікке қатысты басқа да құқықтар, сонымен қатар жылжымайтын мүлікке құқықтарды қиындатпау;
  9. тіркелуге сонымен қатар өзгерістер мен жылжымайтын мүлікке құқығын тоқтату жөніндегі басқа заңды факторлар мен келісім нәтижелері кіреді.

    Мемлекеттік тіркеу үшін тұтынушы (өтініш берушінің  уәкілетті өкілі) мынадай құжаттарды:

  • жеке басын куәландыратын құжатты;
  • белгіленген үлгідегі мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті;
  • жылжымайтын мүлікке техникалық паспортты және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын қоса бере отырып, құқық белгілейтін және тіркеу объектісін растайтын өзге де құжаттарды;
  • өтініш берушінің (жеке тұлғаның) және өтініш берушінің уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін;
  • жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге алым төлегенін растайтын құжатты ұсынады.

    Меншiк  құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы, оралымды басқару құқығы, бiр жылдан астам  мерзiмге жер пайдалану құқығы, бiр жылдан астам мерзiмге пайдалану  құқығы, жылжымайтын мүлiктi кепiлге  беру, жылжымайтын мүлiкке рента, сенiм бiлдiру арқылы басқару құқығы мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап пайда болады.

    Заңды тұлғалар жоғарыда көрсетілген құжаттарға қоса құрылтай құжаттарын ұсынады. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының  заңнамалық актілерінде не құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда  жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға немесе иеліктен айыруға  құрылтайшылар (қатысушылар, директорлар  кеңесі, акционерлер кеңесі) жиналыстарының хаттамаларын (олардан үзінділер) ұсынады.

    Шетелдік  заңды тұлғалар сауда тізілімінен  заңдастырылған үзінді немесе шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің  заңнамасы бойынша заңды тұлға  болып табылатындығын куәландыратын  басқа да заңдастырылған құжатты  мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі  нотариат куәландырған аудармасымен ұсынады.

    Өтініш  түскен күннен он бес күннің ішінде жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын  мәмілелерді жеделдетілген тәртіппен  мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары стандартқа сәйкес көрсетілген.

    Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік  тіркеу үшін қажетті барлық құжаттар, екі данада, біреуі түпнұсқасы немесе нотариуспен куәландырылған көшірмесі болуы керек. Құжаттың түпнұсқасы (нотариуспен куәландырылған көшірмесі) тіркелгеннен соң иесіне қайтарылады. 
Құжаттағы кейбір түзетулер немесе сызылған жерлер жарамсыз деп табылып қабылданбайды.

    Мемлекеттік жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің органдары жүзеге асырады.

    Құқықтық кадастрдың тіркеу Жылжымайтын мүлiкке құқықты және онымен жасалатын мәмiленi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырушы орган құқық иеленушiнiң өтiнiшi бойынша тiркелген құқық немесе мәмiле туралы құжат беру арқылы не тiркеу үшiн табыс етiлген құжатқа жазба жасау арқылы тiркеуден өткендiгiн растауға мiндеттi.

    Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалған мәмiленi мемлекеттiк тiркеу жария түрде өтедi. Тiркеудi жүзеге асырушы орган жасалған тiркеу мен тiркелген құқықтар туралы ақпаратты кез-келген адамға беруге мiндеттi.

    Жылжымайтын мүлiкке құқықты немесе онымен жасалатын мәмiленi мемлекеттiк тiркеуден бас тартқан не тiркеуден негiзсiз жалтарған жағдайда сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркеу құқық иесінің, мәміле тараптарының (қатысушыларының), мемлекеттік органның (оның уәкілетті өкілінің) немесе өзге де уәкілетті адамдардың тіркеуші органға  берген өтінішінің негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті  өкілі) оның басын куәландыратын  құжатты көрсетуі және мынадай құжаттарды:

    - белгіленген үлгідегі мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті;

    - жылжымайтын мүлікке техникалық паспортты және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын қоса бере отырып, құқық белгілейтін және тіркеу обьектісін растайтын өзге де құжаттарды;

    - өтініш берушінің (жеке тұлғаның) және өтініш берушінің уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін;

    - жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік  тіркеуге алым төлегенін  растайтын құжатты;

    - осы  Заңда көзделген өзге де құжаттарды  ұсынуға тиіс.

    Мемлекеттік тіркеу өткізу уақыты:

  • өтініш берушінің құқығын тіркеу 5 жұмыс күні ішінде, Жарлықтың 13 бабында көрсетілгендей, тіркеу ұйымында жасалуы керек;
  • өтініш берушілер көп болған жағдайда ,ерте берілген өтініштен бастап тіркеледі.

    Меншілікке  құқықты, шаруашылық жүргізуге, шұғыл  басқаруға, сенімділік басқаруға, кепілдікке, рента пайдалануға (сервитуттардан басқа) тіркеу үшін:

  • пәтерге, жеке тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа сол сияқты обьектілерге) бір айлық есептік көрсеткіштен бастап, жиын төлеген уақытқа дейін шаруашылық құрылыстың 50 пайызы;
  • тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстармен және басқа да ұқсас обьектілерге), тұрғын үйлердегі тұрғын емес жайларға, тұрғын емес құрылыстарға –есептік көрсеткіштің сегіз есе айлық көрсеткіші;  
    гаражға - бір айдың есептік көрсеткіштерінен бастап,жиын төлеген уақытқа дейін шаруашылық құрылыстың 50 пайызы;
  • тұрғын емес жайдың мүліктік кешеннің қызмет ететін күніне жиын төлеу (ғимарат, құрылыс, қондырғы):
    • бір обьектен тұратын – 10 АЕК
    • 2 ден 5-ке дейін бөлек тұрған обьектілер – 20 (есе) АЕК
    • 6 –дан 10ға дейін бөлек тұрған обьектілер – 20(есе) АЕК
    • 10-нан жоғары бөлек тұрған обьектілер -25 (есе) АЕК шағын бизнес кәсіпкерлері үшін.
  • тұрғын үйге (шаруашлықы құрылыстарымен және басқа да лайықты обьектілерімен)тұрғын үйдің тұрғын емес жайлары,тұрғын емес құрылыс,тұрғын емес мүліктік кешендер (ғимарат,құрылыс,қондырғылар) -1 АЕК;
  • жер учаскелеріне құқылықты тіркеу:   меншіктік құқық,жерді пайдалану,басқа да құқықтар – 50% АЕК;
  • сервитутты тіркеу -50% АЕК;
  • кондоминиум обьектілерін тіркеу – 1АЕК;
  • ипотекалық куәліктің берілуін тіркеу және оның басқа иелерге соңынан берілуі -25% АЕК;  
  • құжаттың мемелекеттік тіркелгені туралы төлнұсқасын тіркеу - 25% АЕК;
  • жылжымайтын обьектінің идентификациялық сипаттамасымен құқық иеленушінің ауысуын тіркеу;
  • жылжымайтын мүлікке құқықты тоқтату, адам қайтыс болғанда, тұрғын жай құлатылғанда,басқа да құқықтың ауысуы мен байланысты тіркеу - 25% АЕК;
  • жылжымайтын мүлікке ипотеканың тоқтатылуын тіркеу - 25% АЕК;
  • банк заимдарының шарты мен арзанға беру талаптарын тіркеу, міндеттеме де ипотекамен қамтамасыз етуді тіркеу - 25% АЕК;
  • келісім шартының өзгеру нәтижесінде құқықтың өзгеруін тіркеу, құқықты орнына келтіру негізі мен және заңды фактілерімен тіркеу - 25% АЕК;
  • жылжымайтын мүлікке басқа да құқықтарды тіркеу - 50% АЕК;

Информация о работе Жылжымайтын мүлік объектілерінің сипаттамасы және типологиясы