Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 00:38, дипломная работа

Описание

Қазақстан Республикасының егемендік алып, дүниежүзілік қоғамдастыққа танылуы Қазақстан педагогикасының жаңа мазмұнда сипатталуына кең мүмкіндіктер ашып отыр. Оның бір дәлелі ретінде ұзақ уақыт бойы бір жақты сараланып, ақиқаты ашылмай келген ұлттық педагогика тарихының қазіргі заман тұрғысынан әділ бағасын беруге деген талпынысын айтуға болады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтардың тәрбиелік мазмұны...............................................................................................10

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда Ыбырай Алтынсарин шығармаларының педагогикалық мүмкіндіктері.........................................................................................................25

2 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
2.1 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың тиімді жолдары..................................................................................................................27
2.2 Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесі........................................36
Қорытынды............................................................................................................45
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................................

Работа состоит из  1 файл

Ыбырай Алтынсариннің шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу.doc

— 562.00 Кб (Скачать документ)

   Жалпы эмпирикалық зерттеулер нәтижелерін сандық және сапалық талдау нәтижесінде жұмыстың мақсат-міндеттеріне сай іріктелініп алынған әдістемелерді жүргізу мен оларды өңдеу, болжамдардың статистикалық сенімділігін тексеру нәтижесінде болжам толығымен дәлелденіп, тамамдау жұмысы өз мақсатына жетті деп айтуға толық негіз болады 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

    Қазақстан Республикасында болып жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістер білім беру жүйесін өзгеше құруды талап етуде. Әсіресе, білім беру саласында ізгілендіру, демократияландыру үрдістері жүріп жатқан кезде, білім мазмұнын ұлттық ерекшеліктер негізінде құру, өсіп келе жатқан жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр.

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында білім беру мәселесіне ерекше көңіл аударып, 12 жылдық білім жүйесіне көшуде ұлттық мектептің моделін құра отырып, өсіп келе жатқан жас ұрпақты патриоттық сезімге, Отаншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу қажеттігін атап көрсетті.

    Ыбырай  Алтынсарин шығармаларын оқыту арқылы бастауыш сынып оқушалырының адамгершілігін  қалыптастырамыз, дүниеге көзқарасын дамытамыз. Ыбырай Алтынсарин шығармалары  балаларда алуан түрлі сезім, ой туғызады.

    Біз зерттеуімізге нысана етіп алған  Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу  мәселесін зерделей келе төмендегідей қорытынды жасаймыз.

  1. Адамгершілік мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер жан-жақты талданды.
  2. Ыбырай Алтынсарин шығармаларын ана тілі сабақтарында пайдалану арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, адамдық қасиеттерді қалыптастырудың педагогикалық құндылығын анықтауға, мазмұндары мен әдіс-тәсілдерін бағдарлап, болжамдар жасауға мүмкіндік берді.
  3. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқу-тәрбие процесінде пайдалануға байланысты түрлі ғылыми-теориялық және әдістемелік әдебиеттер талданды. Көркем шығарма материалдарын пайдаланудың жолдары мен әдіс-тәсілдері белгіленді.
  4. Ана тілі оқулықтарына, оқу бағдарламасына, әдістемелік құралдарға жан-жақты ғылыми талдау жасалды.
  5. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескерген жағдайда, олардың дерексіз ойлауынан гөрі, деректі көру қабілеті басым екенін басшылыққа ала отырып, адамгершілікке тәрбиелеуде Ыбырай Алтынсарин шығармаларының педагогикалық құндылығы айқындалды.
  6. Ыбырай Алтынсарин шығармаларын пайдалану арқылы оқу-тәрбие үрдісінің міндеттерін шешу жолдарын жан-жақты қарастырылды. Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие жұмысына талдау жасалып, балалардың білім дәрежесін, дағды даңгейін анықтау мақсатында анықтау эксперименті жүргізілді. Анықтау экспериментінің нәтижесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу мәселесінің өз деңгейінде жүргізілмейтініне көз жеткізілді. Қалыптастыру эксперименттеріне арнайы ана тілі пәндерінен арнайы сабақ жоспарларының үлгілері әзірленді.
  7. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижесінде оқушылардың теориялық және практикалық білім өрісін кеңйту мақсатында Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің әдістемесін жасау қажеттігі туындады.
  8. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу  ісін жетілдіру мақсатында оқу-тәрбие процесінде Ыбырай Алтынсарин шығармаларын пайдаланудың әдістемесі құрылды, оның тиімділігін тәжірибеде айқындалды.
  9. Оқушылардың Ыбырай Алтынсарин шығармалары туралы білімдерін жетілдіріп, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында Ыбырай Алтынсарин шығармаларынбойынша оқытудыі тиімді әдіс-тәсілдері, принциптері айқындалды.
  10. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижесі Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу  мәселесі бойынша біздің алға қойған болжамымыздың дұрыстығын дәлелдеп, адамгершілікке тәрбиелеуде Ыбырай Алтынсарин шығармаларының мүмкіндіктері жоғары екені көрсетті.
  11. Зерттеу нәтижесі біздің ұсынып отырған әдістеменің тиімділігін дәлелдеді.

         Бүгінгі таңда мектептердің оқу-тәрбие  үрдісінде Ыбырай Алтынсарин  шығармалары арқылы оқушыларды  адамгершілікке тәрбиелеуді жетілдіруде   мұғалімдерге төмендегідей ұсыныстар беріледі.

    - Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде  Ыбырай Алтынсарин шығармаларын  оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың  жүйелі әдістемелік кешенін жетілдіру;

    - Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде  оқу-тәрбие процесінде Ыбырай  Алтынсарин шығармаларын жүйелі пайдалану;

    - Ыбырай Алтынсарин шығармаларын  оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануға  байланысты үлгілі ұстаздардың  озық тәжірибелерін кеңінен насихаттау  үшін ашық сабақтар өткізу.

    Зерттеліп отырған мәселе күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын терең қамтып шығу  мүмкін емес. Бірақ бұл мәселенің айқындалған жағдайлары болашақта Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы орта мектеп оқушыларын адамгершіллікке тәрбиелеу мәселесін зерттеуге негіз бола алады деп есептейміз. 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының “Білім туралы”  Заңы. Алматы, 1999
  2. Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпандағы  «Қазақстан жеделдетілген экономикалық-әлеуметтік және саяси жаңару жолында» Егемен Қазақстан, Алматы, 2005
  3. Қорқыт ата. Энциклопедиялық жинақ / Бас ред. Ә.Н.Нысанбаев, Алматы, 1999, 799 б,
  4. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. Алматы, 1994, 419 б
  5. Ш.Уәлиханов еңбектері. Алматы, 1979, 69 б. 
  6. А.Құнанбаев. Шығармалары. Алматы, 2001
  7. Ы.Алтынсарин Өнер-білім бар жұрттар. Құастырған: С.Мақпыров, С.Мәмбетов. Алматы, 1991, 240 б.
  8. Аймауытұлы  Ж. Психология.Алматы, "Рауан" ,1995.
  9. Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық мұралары. Алматы, "Рауан",1991.
  10. Алтынсарин Ы. Таза бұлақ: Өлеңдер ,әңгімелер , хаттар , очерктер. Алматы, "Жазушы", 1988.
  11. А.Байтұрсынов . Тіл тағылымы. - Алматы, 1986. - 315 б.
  12. М.Дулатов Шығармалары. Т.1, Алматы, 1991, 348 б
  13. Ж.Аймауытов Тәрбиеге жетекші. Қызылорда, 1924, 156 б.  
  14. М.Жұмабаев Педагогика. Алматы, 1992, 160 б. 
  15. Ш,Құдайбердиев Шығармалары. - Алматы, 1987. - 320 б
  16. Қ.Жарықбаев Психология. - Алматы, 1993. - 230 б.
  17. С.Қалиев Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. -Алматы, 1996. - 220 б.
  18. Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. - Алматы, 1995. - 232 б.
  19. Ж.Наурызбай Философия. - Алматы, 2001. - 200 б. 
  20. К.Қожахметова Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика. – Алматы, 1997.
  21. В.Г.Афанасьев Основы философских знаний. – М., 1986. - 398 с 
  22. Л.П.Буева Мировоззрение. – М., 1998. - 120 с.
  23. В.В.Журавлев Мир художественной культуры. – М., 1987. - 237 с.
  24. В.А.Медведев Мир и человек. – М., 1999. - 123 с.
  25. Г.Л.Смирнов Философия. – М., 1996. - 224 с.
  26. А.Г.Спиркин . Мышление и язык. – М., 1972. - 320 с.
  27. Г.Н.Федосеев Философия. – М., 1989. - 320 с.
  28. А.А.Давыдов Проблемы развивающего обучения. - М., 1986. - 239 с
  29. Н.В.Занков Развивающее обучение. – М., 1999. - 89 с.
  30. А.Н.Леонтьев Психология. – М., 1998. - 222 с.
  31. В.С.Мухина Детская психология. – М., 1996. - 268 с.
  32. С.Рубиенштейн . О мышлении и путях его исследования. – М., 1958.-122 с.
  33. А.Люблинская Бастауыш мектеп оқушысының психологиясы жөнінде. - Алматы, 1981. - 238 б.
  34. Т.Тәжібаев .  Педагогическая мысль в казахстане во второй половине ХIХ века. - Алматы, 1965. - 164 с.
  35. М.Мұқанов Жас және педагогикалық психология. - Алматы, 1982. -247 б.
  36. Қ.Жарықбаев Психология. - Алматы, 1993. - 130 б
  37. Ә.Алдамұратов Психология. - Алматы, 2001. - 354 б.
  38. Х.Шерьязданова . Учите детей к общению. - Алматы: Рауан, 1992. -107 с.
  39. Т.Сабыров Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. - Алматы, 1978. - 225 б.
  40. Қ.Бержанов Русско-казахское содружество в развитии просвещения. - Алма-ата, 1965. - 343 с
  41. С.Мусин Педагогика тарихы. - Алматы, 1997. - 225 б.
  42. А.Сембаев История развития советской школы в Казахстане. - Алма-ата, 1962. - 367 с.
  43. Ж.Б.Қоянбаев ., Қоянбаев Р.М. Педагогика. - Алматы, 2002. - 116 б
  44. Р.М.Қоянбаев Педагогика. - Алматы, 2002. - 116 б
  45. Е.Сағындықов Педагогика. - Алматы, 2002. - 200 б.
  46. М.Жанпейісова Педагогика. - Алматы, 2003. - 360 б.
  47. В.F.Сухомлинский Дети и их окружающая среда. - М., 1974. - 125 с.
  48. И.С.Марьенко Основы прцесса нравственного воспитания школьников. – М: Просвещение, 2001. - 170 с.
  49. Е.И.Моносзон Основы  педагогических знаний. – М., 1986. - 198 с.
  50. Ю.К.Бабанский Избранные педагогические труды. – М., 1989. - 380
  51. И.Ф.Харламов Педагогика. - Минск, 2000. - 320  
  52. И.П.Подласый Педагогика. – М., 1996. - 436 с. 
  53. П.И.Пидкасистый Педагогика. - М., 2001. - 520 с.
  54. Б.Лихачев . Педагогика. – М., 2000. - 420 с.  
  55. Сластенин., Каширан П.В. Психология и педагогика. – М., 2001. - 480 с. 
  56. Столеренко Педагогика. – М., 2001. - 190 с.
  57. Т.А.Ильина. Педагогика. - Алматы, 1977. - 229 с.
  58. Н.В.Савин Педагогика. - Алматы, 1984. - 203 с.

Информация о работе Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру