Лекции по "Психологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:12, курс лекций

Описание

Жас ерекшелік психологиясының басқа ғылымдармен байланысы.
Жас ерекшелік психологиясының негізгі ұғымдары.

Работа состоит из  1 файл

жасерекшелик психологиясы лекция.doc

— 395.50 Кб (Скачать документ)

Лекция мәтіні.

 

Жас ерекшелік психологиясының  басқа ғылымдармен байланысы. Жас  ерекшелік психолоиясы педагогикалық  психологиямен тығыз байланысты. Педагогикалық психологияның пәні- оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық  заңдылықтарын зерттеу. Педагогикалық  және даму психологиясының бір тұтастығы зерттелу объектісі- бала, жеткіншек, жасөспірім ортақтығымен түсіндіріледі; олар егер жас ерекшелігіне сай даму динамикасы тұрғысында зерттелсе, даму психолоиясыың зе рттеу объектілері, ал егер педагогтың мақсатты ықпалдары қарастырылсы, педагогикалық психологияның объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылар психологиясы, жеткіншектер, жасөспірімдер психологиясы – даму психологиясының бөлімдері, ал оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалімдер психологиясы- педагогикалық психологиясының бөлімдері болып табылады.

 

 Жас ерекшелік психолоиясы  психологияның басқа да салаларымен  ( еңбек психологиясымен, әлеуметтік  психологиямен, және т.б.) тығыз  байланысты. Тек қана психология емес, сондай-ақ жас ерекшелік физиологиясымен, гигиенасымен, анатомиямен және т.б. байланысты.

 

 Әрбір жас шағы психикалық  дамудың ерекше сапалы кезеңі  болып табылады және бала дамуының  осы кезеңдегі оның жеке басының  өзіндік құрылымының жиынтығы  құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л.С.Выготский жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың жалпы циклінде алатын орнымен және дамудың жалпы заңдарының одан әр кез өзіндік көрініс табуымен анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде бұрынғы кезеңдерде болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.

 

 Адамның жас ерекшеліктері  көптеген жағдайлардың жиынтығымен  анықталады. Бұ л- әрі балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының ( мысалы, сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық құрылымдардың жетілуі, жеткіншек шақтағы организм өзгерістерінің ерекшелігі т.б. ) ерекшеліктері де енеді.

 

 Жас ерекшеліктерін анықтайтын  сыртқы жағдайлар балаға тікелей әсер етпейді. Ортаның қайсыбір элементтерінің қандай да бір бұрын дамыған қандай да бір психологиялық қасиеттер арқылы өтетініне байланысты әр балаға объективті түрліше әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да, ал олардың арасындағы қарым-қатынас өзгерісі келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас келеді.

 

 Сонымен, жас шағы оның  дамуының сол кезде қойылатын  талаптар мен тіршілік жағдайларының  ерекшеліктерімен, оның айна ласындағылармен қарым-қатынас ерекшелігімен, блаланың жеке басының психологиялық құрылымы дамуының деңгейімен, білім мен ойлануының даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады.

 

 Адамның дамуын айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің, тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды.

 

 Адамның өмір сүру ерекшеліктеріне  байланысты, психикалық жас ерекшеліктеріне  сәйкес

 

 жас кезеңдерін былай топтастыруға болады:

 

1. Нәрестелік кезең / туғаннан 1 жасқа дейін /

 

2. Бөбек кезең / 1 жастан 3 жасқа  дейін /

 

3. Мектепке дейінгі кезең / 3 жастан 7 жасқа дейін /

 

4. Бастауыш мектеп кезеңі / 7 жастан 11 жасқа дейін /

 

5. Жеткіншек кезеңі / 11 жастан 15 жасқа дейін /

 

6. Жоғары сырып кезеңі / 16 жастан 17 жасқа дейін /

 

7. Жасөспірімдік кезең / 17 жастан 20-23 жасқа дейін /

 

8. Жастық шақ / 20 жастан 30 жасқа  дейін /

 

9. Кемелдік кезең / 30 жастан 55-60 жасқа дейін /

 

10. Қартаю кезеңі / 60-70 жас аралығы /

 

11. Кәрілік кезең / 70 -тен жоғары /

 

 

3- лекция.

 

Тақырыбы: Жас ерекшелік психологиясының  негізгі ұғымдары.

 

 

Жоспары.

 

 Даму туралы түсінік.

 

 Ж.Пиаженің психикалық даму  мәселесі жөніндегі пікірлері.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

Негізгі:

 

 Возрасная и педагогическая  психология Под.ред. А.В.Петровского  М; 1986г

 

 Возрасная и педагогическая  психология Под.ред. М.В.Гамезо. М.В.Матюхинной, Г.С.Михальнок М.1984г

 

 Немов В.С. Психология в  кн.2. М, 1995г

 

Қосымша :

 

 Обухова Л.Ф. Детская психология. М,1995г

 

 Рыбалко Е.Ф. возрасная и  дифференсальная психология. ЛГУ,1990г

 

 Смирнов Е.О. Психология ребенка  М,1997г 

 

 

 

Лекция мәтіні.

 

 Даму психологиясының өмірге  келуі 19 ғасырдың екінші жартысына  жатады, яғни психологияға генетикалық  идеяның енуімен байданысты. Даму психологиясының одан әрі өрлеуіне Ч.Дарвиннің эволюциялық идеялары айтарлықтай әсер етті. Ол психикалық дамудың қайнар көздері проблемасына зейін аудартты.

 

19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың  басында психологиялық экспериментті  даму психологиясында қолданудың арнай жолдары табыла қоймады. Эксперименттің психологиядағы едәуір жетістіктері ( Вебер мен Фехнердің психофизикалық заңды ашуы, Эббингауездің ес процесін зерттеуі, Гельмгольцтің сезім мүшелерінің психофизиологиясын талдауы, Вундтың түйсік пен қимыл-қозғалыстың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттегендері, және т.б. ), осындай зертеу жетістіктеріне сүйене отырып, даму психологиясы өрістей бастады.

 

 Адамның өзіндік даму жолындағы  ерекшеліктерді ескере отырып, әсіресе  өмірдің алғашқы кезеңдеріне аса көңіл аудару қажет. Осындай пікірді қолдайтын психологтар, бала өмірінің ерекшеліктеріне, әсіресі оқыту мен тәрбиелеу жүйесіне көңіл аударды. Мәселен, Ж.Ж.Руссо “Бала-кішкентай ересек адам” – деген жалпы қорытынды жасады. Кейіннен, Кеңес елдерінде, АҚШ-та өрістеген көптеген зерттеулер балалардың қабілеттері, олардың байқаулары, есте сақтауы, пайымдаулары, күйзелістері осыған сәйкес үлкен адамдардың көріністерінен сан жағынан біраз айырмашылығы болса, сонша сапалық ерекшеліктері болатыны анық.

 

 Маркстік-Лениндік философияның  негізгі қағидаларына және диалектика  қағидаларына, физиология саласындағы  жоғары жүйке қызметіндегі жаңалықтарға  сүйене отырып, кеңес ғалымдары  адамның даму процесі (онтогенезі) табиғат құбылыстары мен адам  адам қоғамындағы кез келген әсер ететін заңдарға бағынған, бірақ бұл заңдар адамынң жеке бас ретіндегі, жаңа қоғамды құрушы азамат ретіндегі психикалық даму процесінің ерекшелігіне сәйкес өзгешелік болып табылады.

 

Жас ерекшелік психологиясындағы  биогенетикалық және әлеуметтік-генетикалық бағыттар. Балалардың психикалық даму проблемасы, мұндай дамудың қайнар көздері мен заңдылықтары даму психологиясы үшін әрқашанда басты проблема.

 

20 ғасырдың басында даму психологиясы  саласында балалардың психикалық  дамуының қайнар көздерін (факторларын) әр түрлі түсіндіруші 2 ағым айқындалды. Бұл бағыттар бір бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды, биологиялық немесе әлеуметтік

 

 факторды алуымен ерекшеленеді. Бұл, әрине бір бағыт өкілдері  балаға әлеуметтік әсердің болатынын, ал екінші бағыт өкілдері дамудың биологиялық алғы шарттарын толық жоққа деген сөз емес. Биогенетикалық және әлеуметтік-генетикалық бағыттар баланың психикалық даму концепциясын жасаудың басым тенденциясын ғана шамалап айқындайды.

 

 Биогенетикалық бағытқа «туа біткен ерекшеліктерді» мойындау, баланың мінез-құлқы мен дамуына жеңіл-желпі, атүс тіүсіну тенденциялары жатады. Биогенетиктер үшін дамудың биологиялық және әлеуметтік факторлары қатар тұратын тәрізді болғанымен, биологиялық ең алдымен тұқым қуалаушылық фактор айқындаушы болып есептелінеді. Биогенетиктердің пікірінше, даму жеке адамның сапалық және сандық жақтары міндетті түрде тұқым қуалаушылықпен анықталады, ал орта- бойында көптеген мүмкіндіктері бар икемді тұқым қуалаушылықпен өзара әсер ететін тек реттеуші, көрсетуші, қайсыбір өзгермейтін фактор ғана.

 

 Биогенетикалық заңды ең  алғаш тұжырымды алғаш ашқан  19 ғасырда Геккель болды. Сонымен,  психологиядағы биогенетикалық  заңның негізіне ішкі себептермен  пайда болған, тәрбиеге тәуелсіз  баланың психика лық дамуы жатады, ал сы ртқыц фактор ретінде қайсыбір тұқымқуалаушылыққа байланысты психикалық қасиеттердің көріну процесін тежеуге немесе тездетуге жарамды болады деген идея жатқызылады.

 

 Әлеуметтік-генетикалық бағытты  қолдаушылардың пікірінше, бала дамуының орташа шешуші факторы ретінде көрінеді, сондықтан да адамды зерттеп білу үшін оның ортасының құрылымын талдау жеткілікті, қоршаған орта қандай болса, оның мінез-құлықтарының механизмі, да му жолдары, сондай болмақ. Мінез-құлық пен дамуды генетикалық бейімділіктің жүзеге асуына апарып таңып, адам белсенділігін жоққа шығарған биогенетиктер секілді социогенетиктер де барлық себепті әлеуметтік орта әсеріне таңып, жеке адам белсінділігін мойындамады. Нәтижесінде белгілі бір әлеуметтік ортада көптеген көрсеткіштері жағынан мүлдем алуан түрлі адамдардың қала йша қалыптасатыны, ал неліктен түрліше ортада ішкі жан дүниесі, мінез-құлықтарының мазмұны мен формалары жағынан өте ұқсас адамдар шығатындығы түсініксіз болып қалды.

 

Ж.Пиаженің психикалық даму мәселесі жөніндегі пікірлері. Швейцария ғалымы Ж.Пиаженің генетикалық психология тториясы – психология ғылымының кең өріс жайған бағыттарының бірі. Өз зерттеулерін негізге ала отырып, Ж.Пиаже генетикалық әдісті психологиялық болмысты тануда жетекші әдіснамалық қағида дәрежесіне көтерді.

 

 Өз зерттеулерінде ғалым  бала ақыл-ойының ( интеллект ) қалыптасуына  назар аудара отырып, ғылыми психологиядағы  бала интеллектісінің дамуын  байқаудан басталып, сол арқылы  ересектердегі интеллект табиғаты  мен қызметін білуге болады деп пайымдайды .

 

 Ж.Пиаженің негізгі міндеті  адам интеллектісінің құрылымын  зерттеу еді. Осы құрылымды  қарапайым эволюциялық даму барысында  жеткен нәтижесі деп білді,  яғни, интеллектілік күрделі ақыл-ойдың  психикалық элементтерден құралатынын  дәлелдемекші болды. Ж.Пиаже тұжырымының ең үлкен қатесі- баланың біртұтас дамуын ескерместен, ақыл-ойдың өрістеу тұғырын интеллектінің өзінен іздеді, ал сананы дамытушы факторлар арасында ол қоғамдық тарихи әрекет болмысына орын қалдырмады.

 

 Ж.Пиаженің теориялық тұжырымдары жоғары деңгейдегі ойлай қабілеттерінің көзі өткендегі ой мүмкіндіктерінде болатынын дәлелдеп бақты. Ой қабілеті өзінен-өзі ке мелденбейтінін, ал даму адам қасиеті екенін, сол адамның адамгершілік қасиет қатысымен шыңдалған сайын оның санасының жан-жақты дамып, ойлау дәрежесінің көтерілетінін тіпті көре алмады.

 

 Генетикалық психология зерттеулеріндегі  ең үлкен олқы кемшілік: интеллект  даму деңгейінің бірінен екіншісіне  өтуде оқудың маңызы орынды  бағаланбай, әлеуметтік-қоғамдық фактордың жеке адам қалыптасуындағы мәні жоққа шығарылды.

 

Лекция мәтіні.

 

 Баланың есеюін, оның психикалық  дамуын түсіну үшін ең алдымен  “даму” деген сөзге тоқталайық. Даму дегеніміз өзгерілудің бір  түрі. Бірақ өзгерілудің бәрі  даму болып есептелінбейді. Даму  деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден үрделі түрге көшу деп түсінеді. Даму тек алға қарай өсу / прогрессивтік түрде өсу/ ғана емес. Даму кейде регресшіл / кері кету мағынада да / кездесуі ықтимал. Психика дегеніміз тіршілікті қамтамасыз етуге арналған қасиеттің бір тоүрі болып табылады. Әсіресе, тіршілік дүниесінде даму прогрессивтік түрде өріс алады. Кейбір зерттеушілер адам психикасының прогрессивтік дамуын бірбеткей түсініп, оның осы қасиетінің өзгерістерге ұшырауының шегі жоқ, өзгерілгенде ешқандай қалдықсыз, түгі қалмай өзгереді дейді. Психика дамуы үшін жаңамен қатар, көне, ескіден қалған қалдықтар болуы шарт. Психиканың дамуында көнеден қалған қалдықты “инвариант” / лат. тілінен “өзгерілмейтін”/ деп аталады, осыған тілректелетін жаңаны “өзгерілгіш” деп аталады. Психиканың дамуын дәлелдеуге енгізген осы ерекшеліктің мәнін түсіну үшін мына мысалға жүгінейік: біз баспалдақпен жоғары шығу үшін, әуелі бір аяғымызды көтереміз де, сол кезде екінші аяғымызбен табалдырыққа тіренеміз, егер біз бір аяғымызбен табалдырыққа тіренбесек, екінші аяғымызды көтере алуымыз мүмкін емес. Психиканың дамуы да осы сияқты. Егер психиканың дамуында болып тұратын өзгерістердің треніші болмаса, яғни ол өзгеріп жарымайтын психиканың инварианттық қасиетіне сүйенбесе, онда ол алға қарай жылжи алмайды.

 

 Инварианттық қасиеттің қалыптасуы  тарихи дәуірлерде психика дамуының  шарты болды. Ирнварианттық, яғни  тұрақты қасиеттер, соның ішінде  шартсыз рефлекстер, не өмір үстінде  ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік ортасында  берілетін адамның кейбір мінез-құлықтары жатады. Осы тұрақты қасиеттер үнемі өзгерістерге ұшырап отырады. Сонымен психика түгелдей өзгеріске ұшырайды деуге болмайды. Баланың бір жаста ие болған психикалық қасиеттерді, екінші жас кезеңіне көшкенде, біржолата жоқ болып кетпейді, бір-бірінің үстіне үйіліп, қосылып жатады. Демек, психикалық даму психиканың әр саласына жатады. Психикалық дамудың жаңа сапалары бұрынғыдан қалған “кескінділерді” өзіне тірек ретінде пайдаланбайды. Себебі жаңа сапа тұтас күйінде кездеседі,- дейді. Мұны “қирау” теориясы деп атайды. Бұл теория диалектиканың тек сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да дамудың түрлері кездеседі. Психика үнемі өзгерістерге ұшырайды, бірақ оның құрамының бәрі бірдей өзгермейді.

 

 Биологиялық және әлеуметтік  факторлардың бала психикасының дамуына әсері. Қоғамдық ортада әлеуметтік жағдай адамға тікелей әсер ете алмайды,

 

 тек психофизиологиялық процестің  негізінде ықпалын тигізе алады.Бірақ  кейде зерттеушілер “экологиялық”  деген сөзді “тұқым қуалаушылық”  мағынасында қолданады. Осылай болғанның өзінде де тұқым арқылы берілетін қасиеттер баланың пихикалық тұрғыдан қалай дамитынын толық түсіндіре алмайды. Өйткені тұқым қуалау қасиеттері өзінен-өзі қызмет атқармайды. Оларды қызмет еттіріп “оятып” жұмыс істеу үшін әлеумет ортасы түрткі болуы шарт. Биологиялық факторды баланың туылғаннан берілген дене бөлшектері десек, керісінше, адамнан тек адам тууы биологиялық кодтар арқылы берілген. А:Н.Леонтьевтің пікірінше, әлеуметтік фактордың ықпалы көбірек болады. Әлеуметтік ортаның атқаратын рөлі өте үлкен. XX ғасырдың бас кезінде индус психологы Рид Сингх Амаланң ойынша, бала кішкентайынан адамға тән қасиетке ие болып психикасын ойдағыдай дамыту үшін, оның қоғамдық ортада өсуі, тәрбиеленуі қажет дейді. Әйтпесе, бала адам қатарына айнала алмайды. Сонымен, биологиялық және әлеуметтік факторлардың дамуына тигізетін әсері өте үлкен. Егер биологиялық фактордың ықпалы баланың жас кезінде / нәресте кезінде/ үлкен рөл атқарса, енді әлейметтік факторлар күннен-күге өріс ала бастайды.

 

 Психикалық даму және дағдарыс ұғымы.

 

 Бала психикасы тек оқытудың  негізінде қалыптасады. Осыған  орай баланың ықпалын дамыту  үшін алдымен оны оқыту керек.  Выготскийдің айтуынша, оқыту баланың  есеюін тездетеді. Егер баланы  ақылды етемін десеңіздер, оқту  тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана баланың ой-өрісін алға қарай сүйрейтін болады,- дейді.

Информация о работе Лекции по "Психологии"