Лекции по "Психологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:12, курс лекций

Описание

Жас ерекшелік психологиясының басқа ғылымдармен байланысы.
Жас ерекшелік психологиясының негізгі ұғымдары.

Работа состоит из  1 файл

жасерекшелик психологиясы лекция.doc

— 395.50 Кб (Скачать документ)

 

 Қарым-қатынастың жақсы болмауына  өзін-өзі асыра бағалаудың себеп  бголатын жиі кездеседі. Мұның  салдарынан жеткіншек жолдастарының  айтқан сыны мен талаптарына  ден қоймайды. Нақ осы себепті  жолдастары одан безінеді. Сыныбында беделсіз болып, бәрі одан безінген жеткіншектер көбіне өзін-өзі осындай асыра бағалаушылар болады. Қарым-қатынастың жақсы болуына жолдастары бағалайтын қасиеттер жөнінен өзін-өзі лайықты немесе тіпті төмен бағалау қолайлы жағдай жасайды. Өзін-өзі бағалаудың сипаты – онымен қарым-қатынас жасау үшін өте маңызды сәт.

 

 Оқшау жүретіндер деп аталатын  жеткіншектерде әр түрлі жағымсыз  ерекшеліктер болуы мүмкін, бірақ  олардың бәріне тән кемшілік  – жақсы жолдас болу қасиеттерінің  жоқтығы. Сыныптастары оны осылай деп санайды, ал жеткіншектер бұл кемшіліктің есесін еш нәрсемен де толықтыруға болиайды деп біледі. Сондықтан үздік оқушы да оқшау қалуы мүмкін.

 

 Жеткіншектер риза болып  сыйлайтын басшы құрдастары іскерлік  қарым-қатынаста ұқсас қасиеттері бар екенін көрсетеді: олар басқа бір басшы құрдасына – лидерге бағына біледі, жолдастарымен қатар тұра біледі, өз міндеттерін үлгілі атқарады, ортақ табысқа жетуге жанын салады, басқалар үшін қиын не жағымсыз жұмысқа бірінші болып кіріседі, жолдастарына құрметпен қарайды, айғай-шусыз, мазасыз ақыл үйрете бермей, сабырлылықпен қарайды, қажет болса көмекке келеді. Жолдасын сыйлай білу – жетлкіншектермен іскерлік қарым-қатынас үшін қажетті қасиет. Жеткіншектерді іскерлік қатынастарда мінез-құлықтың дұрыс формаларына баулу мұғалім мен лидерлердің жұмысының маңызды мігндеті болуға тиісті.

 

 

20 - лекция.

 

Тақырыбы. Бозбала мен бойжеткен  тұлғасының психологиялық бітістерінің ерекшеліктері.

 

 

Жоспары.

 

 Бозбала мен бойжеткен тұлғасының  қалыптасуындағы қоғамдық жұмыстың рөлі.

 

 Ересектер мен құрдастарының  өзара қатынасының ерекшеліктері.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

Негізгі:

 

 Возрасная психология . Под.ред.  Л.Ф.Обуховой М.1971г

 

 Люблинская А.А. Детский психология  М.1971г

 

 Детская психология Под.ред.  Я.л.Коломинского. Е.Н. Панько. Миннск,1988г

 

 Мухина В.С. Возрасная психология  М.1998г

 

 Немов В.С. Психология в  кн.2. М, 1995г

 

Қосымша :

 

 Обухова Л.Ф. Детская психология. М,1995г

 

 Рыбалко Е.Ф. возрасная и  дифференсальная психология. ЛГУ,1990г

 

 

 

Лекцияның мәтіні:

 

 Жеткіншектің жаңа құқықтарға  ие болмақ тілегі ең алдымен  ересектермен қарым-қатынастың бүкіл  саласын қамтиды.Жеткіншек бұрын  ынталана орындайтын талаптарға  қарсыласа бастайды; өзінің дербестігін  тежегенге және жалпы алғанда  “кішкентай бала секілді” қамқорлық жасап, бағып-қаққанға, бақылағанға, тіл алуды талап етіп, жазалағанға, оның мүдделерімен, көзқарастарымен, пікірімен санаспағанға, т.б. ренжіп, қарсылық көрсетеді. Жеткіншекте өзінің қадір-қасиетін анық сезіну шығады, ол өзін кемсітуге, дербестікке деген құқысын айыруға болмайтын адаммын деп ұғынады. Ересектермен қарым-қатынастың балалық кезде болған ( баланың ересектермен қатынасындағы тең құқысыздық жағдайын бейнелейтін ) типі жеткіншек үшін енді қолайсыз, оның өзінің ересектік дәрежесі туралы түсінігіне сәйкес келмейтін болады. Жеткіншек ересектердің құқыларын шектейді де, өз құқыларын ұлғайтады, өзінің жеке басы мен адамдық қадір-қасиетін құрметтейді, сенім білдіріп, дербестік берілуін, яғни ересектермен айқын тнң құқылықты талап етеді. Жеткіншектің қарсылығы мен бағынбауының әр түрлі формалары – ересектермен қарым-қатынастардың бұрынғы типін жаңа, ересектердің қарым-қатынастарына тән типіне өзгерту амалы. Жеткіншектің ересектік сезімінің және төңірегіндегілердің оны мойындауын қажетсінуінің пайда болуы ересек пен жеткіншектің бір-бірімен қарым-қатынастарындағы құқыларының мүлдем жаңа мәселесін туғызады.

 

Жеткіншек пен ересек арасындағы қарым-қатынас  ерекшеліктері.

 

 Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы  мен ерекше орын айқындайтын  жай сол, 

 

 нақ осы уақытта ересек адам мен баланың қарым-қатынасының балалық шаққа тән типінен ересек адамдардың қарым-қатынасына тән, саналық тұрғыдан жаңа типіне өту жүзеге асады. Бұл өту жеткіншек пен ересектің жаңа тәсілдерін қалыптасу процесі ретінде болады. Ескі тәсілдерді жаңалары біртіндеп ығыстырады, бірақ олар қатарла сып та жүреді. Мұның өзі ересектерге де, жеткіншекке де көп қиындық келтіреді. Ересектермен қарым-қатынастың жаңа нормалары – жеткіншектің қалыптасып келе жатқан этикалық дүниетанымының маңызды мазмұны.

 

 Егер ересектің өзі инициатива  білдірсе, немесе жеткіншектің талаптарын  ескеріп, оған деген қарым-қатынасын  қайта құрса, қарым-қатынастардың  жаңа типіне өтудің сәтті формасы  болуы мүмкін. Мұның шарты ересек  адамның жеткіншекке әлі бала  деп қарамауы болмақ . Алайда бірқатар мәнді жағдайлар бұрынғы қарым-қатынастардың сақталуына қолайлы болады, атап айтқанда, бұл жағдайлар мыналар:

 

 Жеткіншектің қоғамдағы жағдайының  өзгермеуі, ол мектеп оқушысы  болған, ол әлі де сол қалпында  қала бермек.

 

 Оның материалдық жағынан ата-анасына толық тәуелділігі, ата-анасы мұғалімдермен қатар тәрбиешілер рөлін атқарады.

 

 Ересек адамның баланы бағыттап  және тексеріп отыру, бақылау  әдеті ( қажеттігін ұғынған күнде  де, бұл дағдыны бұзу қиын ) .

 

 Жнеткіншектің бет-әлпеті мен  мінез-құлқында балалық белгілердің сақталып, оның өздігінен іс-әрекет жасай алмайтындығы.

 

 Осының барлығы ересек адамға  жеткіншекті бағынуға, тіл алуға  титісті баладай қарауға мүмкіндік  береді және жеткіншектің құқылары  мен дербестігін ұлғайту қажет  емес әрі жөнсіз дегенді ақтайды. Алайда ересек адамның мұндай көзқарасы жеткіншектің талаптарына қарсы келіп қана қоймайды, балалықтан ересектікке өтетін осы шақта балаларды тәрбиелеу, міндетіне де қарсы келеді. Жеткіншектің әлеуметтік есеюін дамыту болашақ өмірге даярлау үшін қоғамдық тұрғыдан қажет. Мұның өзі күрделі процесс, уақытты талап етеді және жеткіншек ересектерге арналған нормалар мен талаптар жүйесінде өмір бастаса мүмкін болады; ал бұл дербестікті қажетті әрі міндетті түрде арттырумен, міндеттер мен құқықтарды ұлғайтумен байланысты. Тек осындай жағдайда ғана жеткіншек ересектерше іс-әрекет етуге, ойлауға, алуан түрлі міндеттерді орындауға, адамдармен қарым-қатынас жасауға үйрене алады. Нақ осы себептен де жеткіншекті тәрбиелеу міндеті ересектермен қарым-қатынастардың бұрынғы типін жаңамен ауыстыруды талап етеді.

 

Жеткіншек пен ересек арасындағы талас-тартыс, оның себептері.

 

 Жеткіншек кезеңнің басында  егер ересек адамда жеткіншекке  әлі бала деп қараса, қарама-қарсылықтар  тууы мүмкін болатын жағдай  қалыптасады. Әлгіндей көзқарас, бір жағынан, тәрбиелеу міндеттеріне қайшы келіп, жеткіншектің әлеуметтік есеюінің дамуына кедергі жасайды, ал екінші жағынан, жеткіншектің өзін ересекпін деп санайтын түсінігі мен оның жаңа құқыларды талап етуіне қайшы келеді. Міне, нақ осы қайшылық ересек пен жеткіншектің қарым-қатынасындағы талас-тартыстар мен қайшылықтардың қайнар көзі болып табылады.

 

 Егер ересек адам жеткіншекке  деген көзқарасын өзгертпесе, онда  жеткіншектің өзі қарым-қатынастардың  жаңа типіне өтудің инициаторы болып табылады. Ересектің қарсылығын жеткіншектің тіл алмау мен қарсыласудың алуан формалары түріндегі жауап қарсылыққа кезігеді. Бұл қарама-қарсы тенденциялардың болуы мен бір-біріне қарсылық қақтығыстар туғызады, ересек адам өз көзқарасын өзгертпесе олар жиілеп, жеткіншектің қарсыласуы барған сайын табанды бола түседі. Мұндай жағдай сақталатын болса, бұрынғы қарым-қатынастарды бұзу бүкіл жеткіншектік кезеңге созылып, әдетке айналған талас-тартыс форма сын алуы мүмкін. Бағынбау мен қарсыласудың әр түрлі формалары арқылы жеткіншек ересектермен бұрынғы, “балалық” қарым-қатынастарды бұзады да, болашағы бар жаңа “ересектік” қатынастарды таңады.Талас-тартыс- ересек адам жеткіншекке деген көзқарасын өзгерткенше жалғасуы мүмкін. Талас-тартысты қатынастар жеткіншектің мінез-құлқының бейімделгіштігі мен эмансипациясы формаларының дамуына қолайлы жағдай жасайды. Жатсыну, ересек адамның әділетсіздігі туралы сенім пайда болып, оған өзін ересек адам түсінбейді, түсіне де алмайды деген түсінік пайда болады.

 

 Талас-тартыс- ересек адамның жеткіншектік кезеңде жеке адамның дамуымен санасуға, жеткіншекке өз жанынан жаңа орын тауып беруге қабілеті жетпегендігінің немесе оған ынтасы болмағандығының салдары. Жеткіншектердің ересектермен қатынастарындағы дербестігі мен тең құқылығы мәселесі- олардың қарым-қатынасындағы және жалпы алғанда жеткіншекті тәрбиелеудегі ең күрделі әрі шұғыл мәселе.

 

 Егер ересек пен жеткіншектің  арасындағы қарым-қатынас ересектер  қарым-қатынасының белгілі бір  типі бойынша мазмұнды достық  ынтымақ, бұған тән өзара сыйластық , сенім, көмек нормаларына сәйкес құрылса, онда ересек пен жеткіншектің қарым-қатынасында оған тән қиыншылықтары болмауы мүмкін. Жеткіншекке ересек адам тарапынан түсінушілік қажет.

 

 Ересек пен жеткіншектің  арасындағы қатынастардағы сәттіліктің олардың арасындағы байланыс пен түсініктің әбден қажет болатын тағы бір себебі:

 

Жеткіншектік кезңнің басталуында  баланың ересектермен және жолдастарымен, құрдастарымен қарым-қатынастарының екі жүйесі арасындағы күрделі қарым-қатынастар үшін жағдайлар жасалынған.

 

Мұның бірінші себебі, баланың осы  екі жүйеде принципті тұрғыдан жағдайының әр түрлі болуы.

 

Жолдастарымен, құрдастарымен қатынаста  ол принципті теңдік жағдайында болады.

 

 

 

21 - лекция.

 

Тақырыбы: Қартаң (кексе) психикалық жас.

 

 

Жоспары.

 

 

 Қартаңдыққа өтудің жалпы  психологиялық шарттары.

 

 Қарттаңдық психологиялық кезеңденуі.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

Негізгі:

 

 Возрасная и педагогическая  психология Под.ред. А.В.Петровского  М; 1986г

 

 Возрасная и педагогическая  психология Под.ред. М.В.Гамезо. М.В.Матюхинной, Г.С.Михальнок М.1984г

 

 Возрасная психология . Под.ред.  Л.Ф.Обуховой М.1971г

 

 Мухина В.С. Возрасная психология  М.1998г

 

 Немов В.С. Психология в  кн.2. М, 1995г

 

Қосымша :

 

 Обухова Л.Ф. Детская психология. М,1995г

 

 Рыбалко Е.Ф. возрасная и  дифференсальная психология. ЛГУ,1990г

 

 

Лекция мәтіні.

 

 Кекселік-шақ ең ұзаққа созылатын  адам дамуын кезеңі (30-60 жас аралығы)  көптеген арсында бұл кезеңді  қалыпьтастыру мәселесі талас  туғызып жатады. Біреулер бұл  кекзеңді (зейнетке кету кезеңі ) деп анықтаса , енді біреулері “нағыз қоғам өмірін гулдендіретін” кезең деп анықтама береді. Э.Эриксонның пікірінше , кемелдік шақ 25-тен 65- жасқа деін созылады, яғни өмірдің 40 жыл уақтын алады деген сөз. Кекселік жақта, жастық шақтағыдай өмірінің маңызды бөлігін кәсіби қызмет пен жанұялық қатынастар алып отырады. Бірақ та олардың әлеуметтік даму жағдайы өзгеріп отырады: Бір кәсіпті таңдау мен өмірлік жарды таңдау орын алса, яғни өмірдің маңызды жақтарын ұйымдастыру болса, онда кемелдік шақта өзінің “менін ” толық аша білу жағдайы жүзеге асады, яғни кәсіптік қызметпен жанұяда өзін толық аша білуі маңызды болып табыылады Э.Эриксонның ойынша , кекселік шақтың негізгі мәселесі бұл даму жолының прогрессивтілігі мен регрессифтілігі арасындағы таңдау болып табылады. Бұл жерде ересектің көзқарасында өнімділік ұғымы мынадай түсінікке ие: шығармашылық және кәсіби өнімділік болып табылады.

 

 Кекселік шақтың негізгі  ерешелігінің бірі өзінің және  өзгелер өмірі үшін жауапкершілікті  сезіну. Кемелдік кезеңдегі жеке бастың дамуынан ақталмаған максимализмнен құтылуды талап етеді, бұл әсіресе жас өспірімдік пен жастық шаққа тән . Бұл кезеңдегі ойладырытын мәселелеор- өмір мәселелеріне салмақтылықпен қарау , әсіресе кәсіби қызметтің жан-жақтылығына назар аудару болып табылады.

 

 Кекселік кезеңдегі көптеген  адамдардан “жоспарланбаған ”  кризис болады, яғни тұрақты екі  кезең шекарасынан икемделу емес, нақты кезеңнің өзіне тұрақталу  болып табылады. Бұл “40 жас кризисі”  деп аталады. Бұл кризис кейбіреулерінде  ерте басталады,ал кейбіреулерінде кеш басталып ұзаққа созылуы мүмкін. Бұл 30 жастың кризисінің қайталануы болып сияқты, яғни өмірдің мәнін іздеу кризисі. 30 жастағы кризис кезінде адам белгілі бір нақты шешімге келе алмаса, 40 жаста бұл кризистің қайталануы сөзсіз. 30 жастағы кризис кезіндегідей, бұл кезде де адам қаттыуайымға түсіп, өзінің өміріне деген қанағатанбаушылық, өмірлік жоспарлары мен оның жүзеге асуы арасындағы алшақтықты сезінүін басыныа кешіреді.

 

 Кәсіби қызметтегі мәселелерге  қоса , бұл кезеңде жанұялық қатнастарда да қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл кезеңде, әдетте, балалары өзіндік-дербес өмір сүре бастайды , кейбір өзінен үлкен туысқандары өмірден өтіп жатады. Жақын адамдарынан айырылу, жанұяда болатын келіспеүшіліктер, барлығы кризистік жағдайды одан да тереңде те түседі .

 

40 жастағы кризистің туындау  кезінде адам өзінің өміріне  қайта үңіліп, өмір мәнін іздестіре  бастайды, “Я-концепциясын” жаңадан  құра бастайды бұл крезиспен  көптеген маңызды өзгерістер  байланысты, мәселен , кәсібін өзгертуіне  жаңа басқа жанұя құруына дейін баруы мүмкін. Кемелдік кезеңнің жаңа орталық шағы- бұл оның өнімділігі болып табылады. Яғни Э.Эриксон бойынша интегралды білім жүйесі, кәсіби өнімділік пен болашақ ұрпақ өміріне өз қорын қалдыру мәселесі болып табылады. Осыменен жастық шақта – орталық жастық жаңа білім бағыты болып, біріншіден, жанұялық қатынастар, ата-ана болу, екіншіден, кәсіби қабілеттілігі болса, онда кемелдік кезеңде осы екеуінің біріккен білім жүесі , алдағы меңгерілген дағдылар нәтижелерін бекіту ьолып табылады.

 

40- жастық кризис жағдайындағы  аса маңызды мәселе - өмір жоспарының  қайта түзілүімен байланысты  “Я- конссепсиясының” өзгеруі болып  табылады.

 

 “Акмә” және “акмеология”  туралы ұғым.

 

 Көптеген психолгтардың пікірінше  кәсіби өнімділіктің поблемалары “акмэ”-гулдену өсудуң биік шыңы , кезеңдерімен түсіндіреді . ол антикалық заманның өзінде –ақ пайда болған. Ежелгі гректердің түсінігінше , “амеэ” деген ұғымы даму психологиясында кемелдік шақты зеттейтін сала болып табылған. Бұл саланы “акмэология” деп атамыз.

 

 Көптпген зертеушілер, оның  ішінде швейцарлық психолог Э.  Клапаредтің, ойынша кемелдік  кезеңдегі өзінің гүлдену - өсінуіне  өзінің кәсіби шыңына жеткенде  өзінің шыңына жеткенде адам  өзінің дамуын тоқтатады, жеткен  нәтижесінде тоқтап , өзінің шығамашылық потециялына қанағаттанады. Кемелдік кезеңдегі “акмэнің” бөлінуі- бұл кемелдік кезеңге әркелкі көзқарстардың пайда болуы, осыдан өмірлік елсенділікпен энергияның төмендеуі болып табылады. Г. Кайктің анықтауы бойынша , кемелдік бұл- жанұялық өмірдегі гулдену, өсу болып табылады. Бұл кезеңде көптеген адамдарды - өзінің шығармашылық потенциалын жүзеге асыру мәселелері, өзінен кейінгі ұрпаққа белгілі бір шеберлікті қалдыру қажеттілігі жүзеге аспай қалған жоспарлары мен назардан тыс қалған мүмкіндіктер уайымдатады, өзінің жақын-туыстарымен жақын қатынастарды қалай сақтау мәселесі ойландырады.

Информация о работе Лекции по "Психологии"