Лекции по "Психологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:12, курс лекций

Описание

Жас ерекшелік психологиясының басқа ғылымдармен байланысы.
Жас ерекшелік психологиясының негізгі ұғымдары.

Работа состоит из  1 файл

жасерекшелик психологиясы лекция.doc

— 395.50 Кб (Скачать документ)

 

 Сыртқы бағдарлау әрекеттерінің көмегімен заттардың қасиеттерін салыстырудан, арақатынастарын белгілеуден бала енді оларды көз арқылы табуға ауысады. Қабылдау іс-әрекетінің жаңа типі қалыптасады.

 

 Көзбен қабылдаумен қатар  ерте сәбилік шақта естіп қабылдау  да дамиды. Әсіресе фонематикалық есту өте тез дамиды. Әдеттегідей екі жастың соңында балалар ана тілінің барлық дыбыстарын қабылдайтын болады. Дегенмен, фонематикалық естудің жетілуі кейінгі жылдарда жүріп өтеді.

 

 Баланың ойлауының дамуы,  біріншіден, баланың өз іс-әрекетіне (ойлау негізіне, оның сезімдік тәжірибесіне) жататын, екіншіден, іс-әрекет тәсілдеріне үйрететін және заттардың жалпылама аттарын беріп отыратын үлкендердің ықпалына байланысты. Затпен практикалық әрекет жасау сәбиді көбіне нақтылы ситуцияда пайда болған міндеттерді шешуге алып келеді. Әрекет үстінде табиғи үйрену болып өтеді: заттарға әсер ете отырып, бала бір әрекеттердің жемісті, екіншілерінің нәтижесіз екендігін байқайды. Алғашқы іс-әрекет тәжірибесі кейінгіде көрініп отырады. Ойлау заттық міндетті шешу процесінде жүзеге асады және көрнекі ықпал ету сипатында болады.

 

 Ойлауды дамытуда жеке бастың  практикалық тәжірибесі қанша  маңызды болғанымен, баланың ойлауын  дамытуда әлеуметтік орта ерекше  әсер етеді. Л.С.Выготский бала  өмірінің алғашқы күннен бастап оның мінез-құлқының сипатына әлеуметтік ситуация терең ықпал ететінін атап көрсеткен еді. өзінің ақыл-ойы шешімдерінде бала әрқашан үлкендерге қарап бағдар алады.

 

 

12- лекция.

 

Тақырыбы: Мектепке дейінгі психикалық жас.

 

 

Жоспары.

 

 Мектепке дейіні жастағы психикалық қалыптасуғы жалпы сипаттама.

 

Мектепке дейінгілердің құрдастар  мен ересектер мен өзара әрекеттегі қарым-қатынасты қалыптастыру.

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

Негізгі:

 

 Возрасная и педагогическая  психология Под.ред. А.В.Петровского М; 1986г

 

 Возрасная и педагогическая  психология Под.ред. М.В.Гамезо. М.В.Матюхинной, Г.С.Михальнок М.1984г

 

 Возрасная психология . Под.ред.  Л.Ф.Обуховой М.1971г

 

Қосымша :

 

 Обухова Л.Ф. Детская психология. М,1995г

 

 Рыбалко Е.Ф. возрасная и  дифференсальная психология. ЛГУ,1990г

 

 Смирнов Е.О. Психология ребенка  М,1997г 

 

 

 

Лекция мәтіні.

 

 Мепепке дейінгі балалық  шақта организмнің қарқынды жетілуі  жалғаса түседі. Жалпы өсуі мен  қатар ткандар мен мүшелердің  анатомиялық қалыптасуы және  функциялық дамуы жүріп жатады. Скалеттің сүйектеніп, бұлшықеттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарларының қабақтарының реттегіш рөлі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылауы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болуы жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды. Дене дамуы баланың дербестігін арта түсуіүшін, тәрбие мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірибенің жаңа формаларын игеру үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

 

 Мектепке дейінгі шақтың  елеулі ерекшелігі болып баланың  құрдастармен жасайтын арнайы  өзара қарым-қатынастың пайда  болуы, “балалар қоғамының” құрылуы  болып табылады.

 

 Бөбек жасындағылар негізінен  үй ішіндегілермен қарым-қатынас  жасайды, ал / 4,5-5 жаста / бала сыртқа шығып, құрбыларымен ойнайды, әрқайсысының сөз қоры бірінің білмегенін бірі білуі арқылы, бөбекке қарағанда, 3 есе арта түседі. Бұл жаста сөз қоры 3200-3800-ге жетіп қалады. Сөздік қорының көбеюі тек зат есім арқылы емес, сын есім, сан есім және т.б. арқылы іске асады.

 

 Егер бөбек сөздерден сөйлем  құрастыра алмаса, енді бұл жаста  қарапайым сөздеден сөйлем құрастыра  білу қабілеті артады. Бірақ сөйлем  құру тек сан жағынан емес, сапа жағынан да үлкен өзгерістерге  ұшырайды. Мектепке дейінгілер есінде бар сөз қорына негізделе отырып, тілдің тиісті ережелерін пайдаланып, мыңдаған жаңа сөйлемдерді құра бастайды. Бұл жерде жаңа сөйлемдер деп, сол тілде бар сөйлемдер ғана емес, тіпті жоқ сөйлемдерді де құруды айтады. Сонымен қатар, қолданылатын сөзін бала тым өткір және күлдіріп айтуға да шеберлігі дами бастайды. Қазақ тілінде кейбір категориялар жоқ болғандықтан, мектепке дейінгілер үшін сөйлеу жеңіл әрі оңай түседі және тиісті морфемалар арқылы сөйлемдерге жаңа жұрнақтарды “желімдей” беруге мүмкіндік туады.

 

 Фонематикалық есту ана тіліне  байланысты қалыптаса бастайды, фонематикалық есту мектепке  дейінгілерде ана тілінде жақсы  дамыған. Мысалы, біреу “сөз”  деген сөздің орнына “бөз”  десе оны кекетіп бір әріптің  өзгерілуі, сол сөздің мәнісін өзгертіп жіберетінін бала сезеді.

 

 Егер бөбектің сөйлеуі көбіне  ситуацияға / жағдайға / тәуелді келсе,  мектепке дейінгілерде сөйлем  көп текстіге сай құрала бастайды. Ситуацияға байланысты сөйлеуде  зат есім онша кездеспейді,  оның орнына есімдік көп айтылады. Демек балалар сөйлеіп отырғанда қасына біреу келсе, олардың сөзіне түсіне алмайды. Түсіну үшін әңгіме не жөнінде екенін білу қажет. Ал контекстіге байланысты сөйлеу деп сөйлеушілердің қасында тыңдап отырғандар не жөнінде болып отырғанын білмесе де / ситуацияны білмесе де / сол айтылған сөздің тікелей мәнісіне қарап, соны айқын түсіне алуын айтамыз. Мектепке дейінгілер / 6-7 жас / ситуацияға байланысты сөйлеуден контекст арқылы сөйлеуге көшеді. Себебі, олардың тек ситуацияға орай түсінікті емес, онсыз да түсінікті келеді. Осыған қарап ситуацияға қатысты тілдің төменгі сатысы екен, ал контекстің негізінде сөйлеу жоғарғы сатысы екенін айтуға болмайды. Себебі, тек мектепке дейінгілер емес, ересектерде кейбір жағдайда ситуацияға негізделе отырып сөйлейтіні жиі кездеседі. Мектепке дейінгілердің сөздері көбінесе өздеріне арналған. Себебі, ересектер сөйлегенде сөзін өзгелерге арнайды. Ал кіші балалар кейде өз-өзіне арнап сөйлейді. Сөйлеудің бұл түрін Ж.Пиаже эгоцентрикалық / лат. Его+центрум - өзіне сөйлеу / деп атаған. Әдетте, үлкендер айланғанда ішкі сөйлеу арқылы өз ісін жоспарлайды. Ішкі сөйлеу мектепке дейінгілерде әлі қалыптаспағандықтан, ойын естіртіп, өз-өзіне айтады. Демек, эгоцентрикалық сөйлеу -өзгелерге аналған емес, баланың өзіне арналған ойды жеткізудің ерекше түрі. Баланың ойы өзіне түсінікті болғандықтан, сол ойын өзіне естіртіп айтуы не үшін қажет? Бұл жағдайда бала ой үстінде өзіне сөз арнағанда, сол сөзді тірек ретінде пайдаланады. Әйтпесе, оның ойлана алуы мүмкін емес. Ж.Пиаже эгоцентрикалық сөйлеу балада 7 жасқа дейін сақталынады, кейіннен жойылады. Бұған Л.С.Выготский қарсы шығып, 7 жасқа толғанда эгоцентрикалық сөйлеу бір жолата жойылмайды дейді. Ол кейін баланың ішкі сөйлеуіне айналады. Л.С.Выготскийдің пікірінше, ішкі сөйлеу сырттай естіртіп сөйлеуден дамып шығады, бұлардың екі арасында эгоцентрикалық сөйлеу кездесіп, екеуін ұштастырып, өзі кейін жойылады дейді. Бұл пікірге кейін АҚШ психологы Дж. Брунер қарсы шығып, ішкі сөйлеу сырттай / естіртіп / тілге үйренуден балада пайда болмайды. Бұл оның түрлі символ арқылы дүниедегі затты бейнелеуге талпынуынан дамып шығады. Оның пікірінше, тілге үйрену балада туғаннан кейін пайда болғанымен, ол оның тәжірибесіне жатпайды.

 

 Мектепке дейінгілердің таным  прцестерінің дамуы.

 

 Таным әрекетіне байланысты мектепке дейінгілердің заттарды эталонмен қабылдауына, қиялына тоқталайық.

 

 Бізді қоршаған дүние заттары  мен құбылыстары бірінен соң  бірі көзге тәртіпсіз / “хаос”  сияқты / көрінеді. Құбылыстар мен  заттар тым шексіз және сан-алуан  сияқты болып көрінеді, олардың кейбіреулері форма не қызмет жағынан ұқсас жақтарын, біріншіден, бір ұғымға жатқызып, солрады топтастырып отырып қабылдау кезінде тәртіпсіздікпен күресуге мүмкіндік береді. Екіншіден, тиісті нәрелерді ойша тәртіпке келтіру үшін нендей қасиеттер мен құбылыстар нәрсенің қандай түрінежататынын білуі өте қажет. Мысалы, егер біздің алдымызға жүздеген бояулардың түрі кздессе, бірақ солардың түрі нендей негізгі бояуларға жататынын білмесек, сол бояуларды қабылдау қиынға соғар еді. Үшіншіден, біз белгілі біп заттың салмағын, көлемін, ұзындығын, оларды өлшемей-ақ қанша екенін, олардың бәрін өлшейтін болсақ, одан өз ортамызға бейімделу қиынға түсер еді.

 

 Заттар мен құбылыстарды  қабылдау ерекшеліктеріне байланысты  былай топтастыруға болады:

 

 Топтастыру. Бұл қасиетке бала / 5-6 жасынан / ие бола бастайды. Айталық, шелек, тостаған, шөміш, т.б. бала “ыдыс” деген ұғымға жатқызып, оыларды әр түрлі нәрселерден, мысалы, орындық, стол, керует, диван, кебеже, т.б. ажыратады. Ал пиманы, бәтіңкені, етікті, мәсіні, т.б. аяқ киімге жатқызып, бұларды киімдерден / пальтодан, шалбардан, бешпеттен, т.б. / ажыратады. Сол сияқты, құмды, тасты, борды, әрйнекті т.б. “минерал” деген ұғымға жатқызып, осыларды металдардан ажыратады. Топтастырудың бұл түріне мектепке дейінгілер үйрене алмаса, психикалық даму жағынан оқуға даяр бола алмас еді.

 

 Эталон арқылы білу. Егер  бала, мысалы, үшбұрыш дейтін геометриялық  фигураны кездестірсе, соны үшбұрышқа  жататынын анықтау үшін, оның  санасында үшбұрыш туралы ұғым  болуы шарт. Осыны эталон деп атайамыз. Осы сияқты балаға жасыл түске боялған қағазды көрсетіп, кейін соны жасырып қойып, мына көп түстердің ішінен жасыл түсті қағазды алып бер десе, мұны бала орындай алады. Себебі, әуелгі түсті көсеткенде жасыл түстің эталоны оның санасында қалып қойған.

 

 Заттың көлемі мен санының  ерекшелігі. Бұл жастағылардың көбі  тиісті нәрселердің саны көбейетінін  не азаятынын немесе көлемі  ұлғаятынын не кішкентай болатының  түсінігіне ие бола бастайды.

 

 В.С.Мухина өзінің еңбегінде  мектепке дейінгілерде қалайша эталондар / не “өлшеуіштер” / қалыптасатынына тоқталып, эталон деген санды, көлемді не салмақты сақтау деп атап өтті.

 

 Бөбектер көбінесе заттың  бір белгісіне қарап, кейін  сол затты таниды. Ал мектепке  дейінгілер бөбектерге қарағанда  затты тұтастырып қабылдайды . Мектепке дейінгілерде қиын жүретін процесс- бұл кеңістікті және уақытты қабылдауы. Кеңістікке орай “оң жақ”, “сол жақ” дегенді бөбектер жақсы түсіне алмайды. Ал уақытты қабылдауға келетін болсақ, “кеше”, “бүгін”, “ертең” т.с.с. ұғынуда да біраз қиындықтар туындауы мүмкін.

 

 Мектепке дейінгілердің зейіні  бір объектіге қаншалықты берілуі,  олардың оған қаншалықты қызғылықты  келуіне байланысты. Бөбектер ойынға 30-40 минутқа дейін зейінді келе  алатын болса, ал 6-7 жастағылар 1-1,5 сағатқа дейін беріле алады. Ал осы қасиеттердің баланың жадында ұзаққа қалдыра алмайды. Мектепке дейінгілерде тек арнаусыз есте қалдыру рөл атқарады. Арнаусыз есте қалдыру арнаулы есте қалдыруға қарағанда нәтижелі келеді. Себебі, бұлар тек нақты бейнелерді есте қалдыруға бейім. Мектепке дейінгілердің кейде нақты есте қалдыра алуы сондай, оларды суретке түсіріп алғандай сияқты көрінеді. Естің мұндай түрі “эйдетикалық” деп аталады.

 

 Мектепке дейінгілерде қиялдау  процесі де едәуір дамып қалады. Себебі, осылардың негізгі әрекеті ойын, ал ойынның қайсысы да шындыққа сай келе бермейді. Ойынның нәтижесінде балада қия кеңнен өріс алады. Мектепке дейінгілердің қиялдау процесі ертек үстінде қалыптасады. Ертек тек қазіргі заманда ғана емес, өткен дәуірлерде де 5-7 жастағылардың өмірінде де незгі рөл атқарған.

 

 Мектепке дейінгілердің жасын  Ж.Пиаже “операцияоперацияға, ойлануға  дейінгі кезең” деп атаған. Осыған  қарағанда олар үлкендерге тән  мәселелерді шеше алмайды деген  сөз. Мектепке дейінгілерде көбінесе  нақты бейне ойы және ойының жүйелігі тән.

 

- лекция.

 

Тақырыбы: Ойын мектепке дейінгі жастағы  жетекші іс-әрекеті, оның сипаттамасы  және түрлері.

 

 

Жоспары.

 

 Ойынның пайда болуының әлуметтік  тарихи сипаты.

 

 Психоаналитикалық тұжырымдамаларындағы  ойын теориялары.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

Негізгі:

 

 Возрасная и педагогическая  психология Под.ред. А.В.Петровского  М; 1986г

 

 Возрасная и педагогическая  психология Под.ред. М.В.Гамезо. М.В.Матюхинной, Г.С.Михальнок М.1984г

 

 Возрасная психология . Под.ред.  Л.Ф.Обуховой М.1971г

 

Қосымша :

 

 Обухова Л.Ф. Детская психология. М,1995г

 

 Рыбалко Е.Ф. возрасная и  дифференсальная психология. ЛГУ,1990г

 

 Смирнов Е.О. Психология ребенка  М,1997г 

 

 

 

Лекция мәтіні.

 

 Мектепке дейінгі шақта жетекші  іс-әрекет – ойын болып есептеледі.Оның  жетекші іс әрекет болуы, қазіргі баланың өзінің көп уақытын ойын мен алданып, үлкендердің еңбек әрекетінеаз немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Ойын бала психикасында сапалы өзгерістер туғызады:Онда мектеп жетекшісі болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады.

 

 Балалардың ересек адамдармен  бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы  бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла  алмайды.бұл қажеттілігін балалар  ойын үстінде қанағаттандыра  бастайды, ойын арқылы өздеріне  ересектер ролін алып, еңбектік  өмірді ғана емес, сол сияқты  әлуметтік қарым- қатынасты да нақтылап көрсетеді.Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны үлкендер өміріне аралаудың айрықша түрі болып саналатын ролдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым-қатынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететін және бірсыпыра правалар беретінін біледі.

 

 Егер ойынның сюжеті балаға  үлкендердің іс-әрекетімен және  өзара қарым-қатынасмен таныстыруға  мүмкіндік берсе, шынайы өзара қарым-қатынас оны бағалар ойындарында байқалатын түрлі жағдайларда өзін ұстай білуге үйретеді.

 

 Ойын үстінде бала шынайы  затты ойыншықпен немесе кездейсоқ  нәрсемен алмастыруға болатынын  тез аңғарады. Шынайы заттарды  алмастыруды бала үлкендерден үйренеді. Балдырған тасты нан, таяқшаны адам ретінде ауыстырып қолдана алады. Ол бір затты екінші заттың орнына қолданып қана қоймай, зат, жануар, басқа адамдар орнына өзін де қолданады. Мысалы мылтықтан атып жібереді де өлтірілген қасқырдың орнына өзі құлап түседі, қиялдағы тепловозды жүргізеді әрі өзі тепловоз ретінде гүрілдеп, жылдамдық ала бастайды.

 

 Зейінді жинақтау , есте сақтау  және еске түсіру, яғни саналы  мақсат балаға ойын үстінде  ертерек және оңай ажыратылады.

 

 Тілдің дамуына ойын өте  үлкен әсер етеді. Ойын жағдайы оған енген әр баладан белгілі қатынас жасау қабілетін талап етеді.

 

 Ойын ақыл- ой дамуына да  әсер етеді, бала ойын үстінде  заттар мен әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағанасын қолдануды  т.б. үйренеді. Ойын жағдайына  ену баланың ақыл-ойы әрекетінің түрлі формаларының шарты болып табылады.Ролдік ойындардың психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар.

 

 Мектепке дейінгі шақтың  ішінде ойын мазмұны сапалы  өзгеріске түседі.мектепке дейінгі  кешкентайлар ойынның негізгі мазмұны үлкендердің шынайы заттармен жасайтын іс-әрекеттерін ойын заттары арқылы қайта жаңғыртатын іс әрекеттерді жаңғарту болып табылады. Мысалы үш жас шамасындағы балалар столды сүртеді, еденді сыпырады, нан тіледі, аяқ киім тазалайды т.с.с. Іс-әрекеттерді қайта жаңғырту- мектепке дейінгі кешкентай ойынның негізгі мазмұны, міне осы. Ойын – адам әрекетінің ерекше түрі. Психологияда ойынға детерминомтты ішкі факторларға тұлғаның жеке және қасиеттілігіне байланысты қарастырады. Ойын ересек адамдарға да қажетті спонтанды қажеттіліктерін қуаныш , бақыт алуға ынталандырады. Ойынға қажетілерін әрбір дені сау ересек неесе бала болсын қажет етеді. Бұл қасиет жануарларға да тән. Жануарлар ата анасы ме , баласы мен, заттармен ойнайды, сонымен қатар жабайы аңдар да . Экологтардың зертеулері бойынша ойын әрекетінде кейбір шартты адамға қажетті басқалар мен қарым – қатынас жасау, өзге жыныстылар мен араласу, балаларға қалай төбелесу, күресу, жүгіру және жеңілу сияқты әрекеттер орындалады. Ойын әрекеті жануарлар әрекетінен ерекшеленеді, бала ойыны . Болашақ әрекеттері емес сонымен қатар әлументтік мінез – құлқын тәрбиелейді. Ойын әрекетінде кейбір элементтер мақсат, мотив, ойын әрекеттері болады. Ойын әректінде тұлғаның барлық экстровертті қасиеті көрінеді. Ойын түрлі көріністе болуы мүмкін. «Ойын » сөзі түрлі түсініктерде қолданыс тапқан, философия , педагогика, кибернетика, өнертану ғылым салаларында басқа түсіністе. Стратегиялық басқару балалар ойыны, актер ойыны, психокоррекциялық ойындар, қияли ойындар мүлдем басқаша түсінікте. Атақты педагог, психолог П.П.Бланскийдің тұжырымдауынша «ойын» абстрактілі котегория жоқ, жеке бөлім ойындар болады. Дәл осы негізде оқу процесінде ойынның қолдану мақсаты, мазмұнын түсініп болмайды (А.А.Вербицкий) Педагогикалық системада ойын, оқу процессінің бөлігі ғана. Мұндай педагогикалық ситемалар белгілі контекстті оқыту негізінде оқыту, оқу әрекеті концепциясын құрауғы болады. Бұл А.А.Вербицкийдің еңбегіне зерттеліп, оқу нәтижелері мен жоғарғы оқу орындарында қолданыста. Жоғарғы оқу орнының студентті бірінші біліктілік деңгейі , екінші профисионалды дағдарысын дамытады. Алдынғы айтылған ойындарды екі классқа бөлуге болады.

Информация о работе Лекции по "Психологии"