Кемелдіктің ерте және ортаңғы
кезінде бірінші фаза сақталады,
ортақ функциялар сапаларының
прогрессивті даму фазасы жүзеге
асады. Бірақта, екінші фаза
да туындайды, бұл кәсіби қызмет
процесіндегі арнайы психмкалық функциялар
мен байланысты прогрессивті даму болып
табылады. “АКМЭ” туралы түсінікті жақтаушылардың
пікірінше акмеологияның негізгі міндеті-осы
өнімді кемелдік кезеңнің туындау заңдылықтарын
орналастыру болып табылады.
Бір қатар мамандықты меңгеруге
қолайлы кезең өнімділік жас
ерекшелік шыңы өздерінің мінез-құлқына
негізделген. Барлық кәсіпкерлерінде
шеберлік, білім мен тәжірибе
физикалық және фунуционалды
дайындықтың жоғары деңгейі жауап
бере алуы тиіс. Сыналушы ұшқыштар,
-кәсіби спортшылар, -әртістер өзінің “акмэсіне”
кемелдік щақтың алғашқы кезеңінде жетеді,
одан кейін біршама басылаады. Басқа кәсіптерде
мәселен, хирург-дәрігері, авиадиспетчер
және т.б “акмэ” кемелдік шақтың ортасында
немесе соңына қарай жетуі мүмкін.
Мұндай жағдайлардың барлығында
да кәсіптік өнімділік шыңы
шеберлік, білім, тәжірибе деңгейлерінің
қажетті оптималды үйлестілігіне
байланысты, бір жағынан, функциональды
дайындыққа негізделсе, екінші жағынан,
физикалық дайындыққа негізделген.
“Акменің” мерзімі мен ұзақтығына
адамның жеке тұлғалық ерекшеліктері
әсер етеді. Мысалы, кез келген
спорттың түрлерінде жас шағы
ерекше маңызға ие.
“АКМЭ” мәселесі, әсіресе шығармашылық
кәсіптегі адамдарда қызығушылық
туғызады- оқымыстыларды, жазушыларда,
ақындарда, крмпозиторларда, суретшілерде
және т.б өте айқын мысалдарды келтіруге
болады, А.Н.Верстовский өзінің шығармашылық
өнімділік шыңына “Асколдова могила”
36 жасында жеткен одан кейінгі 27 жыл уақытында
осы секілді шығармаларды шығара алмады.
22 - лекция.
Тақырыбы: Ересектерінің танымдық
қызығушылықтары.
Жоспары.
Кәсіби және қоғамдық іс-әрекет.
Ересектердің танымдық қызығушылығы.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Негізгі:
Возрасная и педагогическая
психология Под.ред. А.В.Петровского
М; 1986г
Возрасная и педагогическая
психология Под.ред. М.В.Гамезо. М.В.Матюхинной,
Г.С.Михальнок М.1984г
Возрасная психология . Под.ред.
Л.Ф.Обуховой М.1971г
Қосымша :
л.А.Першина “Возрасная психология”
м.2004г
Л.А.Головей, Е.Ф.Рыбалка “Практикум
по возрастной психологии” СПб,2002г
О.В.Ддарвиш. Возрасная психология,
М.2004г
Лекция мәтіні.
Ересектердің отбасындағы рөлі.
Кекселік шақ- өмірдің барлық
сапасында өнімділік пен тиімділікке
жететін. Ересек адамның маңызды
міндеттерінің бірі- өзінің балаларын
өсіріп- жетілдіру. Өсіп келе жатқан балалар
мен ата-аналардың қатынасы әр түрлері
болады бұл жерде әр түрлі жағдайларкға
байланысты қалыптасады. Ең маңызды, шешүші
жағдай- әр бір ата-ананың балаға деген
эмоционалдық қатынастар базасына байланысты
болып келеді. Психологияда мұндай қатынастардың
үш вариянты қарастырылады: Эмоционалдықтың
негізі болып табылатын шартсыз сүйіспеншілік,
негізделген сүйіспеншілік және баланы
қабылдамау.
Аналық шартсыз сүйіспеншілікті
Э.Фроле былайша сипаттаған: “Аналық
сүйіспеншілік-бұл баланың өмірі мен мұқтаждықтары
үшін өмір сүру, өзін-өзі құрбан ете біледі.
Альтруистикалық сипаттағы ана сүйіспеншілігі
махаббаттың ең жоғарғы түрі болып табылады.
Жанұяда сүйіспеншілікке ие баланың уайым-қайғылар
мен сүйіспеншілігін” деген түсінікте
бірігеді. “Мен әдемімін, мен қайталанбас
адаммын, сондықтанда сүйіктімін. Мен
сүйіктімін, өйткені анам маған мұқтаж
деп ойлайды. Мен сүйіктімін, өйткені бұл
менмін. Мен сүйікті болуым үшін еш нәрсе
істеудің қажеті жоқ”.
Баланың әдемілігінен немесе
ұсқынсыздығына, қабілеттілігіне қарамастан
сүйеді. Балаға осындай сүйіспеншілік
қажет.
Негізделген сүйіспеншілік-шынайы
махаббат емес. Баласы мұндай
жағдайда ата-анасының талап-үміттеріне
жауап берген жағдайлардағана
сүйеді. Егер бала ұқыпты, тәртіпті,
тіл алғыш, проблема әкелмейтін, жақсы
оқитын, ата-анасының жолымен жүрген жағдайда
ғана сүйіспеншілікке ие болады.
Негізделген сүйіспеншілікбала
бойында өзіне-өзі сенімсіздік,
мазасыздық сенімін туғызады, сондай-ақ
өзін-өзі бағалау деңгейін төмендетеді.
-Кемелдік кезеңдегі даму, әдетте,
оның психологиялық жасының динамикасы
мен байланысты болып келеді.
Бір-бірі мен тығыз байланысты,
бірақ бір-бірі мен сәйкес емес
жастың үш түрін топтастыруға
болады:
Хронологиялық (паспорттық)
Физикалық (не биологиялық)
Психологиляқ
Физикалық жас паспорттық
жастан онша ерекшеленбейді. Мысалы,
40 жаста 20 жасар болып көрінүге
болады және бүкіл ағза денсаулығы
да сәйкес келүі мүмкін, нмесе
кәріліктің белгілеріне де ие
болуға болады.
Психологиялық жас, бұл адам
өзін-өзі қалай сезінүді қалай қабылдайды
саған байланысты. Бұл жас ерекшелігі
көбіне физикалық жасқа әсер етеді.
Психологиялық жас-бұл жас
ерекшелік идентификация, яғни
өзін-өзі қабылдаудың әр түрлі
деңгейіне де тәуелді болуы
мүмкін.
Психологилық жас, жас ерекшелік
идентификация-уақыт ұғымдары туралы
түсініктер мен байланысты өзіндік сана
аспекті болып табылады.
Уақытты қабылдау, жас туралы
түсініктердің қалыптасуын жеке
тұлғаның ес процесінің қосылуына
тәуелді болып келеді. Мәселен,
үш жасқа дейін бала “қазірғі нақты
уақытпен” өмір сүреді, қазіргі мезетте
қабылданған заттарға ғана эмоционалды
қатынас жасайды.
Кемелдік кезеңде психологилық
жас көбіне жеке-тұлғалық ерекшеліктеріне
тәуелді болып келеді, сондай-ақ
оның тұлғалық бағыт-бағдарына
өмірлік мақсаты мен оны жүзеге асыруды
спецификатсына да байланысты болып келеді.
23 - лекция.
Тақырыбы: Қартаю мен кәрілік кезең.
Жоспары.
Қартаю психологиялық феномен
ретінде.
Қартаю мен қарттықтың жастың
психологиялық ерекшеліктері.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Негізгі:
Возрасная и педагогическая
психология Под.ред. А.В.Петровского
М; 1986г
Возрасная и педагогическая
психология Под.ред. М.В.Гамезо. М.В.Матюхинной,
Г.С.Михальнок М.1984г
Қосымша :
Райс Ф. Психология подросткого
и бнешеского возраста СПб,2000г
л.А.Першина “Возрасная психология”
м.2004г
Л.А.Головей, Е.Ф.Рыбалка “Практикум
по возрастной психологии” СПб,2002г
О.В.Ддарвиш. Возрасная психология,
М.2004г
Лекция мәтіні.
Қартаюдың биологиялық және әлеуметтік
өлшемдері мен факторлары.
Адамның соңғы өмір уақытын
– қартаю деп атаймыз ( 60-70 жас
аралығы ). Б.Д.Бромлей қарттық
кезеңнен басқа ( 55-70 жас аралығы
) солу-қажу, 70-тен жоғары кезеңді
төмендеу деп атады. Э.Эриксон
бойынша, өмірдің соңғы жылдарын
кемелденудің соңы деп атаймыз.
Өйткені, мұндай атау адам өмірінің аяқталу
кезеңінің мазмұнына көбірек сай келетін
секілді. Сондай-ақ, бұл кезеңді көптеген
адамдарда “қартаю – қуаныш емес” деген
түсінігіне сай келе бермейді.
Жо.ғарыда айтып өткендей, кемелддік
пен соңғы кемелдікті ажыратып
тұратын – бұл зейнетке кету факторы болып
табылады. Бұл көбіне кризистік кезеңді
тудырады, яғни бұл зейнетке кету кризисі“
де п аталады.
Ең алдымен, әдеттегі тұрмыс
салты бұзалады, адам өзін керексіз,
тастанды сезініп, ендігі кезекті
қоғамдық өмірге қатысы жоқтығын түсінеді.
Өзінің әлеуметтік статусының төмнедеуі,
жылдар бойы жинақталғаг өмір ырғағының
жоғалуы, әдетте, адамның жалпы физикалық
және психологиялық жағдайының нашарлауына
да әкелуі мүмкін, сондай-ақ кейбір жағдайларда
өл імге де әкелуі мүмкін.
“Зейнетке кету кризисі”, әдетте,
немерелерінің өзіндік-жеке өмір
сүруінің бастауымен тереңдей
түседі, әсіресе, өзін жанұяға
арнаған әйелдер үшін. Өмірдің
соңғы кезеңдерінде биологиялық
қартаю процісі тез жүреді. Физикалық
күші таусыла бастайды, денсаулықтың
жалпы жағдайы нашарлай бастайды, кейбір
психикалық функциялардың деңгейі төмендей
бастайды, ең алдымен еске сақтау процесі
мен ас қорыту мүше лерінің қызметі бұзылады.
Бұл регрессивті процестер адамдардың
хронологиялық және биологиялық жасына
сәйкес әр түрлі сәйкес пайда болып отыратын
көптеген адамдарда паспорттық жас психологиялық
жасқа негізделіп ке леді.
Қазіргі кезде Қазақстанда
әйелдер өмірінің ұзақтығы 80 жас
болса, ал ерлер өмірінің ұзақтығы
60 жас болып табылады. Бірақ та,
статистикалық мәліметтер бойынша, өлім
жастық шақта немесе бөьек кезінде де
келуі мүмкін. Зейнетке кету көбіне биологиялық
қартаюмен сәйкес келе бермейді, және
де материалдық жағдайының төмнедеуіне
де алып келеді. Сондай-ақ, өмір серігінің
өліміне байланысты, немесе туысқандарын
жоғалтумен байланысты да кризис тереңдей
түсуі мүмкін.
Э.Эриксон бойынша, қарттық
кезеңде “адамның көңіл бөлу
фокусы” болашақ туралы уайымдары
өткен тәжірибеге ауыстырылады.
Одан кейін психологиялық өткен
шақ ұлғайып, нақты мерзімдік
перспектива қысқарады. Осыменен, психологиялық
қартаю, қарттық сезімінің туындауы қалыптасады.
Сондай-ақ Э.Эриксон, бұл жерде дамудың
негізгі екі сызығын бөліп көрсетті. Егер
де адам “өзгелер туралы уайымдап, олардың
жағдайларын жасап, өзгелер үшін үлгі
болған болса, онда бұл адамда өткен тәжірибесінен
қалған жемістерді қайта жаңғырту туралы
идеялар туындауы мүмкін. Мұндай адамда
өзінің бүкіл өмір барысындағы тұлғалық
дамуындағы бағалау өлшеміне байланысты
“эго-интеграция” процесі пайда болуы
мүмкін”. Э.Эриксонның ойынша, эго-интеграция
психо-әлеуметтік кризиске қарағанда
қарттық кезеңге маңызды фактор болып
табылады. Егер де адамның дамуы прогресс
ивті сипатта болатын болса, ол өзінің
бүкіл даму жолына қанағаттанып, кәсіби
қызмет саласымен қатар, неке мен жанұяда
да үйлесімді қатынаста болуы мүмкін.
Өзінің шеберлігінің жалғасын өзіннің
ұл-қыздарын көргенде, немесе берген тәрбие,
білімінің нәтижесіне қанағаттанатын
болса, онда адам қарттық кезеңге көңілі
толып, келер өлімнен қорықпайды. Тек осындай
жағдайда ғана, Э.Эриксонның айтуынша,
адам нағыз қарттыққа жете алады, сүрген
өмірінің даналығын сезіне алады. Даналық
– бұл өлім алдындағы өмірдің шартсыз
маңыздылығын саналы түрде түсіну. Егер
де, адам өзінің өткен өмірін “жүзеге
аспай қалған мүмкіндіктер мен қателесу”
деп санайтын болса, онды өмірдің қорытынды
кезеңінде оның бойында эго-интеграцияның
болуы мүмкін емес. Ал, өз кезегінде, эго-интеграцияның
жоқтығы “өмірді қайта жасау” секілді
өкінішпен байланысты өлімнен жасырынша
қорқуына алып келеді. Мұндай жағдайды
Э.Эриксон адамның дамуындағы өкіну-қайғыру
кезеңі деп атаған.
24 - лекция.
Тақырыбы: Қартаңдық және қарттық
жастағы психикалық іс-әрекет.
Жоспары.
Қоғамдық өмірдегі қартаң
адам.
Қартаю кезеңіндегі бейімделу
кезеңі.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Негізгі:
Возрасная и педагогическая
психология Под.ред. А.В.Петровского
М; 1986г
Возрасная и педагогическая
психология Под.ред. М.В.Гамезо. М.В.Матюхинной,
Г.С.Михальнок М.1984г
Возрасная психология . Под.ред.
Л.Ф.Обуховой М.1971г
Қосымша :
Обухова Л.Ф. Детская психология.
М,1995г
Рыбалко Е.Ф. возрасная и
дифференсальная психология. ЛГУ,1990г
Смирнов Е.О. Психология ребенка
М,1997г
Лекция мәтіні.
Қартаю және психологиялық жас.
Жоғарыда атап өткендей, қарттық
шақтың белгілерінің бірі – бұл
психологиялық қартаю болып табылады.
Бұл кезеңде қарт адамдарға өзінің өткен
өмірін бағалаудан басқа эго-интеграцияға
жету үшін «өмірге қызығушылықтың» қажеттігін
атап өтеді. Ол өзінің немерелерінің тәрбиесіне
қажет екенін, саяси оқиға-құбылыстарға,
денсаулықты нығайтуға арналған дене
дене шынықтыру бағдарламаларының және
т.б. қажеттілігін де атап өтеді.
Сондай-ақ, қарттық кезеңдегі
психологиялық жастың артуы оның
міндетті бөлігі болып табылмайды.
Өмі рдің соңғы кезеңі болып
табылатын бұл жас физикалық
мүмкіндіктері мен қабілеттерін жоғалту
уақытыьнда субъективті тартымсыз сипатқа
ие болады. И.С.Конның мәліметтері бойынша,
қарт өздерін «орта жасқа» жатқызады,
тек кейбіреулері өздерін кәрімін деп
санайды.
Нақты жағдайда пси хикалық
жағдайының нашарлауымен, денсаулығының
төмендеуімен, қоғамдық қатынастар шеңберінің
кемуімен, материалдық жағдайының төмендеуімен
байланысты болған кезде ғана адам кәрілік
сезімін, жас өзгеруінің негативтілігін
с езінуі мүмкін.
Шығармашылық-кәсіби
өмірі ұзаққа созылған адам кәрілік
кезеңде де психологиялық жасын үй лесімді
сақтап қалады. Қазіргі кезде геронтологтар
негізгі назарын кәріліктің медико-биологиялық
себептері мен уақытынан бұрынғы өлімнің
себептерін апнықтауға бұрып отыр.Бұл
мәселелердді шешу үшін әдеттегі өмірді
100-150 жасқа дейін созу керек болады. Геронтопсихологиядағы
маңызды мәселелерді шешуде ең алдымен
псрхологиялық жас ерекшеліктерін дұрыс
қалыптастыру болып табылады.
Психологиялық
жасты өлшеу, ескеру кейде жеке
тұлғаның даму спецификасын болжамдауға
және түсінуге көмектеседі. Кемелдік кезеңдегідей,
қарттық шақта да өзін жас сезінуі жеке
тұлғалық өлгемге байланысты болып келеді.
Ең соңғы кезең өте маңызды болып келеді.
Жеке тұлғаның қарқынды дамуы, өзін-өзі
жетілдіруге ұмтылу, өзін-өзі толық аша
білуі кез келген жас кезеңінде болуы
мүмкін.
Психологиялық
жас хронологиялық жасқа қарағанда
ауқымырақ болып ке леді, сондықтан
да оны өмірдің сапалығы деп
атайды. Адам өзін қашан туылғанын,
қандай жастық категорияға жататынын
сезінгеннен гөрі, ол қалай өмір сүретінін,
өзін қалай сезінетінін, қалай қабылдайтынын
сезінген маңыздырақ болып келеді. Біздің
эрамыздың басында өмір сүрген Л.Сенеканың
айтуынша, «біздің өміріміз алтын секілді,
көлемімен емес, салмағымен өлшене білсін,
оны іспен өлшейік, уақытпен емес...» деген.