Кездей соқ жағдайлармен
адамдар ортасынан бөлініп қалған
нәресте өзінің дамуында адамдық
мүмкіндік дәрежесіне көтеріле
алмайды. Әлуметік орта мен
арнайы үйретудің ықпалы негізінде
ғана болатын адамша сезіну
мен ойлауға қабілетті жеке адам
қалыптасады. Үлкен адам бұл жерде бала
тұтастығын алғанда азамат қоғамы арасындағы
дәнекерші болады. Адамдар асында өмір
сүріп, олар үздіксіз жаңңа мағлұматтарды
ала отырып, бала танымға барған сайын
көбірек ұмытылады. Нәрестенің бағдарлау
рефлекстері білімқүмарлыққа дейін өседі.
Баланың қызығуы бүкіл айналасындағыоарға
бағытталады. Бұлш тектес білімқұмарлықты
И.П.Павлов “риясыз”деп атады, өйткені
ол органикалық қажеттіліктері тікелей
қанағаттандырумен байланысты емес.
Нәрестенің психикалық дамуы.
Бір жас ішінде бала қимыл-қозғалыстарының
даму және психикалық процестер мен қасиеттерінің
қалыптасуы жағынан үлкен жетістіктерге
жетеді. Ол басын ұстауды, отыруды, еңбектеуді,
ақырында тік тұруды, бірнеше қадам жасауды
үйренеді. Үш-төрт айлық кезде жармасу
қимылдары дами бас дамиды.Бала өзін қызықтырған
жарқырауық затқа ұмтылады, оған қолын
созады, ұстауға тырысады. Алғашында бұл
қимылдар жөінде ұйлеспейді: нәресте жиі
қателіктер жібереді, ұстай алмай қалады.
Бірақ біртіндеп қимылдар ұсталынатын
заттардың орнына, көлеміне және түріне
орай нақтылана бастайды. Бұл текст қимиыл
белсенділігін орасан зор маңызы болады.
Солардың арасында бала бірсыпыра қажетті
қимыл дағдыларын үйренеді. Мұның үстіне
заттардың қасиеттеріне практикалық икемделу
бұл қасиеттердің көзбен көріп қабылдауда
ерекшелене бастауына алып келеді. Егер
бала бастапқыда қолын заттардың қасиеттеріне
көптеген байқаулар арқылы ыңғайлап, сыртқы
бағдарлау қимылдарын жасайтын болса,
кейін огсы бағдарлау қим ылдары интероризацияланады-
көріп қабылдауға ауысады. Жармасу әрекетініңқалыптасуы
мен қатар заттар мен сілкілеу, тақылдату,
лақтыру, т.б. тәрізді қарапайым қимылдар
жасауда дамиды. Мұндай іс-әрекеттерді
оьрындай отырып, бала нәремстені, заттардың
толып жатқан қасиеттерімен танысады.
Нәремсте үшін өткінші, өзгермелі әсерлер
негезінде тұрақты, оған тәуелсіз заттардың
болатыны байқала бастацйды. Қабылдау
заттыққа және тұрақт ылыққа ие болады.
Нәрестелік шақта баланың
психикалық белсенділігінің сипаты
өзгер еді. әдеиі іс-әрекет
жасау тенденциясы көріне бастайды.
Балада кездейсоқ қимылдарды қаита жаңғырту
мүмкіндігі қалыптасады. Бұл қимылдарды
жасаудан бұрын сәби оларды алдын-ала
болжап қоймасада, ос қимылға байланысты
қоршаған ортаның өзгерісін көру үшін
қимылды әдеиі қайталауға нәресте қабілеті
болады.
Нәрестелік шақтың соңына
қарай балалар үлкендердің көптеген
іс-әрекеттерін қайталай отырып,
үлкен еліктеушілік көрсетеді.
Әдейі жасалған әрекеттер
мен еліктеу ақылдың күшті
дамып келе жатқандығын дәлеледейді.
Шындығында да, балалар заттармен
әдеці (тарсылдатып, сілкілеп, бұрап) әрекеттер
жасай бастаған соң, үлкендердің қарапайым
әрекеттеріне еліктеуден қайсыбір жетістікке
жеткен соң, балалардың әрекеттерінен
ойлаудың қарапайым көріністерін байқауға
болады. Затпен қимылдар жасау үстінде
бала үшін проблемелық ситуация туады,
оны да ол қимылдар жасау жолымен шешуге
тырысады. Басқаша сөзбен айтқанда, заттық
қимылдар үстінде қарапайым проблемалы
ситуациялар пайда болып және шешіліп
отырады. Сонымен бала өзінің және басқалардың
қимылдарына еліктей отырып ойлауды әрекет
үстінде үйренеді.
10- лекция.
Тақырыбы: Ерте психикалық жас.
Жоспары.
Ерте балалық шақтағы психикалық
даму шарттарына жалпы сипаттама.
Ерте балалықтың психикалық
жаңа құрылымы.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Негізгі:
Возрасная и педагогическая
психология Под.ред. А.В.Петровского
М; 1986г
Возрасная и педагогическая
психология Под.ред. М.В.Гамезо. М.В.Матюхинной,
Г.С.Михальнок М.1984г
Возрасная психология . Под.ред.
Л.Ф.Обуховой М.1971г
Қосымша :
л.А.Першина “Возрасная психология”
м.2004г
Л.А.Головей, Е.Ф.Рыбалка “Практикум
по возрастной психологии” СПб,2002г
О.В.Ддарвиш. Возрасная психология,
М.2004г
Лекция мәтіні.
Ерте сәбилік шақтың аса маңызды
жетістіктері (бір жастан үш жасқа
дейін). Онтогенезде тең уақыт
ішінде адам психикасы дамуы жағынан әртүрлі
“қашықтықтан” өтеді. Бала психикасында
алғашқы үш жылда болатын сапалық қайта
өзгерістер айтарлықтай қомақты болады.
Сондықтан адамның туған сәтінен есейгенге
дейін психикалық дамуының орта жолы қайсы
деп ойлаған көптеген психологтар оған
үш жасар кезді жатқызды.
Үш жасар бала өзін-өзі
күтуге қабілетті, айналасындағы
адамдармен қарым-қатынас жасай
алады. Мұның өзінде ол қарым-қатынастың
сөздік формаларын ғана емес,
мінез-құлықтың қарапайым формаларын
да игереді. Үш жасар бала едәуір
белсенді, айналадағыларына түсінікті
тәуелсіз болады.
Бір жастан үш жасқа дейінгі
баланың психикасының дамуы бірнеше
факторларға байланысты.
Баланың псикалық дамуында
тік жүруді үйрену едәуір ықпал
жасайды. Нәрестелік шақтың соңында
сәби алғашқы қадамдар жасайды. Тік тұру
қалпына ауысу – ол үшін қиын іс. Кішкентай
аяқтарымен аттап басу үлкен күшке түседі.
Локомация программасы әлі қалыптаспағандықтан,
бал үнемі тепе-теңдікті жоғалтып алады.
Құлап қалу қаупін де жеңіп, осынау алғашқы
қадамдарды жасау үшін қайта-қайта күш
жұмсауға оны не итермелейді? Жүру кезінде
жұмыс істеп тұрған қол, аяқ, арқа және
бүкіл дене бұлшық еттерінен пайда болатын
бұлшық ет сезімі маңызды ынталандырушы
болып табылады. өз денесін өзі билеу сезімі
бала үшін өзін-өзі мадақтау қызметін
атқарады. Баланың қозғалып жүру ниетін
сол сияқты тілегін мақсатына жету мүмкіндігін
жә”не сонымен қоса, үлкендердің қатысуы
мен мақұлдауы қолдайды. Өте тез арада,
алғашқы әлсіз қадамдардан соң үйлесімді
тура бағытты қимылдар жасау қабілеті
қалыптаса бастайды. Екі жасқа қарай бала
орасан зор ынтамен өзінің жүрген жолынан
кедергілер іздестіреді. Қиындықтар және
оларды жеңу сәбиде жағымды эмоциялық
көңіл-күй туғызады.
Қозғалып жүруге қабілеттілігінің
психоллгиялық салдары. Қозғалып
жүруге қабілеттілік арасында бала сыртқы
дүниемен неғұрлым еркінде дербес қарым-қатынас
жасау дәуіріне енеді.Жүруді игеруде кеңестік
бағдарлау қабілетін дамытады.Бұлшық
ет сезімі қашықтық пен заттық кеңістікте
орналасу есептік өлшемі болады.Бұл көру
қимылдау мен сезінудің бірлескен қызметтері
арқылы жүзеге асады. Өзі қарап тұрған
заттқа жақындай отырып, бала оның кеңістікте
орналасу қалпын практикалық түрде игереді.
Жүру арқылы бала өзінің таным объектісі
болатын нәрселер шеңберін әлде қайда
кеңейтуге мүмкіндік алады. Ол ата-аналары
бұрын оған ұсынуға болмайды деген сан
алуан заттар мен іс-әрекет жасауға қабілетті
болады. Жаңа заттарды тексерудің жаңа
тәсілдерін туғызып, сәбиге нәрестелердің
осы уақытқа дейінгі жасырын болып келген
қасиеттері мен олардың арасындағы байланысты
ашты.
Баланың психикалық дамуына
заттық әрекеттердің дамуын едәуір
ережеде әсер етеді. Нәрестелік
жасқа тән қимылдық іс-әрекет
ерте сәбилік шақта заттық
іс-әрекетпен алмасады.Заттық іс-әрекеттің
дамуы заттар мен жұмыс істеудің
қоғам жасап шығарған тәсілдерін игерумен
байланысты болады. Адам үшін заттың бекітілген,
тұрақты маңызы бар. Адамды жануарлармен
салыстырғанда тұрақты нәрселер дүниесінде
өмір сүреді. Маймылдың да саптыаяқтан
су іше алатын әркімге белгілі. Бірақ жануарлар
ситуациялық маңызы бар: егер су сапыаяққа
құйылған болса, маймыл оны сапыаяқтан,
егер су шелекте болса, шелектен, ал егер
ененге төгіліп жатса еденнен ішеді. Бала
үлкендердің заттардың адам іс-әрекеті
арқылы бекітілген тұрақты маңызын бағдарлауға
үйренеді. Бала қоршаған зат ық дүние-мебель,
киім-кешек, ыдыс-аяқ-заттар, олардың адам
өмірінде белгілі маңызы бар. Бала ерте
сәбилік шақтада бұйымдардың маңызын
түсінеді.
Заттың бекітілген мазмұны
балаға өзінен өзі берілмейді.
Ол шкафтың екі есігін сасыз
рет ашып жабуы, сол сияқты ұзақ
уақыт қасықпен еденді тарсылдатуы мүмкін,
бірақ мұндай белсенділік оны атқаратын
міндеттерімен таныстыра алмайды. Заттың
функциялық қасиеттері сәбиге үлкендердің
тәрбиелік және оқыту ықпалдары арқылы
ашылады. Бала түрлі заттармен жасалатын
іс-әрекеттер түрлі дәрежедеерікті болатынын
біледі. Кейбір заттар өздерінің қасиеттері
жағынан іс-әрекеттің белгілі бір тәсілдерін
қатаң сақтауды қажет етеді (бұған қорапшаның
қақпақпен жабылуы, пирамиданың шығыршықтарын
өткізу, матрешкаларды жинастыру, тәрізді
арақатынастағы әрекеттер жатады). Басқа
заттарда әрекет тәсілдері олардың қоғамдық
міндетімен қатаң бекітілген. Олар – зат-ққұралдар
(қасық, қарындаш, балға). Нақ осы арақатынастық
және құралдық әрекеттерді игерудің баланың
психикалық дамуына неғұрылм елеулі әсер
ететінін атап өту қажет. Ерте сәбилік
шақтағы игерген зат-құралдардың сан жағынан
шағын болуынан келіп кетер ештеме жоқ.
Мәселе санда емес, осы заттар баладаәрбір
жаңа зат құралдарын оның өзіне тән міндетін
іздестіруге деген мақсатын қалыптастыратындығында.
11- лекция.
Тақырыбы: Ерте жастағы психикалық
процестің қалыптасулардың негізгі
заңдылықтары.
Жоспары.
Ерте жастағы эмоциялардың
және жоғарғы сезімдердің даму
ерекшеліктері.
Ерте балалық шақтағы тұлғалық
формалары.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Негізгі:
Возрасная и педагогическая
психология Под.ред. А.В.Петровского
М; 1986г
Возрасная и педагогическая
психология Под.ред. М.В.Гамезо. М.В.Матюхинной,
Г.С.Михальнок М.1984г
Қосымша :
Райс Ф. Психология подросткого
и бнешеского возраста СПб,2000г
л.А.Першина “Возрасная психология”
м.2004г
Л.А.Головей, Е.Ф.Рыбалка “Практикум
по возрастной психологии” СПб,2002г
О.В.Ддарвиш. Возрасная психология,
М.2004г
Лекция мәтіні.
Ерте сәбилік шақтың соңына қарай
(үш жасқа дейін) іс-әрекеттіңжаңа
түрлері қалыптаса бастайды. Олар осы
жас шегінде кең жайылған формаға жетеді
және біртіндеп психикалық дамуды анықтайды.
Бұларға ойын мен жемісті іс-әрекет түрлері
(сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау)
жатады. Іс-әрекеттің бұл түрлерінің болашақта
мәнді болатынын ескеріліп, олардың ерте
сәбилік шақта қалыптасуына жағдайлар
жасау қажет.
Заттық іс-әрекеттен алынып,
жинақталған әсерлер баланың
тілін дамытудың негізі болады.
Сөздің артында ақиқат дүниенің
бейнелері тұрған жағдайда ғана,
сол сөзді игеру жемісті болады. Сөйлеуді
игеру әрестелік шақтан басталған қарым
– қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына
байланысты жүзегег асады. Сөздік қарым-қатынас
баладан қатынасу қабілетін талап еткен
жағдайда, яғни үлкендер оны түсінікті
сөйлеп, өз ойын айқын сөздермен құра білуге
көндірген жағдайда пайда бола бастайды.
Егер үлкендер баланың әрбір тілегін қағып
алып отырса, онда оның тілінің дамуына
ешқандай түрткі болмай қалады. Ерте сәюилік
шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал (сензитивті)
кезең болып табылады: нақ осы кезде сөйлеуді
игеру тиімді өтеді. Егер бала осы кезде
қандай да бір себептермен тілді дамыту
қажетті жағдайлардан айырылып қалса,
онда кейін жіберілегн қателіктердің
орнын толтыру өте қиын болады. Сондықтан
екі-үш жаста баланың тілін дамыту мен
қарқынды шұғылдану қажет.
Үлкендермен бірлескен іс-әрекет
үстінде бала ерте сәбилік
шақта-ақ айтылған сөздер мен
олардың ар жағында тұрған
ақиқат болмыстың арасындағы
байланыстарды аңғара бастайды.
Сөздерді олар белгілейтін заттар
мен іс-әркеттерге апарып жатқызу
бірден бола қоймайды. Үлкендердің сөзі
мен іс-әрекеттерінің арақатынасын белгшілеу
қабілеті де ұзақ дамып, оның өмірінің
бірінші жылында қалыптаса бастайды. Үш
жасқа қарай сәбидің, үлкендердің сөзін
түсінуі спалық жағынан өзгереді. Бала
бұл мезгілде жекелеген сөздерді ғана
түсініп, үлкендердің нұсқауы бойынша
заттық әрекеттер жасауға ғана қабілетті
болып қоймайды. Сәби үлкендердің тікелей
өзіне бағытталмаған кез келген сөздерін
қызыға тыңдай бастайды. Үлкен адам мен
баланың тікелей қарым-қатынас жасау ситуациясынан
тысқары хабарларды тыңдау мен түсіну
маңызды жетістік болып саналады. Ол сөйлеуді
баланың тікелей тәжірибесінің өресі
жетпейтін болмысты танудың негізгі құралы
ретінде пайдалануға мүмкіндік жасайды.
Ерте сәбилік балалық шақ
– балалық белсенді сөйлеуінің қалыптасу
кезеңі. Бір жарым жасқа дейінгі бала 30-40
тан 100-ге дейінсөз үйренеді және оларды
өте сирек қолданады. Ол тым мүдіріп сөйлейді.Тілді
меңгерудегі елеулі өзгкріс шамамен бір
жарым жаста жүзеге асады. Сәби бастамашыл
болады. Ол заттардың аттарын атап отыруды
үздіксіз талап ете бастайды. Сөйлеудің
даму қарқыны арта түседі.Екі жастың аяғында
бала 300ге дейін ал үш жастың соңында 1500
дейін сөздер қолданылады. Тілді дамыту
ана тілінің дыбыстық жағы мен граматикалыққұрылысын
игеруді көздейді. Егер алғашында бала
сөйлеуді сөздің ырықты мелодиялық құрылымын
қағып алу жолмен қабылдайтын болса, екінші
жылдың соңына қарай онда ана тілінің
барлық дыбыстарын фонетикалық қабылдкау
қалыптасады. Оның негізінде белсенді
сөздікті және сөзді дұрыс айтуды игеру
жүзеге асады.
Граматикалыққұрылысты игерудің
өз даму кезінде болады.Бұл
кезең бір мен екі жасқа
дейін- түбірлі сөздерден құралатын
кезеңі. Бұл кезеңде бір буынды
және екі буынды сөйлемдер
ажыратылады.баланың сөйлеуі ересек
адамның сөйлеуіне аз ұқсайды, ол көбіне
үлендер пайдаланбайтын сөздерді пайдаланады.
Тілдік қарым-қатынас практикасында бұл
стреотип түсіп қалады да, дұрыс септік
жалғаулар пайда болады. Ана тілдің граматикалық
формаларын меңгеру баланың тілді сезінуін
дамытады. Ерте сәбилік шақта бала ана
тілін меңгеру жағынан оның синтаксистік
құрылымдарын граматикалық формаларын
және дыбыстарды игере отырып, орасаң
зор жұмыс атқарады.
Ерте сәбилік шақтағы баланың
ақыл-ойының дамуы. Ерте сәбилік
шақтың басында бала айналасындағы
заттардың қасиеттерін қабылдап, олардың
арасындағы қарапайым байланыстарды аңғарып,
оларды пайдалана бастайды. Бұл заттық
іс-әрекетті, ойынның қарапайым формаларын
, сурет салу мен сөйлеуді игеруге байланысты
бұдан арғы ақыл-ой дамуының алғы шартарын
жасайды. Ерте сәбйлік шақтағы ақыл-ой
дамуының негізін балада қалыптасып жатқан
қабылдау мен ойлау әрекеттерінің жаңа
түрлері құрастырады.
Қабылдау заттық іс-әрекетте
қалыптасатын арақатынастық іс-әрекеттер
есебінен дамиды. Бала заттарды
олардың формаларына, көлеміне,
түсіне сәйкес іріктеген кезде, оның сыртқы
бағдарлау әрекеттері қалыптасады. Сыртқы
бағдарлау әрекеттерін табысты игеру
баланың, атап айтқанда, қандай заттармен
шұғылдануына тәуелді болады. Бұл жастағы
балаларға деген ойыншықтардың көпшілігі
олардың құрылыстарының өзінде бөлшектерін
бір-бірімен салыстырып өлшеу қажеттігін
туғызатындай етіп (матрешкалар, қорапшалар,
мозаикалар т.б.) жасалынған. Мұндай ойыншықтарды
автодидактикалық, яғни өзін өзі үйретуші
ойыншықтар деп атайды.