Шетел психологы Дж. Брунердің
ойынша, психканың дұрыс қалып
тасып, дамуы үшін оқыту өте
қажет, және де оны дұрыс жүргізудің
маңызы өте зор. В.В.Давыдовтың ойынша,
оқыту баланың ақыл-ойының дамуына өте
зор әсер етеді, егер баланың сабақ үлгеріміне
шақ келетін материалдар бір қалыпты меңгерілетін
болса, онда психикалық даму нәтижелі
болады. Бұл жерде ақыл-ой деп оқушылардың
тиісті мәселелерді шешуде жалпы амал
қолдана білуін айтамыз.
5- лекция.
Тақырыбы: Жас ерекшелік психологиясындағы
зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.
Жоспары.
Жас ерекшелік психологиясының
зерттеу әдіснамасы.
Жас ерекшелік психологиясында
қолданылытын жалпы психикалық эмперикалық
әдістер.
Пайдаланылған әдебиеттер.
. Негізгі:
Возрасная и педагогическая
психология Под.ред. М.В.Гамезо. М.В.Матюхинной,
Г.С.Михальнок М.1984г
Возрасная психология . Под.ред.
Л.Ф.Обуховой М.1971г
Возрасная и педагогическая психология
Под.ред. А.В.Петровского М; 1986г
Немов В.С. Психология в
кн.2. М, 1995г
Қосымша :
Райс Ф. Психология подросткого
и бнешеского возраста СПб,2000г
л.А.Першина “Возрасная психология”
м.2004г
Л.А.Головей, Е.Ф.Рыбалка “Практикум
по возрастной психологии” СПб,2002г
О.В.Ддарвиш. Возрасная психология,
М.2004г
Лекция мәтіні.
Психология ғылымының бір
саласы бола отырып, педагогикалық
және жас ерекшелік психологиясы
ғылыми талдауға ұшырауы мүмкін
психологиялық фактіні – бақылау
мен эксприментті алудың негізгі екі әдісін
пайдаланады. Психологиялық-педагогикалық
зерттеу пәнінің ерекшелігі аталған әдістерді
пайдалануда айрықша өзгерістер тудырады.
Мысалы , жас ерекшелік психологиясындағы
бақылаулар, көбіне бала психикасының
дамуын дәлелдейтін фактілерді жүйелі
тіркеу сипатына күнделікті жазу түрінде
болады. Француздардың белгілі марксист
– псиголог А.Валлон 1952 жылы : “Білімнің
түрлі саласында эксперимент қарапайым
бақылауды ығыстырып отыратын болса, психолгияның
көпшілік бөлімдерінде бақылаудың рөлі
басымырақ болып қала береді... Балалар
психологиясы, былайша айтқанда, ерте
сәбилік шақ психологиясы тек қана бақылауға
негізделеді.”. Соңғы жылдары педагогикалық
және жас ерекшелігі психологиясында
психологиялық эксперименттің рөлі айтарлықтай
өсті. Психологиялық-недагогикалық зерттеулерде
пайдалануының жиілігі жағынан лабораториялық
эксперимент баланы зерттеуде жетекші
рөл алып жүрген табиғи экспериментке
ғана жол береді. Оқу тәрбие процесі жағдайында
жүргізілетін табиғи эксперимент оқушылардың
танымдық іс-әрекеттерін жеке адамның
қалыптасу ерекшеліктерімен жеке ащдам
арасындағы қатыастарды тәжірибенің табиғи
жағдайға жақын әлуметтік ұйымдастырылған
және арнайы өзгерткен жағдайларында
зерттеуге мүмкіндік береді. Елімізде
педагогикалық-психология үшін табиғи
эксперименттің ерекше түрі- қалыптастыру
экспериментті өте маңызды болып есептеледі.
Бұл жерде сыналушылардың іс әрекетінде
болатын өзгерістер зерттеушінің (педагог
рөлін атқаратын) сыналушыға (оқушыға)
белсенді әсер етуі нәтижесінде бақыланып
отырады. Мысалы бастауыш мектеп жасында
абстрактылы ұғымдарды меңгеру мүмкіндігін
дәлелдейтін деректер бірсыпыра оқыту
эксперименттін жүргізу нәти жесінде
алынады. Психологиялық-педагогикалық
мәліметтерді алудың ерекше бір тәсілі-
егіздер әдісі деп аталынады.Оның мәні-
бір жұмыртқадан өрбіген егіздер дің психикалық
дамуын бақылаулар мен экспери мент жағдайларында
салыстырып көру.Бұл олардың тұқым қуалаушылық
қорының бір деңгейлігін еске ұстай отырып,
орта мен тәрбие ықпалынын болатын бірқатар
факторлардың әсерін ажыратуға мүмкіндік
береді.Зерттеуші психиканың қалыптасуының
нақ сол сәттегі психологиялық ерекшеліктерін
білуге тырысқан кезде бала психикасының
дамуын көлденең кесу әдісімен де зерттей
алады. Бірнеше қайталанылатын мұндай
кесулер бірқатар сыналушылар жөнінде
мағлұмат алуға көмектеседі. Кейде психологтар
бір сыналушының өзін, оның психологиясындағы,
елеулі өзгерістерді жүйелі тіркей отырып,
ұзақ уақыт (кейде жылдар бойы) зерттейді.
Мұндай зерттеу бойлай зерттеу деп аталынады.
Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы
өзіне бақылау мен эксперименттің және
олардың өзертіліп пайдалынылған(әңгіме,
іс-әрекет нәтижесін талдау, тесттер т.б)
барлық түрлерін қамтитын сан алуан нақтылау
зерттеу методикаларын кең қолданады.
Нақтылы психологиялық методикалардың
молдығы мен сан алуандылығы қазіргі педагогикалық
және жас ерекшелігі психологиясының
күрделі теориялық әрі практикалық мәнді
проблемаларын шешуді қамтамасыз етеді.
Оқушының даралығы ерекшеліктеріне қабылдау
ойлау өзгешеліктері жеке адам бойындағы
мінез, темперамент, қабылдау, секілді
қасиеттер жатады. Нерв жүйесінің типтік
қасиеттері адамның мінез-құлқының табиғатының
негізін құрайды. Дербес қабілеттің дамуы
жеке адамдардың табиғи мүмкіншіліктеріне
байланысты.
6- лекция.
Тақырыбы: Жас ерекшелік психологиясының
қазіргі заманғы мәселелері.
Жоспары.
Индивидуальды дамудың қарама-қайшылық
психологиясы.
Психикалық дамудың механизмдері.
Пайдаланылған
әдебиеттер.
Негізгі:
Возрасная
психология . Под.ред. Л.Ф.Обуховой
М.1971г
Люблинская
А.А. Детский психология М.1971г
Детская
психология Под.ред. Я.л.Коломинского.
Е.Н. Панько. Миннск,1988г
Мухина
В.С. Возрасная психология М.1998г
Немов
В.С. Психология в кн.2. М, 1995г
Қосымша :
Обухова
Л.Ф. Детская психология. М,1995г
Рыбалко Е.Ф. возрасная и
дифференсальная психология. ЛГУ,1990г
Смирнов Е.О. Психология ребенка
М,1997г
Грейс Крайг Психология развития
Сп б,2000г
Лекция мәтіні.
Индивидуальды дамудың қарама-қайшылық
психологиясы.
Жас ерекшелік психолоиясы
педагогикалық психологиямен тығыз
байланысты. Педагогикалық психологияның
пәні- оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық
заңдылықтарын зерттеу. Педагогикалық
және даму психологиясының бір тұтастығы
зерттелу объектісі- бала, жеткіншек, жасөспірім
ортақтығымен түсіндіріледі; олар егер
жас ерекшелігіне сай даму динамикасы
тұрғысында зерттелсе, даму психолоиясыың
зе рттеу объектілері, ал егер педагогтың
мақсатты ықпалдары қарастырылсы, педагогикалық
психологияның объектілері болып табылады.
Мектепке дейінгі балалар психологиясы,
төменгі сынып оқушылар психологиясы,
жеткіншектер, жасөспірімдер психологиясы
– даму психологиясының бөлімдері, ал
оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы,
мұғалімдер психологиясы- педагогикалық
психологиясының бөлімдері болып табылады.
Жас ерекшелік психолоиясы психологияның
басқа да салаларымен ( еңбек психологиясымен,
әлеуметтік психологиямен, және т.б.) тығыз
байланысты. Тек қана психология емес,
сондай-ақ жас ерекшелік физиологиясымен,
гигиенасымен, анатомиямен және т.б. байланысты.
Психикалық дамудың механизмдері.
Әрбір жас шағы психикалық
дамудың ерекше сапалы кезеңі
болып табылады және бала дамуының
осы кезеңдегі оның жеке басының
өзіндік құрылымының жиынтығы
құрастыратын көптеген өзгерістермен
сипатталады. Л.С.Выготский жас
шағы дамудың белгілі бір дәуірі
немесе сатысы, дамудың белгілі, біршама
тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың
жалпы циклінде алатын орнымен және дамудың
жалпы заңдарының одан әр кез өзіндік
көрініс табуымен анықталады. Бір жас
сатысынан екіншісіне өтуде бұрынғы кезеңдерде
болмаған жаңа құрылымдар пайда болады
және даму барысының өзі қайта құрылып,
өзгеріп отырады.
Адамның жас ерекшеліктері
көптеген жағдайлардың жиынтығымен
анықталады. Бұ л- әрі балаға
оның өмірінің осы кезеңінде
қойылатын талаптар жүйесі әрі
айналасындағылармен қарым-қатынастарының
мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер
типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері.
Жас шағына тән ерекшеліктерді анықтайтын
жағдайлардың жиынтығына баланың дене
дамуының түрлі жақтарының ( мысалы, сәбилік
шақтағы белгілі морфологиялық құрылымдардың
жетілуі, жеткіншек шақтағы организм өзгерістерінің
ерекшелігі т.б. ) ерекшеліктері де енеді.
Жас ерекшеліктерін анықтайтын
сыртқы жағдайлар балаға тікелей
әсер етпейді. Ортаның қайсыбір
элементтерінің қандай да бір бұрын
дамыған қандай да бір психологиялық қасиеттер
арқылы өтетініне байланысты әр балаға
объективті түрліше әсер етеді. Осы сыртқы
және ішкі жағдайлардың жиынтығы жастың
өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да,
ал олардың арасындағы қарым-қатынас өзгерісі
келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі
мен ерекшеліктеріне сабақтас келеді.
Сонымен, жас шағы оның
дамуының сол кезде қойылатын
талаптар мен тіршілік жағдайларының
ерекшеліктерімен, оның айна ласындағылармен
қарым-қатынас ерекшелігімен, блаланың
жеке басының психологиялық құрылымы
дамуының деңгейімен, білім мен ойлануының
даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық
ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады.
Адамның дамуын айналасындағылармен
қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі
бөлімдердің, тәсілдердің, қабілеттердің
даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды.
Жас ерекшелік психологиясының
мынадай салалалары бар:
Балалар психолоиясы
Жасөспірім психологиясы
Балаң жас психологиясы
Акмеология (кемелдік )
Геронтопсихология ( кәрілік)
8- лекция.
Тақырыбы. Сәбилік психикалық жас.
Жоспары.
Жаңа туылғандағы дағдарыс.
Шақалақтың өмірлік іс-әрекетіне
сипаттама.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Негізгі:
Возрасная и педагогическая
психология Под.ред. А.В.Петровского
М; 1986г
Возрасная и педагогическая психология
Под.ред. М.В.Гамезо. М.В.Матюхинной, Г.С.Михальнок
М.1984г
Мухина В.С. Возрасная психология
М.1998г
Немов В.С. Психология в
кн.2. М, 1995г
Қосымша :
Обухова Л.Ф. Детская психология.
М,1995г
Рыбалко Е.Ф. возрасная и
дифференсальная психология. ЛГУ,1990г
Лекцияның мәтіні:
Жаңа туған бала (туған сәттен
бір –екі айға дейін) бала
көптеген жануарлардың төліне
қарағанда дәрменсіз болып туылады.
Оның шарттсыз рефлекстік мінез-құлық
формаларының қоры, сыртқы ортаға
бейімделуі біршама шағын мөлшерде
болады.олар түрлі физиологиялық функцияларын
туін реттеуші: сору рефлексі, қорғану
және бағдарлау рефлекстері, бірқатар
арнайы қозғалыс рефлексі, жармасу және
сүйену рефлекстері, атап басу рефлекстері
және т.б. жатады. Олардың бәрі баланың
сезі м мүшелері сияқты туылатын сәтке
қарай, тиісті мөлшерде танып жетілген
жұлын және ми қабығы асты нерв орталығы
мен реттеліп отырады. Сыртқы әсерлердің
көпшілігіне нәресте қолдарымен аяқтарының
жалпы, жіктелменген қимылдар мен жауап
қайтарады. Үлкен ми сыңарларының қабығы
әлі толық қалыптасып болмаған: нерв клеткаларының
тармақтануы жоқ дерлік, өткізгіш жолдар
сақтанғышмиелин қабықтарымен қапталған.
Бұл қозылудың кең жайылып кетуіне және
шартты рефлекстің пайда болуының қиындығына
жеткізеді. Туа біткен мінез- құлықтың
көптеген түрлерінің болмауы баланың
әлсіздігін емес, қайта күштілігін білдіреді,
өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені
үйренудің, мінез-құлықтың жаңа формаларын
шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады.
Жаңа туған кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің
қажетті шарты-анализаторлардың белсенді
қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану
жағдаюйына түссе, оның дамуы күрт баяулайды.
Жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі
сол, оның соматикалық (дене) қимылдарынан
гөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек
қалыптасады, соның ішінде көру, есту тәрізді
жоғарғы анализаторлардың іс-әрекеттері
қарқынды қалыптасады. Осының негізінде
бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан
шартты рефлекстік байланстар жасала
бастайды. Көпт еген жаңа туған балаларда
алғашқы он күн ішінде тамақтану қалпына
байланысты шартты рефлекс пайда болады.
Алғашқы екі айда барлық анализаторларда
шартты рефлекстер жасалады.
Бағдарлау рефлексінің дамуы
көру мен есту қабілетінің
жинақталуынан көрінеді, бұл кезде
ырықсыз, шашыранды қимылдар тежеледі.
Егер өмірге келудің алғашқы күндерінде
баланың ұйқысы және сергектік күйлері
әлі .нашар ажыратылатын болса, ал туған
кезең соңына қарай олар болініп, сергектік
неғұрлым мазмұнды, белсенді сипат алады.
Пайда боған психикалық
белсенділік ырықсыз қимыл белсенділігін
баса білуде көрінеді. Екі-үш айға қарай
балалда үлкендерге көңіл аударудың еренкше
түрлері көртіне бастайды. Нәресте үлкен
адамды қоршаған дүние мен жасаудың қажетті
дәнекерші қажеттерін қанағаттандыру
қайнар көзі ретінде бөліп қарайды. Біртіндеп
баланың ересек адамның көрінуіне юайланысты
жадырау комплексі деп аталатын, арнайы
эмоциялы-қылық реакциясы қалыптасады.
Жадырау комплексі қол мен аяқтың екпінді
қимылдарынан көрінеді. Бала өзіне еңкейген
адам бетіне тесіліп қарап, оған жымиятын
болады. Жадырау комплексінің пайда болуы
жаңа туған кезеңнің соңы, нәрестелік
кезеңнің басы деп есептеледі.
Бірқатар буржуазиялық зерттеушілердің
пікірі бойынша, бала алғашқы
айларда өзінің тұйық дүниесінде
тіршілік етуші асоциольдық
тіршілік иесі болып есептеледі. Сондықтан
жаңа туған баланың шыр ете қалуын олар
баланың өзінің жат әрі жау бомаспен бетпе-бет
кездескендігін, сасқалақтап, абыржып
қалуы деп бағалайды. Мысалы З.фрейд жарық
дүниеге келеген баланың шыр етіп қалуын
он ың ана организмінен бөлінген сәтте
болатын қамыға жылауы деп есептейді.
Фрейдтің бұл идеясы бала
туған сәттен екі жасқа дейінгі
болмыстан мүлде аулақ болады:
оның ішкі дүниесі өзқажеттіліктерін
ақиқат дүние емес, өздерінің
қиалында , түс тәріздес толғаныстарда
қанағаттандыру тума қабілеті мен шектеледі
деп есептеген Ж.Пиаженің алғашқы еңбектеріне
әсер етті. Фрейд пен пиаженің аталған
қағидалары өткір сынға алынады. Француздың
прогрешіг зерттеушісі а.Воллон шырылдап
жылауды бірдемені алдын ала сезіну немесе
оған байланысты өкіну ретінде психологиялық
дәлелдеушілікті құрғақ бос қиял джеп
есептеді. Бала психикасының әуелі бастан
оқшаулануы жөніндегі Пиаже қағидалары
өз кезінде Выготский, ал кейінрек басқа
да совет психологтары тарапынан сынға
ілікті. Советтік және прогрешшіл шетел
авторларының зерттеулерінде алынған
көптеген фактілер нәресте өмірі тұтастай
үлкендерге тәуелді болатынын көрсетеді.
Үлкен адам баланың органикалық қажеттерін
қанағаттандырады, тамақтандырады, шомылдырады,
аударып салады. Үлкен адам баланың бе,лсенді
психикалық өмірде де қажетін қанағаттандырады:
нәресте өзін қолға алғанда, едәуір жадырап
қалады. Үлкен адамның көмегімен кеңістікте
қозғала отырып бала көптеген заттарды
көруге, олардың бір-бріне қарай жылжуын
байқауға мүмкіндік алады, ал мұның өзі
оның сенсорлық тәжірибесін қалыптастырады.
Сол сияқты есту, сипай сезу, әселері де
үлкендер тарапынан беріледі.
9- лекция.
Тақырыбы: Сәбилік жастағы сенсорлық
процестің қалыптасуының негізгі
заңдылықтары.
Жоспары.
Эмоционалды қарым-қатынас
сәбилік жастағы жетекші фактор.
Бір жастағы психологиялық
дағдарыс.
Пайдаланылған
әдебиеттер.
Негізгі:
Возрасная
и педагогическая психология
Под.ред. А.В.Петровского М; 1986г
Возрасная
и педагогическая психология
Под.ред. М.В.Гамезо. М.В.Матюхинной,
Г.С.Михальнок М.1984г
Возрасная
психология . Под.ред. Л.Ф.Обуховой
М.1971г
Люблинская
А.А. Детский психология М.1971г
Қосымша :
л.А.Першина
“Возрасная психология” м.2004г
Л.А.Головей,
Е.Ф.Рыбалка “Практикум по возрастной
психологии” СПб,2002г
О.В.Ддарвиш. Возрасная психология,
М.2004г
Лекция мәтіні.
Л.С.Выготский баланың болмысқа
деген қарым-қатынасы әуел бастан
әлеуметтік қарым-қатынас болады
деп атап өтті. Ол нәрестені
осы мағынада толық әлеуметтік
тірішілік иесі деп атау керек,
өйткені оның өмірі кез-келген жағдайда
көзге көрінсе де, көрінбесе де басқа адам
қатысып отыратындай болып ұйымдастырылған
дейді.
Үлкен баланың заттық дүниемен
қарым-қатынас жасауында дәнекерші
болып көрінеді. Үлкен адам қатысып
отырған кезде бала көбінесе
затпен қарқынды қимылдар жасай бастайды
да, ал жанында үлкен адам болмаса, затқа
қызығуы жоғалады. Баланың белсенділігі
үлкен адамның әрекетімен көтермеленіп
отырған кезде және бала үлкен адамды
бірлескен әрекетке шақырғанда баланың
үлкенмен қарым-қатынасының негізгі формасы
бірлескен іс-әрекетке айналады. Баланың
әлеуметтік реакциясы бүкіл нәрестелік
шақ бойына дамып отырады. Сергек күйдегі
бала үлкен адаммен қарым-қатынас жасауға
әрқашан дайын тұрады.
Қарым-қатынас шеңдерінде сөздің
алғы шарттары пайда болады.
Екінші айда былдырлаудың алғашқы белгілері
байқалып, кейінірек еліктеу жолымен одан
ана тілінің феноменалары көріне бастайды.
Бір жастың аяғына қарай нәресте кейбір
сөздерді түсіне бастайды. Бұл түсінгендік
аталғаг зат тұрған бала басын бұруы немесе
үлкендер атаған қимылды дасауы түрінде
көрінеді. Дәл осы кезде бала алғашқы сөздерді
дауыстап айта бастайды. Сонымен, үлкен
адаммен қарым-қатынас жасау процесінде,
бір жағынан, баланың өз қажеттіліктері
пайда болып, біртіндеп дами бастайды
(олардың ішінде қарым-қатынас жасау қажеттілігі
– эмоциялық жаутаңдықтың мвңызды мәні
бар), екінші жағынан, олардың қанағаттандыру
мүмкіндіктері туады.
Бала алдымен жетіледі, содан
кейні барып оны тәрбиелеп,
үйретеді деп жорамалдау дұрыс
болмас еді. Адамға тән барлық
мінез-құлықты барлық психикалық қасиеттер
мен қабілеттерді бала өзін ерте сәбилік
шақта жүруге, заттармен іс-әрекет жасауға,
көруге, естуге, бақылауға, тануға, есте
сақтауға үйрету негізінде алады. Әрине
нәрестеләік шақта баланы үйрету көбінесе
алдын ала ойластырылмаған, стихиялы сипатта
болады.