Лекции по "Психологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:12, курс лекций

Описание

Жас ерекшелік психологиясының басқа ғылымдармен байланысы.
Жас ерекшелік психологиясының негізгі ұғымдары.

Работа состоит из  1 файл

жасерекшелик психологиясы лекция.doc

— 395.50 Кб (Скачать документ)

 

 Жеткіншектік кезең қиын әрі сыналатын кезең деп саналады. Бұлай бағалау, біріншіден, осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты, бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен қарым-қатынастарын түбірімен өзгертетін сипатта болады, мұның өзі біршама қысқа мерзімде болуы мүмкін, көбінесе күтпеген жерден болады да, даму процесі секірмелі, қауырт сипат алады. Екіншіден, болып жатқан өзгерістер екінің бірінде біңр жағынна жеткіншектің өзінде, әртүрлі елеулі субьективтік қиыншылықтардың болуымен қабаттасады, оны тәрбиелеудегі қиыншылықтармен ұштасады, жеткіншек ересектерді ықпалына көне қоймайды, онда тіл алмаудың, қарсылық пен наразылықтың әр түрлі формалары шығады (қиқарлық, дөрекідлік, қарсылық, тентектік, бүкпелік, тұйықтық).

 

 Жеткіншектік кезеңдегі дамудың сыналу көріністерінің пайда болуында биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың ролі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді. Бұл проблеманың аса маңызды педагогикалық мәні бар.

 

 Жеткіншек жасына өтудің  анатомиялық-физиологиялық және психологиялық алғышарттары.

 

 Жеткіншек дамуындағы биологиялық  фактор проблемасы баланың организмінде  нақ осы шақтағы биологиялық  толысу жолына түбегейлі өзгерістердің  болуынан туындайды. Дене күшінің  дамуында жаңа кезең басалып, жыныстық жетілу процесі өркендейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнің морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процестері тұрады.

 

 Организмнің қайта құрылуы  эндокриндік жүйедегі өзгерісренден  басталады. Гипофиздің әсіресе  оның алдыңғы бөлігінің қызметі күшейеді, ал мұның гормондары талшықтардың өсуіне жіне ішкі секрецияның өте мааңызды бездерінің қызметіне қолавйлы жағдайлар жасайды. Олардың қызметі жеткіншектің организмінде көптеген өзгерістер туғызады. Бұл процестер қыз балаларда 11-13 жаста, ер балаларда 13-15 жаста неғұрлым жедел жүреді. Дене күшінің толысуы мен жыныстық жетілудің акселерациясы байқалып отырған қазіргі уақытта кейбір қыз балалар 10-11 , ер балалар 12-13 жатса жыныстық жетілудің бастапқы сатысында болады.

 

 Бойдың ұзаруы, салмақтың артуы, кеуде клеткасы шыңберінің өсуі – жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары, бұлар күрт өсу деген ерекше терминмен белгіленеді. Осының нәтижесінде баланың пішінімен салыстырғанда жеткіншектің пішіні өзгереді, дене пропорциясы ересе адамға тән пропорцияға жақындайды.Бас сүйегінің бет бөлігінің жедел жетілуі нәтижесінде бет әлпеті де өзгереді. Жеткіншек жасындағы жылдарда омыртқа жылдық өсуінде бойдың ұзару қарқынынан қалып қояды. 14 жасқа дейін омыртқалар арасындағы кеңістік әлі шеміршікпен толы болады. Дене түзілісінің неғұрлым көбірек бұзулуы 11-15 жаста болады, дегенмен нақ осы шақта мұндай кемшіліктерді түзеу одан да кейінгі кездегіден оңай болады. 20-21 жаста жамбас сүйекткрінің бекуі аяқталады ( қыз балалардың жыныс органдары осы сүйектердің аралығында болады) . Өте биіктен секірген кезде бұл сүйектердің тайып кетуі мүмкін, ал биік өкшелі аяқкиім кигенде жамбастың формасы өзгеріп, мұның кейінгі босану функциясына зиянды әсері болуы мүмкін.

 

 Бұлшық ет күшінің неғұрлым  жедел артуы жыныстық жетілудің аяғында болады. Бұлшық еттің дамуы ер балаларда еркектер типінде, ал қыз балаларда әйелдер типінде болады, осыдан келіп әр жыныстың өкілдерінде еркектерге тән немесе әйелдерге тән белгілер қалыптасады, бірақ бұл процестің аяқталуы жеткіншек шақтан өткеннен кейін болады.

 

 Бұлшық ет күшінінің артуынан  жеткіншектің дене күшінің мүмкіндіктері  ұлғаяды. Мұны ер балалардың  өздері де ұғынады және олардың  әрқайсысы үшін оның үлкен  маңызы бар. Алайда ересектерге  қарағанда жеткіншектің бұлщық  еттері тез шаршайды, сондықтан ұзақ уақыт жұмыс істейтін қабілеті әлі болмайды, спортпен және дене еңбегімен шұғылданған кезде мұны ескеріп отыру қажет. Мотор аппаратының қайта құрылуымен қатар көбіне қозғалыстардағы үйлесім жоғалады, өз денесін дұрыс ұстай білмеушілік шығады. Алайда 6-7 жастан 13-14 дейінгі шақ – көптеген қозғалыс сапалары оптималды дамитын, қозғалыс функцияларының бірқатар көрсеткіштері жедел артып жетілетін кезең. Сондықтан спортта жетістіктерге жету мүмкіндіктері де артады.

 

 Әр түрлі мүшелер мен талшықтардың өсуі жүректің қызметіне шамадан тыс талаптар қояды. Жүрек те өседі, әрі қан тамырларына қарағанда тез өседі. Мұның өзі жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметіндегі функциялық бұзылулардың себебі болып, жүректің қағуы мен қысымының артуы, бастың ауруы, бастың айналуы, тез шаршау түрінде көрінуі мүмкін. Жеткіншек шақта организмнің ішкі ортасында белсенді қызмет атқаратын ішкі секреция бездері жүйесіндегі өзгерістерге байланысты күрт ауысулар болады, осының өзінде қалқан бездері мен жыныс бездерінің гормондары, атап айтқанда, зат алмасудың анализаторлары болып табылады. Эндокриндік және жүйке жүйелері функциялық жағынан өзара байланысты болғандықтан, жеткіншек шақ , бір жағынан, энергияның күрт өсуімен, ал екінші жағынан, патогендік әсерлерге деген сезімталдықтың артуымен сипатталады. Сондықтан ақыл-ой немесе дене күшінің қажуы, ұзақ уақыт жүйеге күш түсу, аффектілер, күшті эмоциялық толғаныстар ( қорқыныш, ыза, реніш ) эндокриндік қолайсыздықтар ( етеккір циклінің уақытша тоқтауы, гипертироздың дамуы ) және жүйке жүйелерінің функциялық бұзылуларына себеп болуы мүмкін. Жеткіншек шақта эндокриндік және жүйке жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе-теңдік бұзылады да, жаңа тепе-теңдік енді ғана қалыптаса бастайды. Бұл қайта құрылу жеткіншекттің ішкі жағдайларына, әсерлеріне, көңіл-күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтығының, ашуланшақтығының, шамданғыштығының, қозғыштығының, қимыл белсенділігінің, мезгіл-мезгіл селсоқтығының, енжарлануының негізі болады.

 

 

19 - лекция.

 

 

Тақырыбы: Жеткіншектік жасындағылардың құрдастармен қарым-қатынасы.

 

 

Жоспары.

 

 Жеткіншектік жаста психика  қалыптасуының сипаты мен темпіндегі  жеке даралық айырмашылықтар.

 

 Қоғамдық іс әрекетте қажеттіліктің  дамуы және жеткіншектің қоғамдық  ұйымдарға қатысу түрлері.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

Негізгі:

 

 Люблинская А.А. Детский психология  М.1971г

 

 Детская психология Под.ред.  Я.л.Коломинского. Е.Н. Панько. Миннск,1988г

 

 Мухина В.С. Возрасная психология  М.1998г

 

 Немов В.С. Психология в  кн.2. М, 1995г

 

Қосымша :

 

 Обухова Л.Ф. Детская психология. М,1995г

 

 Рыбалко Е.Ф. возрасная и  дифференсальная психология. ЛГУ,1990г

 

 Смирнов Е.О. Психология ребенка  М,1997г 

 

 Грейс Крайг Психология развития  Сп б,2000г

 

 

 

Лекция мәтіні.

 

Құрдас балалардың принципті теңдікте болатын жағдайы нәтижесінде қарым-қатынастардың бұл саласы жеткіншек үшін ерекше тартымды болады: бұл жағдай жеткіншекте шыға бастаған өзін ересекпін деп сезінудің этикалық мазмұнына сай келеді. Жеткіншектік шақтың бастапқы кезінде болатын дамудағы өзіндік ілгері басушылықтар нәтижесінде жеткіншектерде жаңа қажетсінулер, ұмтылыстар, күйініш-сүйініштер, ересектермен және жолдастарымен қарым-қатынастарда қойылатын талаптар барынша ұқсас болады.

 

 Жеткіншектің жолдастарымен,  құрдастарымен, сыныптастарымен  қарым-қатынасы төменгі сыныптардағы балалардың қарым-қатынасынан гөрі күрделірек, сан-салалы әрі мазмұндырақ.. Жеткіншектік кезең де жақындық дәрежесі жөнінен әр түрлі қарым-қатынастар қалыптасады, оларды жеткіншектер әншейін жолдастар, жақын жолдастар, жеке дос деп нақпа-нақ саралайды. Олармен қарым-қатынас оқу әрекеті мен мектеп шеңберінен барған сайын шыға береді, жаңа мүдделерді, кәсіптерді, қарым-қатынастарды қамтып, жеткіншек өмірдің дербес және өте маңызды саласы болып бөлінеді. Бұл қарым-қатынастарда әр түрлі оқиғалар мен істер, күрес пен қақтығысулар, жеңістер мен жеңілістер, жаңалықтар мен өкініштер, күйініштер мен

 

қуаныштар молынан кездеседі, осының бәрі жинақталғанда жеткіншектің нағыз  өмірін құрайды, ал осында іс-әрекет жасап, ойланып толғанады, көп уақыты мен рухани күш-жігерін жұмсайды. Жолдастарымен қарым-қатынас жеткіншек үшін ерекше құндылыққа ие болады, маңыздылығы соншалықты ата- ана, туыстарымен қарым-қатынастардың тартымдылығын едәуір азайтып, оқулардың өзін екінші қатарға қояды. Әдетте мұны бірінші болып шешесі сезеді, ұлының ( не қызының ) өзі нен алшақтап, қайсыбір өөгеше өмір сүре бастағанын, бұл туралы айтпай, үйден жолдастарына баруға асығып тұратынды шығарғанын байқайды. Жеткіншек үшін құрдастарымен қарым-қатынасы оның жеке басының қарым-қатынастар сферасы бол ып сараланып, мұнда ол дербес іс-әрекет етеді.

 

Жеткаіншекте, бір жағынан, құрдастарымен  қарым-қатынас, бірлесіп іс-әрекет жасауға  ұмтылу, ұжымда өмір сүргісі келіп, жақын жолдас, дос тауып алуға  ұмтылу өте айқын көрінеді, екінші жағынан, жолдастарының арасында қабылданып, танылуға, олардың мұны сыйлауына жетуге ұмтылу одан кем түспейді.

 

 Мұның өзі аса маңызды  қажеттілікке айналады. Сыныптастарымен  қарым-қатынастарындағы қолайсыздықтыр, жақын жолдасының, досының болмауы  немесе достарының одан ажырасып кетуі барынша күйзелтіп, баланың жеке басының драма сы деп қабылданады. Жеткіншек үшін ең қолайсыз жағдай- ұжымның, жолдастарының оны шындап кінәлауы , онымен қарым-қатынас жасағысы келмеуі болады, ол ең ауыр жаза өзіне ашықтан-ашық немесе жасырын байкот жасауы болмақ Өзінің жалғыздығын сезіну жеткіншек үшін төзгісіз, ауыр жағдай. Сыныптастарымен қатынастардың қолайсыздығы оны өз мектебінен басқа жерден жолдас, дос іздеуге итермелейді. Әдетте, оларды тапқанымен, бұлар әр кезде бірдей жақсы болып шыға бермейді. Мұндай фактілердің күйінішті зардаптары болатын жағдайлары көп кездеседі.

 

 Жеткіншектің жолдастарының  назарын өзіне аударуға, олардың  ынтасын туғызып, жақсы көрінуге  ұмтылуы түрліше болып келеді. Мәселен, бұлардың өз қасиеттерін  тікелей көрсетуде ересектер қоятын талаптарды орындамау да болуы, сондай-ақ қиқаңдап, сайқымазақтану, күлдіруге тырысқан іс-әрекеттер, өтірік-шыны аралас ә р түрлі жайларды айту болуы мүмкін.

 

 Кішкене жеткіншек – жеке  басының қасиеттері жағынан қоғамшыл. Балаларға өмір мен іс-әрекеттің ұжымдық әдістері ұнайды, олар қоғамдық жұмыстарға ұмтылып, жақсы көреді. Бұл жұмыстар жеткіншектердің қарым-қатынасы үшін мазмұнды негіз жасап, инициатива, белсенділік, дербестік білдіруге мүмкіндік береді. Кез келген іс-әрекетте олар әншейін қарап тұрушы болмай, белсене қатысушы болғанды жақсы көреді.

 

Жеткіншектің жолдастарымен қарым-қатынасына қойылатын талаптар.

 

 Жеткіншектердің өзара және  топтасқан қарым-қатынастары көбінесе  ересектермен қарым-қатынастарға  тәуелсіз тіпті олардың дегендері мен ықпалдарына қарсы болып та қалыптасады. Бұл қарым-қатынастардың өз мазмұны мен даму логикасы болады. Егер төменгі сыныптарда ұжымдағы алатын орны негізінен оқу үлгеріміне, тәртібі мен қоғ амдық белсенділігіне, яғни баланың ересектер қоятын талаптарды қалай орындайтынына байланысты болса, жеткіншектер үшін басқа қасиеттер: до сы мен жолдастарының қасиеттері, зеректігі мен білімділігі ( тек оқу үлгерімі ғана емес ) батылдығы өзін-өзі ұстай білуі неғұрлым маңызды бола бастайды. Әр түрлі сыныптарда ( жеткіншектер топтарында да ) бұл жақсы жақтардың құндылық дәреже сінің түрлі баспалдығы бар, бірақ олардың біреуі- жолдастық қасиеттер- әрқашан бірінші орынға қойылады. Жеткіншектер әншейін танымал болып қана қоймай, олардың ризалы Жеткіншектер әншейін танымал болып қана қоймай, олардың ризалығы мен құрметіне бөлену үшін ең алдымен жақсы жолдасы болуы керек.

 

Осыған байланысты жеткіншектік кезеңнің басында бұрын танымал болған балалардың тобында өзгеріс болатыны жиі кездеседі: біріншіден, бұрынғы беделділер кетіп, олардың орнына жаңалары шығады, екіншіден, сынып активінің неғұрлым сыйлы әрі беделді жеткіншектер тобы болиауы жиі кездеседі. Сыныптары үшін беделді актив – ұжым құрудағы және сыныптағы лидер жұмысын ұйымдастырудағы қиындықтардың мәнді себептерінің бірі. Мұның тағы бір себептерінің бірі – мұғалімде басқарудың авторитарлық деп аталатын стилінің сақталуы және активте де сыныптастарымен қарым-қатынастың осындай әдістерінің тәрбиеленуі. Жеткіншектер мұны әсте қабылдамайды, - өйткені олар ересектердің де, жолдастарының да қарым-қатынастарына сол бір негізгі талап тұрғысынан қарайды- адамшылдық қадір-қасиет құрметтеуді талап етеді.

 

 Бұл талап жеткіншектің жолдастық  кодексінің өзегі болып табылады, оның нормалары әр түрлі негіздерінен: ернесектерден, жасы үлкенірек балалардан, кітаптар мен кинофильмдерден ( олар бұл нормаларды көрсетіп, түсіндіруде маңызды рөл атқарады ) ұғынылып, қ абылданады. Жеткіншектердің жолдастық кодексінің ең маңызды нормалары – қадір-қасиетті сыйлау, теңдік, шын берілгендік, жолдасына кө мектесу, адалдық.. Жеткіншектердің ортасында әрбіреуінің өз жолдасына, тобына, сыныбына қатысты іс-әрекеттері ескерусіз қалмайды және бұл нормаларға сай келетіні- келмейтіні бағаланып отырады. Сондықтан жеткіншектер жолдасына, тобына “опасыздықты” , уәде бұзуды, көмектеспй қоюды, өзімшілдік пен сараңдықты, бірінші болсам, басқарсам деген ниеттерді, менменсіп, өзін-өзі дәріптеуді, жолдасының пікірімен санасқысы келмеуді, сөзімен, күш көрсетіп, айламен, көзінше немесе сыртынан, тікелей не жанамалап болсын жолдасының қадірін түсіруді бірауыздан айыптайды. Мұндай қылықтар жәбірлесу, қақтығыстар, жанжалдар туғызады.Жолдасының өзін-өзі сыйлаушылығы, өз пікірі болмауы, өзінің айтқанынан қайтпай, жәбірлеушіге қарсыласа, алмауы да айыпталады, ал “жағым паздар”, алуан түрлі бейімделгішер, мүлдем жеккөрінішті көрінеді. Бұл айтылғандарға қарама-қарсы қасиеттер жеткіншекте қалыптасатын этикалық мұраттың негізі болып, жолдасының қасиеттерімен қарым-қатынасқа осы тұрғыдан талап қойылады.

 

 Бұл нормалар мен талаптардың ересектердің жолдастық , достық , шынайы ынтымақ қарым- қатынастарының аса маңызды нормаларымен үйлесетіндігі өте маңызды. Жеткіншектірдің жолдастық кодексінің моральдық-этикалық мазмұнының ересектердің осындай қарым-қатынастарының қағидаларымен үйлесуінің арқасында құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жеткіншектің әлеуметтік-моральдық ересектігінің айрықша мектебі болады.

 

 Жеткіншектің құрдастарымның  алды нда танымал да сыйлы  болсам деген мүдделілігі себепті  ол бұардың пікірі мен бағаларына ереше қарайды. Жолдастарының ескертулері, наразылықтары мен өкпелері оны бұлардың себептері жайлы ойлантады, өзіне назарын аударады, өз кемшіліктерін көріп, білуіне көмектеседі, ал олармен жақсы қарым-қатынаста, араларында сыйлы болуға ұмтылу түзеліп, олар қоятын талаптарға сай болайын деген ниет туғызады. Жеткіншек жаста қарым-қатынас үшін өте маңызды ерекшелік – құрдастарының талаптарын бағлдарлай, оларды есепке ала білу –дамиды. Қарым-қатынастың жақсы болуы үшін бұл өте қажет. Мұндай қасиеттің болмауын есейген жеткіншектер инфантілділік деп бағалайды.

Информация о работе Лекции по "Психологии"