Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 19:31, лекция
1.Жалпы психологиялық негіздері.
2.Түрлі теоретикалық бағдарламалардың қосқан үлесі.
3.Психологиялық ықпал етудің механизмдері.
4.«Әлем бейнесі» мен консультативті-психотерапиялық практикадағы оның мәні.
3.ДӘРІСТІҢ ҚЫСҚАША ТЕЗИСІ
2.7. Пән бойынша дәрістер жинағы
№ 1 ЛЕКЦИЯ
1-тақырып. Психологиялық кеңес беру процесінің теоретикалық негіздері.
1.Жалпы психологиялық негіздері.
2.Түрлі теоретикалық бағдарламалардың қосқан үлесі.
3.Психологиялық ықпал етудің механизмдері.
4.«Әлем бейнесі»
мен консультативті-
Психологиялық кеңес беру процесінің теоретикалық негіздерін терең механизмдерді, адамның әрекеттері мен қылықтарының мотивациясын, оның мінез-құлқының құндылықты мағыналар жүйесін анықтайтын жеке тұлға психологиясы бойынша жұмыстардан іздеу керек.
Ойлауды зерттеудің маңызы зор, себебі, ойлау қажеттігі өмір сүру барысында адамның алдында жаңа мақсат пайда болған кезде, жаңа жайлар мен іс-әрекет шарттары пайда болған кезде, ал іс-әрекеттің ескі амалдары мен тәсілдері оларға жету үшін жаңа тәсілдер мен құралдар жасауға болады. Мұндай жағдайлар мәселелі деп аталады, дәл осындай жағдайларда психологиялық кеңес бере алу қажеттілігі туады.
Мәселелі жағдай іс-әрекеті барысында адам түсініксіз, белгісіз нәрсеге тап болғандығын білдіреді. Мәселелі жағдайды ойлау мәселенің анализінен бастап адам саналы сезінетін міндетке айналдырады. Әсіресе, ойлау міндетті шешу барысында процесс ретінде айқын байқалады.
Енді ойлау процесінің кезеңдеріне тоқталайық. Әдетте ойлауды зеттеу бойынша жұмыстарда төрт осындай кезеңдерді атап көрсетеді:
Жиі бірінші және екінші кезеңдер бір міндетті тауып, оны құрастыру кезеңінде біріктіреді де, тағы бір кезең – шешімді тексеру кезеңін ендіреді.
Кейіннен психологиялық кеңес беру процесін қарастырғанда, оның кезеңдері ойлау процесінің кезеңдерін қайталайтындығын оңай байқауға болады.
_Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Психологиялық
кеңес беру қандай жалпы
2. Консультациялауда
басты психотерапиялық
3. Қандай факторлар
кеңес берудің сәттілігін қамта
№ 2 ЛЕКЦИЯ
2-тақырып.
Психолог жұмысындағы
1.Психологиялық кеңес берудің мақсаттары мен міндеттері.
2.Психологиялық
кеңес беру, психологиялық коррекция
және психотерапия
3.Психологиялық кеңес берудің қағидалары.
4.Кеңес берушінің ықпал ету құралдары.
Психологиялық кеңес берудің мақсаты мен міндеттері.
Психологияда
жеке адамның психологиялық
Психологияны өмір тәжірибесіне кең көлемде енгізу нәтижесінде оның көптеген жетістіктерін адамдардың алдында тұрған қиын мәселелерді шешуге ықпал жасауға мүмкіндік берді. Қазіргі кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу әдістері ретінде белгіленетін көптеген тәсілдерді тәжірибеленуші психолог кеңінен пайдаланылуда. Психологиялық кеңес беру психолог тәжірибесінде бұрыннан бері пайдаланылатын ұғым болғандықтан, ол терминмен психолог қызметінің кең аумағын қамтитын бұл түріне нақты анықтама беру немесе оның қолдану аймағын бір жақты көрсету қиын. Сондықтан, психологиялық білім қолданылатын кез келген салада кеңес беру жұмысы осы қызметті ұйымдастыру формаларының бір түрі ретінде саналады. Кеңес беру жұмысының өзі бірнеше бағытта болуы мүмкін: кәсіби кеңес беру, басшыларға кеңес беру, мектеп жасындағы балаларға кеңес беру, ата-аналарға және педагогтарға кеңес беру т.с.с. Білім беру жүйесінде және әлеуметтік ортада психологиялық кеңес берудің ең көп қолданылатын саласы мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына, әркімнің өзінің жеке тұлғалық және отбасылық проблемасымен келетіндерге психологиялық көмек көрсету болып отыр. Бұл сала бастауыш мектеп оқушыларының адаптациядан өтуі, жеткіншектер проблемалары, балалар мен олардың ата-аналарына кеңес беру, жас жұбайлармен жүргізілетін жұмыс, некеге дейінгі кезеңде үйленейін деп жүрген жастарға кеңес беру, семья бұзып ажырасушыларға психологиялық көмек сияқты көптеген жеке бағыттардан тұрады.
Психологиялық кеңес берудің негізгі мақсаты – психологиялық көмек көрсету қажеттілігі даусыз екенін дәлелдеп беру, яғни клиентпен әңгімелесу арқылы кеңес сұрап келген адамға проблемаларын шешуге және қоршағандармен ара қатынасын дұрыс орнатуға психолог көмек көрсете алатындығына сендіру. Бірақ бұл психологиялық көмек қалай көрсетілуі тиіс екендігіне бір жақты жауап беру оңай емес. Негізінде, маманның қабылдауында болған адам психолог туралы және психологиялық қызмет туралы пікірі жақсы болуы керек және психологпен кездескеннен кейін, егер ол адам шынында да өзін жақсы сезінсе, проблемаларын шешуге мүмкіндік бар екеніне көзі жетсе, онда кеңес берудің оң әсері бар екені қосымша дәлелдеуді талап етпейді. Кеңес берілгеннен соң клиент жете түсінбеген және дұрыс бағаламаған жағдайлар кездеседі. Бірақ уақыт өте келе, сол адам психолог сөзінің, оның берген кеңесінің дұрыс екеніне түсіне бастайды. Сондай-ақ кеңес беруші де, егер клиентпен кездесу одан әрі жалғасса, психодиагностика барысында анықталған проблемаларды түсіндіру кезінде кейбір мәселелерді клиент жете тыңдамағанын және қабылдамағынын байқауы мүмкін. Бұл жағдай психологтан өз қызметін клиентке жете түсіндіру қажет екенін көрсетеді.
Психологиялық кеңес берудің тиімділігінің басты көрсеткіші – клиенттің қанағаттанушылығы болып есептелінеді. Дегенмен көп нәрсе кеңес алуға келген адамның проблемаларының сипатымен анықталады. Мысалы, жапа шеккен адам кеңес беруден соң өзін біршама жеңіл сезініп, болашағы жақсы болатынына сенімі нығайуы мүмкін және тиіс, ал кеңес беруші оның қайғысын, тағы басқа эмоционалдық жағдайын жеңілдетуге тырысуы қажет. Келесі бір жағдайда эмоциалдық жағдайды жеңілдету кеңес берушінің тікелей мақсаты болмауы мүмкін: себебі психологпен жүргізген әңгіме пайдалы болғанын сезінген клиент өз проблемаларын өте терең, ауыр және өткір сезінуі мүмкін. Өткен проблеманы талдау барысында оның мән-мағнасына терең малшыну мен бірге келген өзінің сол оқиғаның орын алуына себекер болғанын түсіну, оқиғаға өзінің кінәлі екенін, жауапкершілік өз мойнына жүктелетіндігін сезіну, оны мойындау оңай емес. Бұл жағдайда клиент кеңес беру процесінен үлкен нәр алып, қанағаттанады деп айту өте қиын. Дегенмен себептерін толық талдау арқылы өз кінәсін мойындаудың өзі клиенттің басқаларды кінәлаудан бас тартып, біртіндеп эмоционалдық зорлану жағдайынан шығуына негіз болады.
Психологиялық кеңес берудің табысты болуы көбінесе кеңес берушінің клиентті мұқият тыңдауы және шағымданушының өзі жеке басында болған оқиғасы туралы түсінігін кеңейту секілді міндеттерді шешуіне тәуелді. Психологтың көмегіне сүйенген көптеген адамдардың шынайы проблемасы – олардың өздерін не толғандырып жүргені туралы сырын ешкімге айта алмауында. Кеңес берушінің оларды мұқият тыңдай алуы мен түсінетіндігі өте маңызды, осы қатынастың өзі белгілі оң өзгерістерге алып келеді. Оның үстіне маманмен байыпты және ойлы әңгімелесу барысында клиент өзі мен қоршаған адамдар жайында көп жаңалықтарды біліп оны түсінуіе алып келеді. Осы түсініс клиенттің өз-өзі мен өзге адамдар туралы ойлауының «азығы» болғандықтан ол өте бағалы болып табылады және адамның қоршаған әлеуметтік орта туралы түсінігінің кеңейуіне алып келеді. Психологтың көмегіне сүйенген клиент үшін мұндай нәтиже оның психологиялық тұрақтылығын көтеруге және жалпы адамдарға деген көзқарасы тұрғысынан маңызды болады, сонымен қатар, оның басқа да мамандарға да, олардың көмек көрсететініне сенімі артады.
Кеңес беру барысында әңгімелесу әдістемесі кеңінен пайдаланылады. Оның негізгі мақсаты – кеңес сұрап келген адамның алдында шешімі табылмай тұрған мәселенің мәнін анықтап алу және шағымданушымен қосыла отырып шытырман жағдайдан шығу немесе мәселені шешу жолын іздеу. Бұл процестің маңыздылығы – клиенттің басынан өтіп жатқан оқиғаларға жауапкершілікті психологтың өз міндетіне алуы.
Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және психотерапия жұмыстарының өзара байланыстылығы
Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және психотерапия бір-бірімен тығыз байланысты. Оның үстіне тәжірибеленуші психологтардың өздері бұл салаларды араластырып алып жатады. Сондықтан психологиялық қызметтің бұл салаларын жіктеп бөлу және оларға дәл анықтама беру арнайы еңбектің тақырыбы бола алады. Біз мұнда оларды шартты түрде ғана бөліп, психологиялық кеңес беру мен психокоррекцияны студенттерге түсіндіріп, олардың болашақ мамандық қызметінде бұл тәсілдерді пайдалану жолдарын анықтауға мүмкіндік беретіндей жерлеріне тоқталамыз.
Психологиялық кеңес беру барысында клиентке ықпал етудің басты құралы – жоспарланған әңгімелесу болып табылады. Оның көмегімен тұлғалар арасындағы қатынастарда орын алған неше түрлі қиындықтар мен психологиялық проблемаларды шешуге бағытталған жұмыс жүргізіледі.
Әңгімелесу кеңес беру, психокоррекция және психотерапия жұмыстарында жиі қолданылады. Дегенмен, егер кеңес беру жұмысы бәрінен бұрын клиентке оның басқалармен қарым-қатынас мәселелерін реттеуге көмектесумен шектелсе, психокоррекциялық немесе психотерапиялық ықпал негізінен көптеген өмірлік қиындықтармен шиеленістердің негізінде жатқан адамның жеке мәселелерін шешуге бағытталған.
«Психокоррекция» мен «психотерапия» терминдерінің айырмашылығы жеке тақырып болады. Отандық психологияда пайда болған бұл ұғымдарды бөлу жұмыс ерекшеліктерімен емес, психотерапиямен арнайы медициналық білімі бар адамдар ғана айналыса алады деген заңды жағдаймен байланысты. Біздің көзқарасымыз тұрғысынан бұл шектеу жасанды болып табылады. Себебі, психотерапия психологиялық ықпал жасау жолдарын ойластырады. Оның үстіне «психотерапия» (psychotherapy) термині халықаралық болып табылады және әлемнің көптеген елдерінде кәсіби психологтар іске асыратын жұмыс әдістері ретінде қолданылады. Психотерапия мен кеңес беру арасындағы шек өте шартты екендігі күмәнсіз. Мұны Ю.Ф.Поменов, А.С.Спиваковская т.б. авторлар өз еңбектерінде бірнеше рет атап өткен. Бұл еңбектерде психотерапия және психокоррекция саласында ортақ көрсеткіштері мол екені атай отырып, дегенмен психологиялық кеңес беруді арнайы дәрігерлік дайындығы жоқ психологтар жүргізуіне болатындығын, кеңес беру тек психологиялық жағдайға көзқарасты өзгертуге бағытталған болғандықтан оны адамның психикалық қасиеттеріне белсенді ықпал ету арқылы өзгерту керек емес кезде психолог мамандар жүргізе алатыны аталған.
Психотерапиялық көмек клиенттің жеке тұлғалық проблемаларын шешуге бағытталған. Бұл жағдайда сананы шектей отырып ықпал жасалатын амалдар кеңінен пайдаланылатын болғандықтан ол тәсілдерді қолдануға өте қатаң талаптар қойылады. Себебі, оң нәтижеге жету үшін психологиялық білім мен еңбектің жалпы принциптерін түсіну жеткіліксіз. Сонымен қатар психикаға терең әсер ету арқылы клиентті сөзсіз илануға жеткізу немесе гипнозға жақындатылған жағдайда сендіру тәсілдері де кеңінен пайдаланылады. Психотерапия тәсілдерін пайдалану үшін осы тәсілдерді толық меңгерген және емін-еркін қолдануға шеберлігі жеткілікті болуы керек.
Клиенттің проблемасы тұлғааралық немесе жеке тұлғалық екендігін дәлірек анықтау үшін психолог шағымданушыға көптеген жанама сұрақтартар қойып, оларға берген жауаптарын, психологпен кездесуден күткен үмітінің ерекшелігін талдап анықтайды. Кеңес беруші психологтың клиенттері, әдетте, жеке өмірлік қиындықтардың пайда болуына басқалар негативті рөль атқарды деп көрсетеді. Ал тереңірек психокоррекциялық жұмысқа бағдарланған клиенттердің шағымы басқаша болады: оларды көбінесе өзінің ішкі жағдайын, қажеттілігі мен тілегін бақылап, оларды реттеуге қабілетсіздігі мазасыздандырады. Сонымен, кеңес беруші-психологтың клиенттеріне мына типтес шағымдар тән. «Біз күйеуміз екеуміз үнемі себепсіз ұрысып қаламыз», немесе, «Әйелім мені ешқандай себепсіз қызғанады». Психотерапевтке келетіндердің көбісі өзінің проблемалары туралы басқаша айтады: «Мен өз-өзімді ұстай алмайтын, өте ашушаң болып кеттім, үнемі күйеуіме айқайлаймын», немесе, «Соңғы кезде әйелімнің адалдығына сенімсіздік білдіремін, ол мені алдайтын сияқты болады да тұрады, оны ешқандай себепсіз қызғанамын». Шағымдарда мұндай айырмашылықтар өте көп болады, ішінара сол клиенттермен жеке проблемалары мен сәтсіздіктерін сараптау бойынша арнайы жұмыс жасалынды. Адам өз басынан өтіп жатқан оқиғаға өзін жауапты деп қабылдауы - белгілі ерлікті қажет ететін қадам. Ол адам өзін-өзі өте терең және жан-жақты, барлық қыр-сырына түсініп тануға дайын екені күмәнсіз.
Шағымдар локусының
бағыттылығы мен адамның
Психотерапевтік
ықпал басқаша қалыптасады. Мұнда
психологиялық ықпал жасау
Информация о работе Психологиялық кеңес беру процесінің теоретикалық негіздері