Психологиялық кеңес беру процесінің теоретикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 19:31, лекция

Описание

1.Жалпы психологиялық негіздері.
2.Түрлі теоретикалық бағдарламалардың қосқан үлесі.
3.Психологиялық ықпал етудің механизмдері.
4.«Әлем бейнесі» мен консультативті-психотерапиялық практикадағы оның мәні.

Работа состоит из  1 файл

Лекции по ПК.doc

— 717.50 Кб (Скачать документ)

 Психологиялық  ықпал жасаудың бұл түрлерінің  ұзақтығы да әр түрлі болады. Психологиялық кеңес беру көбіне  қысқа мерзім ішінде жүреді және клиентпен 5-6 кездесуден асуы сирек кездеседі. Ал психотерапия процесі ұзаққа созылады және бір жыл ішінде ондаған, тіпті жүздеген кездесулер өткізуге бағдарланған болады. Психотерапевтік ықпалдың психокоррекция мен кеңес беруден айырмашылықтары – клиенттердің жеке тұлғалық типтерімен де байланысты. Кеңес беруші-психологтың қабылдауына келген клиенттердің ішінде психологиялық статусы, кәсібі, материалдық жағдайы т.б. көрсеткіштері әр түрлі адамдарды кездестіруге болады. Олардың ішінде кемшіліксіз клиент, рефлексияның даму деңгейі жоғары адамдар, өте қымбат және ұзақ емделу курсына ақы төлеуге мүмкіндігі бар, өте қабілетті бірақ ол қабілетін іс жүзінде көрсете алмағандар, психотерапевт қызметімен пайдалану үшін уақыты жеткілікті невротиктер т.с.с. кездеседі.

Мамандардың психотерапиялық  ықпал жасауға даярлығын көрсететін біліміне қойылатын талап өте  үлкен және олар теориялық психологиялың  дайындықпен қатар белгілі медициналық  білімі, сонымен қатар, жеке психотерапия мен тәжірибені супервизор басшылығымен жұмыстың ұзақ тәжірибесінен өтуінен тұрады. Психотерапия өзінің тарихи дамуында психиатриямен тығыз байланыстыболғандықтан бұл салада қызмет атқаратындар арасында кәсіби психологтармен қатар психотерапевтердің арасында арнайы дайындықтан өткен психиатрлардың кездесуі кездейсоқ емес. Психотерапевтке қаралған адам дәстүр бойынша клиент емес, пациент деп аталатынын байқаймыз. Сондықтан бұл саладағы маманның толық құнды дайындығын жеке психотерапиялық тәжірибесіз елестету мүмкін емес, соның арқасында ол жан-жақты жұмыс істеуге, клиенттердің проблемаларын дұрыс талдауға даярлығы нығайады.

 Психотерапия  мен кеңес берудің айырмашылығы – кең және көп қырлы тақырып. Психологтың көмегіне сүйенген көше адамы, әсіресе әрбір адам психологияның не екенін түсіне бермейтіні, оған қандай жоспарда көмек көрсетілу керектігін және ол қандай формада көрсетілуі мүмкін екендігін түсіне бермейді. Көбінесе клиенттердің психологқа келгендегі алдына қойып отырған мәселені шешу туралы үміттері психологиялық қызмет міндеттерімен дәлме-дәл келмейді, кейде өмір шындығы мен өзара  қатынастар логикасына да сай келмейді. (Мысалы, клиент психологиялық ықпал ету нәтижесінде біреуді өзіне қаратып оның сүйішпеншілігін тудыруды, немесе ұнатпай қалатындай етуді өтініш жасауы, ал кейде талап етуі жиі кездеседі). Осыған байланысты, клиентпен жүргізілетін бірінші жұмыс – психологиялық көмектен не күтуге болатындығын және керектігін оған жете түсіндіру. Осы көзқарас тұрғысынан нақты мақсатқа жетуге бағытталған психологиялық кеңес беру көбінесе өзіндік ерекшелікпен сипатталатын, өте ұзақ және терең зерттеуді талап ететін психотерапевтік көмек көрсету жұмысының алғашқы қадамы ретінде қызмет етеді. Кеңес берушіге келген адам алғаш рет өзінің өмірлік сәтсіздіктеріндегі өзінің ролі туралы ойланатын және оған шын мәнінде көмектесу үшін психологпен бір немесе бірнеше кездесудің жеткіліксіз екенін түсіне бастайтын жағдайлар болады. Кеңес беру барысында клиент бірден маңызды көмекке сүйене алуы мүмкін екенін анық сезінсе, нәтижесінде алдында тұрған барлық проблемаларды шешу жолдарын тез тауып алуы немесе шытырман жағдайдан шығуы таяу уақытта немесе ешқашан болмауы мүмкін екеніне де түсіне бастайды. Бірақ клиент өзіне психологиялық көмек көрсетілуі керек екендігін түсінуінің өзі өте маңызды. Проблеманы түсінген адам ондай жағдайға енді душар болмау жолдарын іздейді. Кеңес беру мен психотерапияның мұндай өзара байланыстылығының мағнасы терең. Осы байланыс тәжірибелік психологияның пайдалану шеңбері кең және көп қырлы мүмкіндіктерінің бар екенінің кепілі бола отырып, әрбір қаралған мәселелерді талдау барысында әр адам өзіне қажетті нәрсені таба алатындығына негіз болады.

 

Психологиялық кеңес берудің қағидалары.

Көптеген психолог мамандар үшін оны ұстану және іске асыру міндетті болып табылатын  өзіндік қағидалары мен талаптары бар. Психологиялық қызмет көрсететіндердің міндеттерін анықтайтын этикалық кодекстері бар. Психологиялық ықпал саласында адамдармен тікелей жұмыс жасайтындар үшін бұл нормалар елеулі шектеулер қояды. Психологиялық кеңес беру,  коррекция жүргізу және психотерапия элементтерін пайдалану психологтің этикалық қағидаларына сай жүруі керек. Кейде психолог жұмысында күрделі оқиғалар орын алса, оның ішінде,  қабылдау барысында кеңес беруші клиентке асоциалды әрекет жасауды ойлап отырғаны туралы мәліметтер түссе, психолг баланың денесіне соққы мен жәбірлеудің іздерін түсірсе, немесе ата-ана өзінің тұйықтық көрсеткен жеткіншек баласына кеңес беру барысында рухани жарақаттанғаны туралы мәлімет алса және т.б. өрескіл мінез көрсетілсе, психолог кәсіби жарамсыз деп танылады. Кәсіби қағидалар мен талаптарды орындамау психологтың дипломынан, тәжірибеленуші құқығы мен өзінің кәсіби қызметінен босатылуына алып келуі мүмкін. Біздің елімізде психологиялық қызмет көрсету енді орын алып келе жатқандықтан бұл шарттар әлі толық заңдастырылған жоқ. Дегенмен кәсіби серіктестің заңдастырылған лицензиясын алып, психолог ретінде қызмет көрсету тәжірибесі ұйымдастырылып келе жатқанымен байланысты рұқсат алу жолдары, психологиялық дайындықтың қалыптасқан жүйесі және т.б. сол секілді қажетті шарттары біртіндеп жүйелі салаға түсіп келе жатыр. Сондықтан психологиялық кеңес беру, коррекциялық тренингтер ұйымдастыру шаралары біздің ортамызда маңызды орын алуда. Олардың қызметінде А.А.Бодалев, В.В.Столин т.б. ұсынған этикалық талаптар мен қағидаларға сүйене отырып келесі басты қағидалар ұсынылған:

  • қарым-қатынас барысында клиентке тілектес болу;
  • клиенттің құндылықтары мен нормаларына бағыттану;

-    кеңес  беруге тыйым салу;

     -    кеңес берудің анонимділігі;

     -    жеке және кәсіби қатынастарды шектеу;

     -    клиентті кеңес беру процесіне   кірістіру;

-   психологиялық  кеңестен өтіп жатқандарға жауапкершілікті өз мойнына алдыру;

     -   кенес беруші мен клиент арасындағы  қатынасты құру.

Қарым-қатынас барысында клиентке тілектес болу

Бұл тұжырымдаманың негізінде  клиентті қабылдау кезінде оның өзін қалыпты  және ыңғайлы сезінуге бағытталған  кәсіби әрекеттің тұтас кешені жатыр. Тілектестік қарым-қатаныс әрекеттің  жалпы қабылданған нормаларын сақтау арқылы шағымданушының мұқтаждығын мұқият тыңдай білуді, қажетті психологиялық көмек көрсету мақсатымен әрбір адамды түсіну мен көмек беруге тырысуды қарастырады. Әр клиентті психологтың қуанышпен күтіп алуы, жағдайын сұрастыруы, клиенттің айтқан барлық шағымдары мен күдік тудырған мәселелерін мұқият тыңдауы және оның төркініне түсінуге тырысуы маманға деген сенім тудырады. Сондықтан кеңес алушыға, коррекциядан өтушіге тілектестік білдіру – негізгі талаптардың бірі болып табылады.

Клиенттің құндылығы мен нормаларына  бағыттану.

  Бұл қағида бойынша психолог өзінің жұмыс уақытында әлеуметтік ортада қабылданған нормалар мен ережелерге ғана емес, клиентке құнды болып табылатын өмірлік қағидалар мен идеяларға бағыттауын ойластырады. Клиенттің өзінің құндылықтар жүйесіне сүйенгенде ғана психологиялық кеңес беру арқылы оған тиімді ықпал етуге болады. Сондықтан кеңес беруші  қиын болып отырған қарым- қатынасы және басқа жағдайы туралы шағымданып келген адамның мұқтаждығына терең түсініп, оның толық ашылуына мүмкіндік бермесе ол сырын аша алмай тұйықталып қалады, нәтижесінде кеңес беру ықпалының мүмкіндіктері де мүлдем іске аспайды. Клиент құндылықтарын қабылдап алып, оларды құрметтей отырып, қажетті сөздермен қуат берсе, кеңес беруші олардың өмір жолындағы кедергі болып тұрған жағдайлардан адамгершілік сақтап өтуіне ықпал ете алады.

Кеңес беруге тыйым.

Кеңес беруге тиым салуға негіз болатын себептер өте көп  және алуан түрлі. Бәрінен бұрын, психологтың өмірлік және кәсіби тәжірибесінің таяздығы қандай болмасын басқаға кепілдендірілген кеңес  беруге мүмкіндік бермейді. Психологиялық кеңес беру барысында психолог әрбір адамның өмірін толық түсінбесе ол белгісіз және алдын-ала болжанбайтын күйінде қалады.. Оның үстіне, кеңес бере отырып психолог клиенттің басынан өтіп жатқан оқиғаға жауапкершілікті толығымен өзінің мойнына алады. Бұл кеңес алушы тұлғаның шындыққа барабар қатынасын дамытуға ықпал жасауы да, жасамауы да мүмкін. Егер тәжірибесі таяз, әлі шеберлігі қалыптаспаған маман психологиялық кеңес барысында клиенттің проблемаларын шешуге ықпал ете алмаса, онда психолог өзін «гуру» ұстанымына қояды. Бұл жағдай клиенттің психологиялық жағдайын басқаруға, сол жағдайдан адамгершілікпен шығу жолын үйретуге мүмкіндік болмайды, сондықтан мұндай кеңес берудің зиян жағы басым болуы мүмкін. Клиент өз өмірін сараптап талдаудан, оны өзгертуге ұмтылудан бас тартып, өзінің өтіп жатқан оқиғаға немқұрайды қатынасының қалыптасуына алып келеді. Бұл жерде кеңесті іске асырудағы кез-келген сәтсіздік кеңес берушінің беделіне теріс әсерін тигізіп, кеңес беруші сәтсіздіктің негізгі себебі ретінде бағаланады. Мұндай жағдай, әрине, клиенттің басынан өтіп жатқан оқиғалардағы өз ролін түсінуге кедергі келтіреді. Сондықтан, психолог кеңес беруге шамасы келмейтінін байқаса бұл туралы пікірін клиентке ашып айтып, кеңес бере алмайтынын мойындауы керек. Осындай жағдайларда кеңес беру жұмысын жалғастыруға толық тиым салынады.

Кеңес берудің анонимділігі.

 Психологиялық  кеңес берудің негізгі шарты – оның анонимділігі. Бұл қағида бойынша клиенттің психологқа айтқан кез-келген ақпараты және психодиагностикалық зерттеу нәтижелері оның келісімісіз ешқандай жеке тұлғағаларға, қоғамдық немесе мемлекеттік ұйымға, оның ішінде туысқандарына немесе достарына айтылмайтындығына психолог кепіл береді. Көптеген елдерде бұл ережеден туындайтын мемлекет заңында арнайы қарастырылған баптар бар. Барлық мәліметтер құпия сақталатыны туралы клиент алдын-ала ескертіледі. Дегенмен, кей кездерде психологиялық зерттеу барысында клиенттің берген ақбараттарында оның біреудің өміріне қастандық жасап, қауіп туғызып турғаны туралы тиянақты мәлімет алынған жағдайда бұл құпияны психолог қажетті мекеме өкілдеріне жеткізуі қажет. Бірақ, әрине, бұл жағдайда психологтың өте абай болғаны және клиент мүддесін есепке алғаны дұрыс.

Жеке және кәсіби қатынастарды шектеу.

Психолог өз клиенттерімен достық қарым–қатынасқа өте отырып немесе өзінің достары мен жақын туыстарына кәсіби көмек көрсетуге тырысып, оларға жығылғаны, айтқанымен жүргені тәжірибесі мол және кәсіби шеберлігі қалыптасқан кеңесшілерде де кездеседі. «Өз Отанында пайғамбары жоқ» дегендей, психолог өз туысқандарына психологиялық кеңес беру мақсатында кез келген ұсыныстар мен әңгімелер жүргізуі оның кәсіби қызметі оңай бағасызданылатындыққа алып келеді, сонымен қатар басқа да көптеген себептер бойынша да бұл жолдың қиын жерлері бар.

Психотерапияда  клиенттермен жұмыс жүргізу үшін маңызы өте зор екі негізгі  ұғым бар: а) «тасымал», яғни клиенттің  психотерапевтке және онымен өзінің қатынастарын, негізгі проблемалары мен шиеленістерін  тасымалдай білуге бейімділігі; б) «контртасымал», яғни  психотерапевттің клиентке қатысты ішкі  проблемалары мен шиеленістерін және өзінің  белгілі  адамдармен қатынастарын  жобалауға бейімділігі. Психоанализге З.Фрейд енгізген бұл  ұғымдар бүгінгі күні психотерапияның түрлі бағыттарында кеңінен қолданылады. Олар кез келген  адам қатынастарында  және психотерапия шеңберінде қалыптасқан арнаулы  қатынастар адамның ішкі мұқтаждығы  мен  тілегінің  ықпалында болатындығын білдіреді. Оның үстіне, тіпті кәсіби-психатерапевт те контртасымалға «қарусыз» болады. Әр жас маман өзінің контртасымалын клиент проблемаларын сараптау мақсатында пайдалана білуін, түсінуін, өзгелерді басқару үшін және бірқатар басқада жеке және тұлғааралық феномендерді анықтау үшін ол тәжірибелі мамандармен бірлесіп ұзақ жұмыс жүргізіп, жеке тұлға ерекшеліктерін талдау жүргізуге үйренуі - міндетті талаптардың бірі. Бұл феномендер кеңес беру процесінде де түрлі деңгейде пайдаланылады. Бірақ арнайы дайындықтан өтпеген адам бұл күрделі құбылыстарды жүргізу қызметін істеуі қиын.

Кеңес беруші клиенттің беделін сақтау үшін ол туралы жеткілікті мәлімет алуының қажеттілігін, мәліметтілігі аз болуымен байланысты толық көмек көрсетуі қиын екенін түсіндіруі керек. Бірақ мәліметтілік кейде кеңес беруші мен клиент арасында тығыз жеке қатынас орнатуға, олардың жақын адам ретінде бір бірінің талаптары мен тілектерін қанағаттандыруына және кеңес беруші клиент проблемасын тиімді шешуге қажетті объективті ұстанымдарды сақтай алмайтынына алып келуі мүмкін. Басқа елдер  тәжірибесінде клиент пен кеңес берушінің (психотерапевт пен клиенттің) тұлғааралық қатынасы орын алғанын, оның ішінде төсек қатынасына түсуі анықталып, оның психотерапевттің мамандық қызметінен босатылғаны жарияланған. Сондай-ақ бұл оқиғаға алуан түрлі көзқарастар болды. Бірақ, осы пікірталастардан жасалған қорытынды біреу: мүмкіндігінше жеке қатынастарды болдырмаған жөн, ал егер осы жағдай орын алса психологтың өте абай болып, егер мұндай жағдайлар орын алса психолог кеңес беру немесе психотерапия процесін жүргізуді тоқтатуы керек.

Клиенттің кеңес беру процесіне  кірістірілуі.

Кеңес беру процесі  тиімді болу үшін, клиентті қабылдау кезінде  ол өзінің мәселесі бойынша көтерілген әңгімеге кірістірілгенін сезініп, кеңес берушімен талқылаған мәселердің барлығын эмоцияға шылыққан түрде қайтадан басынан өткеруі тиіс. Мұндай кірістірушілікті қамтамасыз ету үшін психолог өзінің диагностикалық әңгімесінің дамуын біртіндеп клиенттің басынан өткізген жағдайдың барлығын бір-бірімен ұштастырып, сол оқиға болған жағдаймен логикалық жағынан байланыстырып, талдаудың мағнасы шағынушыға түсінікті болатындай етіп жүргізуі керек. Себебі, талқылаған мәселелердің барлығы клиентке түсінікті және тыңдаушылардың қызығушылығын тудыратын болмаса ол өз оқиғасын шешу үшін үлкен шыдамдылықпен оны сараптап, нәтижесінде осы жағдайдан шығу жолдарын белсене іздеуге кіріспейді.

Клиентті қабылдау кезінде ол кенеттен толқып, тақырыпқа  деген қызығушылығын жоғалтып, жалығып, іштей психолог пікірімен келіспей, болған жағдай туралы ешнәрсе айтқысы  келмей қалатын кездері болады. Бұл жағдайда клиентке оқиғаны соңына дейін түсіндіріп айтуды, себептерін талдап, түсіндіруге тырысып, әңгімелесуге оны мәжбүр етудің пайдасы жоқ. Мұндай кезде психолог тақырыпты ауыстыра отырып, күнделікті болып жатқан, баршаға ортақ тақырыптарға ауыстырып, сол әңгіме барысында психологпен сөйлесуге қызығушылығын қайта шақырып, кейде әзілдесіп және басқа тәсілдердің көмегімен клиентті кеңес беру процесіне қайта кірістірген жөн. Зерттелінушінің қызығушылығын сақтағанда ғана оның психологиялық кеңеске деген оң көзқарасын жандандыруды қамтамасыз етіуге, жағдайды дұрыстап алуға мүмкіндік туады.

 

Клиенттерге жауапкершілікті өз мойнына  алдыру

Кеңес беру барысында  клиенттің жауапкершілік локусы өзгелерден өзіне ауыстырылуы тиіс. Бұл міндетті шешпей қандай да бір  нақты нәтижеге  жету мүмкін емес. Тек қана адам өз басынан өтіп жатқан оқиғаларға өзінің  жауапкершілігін сезінген кезде ғана ол өз басына қиындық туғызған жағдайға өзі де кінәлі екенін мойындап оны өзгертуге шынымен тырыса бастайда. Керісінше, кінасын мойындамаған жағдайда ол айналасындағы адамдар тарыпынан көмек пен жағдайды өзгертуді күтеді және талап етеді.

Жауапкершілік локусын клиеттің өзіне аудару оңай шаруа емес. Қабылдау барысында психолог жасай алатын нәрсе – бұл клиентке оның адамдармен қатынастары күрделі сипатта екендігін түсіндіріп, оны оң белгіге аударуға ықпал ететін жолдарын көрсету. Бұл жағдайда кеңес беруші өте маңызды нәтижеге қол жеткізеді, себебі адам өзінің оқиғаға жауаптылығын сезіне отырып, өз өмірінде өзгерістер болуы үшін не істеу керектігі туралы өзі шешім қабылдайды. Әрине, бұл шешімді қабылдаудағы психологтың көмегі өте пайдалы.

Информация о работе Психологиялық кеңес беру процесінің теоретикалық негіздері