Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 12:10, дипломная работа
Дипломная работа по "геополитике"
4.Зерттеу материалдарын өндеудің математикалық әдістері: берілгендердің математикалық және графикалық анализі.
Диплом жұмысының теориялық-
- Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау ( Е.М. Үпішев,
С. Мұқаұлы)
- Экологиялық қызметтің нәтижелілігі туралы екінші шолу (БҰҰ Еуропалық экономикалық коммиссия)
- Экология және қоршаған ортаны қорғау (Асқарова Ұ.Б.)
- ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы.
- ҚР «Экологиялық Кодексі»;
- ҚР «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Заңы;
Диплом жұмысының теориялық маңыздылығы: Табиғатты ұтымды пайдалану. Қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдарын анықтау, оларды қарастыру, жетілдіру жолдарын қарастыру.
Диплом жұмысының тәжірибелік маңыздылығы: студенттер мен табиғат байлығын пайдаланушы өндіріс мамандарының табиғат байлығын пайдалану мен табиғи ортаны қорғау экономикасын үйренуіне көмектеседі.
Диплом жұмысы тақырыбының зерттелу дәрежесі: Е.М. Үпішев,
С. Мұқаұлы, Асқарова Ұ.Б.
Диплом жұмысының
Диплом жұмысының кезеңдері:
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: кіріспе, үш тарау, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен және 73 беттен тұрады.
1 Қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері
Экономика саласында жаңа экологиялық-экономикалық жобаларды қалыптастыру үшін экономикалық дамуды экологиялау қажет болды. Қоғамның техносферамен және оны қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасына экономиканың барлық құрылымдары мен салалары - өндіріс, бөлу және тұтыну қамтылған. Осыған байланысты экономиканың дамуы адамзат қоғамындағы қажеттіліктің шексіздігі, ал қажеттілікті қанағаттандыратын материалдардың ресурстар шектеулігі туралы түбірлі жағдайды мойындауымыз керек. Ол жағдай шектеулі ресурстармен қажеттілікті неғұрлым толық қанағаттандыру үшін экономикалық процестерді оңтайландыру, тиімділігін арттыру қажеттілігін туғызады.
Экономиканың табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілуі экология заңдылықтарына бағынышты екені ұзақ уақыт мойындалмай келді. Бірақ, соңғы он жылдықтарда өндіргіш күштердің қарқыны өсуіне байланысты бұл тәуелділік айқын сезіле бастады. Мысалы, топырақтың бір пайыз төмендеген құнарлығын бұрынғы қалпына келтіру үшін жұмсалатын шығындарды 10% арттыру керек. КСРО-да өткен ғасырдың 20-шы және 90-шы жылдары аралығында 1 центнер дәнді дақылдар өндіруге жұмсалатын қаржы 1100 есе өсіпті. Кесілген орманның орнына қолдан отырғызылған немесе қалпына келтірілген орман бұрынғы табиғи күйіне келмейтіні белгілі болды. Осы мысалдардың өзі табиғат ресурстарын ысырапшылдықпен пайдалану қымбатқа түсетіні, ең бастысы – зор әлеуметтік-экологиялық және экономикалық зиян әкелетінін көрсетеді. Бұл мәселені әлеуметтік-экономикалық саланы экологиялау арқылы шешуге болады. Ол үшін:
келетіндерін басқа экономикалық категорияларды байлықтың басқа категорияларымен тең қарастыру;
Қазіргі күнге дейін табиғаттан қанша ресурс алуға болатыны, оған қаншалықты әсер етуге болады және оның салдары қалай болатыны айқындалған жоқ. Біздің экономикамыз ресурс тұтынушы бағытта екені белгілі.Бірақ, ресурс тұтынудың артуы ұлттық табыстың өсуіне шамалас емес. Яғни, мәселе пайдаланған ресурс көлеміне емес, экономикалық құрылымға байланысты. Қазіргі қалыптасқан үрдіспен экономиканың қарқынды дамуына табиғат ресурстары жетпейді. Оның үстіне көптеген ресурстар сарқыла бастады және пайдаланылуы шектелді. Экологиялық мәселелерді талдау және экономиканың ресурс үнемдеуші тұрақты даму жолына түсу үшін жаңа шешімдер қажет екенін талап етуде. Қазіргі нарық жағдайына қанша өнім шығару емес, табиғатқа зиян келтірмей қанша ресурс пайдалануға болады, табиғаттың қалыпты жағдайын өзгертпей қаншалық әсер етуге болады деген мәселені шешу керек. Ол үшін өндірістің алғашқы факторларын соңғы тұтыным өнімімен байланыстыратын мақсатты бағдарламалар керек. Осы өндірістік тізбектің ( өндіру, тасымалдау,өңдеу,тұтыну) өне бойында ресурс үнемдеу жолдарын, өндірістің тиімділігін арттырудың негізінде ең соңғы өнімді тұтынуды азайтуды ойластыру қажет.
Шешім қабылдаудағы маңызды мәселелердің бірі – ҒТП нәтижесінде табиғат ресурстарын қаншалықты жасанды ресурстармен алмастыруға болатындығы. Ондай мүмкіндіктер өте шектеулі, ал кейбір адамға аса маңызды табиғат игіліктерін және экологиялық жүйені ештемемен алмастыруға болмайды.
Мысалы, отын ресурстарын бір-бірімен алмастыруға немесе олардың орнына күнннің немесе желдің қуатын пайдалануға болады, ал табиғи ландшафты, өсімдіктер мен жануарлар әлемін, олардың тұқым қорларын, ішетін суды, демалатын ауаны, өзен қабатын, т.с.с. жасанды заттармен алмастыруға болмайды. Тіпті, жасанды заттардың өзі алғашында табиғаттан алынады.
Қазіргі экономикалық теорияның кемшіліктерінің бірі экологиялық факторларды экономикалық категорияларға қосу, өйткені маркстік саяси экономия экономикалық категорияға адамның еңбек нәтижесін ғана қосты. Шындығында құндылықтар табиғат ресурстары мен экологиялық жағдайлардың қатысуымен құрылатын нәтижелер мен шығындар жиынтығы. Жасалуына белгілі түрде табиғи ортаның факторлары мен жағдайы қатыспаған құндылық жоқ [4; 30].
Экономиканың маңызды көрсеткіші - елімізде өндірілген тауар мен қызметтің бағасы. Бірақ өнімнің әр өлшемін өндіргенде одан 10 еседен артық қалдық шығарылады, ал табиғатты паудалануда одан бірнеше есе көп.
Бұл қалдықтар,
табиғи ортаны ластап, тіршілік
жағдайын қиындатумен бірге
Табиғат ресурстарын
тұтынудың артуы мен
Экономикада ресурс үнемдеушілікке жаңа көзқарас керек. Қазіргі көзқарас бойынша неғұрлым көп ресурс тұтынылса, соғұрлым мол өнім алынады дегенге саяды.
Мұндай өндірісті көпшілік жағдайда «Қара жәшікке теңейді» теңейді. Оның аузына табиғат ресурстарын саламыз, ал екінші жағынан өнімдер мен қалдықтар аламыз (1-сурет).
Өнімдерді көп алу үшін табиғат ресурстарын тұтынуды арттырамыз, демек, шығарылатын қалдықтар да артады. Экономиканы шектеуші факторлар: табиғат ресурстарының сарқылуы және табиғи ортаның ластануы экономиканың дамуын тежейді, яғни алға қойған мақсатқа жете алмаймыз. Ол үшін «қара жәшігіміздің» ішін жетілдіріп экономиканың құрылымын әлсіретпеуіміз қажет, яғни аз ресурстан мол өнім алуға тырысу керек. Сонда ресурста үнемделеді және қалдықтарда азаяды.
Қазіргі экономикамыздың басты көрсеткіштері: жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс. Бұл көрсеткіштердің ресурс сыйымдылығы көбінесе назардан тыс, тасада қалып қояды.
Экономиканың өсімін экологиялық көрсеткіштерді (индикатороларды) қолдана отырып бағалау туралы ізденістер жүріп жатыр. БҰҰ хатшылығының статистика бөлімі экологиялық-экономикалық есептеу жүйесін (System for Inteqroted Environmental and Economic Accounting, 1993) ұсынды. Бұл жүйе ұлттық есептеу жүйесінде экологиялық факторларды және табиғат ресурстарын есептеуді қарастырады. Оның негізгісі қалыпты экономикалық көрсеткіштерден екі шаманы: жұтайған табиғи ресурстық құны мен ластану салдарынан болатын экологиялық зиянды шегеру. Соның нәтижесінде экологиялық бейімделген таза ішкі өнім (ЕДР – Envizonmentally adgusted ned domestic product) анықталды. Ол үшін ең алғаш таза ішкі өнімнен (NDP) жұтайған табиғат ресурстарының (DN) (кесілген ағаш, өндірілген мұнай, минралдық шикізат, т.с.с.) құны шегеріледі.
EDP = (NDP – DN ) – ED
Осы әдіспен есептелген жеке елдердің көрсеткіштері әдеттегі көрсеткіштерден едәуір өзгеше болды. Алғашқы есептеулер бойынша экологиялық бейімделген таза ішкі өнім ЖІӨ 60-70 % құрайды. Аталған әдісті кеңінен қолдануға әзірше көптеген кедергілер бар. Олардың бастысы экологиялық көрсеткіштердің ақшалай өлшемін дәл есептеп шығару болып отыр.
Бүкіләлемдік банк мамандары тұрақты дамудың жиынтық көрсеткіші ретінде «нақты сақталған» құндылықты (qenune (domestic) savinqs) ұсынды. Нақты сақталған құндылықтар экономикалық көрсеткіштерді біртіндеп түзету арқылы анықталады. Алғаш жалпы ішкі өнімнен оған жұмсалған капитал (CFC) шегеріледі, содан кейін оған білім беруге жұмсалған шығындар (ЕЕ) қосылады, жұтайған табиғат ресурстары (DN) және қоршаған ортаның ластануынан болатын зиян (ED) шегеріледі.
GS = ( GDS – CFC ) + EE – DN – ED
Барлық есептеу көрсеткіштері ЖІӨ пайыз ретінде алынады. Осы әдіспен есептелген көрсеткіштің әдеттегі көрсеткіштен айырмашылығы өте үлкен екені байқалған.
Экологиялық параметрлерді қолданып тұрақты дамудың жиынтық керсеткішін есептеу жолдары әлемде белсенді түрде іздестірілуде. Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры табиғи экожүйелерді бағалау үшін «тірі планета индексі» агрегатының көрсеткішін есептейді. Сондай-ақ табиғатқа жүктемені көрсететін «Экологиялық із» көрсеткіші анықталды [1; 2; 23].
Тұрақты даму индикаторларын жасау жолындағы тағы бір көзқарас - дамудың экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, т.б. жақтарын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін қолдану. Жиынтык көрсеткішке қарағанда бұл көзқарас кеңірек қолданыс табуда. Мысалы, БҰҰ тұрақты даму туралы Комиссиясының әдістемесін (1996, 2001) атауға болады. Сондай-ақ, Бүкіләлемдік банк зерттеулерімен ұсынылған «Әлемдік дамудың индикаторлары» көрсеткішін атауға болады. Экономикалық ынтымақтастықтың және даму ұйымының экологиялық-экономикалық индикаторлар жүйесі әлемде кең қолдау тапты, АҚШ және Ұлыбритания сияқты жеке елдерде жасалған көрсеткіштер де бар.
Бірақ, өкінішке орай, тұракты дамудың тиімділігін негіздейтін әлемде танылған жиынтық көрсеткіш әлі жасалған жоқ. Осыған байланысты индикаторлар жүйесін құруға күш жұмсалуда. Бірақ, олардың саны өте көп болмауы керек. Көп көрсеткіштермен шешім қабылдау қиын. Негізгі басымдылық берілетін көрсеткіштерді анықтау керек. Олар — жалпы натуралдық көрсеткіштер (жалпы көлем, жан басына, бір ауданға есептелген көрсеткіштер) немесе үлестік көрсеткіштер (жалпы өнімнің бір өлшеміне табиғат ресурстарының шығыны, ресурс сыйымдылық үлестік ластаулар т.с.с.).
1.2 Қоршаған ортаны қорғаудағы қолданылатын экономикалық құралдар
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдарының арасында бұрынғысынша өнеркәсіптік кәсіпорындардан шығарылатын түрлі қалдық түрлері мен аса көп ластаушыларға салынатын, ластауға қатысты төлемдер үстемдік етеді. Экологиялық жағынан зиянды өнімге төленетін төлемдер қосымша рөл атқарады. 1997 жылғы «Қоршаған ортаны қорғау» Заңында белгіленген (ҚОҚЗ) ластау деңгейін төмендеті технологияларын таратуды алға жылжытуға бағытталған субсидиялау кестесі жүзеге асырылған жоқ. Дегенмен олар сондай-ақ өз күшіне 2007 жылы енген Экологиялық кодексте де айтылған жэне ол ҚОҚЗ интеграцияланған. Кодекс сонымен бірге кәсіпорын деңгейінде қайта қалпына келтіру қорларын құрудың жэне қалдықтарға сертификаттар берудегі сауданың нарықтық кестесін жүргізудің қүқықтық негізін қамтамасыз етеді. Кодексте қоршаған ортаны қорғаумен байланысты экономикалық, ягни ақшалай, экологиялық залалды бағалау мэселелерін қарастыратын ережелер де берілген. Алайда осы аталған жаңа ережелердің барлығын жүзеге асыру детальдары әлі де жасалу үстінде [1; 12; 27].
Қоршаған ортаны қорғаудағы қолданылатын экономикалық құралдар:
1) Әрбір кәсіпорын үшін ауа мен суды ластайтын заттар бөлудің ең жоғарғы мөлшері және қоқыс шығарудың ең үлкен көлемі көрсетілген экологиялық рүқсаттар. Қоршаған ортаны ластауға қатысты төлемдер белгіленген лимиттер шеңберінде есептеледі. Нормативтік заңнан тыс ластауларға нормадан ауытқығаны үшін айыппұл салынады. Алайда қоршаған ортаны ластауға төленетін төлемдер жүйесі ешқандай айқындылығымен ерекшеленбейді, сондай-ақ олардың экологиялық тиімділігін өлшеу де қиын. Стационарлық көздерден түсетін ластағыштарға қатысты ҚШК атмосферадағы жекелеген заттардың улылығын және осымен байланысты адам денсаулығына ықтимал әсер етуін ескергендегі шекті концентрациясы (ШЫК) арқылы анықталады. Жекелеп алынған облыстың әрбір кәсіпорны үшін ҚШК ластағыш заттардың атмосфераға таралуын компьютермен модельдеу негізінде есептеледі. Экологиялық саясат бірнеше негізгі ластағышты көздемейді; керісінше, ауа мен су ластағыштарының жүздеген ресми тізімі бар, олардың әрқайсысына қалдық шегі анықтамасы қолданылады. Кәсіпорын үшін ҚШК белгілеу барысында ескерілетін ластағыш заттардың түрі мен саны өндіріс көлемі мен өндірісте қолданылатын технологиялардың көлеміне тығыз байланысты болады.
Информация о работе Қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттің экономикалық реттеу құралдары