Қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттің экономикалық реттеу құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 12:10, дипломная работа

Описание

Дипломная работа по "геополитике"

Работа состоит из  1 файл

Диплом.doc

— 729.50 Кб (Скачать документ)

Қалалар мен елді мекендерде халықтың денсаулығына теріс әсер ететін факторлар — ауаның ластануы және сапалы ауыз судың жеткіліксіздігі. Ауасы аса ластанған қалалар - Балқаш, Теміртау, Риддер, Өскемен, Ақтөбе, Алматы, Зырян, Шымкент, Тараз. Ауаны негізгі ластаушы заттар: шаң, күкірт және азот тотықтары, көмірсутектер, металл тотықтары және т.б. Олар жылу-энергетика, металлургия, мүнай-газ кәсіпорындары. Жылу-энергетика кәсіпорындары жылына атмосфераға миллион тоннаға жуық зиянды заттар шығарады. Атмосфераның ластануына өндіріс және тұрмыс қалдықтары, олардың үйінділері, шлактары едәуір үлес қосады. Автокөлік бірнеше қалаларда ауаны негізгі ластаушыларға айналды. Мысалы, Алматы қаласында атмосфера шығарылымдардың 93%-ы - автотранспорттың үлесі.

Қазақстанда су ресурстарының тапшылығы табиғат ресурстарын ұтымды игеріп, өндіргіш күштерді дамытып, халықтың игілігін арттыруға негізгі кедергілердің бірі болып отыр. Осыған байланысты еліміздің экономикасының болашақта дамуы су ресурстарын қорғауға және ұтымды, үнемдеп пайдалануға тікелей қатысты.

Қазақстанның орташа жылдық өзен-су қоры 100 км3 астам, оның 56 км3 өз территориямызда қалыптасады. Өзен ағыстары көлемі бойынша Қазақстан әлемдегі сумен аз қамтамасыз етілген елдер санатына кіреді, 1 км2 территорияға 37 мың м3, 1 адамға 6 мың м3 су келеді.

Климаттық жағдайларға байланысты өзен ағысының 80%-ына дейінгі шамасы жазғытұрымғы су тасу кезеңіне келеді. Өзен тараптары республика территориясында біркелкі емес, олардағы су көлемі маусымға байланысты өзгеріп отырады. Осындай жағдайлар аймақтарды, экономика салаларын сумен қамтамасыз етуді қиындатады. Өзен суларын түгелдей пайдалану мүмкін емес, экологиялық, санитарлық мақсаттарға су керек, булану, жерге сіңіру болады. Осыларды ескере отырып, пайдалануға болатын су көлемі 45 км3 аспайды, ал құрғақшылық жылдары ол 25 км3 дейін кемиді.

Пайдалануға жарамды  жер асты тұщы су қоры 15,8 км3. Оның 2 км3 пайдаланылады, қалғандарын игеруге едәуір қаржы жұмсау керек.

Халық шаруашылығында су тұтыну тоқсаныншы жылдары 30-35 км3 болса, 2000 ж. 20 куб км азайды. Ылғалдылығы орташа шамадағы жылдары халық шаруашылығы сумен нормалы мөлшерде қамтамасыз етіледі, бірақ бес-алты, Орталық және Батыс Қазақстан облыстарында сумен қамтамасыз ету дәрежесі 50-90% ғана. Құрғактылык жылдары халық шаруашылығын сумен камтамасыз ету 60%, жеке аймақтарда 10-50% ғана. Су тапшылығы, негізінен, суармалы егістікке үлкен әсер етеді. Жалпы еліміздің су шаруашылық балансы төмендегідей:

- орташа ылғалды жылдары - 15 км3 су артық;

- орташа құрғақшылық жылдары - 6—7 км су тапшы;

- өте құрғақ жылдары - тапшылық 18 км .

Судың басым бөлігін (72%) ауыл шаруашылығы тұтынады. Өндірістік қажеттіктерге су тұтыну - 24%, ауыз су және үй шаруашылық қажеттіктерге - 4%, су тұтыну өткен жылдармен салыстырғанда едәуір азайғанымен, жеке өнімдерге шаққанда үлестік су шығыны жоғары болып отыр. Су көздерінен алынған судың 25%-ына дейін шамасы тасымалдағанда ысырап болады. Соңғы жылдары қайтарымды және айналымды су пайдалану көлемі 6,8-ден 5,7 куб км дейін кеміді. Ол халық шаруашылығында су тұтынудың 39%-ын құрайды. Ақаба суларды тазартпай және жеткілікті дәрежеде тазартпай тегу кемімей отыр.

Елімізде халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілмей келеді. Ауылдық елді мекендердің түрғындарының 40%-ға жуығы сапалы ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Су құбырларының 15% қолданыстан шыққан, 26% санитарлық нормаларға сай емес.

Су көздерінің көпшілігінің тазалығы жеткілікті дәрежеде емес. 2000 жылғы мониторинг бойынша (СЛИ) судың ластану индексі - Балқашта - 4,7, Ертісте - 4,0, Жайықта - 3,2, Сыр-дарияда - 3,0 болған. Нұра, Шерубай-Нүра сияқты тайыз өзендер «екінші ластану» категориясына өтті.

Су коздерін ластаушылар: өнеркәсіп, тау-кен өндіру және өндеу кәсіпорындары, тұрғын үйлер, мал шаруашылық кешендері, суармалы егістіктер, қалдықтар жиналған орындар, мұнай өнімдерін сақтау және тасымалдау болып табылады. 2000 ж. Республикалық санэпидемстанция мәліметі бойынша ашық су көздерінің химиялық ластанғаны 11,1%, болған. Әсіресе, бұл көрсеткіш Қызылорда (18,9%), Қарағанды (29,2%), Акмола (19,2%), Ақтөбе (17,6%) облыстарында және Астана қаласында (16%) жоғары. Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 8% су көздері талапқа сай емес. Әсіресе Қызылорда облысында (18,7%) және Алматы қаласында (41%) жоғары дәрежеде ластану байқалған.

Ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте және коммуналдық шару ашылықтарда суды үнемдеудің басты бағьптары:

- су тұтынудың  айналымды және  тұйық жүйелерін,  су үнемдеуші технологияларды қолдануды кеңейту;

- суғару жүйелерін қайта күру және жаңа техника мен технологиялар қолдану;

- су шаруашылық жүйесін су өлшеуші қүралдармен, компьютерлік басқару автоматтарымен жабдықтау;

- су қоймаларын тазарту және қайта жабдықтау, гидро-тораптарды, құрылымдарды күрделі жөндеу [11; 29; 17].

Елімізде таза экологиялық ахуалды қалыптастыру үшін: су көздеріне тазартылмаған ақаба, кәріз суларды төгуді және басқа жағымсыз әрекеттерді тоқтату керек; пайдаланылатын су көздерін (қоймаларын, өзендерді, көлдерді және т.б. су нысандарын) қажетті деңгейде судың тазалығын сақтайтын құрылыстармен, кұрылымдармен қамтамасыз ету қажет. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету ушін суды тұтынуға дайындау технологиясын жаңартып, тиімді су тазарту құрылымдарын қолданып, су жүйелерін жетілдіру қажет болады. Жер асты суларын пайдаланып, жайылымдарды суландыруды қолға алу керек. Бұрынғы құдықтардың сорғыштары тозған немесе су сарқылған. Олардың орнына жаңа су корын игеру керек.

Республика территориясының жартысына жуығы (48,2%) ауыл шаруашылығы мақсатыңда пайдаланылады, оның басым бөлігі жайылым. Ауыл шаруашылық жерлерінің үштен екісі әр түрлі жағымсыз әрекеттерге үшыраған. Өнеркәсіп аймақтарында тау-кен өндірісінің қалдықтары үйілген территориялар, мұнай ұңғыларының орындары 60 мың га астам ауданды ылғи ластап жатыр. Еліміздің территориясының 6% астамын алып жатқан әскери полигондар, ғарыш айлағы, бұрынгы атом қаруын сынаған аймақтар әр түрлі зиянды заттармен ластанған.

Жердің тақырлануы, топырағының және өсімдіктер жамылғысының азуы үдеп келеді. Тақырлану қаупі төнген территория -179,9 млн га немесе еліміздің жер ауданының 60%. Әсіресе, Арал аймағындағы 59,6 млн га жердің тағдыры алаңдатады. Ғарыштан суреттерге қарағанда Арал тұзы 150%3 00 км дейін таралған.

Қоршаған ортаны ластауға өндіріс және тұрмыстық қалдықтар да үлес қосуда. Қазір 20 млрд т астам қалдықтар жинақталған. 14 млрд т қара және түсті металлургия қалдықтары 50 мың га жерді алып жатыр. Жыл сайын 14 млн м3 тұрмыстық және 500-700 млн т өндірістік қалдықтар шығарылады, оның 92 млн т улы қалдықтар. Жан басына есептегенде елімізде жылына 50 т тау жыныстары өндіріледі және өңделеді. Оның 95% қалдыққа шығарылады.

Радиоактивті қалдықтарды  залалсыздандыру, көму мәселесі толық шешілген жоқ. Еліміздің территориясыңца уран кенін өндіру және өңдеу кәсіпорындарының көп жылдық әрекетінен кен aшy жыныстарын, кедей кендерді, кен өндеу қалдықтарын жинақтайтын 118 орын пайда болды. Оларда жиналған 56 млн м3 қалдықтар 1412 га жерді алып жатыр. Олардағы радиация деңгейі 35-тен 3000 мкр/сағ. жетеді және халықтың денсаулығына қауіпті.

Қазақстанның мемлекеттік  орман қорының жері 25,6 млн га, оның ішінде орманды жер 11,4 млн га. Орман жерінің басым бөлігі сексеуіл (48%) мен бұталар, тек 29% ғана қылқанды және жапырақты ағаштар. Орманның ағаш қоры 373 млн м , оның ішінде халық шаруашылығы үшін құнды ағаштар (карағай, май қарағай, шырша, сағыз қарағай) 231 млн м3 немесе 63%-ға жуығы.

Солтүстік Қазақстан  мен Ертіс өңірінің орман жолақтары үздіксіз кесуден және өрттің шығуынан ете сиреген. Шығыс Қазақстанда орманды жаппай кесу құнды қылқанды ағаштардың орнын жапырақты ағаштардың басуына әкелді. Ауыл шаруашылығы және өзен арналарын өзгерту әрекеттері тоғайларды азайтты. Көп жылдық кұрғақшылықтан, өрт әсерлерінен және күтімнің нашарлыгынан орман ағаштары қурап, зиянкестерден зардап шегіп отыр.

Ағаш отырғызу, қалалар  мен елді мекендерді көгалдандыру жеткіліксіз. Орман жерлерінде ашық аландар 300 мың га астам, ал жылдық ағаш отырғызу 5-6 мың га шамасында. Сексеуіл ормандары мен елді мекендер маңындағы, жол бойындағы агаштар отынға рұқсатсыз қырқылуда.

Жоғарыда аталған әрекеттерден және басқа құбылыстардан бірнеше жүз миллиард зиян келді. Мысалы, Арал теңізінің тартылуынан жылына - 139,5 млрд тенге, жайылымның азуы мен орманның жойылуынан - 44,0, Каспий жағалауын су басуынан -31,4, қатты қалдықтардың ластануынан 13,7, су ресурстарының сарқылуы мен ластануынан 12,2, егістік жердің азуынан - 24,6 млрд теңге жыл сайын зиян болады.

Табиғи ортаның сапасының нашарлауы, экологиялық ахуалдар еліміздің азық-түлік және экономикалық мүмкіншілігін азайтып, халықтың денсаулығына зиян келтіріп отыр.

Қазакстан 1997 ж. БҰҰ «Тақырланумен күресу Конвенциясын бекіту» туралы заң қабылдады. Сөйтіп, Конвенция талаптарын орындау міндеттерін алды. 1999 ж. ҚР тақырлануға қарсы шаралардың Ұлттық Стратегиясы мен іс-әрекеттер жоспары жасалды. Онда келесі стратегиялық міндеттер қарастырылған:

1. Жердің ары қарай азуын тоқтату, егістіктің, жайылымдардың және шабындықтардың өнімділігін қалпына келтіру, ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту, жайылымдарды, егістікті суландыру, сортакданған топырақты шаю үшін су ресурстарын ұтымды пайдалану;

2. Биологиялық алуан түрлілікті, еліміздің экологиялық ахуалын сақтау үшін елді мекендерді, қалаларды көгалдандыру, орман өсіру, Қазақстан территориясының ормандылығын арттыру;

3. Биологиялық және ландшафт алуан түрлілігін сақтау мақсатында ерекше қорғалатын территориялар құру және кеңейту;

4. Құрғақшылық пен тақырлануға қарсы шаралардың ұтымды қүқықтық-нормативтік негізін қалау, табиғат ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалануды ынталандыратын экономикалық механизм кұру;

5. Жердің техногендік бөлінуін болдырмау және кұндылығын қалпына келтіру;

6. Халыққа экологиялық білім, тәрбие беру, оларды ақпараттандыру және тақырлануға қарсы күреске қатыстыру;

7. Құрғақшылық пен тақырлануға қарсы дәйекті экологиялық шаралар қолдану, уақтылы шара қолдану және алдын алу мақсатыңда тақырлану үрдісін ұдайы бақылап отыру үшін мониторинг ұйымдастыру [9; 28].

Орта Азия елдерінің (ТМД) Ташкент Конференциясында Арал өңірінің тақырлауына қарсы шараларды үйлестіріп, іске асыру туралы шешім қабылданды. Оның Қазақстанға тиесілі бөлігі 59,6 млн га, оның ішінде 0,6 млн га егістік, 5 млн га жойылып кету қауіп төнген Сырдария өзенінің қүрғақ тоғайлары. Осы өңірде 20 млн-нан астам жайылымның азғаны, 150 мың га шабындықтың жойылғаны анықталды.

Қазақстан қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша халықаралық жоспарларға (Батыс Тянь-Шаньның биоресурстарын қорғау, Каспий теңізі бассейнінің экожүйелерінің өзгеруі) қатысады. Осы міндеттep аясында тақырлануға қарсы шаралар жасалып жатыр. Республикамыздада аймақтық-территориялық мониторинг тармақтары құрылуда. Қазір оның 36 тұрақты және 16 жартылай тұрақты экологиялық аландары бар. Аймақтың іс-әрекеттер шеңберінде Қазақстан «Азиядағы тақырлануды бағалау және аймақтық мониторинг тармақтарын ұйымдастыру» бағдаламасына қосылып, өзінің ұсыныстарын берді.

Экожүйелерді өздігінен қалпына келу мүмкіндігін ескере отырып, экологиялық аудандастыру және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану Шараларының, тақырлануға қарсы күрестің келесі басты бағыттары белгіленді:

-  құнарлы жерлерде астық шаруашылығын қарқынды жүргізу; өнімділігі төмен егістіктерді мал азықтық жерлерге ауыстыру;

- жайылымдарды есепке алу, суландыру және жақсарту; қоршалған жайылымдар жүйесін құрып пайдалану;

- орман қорының жерлерінде ағаш өсіру; шөлдегі, таудағы, тоғайлардағы ормандар мониторингін ұйымдастыру, жерлерге орман отырғызып, суландырып қалпына келтіру;

- суғарудың су үнемдеуші технологияларын қолдану, су көп қажет ететін өсімдіктердің орнына қүрғақшылыққа төзімді дақылдар өсіру.

Қазақстан жерлерінің тақырлануы ұлттық қана емес, халықаралық мәселе. Ол жөнінде Орталық Азия елдерінің басшылары бірнеше келісімдер мен мәлімдемелерге қол қойды. Ыстықкөл және Нукіс Мәлімдемелері Арал, Каспий бассейндерінің мәселелерін шешуге және тұрақты дамуының жоспарын жасауға арналған. Бес мемлекеттің басшылары қол қойған Алматы Мәлімдемесінің басты бағыты - экологиялық қауіпсіздіктің кешенді жоспарын жасау. Онда Алматы қаласында аймақтық экологиялық орталық құру туралы шешім қабылданған.

Қазақстанда экологиялық мәселелерді шешуде қоғамдық ұйымдардың рөлі артып келеді. Қазір 300-ден астам мемлекеттік емес ұйымдар жұмыс істейді. Қазақстан әзірге бұқара көпшілікті экологиялық ақпаратқа қол жеткізуі туралы Орхус конвенциясына қол қойған Орталық Азиядағы бірден-бір мемлекет.

Елімізде тақырлану мәселесіне жергілікті орындар да көңіл бөледі. Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Ақмола облыстарында осы мәселе бойынша бірнеше семинар өткізілді. Оларда экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелер қарастырылды, тақырлану үрдісін тоқтату туралы нақты ұсыныстар берілді, алғашқы қол жеткен нәтижелер көрсетілді.

Халықтың денсаулығын, тұрмыстық жағдайын жақсартатын әсер ететін басты фактор - ауаның, судың тазалығы.

Елімізде атмосфераны  ластаушы заттар жылу-энергетика, қара және түсті металлургия кәсіпорындарынан, мұнай-газ кешендерінен шығарылады.

Жалпы еліміз бойынша 1 адамға есептегенде жылына атмосфераға 200 кг әр түрлі химиялық қосындылар шығарылады. Өнеркәсіпті қалаларда бұл көрсеткіш - 1300 кг дейін жетеді. Ең көп шығарылатын зиянды заттар: көміртек тотығы, азот тотығы, күкіртсутек, күкірт ангидриді, аммиак, фенолдар, металл тотықтары және ұзақ тозаңдар.

Кәсіпорындардың үштен бірінің нормаға сай қорғау аймақтары жоқ. Өнеркәсіпті қалаларда тұрғындардың едәуір бөлігі өндірістің зиянды факторлары: атмосфераға шығарылымдар, шуыл, тербеліс, электромагнит өрісі және т.б. физикалық факторлар әсер ететін аймақта тұрады. Кейбір есептеулер бойынша осындай жағдайда Алматыда - 100 мың адам, Өскеменде - 60 мың, Жезқазған мен Таразда - 30 мың, Қарағандыда - 25 мың адам тұрады екен. Атмосфераға шығарылымдарды тазарту шараларын тексергенде 24 мың нормалы тәртіпті бұзушылық анықталған, әрбір оныншы орында шаң-газ тазартушы қондырғылар жұмыс істемейді немесе жұмысы нәтижесіз.

Информация о работе Қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттің экономикалық реттеу құралдары