Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 12:10, дипломная работа
Дипломная работа по "геополитике"
Биологиялық алуан түрліліктің азаюының және оны сақтаудың экономикалық жақтарын қарастырып керейік. Мұнда жалпы үш себептер бар: нарық қатынасының тиімсіздігі, мемлекеттік институттар және реттеу жетімсіздігі. Осы жағдайлардан биологиялық алуан түрлілікті сақтауға қаржы жеткілікті бөлінбейді.
Экономикалық шешім қабылдау үшін шығын мен тиімділікті салыстырып олардың мөлшерін анықтау керек. Қазіргі нарық жүйесі биологиялық ресурстарды толық бағалай алмайды немесе тіпті бағаламайды да. Мысалы, табиғаттың сұлулығын, сирек түрлерді, өсімдіктерді, жануарлар мен құстарды қалай ақшамен бағалаймыз? Сондықтан оларды қорғау тиімділігін де анықтай алмаймыз. Әдеттегі нарық қатынасындағы тиімділік беретін қүндылықтарға қарағанда жабайы табиғат қулдылықтары қазіргі нарықтық әдістермен салыстырғанда төмен болады. Мұнда экстраналиді ескермеуіміз, экстренали шығындарын есептеуіміз де себепші болады. Мысалы, батпақты құрғатып ауыл шаруашылығында пайдаланатын фермер ондағы тіршілік ететін түрлердің жойылу мүмкіндігін ескермейді. Әрекет тиімділігінің берген нәтижесі мен жүмсайтын шығындарын салыстырып анықтайды.
Ауыл шаруашылығын қолдау, пайдалы қазбалар өндіруге, жол салуға, құбырлар тартуға қаржы бөлу арқылы биологиялық алуан түрліліктің азаюына мемлекет те өзінің үлесін қосады. Экономиканың дамуын бағалау көрсеткіштері ЖІӨ, ҰТ табиғи ортаның сапасының нашарлауын, ресурстың сарқылуын, түрлердің азаюын ескермейді.
Биологиялық алуан түрлілікті сақтауға меншік қатынастары да ықпал етпейді. Биологиялық ресурстар жалпыхалықтық меншікте, әркімнің пайдалану құқы бар.
Сонымен, қазіргі экономикалық
жағдайда биологиялық алуан түрлілікті
сақтаудың қалыпты табиғатты па
Мұнда Вв, Св - биологиялык алуан түрлілікті сақтау тиімділігі мен шығыны; Ва, Са - табиғатты пайдаланудың балама нұсқаларының тиімділігі мен шығыны. Кестенің мағынасы екі жағдайдағы құндылықтарды салыстыру. Бірақ, жоғарыда айтқанымыздай биологиялық алуан түрлілікті сақтау құндылықтарын анықтау өте қиын. Бұл жерде тағы бір маңызды мәселе жергілікті және ғаламдық тиімділіктерді ажырата білу. Жеке аймаққа тиімсіз шаралар, басқа жерге, құрлыққа, планетамызға маңызды болуы мүмкін және керісінше. Мысалы, жергілікті халыққа табыс әкелетін тропикалық орманды отау планетамызға едәуір зиян келтіреді. Жалпы ғаламдық түрғыдан алғанда жергілікті тиімділік зияннан әлдеқайда кем, жергілікті халық үшін басқаша.
Осындай қайшылықтарды шешу үшін ғаламдық экологиялық қор құрылған. Оның басты мақсаты жергілікті тиімділік бермейтін табиғат қорғау шараларын (биологиялық алуан түрлілікті, тропиктік ормандарды қорғау және т.б.) қаржыландыру. Қаржыландыру болмаған жағдайда жергілікті тиімнен шығындар артық болса, ондай табиғат қорғау шараларын орындай алмайды.
Әлемдік қауымдастыққа биологиялық алуан түрлілікті сақтаудың жергілікті шараларының тиімділігі:
мұнда. Ва және Bq - жергілікті және ғаламдық тиімдер; Cd - жергілікті шығындар.
Биологиялық алуан түрлілікті сақтаудың тиімділігін анықтау үшін экологиялық зиянды, құндылықтарды дұрыс анықтай білу керек. Бұл жерде экономикалық құндылықтарды анықтаудың келесі ұстанымдары қолданылуы мүмкін: жалпы құндылықты экономикалық бағалау, жанама пайдалану құндылығын, тіршілік құндылығын пайдаланбаған ресурс құндылығын субъективті бағалау және т.с.с. әдістер. Олардың тұтыну құндылыктарымен катар, ресурстарды сақтауда өте нәзік экологиялық, әлеуметтік, рухани құндылықтарды бағалауға талпыныс бар. Мәскеу облысының биологиялық ресурстарын жанама пайдалану құны, тіршілік құны, «төлеуге ынта» әдістерін қолданып бағалау жалпы құндылықтардың 1/3 жететінін көрсетті. (С. Бобылев, А. Ходжаев, 203 бет).
Биологиялық алуан түрлілікті сақтауға екі топ шаралар көбірек қолданылады:
1) тікелей реттеу. Мемлекет арнайы зандар қабылдайды, нормалар белгілейді және биологиялық алуан түрлілікті қорғауға, үйлестіруге жауапты құрылымдар құрады.
2) биологиялық алуан түрлілікті сақтауға және ұтымды пайдалануға экономикалық ынталандыру.
Тірі табиғатты қорғау шаралары бұрыннан және кеңінен қолданылады. Ал, ынталандыру механизмдері әлі жеткіліксіз. Ынталандыру шараларына арнайы субсидия мен гранттар беру, ауыл шаруашылығын интенсивтендіруге көмек көрсету, жабайы жануарлардан келген зиянның орнын толтыру және т.с.с. жатады. Жергілікті халықты рұқсатсыз аң атудан, балық аулаудан бас тартуға ынталандыру. Жергілікті шараларға экотуризмді, арнайы рекреациялық қызметтерді дамыту жатады.
Әр түрлі салықтар, айыптөлемдер және т.с.с. да экономикалық шараларға жатады.
Халықаралық деңгейде биологиялық алуан түрлілікті сақтауға «табиғатқа қарызынды қайтару» сиякты экономикалық механизм пайдалы болады. Оның мағынасы дамыған елдердің табиғатқа қарызы, яғни табиғаттан алғаны өте көп. Оны қайтаруды ойлап жүрген ешкім жоқ. Осындай жағдайда табиғат қорғауға көңіл бөлуші ел екінші елге табиғатқа қарызын өтеуге талап қоя алады. Егер қарыз елдің өзіне болса, экологиялық шаралар қолдануға міндеттейді. Екінші жағдайда, табиғат қорғаушы ел (ұйым) дамушы елдердің қарызын сатып алып, оның орнына табиғат қорғау шараларьн орындауды міндеттеуі мүмкін. Яғни, экологиялық шаралар есебінен қарыз кешіріледі. Дамыған елдер дамушы елдерге берген қарыздарын олардағы экономикалық жағдайға байланысты қайтара алмайды. Мұндай жағдайда қарыз берген ел, немесе ол қарызды сатып алған ел қарызды төлеудің орнына экологиялық шаралардың орындалуын талап ете алады.Қазақстан жерінде сутқоректілердің - 155, құстардың - 481, бауырымен жорғалаушылардың -48, қосмекенділердің - 33, балыктардың - 140 түрі тіршілік етеді. Өткен ғасырда еліміздегі жануарлар дүниесі саны мен сапасы жағынан көп өзгерістерге ұшырады. Кейбіреулері жойылды, кейбірінің саны азайды, енді біреулеріне жойылу қаупі төнді. Оның негізгі себептері адамдардьщ іс-әрекеттерімен байланысты, тікелей атып алу немесе жануардың мекендерін жойып жіберу [1; 12; 13].
Адамдардың іс әрекеттері жануарлар дүниесіне тікелей және жанама әсер етеді. Тікелей әсердің қатарында жануарларды қасқойлықпен аулау, ауыл шаруашылығында улы химиялық заттарды қолдану, әскери қару-жарақтарды сынау, ірі құрылыстар, таукен өндірісін, өндірістер мен көлік кешендерін, арналар, су қоймаларын салу, өзендерді бұру.
Жанама әсерлер - орманды жою, тың игеру, батпақтарды құрғату, өзен арнасын реттеу, жайылымдарда мал шаруашылығын дамыту.
Жануарлар дүниесін қорғау мен қалпына келтірудің 4 негізгі шарты бар. Олар: аулауға тыйым салу, мекендерін бұзбау, қолдан көбейтуге бейімдеу, тұқым қорын сақтау жұмыстары.
Жануарларды сақтаудың ең басты жолы - адамдардың саналы жауапкершілігі, экологиялық білімі және мәдениеті.
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУДЫ БАСҚАРУ
2.1 Экологияны қорғаудағы Қазақстанның стратегиялық бағыттары
Қазақстанда 1990 жылдан бастап табиғат пайдалануды экономикалық әдістермен басқаруға бағытталған экологиялық саясат қалыптаса бастады. Әсіресе, табиғат ресурстарын пайдаланғаны және қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер экономикалық механизмі қолданыла бастады. Ластаушы заттарды шығарушы кездерді тіркеу жүмыстары жүргізіліп, жергілікті басқару орындарының табиғат қорғау мен оның ресурстарын пайдалануды бақылау жөнінде рөлі арттырылды.
Қазақстан өзінің тұрақты даму мен экологиялық қауіпсіздікті қолдайтынын әрдайым дәлелдеп келеді. Ядролық қаруы бар мемлекеттер арасында бірінші болып олардан бас тартты. БҰҰ қоршаған орта жөніндегі (Рио-92) конференциясының қорытынды құжаттарына қол қойды, климаттың өзгеруі, тақырлануымен күрес, биологиялық алуандылықты сақтау жөніндегі маңызды халықаралық конвенцияларға қосылды, Орхус және Еуропа экономикалық трансшекаралық конвенциясын бекітті.
Қазақстан халықаралық қоршаған ортаны қорғау форумының, БҰҰ Тұрақты Даму комиссиясының тұрақты мүшесі. Экологиялық қауіпсіздік және тұрақты даму Қазақстанның даму стратегиясының басым бағытына айналды.
Еліміздегі элеуметтік-
Экологиялық стратегияның негізгі мақсаты экологиялық қолайлы орта құру үшін табиғат пен қоғамның арақатынасындағы үйлесімділікке қол жеткізу болып табылады. Осыған байланыстағы 4 басым бағыттар айқындалды:
1. Экологиялық қауіпсіз қоршаған орта кұру;
2. Табиғат ресурстарын тендестікті сақтай отырып пайдалану;
3. Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің алуан түрлілігін сактау;
4. Экологиялық білім беру.
Ұзақ мерзімдік Стратегияны жүзеге асырудың төрт кезеңі: -1998-2000; 2001-2010; 2011-2020; 2021-2030 жылдары қарастырылды. Олардың әрқайсысының мақсаты, міндеттері мен басымдылықтары халықаралық, аймақтық және ұлттық экологиялық саясаттың үйлесімділігі ескеріле отырып анықталды.
Басымдылыктар бойьшша төмендегідей жұмыстар атқарылды:
Бірінші басымдылық бойынша:
- мемлекеттік экологиялық бақылау қызметі
орталықтандырылды, мемлекеттік басқару
және бақылау құралдары құрылды;
- табиғат ресурстары мен қоршаған ортаның мониторингілік бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылып жатыр;
- барлық ластаушы көздердің Мемлекеттік кадастрі жасалды;
- нормативтік-қүқықтық база жүйеге келтіріліп жатыр;
- табиғат қорғау шараларын қаржыландыру көздеріне, оның ішінде халықаралық қорлардан, ұлғайту және қаржы жұмсаудың тиімділігін арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Екінші басымдылық бойынша:
- аймақтардың экологиялық жағдайына сәйкес табиғи ортаға ластаушы заттар шығару шектері (лимиті) анықталуда;
- шаруашылық нысандарын түгелдеу үшін экологиялық сараптамамен қамту қарастырылуда;
- ластанғаны үшін төлемдерді қаржы жинақтау көзінен ынталандыру қызметіне бағыттау және төлем жарналарын зиянды экономикалық бағалау шамасына теңестіру шаралары жүргізіліп жатыр;
- табиғат пайдаланушылармен қарым-қатынас келісімдік жүйеге ауыстырылуда;
- өз қаржысымен табиғат қорғау шараларын жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдарды экономикалық ынталандыру механизмі жетілдірілуде.
Үшінші басымдылық бойынша:
- биологиялық алуан түрлілікті сақтау жөнінде Ұлттық Стратегия бекітілді;
- аңшылық пен балық аулау ережелерін бұзуды болдырмау шаралары күшейтілді.
Тертінші басымдылық бойынша:
- Орхус конвенциясы аясында қоршаған ортаға қатысты ақпаратқа жол ашу үшін көпшілік қауымның шешім қабылдауына, құқықтық мәселелерге қатысуын қамтамасыз етудің кешенді шаралары іске асырылып жатыр;
- Экологиялық білім беру және ағартушылық жүмыстар тұрақты жүргізілуде.
Едәуір қаржы жұмсауды қажет ететін ластану салдарын жою негізгі мәселе болып отыр. Табиғат қорғау қорларына түсетін қаржылар көпшілігінде әлеуметтік мәселелерге жұмсалып кетеді. Қазір оларға зәрулік басым болып отыр.
Халықаралық және аймақтық міндеттеріне сәйкес елдер үлттық бағдарламалар мен жоспарлар жасап, оларды жүзеге асыра бастады. Қазақстанда және Орталық Азия елдерінде төмендегідей құжаттар жасалған:
- Қоршаған ортаны қорғау туралы үлттық әрекеттер жоспары (1998);
- Биологиялық ресурстарды қорғау және теңдестікпен пайдалану туралы ұлттық стратегия және әрекеттер жоспары (1998);
- Тақыршылықпен күресу жөніндегі ұлттық бағдарлама (1997);
- Қоршаған ортаның тазалығы бойынша ұлттық жоспар (1999);
- Озон ыдыратушы заттарды пайдалануды тоқтату туралы үлттық бағдарлама және әрекеттер жоспары (2000);
- Парник газдарын шығаруды азайту туралы Ұлттық стратегия (1999), парник газдарын шығаруды азайту туралы Ұлттық мәлімдеме;
- Қазақстан, Өзбекстан (1999);
- ҚР дамуының 2030 ж. дейінгі ұзақ мерзімдік Стратегиясы (1998).
Еліміздегі экологиялық жағдай
Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің негізгі стратегиялық іргелі бөлігінің бірі болып табылады. Ол экологиялық тендестіктің тұрақтылыгымен, табиғи ортаға шектен артық антропогендік әсерлерден қоғамның қорғалуымен анықталады.
Экологиялық қауіпсіздіктің стратегиялық мақсаты мен міндеттері:
- табиғи ортаның жағдайын бақылайтын біртұтас мониторинг жүйесін кұру;
- экологиялық бағдарламалар жасау және табиғатты пайдалануды жоспарлау;
- табиғи ортаның жағдайын бағалап, экологиялық аудандастыру;
- біртұтас табиғат қорғау зандар жүйесін құру;
- табигатты пайдаланудың экономикалық механизмін жетілдіру;
- экологиялық нормалау мен бақылау жүйелерін жетілдіру;
- экологиялық білім беру және тәрбие жүйелерін дамыту;
- қоршаған орта жөнінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
«Экология және табиғат ресурстары» Стратегиясының негізгі міндеттері ҚР экологиялық жағдайын жақсарту жоспарында және табиғи ортаның сапасын талдау және зерттеу негізінде жүргізілетін іс-әрекеттер жоспарында қарастырылған [7; 10; 21].
Қазақстанда табиғи ортаның жағдайы өте күрделі, шешілмеген мәселелер көп. Негізгі экологиялық мәселелер — қалаларда ауаның ластануы, өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың күннен-күнге көбейіп жинақталуы, ауыл шаруашылық жерлерінің азуы және тақырлануы, жер бетіндегі және оның қойнауындағы су көздерінің ластануы, территориялардың радиоактивтік ластануы, Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле, Шу, Талас өзендеріне көршілес территориялардан лас сулардың құйылуы. Әмудария және Сырдария өзен бассейндерінде жоғары қарқынмен суармалы егістікті дамыту Арал қасіретін- туғызды. Каспий теңізінің суының көтерілуі мұнай ұңғыларын су астында қалдырып, теңіздің биологиялық ресурстарына қауіп төндірді. Бұрынғы әскери және сынақ полигондарының (Сарышаған, Капустин Яр, Азғыр және т.б.) территориялары радиоактивті және химиялық заттармен ластанган.
Информация о работе Қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттің экономикалық реттеу құралдары