Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 12:10, дипломная работа
Дипломная работа по "геополитике"
Жер бөлімшелері сатылғанда, мұраға берілгенде, жерді кепілдікке қойып несие алғанда нормалық бағасы анықталады. Ол топырақтың бонитет балына сәйкес сараланады (28-11100 теңге/га), үйдің айналасындағы, саяжайдағы нормадан артық жердің әрбір 0,01 га - 300 теңге (қалаларда оған 1,2-2,0 коэффициенттер қолданады). Жергілікті (аймақтық) өкілетті органдар жердің нормалық бағасын 2 есеге дейін өзгерте алады [5].
Жер учаскелерін жеке меншікке берген кезде төлемақының базалық мөлшерлемелері 1 кв м/теңге: Астана қаласында 1180, Алматыда 717, Ақтауда - 145, Ақгөбеде - 137, Атырауда - 123, Қарағандыда - 190, Көкшетауда - 114, Қостанайда - 123, Қызылордада - 129, Павлодарда - 114, Талдықорғанда - 137, Таразда -181, Оралда - 114, Өскеменде - 145, Шымкентте - 181, облыстық қалаларда - 85, аудандық қалаларда - 75. Кенттерде орналасқан өңіріне байланысты- 18-30, ауылдарда 10-18.
Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемдер. Жануарлар қорына ҚР территориясында түрғылықты немесе уақытша мекендейтін хайуандар жатады. Жануарлар қорына төлемдерге:
Жануарлар қорын қорғау, өсіру төлемдерінің ставкалары олардың әртүрлі және таралымы бойынша осы мақсатқа жұмсалған шығындар шамасымен анықталады.
Табиғи еркіндікте жүрген жануарларды және олардың тіршілік өнімдерін пайдаланушылардан төлемдер ставкасын ҚР Үкіметі белгілейді (алынатын өнімнің 10% шамасында). Төлем алынатын жануарлар дүниесінің төмендегі категорияларына (олардың тізімін ҚР Үкіметі анықтайды) төлемдер белгіленген:
рұқсаттар негізінде жүзеге асырылады. Төлем төлеушілер жануарлар дүниесін пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар.
Төлем сомасы жануарлар саны (кейбір су жануарларының салмағы) және төлем ставкасына сәйкес дербес есептеледі және жануарлар дүниесін пайдалану орны бойынша жүргізіледі.
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану зиянды өтеу төлемдері белгіленеді. Жануарлар тізімін, телем ставкасын (айлық есептік керсеткішпен) ҚР Үкіметі белгілейді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемдер. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін телемақы оларда ғылыми, мәдени-ағарту, оқыту, туристік, рек-реациялық және шектеулі шаруашьшық мақсаттарда пайдаланғаны үшін алынады. Телем ставкаларын республикалық маңызы бар ЕКТА үшін жергілікті атқарушы органдардың ұсынысы бойынша жергілікті өкілетті органдар белгілейді [7; 14; 22].
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенділіктің алғашқы шолуының нәтижелері дайындалған уақыттан бастап, ҚР Үкіметі маңызы бар реттеуші және институционалдық реформаларға серпін берді, мәселен, Экологиялық Кодекске ең үздік тәжірибе негізінде қалыптастырылған, селбестірілген шешімдер ұғымы, сондай-ақ, ірі және ұсақ кәсіпорындарды реттеуге келгенде дифференциалды қадамдар қажеттігі енгізілді. Тексеру органдары мен орындауды бақылаушы мекемелер мәртебесі жоғарытылды, сонымен қатар, еңбек ету жағдайлары жақсартылып, дайындық деңгейі арттырылды. ҚР Үкіметі кеңауқымды тексеру ісін қолдануды кеңейтті, кәсіпорындардың мониторинг жоспарын жақсартты, санкциялардың деңгейін көтеріп, заң бұзушылықтарды әлеуметтік жағынан айыптауда алға тартты. Бұдан өзге, мемлекеттік және мемлекеттік емес саналатын қайраткерлер заңдылық талаптары туралы білім өрісін кеңейтуге көмектесті. Мониторингтің институционалдық ауқымы құрылымдық және салалық реформалар есебінен жетілдірілді, сондай-ақ бөлінетін ресурс-мүмкіндіктер де арттырылды.
Осы аталған оң өзгерістерге қарамастан, көптеген проблемалар шешімін таппай қалды. Институттар әлуетін жеткіліксіздігін сезініп отыр. Реттеуші талаптар әрқашан айқын және шынайы бола бермейді. Сәйкестілікті қамтамасыз ету үшін қолданылатын «тексеру және жазалау» стратегиясы айтарлықтай өзгере қоймайды, ал онымен байланысты жұмыс әдістері тек аздап қана жетілдірілді. Сәйкессіздіктерді дер кезіңде анықтау төмен тұрғыда. Ал азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заң қолдану жүйесі сол баяғысынша, сәйкестілікті қамтамасыз ету әрекетін жақсартуға емес, санкциялар қолдануға негізделіп қалуда. Алаңдаушылық тудыратын кейбір сұрақтар жауапсыз қалуда. Заң қолданудағы әділеттілік, тең қараушылық және ашықтық мәселелері ойдағыдай емес. Осындай жағдайда институционалдық және реттеуші ауқымға және сәйкестікті қамтамасыз ету стратегиясына терең өзгерістер енгізу қажет, жетілдіруге мұқтаж салалар төменде атап өтіледі.
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы табиғи ресурстарды пайдалану төлемдерін жетілдіру
Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы қоршаған ортаға эмиссия үшiн арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен алынады.
Арнайы табиғат пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары беретiн экологиялық рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады.
Белгiленген тәртiппен ресiмделмеген рұқсат құжатынсыз қоршаған ортаға эмиссиялар, қозғалмалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға белгiленген эмиссиялар нормативтерiнен артық қоршаған ортаға эмиссиялар ретiнде қарастырылады.
Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері төлемақыларды дербес төлеушілер ретінде қарастырыла алады.
Салық салу объектiсi болып белгiленген нормативтерi шегiндегi және (немесе) одан артық қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемi табылады.
Төлемақы ставкалары ҚР салық кодексінде эмиссияның барлық түрлері бойынша қарастырылған және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерін негізге ала отырып айқындалады.
Жергілікті өкілді органдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары белгіленген жиырма еседен аспайтындай арттыруға құқығы бар ставкаларды қоспағанда, ставкаларды екі еседен аспайтындай арттыруға құқығы бар.
Белгіленген лимиттерден асып түскен қоршаған ортаға эмиссия үшін осы бапта белгіленген төлемақы ставкалары он есеге ұлғаяды.
Салық есептiлiгi. Төлемақы төлеушiлер декларацияны, рұқсат құжатын беруші орган орган мемлекеттiк тiркеген жерi бойынша декларация табыс етiлетiн ластанудың қозғалмалы көздерiн қоспағанда, ластану объектiсiнің орналасқан жері бойынша салық органдарына табыс етедi. Төлемақы төлеушiлер декларацияны есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-нен кешiктiрмей табыс етедi. Жылдық жиынтық көлемі 100 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн төлемақы көлемінде төлемақы төлеушілер декларацияны есептi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi. Рұқсат құжаты 20 наурызыдан кейiн ресiмделген жағдайда, аталған төлеушiлер декларацияны рұқсат құжатын алған айдан кейiнгi айдың 20-нан кешiктiрмей табыс етедi.
Есептеу мен төлеу тәртiбi. Төлемақы төлеушілер төлемақы сомасын қоршаған ортаға эмиссияның нақты көлемдерiн және белгіленген ставкаларды негiзге ала отырып дербес есептейдi.
Төлемдер көлемі 100 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгі төлемақы төлеушілер жылдық жиынтық көлемде рұқсат құжатын беретін орган белгілеген қоршаған ортаға эмиссиялар лимитiн сатып алуға құқылы. Лимиттi сатып алу рұқсат құжаты есептi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрiлмей ресiмделген кезде ағымдағы жыл үшiн алдын ала толық ақы төлеу арқылы жүргiзiледi.
Рұқсат құжатын белгiленген мерзiмнен кейiн алған кезде лимиттi сатып алу рұқсат құжатын алған айдан кейiнгi айдың 20-нан кешiктiрiлмей жүргiзiледi. Бюджетке төлемақысы уәкiлеттi мемлекеттік орган оларды мемлекеттiк тiркеген жері бойынша енгiзiлетiн ластанудың қозғалмалы көздерiн қоспағанда, төлемақы сомасы қоршаған ортаға эмиссиялар көзiнiң (объектiсiнің) рұқсат құжатта көрсетілген орналасқан жерi бойынша бюджетке төленедi. Төлемақы төлеушiлер қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемi үшiн төлемақының ағымдағы сомаларын есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 25-нен кешiктiрмей енгізедi.Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақы төлеуді келесідей тәртіппен
1) салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін есептелген соманы төлеу ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірілмей;
2) салық кезеңінің
1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін
есептелген соманы төлеу
Осы қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыны есептеу әдістемесі, қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыны анықтауға арналған.
Төлемақы қоршаған ортаға эмиссиялардың:
1) ластаушы заттар шығарындыларының;
2) ластаушы заттар төгінділерінің;
3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың белгіленген нормативтері шегіндегі және (немесе) одан артық қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлеміне алынады.
3. Стационарлық көздерден нормативтер эмиссиялары шегінде i-ластаушы зат шығарындылары үшін төлемақыны есептеу келесі формула бойынша жүзеге асырылады:
Ci шығ. = Hi шығ. х ∑Мi шығ.
мұнда:
Ci шығ. - стационарлық көздерден і-ластаушы зат шығарындылары үшін төлемақы (АЕК);
Hi шығ. - Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес белгіленген стационарлық көздерден і-ластаушы зат шығарындылары үшін төлемақы ставкасы (АЕК/тонна);
∑Мi шығ. - есептік кезеңдегі қоршаған ортаға шығарылған і-ластаушы заттың барлық түрлерінің жиынтық массасы (тонна).
4. Жылжымалы көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақыны есептеу келесі формула бойынша жүзеге асырылады:
Cжылж. көз. = Hi жылж. көз. х Мi жылж. көз.
мұнда:
Cжылж. көз. - жылжымалы көздерден қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы (АЕК);
Hi жылж. көз. - Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес белгіленген і-түрлі отыннан ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкасы (АЕК/тонна);
Мi жылж. көз. - есептік кезеңдегі отынның і-түрінің пайдаланылған массасы (тонна).
5. Қоршаған ортаға
нормативтер эмиссиялары
Ci төг. = Hi төг. х Мi төг.
мұнда:
Ci төг. - і-ластаушы зат төгінділері үшін төлемақы (АЕК);
Hi төг. - Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес белгіленген і-ластаушы зат төгінділері үшін төлемақы ставкасы (АЕК/тонна);
Мi төг. - есептік кезеңдегі қоршаған ортаға тасталған і-ластаушы заттың массасы (тонна).
6. Нормативтер эмиссиялары шегінде өндіріс және тұтыну қалдықтарының орналастырылған i-түрі үшін төлемақыны есептеу келесі формула бойынша жүзеге асырылады:
Ci қал. = Hi қал. х Мi қал.
мұнда:
Ci қал. - өндіріс және тұтыну қалдықтарының орналастырылған i-түрі үшін төлемақы (АЕК);
Hi қал. - Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес белгіленген өндіріс және тұтыну қалдықтарының орналастырылған i-түрі үшін төлемақы ставкасы (АЕК/тонна);
Мi қал. - есептік кезеңдегі өндірістік қызмет барысында орналастырылған қалдықтардың і-түрінің массасы (тонна, Гбк - радиоактивті қалдықтар үшін).
7. Қоршаған ортаға
шығарылған (тасталған) заттардың,
пайдаланылған отынның,
8. Қоршаған ортаның бекітілген нормативтерден тыс ластанғаны үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес есептеледі [15].
Мысал ретінде астындағы 2006-2010 жылдар аралық мерзімінде табиғи ортаны қорғау шараларына құралдардың жұмсалуы және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемдердің түсуі бойынша салыстырмалы кестеден көре аласыз.
2006-2010 жылдар мерзім аралығында табиғи ортаны қорғау шараларына қаржылардың жұмсалуы және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемдердің түсуі бойынша салыстырмалы кесте | ||||||||||||||||
№ п/п |
Облыс Атауы |
Түскен төлемдердің жалпы көлемі, млн.тенге |
Табиғи ортаны қорғау шараларын нақты қаржыландыру, млн.тенге |
Табиғи ортаны қорғау шараларын нақты қаржыландырудың жалпы түсімдерге % қатынасы | ||||||||||||
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 | ||
1 |
Ақмола |
539,90 |
637,10 |
840,40 |
1 024,2 |
1 049,2 |
650,10 |
588,30 |
606,70 |
370,4 |
322,1 |
120,41 |
92,34 |
72,19 |
36,16 |
30,70 |
2 |
Алматы |
676,20 |
580,10 |
831,90 |
18 756,3 |
17 095,1 |
383,70 |
457,50 |
476,80 |
1 454,4 |
5 148,7 |
56,74 |
78,87 |
57,31 |
7,75 |
30,12 |
3 |
Ақтөбе |
4601,30 |
3572,00 |
18233,40 |
855,8 |
1 141,6 |
330,30 |
802,80 |
1376,80 |
478,8 |
47,6 |
7,18 |
22,47 |
7,55 |
55,95 |
4,17 |
4 |
Атырау |
2478,00 |
3572,00 |
17327,20 |
6 651,5 |
11 319,1 |
617,80 |
2537,90 |
4439,80 |
2 111,2 |
3 517,2 |
24,93 |
71,05 |
25,62 |
31,74 |
31,07 |
5 |
ШҚО |
874,10 |
1065,40 |
3303,20 |
2 383,1 |
2 442,3 |
744,00 |
1042,00 |
1795,70 |
3 581,2 |
1 011,4 |
85,12 |
97,80 |
54,36 |
150,27 |
41,41 |
6 |
Жамбыл |
369,60 |
329,60 |
458,20 |
576,7 |
881,0 |
307,10 |
280,20 |
278,70 |
89,3 |
746,9 |
83,09 |
85,01 |
60,82 |
15,48 |
84,78 |
7 |
БҚО |
4949,30 |
1664,40 |
8731,60 |
19 645,3 |
15 169,9 |
231,30 |
429,00 |
320,50 |
228,5 |
131,5 |
4,67 |
25,78 |
3,67 |
1,16 |
0,87 |
8 |
Қарағанды |
1195,70 |
2409,40 |
3728,10 |
9 689,8 |
8 872,2 |
273,50 |
2240,70 |
522,80 |
490,1 |
117,3 |
22,87 |
93,00 |
14,02 |
5,06 |
1,32 |
9 |
Қызылорда |
1571,40 |
3356,30 |
2582,70 |
3 771,6 |
4 404,0 |
117,00 |
1546,20 |
2076,70 |
1 944,5 |
1 824,3 |
7,45 |
46,07 |
80,41 |
51,56 |
41,42 |
10 |
Қостанай |
1354,70 |
1338,34 |
4302,40 |
21 808,1 |
2 224,6 |
530,80 |
1570,10 |
1037,10 |
2 837,6 |
1 806,9 |
39,18 |
117,32 |
24,11 |
13,01 |
81,22 |
11 |
Маңғыстау |
1248,00 |
1148,20 |
7294,50 |
5 014,7 |
4 798,7 |
903,30 |
1777,60 |
2015,90 |
3 086,8 |
2 274,2 |
72,38 |
154,82 |
27,64 |
61,56 |
47,39 |
12 |
Павлодар |
1783,40 |
2146,70 |
4036,90 |
4 486,0 |
5 668,6 |
186,00 |
204,10 |
375,20 |
212,0 |
247,3 |
10,43 |
9,51 |
9,29 |
4,73 |
4,36 |
13 |
СҚО |
423,10 |
489,00 |
577,60 |
682,7 |
882,8 |
321,70 |
329,00 |
38,60 |
54,6 |
77,8 |
76,03 |
67,28 |
6,68 |
8,00 |
8,81 |
14 |
ОҚО |
434,20 |
896,70 |
918,60 |
584,9 |
531,9 |
106,70 |
85,20 |
234,50 |
231,8 |
153,5 |
24,57 |
9,50 |
25,53 |
39,63 |
28,86 |
15 |
Алматы қ. |
858,70 |
893,70 |
725,50 |
923,3 |
1 403,9 |
566,80 |
1721,90 |
3363,10 |
1 652,0 |
2 450,3 |
66,01 |
192,67 |
463,56 |
178,92 |
174,54 |
16 |
Астана қ. |
1152,70 |
1165,10 |
807,60 |
518,7 |
578,0 |
2740,90 |
4910,40 |
3380,60 |
4 995,5 |
4 767,1 |
237,78 |
421,46 |
418,60 |
963,08 |
824,76 |
Барлығы |
24510,30 |
25264,04 |
74699,80 |
97372,70 |
78462,90 |
9011,00 |
20522,90 |
22339,50 |
23818,70 |
24644,10 |
36,76 |
81,23 |
29,91 |
24,46 |
31,41 |
Информация о работе Қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттің экономикалық реттеу құралдары