Қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттің экономикалық реттеу құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 12:10, дипломная работа

Описание

Дипломная работа по "геополитике"

Работа состоит из  1 файл

Диплом.doc

— 729.50 Кб (Скачать документ)

 

Жер қойнауын пайдалану  төлемдері. Еліміздің минералдық ресурстары әлемнің барлық елдерінің қызығушылылығын танытып отыр және қарқынды игерілуде. Көптеген тау-кен кәсіпорындары, металлургия комбинаттары шетелдік компанияларға контракт негізінде берілді. Осындай жағдайда минералдық шикізат қорын пайдаланғаны үшін төлемдер, әсіресе көмір сутектер мен металды рудалар үшін төлемде бюджеттің негізгі кіріс көзіне айналды. Сондықтан минералдық шикізат қорына төлемдерді дұрыс анықтау және қолдану экономикамыз үшін өте маңызды.

Минералдық  шиікізат қорын пайдалану төлемдері  ең күрделі, әрі жан-жақты қызметтер атқарады.

Бірінші - кен орындарын іздеу, барлау жұмыстарына жұмсалған шығындарды қайтарады, геологиялық жұмыстарды қаржыландыруға қор жинақтайды. Мұндай төлем бұрыннан қолданылып келеді.

Екінші - минералдық шикізат халықтың игілігі және оның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етуі тиіс. Сондықтан пайдалану құқығы үшін төлемдер белгіленеді.

Үшінші - минералдық шикізаттың бір түрінің өзінің әр кен орнындағы сапасына, орналасуына байланысты тиімділігі әр түрлі. Тауар кен орындарын пайдаланушылар ренталық табыс алады. Оны ресурс иесі алуға құқылы және сол арқылы ресурс пайдаланушыларға біркелкі бәсекелестік жағдай туғызылады.

Төртінші - пайдалы  қазбаларды өндіргенде, байытқанда және өндегенде табиғи ортаға залал келтірмеу үшін күрделі табиғатты қорғау шараларын қолдану керек. Оларды қаржылаңдыру үшін табиғат қорғау төлемдері алынады.

Бесінші - минералдық шикізатты  ұтымды пайдалануды ынталандыру мақсатында ысырапшылдыққа жол бермеу және материалдық жауапкершілікті арттыру үшін табиғатты пайдалану нормаларын, зандарын бұзғандарға ысырапқа, шектен артық ластауларға жол бергендерден айып төлемдер алынады.

1991 ж. сол кездегі ҚР экология және табиғи ресурстар мемлекеттік комитеті жер қойнауын пайдалану төлемдерін анықтаудың әдістемелік нұсқауларын жасап, төлемдерді алу тәртібін белгіледі. Онда:

  • пайдалы қазбалар кен орындарын пайдалану құқығы үшін төлемдер:
  • табиғат потенциалын қорғау, қалпына келтіру, геологиялық барлауға қор аудару төлемдері;
  • минералдық шикізатты ұтымсыз пайдаланғаны үшін айып төлемдер қарастырылған.

Қазақстан Республикасының  салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (салық кодексі) кодексіне (2001) сәйкес жер қойнауын пайдаланушыларға арнайы салықтар мен төлемдер белгіленген. Олар:

1. Үстеме пайдаға салық; 2. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері; 1) бонустар а) қол қойылатын (тіркелген, автор); ә) коммерциялық табу (ашу, автор); 2) роялти; 3) өнімді бөлу бойынша ҚР үлесін есептеу мен төлеу.

Бонустар бір жолғы  тіркелген төлем болып табылады және жер қойнауын пайдалануға жасалғаи келісімшартта белгіленген мөлшерде және тәртіппен ақшалай нысанда төленеді. Жер қойнауын пайдаланушылар бонустың барлық түрін төлеушілер болып табылады.

Келісілген (тіркелген) бонус жер қойнауын геологиялық зерделеу, зерттеу мен одан кейінгі өндіру және (немесе) өндіру кұқына бір жолғы тіркелген төлем және жер қойнауын пайдаланушылар заңда белгіленген тәртіппен тиісті операцияларга шарт (контракт) жасалған жағдайда төленеді. Бонустың бастапқы шамасын ҚР Үкіметі белгілейді, соңғысын конкурс нәтижесі бойынша комиссия анықтайды, бірақ алғашқыдан кем болмауы керек.

Коммерциялық ашу (табу) бонусы келісімшарт аумағында ашылған, өндіруі экономикалық тұрғыдан тиімді болатын пайдалы қазбалардың белгілі түріне бір жолғы төлем. Келісім жасалған территорияда ашылған кен орындарына бонус төленеді. Бонустың шамасы өндірілетін пайдалы қазбалар қорының көлеміне, алынатын кұндылықтарға, яғни есептеу базасына сәйкес анықталады. Алынатын құндылықтар биржалық бағалармен, егер ол анықталмаған жағдайда өңдіру шығындарымен нормалы пайдасы ескеріліп есептеледі. Коммерциялық ашу бонусы есептеу базасының 0,1% кем болмауы керек.

Роялти пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік құрылымдарды қайта өндеу төлемі больш табылады. Роялти өндірген пайдалы қазбалардьщ немесе қайта өңделген техногендік кұрылымдардың көлеміне белгіленеді. Кең тараған пайдалы қазбаларға, жер асты суына роялти ҚР Үкіметі белгілеген мөлшерлемемен, басқа пайдалы қазбаларға - келісімде көрсетілген мөлшерлемемен төленеді. Роялти шамасы төлем базасына, нысанына және төлем мөлшерлемесіне сәйкес аныкталады.

Төлем нысаны өндірілген пайдалы қазбаның көлемі немесе нақты өндірілген пайдалы қазбадан алынған алғашқы тауарлы өнім: 1) мұнай, төлем базасы ретінде есептелетін құндылықтар: табиғи газ, газ конденсаты, көмір, жанғыш тақта тас, тауарлы руда, жер асты суы, смола, асбест, құрылыс материалдары шикізаты, металлургиялық бейруда; 2) бағалы металдар, құмдағы, кендегі, концентраттағы металдар; 3) қара, түсті, сирек, радиоактивті, минералдық химиялық шикізат концентраттары; 4) алғашқы өңцеуден өткен бағалы тастар, жылтырауық тастар, пьезооптикалық ншкізаттар; 5) алғашқы өндеуден өткен басқа пайдалы қазбалардың материалдық шикізаты.

Құндылықтар: өндірілген мұнайдың, жер асты суының, қатты пайдалы қазбалардың құны орташа сатылу бағасымен; алтын, күміс, платина кұны әлемдік биржа бағасымен; кең таралған пайдалы қазбалар құны жергілікті бағамен есептеледі.

Роялти мөлшерлемесі кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын қоспағанда:

- көмірсутектері бойынша өндіру көлеміне қарай белгіленген пайыз ретінде: өзгермелі шкаламен бүкіл пайдалану кезеңінде жинақталған көлеміне қарай немесе әр жылдағы өндіру көлеміне қарай белгіленеді;

-   қатты пайдалы қазбалар бойынша ҚР Үкіметі белгілеген пайыз түрінде белгіленеді;

  • кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты сулары бойынша төмендегі тіркелген мөлшерлемелермен;
  • металлургиялық бейруда, қалыпқа салынатын құм, глиноземді жыныстар (далалық шпат, пегматит), әк, доломит, әк-доломит жыныстары тамақ өнеркәсібіне арналған әк үшін - 1%; басқа бейруда шикізат, отқа төзімді балшықтар, каолин, вермикулит, ас тұзы - 3,5%; жергілікті құрылыс материалдары шикізаты - 4,5%; жер асты сулары — 10%.

Қайтарылатын шығындар — өнімді бөлісу келісіміне сәйкес жоспарда қарастырылған жер қойнауын пайдаланушының шығындары. Олардың құрамына келесі шығындар кіреді.

  1. контракт күшіне енгенге дейінгі шығындар, оның ішінде: техникалық-экономикалық құжаттар дайындау және жасау, барлау және бағалау шығындары:
  2. келісім күшіне енген күннен аяқталғанға дейінгі шығындар.

Қайтарылмайтын шығындар - компенсациялық өніммен қайтарылмайтын шығындар:

  1. жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін конкурсқа қатысу төлемдері;
  2. геологиялық ақпарат алу төлемдері;
  3. келісімде шектелген шьғындардың артық шамасы, оның ішіңде әкімшілік шығындарының нормадан артық шамасы;
  4. табиғи ортаны шектен артық ластағаны үшін айып төлемдер;
  5. келісім жасаушының өзіне тиесілі өнімдерін сату, тасымалдау, қамтамасыздаңдыру, комиссиялы және өзге шығындары;
  6. аудит шығыңдары;
  7. өзінің міндеттерін дұрыс орындамауына байланысты шығындары;
  8. экскурсия, саяхат шығындары;
  9. несие (заем) алғаны үшін сыйақы төлемдері;

10)жер қойнауын пайдаланушының кінәсінен, технологиялық талаптарды орындалуынан апатты жағдайлар шығындары;

11)әлеуметтік жобаларға шығындар;

12)жұмысшыларды ерікті қамсыздандыру шығындары;

13)соттасу жөніндегі шығындар;

14)айып төлемдері және олардың өсімі;

15)ҚР заңдарында көрсетілмеген  жұмысшылардың жеке тұтынуына төлемдер;

16)Бір мерзімдік тіркелген  төлемдері - бонустар;

17)Бюджетке төленген  салықтары мен міндетті төлемдері; 18)Қайтарылмаған шығындар қалдығы  өсімсіз келесі салық кезеңіне өтеді;

19)Келісімде  көрсетілген әрекеттерге жатпайтын шығындар. Компенсациялық шығындардың ең жоғары шамасы әр келісімде дербес анықталады:

Жобаның қайтарылымдылығына жеткенге дейін жалпы өнімнің 75%-ы артық емес;

Одан кейінгі  жылдарда 50%-дан жоғары емес.

  1. Әр кен орны бойынша қайтарылатын шығындар келісімдегі территориядан өндірілген өнімдерден қайтарылады.

5. Салық кезеніңде қайтарылмаған шығындар қалдығы былай анықталады:           

Кезеңнің басында қайтарылмаған шығындар + осы кезеңде қайтарылатын шығындар - осы кезеңде қайтарылған шығындар.

Өнімді бөлісу туралы келісім жасамаған экспортқа шикі мұнай шығаратын жеке және заңды тұлғалар ренталық салық төлейді.

Төлем нысаны — экспортқа шығарылған мұнай көлемі. Төлемді есептеу базасы - экспортқа шығарылған шикі мұнай құны. Ол мұнайдың сапасына байланысты қалыптасқан нақты экспорт бағасымен есептеледі, транспорт шығындары шегеріледі [11; 19].

Жер ресурсын пайдалану төлемдері. Жер өте ерте кезден адамзат қоғамының өмір сүру және әміріне қажетті заттарды өндіру ортасы болып келеді. Жер ауданы, әсіресе өндіріске қолайлы, құнарлы жерлер шектеулі. Сондықтан жер үшін күрес ешқашан тоқтаған емес. Бір қоғамның, мемлекеттің өз ішінде жерге меншік, иелік ету әр түрлі топтардың арасында әр түрлі қатынастарды тудырады. Біреулер жерге иелік ету арқасында байып отырса, екіншілері - жері жоқтар кедейленді. Осы қатынастар және жердің шектеулілігі жерді экономикалық бағалау, тиімді пайдалану, жерге меншік қатынасын және соның негізінде салық төлемдерін тудырды. Жер салығы жер иеленушілердің тұрақты табыс кезі болып келеді.

Жер жалпыхалықтық меншік деп жарияланған социалистік қоғамда да жер салығы болды. Өйткені, жер пайдаланушылар жер иеленушілерден шаруашьшық есеп бойынша оқшауланған. Сонымен қатар жердің табиғи өнімділігіне және орналасу тиімділігіне байланысты дифференциалдық рента әрқашан болады. Сапасы біркелкі тәуір жермен барлық жер пайдаланушыларды қамтамасыз ету мүмкін емес. Сапасы әр түрлі жерді пайдаланушылар бірдей еңбек жұмсай отырып әр түрлі нәтиже алады. Сондықтан жер иелену құқығы қоғамның барлық мүшелеріне бірдей болған күннің өзінде жақсы жерді пайдаланушылар ондай мүмкіндігі жоқтармен өзінің табысымен бөлісуі керек. Бұл жер салығы арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес (9 бап) жер ресурсын пайдаланғаны үшін төлемдер:

  1. Меншіктегі, тұрақты пайдаланудағы немесе бастапқы уақытша өтеусіз жер пайдаланудағы жер учаскелерінен жер салығы алынады.
  2. Мемлекет уақытша өтеулі пайдалануға (жалға) берген жер учаскелерінен пайдалану төлемақысы алынады.
  3. Жер учаскелерін мемлекеттік меншіктен жеке меншікке беру өтеулі негізде, ақысы бірден төленіп немесе төлеу мерзімі ұзартылып сату арқылы жүргізіледі, бұған жер учаскесі меншікке өтеусіз берілетін жағдайлар қосылмайды. Жер учаскелері үшін төлемақы немесе жалдау құқығын сату төлем ақысы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін қолдану арқылы шығарылатын кадастрлық (бағалау) құны негізінде есептеледі.

Жер салығы: 1) ауыл шаруашылық, 2) елді мекендер, 3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге мақсаттағы, 4) сауықтыру рекреациялық мақсаттағы, 5) орман, 6) су қорының жерлеріне белгіленеді.

Иелігінде немесе пайдалануында жер учаскелері бар занды тұлғалар немесе жеке азаматтар (оның ішінде шетелдік) жер салығын төлеушілер болып табылады.

Жер салығы жыл сайынғы  «тіркелген» төлем. Салықтың базалық ставкасын Қазақстан Республикасының жоғарғы өкіметі (Парламент) бекітеді. Оған әр жылда ҚР Үкіметі белгілеген коэффициенттер қолданылады. Ал, нақты жер бөлімшелеріне және нақты жер пайдаланушыларға салықтың шамасын базалық ставкасы негізінде өкілетті жергілікті органдар анықтайды. Олар жер салығының базалық ставкаларын 50%-ға дейін төмендетуге немесе жоғарылатуға құқылы.

Жер салығының 10%-ы республикалық, 20%-ы аймақтық (облыстық), 70%-ы жергілікті бюджетке аударылады. Ауыл шаруашылық жерлерін жеке меншікке сатқаннан түсетін қаражат ұлттық қорға аударылады.

Ауыл шаруашылық жерлеріне  салықтың базалық ставкасы 1 га жерге белгіленеді және топырақтың бонитет баллдарымен өлшенетін сапасына байланысты сараланады. Яғни, салықтың шамасы жердің өнімділігіне, орналасу тиімділігіне және сумен қамтамасыз етілуіне байланысты анықталады. Ол жер пайдаланушының шаруашылық нәтижесіне байланысты емес жыл сайынғы жоспарлы тіркелген төлем.

Елді мекендер орналасқан жерлерге салық 1 кв м ауданға белгіленеді және аймақтар, қалалар және басқа елді мекендер бойынша сараланады. Елді мекендерден тысқары өндіріс, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге мақсаттағы жерлерге салық бонитет бойынша сараланып, 1 га елді мекендерде 1 кв м белгіленген.

Сауықтыру, рекреациялық жерлер басқа мақсатта жанама пайдаланылатын болса, тиесілі салық салынады.

Үй жанындағы өзіндік  шаруашылыққа, саяжайға, бау-бақшаға  берілген жерлерге базалық салық  ставкасы 0,01 га белгіленген.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман мен су қорының жерлері ауыл шаруашьшығында және өзге мақсаттарда пайдаланылса, тиесілі салық алынады.

Автотұрақтар, май құю станциялары, базалар орналасқан жерлерден елді мекендер жерлеріне салықтың базалық мөлшерлемелерінен он есе үлғайтылған салық алынады.

Жер салығы бойынша  төмендегідей жеңілдіктер қарастырылған.

Мемлекеттік қорға сақталған  босалқы жерлер және табиғат қорғау мен тарихи-мәдени шаралар, сауықтыру, рекреациялық мақсаттағы, орман, су қорларының жерлері (басқа мақсатта пайдаланылмаса) салық салуға жатпайды.

  1. Елді мекендердің жалпы пайдалануындағы жер учаскелеріне салық алынбайды.
  2. Мынадай салық төлеушілер тиісті мөлшерлемелерге 0,1 коэффициентін қолданады, жеңілдіктер алады:
  3. балалардың сауықтыру мекемелері, мемлекеттік табиғи қорықтар, резерваттар, ұлттық және табиғат парктері, зоологиялық парктер, ботаника бақтары, мемлекеттік дендрологиялық парктер;
  4. салық кодексінде жеңілдіктер берілетін заңды тұлғалар мен азаматтар.
  5. қызметі өртке, зиянкестер мен ауруларга қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды молайту, экологиялық жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;
  6. балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттік кәсіпорындар;
  7. ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестациялау саласындағы міндеттерді атқаратын кәсіпорындар;
  8. психоневрологиялық және туберкулез мекемелері жанындағы емдеу-өндірістік кәсіпорындар.

Информация о работе Қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттің экономикалық реттеу құралдары