Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 12:10, дипломная работа
Дипломная работа по "геополитике"
2) Ластауға қатысты төлемдер экологиялық рұқсатпен белгіленген шеңбердегі барлық қалдықтар үшін алынады. Белгіленген лимиттен артып түсетін ластағыштарға базалық тарифке он есе тең жоғары айыппұл коэфициенті қолданылады. Су мен ауаның ластануы бойынша тарифтер су немесе ауаның ластағыш қалдықтарының «шартты тоннасына» қарай белгіленеді. «Шартты тонналар» қалдықтардың максималды жіберілетін (аймақтық) концентрациясын ескергенде оның көлемін реттеу арқылы есептеледі. Негізінен, қоршаған ортаның ласталуына төленетін төлемдер қоршаған ортаны облыс деңгейінде қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға арналған жеткілікті кірісті басты кіріс етіп алу қажеттілігінің негізінде жасалуы тиіс еді. Шындығына келгенде, бұл қүралдар үнемі басқа мақсаттар үшін қолданылды.
Экологиялық кодекске сәйкес (101 б.) ҚОҚМ қоршаған ортаның ластануына қатысты тек базалық қана емес, сонымен бірге шекті төлемдерін де анықтайды. Осыдан соң жергілікті билік өкілдері министрлікпен белгіленген шеңберде өзіндік қызмет етуші тарифтік төлемдерін өз бетінше белгілейді. Қоршаған ортаны ластауға қатысты белгіленген базалық тарифтер шаруашылық қызметінің және онымен байланысты ластаудың түрлері мен деңгейлерінің айырмашылықтарымен байланысты түрлі өзгешеліктерін сипаттай отырып, аймақтар бойынша ерекшеленеді.
3) Табиғатты пайдалану үрдістеріндегі қоршаған ортаға әсер ету арқылы оған зиян келтіріледі. Зиянның алдын алу, болдырмау және салдарын жою едәуір шығындар жұмсауды талап етеді. Қоғамның ондай шығындары қоршаған ортаны ластаушылардың есебінен қайтарылуы тиіс. « Ластаушы-төлейді» ұстанымы жүзеге асырылуы керек. Табиғатты қорғау шараларын кәсіпорындар өздері жүргізген жағдайда да шығындар жұмсалады және ол шығындар қоршаған ортаға жағымсыз жерлерді толық жоюы керек, ол әсерлер толық жойылмаған жағдайда оның салдарынан болған қоғамның шығындарының орны толтырылуы керек. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы нормасы шекті шамаға және шектен артық ластағаны үшін алынады. Осыған байланысты әрбір табиғатты пайдаланушы кәсіпорынға ластаулардың риялды шекті шамалары және төлем нормативтері белгіленеді.
4) Тарифтерді жергілікті мемлекеттік органдар және коммуналдық қызмет орындары белгілейді және ол бекіту үшін табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Агенттіктің (ТМРА) облыстық басқармасына беріледі. Үлттық сипаттағы ТМРА бір облыстың шеңберінен шығатын бөлуші тарап арқылы коммуналдық қызмет орындарының жұмысын бақылауды жүзеге асырады. Тарифтерді арттыруға байланысты өтініштерді келісу үрдісіне байланысты коммуналдық қызмет орындары ТМРА-не торапты дамытуға қажетті негізгі кұралдар мен қорды алмастыру, пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету туралы жан-жақты мәлімет беруге міндетті. Тарифтер шығыстарды ескере отырып, бақылаушы органмен есептеледі. Жалпы, бұның құрамына негізгі капитал мен кірісті амортизациялауды есепке алғандағы пайдалану шығыстары қамтылады. Коммуналдық қызмет орындары сонымен бірге ағынды сулармен бірге тасталатын ластағыштар үшін де төлейтіндігін атап өту маңызды. «Бірегей» тарифтерді қолдану кеңінен таралған, яғни бір куб метрге төленетін баға суды қолданудың жалпы деңгейінен тыс өзгеріссіз қалады. Балама ретінде үдемелі сатылы-пропорционал тариф қызмет етеді, мұнда баға тұтыну көлемімен бірге өседі. Бұған қоса, тарифтер түрлі тұтынушы топтар үшін бірдей. Халыққа өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған тарифтер есебінен тарифтерді көлденеңінен субсидиялау да қолға алынбаған.
5) Автомобиль көлігі – ауаны ластаудың негізгі көзі. Көп уақыттан бері түрлі критерийлер бойынша көлік құралдарының түріне байланысты жіктелетін жыл сайынғы салық жүйесі қалыптасқан. Жеңіл автокөліктерге салынатын салық мөлшері қозғалтқыш (двигатель) көлеміне байланысты болады [12; 14, 22].
Ауыл шаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану. Ауыл шаруашылық жерлерінің азып-тозуы көпшілік елдерде табиғи ортаның сапасының нашарлануының басты себепкерінің біріне айналды. Қазақстанда бұл мәселе территориямыздың көп бөлігі шөл және шөлейт аймақта орналасуымен, тың көтеру әрекеттерімен және орман мен судың тапшылығымен байланысты. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы көптеген өзгерістерден, адамдардың әрекеттерінен зардап шегеді. Ашық әдіспен кен, мұнай, газ өндіру, тасымалдау және өңдеу, өндіріс пен қалалардың қалдықтары ауыл шаруашылық бағытындағы жерлерді ластайды.
Ауыл шаруашылық жерлеріне зиян келтіретін негізгі факторлар
1- кестеде көрсетілген.
1-кесте
Ауыл шаруашылығына экологиялық әсерлер |
Ауыл шаруашылығына сыртқы әсерлер |
Жер ресурстарына: — эрозияның күшеюі; — ауыр техниканың топырақты таптауы; — зиянды химиялық заттармен ластау; — артық мал жаю; Су ресурстарына: — тыңайткыштар мен пестицидтермен ластау; — мал, құс кешендерінің ластауы; — егістікке таза су алып ластанған су жіберу; Ауаға: — мал, құс кешендерінің ластауы. |
Ауыл шаруашылық жерін айналымнан алу: — мұнай, газ өндірісіне; — пайдалы қазбалар өндіруге; — көлік торабын дамытуға; — урбанизация; Ауыл шаруашылық жерлерінін азуы және ластануы:
— тұрғынүй, коммуналдық шаруашылық ластаулары; —радиоактивті ластаулар. Су ресурстарын ластау: — өнеркәсіп ақаба сулары; — тұрғынүй және коммуналдық шаруашылық кәріз сулары. |
Жер ресурстарын ұтымды пайдаланудың негізгі мәселелері:
1. Өнімділгін қалпына келтіру. Жер бетінде адамзат пайда болғаннан бүгінгі күнге дейін оларды жер асырап келеді. Жер - игіліктің негізгі көзі. Өндірістің, ғылым мен техниканың қаншалықты дамығанына қарамастан жер өмір сүру негізі болып қала береді. Адамдарды азық-түлікпен және басқа да өмірлік қажеттілікпен қамтамасыз етуде жердің өнімділігі, топырағының құнарлылығы маңызды рөл атқарады. Жердің табиғи, жасанды және экономикалық өнімділігі ажыратылады. Табиғи өнімділік ұзақ уақыт қалыптасқан геологиялық, климаттық, топырақ түзілу үрдістерінің нәтижесі. Топырақтың табиғи өнімділігі, ондағы қоректік заттар, ылғалдылығы, ауа өткізгіштілігі — жердің өнімділігіне әсер ететін негізгі факторлар. Топырақтың табиғи өнімділігін ұтымды пайдалану адамдардың іс-әрекеттеріне: аграрлық мәдениетіне, өндіргіш күштерінің дамуына байланысты болады. Олар жердің алғашқы өнімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде өнімді молайтуға олардың сапасын жақсартуға болады. Қосымша өнімділік жасанды өнімділік деп аталады.
Табиғи (Өт) және жасанды (Өж) өнімділіктер экономикалық (Өэ) өнімділікті, жердің (топырақтың) биомасса өндіру мүмкіндігін білдіреді.
Өэ = Өт + Өж
Экономикалық өнімділіктің сандық шамасы жердің бір ауданынан алынатын ауыл шаруашылық өнімдерінің шамасын (түсімін) білдіреді.
Ауыл шаруашылығындағы басты мәселе - топырақтың құнарлығының кемуі. Оның ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты бірнеше түрлері бар:
1) толық емес, қысқартып қалпына келтіру немесе ысырапшыл ауыл шаруашылығы, мұнда табиғи өнімділік кемиді;
2) табиғи өнімділікті ұдайы (қарапайым) қалпыпа келтіру, немесе табиғат қорғаушы ауыл шаруашылығы;
3) ұлғаймалы қалпына келтіру немесе табиғат жақсартушы ауыл шаруашылығы.
Топырақтың табиғи құнарлылығын қалпына келтірудің бірінші түрі техногендік өндіріске, екінші, үшінші түрлері - тұрақты даму сатысына сәйкес келеді.
Қазір барлық елдерде басты назар ретінде топырақтың экономикалық өнімділігін қалпына келтіруге күш жұмсалады. Бірақ, экономикалық және табиғи өнімділікті қалпына келтіру шығындары мен нәтижелерінің едәуір өзгешеліктері бар. Ылғи экономикалық өнімділікті қалпына келтіруге (арттыруға) бағыт ұстау, экологиялық қолайсыз жағдайлар туғызуы мүмкін. Оны әлемдік тәжірибе көрсетті. Алғаш өнімділіктің өсуі, одан кейін тұрақтануы, тіпті кемуі шығындарды ұдайы арттырып отыруды талап етеді. Сөйтіп, табиғи өнімділіктің кемуінің орнын жасанды өнімділікпен толтырудың тиімділігі ылғи кеміп отырады.
Табиғи өнімділіктің төмендеу шегінің объективті шамасы бар, оған жақындағанда адамдарды жасанды техникалық қуаты, өндіріс күштерінің тиімділігі кемиді (2-сурет).
«Экологиялық шек» деңгейін бөлу шығындардың және қолайсыз жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Қазір көптеген топырақтану саласының ғалымдары жасанды өнімділікті арттыру шаралары табиғи өнімділіктің төмендеуін бүркемелейді, орнын толтырмайды деп есептейді. Кейбір мамандар тыңайтқыштар қолдану бүгінгі күннің құралы, ұзақ мерзімдік шара деп қарауға болмайды, ол топырактың сапасын жақсартпайды, тек оның өнімділігінің төмендеуін жасырады, оның дәлелі егістіктің қарашірігінің азаюы дейді.
Суреттен көргеніміздей, минералдық тыңайтқыш қолданып жасанды өнімділікті арттыру 0 - to кезеңде экономикалық өнімділікті арттырады, to – t1 кезеңде жасанды өнімділік артқанына қарамастан экономикалық өнімділік тұрақтанады, тіпті кеми бастайды. Бірақ t1-ден кейін табиғи өнімділік «Экологиялық шектен» төмендегенде жасанды өнімділікті шұғыл арттырғанға қарамастан, экономикалық өнімділік кеми бастайды [13; 10].
Ауыл шаруашылық өнімдерін арттыру үшін топырақтың табиғи өнімділігін ұдайы және ұлғаймалы түрде қалпына келтірудің динамикалық моделі:
Эө (К, t) — max
Эө (К, t) = Жө (К, t) + Жө (К, t)
Тө (К, t) ≤ Тө (К, t + 1)
мұнда К - инвестиция, t - уақьгг (t = 1,2... h).
Келтірілген модельдің мағынасы: экономикалық өнімділікті арттыру үшін табиғи және жасанды өнімділікке қаржы бөлу табиғи өнімділікті кемітпейтін дәрежеде болу керек. яғни табиғи өнімділікті кемітпей қорғау керек. Тө (К, t) ≤ Тө (К, t + 1) теңсіздігі ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудың ең маңызды (бірақ жеткілікті емес) шарты болып табылады.
Ауыл шаруашылығын ұтымды ұйымдастырмау, оның ішінде тың көтеру, егістікке жарамсыз жерлерді жырту, өзен арнасын өзгерту, адам әекеттерінің жерге тигізетін әсерлері: сынақ және әскери полигондар, зымырандар ұшыру, тұздану және тақырлану салдарынан жер қорының едәуір бөлігінің сапасы нашарлаған. Толық емес мәліметтер бойынша 75 млн га сортанданған, 77 млн га эрозияға ұшыраған, жайылымның 69%-ы шөл және шөлейтті аймақта, олардың 60%-ының жемдік қоры нашарлаған, 22%-ын тікенек басқан, 15%-ы эрозияға ұшыраған, егістіктің едәуір бөлігі қауіпті аймақта сумен қамтамасыз етілмеген. Суармалы жерлердің 23%-ы сортаңданған, 3%-ы батпаққа айналған және 5%-ының кұнары шайылып кеткен. Жер жыртудың, өзен арнасын өзгерту нәтижесінде табиғи шабындықтар 30%-га қысқарған.
Ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудың ең басты міндеті - топырақтың құнарлылығын ұдайы, ұлғаймалы түрде қалпына келтіріп отыру. Оны жүзеге асыру ауыл шаруашылығын экологияландыру бағдарламасында қарастырылады. Онда топырақты эрозиядан қорғау, органикалық тыңайтқыш қолдану, агро-орман мелиорациясы, мәдени-техникалық мелиорация, көп жылдық шөптер себу, қышқыл топырақтарды әкпен өңдеу, топыраққа техногендік әсерлерді азайту, топырақ қорғаушы технология қолдану, өсімдіктерді биологиялық әдістермен қорғау, ұтымды ауыспалы егістік және т.б. қарастырылады. Бұл шаралардың жерге теріс әсерлері болмайды. Сондықтан ауыл шаруашылығын химияландыру, минералдық тыңайтқыштар, пестицидтер, ауыр техникалар қолдануға қараганда олар басылымдылыққа ие болу керек.
Ауыл шаруашылығын экологияландыру экологиялық, экономикалық және әлеуметтік тиімділіктер береді. Мысалы, эрозияға қарсы шаралар егістіктен алатын өнімдерді 30%-ға дейін арттырады және ұзақ уақыт нәтижесін беріп отырады. Ауыл шаруашылығын экологияландыру ауаның, судың ластануын азайтады, экологиялық таза өнімдер өсіру және тұтыну халықтың денсаулығын жақсартып, әлеуметтік тиімділікке қол жеткізеді.
Ауыл шаруашылығының инфрақұрылымдарын жетілдіру шикізаттың, өнімдердің ысырабын азайтады. Қазіргі кезде инфрақұрылымдардың жетіспеушілігінен ысыраптың шамасы 20-30%-ға жетеді. Оның орнын толтыруға табиғатқа күш түседі. Есептеулер бойынша ауыл шаруашылық өнімдерінің ысырабын болдырмау тұтынуды азайтпай-ақ пайдаланылатын ресурсты - ауыл шаруашылық жерлерін 30-40% қысқартуға болатынын көрсетті.
Ауыл шаруашылығын экологияландырумен қатар инфрақұрылымдарын жетілдірудің (индустриаландыру) артықшылықтары өте көп. Біріншіден, экологиялық орнын толтыру шығындары азаяды. Екіншіден, қалдықсыз, аз қалдықты технология негізінде шикізатты толық және кешенді пайдалану табиғи ортаны ластауды азайтады. Үшіншіден, ысырап болып, жоғалтылған өнімнің орнын толтыру үшін ресурс игеруді арттыру, яғни табиғатқа жүктемені арттыру қажеті жоқ. Төртіншіден, инфрақұрылымдарға жұмсалған қаржы ауыл шаруашылығының көптеген салаларына қарағанда тезірек қайтарылады [11;16;29].
Биологиялық алуан түрлілікті сақтаудын экономикалық мәселелері.
Биологиялық алуан түрлілікті сақтау мәселесіне әлемде көп көңіл бөлінуде. Биологиялық алуан түрлілікке өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер түрлері, сондай-ақ олар тіршілік ететін экожүйелер және экологиялық үрдістердің алуан түрлілігі жатады. Оған тұкым түрлері, олардың бір-бірінен айырмашылығы, жалпы биосферадағы түрлердің дамуы қосылады.
Қазір жыл сайын кезекті түр жойылып отырған жағдайда биологиялық алуан түрлілікті сақтау ғаламдық мәселеге айналды. Түрлердің қазіргі жойылу қарқыны табиғи түр алмасудан 50-100 есе артық. Осы қаркын сақталатын болса Жердегі түрлердің 2020 ж. 15%-ы жоғалады. Түрлердің бұлай жойылуы, ең бірінші кезекте, олардың мекендеріне деген адамдардың антропогендік әрекеттерімен байланысты. Оның ішінде:
- ауыл шаруашылығында егіншілік пен мал шаруашылығын қарқынды дамыту, жаңа жер игеру, батпақтардың құрғатылуы, өзен-көл жүйелерін өзгерту, ауыл шаруашылығында химиялық заттар қолдану, кең аумақта жеке дақыл өндіру;
- қарқынды балық аулау, теңіз өнімдерін алу, мұхит, теңіз, көл, өзендердің, жер асты суларының ластануы;
- орманның жойылуы, артық ағаш кесу, егістікке орман алқабын босату;
- көлік және инфрақұрылымдардың дамуы, жол салу, аэропорттар, арналар, электр желілері, өзен-теңіз порттары және т.б. табиғи ортаға жүктемені арттыру жануарлар мен өсімдіктердің азаюына әкеледі;
- тау-кен ендірісі, энергетика кешендері, мұнай-газ өндіру, құбырлар тарту ауқымды жер ауданын алады, жан-жануарлардың мекендерін бүлдіреді;
- урбанизация мен туризм табиғатқа жүктемені арттырады. БҰҰ-ның Рио-де Жанейро Конференциясында 179 елдің өкілдері қатысуымен биоәртүрлілік туралы Конвенция қабылданды (1992 ж.). Онда келесі маңызды міндеттер айқындалды:
1) биологиялық алуан түрлілікті сақтау;
2) оның компонентгерін бүлдірмей пайдалану;
3) тұқым қорларын әділетті тең күқықты игілікке пайдалану.
Биологиялық алуан түрлілікті сақтау және бүлдірмей пайдалану адамдарды азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен, рухани игіліктермен қамтамасыз етудің маңызды шарты.
Информация о работе Қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттің экономикалық реттеу құралдары