Қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттің экономикалық реттеу құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 12:10, дипломная работа

Описание

Дипломная работа по "геополитике"

Работа состоит из  1 файл

Диплом.doc

— 729.50 Кб (Скачать документ)

Осындай жағдайлардың салдарынан қалалардың тұрғын аймақтарының ауасынан азот тотығы күкірт, көмірсутектер және т.б. қауіптілігі 3-4 сынып заттарды айтпағанның өзінде, қауіптілігі 1-2 сыныпқа жататын әр түрлі химиялық қосындылар табылган. Мысалы, қауіптілігі 1-ші сыныпқа жататын улы зат - бенз(а)пиреннің қалалардағы орташа шамасы жол берілетін деңгейден 2,5 есе артық, Алматыда - 3-7 есе (кейде 33 есеге дейін), Таразда - 16, Өскеменде - 11 есеге дейін артқаны байқалған. Шымкент қаласында фосфор ангидридінің, фторсутектің, мыстың, қорғасынның, кадмийдің шоғырлануы жоғары. Павлодар, Екібастұз қалаларының ауасында бенз(а)пирен, мырыш, хром, қорғасын, никель, марганец, темір, хлор, сынап бар екені анықталган.

Ауа бассейнінің ластануы еліміздің көптеген қалаларында қиын экологиялық мәселеге айналып отыр.

Ауадағы зиянды заттардың аз ғана мелшерінің өзі адамға тұракты әсер еткенде, оның денсаулығын бұзады, организмінің ауруларга қарсы тұру мүмкіндігін шектейді, әр түрлі тері ауруларын туғызады. Улы газдардың әсері ең бірінші кезекте тыныс жолдарын, асқазанды, қан жүйесін, жүйкені бұзады.

Алматы қаласында шығарымдардың құрамында жүзге жуық зиянды заттар, оның ішінде 10-ға жуық қауіптілігі бірінші сыныпқа жататын зиянды заттар бенз(а)пирен, ванадий бес тотығы, қорғасын, хром ангидриді, 24 - екінші сынып (фенол, формальдегид, мышьяк, перхлор-этилен, фторлы сутек, күкірт-сутек, акролеин, т.б.) бар. Кей жағдайларда олардың бір мерзімдік шығарылымдары жол берілетін шамадан 5 есе, одан да коп асып кетеді.

Алматы қаласының шартты «лас», «таза», «орташа» ауданда-рындағы байқаулар 100 мың адамға есептегенде аурулар «таза» ауданда 534, «орташада» - 657, «лас» ауданда - 924 болғанын көрсетті. «Лас» ауданда бронхитпен ауыру 2,5 есе, ОРЗ - 2,0 есе, фарингит - 1,8 есе, пневмония - 5,2 есе, тыныс жолдарының ауруы 1,5 есе артық болған.

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің зерттеулері «таза» аймаққа қарағанда «лас» аймақта балалар ауруы-ның 4,8 есе артық болатынын көрсетті (Теміртау қ-сы, Осака-ровка кенті). Ластану деңгейі мен ауру арасында тура корреляциялық байланыс коэффициенті - 0,8. Ондай байланыстың нақты дәлелі ретінде Қарағанды қаласындагы көрсеткіштерді атауға болады. Мұнда «лас» аймақта (Майқұдық ауданы) «таза» (Оңтүстік-Шығыс) ауданымен салыстырғанда гипертония аурулары -2 есе, химия - 4,5 есе, несеп жүйелерінің ауруы 1,2 есе артық болған.

Қоршаған ортаның ластануы жұқпалы аурулардың артуына да жанама әсер етеді. Теміртау қаласында тері-аллергиялық аурулар «таза» аймақтағы балалардың 8%-ы болса, «лас» аймақта 37% болған.

Экологиялық жағдайдың  тұрғындардың денсаулығына әсері Екібастұз отын-энергетика аймағында анық байқалады. Соңғы он жылда мұнда фарингитпен ауыру - 6,8 есе, пневмания - 2,3 есе, созылмалы бронхит пен өкпе эмфиземасы - 5,4 есе, кеңірдек астмасы - 1,6 есе артқан. Ақсу қаласында тыныс жолдарының ауруы 39%, оның ішінде созылмалы фарингитпен - 6 есе, кеңірдек астмасы — 1,7 есе, гипертония аурулары — 1,4 есе, тері аурулары 2,8 есе артқан [7; 10; 29].

Республикамызда атмосфераның сапасын жақсарту үшін:

- атмосфераны ластаушылардың сандық және сапалық құрамын, олардың адамдардың денсаулығына әсерін динамикалық зерттеу;

-  атмосфера ауасының сапасын бақылау нормативтерін жетілдіру;

- қалалардың ауа бассейнін сауықтыру жөнінде аймақтық, салалық және нысандық бағдарламаларын жасау;

- өндірістік-шаруашылық әрекеттерді, өндіргіш күштерді орналастыру және дамыту жобаларын, қала және елді мекендердегі құрылыс салу жобаларыы, санитарлық-экологиялық нормативтерді, кәсіпорьш жобаларын, жоспарларын, өндіріс құру жобаларын экологиялық және санитарлық-эпидемиялогиялық сараптамадан өткізу қажет.

 

2.2 Табиғатты пайдалануды басқарудың құқықтық – нормалық негіздері мен мемлекеттік органдар

 

Қазақстан Республикасында  табиғатты пайдалануды басқарудың мынадай құқықтық – нормалық негіздері  бар:

       1) Экологиялық кодекс;

      2) Міндетті экологиялық сақтандыру заңы;

  1. Салық кодексі 71-тарау. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы.

Мемлекет негізі осы  экологиялық кодекске сай басқарып реттеп отырады. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) биологиялық әртүрлілік - бір түр аясында, түрлер арасындағы және экологиялық жүйелердегі жануарлар мен өсімдіктер дүниесі объектілерінің әртүрлілігі;

2) биологиялық ресурстар  - генетикалық ресурстар, организмдер  немесе олардың бөліктері, популяциялар  немесе экологиялық жүйелердің адамзат үшін нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар кез келген басқа да биотикалық компоненттері;

3) генетикалық түрлендірілген  организмдер - өсімін молайтуға  немесе тұқым қуалайтын генетикалық  материалды беруге қабілетті,  табиғи организмдерден ерекше, гендік инженерия әдістері қолданыла отырып алынған және құрамында гендік-инженерлік материал (гендер, олардың фрагменттері немесе гендер комбинациясы) бар организмдер;

4) коммуналдық қалдықтар - елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы және жиналу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндіріс қалдықтары;

5) қалдықтар сыныптауышы - қалдықтарды сыныптау нәтижелері қамтылған, қолданбалы сипаттағы ақпараттық-анықтамалық құжат;

6) қалдықтарды есепке алу - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамалары және олармен жұмыс істеу тәсілдері туралы ақпаратты жинау және беру жүйесі;

7) қалдықтарды жою - қалдықтарды көму және жою жөніндегі операциялар;

8) қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою;

9) қалдықтарды кәдеге жарату - қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретінде пайдалану;

10) қалдықтарды көму - қалдықтарды шектеусіз мерзім ішінде қауіпсіз сақтау үшін арнайы белгіленген орындарға жинап қою;

11) қалдықтарды өңдеу - қалдықтардың көлемін немесе қауіпті қасиеттерін азайту үшін олардың сипатын өзгертетін, олармен жұмыс істеуді жеңілдететін немесе оларды кәдеге жаратуды жақсартатын сұрыптауды қоса алғанда, физикалық, жылу, химиялық немесе биологиялық процестер;

12) қауіпті қалдықтар паспорты - қалдықтардың шығу көзі бойынша пайда болу процестерінің, олардың сандық және сапалық көрсеткіштерінің, мұндай қалдықтармен жұмыс істеу ережелерінің, оларды бақылау әдістерінің, бұл қалдықтардың қоршаған ортаға, адам денсаулығына және (немесе) тұлғалар мүлкіне зиянды әсер ету түрлерінің стандартталған сипаттамасы, қалдықтарды шығарушылар, меншігінде қалдықтар бар өзге де тұлғалар туралы мәліметтер қамтылған құжат;

13) қалдықтарды орналастыру - өндіріс және тұтыну қалдықтарын сақтау немесе көму;

14) қалдықтарды сақтау - қалдықтарды кейіннен қауіпсіз жою мақсатында оларды арнайы бөлінген жерлерде жинап қою;

15) қалдықтарды сыныптау - қалдықтардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауіптілігіне сәйкес оларды жіктеуге жатқызу тәртібі;

16) қалдықтардың түрі - шығу көзіне, қасиеттеріне және жұмыс істеу технологиясына сәйкес жалпы белгілері бар, қалдықтар жіктеуіші негізінде айқындалатын қалдықтар жиынтығы;

17) қауіпті қалдықтар - құрамында қауіпті қасиеттері (уыттылығы, жарылыс қаупі, радиоактивтілігі, өрт қаупі, жоғары реакциялық қабілеті) бар зиянды заттар болатын, дербес немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына тікелей немесе ықтимал қауіп төндіретін қалдықтар;

18) қауіпті емес қалдықтар - қауіпті және инертті қалдықтарға жатпайтын қалдықтар;

19) қоршаған орта - атмосфералық ауаны, Жердің озон қабатын, жер бетіндегі және жер астындағы суларды, жерді, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ осылардың өзара әрекетінен туындайтын климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектілердің жиынтығы;

20) қоршаған ортаға келтірілетін залал - табиғи ресурстардың жұтаңдауы мен сарқылуын немесе тірі организмдердің қырылуын туындатып немесе туындататындай етіп қоршаған ортаны ластау немесе табиғи ресурстарды белгіленген нормативтерден артық алу;

21) қоршаған ортаға эмиссиялар - ластағыш заттардың шығарындылары, төгінділері, қоршаған ортада өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету;

22) қоршаған ортаға эмиссияларға арналған квота - нақты табиғат пайдаланушыға белгілі бір мерзімге бөлінген қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттің бір бөлігі;

23) қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттер - белгілі бір мерзімге арнап белгіленетін қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтік көлемі;

24) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган - қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру мәселелері бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары;

25) қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ластағыш заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс және тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ шудың, тербелістердің, магнит өрістерінің және өзге де зиянды физикалық әсерлердің қоршаған ортаға ықпалы;

26) қоршаған ортаның ластану учаскелері - жер бетінің және су объектілерінің қауіпті химиялық заттармен белгіленген нормативтерден артық ластанған шектеулі учаскелері;

27) қоршаған ортаның сапасы - қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасы;

28) мемлекеттік экологиялық бақылау - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының, қоршаған орта сапасы нормативтерінің және экологиялық талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі қызметі;

29) радиоактивті қалдықтар - мөлшері мен шоғырлануы Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген радиоактивті заттар үшін регламенттелген мәндерден асатын радиоактивті заттары бар қалдықтар;

30) сарқынды сулар - адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде немесе ластанған аумақта пайда болатын, табиғи немесе жасанды су объектілеріне немесе жергілікті жер рельефіне ағызылатын сулар;

31) су объектілері - құрлық бетінің рельефінде және жер қойнауында шоғырланған, шекаралары, көлемі мен су режимі бар сулар;

32) сұйық қалдықтар - сарқынды суларды қоспағанда, сұйық түрдегі кез келген қалдықтар;

33) табиғат пайдаланушы - табиғи ресурстарды пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

34) табиғи объектілер - шекарасы, көлемі және тіршілік режимі бар табиғи объектілер;

35) табиғи ресурстар - тұтыну құндылығы бар табиғи объектілер: жер, жер қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі;

36) табиғи ресурстарды қорғау - табиғи ресурстардың әрбір түрін олардың тұтыну қасиеттерін жоғалтуға әкеп соғатын тиімсіз пайдаланудан, құрып кетуден, жұтаңдаудан қорғауға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі;

37) табиғи ресурстардың сарқылуы - табиғи ресурстар қорларының сандық сипаттамаларының ішінара немесе толық жоғалуы;

38) экологиялық аудит - аудиттелетін субъектілердің шаруашылық және өзге де қызметін экологиялық тәуекелдерді анықтау мен бағалау және олардың қызметінің экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу бағытында тәуелсіз тексеру;

39) экологиялық қауіп - антропогендік және табиғи әсерлер ықпалынан, соның ішінде дүлей зілзалаларды қоса алғанда, зілзалалар мен апаттар салдарынан қоршаған ортаның жай-күйі бұзылуының, өзгеруінің болуымен немесе ықтималдығымен сипатталатын, жеке адам мен қоғамның өмірлік маңызы бар мүдделеріне қауіп төндіретін жай-күй;

40) экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсер ету нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуының жай-күйі;

41) экологиялық менеджмент - қоршаған ортаны қорғауды әкімшілік басқару, ол кәсіпорынның экологиялық саясатын әзірлеуге, енгізуге, орындауға, талдауға және қолдауға арналған ұйымдастыру құрылымын, жоспарлауды, жауапкершілікті, әдістерді, рәсімдерді, процестер мен ресурстарды қамтиды;

42) экологиялық мониторинг - қоршаған ортаның жай-күйін және оған әсер етуді жүйелі түрде байқау мен бағалау;

43) экологиялық нормалау - ережелердің (нормалардың) және олардағы қоршаған орта жай-күйінің және оған әсер ету дәрежесінің сандық және сапалық көрсеткіштердің (нормативтердің) жүйесі;

44) экологиялық рұқсат - жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат;

45) экологиялық сараптама - көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарға сәйкестігін белгілеу, сондай-ақ осы қызметтің қоршаған ортаға тигізуі мүмкін қолайсыз әсерлерінің және солармен байланысты әлеуметтік зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектісін іске қосуға жол берілуін айқындау;

46) эмиссиялар нормативтері - қоршаған орта сапасы нормативтерінің сақталуы қамтамасыз етілетін жол берілетін эмиссиялар көрсеткіштері;

47) эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері - қоршаған ортаға эмиссиялардың уақыт бірлігіне немесе шығарылатын өнім бірлігіне немесе басқа да көрсеткіштердегі, еліміздің экономикасы үшін қолдануға болатын шығындар кезінде оларды нақты техникалық құралдармен қамтамасыз ету мүмкіндігі негізінде айқындалатын шамалары [15].

Информация о работе Қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттің экономикалық реттеу құралдары