Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 12:10, дипломная работа
Дипломная работа по "геополитике"
6. Жер комитеті жер ресурстарын есептеу, мемлекеттік жер кадастрін жүргізу, жерді пайдаланушыларға беру және олардан алу, жерді қорғауды және пайдалануды бақылау, жерге орналастыру қызметін басқару жұмыстарымен айналысады. Өзінің жұмысын облыстық, аудандық территориялық органдары арқылы атқарады.
7. Орман шаруашылығы комитеті орман өсіру, қорғау, пайдалану, орман шаруашылығын ұйымдастыру, ағашы кесілетін орман бөліктерін белгілеу, ағаш кесу билеттерін беру, орман өрттері мен зиянкестеріне қарсы шараларды ұйымдастыру, орманды пайдалану ережелерін бұзушылармен күресу, орман алқаптарын қалпына келтіру, молайту жұмыстарымен айналысады.
8. Балық шаруашылығы комитеті балық қорын өсіру, қорғау және пайдалануды реттеу, балық аулау тәртіптерін, ережелерін белгілеу, балық қорын есептеу, аулау шектерін нормаларын бекіту жұмыстарымен айналысады. Балықтан басқа су жануарлары мен жәндіктері де оның қарамағында.
9. Ауыл шаруашылық министрлігі арнайы үш экологиялық қызметтер атқарады:
- жануарларды есептеу, пайдалануды реттеу, аң аулауды бақылау;
- Қазақстан территориясына жануарлар мен өсімдіктердің ауруларының, зиянкестерінің болмауын, таралмауын бақылау;
- өсімдіктерді қорғаушы химиялық және т.б. заттарды қолдануды бақылау. Бұлардан басқа да арнайы және территориялық органдар экологиялық қызметтер атқарады.
10. Қазатом халықтың табиғи ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атом энергиясын өндіру, тасымалдау, сақтау және халық шаруашылығында пайдалану, ядролық материалдарды, радиоқауіпті заттарды, олардың негізінде жасалған өнімдерді пайдалану мәселелерін бақылайды.
11. Тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігін қадағалау қызметі кен өндіргенде, тағы басқа жағдайларда жарылыс, қопару жұмыстарының қауіпсіздігін, жер қойнауын пайдалану ережелерінің сақталуын бақылайды,
12. Кеден комитеті табиғат ескерткіштерін, жануарларды, құстарды, өсімдіктерді, оның ішінде Қызыл Кітапқа жазылғандарды шетке әкетпеуді, адамға және табиғатқа экологиялық қауіпті тауарлардың әкелінбеуін бақылайды.
13. Ішкі істер министрлігі көліктердің және өзге өздігінен жүретін машиналардың зиянды заттар шығарып атмосфераны, су көздерін, топырақты ластамауын бақылайды. Табиғат нысандарын қорғайды, санитарлық нормалардың орындалуын бақылаушы органдарға көмектеседі.
Табиғатты қорғау жөнінде арнайы қызметтер атқаратын органдармен қатар өздерінің жұмыстары мен табиғат қорғау мәселесін шешетін басқарушы және атқарушы органдар бар. Олар:
14. Экономика министрлігі, әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын, өндіріс күштерін дамыту жоспарларын жасағанда, инвестиция саясатын анықтағанда экологиялық мәселелерге баса назар аударады. Экология министрлігі Білім және ғылым министрліктерімен бірлесіп экологиялық таза технологиялар қолданылуын, аз қалдықты және қалдықсыз технологияларды өндіріске енгізуді, экологиялық таза өнімдер шығаруды дамытуды қамтамасыз етеді.
15. Мемлекеттік стандарт қызметі тиісті сала органдарымен бірлесіп, табиғатты қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану стандарттарын әзірлейді және бекітеді. Ол стандарттардың табиғатты қорғау зандарына сэйкестігі тұрғысында өнімдерге, өндірістерге қойылатын экологиялық талаптардың дұрыстығын бақылайды, оларға сараптама жүргізеді.
16. Картография қызметі геодезиялық картографиялық жұмыстармен айналысады, басқа қызметтермен бірлесіп экологиялық карталар жасау, табиғи ортаның мониторинг табиғат ресурстарының кадастрларын жасау жұмыстарын орындайды [4; 14].
2.3 Қоршаған ортаны пайдалану мен қорғаудағы төлемдерді аналитикалық бағалау
Нарық қатынастарына негізделген экономиканың негізін тауар айналымы құрайды. Бұл жағдайда қоғамдық қарым-қатынасқа қатысатын табиғат ресурстары, оның ішінде табиғи ортаның сыйымдылығы, өндіріске, тіршілікке қолайлылығы тауарға айналады. Өткен тақырыптарда, осыған байланысты, табиғат ресурстарын экономикалық бағалауды, оларды қалпына келтіру (жаңғырту) құнын анықтауды, табиғатты қорғау, оның байлықтарын сақтау, молайту, қалпына келтіру шығындарын анықтауды, табиғатты қорғау шараларының тиімділігін қарастырдық.
Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың ең басты шарты оларды ақылы пайдалану екенін аңғардық. Өйткені, табиғат ресурстарын пайдалану тегін болса, оларды үнемдеп, ұтымды пайдалануға, табиғатты қорғауға, қорын молайтуға жұмылдыратын экономикалық механизм тудырмайды, мүдде арқылы ынталандырмайды. Ол табиғат ресурстарының ысырабына әкеп соғады.
Табиғат ресурстары жалпыхалықтық (мемлекеттік) меншікте болып, пайдаланушыларға тегін берілген жағдайда үнемдеу нормалары болуына, олардың мемлекет тарапынан үнемі қадағалауына қарамастан, ысырашпылыққа жол берілді. Мысалы, жалпы-халықтық меншікті қолдайтын бұрынғы Кеңес Одағыңда жалпы өнімнің бір өлшеміне әлемде ең көп мөлшерде табиғат ресурстары жұмсалды [3; 24].
Сондықтан төлемдерді табиғат ресурстарын ұтымды үнемдеп пайдалануға, табиғатты қорғауға, оның байлықтарын сақтауға, молайтуға жұмылдыратын ең басты экономикалық басқару тетігі деп қарастырамыз. Соған қарамастан, төлемдердің қызметін әр түрлі мағынада түсінушілік кездеседі:
9) табиғи ортаны ластағаны үшін төлем;
10) табиғи ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру;
11) табиғат ресурстарын пайдалану салығы деп атайды.
Енді біреулер төлемдерді бюджетке қаржы жинау көзі деп ұғынады. Осындай әр түрлі көзқарастың болуына байланысты төлемдердің мағынасын, атқаратын қызметтерін қарастырып, сұрыптау қажет болады.
Табиғатты пайдалану төлемдері, негізінен, табиғат қорғау, тиімді пайдалану мақсатында экономикалық ынталандыру үшін қолданылатын басқару тетігі болып табылады. Олар табиғат қорғау зандарының іске асырылуын қамтамасыз етеді және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға көмегін тигізеді. Ал, ең негізгі қызметі табиғатты қорғау, тиімді пайдалану шараларына ынталандыру, жауапкершілікті арттыру болып табылады.
Табиғат ресурстарының түріне байланысты әмбебап пайдаланатын, арнайы пайдаланатын ресурстарға төлемдер ерекшеленеді. Әмбебап пайдаланатын ресурстарға жер, су, ауа және т.б. ресурстар жатады. Арнайы пайдаланатындар - орман, биоресурстар, минералдық шикізаттар.
Экономикалық мағынасына, атқаратын кызметіне қарап төлемдерді:
Табиғат ресурстарын пайдалану құқығы үшін төлемнің негізі табиғат ресурстарына меншік, иелік құқығы болып табылады. Меншік құқығы осы төлем арқылы көрініс табады. Меншік иесі өзінің құқығын басқа табиғат пайдаланушыларға жалға немесе иелікке беру арқылы олардан төлемақы алады. Табиғат ресурстары жалпы халықтық иелікте болғанда, иелік құқығын олардың атынан мемлекет атқарады. Табиғатты пайдалану құқығын алушылар мемлекеттік бюджетке ақы төлейді. Төлемдердің бүл түрінің мөлшері шығындарға немесе табысқа онша байланысты емес, негізінен, екі жақтың келісімі бойынша анықталады. Теориялық тұрғыдан меншік иелері төлемдер арқылы өздерінің (жалпыхалықтық меншік болғанда халықтың) әлеуметтік жағдайларын қаржыландыруға тырысады. Сондықтан төлем негізін әлеуметтік шығындар деп алуға болады. Екінші жағынан төлем шамасы табиғат ресурстарын пайдалану құқығын алушылар өздерінің табыстарының қанша бөлігін бөлісуге келісетінін көрсетеді. Олар үшін, яғни табиғат ресурстарын пайдалану құқығы үшін төлем алғашқы өндіріс шығындары болып табылады. Сондықтан алынатын өнімнің өзіндік құнына қосылады. Сөйтіп, ең негізгі төлем төлеуші өнімді тұтынушылар болады. Осы тұрғыдан алғанда, табиғатты пайдалану құқығы үшін төлемнің ең басты қызметі - табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды ынталандыру. Осы мақсатта қоғам табиғат ресурстарынан алынатын өнімдердің бағасын біраз қымбаттатуға мәжбүр болады және ол табиғат ресурстарын тегін пайдаланудан әлдеқайда тиімді болады. Мәселен, қосымша шығындар тұрғысынан қарайтын болсақ, төлем мөлшерін алмастыру шығындарымен анықтауға болады. Егер табиғатты пайдаланушылар табиғат ресурстарының нақты түріне пайдалану құқығы үшін төлемнен бас тартса, онда ол оны басқа ресурспен алмастыруына тура келеді. Осы жаңа ресурсқа жұмсайтын шығын төлемнің баламасы бола алады. Төлем шамасы балама шығыннан аз болғанда табиғат пайдаланушы, әрине төлем төлеуге келіседі. Төлемнің шамасына сонымен қатар, елдегі банк процесінің өсімі, монополиялық рента және т.б. әсер етеді [5; 30].
Табиғат ресурстарын пайдалану төлемдерінің мөлшері оның қүндылығына, экономикалық бағалану шамасына байланысты болады. Ал, экономикалық бағалану шамасы дифференциалдық рентаға тікелей тәуелді екенін білеміз. Дифференциалдық рента өз кезегінде табиғат ресурстарының табиғи "өнімділігінен", пайдалану тиімділігінен туындайды.
Табиғатты пайдалану төлемдерінің негізгі бөлігі болып табылатын ренталық табиғат ресурстарын пайдаланушылардың қосымша табысының есебінен төленеді. Сондықтан төлемнің бұл түрі ынталандыру қызметімен қатар, табиғат ресурстарьш пайдаланушыларға біркелкі бәсекелестік жағдай туғызу қызметін де атқарады. Төлемнің құрамына дифференциалдық рентамен қатар, табиғат ресурстарын пайдалану төлемі де кіреді. Ол абсолютті рента негізінде анықталуы мүмкін.
Табиғат ресурстарын пайдалану төлемі ресурстың түрлері бойынша оның әрбір өлшеміне белгіленеді. Табиғат ресурстарын қорғау, қалпына келтіру, жаңғырту, өсіру төлемдері осы мақсаттарға жұмсалған шығыңдар бойынша анықталады және негізгі қызметі шығындарды қайтару болып табылады. Төлем шамасы қоғамдық қажетті шығындармен анықталады. Табиғат ресурстарын қорғау, қалпына келтіру, жаңғырту, өсіру және өндіріске даярлау шығындары өндірістік шығындардың құрамды бөлігі болып табылады. Сондықтан олар өнімнің өзіндік кұнына және бағасына қосылады Төлемдердің келесі тобы табиғатқа келтірілген зиянның орнын толтыру қызметін атқарады. Табиғатқа зиян келтірушілер: жеке азаматтар немесе занды тұлғалар зиянның орнын толтыруға, зардабын жоюға міндетті. Осы телемдер арқылы "ластаушы –төлейді" принципі жүзеге асырылады. Бұл төлемдерді кейде экологиялық төлемдер деп те атайды. Зиянның шамасы нормалы шамадан аспағанда төлем зиянның орнын толтырады немесе зиянды болдырмау үшін жұмсалатын шығындарды қайтарады. Нормадан (шектен) артық шамада айып төлемдері алынады. Нормалық шамадағы төлемдер өнімдердің өзіндік құнына қосылады, ал одан артық шамада таза табыстан алынады.
Төлемдер атмосфераға ластаушы заттар шығарғаны, суға ластаушы заттар төккені және жерге қалдықтарды орналастырғаны үшін алынады. Төлем нормативі ластауды болдырмау және ластану зардаптарын жою шығындары бойынша ластаушы заттардың әрбір шартты өлшеміне белгіленеді.
Төлемнің келесі түрі табиғат ресурстарын пайдалану (тиімді пайдалану) шектелген жағдайда алынбаған (жоғалтқан) табыстың орнын толтыру қызметін атқарады. Төлем табиғат ресурстарын шектеуші заңды тұлғалардың немесе жеке азаматтардың шаруашылық пайдасынан алынады. Шектеудің сипатына қарай төлемдер бір мерзімдік, немесе ағымдағы болуы мүмкін. Төлемдердің бұл түрін қолдану, әсіресе, әмбебап ресурстар (жер, су) үшін аса маңызды. Ресурстардың шектеулілігі оларды бір мақсатқа пайдалану үшін екінші мақсатқа пайдалануды шектейді (болдырмайды). Мысалы, ауыл шаруашылығына тиісті жерге құрылыс салынғанда, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мүмкіндігі шектеледі.
Табиғат қорғау зандары, ережелері, тәртіптері бұзылғанда алынатын телемдер айьш салу сипатында болады және келтірілген зияннан артық мөлшерде белгіленеді.
Аталған төлемдерден басқа жер қойнауын кен өндіруден басқа мақсатқа пайдалану, техногендік минералдық ресурстарды пайдалану және т.б. төлемдер алынады [10; 13].
Экономикалық бағытына қарап табиғатты пайдалану төлемдерін: орнын толтыру, қайтару, алмастыру, компенсациялық, ренталық, айып, сыйлық төлемдері деп бөлуге болады.
1. Табиғатты пайдалану төлемдерін топтастыру |
|||||
Төлем тобы |
Негізгі түрлері |
Атқаратын қызметтері |
Анықтау көрсеткіші |
Төлем көзі |
Телем аудару |
Иелік (мешпік) құқығы |
Пайдалану кұқығы үшін |
Табиғат ресурстарын үқыпты пайдалану әлеуметтік-экономика- лық даму |
Табиғат ресурстары- нан алынатын өнім (шикізат) құны. Әлеуметтік шығындар |
Өнімнің өзіндік құны |
Бюджет |
Қалпына келтіру |
Геологиялық барлауға, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге, қор аудару |
Табиғат ресурстарын қалпына келтіру, молықтыру, өсіру, қорғау |
Қалпына келтіру, қорғау, өсіру шығындары |
Өнімнің өзіндік құны |
Табиғат- ты қоргау қоры |
Үлестіру |
Ренталық төлемдер |
Біркелкі Бәсекелестік жағдай туғызу, ренталық табысты алу |
Дифферен-циалдық рента I |
Қосымша ренталық табыс |
Бюджет немесе рента қоры |
Өтем |
Табиғи ортаны нормалы ластанғаны үшін |
Табиғатты қорғау шығындарын қайтару |
Халық шаруашылық зиян |
Өнімнің өзіндік құны |
Табиғат- ты қорғау қоры |
| Табиғатты пайдалануды шектегені үшін |
Мүмкін табыстың орнын толтыру |
Алынбаған табыс |
Шаруа- шылық шығын- дары |
Бюджет немесе зиян шеккенге |
Айып |
Табиғи ортаны шектен артық ластағаны және табиғи ресур- сты ысырап еткені үшін |
Ысырапқа, ластауға жол бермеу |
Халык шаруашылық зияндарды еселеп қайтару |
Таза табыс |
Табиғат- ты қорғау қоры |
Информация о работе Қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттің экономикалық реттеу құралдары