Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 12:10, дипломная работа
Дипломная работа по "геополитике"
2) Міндетті экологиялық сақтандыру туралы заң. Осы Заң міндетті экологиялық сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және оны жүргізудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді.
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жәбірленуші - қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген тұлға;
2) міндетті экологиялық сақтандыру - қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянның салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің басталуы кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (сақтандырушылардың) заңды мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі қатынастар кешені;
3) міндетті экологиялық сақтандыру шарты - сақтандырушы мен сақтанушының арасында осы Заңда белгіленген талаптармен жасалатын шарт;
4) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
5) сақтандыру жағдайы - басталуына орай міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;
6) сақтандыру сомасы - міндетті экологиялық сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
7) сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушы міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттеме қабылдағаны үшін сақтанушының сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы;
8) сақтандыру төлемі - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы;
9) сақтандырушы - сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға шартта айқындалған сақтандыру сомасы шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға;
10) сақтандырылушы - өзіне қатысты міндетті экологиялық сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;
11) сақтанушы - шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын, сақтандырушымен міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқан жеке және (немесе) заңды тұлға;
12) үшінші тұлғалар - міндетті экологиялық сақтандырудан туындайтын рәсімге тартылған және мүдделеріне нұқсан келтірілген құқық қатынастары субъектілері;
13) уәкілетті орган - қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның аумақтық бөлімшелері;
14) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі - шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке (немесе) заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген, қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірген зиянын өтеу міндеті;
15) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрі - әрекеті нәтижесінде қоршаған орта авариялық ластанатын немесе ластануы мүмкін болатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қызметі [16].
БҰҰ 1972 ж. қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Стокгольм Конференциясынан кейін коптеген елдерде келісілген экологиялық саясат, оның ішінде басқару саласында да жүргізіле бастады. Табиғат қорғау жөнінде арнайы мемлекеттік басқару органдары (министрліктер, ведомстволар, агенттіктер жэне т.б.) құрылды. Мысалы, Үлыбританияда 1970 ж. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі құрылды, сондай министрлік Данияда, Голландияда, Австралияда, Францияда, Канадада, Норвегияда, Жаңа Зеландияда, Италияда, Польшада құрылды.
1972 ж. КСРО Жоғарғы Кеңесінің «Табиғатты қорғауды күшейту және табиғи ресурстарды пайдалануды жақсарту туралы» қаулысы шықты. Соған сәйкес табиғатты қорғау міндеттері жекелеген министрліктер мен ведомстволарға жүктелді. Атмосфераны қорғау мен бақылау Мемлекеттік гидрометеорология комитетіне, су ресурстарын қорғау мен пайдалануды бақылау - Мелиорация және су шаруашылығы министрлігіне, жер ресурстарын қорғау мен пайдалануын бақылау - Ауыл шаруашылық министрлігіне, балық қорын қорғау мен пайдалану - Балық шаруашылығы министрлігіне тапсырылды. Оның басты кемшілігі ведомстволык көзқарас болды. Әрқайсысы өздерімен өздері бақылады, табиғатты қорғауға кешенді көзқарас болмады, жоспарланған шаралар орындалмай қағаз бетінде ғана қалды немесе олардың орындалғаны туралы өтірік ақпарат берілді.
Үкіметтің 1988 ж. «Елімізде табиғатты қорғау жұмысын түбегейлі өзгерту» қаулысымен табиғатты қорғау жөніндегі КСРО Мемлекеттік комитеті құрылды. Оған қоршаған ортаны қорғау саласында еліміздің ұтымды саясатын жүзеге асыру міндеттелді. Сондай комитеттер барлық республикаларда, облыстарда, қалаларда құрылды.
Қазақстан егемендік алғаннан кейін аталған комитет бірнеше рет қайта құрудан өтті. Оған карасты салалар, міндеттер өзгертілді. Соңғы рет Министрліктен ресурстарды пайдалануды бақылау міндеті алынып, табиғатты қорғауды бақылау қызметтері күшейтілді. 2002 ж. 6 қарашадан ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі болып кайта құрылды [3].
Табиғатты қорғау заңдарын жүзеге асыруды басқарушы, қадағалаушы органдар маңызды рөл атқарады. Табиғатты қорғауды баскарушы құрылымдарды екі қатарға белуге болады: арнайы және жалпы міндетті.
Жалпы міндетті мемлекеттік органдарға: Президент, Парламент, Министрлер Кабинеті, облыстардың өкілетті және атқарушы органдары және жергілікті органдар жатады. Табиғатты қорғау олардың арнайы міндеті емес. Олар табиғатты қорғау мәселелерімен қатар өздерінің арнайы міндеттерін де атқарады.
Арнайы міндетті мемлекеттік органдарға табиғатты қорғау міндеті арнайы жүктелген органдар жатады. Тәуелсіздік алғаннан бері басқару органдарының қүрылымын жетілдіру мақсатында табиғат қорғауды баскарушы арнайы органдар көптеген қүрылымдық өзгерістерге ұшырады. Бірде табиғат қорғау және пайдалану органдары біріктірілсе, кейде бөлектендірілді және т.с.с.
Қазақстан Республикасының үкіметі атқарушы орган ретінде табиғатты қорғау саласында:
- мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және техникалық шараларды әзірлейді;
- мемлекеттік экологиялық бағдарламалар әзірлейді және оларды бекітуге ұсынады;
- министрліктердің, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың және жергілікті атқарушы органдардың жұмысына басшылық етеді;
- мемлекеттік меншікті басқарады, оны пайдалану жөнінде үкіметке жүктелген шараларды жүзеге асырады;
- қоршаған орта сапасының нормативтері мен шаруашылық және өзге қызметтерге қойылатын экологиялық талаптарды әзірлеу мен бекіту тәртібін белгілейді;
- табиғи ресурстарды пайдалануға береді, табиғат пайдалану шарттарын, лимиттер мен квоталар белгілейді;
- Қоршаған ортаны ластауға рұксат беру тәртібін бекітеді;
- табиғи ресурстардың мемлекеттік есебі мен кадастрларын және мониторингін жүргізу тәртібін белгілейді;
- ерекше қорғалатын объектілердің тізбесін бекітеді, мемлекеттік қорықтар, ұлттық және табиғи парктер, басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырады;
- қоршаған ортаны қорғау саласында ақпарат беру мен мемлекеттік статистиканы жүргізу тәртібін белгілейді;
- табиғатты пайдалануды басқару және бақылау органдарын белгілейді, олардың қызметін айқындайды, экологиялық аудиторлық қызметке лицензия беру мен жүргізу тәртібін белгілейді;
- төтенше экологиялық жағдайлар хабарлау ережесін бекітеді;
- халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Табиғатты қорғау заңдарына сәйкес жоғары өкілетті органның құзыретіне, негізінен, бес мәселе жатады:
- экологиялық саясаттың басты бағыттарын анықтау;
- мемлекеттік экологиялық бағдарламаны бекіту;
- табиғатты қорғау қатынастарының құқықтық негіздерін анықтау;
- табиғатты қорғау саласындағы құзыретті және осы саладағы басқару органдарының әрекеті мен ұйымдастыру тәртібін анықтау;
- экологиялық апат және экологиялық төтенше жағдайлар аймақтарындағы тәртіпті белгілеу.
Сондай-ақ, облыстық өкілетті органдардың құзыреті анықталады. Олардың қарауына мыналар жатады:
- табиғатты қорғау және тиімді пайдалану бағдарламаларын бекіту;
- экологиялық қорлар құру және жер бөлімшелерін беру тәртібін анықтау;
- өз территорияларында қорғалатын табиғат нысандарын (ескерткіштерін) жариялау;
- табиғатты қорғау инспекцияларын құру және олардың әрекеті бойынша шешім қабылдау.
Жергілікті өзін-өзі басқару заңына сәйкес қалалық, аудандық өкілетті органдардың құзыретіне мыналар жатады:
- табиғатты қорғау және пайдалану тәртіптерін белгілеу;
- өздерінің территорияларында қолайсыз экологиялық салдарға соқтыратын шараларға тыйым салу;
- өздерінің қарауындағы территорияларда экологиялық, санитарлық немесе құрылыс нормалары бүзылғанда ондай нысандарды салуды, пайдалануды тоқтату туралы шешім қабылдау;
Табиғатты қорғау жөніңдегі арнайы мемлекеттік оргаңдар құзыретінің көлемі мен сипаты бойынша төрт: кешенді, салалық қызметтік және территориялық түрге бөлінеді:
Кешенді органдар барлық міндеттерді немесе табиғат қорғау міндеттерінің бір тобын атқарады. Салалық - жеке табиғат нысандарын қорғауға және пайдалануға назар аударады. Қызметгік - барлық табиғат нысандарына қатысты бір немесе бірнеше қызметтер атқарады. Территориялық - өз территориясында басқару міндеттерін орындайды.
Кешенді басқару органдарына жататындар: Қоршаған ортаны қорғау министрлігі; Санитарлық-экологиялық бақылау; Төтенше оқиғалар жөніндегі агенттік; Гидрометеорология және мониторинг қызметтері.
Салалық арнайы басқару органдарына: Жер ресурстары және жерге орналастыру комитеті, Орман шаруашылық, Су және балық шаруашылық комитеттері, Ауыл шаруашылық министрлігі.
Қызметтік және территориалдық арнайы басқару органдары: Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті бақылау, Тау-кен қауіпсіздігін бақылау, Кеден комитеті, Ішкі істер министрлігі [13].
Табиғатты қорғауды арнайы басқару органдарының қызметтері төмендегідей:
1. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі табиғат қорғау жөнінде басты арнайы өкілетті орган болып табылады. Оған табиғатты қорғау жөнінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, экологиялык қауіпсіздікті қамтамасыз ету және биологиялық түрлерді сақтау, салааралық үйлестірушілік, осы салада қызметтерді реттеу, сондай-ақ, мемлекеттік экологиялық бақылау, мемлекеттік экологиялық сараптама, мемлекетгік табиғат қорықтарын және басқа қорғалатын территорияларды басқару міндеттері жүктелген.
Бұл министрлік қызметінің үш ерекшелігі бар. Біріншісі -бақылау, қадағалау қызметтерін кешенді атқаруы. Оның тікелей қарауына табиғи ортаны қорғауды және табиғи қорғалатын нысандарды бақылау жатады. Басқа табиғат нысандарын бақылау салалық арнайы өкілетті органдарға жүктелген.
Екіншісі - ол шаруашылықты басқару органдарына жатпайды. Табиғат ресурстарын пайдалануды басқармайды.
Үшінші ерекшелігі - мемлекеттік экологиялық қызметі табиғат ресурстарын экономикада пайдаланудан оқшау атқарылады.
Минэкология өзінің құзыретін жергілікті әкімшіліктер мен атқарушы үкімет органдарымен келісіп құрылған облыстық, қалалық, аудандық территориялық органдар жүйесі арқылы жүргізеді.
2. Индустрия және табиғи ресурстар министрлігіне экономикамызда пайдаланатын табиғат ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану міндеті жүктелген. Сонымен қатар, оған бұрынғы Геология министрлігі міндеттері де жүктелген.
3. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары табиғат қорғау жөнінде мынадай қызметтер атқарады:
- табиғи ортаны санитарлық қорғау жөнінен министрліктердің, ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің жүмыстарын үйлестіреді;
- табиғи ортадағы зиянды заттардың санитарлық нормаларын әзірлейді және бекітеді, барлық шаруашылық нысандарына тиесілі санитарлық нормалар мен ережелерді белгілейді;
- адамның денсаулығына қауіпті зиянды заттармен атмосфера ауасының, су көздерінің, топырақтың ластанбауын қадағалайды;
- қоғамның, өмір сүру ортасының саулығы туралы, антропогендік әсерлерден ондағы өзгерістерді болжап мәліметтер жинақтап, ақпараттық қызмет атқарады. Санитарлық-эпидемиялық жағдайлары және табиғи ортаны сауықтыру шаралары туралы халыққа хабарлайды.
4. Казгидромет табиғи ортаның мониторингі қызметін атқаратын басшы ұйым болып табылады. Оған табиғи ортаның жай-күйін, ондағы өзгерістерді қадағалауды ұйымдастыру, жүргізу және болжау міндеттелген. Оның қадағалайтын нысандары атмосфера, топырақ, жер бетіндегі су, теңіздер, ауыл шаруашылық алқап пен өнімдер, ғарыш кеңістігі. Гидрометтің негізгі қызметі табиғи ортаның жай-күйі және ондағы өзгерістер туралы хабарландыру. Гидромет жазалаушы немесе сақтандыру шараларын жүргізуші мекеме емес, табиғатты қорғау тәртібін бұзушыларға ешқандай шара қолдана алмайды. Ондай шаралармен мәлімет алған министрліктер, инспекциялар, ұйымдар, кәсіпорындар айналысады.
Гидромет қызметінің жүйелері өздерінің тұрақты бақылаушыларынан тұрақты мәлімет алып тұрады.
5. Төтенше жағдайлар министрлігі табиғи және өндірістік апаттар кезінде, төтенше жағдайларда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысады. Оның экологиялық қызметі экологиялық апаттардың салдарын жою туралы төтенше шаралар қолдану.
Информация о работе Қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттің экономикалық реттеу құралдары