Дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 14:46, реферат

Описание

«Дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) ағымдық дезинфекция – науқас ауру ошағында болған кезде әрбір нозологиялық түрге белгіленген жиілікпен жүргізілетін дезинфекция;
2) шыбын-шіркей – ашық табиғатта және елдімекендерде адамды шағатын және оның қанын соратын қансорғыш жәндіктердің – масалардың, соналардың, майда шыбындардың, есекқұрттардың, бәкене шыбындардың бірнеше түрлерін қамтитын жиынтық ұғым;

Работа состоит из  1 файл

pravila_kaz_0.doc

— 482.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

2012 жылғы «    »             

№         қаулысымен

бекітілген


 

 

«Дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

 

1. «Дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:

1) ағымдық дезинфекция – науқас ауру ошағында болған кезде әрбір нозологиялық түрге белгіленген жиілікпен жүргізілетін дезинфекция;

2) шыбын-шіркей – ашық табиғатта және елдімекендерде адамды шағатын және оның қанын соратын қансорғыш жәндіктердің – масалардың, соналардың, майда шыбындардың, есекқұрттардың, бәкене шыбындардың бірнеше түрлерін қамтитын жиынтық ұғым;

3) далалық дезинсекция – адамдар болатын жерлерге қорғаныш аймақтарын құру және қан сорғыш жәндіктер мен кенелердің санын азайту мақсатында елдімекен шегінде қан сорғыш жәндіктер мен кенелерді жою;

4) далалық дератизация – адамдар үшін қауіпті аурулар эпизоотиясын болдырмау және кеміргіштердің санын азайту мақсатында оларды жою;

5) дезинфекция – инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою бойынша шаралардың кешені;

6) дезинфекциялық жабдық – дезинфекциялау, стерильдеу алдында тазарту, стерильдеу, дезинсекциялау және дератизациялау жүргізуге арналған аппараттар мен қондырғылар;

7) дезинфекциялық құралдар (бұдан әрі – дезқұралдар) – химиялық, биологиялық құралдар және дезинфекциялау (дезинфектанттар), стерильдеу алдында тазарту, стерильдеу (стерильдеу құралдары), дезинсекциялау (инсектицидтер), дератизациялау (родентицидтер) жүргізуге арналған арнайы құрылғылар, сондай-ақ репелленттер;

8) дезинсекция – жәндіктер мен басқа да буынаяқтыларды жою бойынша шаралардың кешені;

9) дератизация – кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралардың кешені;

10) жоғарғы деңгейдегі дезинфекция – барлық патогенді және шартты патогенді микроорганизмдер жойылатын, ал споралар саны азаятын дезинфекция;

11) инсектицидтер (акарицидтер, инсектоакарицидтер) – жәндіктер мен кенелерді жою үшін пайдаланылатын құралдар (препараттар);

12) имаго – ересек жыныстық жетілген жәндіктер;

13) камералық дезинфекция – дезинфекциялық камераларда дезинфекциялау және дезинсекциялау;

14) кенттік дезинсекция – елдімекен шегінде зиянды жәндіктерді, кенелерді және басқа да буынаяқтыларды жою;

15) кенттік дератизация – тұрғын үй -жайларда (ғимараттарда), қора-қопсы құрылыстарында, мал шаруашылығы, өндірістік үй-жайларда, қойма және басқа да үй-жайларда, сондай-ақ елдімекеннің шегінде ашық аумақта кеміргіштерді жою;

16) қолдану режимі – препаративті нысанда пайдаланылатын қолданыстағы заттардың шоғырлануын қоса алғанда, дезинфекциялау құралын қолдануды сипаттайтын нормалардың жиынтығы, препараттың шығыны, өңдеу уақыты, өңдеу жиілігі мен ауданы, қосымша заттар мен әдістерді пайдалану;

17) қорытынды дезинфекция – науқасты емдеуге жатқызғаннан кейін, оқшаулғаннан кейін, жазылған соң немесе қайтыс болғаннан кейін ошақта жүргізілетін дезинфекция;

18) орта деңгейдегі дезинфекция – бактерияларды (оның ішінде туберкулездың микобатерияларын), вирустарды (оның ішінде полиовирустарды), грибоктарды жоятын, бірақ спораларды жоймайтын дезинфекция;

19) ошақтық дезинфекция – инфекциялық аурулар ошақтарында ағымдық және қорытынды дезинфекциялау түрінде жүргізілетін дезинфекция;

20) препаративті нысан – дезинфекциялау құралдарын шығару және/немесе пайдалану нысаны;

21) профилактикалық дезинфекция – анықталған инфекция көзі болмаған кезде алдын алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені (дезинфекция, дезинсекция және дератизациялауды қамтиды);

22) репелленттер – жәндіктерді және басқа да буынаяқтыларды үркіту құралдары;

23) родентицидтер (ратицидтер) – кеміргіштерді жоюға арналған құралдар (препараттар);

24) стерилизация – қоздырғыштардың барлық түрін, оның ішінде спораларды физикалық, химиялық, термиялық немесе аралас әдістермен оларға әсер ету арқылы толық жою;

25) төмен деңгейдегі дезинфекция – бактерияларды, кейбір грибоктарды, вирустарды жоятын, бірақ туберкулез микобактериялары сияқты төзімді бактерияларға қатысты тиімсіз дезинфекция.

3. Дезинфекция құралдарымен жұмыс істеуге денсаулығының жағдайы бойынша қарсы көрсетілімі жоқ, кәмелет жастағы адамдарға жол беріледі.

4. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге тартылатын мамандар (дезинструктор, дезинфектор, дератизатор) әр 5 жыл сайын дезинфекциялау, дезинсекциялау дератизациялау бойынша кәсіптік даярлықтан және жыл сайын - жұмыстарды қауіпсіз жүзеге асыру, дезқұралдармен уланған кезде дәрігер қарағанға дейін алғашқы көмек көрсету мәселелері жөнінде нұсқамадан өтеді.

5. Дезқұралдарды сақтау және тасымалдау «Профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1691 қаулысына сәйкес жүргізіледі.

6. Дезқұралдары затбелгіде құралдың атауын, жарамдылық мерзімін көрсете отырып, өнім берушінің ыдысында (қаптамада) сақталады. Ыдыстың затбелгісі дезқұралды сақтаудың (пайдалану) барлық кезеңінде сақталады.

7. Дезқұралдардың жұмыс ерітінділерін, улы қармақ жемдерді дайындау, оларды өлшеп-орау сорып-шығаратын желдеткішпен жабдықталған арнайы үй-жайда, арнайы киімді (бұдан әрі - арнайы киім) және жеке қорғаныш құралдарын (қолғаптарды, респираторларды) міндетті түрде пайдалана отырып жүргізіледі. Бұл үй-жайларда бөгде адамдардың болуына, жеке заттарды, тамақ өнімдерін сақтауға, ас ішуге және темекі тартуға жол берілмейді.

8. Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау үшін Қазақстан Республикасының және Кеден одағына қатысушы мемлекттердің аумағында қолдануға рұқсат етілген дезқұралдар қолданылады. Дезқұралдардың қауіптілігі осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді. Дезқұралдарды қолдану шарттары олардың қауіптілік дәрежесін айқындайды:

1) жабық үй-жайларда төтенше қауіпті заттарды (І сынып) пайдалануға жол берілмейді;

2) балалар, медициналық ұйымдарда, қоғамдық тамақтану объектілерінде және тұрғын үй-жайларда төтенше қауіпті және жоғары қауіпті заттарды (І және ІІ сынып) пайдалануға жол берілмейді. Басқа объектілерде кейіннен міндетті түрде желдету және жинау арқылы тек оқытылған персонал ғана оларды адамдар жоқ кезде қолдануына жол беріледі;

3) орташа қауіпті заттарды (ІІІ сынып) оқытылған персонал да тұрғындар да тұрмыста, бірақ қолдану шарттарының міндетті түрдегі реламентімен (препараттың шығыны, желдету режимі, жинау) кез келген типтегі үй-жайларда  пайдалануы үшін жол беріледі;

4) қауіптілігі аз заттарды (ІV сынып) қолдану саласын шектемей пайдалану үшін рұқсат етіледі.

 

 

 

2. Дезинфекцияны ұйымдастыру және жүргізу

 

9. Тітіркендіргіш әсер және аллергиялық реакциялар тудыратын препараттармен үй-жайларды себезгілеу, тозаңдату, сүрту әдістерімен дезинфекциялау адамдар болмаған кезде жүргізіледі.

10. Жекелеген объектілерді зазарсыздандыру кезінде дезинфекциялау ерітінділерінің шығыны осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есептеледі.

11. Инфекциялық аурудың ошағында ағымдық дезинфекция науқасты анықтаған кезден бастап емдеуге жатқызғанға дейінгі кезеңде жүргізіледі, үйде емделген кезде – аурудан жазылғанға дейін, реконвалесценттер мен бактерия тасымалдаушыларда – толық сауыққанға дейін жүргізіледі.

12. Ағымдық дезинфекцияны денсаулық сактау ұйымының медицина қызметкері ұйымдастырады, оны науқасқа күтім жасайтын адам, реконвалесценттің немесе бактерия тасымалдаушының (аса қауіпті инфекцияларды қоспағанда) өзі жүргізеді.

13. Қорытынды дезинфекциялауды дезинфекциялық станциялар немесе санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының (ұйымдарының) дезинфекциялық бөлімдері (бөлімшелері), селолық жерлерде – медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары жүргізеді.

14. Қорытынды дезинфекция инфекциялық аурулар ошақтарында науқасты емдеуге жатқызу, оқшаулау, науқастың сауығу немесе қайтыс болу кезінен бастап бір тәулік ішінде жүзеге асырылады.

15. Инфекциялық аурулар ошақтарында қорытынды дезинфекциялауды жүргізуге өтінімді науқасты оқшаулағаннан кейін, емдеуге жатқызғаннан кейін, диагноз өзгертілген соң, науқас қайтыс болғаннан кейін дәрігер-эпидемиолог санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының бөлімдеріне (бөлімшелеріне), дезинфекциялық станцияларға, обаға қарсы күрес мекемелеріне береді. Қышыма және дерматомикоз ошақтарында қорытынды дезинфекциялау жүргізуге өтінімді емдеуші дәрігер береді.

16. Медициналық ұйымдарда ағымдық дезинфекциялауды жүргізу үшін дезқұралдардың, дезинфекциялық-стерильдеу жабдығының қажеттілігін есептеу осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

17. Шоғырлануы ұсынылатын шоғырланудан кемінде 5%-ға (немесе 0,1-0,2-ге) ауытқитын дезқұралдарды қолдануға жол берілмейді.

18. Дезинфекциялау режимдерін сақтауды қанағаттанарлық түрде бағалау мынадай көрсеткіштер бойынша айқындалады:

1) ағымдық дезинфекциялаудан кейін 50 минуттан кешіктірмей алынған бактериологиялық шайындылардың 2 пайызынан (бұдан әрі - %) аспайтын бақылау объектілерінен патогенді емес микрофлораны себу;

2) дезинфекциялау ерітінділерінің шоғырлануын азайтуға немесе арттыруға ерітінділердің берілген шоғырлануынан плюс-минус 0,1-0,2 шегінде жол беріледі;

3) әр түрдің сынамаларының 2%-да дезинфекциялау заттарының қалдық санына сәйкес келмейтін экспресс-сынамаларды анықтау;

4) тестпен бактериологиялық бақылаудың камералық дезинфекциялау режиміне сәйкес келуі;

5) қанның қалдық санына оң нәтижелі сынамалардың болмауы;

6) синтетикалық жуғыш заттардың сілтілік компоненттерінің және майлы дәрі-дәрмектердің қалдықтарының қалдық санына оң нәтижелі сынамалардың болмауы;

7) стерильденбеген материалдың болмауы, стерильдеу режимінің сәйкес келуі.

19. Ошақтардағы ағымдық дезинфекциялаудың сапасын бақылауды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының мамандары зертханалық әдістерді ошақтардың кемінде 5%-да қолдана отырып, бір ошақтан кемінде 10 бактериологиялық шайынды алу, дезинфекциялау құралының (құрғақ препарат) 1 сынамасын, жұмыс ерітіндісінің 1 сынамасын алу арқылы жүзеге асырады.

20. Егер оң нәтижелі шайындылардың көлемі 3%-дан аспайтын болса, дезинфекциялау препаратының қалдық санының болуына теріс экспресс-сынама 5%-дан аспайтын болса және дезинфекциялау ерітінділерінің қанағаттанарлықсыз талдауының көлемі 5%-дан аспайтын болса, дезинфекциялаудың сапасы қанағаттанарлық болып есептеледі.

21. Қорытынды дезинфекциялау жүргізгеннен кейін патогенді микрофлораны сепкен кезде соңғысы қанағаттанарлықсыз болып есептеледі және кейіннен зертханалық бақылау арқылы қайта жүргізіледі.

22. Қорытынды дезинфекциялау бойынша жұмысты ұйымдастыру сапасын бағалау мынадай көрсеткіштер бойынша айқындалады:

1) қорытынды дезинфекциялауға жататын ошақтардың санының ішінде инфекциялық аурулар ошақтарын өңдеумен қамту – кемінде 95 %;

2) науқасты емдеуге жатқызу немесе ұйымдастырылған ұжымнан оқшаулау кезеңінен бастап бір тәулік ішінде инфекциялық аурулар ошақтарында қорытынды дезинфекциялауды орындау, қорытынды дезинфекциялауды уақтылы жүргізу – кемінде 90%;

3) камералық дезинфекциялауға жататын ошақтар санының ішінде камералық дезинфекциялау – кемінде 95%;

4) ошақтарды қорытынды дезинфекциялау сапасын бақылаумен қамту:

көзбен тексерген кезде – жүргізілген дезинфекциялаудың жалпы санынан кемінде 10% (селолық жерде – кемінде 5%);

зертханалық әдістерді қолдана отырып – қорытынды дезинфекциялау аяқталғаннан кейін 1 сағаттан 3 сағатқа дейінгі кезеңде пәтер ошақтарында кемінде 10%.

23. Дезинфекциялау сапасын бағалау үшін мыналар жүргізіледі:

1) санитариялық-көрсеткіш, патогенді және шартты-патогенді микрофлораға бір төсекке 0,3 шайынды есебімен, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда бір үй-жайға 0,2 шайынды есебімен заттардан және жабдықтан шайынды алу арқылы дезинфекциялаудың сапасын бактериологиялық бақылау;

2) бастапқы дезинфектанттар сынамаларының, дезпрепараттардың жұмыс ерітінділерінің әр түрінің кемінде 2 сынамасын зерттеу. Сынамалар алу кезінде сынама алу күні, дезинфекциялау ерітіндісін дайындау күні, оның шоғырлануы, қолданылу мақсаты белгіленеді;

3) дезинфекциялау камераларының типі мен көлеміне байланысты дезинфекциялау камераларының үш жазықтығында 5-10 бактериялық (химиялық) тест салу арқылы дезинфекциялау камераларының жұмысының тиімділігін бақылау. Стерильдеу сапасын бағалау үшін стерильдеу жағдайларына, медициналық бұйымдар мен ауа ортасының стерильдігіне бақылау жүргізіледі.

24. Хирургиялық бейіндегі стационарлардың (бөлімшелердің) үй-жайларындағы ауа мынадай тәсілдермен зарарсыздандырылады:

Информация о работе Дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар