Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 14:46, реферат
«Дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) ағымдық дезинфекция – науқас ауру ошағында болған кезде әрбір нозологиялық түрге белгіленген жиілікпен жүргізілетін дезинфекция;
2) шыбын-шіркей – ашық табиғатта және елдімекендерде адамды шағатын және оның қанын соратын қансорғыш жәндіктердің – масалардың, соналардың, майда шыбындардың, есекқұрттардың, бәкене шыбындардың бірнеше түрлерін қамтитын жиынтық ұғым;
67. Стерилденетін материалдың әр партиясы осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы журналда тіркеледі. Стерилизатордың паспорты, стерилизатордың техникалық жағдайы мен стерильдеу тиімділігін тексеру туралы актілер мен хаттамалар денсаулық сақтау ұйымындағы жауапты адамда сақталады.
68. Стерилденбеген эндоскопиялық манипуляциялар кезінде (жеке микробтық көрінісі бар организм қуыстарына табиғи жолдар арқылы эндоскоп енгізілген кезде) пайдаланылатын эндоскоптар тікелей қолданылып болғаннан кейін алдын ала тазартуға, соңғы тазартуға, жоғары деңгейдегі дезинфекциялауға және микроорганизмдермен екінші рет ластануды болдырмайтын жағдайларда сақтауға жатады.
Стерилденген эндоскопиялық манипуляциялар кезінде (хирургиялық араласулар кезінде пайдаланылатын олардың каналдары арқылы стерилденген құрал-саймандарды енгізу, эндоскоптарды стерилденген қуыстарға енгізу, жарамен, қанмен жанасу) пайдаланылатын эндоскоптар қолданылып болғаннан кейін алдын ала тазартуға, стерильдеу алдында тазартуға, стерильдеуге және микроорганизмдермен екінші рет ластануды болдырмайтын жағдайларда сақтауға жатады.
Эндоскоптар мен олардың құрал-саймандарын дезинфекциялау және стерильдеу осы Санитариялық қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
69. ММБ-ны стерильдеуді ұйымдастыру және оның сапасы үшін жауапкершілік денсаулық сақтау ұйымының басшысына жүктеледі.
70. Стерилизаторлар жұмысын бақылаудың физикалық әдісін температураны (термометр, максимальды термометр), қысымды (манометр) өлшеу құралдарының көмегімен және стерильдеу уақытын есепке алу арқылы жүзеге асырылады. Стерилизатордың жұмыс режимдерінің параметрлерін аппаратттың паспортына сәйкес жүргізілетін стерильдеу циклінің барлық кезінде тексеру керек.
71. Бақылаудың химиялық әдісі химиялық тесттердің, термоуақыттық және термохимиялық индикаторлардың көмегімен жүзеге асырылады. Стерильдеудің аяқталуы индикаторлардың түсінің өзгеруі бойынша көзбен айқындалады.
72. Бақылаудың бактериологиялық әдісі микробтардың спораларының дозаланған саны бар биологиялық тесттердің көмегімен жүзеге асырылады. Биологиялық тесттерді санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының бактериологиялық зертханалары дайындайды.
73. Стерильдеу аяқталғаннан кейін биологиялық тесттер полиэтиленді пакетке салынады және сол күні қоса жүретін бланкімен бірге бактериологиялық зертханаға жібереді.
74. Бу стерилизаторларымен жұмыс істеуге жасы он сегізден жоғары, медициналық тексеруден және оқу курсынан өткен, бу стерилизаторының қызмет көрсету бойынша техникалық минимумды тапсырғаны туралы куәлігі бар адамдар жіберіледі.
75. Бу стерилизаторы қабырғалдардан 0,8 метр қашықтықта, шкаф стерилизаторлары 1,5 метр қашықтықта орнатылады. Үй-жайдағы еден тоқ өткізбейтін материалмен төселеді.
76. Әрбір электр стерилизаторы электр желісіне ажыратқыш немесе автоматты ажыратқыш арқылы қосылады. Бу стерилизаторын штепсельді розеткаға қосуға тыйым салынады. Ажыратқыш немесе автоматты ажыратқыш еденнен 1,6 метр және бу стерилизаторынан бір метрден қашық емес арақашықтықта орнатылады. Осы ажыратқышқа немесе автоматты ажыратқышқа электр энергиясының басқа да тұтынушыларды қосуға тыйым салынады.
77. Жерге қосу ретінде орталық жылу жүйелерінің су құбырларын, кәріздеу құбырларын, жанатын немесе жарылғыш жүктердің құбырларын, жайтартқыштардың жерқосқыштарын пайдалануға тыйым салынады.
78. Бу стерилизаторларына арналған үй-жайда өрт қауіпсіздігінің ережелері сақталуы тиіс. Стерилизаторларда медициналық бұйымдарды стерильдеуге байланысы жоқ қандай да бір жұмыстар жүргізуге, сондай-ақ үй-жайда жүруге кедергі келтіретін және ластайтын бөгде заттарды сақтауға тыйым салынады.
79. Стерилизаторлар жұмыс істеп тұрған кезде қызмет көрсететін персоналға және стерилизаторлардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын адамдарға ғана үй-жайға кіруіне рұқсат етіледі.
80. Стерильдеу аппаратурасы орнатылған әрбір үй-жайда көрінетін жерде аппаратураны пайдалану жөніндегі ережелер ілінеді.
81. Бу стерилизаторына берілетін дайындаушы зауыттың паспорты бу стерилизаторының жағдайы мен қауіпсіздігіне жауапты адамда сақталады.
82. Автоклав үй-жайы табиғи жарықтандырумен, сорып-шығаратын желдеткіш жүйесімен, фрамугалармен немесе желкөздермен қамтамасыз етіледі. Стерилизатор жұмыс істеп тұрған кезде есік бекітілмейді.
83. Бу стерилизаторының әрқайсысы сақтандырғыш қақпақпен және дәлдік класы кемінде екі жарым болатын және жұмыс қысымын өлшеу шегі шкаланың үштен екісінде болатындай осындай шкаласы бар пломбаланған жарамды манометрмен жабдықталады.
84. Таңбасына пломба қойылмаған, тексеру мерзімі аяқталған, оны қосқан кезде көрсеткіш тілі нөлге қайта келмеген жағдайда, әйнегі сынған немесе басқа да зақымданулары болған кезде манометрді қолдануға жол берілмейді.
85. Сақтандырғыш қақпақ стерилизатордағы сиретілген қысымға байланысты реттелуі тиіс.
86. Қызмет көрсететін персонал бу стерилизаторларының жұмыс режимі мен қауіпсіздік қызмет көрсету бойынша талаптарды орындайды, бақылау-өлшеу аспаптары мен сақтандыру құрылғыларының жарамдылығын уақтылы тексереді.
87. Бу стерилизаторларын жөндеуді қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды жөндеу құқығына лицензиясы бар мамандар жүргізеді.
4. Дезинсекцияны ұйымдастыру және жүргізу
88. Кенттік дезинсекция кезінде объектілердегі жұмыс оларда жәндіктердің болуына алдын ала тексеру жүргізуден, түрлерін айқындаудан, олардың саны мен қоныстану орындарын анықтаудан басталады. Одан әрі іріктеп бақылауды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары жүзеге асырады.
89. Өңдеу жиілігі нысаналы түрлердің экологиясына, объектілердің орналасу деңгейіне және қолданылатын дезқұралдардың сипатына қарай айқындалады.
90. Өңдеуді не жәндіктердің ұрықтануы (ұшар) алдында тікелей, не содан кейін бірден жүргізу қажет.
91. Кенттік дезинсекцияның тиімділігінің негізгі көрсеткіштері жәндіктерден тазартылған ауданның артуы, шыбындарға қарсы күрес кезінде – дернәсілдердің, қуыршақтарының болмауы және сандарының азаюы болып есептелінеді.
92. Жәндіктерге және басқа буынаяқтыларға қарсы өңдеудің 3 түрі қолданылады:
1) жаппай өңдеу – жәндіктердің нысаналы түрлері орналасқан барлық үй-жайларда және оларға іргелес аумақтарда кенттік дезинсекция кезінде жүргізіледі;
2) кедергілік өңдеу – белгілі бір аумақтың айналасына қорғаныш аймақтарын құру. Белгілі бір аумаққа жәндіктердің кіруіне кедергі келтіретін кедергіні құру қажет болған жағдайда жүргізіледі. Бұл ретте, ашық стациялардағы, кеміргіштердің індеріндегі, ашық су қоймаларындағы және т.б. өсімдіктер өңделеді. Кедергілік аймақтың ені нысаналы түрлердің экологиясы мен қауіпті нозологияның ерекшеліктерімен, сондай-ақ жәндіктердің елдімекенге тереңдей кіруіне байланысты айқындалады.
3) микроошақтық өңдеу – инфекциялық аурулардың ошағындағы және оған іргелес аумақтағы дезинсекциялау. Таралуына жәндіктер қатысатын имнфекциялық аурулар тіркелген кезде жүргізіледі.
93. Бақылап тексеру кезінде егер, жәндіктер бір ай ішінде үй-жайлардың бірінен де байқалмаса, объект «жәндіктерден тазартылғандар» қатарына жатады. Тірі бір жәндік табылған жағдайда объект «таза емес» санатына ауыстырылады және қайта өңдеу жүргізіледі.
94. Егер объектінің ауданының кемінде 20%-ында жекелеген жәндіктер мен олардың жиналуы анықталған болса, ғимараттарға (немесе жапсарлас салынған объектілерге) жәндіктердің орналасуы жоғары деңгейде болып есептеледі.
95. Өңдеулердің тиімсіздігі анықталған жағдайда, олар орындаушының есебінен қайта жүргізіледі.
96. Масаларға қарсы өңдеу олар қыстақтан ұшуы алдында немесе алғашқы генерациясы алдында тікелей жүргізіледі, жылытылатын жертөле үй-жайларында өңдеу тәулік бойы жүргізіледі.
97. Шыбындарға қарсы күресте негізгі іс-шаралар олардың көбею орындарын өңдеу болып табылады. Шыбындардың дернәсілдері мен қуыршақтарын жою үшін топырақ қоқыс жинағыштардың, кәріз жүргізілмеген дәретханалардың, санитариялық-аула қондырғылар айналасындағы асфальт төселген алаңдардың, қи үйінділерінің жиегінен 30-50 сантиметр (бұдан әрі - см) және 80 см-ден астам қашықтықта ларвицидтермен өңделеді.
98. Жүйелі деларвациялық (шыбындардың дернәсілдері мен қуыршақтарына қарсы бағытталған) жұмыстар көктемде дернәсілдердің алғашқы жазғы генерациясының І және ІІ сатыларының пайда болуы кезінде басталады және ол жаз бойы жалғасады. Қоқыстағы, қидағы, топырақтағы дернәсілдер мен шыбын дернәсілдерін жою үшін ерітінділер түрінде инсектицидтер, субстраттың тереңдігіне ену үшін эмульсия қолданылады.
99. Шыбын-шіркей компоненттеріне, экзофильді түрлерге қарсы ашық аймақтарды өңдеу кезінде жағалауға жақын су қоймаларына, қорғалатын объект аумағындағы (елді мекендегі, көп адам жұмыс жасайтын жерлердегі), сонымен қатар оның айналасындағы (қорғаныш аймағы) жаппай көбею орындарына деларвация жүргізіледі. Ландшафқа, аумақта өсімдіктің көп шығуына, шыбын-шіркейдің ұшу қашықтығына байланысты қорғаныш аймағының ені 1 км-ден 6 км-ге дейін және одан да астам радиуста болады.
100. Шыбындарға қарсы орындалған іс-шаралардың тиімділігін бағалау критерийі шыбындардың экзофильді және бөлмедегі түрлерінің санының мерзімдік көрсеткіші болып табылады. Бөлмедегі шыбындар санының қалалардағы орташа мерзімдік көрсеткіші бір жабысқақ стандарт параққа бір данадан (тәулігіне), экзофильді шыбындар – бір шыбын ұстағышқа 3-5 данадан, ал ауылдық жерлер үшін – сәйкесінше 5 және 20 данадан келеді.
101. Сандық есеп шыбындардың белсенділік кезеңінде 3-10 күнде бір рет тәулік бойы жүргізіледі, бөлмелерде 20 шаршы метрге 1 жолақ есебі бойынша жабысқақ жолақтар көмегімен жүргізіледі, ал көбею орындарында торлы шыбын ұстағышпен аулау арқылы жүргізіледі. Қанатты шыбындар болмаған кезде тиімділік орташа деп есептеледі, орташа саны 1 жабысқақ стандарт қағазына 1 данадан (бір тәулікте) көп болмаса, тиімділік қанағаттанарлық деп есептеледі. Кәріз жүргізілмеген жеке құрылыстар басым учаскелер мен ауылдық жерлер үшін – 3-5 данадан.
102. Объектілердегі дезинсекциялау іс-шараларының тиімділігін бақылауды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары осы Санитариялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
103. Іс-шаралардың тиімділігін айқындау қанатты шыбындардың, сондай-ақ көбею орындарындағы дернәсілдер мен қуыршақтардың санын есепке алу арқылы жүргізіледі. Елдімекендегі қызмет ететін объектілердің кемінде 5 % есепке алынуға жатқызылады.
104. Егер өңдеуден кейін барлық әдістермен бақылау жүргізуде бір ай ішінде жәндіктер табылмаса, онда жою шараларын жүргізу тоқтатылады.
105. Безгекті және безгекті емес масаларға қарсы объектілердегі дезинсекциялық іс-шаралардың тиімділігін бақылау өңделетін бетінің типімен, пайдаланылатын дезқұралмен айқындалатын мерзімде жүзеге асырылады. Тиімділік бірен-саран даналар тіркелген кезде қанағаттанарлық деп саналады, есепке алу «ашық қол әдісімен» 20 минут ішінде жүргізіледі.
106. Дернәсілдерге қарсы іс-шаралардың тиімділігінің негізгі көрсеткіші қорғалған объектілердегі қанатты масалардың саны болып табылады, масалардың дернәсілдері мен имагосын өңдеуден кейін 5-7 тәулік ішінде анықталуы жертөленің 1 м2-де қанатты масалардың 1 дарадан аспауы тиіс.
107. Қорғаныш аймақтарын құру кезінде ашық аумақтарда, кеміргіштердің індерін өңдеуде жүргізілген шыбын-шіркейге және кенелерге қарсы іс-шаралардың тиімділігін бағалау критерийі дезинсекциялауға (декаризацияға) жататын аумақты 100% қамтыған кезде өңдеуден кейін бір тәулік өткен соң жәндіктердің (кенелердің) кемінде 80%-ы қырылуы болып табылады.
108. Жертөледегі масаларға қатысты дезинсекцияның тиімділігінің көрсеткіші сынамаларда тірі дернәсілдерді өңдегеннен кейн 3-5 тәулікте болмауы және қанатты масалардың орта есеппен 1 м2-де бір дарағының болуы болып саналады.
109. Үй-жайларда бүргелерді жою жөніндегі іс- шаралардың тиімділігін бағалау кезінде еденнің үстіне 10 м2-ге 2 қағаз есебімен жабысқақ қағаздар (20х30 сантиметр) пайданылады. Егер тәулік бойы бір қағазға екі бүргеден артық түспесе, жәндіктер «бірен-саран» болып есептеледі, 3-тен 10-ға дейін кездессе, – «бүрге көп», ал 10-нан артық бүрге кездессе, «бүрге өте көп» деп саналады.
110. Төсекте болатын қандалаларды жою жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалау кезінде олардың болатын жерлері қаралады, «бірен-саран жәндік», «жәндіктердің жиналуы» деген жазбалар, ал жәндіктер болмаған жағдайда «жәндіктер анықталмады» деген жазба болады.
111. Педикулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін бағалау кезінде өңдеуден кейін жәндіктер мен сіркенің мүлдем болмауы қанағаттанарлық көрсеткіш болып саналады.
5. Дератизацияны ұйымдастыру және жүргізу
112. Дератизациялау кеміргіштерді жою және кеміргіштері бар объектілерден оларды тазарту мақсатында немесе инфекциялық аурулардың кеңінен таралуын болдырмауды қамтамасыз ететін және экономикалық жағынан шығын келтірмейтін минимальды деңгейде кеміргіштердің санын тұрақты ұстап тұру үшін жүзеге асырылады.
113. Кенттік дератизациялау мынандай түрлерге бөлінеді: