Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 14:46, реферат
«Дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) ағымдық дезинфекция – науқас ауру ошағында болған кезде әрбір нозологиялық түрге белгіленген жиілікпен жүргізілетін дезинфекция;
2) шыбын-шіркей – ашық табиғатта және елдімекендерде адамды шағатын және оның қанын соратын қансорғыш жәндіктердің – масалардың, соналардың, майда шыбындардың, есекқұрттардың, бәкене шыбындардың бірнеше түрлерін қамтитын жиынтық ұғым;
10-қосымша
Эндоскоптар мен олардың құрал-саймандарын дезинфекциялау, стерильдеу алдында
тазарту және стерильдеу
Стерилденбеген эндоскопиялық манипуляциялар кезінде ( эндоскоп өзінің микробтық көрінісі бар организмнің қуысына табиғи жолдар арқылы енгізілген кезде) қолданылатын эндоскоптар үшін өңдеу кезеңдері алдын ала тазартуды, соңғы тазартуды, жоғары деңгейдегі дезинфекциялауды және микроорганизмдермен екінші рет ластануды болдырмайтын жағдайларда сақтауғды қамтиды.
Стерилденген эндоскопиялық манипуляциялар кезінде (хирургиялық араласулар кезінде пайдаланылатын олардың каналдары арқылы стерилденген құрал-саймандарды енгізу, эндоскоптарды стерилденген қуыстарға енгізу, жарамен, қанмен жанасу) пайдаланылатын эндоскоптар қолданып болғаннан кейін алдын ала тазартуға, стерильдеу алдында тазартуға, стерильдеуге және микроорганизмдермен екінші рет ластануды болдырмайтын сақтауға жатады.
Эндоскопиялық манипуляциялар кезінде қолданылатын эндоскоптардың құрал-саймандары барлық жағдайларда алдын ала тазартуға, стерильдеу алдында тазартуға және микроорганизмдермен екінші рет ластануды болдырмайтын жағдайларда сақтауға жатады.
Құралдар мен аспаптарды
әрбір тексерістен кейін
Инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қолданылатын эндоскоптар мен олардың құрал-саймндары тиісті инфекциялар кезінде және нақты препаратты қолдану жөніндегі әдістемелік нұсқауларда ұсынылған режимдер бойынша соңғы стерильдеу немесе стерильдеу алдында тазарту алдында алдын ала тазартудан кейін қосымша дезинфекциялауға жатады. Қолданылатын дезинфекциялық құралдарда белгіленген органикалық ластану әсері болмауы керек. Эндоскоптар мен олардың құрал-саймандарын өңдейтін медициналық қызметкер міндетті түрде жеке халат киюі керек және зарарланған материал мен дезинфекциялық құралдардың теріге түсуін болдырмайтын жеке қорғаныш құралдарын (қолғаптарды, бетперделерді, көзілдірікті немесе қалқаншаларды) қолдануы тиіс.
1) Алдын ала тазарту.
Емшара аяқталғаннан кейін тез арада емделушінің денесінен эндоскопты алып тастау - өңдеудің ең бірінші сатысы. Оның басты міндеті – эндоскоптың үстінде және каналдарында жаппай ластануларды болдырмау. Алдын ала тазарту жұмысы сол емшара жүргізілген жерде жүргізіледі; эндоскоп жарық көзіне және эндоскопиялық сорғыға қосылған күйінде қалады. Алдын ала тазарту қолмен жүзеге асырылады. Бұл сатыда эндоскоптың жұмыс бөлігін (басқару блогынан шеткі жағына дейінгі бағытта) жуғыш заттың ерітіндісімен суланған майлықпен (ластануды белгілемейтін) сүрту, эндоскоп каналдары арқылы жуғыш ерітіндіні ағызу жүргізіледі. Эндоскоптарды алдын ала тазарту үшін белгіленген тәртіпте медициналық бұйымдарды стерильдеу алдында тазартуға рұқсат етілген құралдардың қолданылуы тиіс. Эндоскопиялық аппаратураны тазарту үшін қолайлы құралдар құрамында ферменттер бар жуғыш заттар болып табылады.
Майлықтарды қолданылып болғаннан кейін қоздырғыштың барынша төзімді режимі бойынша вирустарға, бактерияларға (туберкулездің микобактерияларын қоса алғанда) және Кандида саңырауқұлақтарына қатысты тиімді қақпақтары бар ыдыстардағы құралдармен дезинфекциялайды.
Алдын ала тазарту
аяқталғаннан кейін жуғыш ерітіндіге
салар алдында эндоскоптың
Эндоскопты және оның аспаптарын алдын ала тазарту эпидемияға қарсы бағытталған қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізілуі керек.
2) Соңғы тазарту.
Жарық көзінен және сорғыдан ажыратылған эндоскопты өңдеуді одан әрі жалғастыратын жеке үй-жайларға ауыстырады. Осы жерде жуғыш және дезинфекциялық ерітінділері бар ыдыстар мен жуу-дезинфекциялау жабдығы болады. Осы бөлмеде кем дегенде үш раковина болуы керек: олардың біреуін тек персоналдың қолын жууға бөлу керек және оны басқа мақсатта (эндоскопты жуу, ерітіндіні төгіп тастау және т.б.) қолданылмауы керек. Жұмыс істейтін персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үй-жай желдеткішпен (ең жақсысы сорып–шығаратын) жабдықталуы тиіс. Бұл әсіресе эндоскопты өңдеу кезінде құрамында альдегид (жеке алғанда глутарлы) бар және тыныс алу жолдарына айқын әсері бар, соңынан буланып ұшып кететін құралдарды қолданғанда маңызды болады.
Соңғы тазарту жұмысын және өңдеудің кейінгі сатыларын орындау кезінде медициналық қызметкер су өтпейтін халат немесе алжапқыш, жыртылмаған қолғаптар, бетперде, көзілдірік не болмаса қалқанша киеді.
Эндоскопты жуғыш ерітіндіге салар алдында эндоскоптан барлық ағытылатын бөлшектер мен элементтерді (клапандарды, бітеуіштерді және т.б.) шешіп алады және оларды жуғыш заттың ерітіндісіне салып, жуғыш ерітіндіге шылап қояды да, арнайы немесе жұмсақ щеткамен тазалайды.
Толық тазарту жұмысын орындау үшін эндоскопты толығымен жуғыш ерітіндіге салу керек. Ерітіндіге салынбайтын эндоскоптарды айналыстан алып тастау керек: бұл үлгілер балама өңдеуді жүргізуге мүмкіндік бермейді және пациенттерге инфекция жұқтыру қаупін тудырады.
Эндоскопты жуғыш ерітіндіге салғаннан кейін оның сыртқы бетін майлықпен мұқият тазалайды. Содан кейін канал диаметріне тура келетін арнайы (эндоскоптың құрамына кіретін) щеткалардың көмегімен каналдардың ластануларын кетіреді. Бұл ретте щеткаларды басқару блогында орналасқан каналдардың кіретін жеріне енгізеді және барлық каналдың ұзындығымен бір қозғалыспен жүргізеді. Каналдың қарама-қарсы жағынан көрінген кезде щетканы мұқият тазалайды және тазартып болғаннан кейін ғана щетка каналдан шығарылады. Каналдың шығатын жерінен көрінетін щетка таза болғанға дейін каналды тазарту жалғастырыла береді. Бұдан әрі каналдарды толтыру үшін оларға адаптерлерді (тазалауға арналған адаптерлерді) жалғайды және каналдар ластанудан арылғанға дейін толық батырылған эндоскоптың каналдары арқылы жуғыш ерітінді жібереді.
Щеткалар осы жуғыш заттың ерітіндісімен тазаланады.
Соңғы тазарту сатысы мәні жағынан стерильдеу алдындағы тазартуға ұқсас келеді және осы мақсатта рұқсат етілген құралдарды пайдаланған дұрыс деп саналады. Оның орындалуының мұқияттылығы кейінгі жоғары деңгейдегі дезинфекциялаудың тиімділігінің кепілі болып табылады.
3) Стерильдеу алдында тазарту.
Эндоскоптар мен олардың аспаптары қолмен жүргізілетін стерильдеу алдында (соңғы тазарту бөлімінде көрсетілгендей) тазартуға немесе белгіленген тәртіпте қолдануға рұқсат етілген қондырғыларды, жуғыш машиналарды қолдану арқылы тазартылуға жатады. Ыдыстарға эндоскопты кесетін құралдармен бір мезгілде салуға болмайды, себебі бұл эндоскоптың жұмыс бөлігін зақымдауы мүмкін.
Ферментативті жуғыш заттарды пайдалану эндоскопты тазартудың жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Ферменттер ластануларды, соның ішінде кепкен және бекітілген кірді, сондай-ақ биоқабыршақты (эндоскоп каналдарында дамитын және сыртқы әсерлерге өте шыдамды микроорганизмдер колонияларын) белсенді түрде жояды. Ферменттерді қолдану щеткалармен механикалық тазартуды едәуір жеңілдетеді, ал қиын тазаланатын аумақтарда оны алмастырады. Ферментті жуғыш заттың ерітінділерін пайдалану алдында ғана дайындау керек және тек бір рет қолданған дұрыс. Бұл олардың жоғары белсенділігін қамтамасыз етеді.
Тазарту сатысы эндоскоптың сыртқы бетін, барлық каналдарын және алмалы-салмалы элементтерін ауыз сумен шаюмен аяқталады. Бұл рәсімнің мақсаты – дезинфекциялық ерітіндінің ластануын және тиімділігінің төмендеуін болдырмау үшін эндоскоп пен оның каналдарынан жуғыш заттың қалдықтарын толық кетіру. Эндоскопты және алмалы-салмалы элементтерді жуу ыдыстарда қалай жүргізілсе, ағып тұрған судың астында да солай жүргізіледі. Осы рәсім жүргізілетін раковина медициналық персоналдың қол жууына немесе дезинфекцияланған эндоскоптарды жууға пайдаланылмауы тиіс.
Эндоскоптар тазартылған сумен жуылып болғаннан кейін аспаптың барлық каналдарына (шприц немесе арнайы құрылғының көмегімен) қысыммен ауа жібереді, ал эндоскоптың сыртқы бетін майлықпен құрғатады. Дезинфекциялық құралдың еруін болдырмау үшін суды құрғату қажет.
Эндоскоптарды тазарту алгоритмі:
– Басқару блогының шеткі жағына дейін жылжыта отырып, эндоскоптың енгізілетін бөлігін және басқару блогын сүрту.
– «Су/ауа» каналын сумен жуу, содан кейін 10 секунд ішінде ауамен үрлеу.
– Биопсиялық/аспирациялық каналдары арқылы дезинфекция құралын аспирациялау.
– Барлық клапандарды ағытып алып, оларды бөлек тазалау.
– Арнайы щетканы пайдаланып, шығатын жерлерді, биопсиялық/аспирациялық каналдың шығатын жерлерін тазалау. Содан кейін эндоскоптың шеткі жағын абайлап тазалау.
– Каналдарды тазалау үшін щетканы мыналар арқылы өткізу керек:
а) енгізілетін бөліктің биопсиялық ауызы арқылы,
б) аспирациялық аузы арқылы және бұдан әрі әрбір енгізер алдында жалғастырғыш кабель (щетканы тазарту) арқылы.
Эндоскоптарды шаю алгоритмі:
– Ыдысқа эндоскопты салып, каналдарды (каналды суландырғыштың (С-3) немесе оның аналогтарының көмегімен) шаю:
а) жуғыш ерітіндімен, содан кейін
б) тазартылған сумен шаю.
– Барлық каналдардан қалған сұйықтықты төгу, «су-ауа» каналдары арқылы ауа жіберу.
– Аспирациялық, биопсиялық/аспирациялық каналдар арқылы ауаны аспирациялау. Жуғыш машинаны пайдалану ұсынылады.
4) Жоғары деңгейдегі дезинфекция.
Эндоскопты ерітіндіге салу алдында қолданылатын дезинфекциялық ерітіндінің пайдалануға жарамды екендігіне көз жеткізу (ерітіндінің дайындалған күнін, сыртқы түрін тексеру) қажет. Ластанған, түсін мен мөлдірлігін өзгерткен ерітінділерді пайдалануға болмайды. Дезинфекциялық ерітіндідегі әсер ететін заттың концентрациясын бақылау және ол жоғары деңгейде дезинфекциялауды жүргізу үшін жеткілікті екендігіне көз жеткізу керек. Бұл ретте әдістемелік нұсқаулықта көрсетілген химиялық әдістер, шұғыл - бақылау үшін дайындалған индикаторлық тест пайдаланылуы мүмкін. Егер бақылау нәтижелері әсер ететін заттың концентрациясының төмендегенін көрсетсе, ерітінді одан әрі пайдаланылмайды және ол көп рет пайдалану мерзімі өткенге дейін төгілуі тиіс.
Тазартылған және кептірілген эндоскоп пен оның алмалы-салмалы бөлшектерін (эндоскопқа жалғамай) дезинфекциялық құралдың ерітіндісіне оның барлық элементтерін толығымен жауып тұратындай етіп батырады. Дезинфекциялық ерітіндінің қалыңдық қабаты эндоскоптың ең шығыңқы бөлшегінен 1 см аз болмауы керек. Адаптерді пайдалана отырып, барлық каналдарды дезинфекциялық құралмен толтырады. Егер каналдардан ауа көпіршіктерінің пайда болуы доғарылса, онда ерітіндіні жіберуді тоқтатуға болады. Жоғары деңгейдегі дезинфекция уақытын каналдарды толтырудың аяқталуы бойынша есептейді.
Жоғары деңгейдегі дезинфекцияны нақты дезинфекциялық құралды қолдану жөніндегі әдістемелік нұсқаулықта көрсетілген тәртіптерге сәйкес жүргізеді. Дыбыс сигналы бар таймерді пайдалану экспозициялық уақытын бақылауды жеңілдетеді.
Жоғары деңгейдегі дезинфекция үшін спороцидті әсері бар және эндоскопиялық жабдықтарды өңдеуге рұқсат етілген құралдарды қолданады. Химиялық ерітінділермен стерильдеу тәртібін салыстырғанда, жоғары деңгейдегі дезинфекция кезінде экспозиция уақыты ғана қысқарады. Ерітіндінің концентрациясы, температурасы және басқа да параметрлері ерітіндіні стерильдеу жағдайындағыдай болып қалады. Жоғары деңгейдегі дезинфекцияны, сонымен қатар химиялық стерильдеуді жүргізу үшін концентраттар емес, дайын ерітінділер түрінде шығарылатын құралдарды пайдаланған дұрыс. Бұл өз кезегінде қажетті концентрациядағы ерітіндіні дайындау кезінде тиімсіз өңдеуге әкеп соғатын қателіктер мен сәйкессіздіктерді болдырмауға көмек береді.
Эндоскоптарға дезинфекция жүргізілетін ерітінді бар ыдыстардың тығыз жабылатын қақпағы болуы тиіс және эндоскопты салғаннан және каналдар толтырылғаннан кейін дереу жабылуы керек. Сондай-ақ, өңдеу рәсімдерінің арасында дезинфекциялық ерітіндінің булануын және ластануын болдырмау үшін ыдыстар қақпақпен жабылуы керек.
Глутарлы альдегид негізіндегі құралдар жоғары деңгейдегі дезинфекция үшін кеңінен қолданылады. Эндоскопты құрамында глутарлы альдегиді бар ыдысқа салып, қолмен өңдеу кезінде құралдың температурасы бөлме температурасындай (20-25С) болуы керек. Оны қыздырғанда альдегид ауаға көп мөлшерде бөлінеді, бұл адам ағзасына кері әсер етеді. Қазіргі уақытта жоғары деңгейдегі дезинфекция үшін әсер ететін басқа заттардың, мысалы орто-фтальді альдегид және сіркесу қышқылы негізіндегі дезинфекциялық құралдар шығарылды және қолданылуда. Орто-фтальді альдегидтің глутарлы альдегидпен салыстырғанда артықшылықтары айтарлықтай басым. Ол рН кең диапазонында өте тұрақты, микробтарға қарсы белсенділігі жоғары болып қана қоймай, сонымен қатар көзді және мұрынды тітіркендірмейді. Бұдан бөлек, орто-фтальді альдегид қолдану алдында белсендіруді қажет етпейді.
Экспозиция уақыты аяқталғаннан кейін эндоскоп пен алмалы-салмалы элементтердің барлық беттері мен каналдарын дезинфекциялық құралдың іздерін кетіру үшін сумен мұқият жуады. Бронхоскоптарды тазартылған сумен жуады. Гастродуоденоскоптарды, ларингоскоптарды, колоноскоптарды және ректоскоптарды ауыз сумен, соның ішінде микробиологиялық көрсеткіштері бойынша ауыз суына сәйкес келетін болса, құбыр суымен жууға болады. Жоғары деңгейдегі дезинфекция жүргізілгеннен кейін эндоскоптарды жуу үшін қолданылатын судың сапасын микробиологиялық бақылаудан үнемі өткізіліп отыруы керек.
Эндоскопты жуғаннан кейін барлық каналдарға қысыммен ауа жіберу арқылы судан құрғатады. Жақсы кептіру үшін және микроорганизмдердің көбеюін болдырмау үшін каналдарды 70о спиртпен жуады. Спиртпен өңдеу дезинфекциялауды алмастырмайды, тек ылғалды толық кептіруге жағдай жасайды. Эндоскоптың сыртқы беті мен алмалы– салмалы элементтерін таза орамалдардың немесе дәке майлықтардың көмегімен кептіреді. Эндоскоп 3 сағаттың ішінде пайдаланылмаған жағдайда каналдарды спиртпен жуу және ылғалды толық кептіру үлкен маңызға ие болады.
Тазарту және дезинфекция кезінде пайдаланылатын құралдарды (щеткаларды, жалғастырғыштарды, ерітінділерге арналған ыдыстарды) өңдеу дұрыстығы эндоскоптардың деконтаминациясына айтарлықтай әсер ететінін есте ұстау қажет. Каналдарға және алмалы-салмалы элементтерге арналған щеткаларды әрбір қолдану алдында тазартқан және дезинфекциялаған дұрыс. Бұл үшін эндоскоптарға қолданылатын құралдар пайдаланылуы мүмкін. Жуғыш заттар мен дезинфекциялық құралдардың ерітінділері бар ыдыстар да жаңа ерітіндімен толтыру алдында өңделеді.