Дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 14:46, реферат

Описание

«Дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) ағымдық дезинфекция – науқас ауру ошағында болған кезде әрбір нозологиялық түрге белгіленген жиілікпен жүргізілетін дезинфекция;
2) шыбын-шіркей – ашық табиғатта және елдімекендерде адамды шағатын және оның қанын соратын қансорғыш жәндіктердің – масалардың, соналардың, майда шыбындардың, есекқұрттардың, бәкене шыбындардың бірнеше түрлерін қамтитын жиынтық ұғым;

Работа состоит из  1 файл

pravila_kaz_0.doc

— 482.00 Кб (Скачать документ)

Этиль спиртінде формальдегид ерітіндісін дайындау үшін параформ мен этиль спиртін-ректификатты қолданады.

1 кг (1,25 дм3) ерітінді дайындау үшін техникалық таразыға (10мг дейінгі дәлдікте) 400г параформды және 600г этиль спиртін ( 760 см3) өлшейді. Апараформ бөлігін шлиф бар колбаға салады және этиль спиртін құяды. Колбаны кері тоңазытқышпен жалғайды және ішіндегіні параформ толық ерігенге дейін (5-6 сағат) қайнатады. Дайын ерітіндіні сүзгіден өткізеді және талдау жасайды.

Талдау тәсілі.

Талдау үшін 126 г күкірт қышқылды натрийді немесе 252 г жеті сулы күкірт қышқылды натрийді ерітіндінің көлемі 1 дм 3 болатындай тазартылған суда еріту жолымен дайындалған 1 М күкірт қышқылды натрийді қолданады.

Осы ерітіндіні 50 см3 көлемде сыйымдылығы 500 см 3 болатын конус тәрізді колбаға салады, индикатор ретінде тимолфталеиннің 0,1%-ды спирт ерітіндісінің үш тамшысын қосып, индикатордың көк түсі кеткенге дейін 1н күкірт немесе тұз қышқылының бір-екі тамшысымен мұқият бейтараптандырады. Содан кейін күкірт қышқылды натрий ерітіндісіне 0,5 г (нақты бөлікті) зерттелетін формальдегид ерітіндісін қосады және алынған қоспаны 1н күкірт немесе тұз қышқылымен түссізденгенге дейін ақырын титрлейді.

Формальдегид концентраты мынадай формула бойынша есептеледі:

 

                                 0,03003 · V · N ·100

                    Х = -------------------------------

                                                              m

 

Мұнда: Х –формальдегидтің болуы, %;

0,03003 – 1 н. қышқыл ерітіндісінің 1 см 3 -не сәйкес келетін формальдегид мөлшері;

V - титрлеуге жұмсалған қышқыл көлемі, см3;

N - қышқылдың қалыптылығы;

m – талданатын үлгінің массасы, г.

 

 

 

 

 


Информация о работе Дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар