Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 14:46, реферат
«Дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) ағымдық дезинфекция – науқас ауру ошағында болған кезде әрбір нозологиялық түрге белгіленген жиілікпен жүргізілетін дезинфекция;
2) шыбын-шіркей – ашық табиғатта және елдімекендерде адамды шағатын және оның қанын соратын қансорғыш жәндіктердің – масалардың, соналардың, майда шыбындардың, есекқұрттардың, бәкене шыбындардың бірнеше түрлерін қамтитын жиынтық ұғым;
Дезинфекциялаудан кейін эндоскоптарды жууға арналған суы бар ыдыстарға ерекше назар бөлу қажет, себебі олар пациенттің ауру жұқтыруына әкеп соғатын микроорганизмдермен ластануы мүмкін. Бұл ыдыстар жүйелі түрде (жұмыс ауысымы біткеннен кейін) дезинфекциялануы тиіс.
Эндоскоп каналдарын жуғыш, дезинфекциялық ерітінділермен, сондай-ақ сумен толтыруды жеңілдету үшін олардың арнайы құрылғыларын (каналдардың ирригаторларын, тазалауға арналған адаптерлерді және т.б.) қолданған жөн. Егер осы мақсатта шприц қолданылатын болса, ол эндоскоппен бірге өңдеудің барлық сатысынан өтуі тиіс. Егер шприц эндоскоппен бір уақытта дезинфекциялық құралдың ерітіндісіне салынбаған болса, жоғары деңгейдегі дезинфекция жүргізілгеннен кейін эндоскопты толық жуу үшін каналдарын жуғыш ерітіндімен және сумен толтыру мақсатында үнемі бір шприцті қолдануға болмайды. Бұл эндоскоптың ластануына және пациенттің ауру жұқтыруына алып келеді.
5) Стерильдеу
Стерилді эндоскопиялық манипуляциялар кезінде қолданылатын құралдарды өңдеу сатылары жоғары деңгейдегі дезинфекция кезіндегідей болады, алайда соңғы тазартудың орнына стерильдеу алдындағы тазарту жүргізіледі.
Эндоскопты аппаратураны стерильдеу құралдары мен әдістерін таңдау кезінде эндоскоптарды және аспаптарды шығарушы компанияның ұсыныстарын міндетті түрде назарға алу қажет. Бұл жабдықтың сақталуын қамтамасыз етеді. Эндоскоптардың әртүрлі үлгілері мен маркаларын өңдеу технологиясының кейбір ерекшеліктері болуы мүмкін, дегенмен жоғарыда көрсетілген сатылардағы бірізділікті сақтау және олардың әрқайсысын орындау кез келген эндоскоптар үшін міндетті болып табылады.
Құралдар жоғары температурада өңдеуге төзімді болған жағдайда оларды стерильдеу алдындағы тазартудан, кейіннен ағып тұрған судың астында және тазартылған сумен жуылып, кептіріліп, қапталғаннан соң бумен стерилдейді, соңынан хирургиялық құралдар сияқты сақтайды.
Эндоскопия кезінде қолданылатын эндоскоптар мен жабдықтар автоклавтауға жатпайтын жағдайда, олар төменгі температурада стерилденеді. Ол үшін белгіленген тәртіпте қолдануға рұқсат етілген химиялық құралдардың ерітінділерінің, газды әдістің және төмен температуралы плазманың пайдаланылуы мүмкін.
Эндоскопиялық жабдықты химиялық құралдардың ерітінділерімен сапалы түрде стерильдеу үшін нақты препараттарды қолдану жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтармен реттелетін өңдеу тәртібін қатаң сақтау керек.
Химиялық құралдардың ерітінділерімен стерильдеу кезінде эндоскоптарды, клапандарды, тығындарды, құралдарды, щеткаларды ерітіндіге толық батырады. Эндоскоп қаптамасындағы ауа көпіршіктерін стерилденген майлықпен сүртеді. Эндоскоптың барлық каналдарын ауа тығынын болдырмай, ерітіндімен күштеп (стерилденген шприц немесе басқа да құрылғының көмегімен) толтырады.
Эндоскоптар мен олардың құралдарын қолмен химиялық құралдардың ерітінділерінің көмегімен стерилденген эмальды (эмальды бүлдірмей) немесе қақпағы бар пластмасса ыдыстарда стерильдеу керек.
Ерітінділермен стерильдеу кезінде барлық жұмыстарды асептикалық жағдайда жүзеге асыру қажет. Стерильдеу үшін қолданылатын ыдыстарды және стерилденген бұйымдарды құралдардың қалдықтарынан тазалау кезінде қолданылатын ыдыстарды алдын ала булы әдіспен стерилдейді. Жууға арналған суды булы әдіспен стерилдейді. Бұйымдарды ерітіндіден шығару үшін стерилденген корнцангтарды, пинцеттерді, ал каналдардан су мен стерильдеу ерітіндісін шығару үшін стерилденген шприцтерді қолданады. Қызметкерлер стерилденген қолғаптармен жұмыс жасайды.
Құралдарды орамада
төмен температурада стерильдеу
Автоклавтау – құралдарды 120-140 температурада және 2-ге дейінгі атмосфералық қысымда 30-40 минут көлемінде стерильдеуді қамтамасыз ететін әдіс. Бұл стерильдеу әдісі кезінде бактериялар ғана емес, саңырауқұлақтардың мицелиялары, тіпті микроорганизмдердің споралары да жойылады. Автоклавтаумен технологиялық сипаттамасы бойынша жоғары температураға төзе алатын құралдар мен құрылғыларды ғана (магнитті экстракторларды, фогрцептер мен автоклавтауға арналған сабы бар басқа да құрылғыларды) өңдеуге болады. Автоклавтауға болатын құрылғылардың арнайы таңбалары және максималды рұқсат етілген температура индикациясы болады. Құрамында резеңке және полимерлі бөлшектері көп фиброэндоскоптар автоклавтаумен стерильдеу үшін жарамсыз болады.
Ультрадыбысты стерильдеу. Құрылғылар мен қосымша эндоскопиялық құралдарды өңдеудің аса тиімді әдісі. Микрокавитация көмегімен ультрадыбысты стерильдеу кезінде 10-40 секунд ішінде форцепттерді, диатермиялық ілмектерді, сыртқы кірден, қаннан, қатып қалған тіндердің фрагменттерінен қорғайтын коагуляторларды тазалап қана қоймай, стерилділікке қол жеткізуге болады. Бұл әдіс, әсіресе, ұзақ болатын эндоскопиялық операциялар (полипэкгомия, папиллосфинктеротомия және т.б.) кезінде жиі қолданылатын құралдарды тез тазарту және стерильдеу үшін қолдануда тиімді. Ультрадыбыспен өңдеген кезде фиброэндоскоптар резонансты тербелістердің әсерінен бұзылады, сондықтан бұл әдісті күрделі және мұқият пайдаланатын техника үшін қолдануға болмайды.
Салқын химиялық дезинфекциялау/стерильдеу/. Құралдарды, сонымен бірге фиброэндоскоптарды да өңдеудің бұл тәсілі қазіргі кезде кең таралған. Бұл өңдеудің салыстырмалы қарапайымдылығына, экспозиция уақытының аздығына (дезинфекциялауды жүргізу үшін 10-20 минут және стерильдеу үшін 10 сағат), әдістің қол жетімділігіне байланысты. Өңдеуді бактериостатикалық және бактерицидті сұйықтықтардың ерітінділеріне эндоскоптарды (аппараттың техникалық ерекшелігіне байланысты) жекелеп немесе тұтастай салу арқылы жүргізіледі. Белсенді зат ретінде көбінесе глютаральдегидтің немесе калий персульфаты ерітіндісінің катионды үстіңгі-белсенді заттармен және органикалық емес буферлі жүйелермен араластырылған қоспасы жиі қолданылады. Дезинфекциялық препараттарды дезактивациялау үшін 70%-ды этанол ерітіндісі пайдаланылады. Химиялық ерітінділермен, газ тәріздес этилен тотығымен салыстырғанда, сутек асқын тотығының төмен температурадағы плазмасымен стерильдеу циклінің ұзақтығы анағұрлым қысқа (шамамен 1 сағат), ал әдістің өзі қызметкерлерге және қоршаған орта үшін қауіпсіз болады.
Эндоскоптарды стерильдеу алгоритмі
– Стерильдеу үшін эндоскоптарды ерітіндіге салу.
– Стерильдеуге қажетті экспозицияны белгілеу.
– Эндоскопты ыдысқа салып, каналдарды стерилденген сумен жуу.
– Эндоскопты кептіру.
– Эндоскоптарды стерилденген бөзден жасалған қапқа салу.
6) Сақтау.
Жоғары деңгейдегі дезинфекциялық немесе стерильдеу аяқталған соң эндоскоптар эндоскопиялық жұмыстар жүргізу үшін бірден қолданылуы мүмкін. Егер мұндай қажеттілік болмаса, онда олар стерилденген мата тыстарда тік ілінген күйінде ілгіштерде немесе арнайы жасалған желдетілетін шкафтарда сақталады. Осындай күйде сақталу эндоскоп каналдарында ылғалдың жиналуына, микроорганизмдердің дамуына мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ, эндоскоптарды сақтау үшін екі қабатты стерилденген жаймаларға немесе стерилденген жаймалар төселген бикстерге орауға болады. Мұндай күйде олар 3 тәулік ішінде сақталынады. Эндоскоптың жұмыс бөлігіне зақым келтіре алатын қатты бұралып, иілу мүмкіндігі болатындықтан, биксте немесе сөреде жиналған күйде сақтамаған жөн. Қайта ластануы мүмкін болғандықтан, эндоскопты тасымалдауға арналған чемоданда сақтамаған дұрыс. Сақтау кезінде алмалы-салмалы элементтер біріктірілмей, жеке сақталады. Ұзақ (3 тәуліктен астам) сақтаудан кейін эндоскопты қолданбас бұрын қайта өңдеу қажет (жоғары деңгейдегі дезинфекция немесе стерильдеу).
Эндоскоптарды өңдеу жұмыстары аяқталғаннан кейін рұқсат етілген арнайы жуу-дезинфекциялау құралын пайдалану арқылы үй-жайды тазалау, соңынан желдету, қызметкерлер қол жуу гигиенасын сақтауы қажет.
7) Эндоскоптарды соңғы/стерильдеу алдындағы тазарту сапасын бақылау.
Өзін өзі бақылау медициналық ұйымдарда аптасына 1 рет жүргізіледі және журналға тіркеу арқылы бөлімшенің аға мейірбикесі ұйымдастырады. Ақырғы стерильдеу алдындағы тазартудың сапасын бақылау үшін қанның қалдық санының бар болуына азопирамды сынаманы, жуғыш заттардың сілтілі компоненттерінің қалдық санының бар болуына фенолфтолеинді сынаманы қолданады.
Тазалау сапасына аспапты канал мен жұмыс бөлігінің иілгіш сыртқы беті тексеріледі. Жұмыс бөлігінің иілгіш сыртқы беті азопирам ерітіндісіне малынған дәке майлықпен сүртіледі. Аспапты каналдың «кіру» және «шығу» саңылауларына аздаған тереңдікте реактивке батырылған мақта таяқшаларын енгізеді және каналда 1 минут қалдырып, содан кейін шығарып алады.
Қатты эндоскоптар мен функционалды каналдары болмайтын құралдардың тазалануы жұмыс бөлігін реактивке батырылған дәке майлығымен сүрту немесе тамшуырдың көмегімен реактивтің 3-4 тамшысын тамызу арқылы тексеріледі.
Функционалдық каналдары болатын құралдарды тазалау сапасы реактив бар түтікке құралдың жұмыс бөлігін салу, каналға шприц көмегімен 0.5-1,0 мл реактивті енгізу және оны дәке майлығына немесе мақта тампонына түсіру арқылы тексеріледі.
Қанға немесе жуғыш заттардың сілтілі компоненттерінің қалдық санына реактивті оң сынама болған жағдайда бақылаудағы бұйымдар теріс нәтиже алғанға дейін қайта өңделеді.
8) Жоғары деңгейдегі дезинфекция және эндоскоптарды стерильдеу сапасын бақылау.
Бақылауды айына 1 рет ЕПҰ-ның бактериологиялық зертханасы жүргізеді. Мұндай зертханалар болмаған жағдайда бақылау осындай зерттеу түрлеріне аккредиттелген кез келген зертханалармен жүзеге асырылуы мүмкін. Бір уақытта жоғары деңгейде дезинфекциялық жүргізілген немесе бір әдіспен стерилденген эндоскоптардың 1% -ы (бірақ әр түрдегі 1 эндоскоп) бақылауға жатады.
Жоғары деңгейдегі дезинфекция және химиялық әдіспен (ерітінділермен немесе газды әдіспен) стерильдеу сапасы құралдарды жуған соң немесе бейтараптандыру аяқталғаннан кейін бақыланады.
Жоғары деңгейдегі дезинфекция мен аспаптарды стерильдеу сапасын бақылау үшін сынама алуды асептика ережелерін сақтай отырып, шайынды алу әдісімен жүргізеді. Ішкі каналдары бар құралдарды жұмыс бөлігі жағымен стерилді суы немесе изотонды ерітінді бар түтікке салады және стерилденген шприцтің көмегімен каналды 4-5 рет стерилденген ерітіндімен жуады.
Шайындыларды эндоскоптардың және аспаптардың сыртқы жұмыс беттерінен 0.9%-ды натрий хлориді ерітіндісіне немесе стерилді суға малынған стерилденген дәке майлықтармен алады. Әр майлықты қоректік орта бар жеке түтікке салады.
Жоғары деңгейдегі дезинфекция және стерильдеу ішектік таяқша, алтын түстес стафилококк, көк ірінді таяқша топтарының бактериялары, Кандида тұқымдас саңырауқұлақтары мен басқа да шартты-патогенді және патогенді микроорганизмдер болмаған жағдайда тиімді деп саналады.
Микроорганизмдер болған жағдайда жоғары деңгейдегі дезинфекция мен стерильдеу қанағаттанарлықсыз деп саналады және дезинфекция мен стерильдеу қайталанады.
Микрофлораға сынамаларды мынадай жерлерден алған орынды:
- эндоскоптың кіргізілетін бөлігі
- биопсиялы қысқаштар, басқа да құралдар
- ерін тіреуш
- сору клапаны, «су-ауа»
- биопсиялы канал
- эндоскоптың оптикалы бөлімі
- стерильдеу және ЖДД-дан кейін жууға арналған ыдыс
- кішкентай жұмыс үстелі
- сулағыш ерітінділерге арналған ыдыс
- медициналық қызметкерлердің қолғаптары
- стерилденген жаймалар. Халаттар. Майлықтар
- антисептикалық өңдеуден кейінг
Этиль спиртінде формальдегид ерітіндісін дайындау.