Дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 14:46, реферат

Описание

«Дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) ағымдық дезинфекция – науқас ауру ошағында болған кезде әрбір нозологиялық түрге белгіленген жиілікпен жүргізілетін дезинфекция;
2) шыбын-шіркей – ашық табиғатта және елдімекендерде адамды шағатын және оның қанын соратын қансорғыш жәндіктердің – масалардың, соналардың, майда шыбындардың, есекқұрттардың, бәкене шыбындардың бірнеше түрлерін қамтитын жиынтық ұғым;

Работа состоит из  1 файл

pravila_kaz_0.doc

— 482.00 Кб (Скачать документ)

1) жаппай дератизациялау  – елдімекеннің шегінде ашық  тіршілік ету орындарын қоса  алғанда, барлық елдімекеннің  аумағында жылына 2 реттен сиретпей жүргізіледі;

2) ошақтық дератизациялау – инфекциялық аурулардың ошағындағы және оған іргелес аумақтағы дератизациялау. Таралуына жәндіктер қатысатын инфекциялық аурулар тіркелген кезде жүргізіледі;

3) іріктеп дератизациялау  – жекелеген учаскелерде немесе құрылыстарда, негізінен эпидемиялық маңызы бар объектілерде: ет- және балық комбинаттарында, тоңазытқыштарда, элеваторларда, азық-түлік қоймаларында, емдеу және балалар мекемелерінде, мал шаруашылығы фермаларында кеміргіштерді жою қажет болған жағдайда жүргізіледі.

114. Дератизациялауды улы жем шашу, тозаңдату, газ жіберу әдістерімен физикалық, механикалық, химиялық тәсілдер арқылы жүргізеді. Дератизациялау тәсілі мен әдісін таңдау өңделетін объектінің ерекшеліктерімен, нысаналы кеміргіштердің экологиясымен, дератизациялау құралдарының қасиеттерімен айқындалады.

115. Медициналық және балалар ұйымдарындағы құрылыстар мен аумақтардың, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілерінің, азық-түлік сататын орындарының барлық аудаңдары кеміргіштердің болуына тоқсан сайын бір рет тексеріледі.

116. Профилакткиалық дератизациялау жұмыстарының тиімділігін қамтамасыз ету үшін өңдеулердің белгілі бір жиілігін сақтау көзделеді. Егер пайдалынатын препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықта өзгесі ұсынылмаса, онда үй-жайларды дератизациялау 2-3 айда 1 рет, аумақты дератизациялау – жылына 4-6 рет жүргізіледі. Үй-жайларда кеміргіштер ұзақ уақыт болмаған кезде өңдеу жүргізілмейді, ал аумақты өңдеу саны екі есе қысқартылады.

117. Азық-түлік саудасы, қоғамдық тамақтану объектілерінде, көкөніс қоймаларында, қоймаларда, тұрғын үй-жайларда және аула ішіндегі құрылыстарда уланған қармақжем дератизациялау құралдарын қолдану жөніндегі нұсқаулықта көзделген қолдану режиміне сәйкес шашылады; балаларға қолжетімді балалар ұйымдарының үй-жайларында улы қармақжемді шашуға жол берілмейді, ал кеміргіштерді жою механикалық әдістермен жүргізіледі.

118. Дератизациялау құралдарының сыртқы пішінінің тамақ өнімдерінен, мал жемінен, үй заттарынан, дәрілік препаратттардан айырмашылығы болуы тиіс. Қармақжемдердің тағамдық негізі ретінде адамдар қызығатындай ұнтақталмаған күнбағыс дәнін және басқа да өнімдерді пайдалануға тыйым салынады. Қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін кеміргіштерге арналған родентицидті қармақжемді ашық түске бояу қажет.

119. Ашық аумақтарда улы қармақжемдер тек жасырын шашылады және балаларға, үй жануарлары мен құстарға қолжетімді болмауы тиіс.

120. Қармақжемдерді дайындау жұмыстары арнайы қоспаларды қолдана отырып, барынша механикаландырылуы тиіс, улы қармақжемдерді дайындау және өлшеп-орау жұмыстары сорып-шығаратын жүйені қолдану және нақты дератизациялау құралдарына арналған нұсқаулықтарда көрсетілген қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізіледі.

121. Қармақжемдерді дайындайтын жұмыс үй-жаларында ауада родентицидтің әсер ететін заттары болуына мерзімдік бақылау жүргізіледі.

122. Ыдысқа салынбаған тамақ өнімдері бар үй-жайларда сусымалы (соның ішінде дәнді) улы қармақжемдерді қолдануға және дуст түріндегі дератизациялау құралдарын пайдалануға тыйым салынады.

123. Дератизациялау аяқталғаннан кейін адамдар үнемі болатын үй-жайларда уы бар қармақжемнің барлық қалдықтары кәдеге жарату мақсатында жиналуы тиіс. Балалардың және үй жануарларының қолжетімсіз орындарында қармақжем қорғалатын объектіде кеміргіштердің орналасуын болдырмау үшін қалдырылады.

124. Дератизацияның тиімділігіне мыналар арқылы қол жеткізіледі:

1) кеміргіштер кездесетін барлық үй-жайларды жаппай өңдеу жүргізу үшін объектіде санитариялық күнді белгілеу;

2) қармақжемді қолдану  жөніндегі нұсқаулықта көзделген  қармақжемді шашу технологиясын  сақтау;

3) қойма үй-жайларында  дератизациялауды жүргізетін адамдар  үшін ені кемінде 70 см қабырғалар бойымен өтетін құрылғылар арқылы, қабырғаларға, бұрыштарға және техникалық жүйелерге тұрақты түрде кедергісіз жетуді қамтамасыз ету;

4) әртүрлі материалдарды  сақтайтын барлық орындарда еденнен  15 см биіктікте тұратын стеллаждармен жабдықтау;

5) азық-түлікті және  су қорын оларға кеміргіштердің  кіру мүмкіндігін барынша қиындататын  жағдайда сақтау;

6) профилактикалық өңдеу  жүргізу үшін оларды тиеуге  дейін дератизациялауды жүргізетін  адамдардың барлық үй-жайларға  кедергісіз кіруін қамтамасыз ету;

7) ғимараттар мен үй-жайларға  кеміргіштерді кіргізбеу ережелерін  сақтау;

8) барлық үй-жайлар  мен оларға іргелес аумақты  үнемі тазалау және белгіленген  мерзімде қоқысты шығару.

125. Елдімекенде жаппай дератизациялау жүргізген кезде бұл туралы оның тұрғындары міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралы арқылы хабарланады.

126. Елдімекенді немесе оның бір бөлігін нөмірленетін учаскелерге бөледі және сызбалы картаға түсіреді. Учаскенің көлемін жұмыс көлеміне қарай айқындайды. Әр учаске нақты дератизаторға бекітіледі.

127. Кеміргіштер мекендейтін құрылыстарды дератизатор айына екі рет немесе нақты жағдайларға байланысты одан да жиі аралайды. Дератизациялау тиімділігі артуына байланысты дератизатордың кеміргіштерден таза құрылыстарды тексеру жиілігі азаяды.

128. Кеміргіштермен байланысты инфекциялық аурулар пайда болған кезде жоғарыда аталған шараларды жүзеге асырудан бөлек шұғыл профилактиканың типі бойынша дератизациялау іс-шаралары жүргізеді: аттрактант ретінде құрамында өсімдік майы бар улы қоректік қармақжемде қатты әсер ететін ратицидтерді қолданады.

129. Синантропты кеміргіштерге қарсы күрестің неғұрлым тиімді әдістемесінің негізгі қағидаты кеміргіштердің барлық мекендейтін жерінде оларға қарсы күрес құралдарын қолдану және олардың әсерінің үздіксіздігі болып табылады.

130. Күресудің негізгі құралы ретінде антикоагулянттары бар ұзақ сақталатын қармақжемдерді қолдану, ал қатты әсер ететін улар қосылған қармақжемдерді кеміргіштер санының күзде шегіне жетуі және көктемде көбеюі кезінде жылына екі рет, сондай-ақ эпидкөрсеткіштер бойынша қолдану қажет.

131. Қыспаларды, қақпандарды, тоспа ауларды және басқа да тұзақтарды дератизациялаудың қосымша әдісі ретінде жекелеген объектілерде қолдануды ұсынады.

132. Кеміргіштердің індерін және жүретін жолдарын тозаңдауға арналған уларды аз мөлшерде қолдану керек, себебі бұл әдіс қоршаған ортаның пестицидтермен қатты ластануына әкеп соқтырады және өңдеу жүргізілген үй-жайда үнемі болатын адамдар үшін жүргізілетін жұмыстардың қауіптілігін арттырады.

133. Кеміргіштерге қарсы қолданылатын бактериалды препараттар елдімекендерде аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органының рұқсаты бойынша ғана қолданылады.

134. Кеміргіштер оңай кіретін және қайтадан мекен ететін құрылыстарын жүйелі түрде өңдеу кезінде антикоагулянттар қосылған құрғақ қармақжемдерді қолдануға ерекше назар аударылады. Мұндай объектілерде құрғақ қармақжемдер үнемі болады.

135. Сапалы дератизация жүргізудің маңызды шарты улы қармақжемдерге кеміргіштерді қызықтыратын түрлі азық-түлік өнімдерін: ұнды, дәнді, жарманы, қантты, өсімдік майын; сирек жағдайда нанды, көкөністі, ет пен балық қалдықтарын пайдалану болып табылады.

136. Дератизациялау іс-шараларының барысын бақылауды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының мамандары жүзеге асырады.

137. Дератизациялау сапасының көрсеткіші дератизация жүргізгеннен кейін 15-45 күннен соң (қолданылған құралдарға байланысты) жүргізілетін аулау құралын қолдана отырып, кеміргіштердің санын есепке алу болып табылады. Қамтуға өңделген оъектінің 1-5%-ы жатқызылады.

138. Елдімекендердегі дератизациялау кеміргіштердің кемінде 80 %-ы қырылған кезде тиімді болып танылады.

 

__________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Дезинфекция, дезинсекция және

дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына

1-қосымша

 

Дезинфекция құралдарының ингаляциялық қауіптілік деңгейлерін классификациялау

1-кесте

Қауіптілік класы

Уыттың қатты әсер ету аймағы: қатты әсер ету деңгейінің шығын нормасына қатынасы

 

     Қолданылуға  ұсынылатын шарттар

1класы - Өте қауіпті

1-ден кем

  Төтенше жағдайларда  (эпидемиологиялық көрсеткіштер  бойынша) арнаулы киімдерде және  газқағарлар қолдану                                                                                                                                                                                                                                                                                          

2 класы –қауіпті жоғары

1-3

ЕАМ-де тыныс алу мүшелерін, көзді, теріні қорғайтын құралдармен  және науқастар болмаған кезде газқағарлар  қолдану 

3 класы - қауіптілігі орташа

3,1-10

ЕАМ-де тыныс алу мүшелерін  және көзді қорғайтын құралдарсыз, бірақ науқастар мен пациенттер болмаған кезде қолдану

4 класы -қауіптілігі аз

10-нан артық                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

Науқастар, пациент болған кезде және тұрмыста қолдану 


 

 

Дезинсекция құралдарының қауіптілігін классификациялау

2-кесте

Қауіптілік сыныбы

Биоцидті әсер ету аймағы

Дезинфекциялауда препараттарды қолдану мүмкіндігі және саласы туралы қорытынды

күшті

аздап күшті

шығын нормасы

шығын нормасы

1 класы - Өте қауіпті

< 10

< 1

Қолдану ұсынылмайды

2 класы - Қауіптілігі жоғары

10-30

1-5

СИЗ-бен және регламенттелген  жағдайларда (құрал шығыны, желдету және ылғалды тазалау)  кәсіби контингент қана қолдануға ұсынылады.

Балаларға арналған мекемелерде, ЕАМ-де және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында қолдануға рұқсат етілмейді

3 класы - Орташа қауіпті

31-100

5,1-10

Регламенттелген  жағдайларда (құрал шығыны, желдету режимі және тазалау) кез келген бөлмелерде кәсіби контингенттің және халықтың тұрмыста қолдануына болады

4 класы - Қауіптілігі аз

> 100

> 10

Кез келген салада кәсіби контингент сияқты халықтың да қолдануына болады


 

 

Родентицидтердің (ДВ және олардың препаративті формаларының) қауіптілік классификациясы

 

3-кесте

Лимиттеуші әсерлер

Көрсеткіштері

Қауіптілік сыныптары

1. Өте қауіпті

2.Қауіптілігі жоғары

3.Қауіптілігі орташа

4.Қауіпті-лігі аз

«А»

«Б»

Күшті уландырғыштық (ықтимал қауіпті жолдарға арналған)

ЛД50 асқазанда, мг/кг

< 2

2,1-14

15-150

151-5000

>5000

ТL50. d cen

< 1

>1

>1

>1

>1

Антитод

-

+

+

+

+

ЛД50 теріде, мг/кг

< 100

100-500

501-2500

>2500

ЛС50 ингадяциялы, мг/кг

< 500

500-5000

5001-50000

>50000

С20 (ұшпалылық дәрежесі бойынша)  фумиганттар үшін

қайтыс болу мүмкіндігі бар қатты улану,

Күшті әсер ету  шегінен асқан улану

Күшті әсер ету  шегінің деңгейіндегі улану

Улану болмайды

Таңдамалы уландырғыштық (ТУ)

ЛД50  жануарлардың арнайы емес түріне арналған (мысық, ит, шошқа, тауық)

ЛД50  жануарлардың арнайы  түріне (кеміргіштерге) арналған

< 3

3,1-2

9,1-37

>27

Кумулятивті әсер (кум)

ЛД50ⁿ

Ккум= ЛД50¹

< 1

1-3

3,5-5

>5

Тұрақтылық (топырақ)

Улы емес компоненттерге ыдырау уақыты (Т1/2), ай

>12

6 -12

1-6,1

< 1

Информация о работе Дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар