Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 14:46, реферат
«Дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) ағымдық дезинфекция – науқас ауру ошағында болған кезде әрбір нозологиялық түрге белгіленген жиілікпен жүргізілетін дезинфекция;
2) шыбын-шіркей – ашық табиғатта және елдімекендерде адамды шағатын және оның қанын соратын қансорғыш жәндіктердің – масалардың, соналардың, майда шыбындардың, есекқұрттардың, бәкене шыбындардың бірнеше түрлерін қамтитын жиынтық ұғым;
1) адамдар болмаған кезде
2) қорытынды тип бойынша
3) қорытынды дезинфекциялау
4) микробтарға қарсы сүзгілерді қолдану.
25. Пациентті стационардан шығарғаннан кейін төсек-орын жабдығына камералық дезинфекциялау жүргізіледі.
26. Дезинфекциялау сапасын бактериологиялық бақылауды, стерильдеуді, биологиялық тесттерді дайындауды санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы жүзеге асырады.
27. Медициналық ұйымдарда зертханалық әдістерді қолдана отырып, дезинфекциялаудың сапасын бақылау босандыру және балалар ұйымдарында - жылына 3 рет, хирургиялық стационарларда – қоршаған орта объектілерінен шайындылар алу, стерилдікке тексеру үшін материал алу арқылы - жылына 2 рет, басқа да медициналық мекемелерде (амбулаториялық-емханалық мекемелерде, диспансерлерде) - жылына 1 рет жүргізілуі тиіс. Балаларға арналған ұйымдарда (сәбилер үйлерінде, жетімдер үйлерінде, бала-бақшалар) бақылау көрсетілген объектілерді мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын бөлімдермен бірлесіп жылына 2 рет жүргізілуі тиіс.
3. Медициналық
мақсаттағы бұйымдарды стерильд
28. Медициналық жабдық пен медициналық мақсаттағы бұйымдар (бұдан әрі – ММБ) адамның организмімен жанасу дәрежесіне және пациенттің жұқтыру қаупіне қарай үш топқа бөлінеді:
1) сындарлы ММБ – адамның тіндерімен, ағза қуыстарымен немесе қан жүретін жолдармен тікелей жанасатын аспаптар мен жабдық;
2) жартылай сындарлы ММБ – зақымданбаған сілемейлі қабықтармен жанасатын аспаптар мен жабдық;
3) сындарлы емес ММБ – зақымданбаған тері жамылғымен жанасатын аспаптар, жабдық пен заттар.
Сындарлы ММБ міндетті стерильдеуге жатқызылады, жартылай сындарлы ММБ – жоғарғы және орта деңгейдегі дезинфекциялауға, сындарлы емес ММБ орта және төмен деңгейдегі дезинфекциялауға жатқызылады.
29. ММБ-ды дезинфекциялау және стерильдеу алдында өңдеу осы Санитариялық қағидаларға 4, 5-қосымшаларға сәйкес жүргізіледі.
30. Денсаулық сақтау ұйымдарында стерильді түрде шығарылатын тігіс материалы пайдаланылады. Тігіс материалын этиль спиртімен өңдеуге және сақтауға қатаң түрде тыйым салынады.
31. Наркозды-тыныс алу аппаратурасын пайдалануға дайындық кезінде аталған аппаратураны жарақтандыруға арналған арнайы бактериялы сүзгілерді пайдаланады. Сүзгілерді орнату және алмастыру нақты сүзгіні қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады. Ылғандандырғыш резервуарларды толтыру үшін стерильді дистилденген су пайдаланылады. Аппараттардың алмалы-салмалы бөлшектері тиісті материалдардан жасалған ММБ сияқты дезинфекцияланады.
32. Пациенттерге күтім жасау заттарын мынадай тәсілдермен дезинфекциялайды:
1) төсем клеенкалар, алжапқыштар,
полимерлі үлдірден және
2) оттекті бетперделер, оттекті
жастықтардың ұштар, электр/
3) пациенттерге күтім
жасау (оларға белгі
33. ММБ-ны стерильдеу ыстық-ауа стерилизаторларында, автоклавтарда, спороцидті әсер ететін стерильдеу құралдарының ерітінділеріне салып өңдеу (жоғары деңгейдегі дезинфекция) жолымен осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
34. ММБ-ны стерильдеу сапасын бақылау осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
35. ММБ-ны дезинфекциялау, стерильдеу алдында тазарту және химиялық заттардың ерітінділерімен стерильдеу кезінде оларды каналдары мен қуыстарын толтырып, дезқұралдардың жұмыс ерітіндісіне (бұдан әрі – «ерітіндіге») салады. Алмалы-салмалы бұйымдар бұйымдарды бөлшектелген түрінде салады, құлпы бар құрал-саймандарды олармен ерітіндіде бірнеше жұмыс әрекетін жасап, ашық түрінде салады.
36. Өңдеу жүргізуге арналған ыдыстың көлемі және оның ішіндегі ерітіндінің мөлшері ММБ толық батырылуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы тиіс, бұл ретте ерітіндінің көлемі бұйымдардан кемінде бір сантиметрге жоғары болуы тиіс.
37. Сүрту тәсілімен дезинфекциялауға пациентпен тікелей жанаспайтын немесе конструкциялық ерекшеліктері ерітіндіге салу тәсілін қолдануға мүмкіндік бермейтін ММБ үшін қолдануға жол беріледі.
38. Көп рет қолданылатын ММБ-ны дезинфекциялағаннан кейін оны қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік ұсынымдар) сәйкес дезинфекциялау құралдарының қалдықтарынан тазартылады.
39. Стерильдеу алдында тазарту сапасын бақылау күн сайын жүргізіледі. Бақылауға: стерильдеу бөлмесінде – бір ауысымда өңделген бұйымдардың әрбір атауының 1%-ы; орталықтандырылмаған өңдеу кезінде - әрбір атаудың бір уақытта өңделген, алайда кемінде үш бірліктің 1%-ы жатады. Бақылау нәтижелері журналда тіркеледі.
40. Жараның бетімен, қанмен (пациенттің организміндегі немесе оған енгізілетін) және/немесе инъекциялық препараттармен жанасатын барлық ММБ, сондай-ақ пайдалану процесінде сілемейлі қабықшаға тиетін және оны зақымдауы мүмкін медициналық құрал-саймандардың жекелеген түрлері стерильдеуге жатқызылады.
41. Бу әдісімен жалпы хирургиялық және арнайы құрал-саймандарды, құралдардың, тоттануға берік металл аппараттардың бөлшектерін, әйнекті, киім-кешекті, таңу материалын, резеңкеден, латекстен және жекелеген пластмасса түрлерінен жасалған бұйымдарды стерильдейді.
42. Ауа әдісімен хирургиялық, гинекологиялық, стоматологиялық құрал-саймандарды, аспаптар мен аппараттардың, оның ішінде тоттануға берік емес металлдардан жасалған бөлшектерін, силиконды резеңкеден жасалған бұйымдарды стерильдейді. Ауа әдісімен стерильдеу алдында бұйымдарды стерильдеу алдындағы тазартудан кейін кептіретін шкафта 85 °С температурада толық кептіреді. Ауа әдісімен стерильдеу үшін кептіретін шкафтарды (ШСС түрін) қолдануға тыйым салынады.
43. Химиялық құралдардың ерітінділерін қолдану арқылы химиялық стерильдеу әдісі басқа стерильдеу әдістерін пайдаланбайтын, термолабильді материалдарды қолданатын құрылымдағы бұйымдарды стерильдеу үшін қолданылады.
Жұмыс ерітінділерінің араласпауы үшін оларға салынатын ММБ құрғақ болуы тиіс.
Химиялық құралдардың
44. Газ әдісімен стерилизациялау құралы ретінде этилен тотығын, формальдегидті, озонды пайдалана отырып, әртүрлі, оның ішінде термолабильді материалдардан жасалған бұйымдарды стерилдейді. Стерильдеу алдында газды әдіспен стерильдеу алдындағы тазартудан кейін тазаланған бұйымдардағы ылғалды құрғатады. Стерильдеу бұйымдардың нақты топтарын стерильдеу арналған құралдарды қолдану режимдеріне сәйкес, сондай-ақ стерилизаторларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылады.
45. Плазмалық стерилизаторларда сутегі тотығы негізінде стерильдеу құралдарын қолданып, плазмалық әдіспен хирургиялық, эндоскопиялық құрал-саймандарды, эндоскоптарды, оптикалық құрылғылар мен құрал-жабдықтарды, талшықты жарық өткізгіш кабельдерді, зондтар мен датчиктерді, электр сымдары мен кабельдерді және металлдардан, латекстен, пластмассадан, әйнек және кремнийден жасалған бұйымдарды стерилдейді.
46. Стоматологиялық ұйымдарда (кабинеттерде) бордың әр түрін және басқа да ұсақ құралдарды қыздырылған әйнек шарлардың ішіне толық салып стерилдейтін гласперленді стерилизаторларды қолдануға жол беріледі. Бұл әдісті қыздырылған әйнек шарлардың ішіне толық салынбайтын үлкен стоматологиялық құрал-саймандарды стерильдеу үшін пайдалану ұсынылмайды.
47. Металлдардан жасалған стоматологиялық құрал-саймандарды инфрақызыл әдіспен стерильдейді.
48. Бу, ауа, газды және плазмалы әдістерді қолдану кезінде қағаз, аралас және пластикті қаптама стерильдеу материалдарын, сондай-ақ пергамент пен бөзді (стерильдеу әдісіне байланысты) пайдалана отырып, бұйымдарды оралған күйінде стерильдейді. Қаптама материалдары бір рет пайдаланылады.
Бу әдісін қолданған кезде одан басқа, сүзгілері бар стерильдеу қораптарын пайдаланады.
Ауа және инфрақызыл әдістерді қолдану кезінде бұйымдарды қапталмаған күйде (ашық астаушаларда) стерильдеуге жол беріледі, содан кейін оларды дереу мақсаты бойынша пайдаланады.
49. Қапталған күйде стерилденген бұйымдарды сақтау шкафтарда, жұмыс үстелдерінде жүзеге асырылады. Сақтау мерзімі қаптамада көрсетіледі және оны пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қаптама материалының түрі бойынша айқындалады.
50. Қаптамаланбаған бұйымдарды стерильдеуге орталықтандырылмаған өңдеу жүйесі кезінде ғана мынадай жағдайларда жол беріледі:
1) ММБ-ны химиялық заттардың ерітінділерімен стерилдеу кезінде;
2) металлдан жасалған
құрал-саймандарды портативті
Қаптамаланбаған күйде стерилденген барлық бұйымдарды мақсаты бойынша дереу пайдаланған орынды. Оларды кабинеттен кабинетке тасымалдауға тыйым салынады.
51. Қажет болған жағдайда термикалық әдістердің бірімен қаптамаланбаған күйде стерильденген құрал-саймандарды стерильдеуден кейін жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген мерзім ішінде бактерицидті (ультракүлгін шамдармен жабдықталған) камераларда сақтауға, мұндай камералар болмаған жағдайда, стерилденген үстелде 6 сағаттан асырмай сақтауға жол беріледі.
52. Стерилденген қораптарда стерилденген ММБ-ны оларды ашқаннан кейін 6 сағаттан асырмай пайдалануға жол беріледі.
53. Ультракүлгін шамдармен жабдықталған бактерицидті камералар пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес олардың микроорганизмдермен екінші рет ластануын азайту үшін құрал-саймандарды сақтау мақсатында ғана қолданылады. Бұйымдарды дезинфекциялау немесе стерильдеу мақсатында мұндай жабдықты қолдануға мүлдем тыйым салынады.
54. Қаптамаланбаған күйде бұйымдарды ауа әдісімен стерильдеу кезінде ауа стерилизаторында стерилденген бұйымдарды сақтауға және стерилденгеннен кейін оларды келесі күні пайдалануға жол берілмейді.
55. Химиялық заттардың ерітінділерін қолдану арқылы химиялық әдіспен стерильдеу кезінде стерилді сумен шайылған, стерилденген бұйымдарды мақсаты бойынша бірден қолданады немесе стерилденген жайма төселген, сүзгісі бар стерилденген стерилді қорапқа 3 тәуліктен аспайтын мерзімге салып сақтайды.
56. Стерилденген үстелдің үстін жаю жұмыстарын стерилденген халатта, бетпердеде және қолғаптарда стерильденген жаймаларды пайдалана отырып жүргізеді. Стерилденген үстелді жаю күні мен уақытын міндетті түрде көрсетеді. Стерилденген үстелді 6 сағатқа жаяды. Стерильді үстелде осы уақыт ішінде пайдаланылмаған материалдар мен құрал-саймандарды қайта стерильдеуге жібереді.
57. Стерильдеуден кейін сақтау мерзімі аяқталған медициналық мақстаттағы стерилденген бұйымдарды пайдалануға жол берілмейді.
58. Стерильдеуді бақылау стерилизаторлардың жұмысын бақылауды, стерильдеу режимдерінің параметрлерінің мәндерін тексеруді және оның тиімділігін бағалауды қамтиды.
Стерилизаторлардың жұмысын
Стерильдеу тиімділігін ММБ стерилділігін бақылау кезінде бактериологиялық зерттеулердің нәтижелері негізінде бағалайды.
59. Стерилизаторлар оларды орнатқаннан (жөндегеннен) кейін, сондай-ақ пайдалану барысында өндірістік бақылау тәртібімен жылына екі реттен сиретпей бактериологиялық бақылауға жатады.
60. Стерилизаторларға техникалық қызмет көрсетуді, оларды кепілді және ағымдық жөндеуді сервистік қызметтердің мамандары жүзеге асырады.
61. Бу мен ауа стерилизаторларының жұмысын бақылау химиялық және биологиялық тесттерді, термохимиялық индикаторларды пайдална отырып, физикалық, химиялық және бактериологиялық әдістермен жүзеге асырылады.
62. Физикалық және химиялық әдістермен стерильдеу циклі үдерісінде бу және ауа стерилизаторларының жұмыс режимінің параметрлерін бақылау жүзеге асырылады, бактериологиялық әдіспен стерилизатор жұмысының тиімділігі бағаланады.
63. Стерилизаторлардың жұмысын бақылауды оларды әр толтырған кезде денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары жүргізеді.
64. Стерильдеу жабдығын өлшеу құралдары заңнамамен белгіленген тәртіпте тексеруге жақызылады.
65. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары стерилизаторлар жұмысының тиімділігіне іріктеп бақылауды жүзеге асырады.
66. Стерилизатордың температурасын бақылау кезінде тесттерді (химиялық тесттер, термохимиялық индикаторлар мен биологиялық тесттер) стерильдеу материалы бар қаптама қағаздан жасалған пакеттерге орайды және осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес стерилизатордың бақылау нүктелеріне салады.