Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері мен шектері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 14:57, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 79-бабында кәмелетке толмағандарға тағайындалатын мынадай жаза түрлері көрсетілген:
1) айыппұл;
2) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
3) қоғамдық жұмыстарға тарту;
4) түзеу жұмыстары;
5) қамау;
6) бас бостандығынан айыру.

Работа состоит из  1 файл

Лексия ИДН.docx

— 201.19 Кб (Скачать документ)

Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері мен шектері 
   

      Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 79-бабында кәмелетке толмағандарға тағайындалатын мынадай жаза түрлері көрсетілген:

1)    айыппұл;

2)    белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

3)    қоғамдық жұмыстарға тарту;

4)    түзеу жұмыстары;

5)    қамау;

6)    бас бостандығынан айыру.    

     Кәмелетке жасы толмағандардың өзіндік жалақысы мен мүлкінің көп жағдайда болмауынан оларға айыппұл мен мүлікті тәркілеуді қолдану мүмкіншіліктерінде шектеулер белгіленген.    

     Кәмелетке толмағандарға белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады. Бұл жазаның түрі кәмелетке жасы толмаған адам заңды негізде қызметтің қандайда бір түрімен айналыса жүріп қылмыстық әрекет жасаған ретте ғана тағайындалады.     

     Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қылмыстық заңда жазаның жаңа түрі болып табылады, ол қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады. Қоғамдық жұмыстарға тарту кәмелетке толмаған адамның қолынан келетін жұмысты, оқудан немесе негізгі жұмысынан бос уақытында орындауы арқылы жүзеге асырылады. 16 жасқа толмаған адамның бұл жаза түрін орындауының ұзақтығы күніне екі сағаттан, ал 16 жастан 18 жасқа дейінгі адамдар үшін күніне үш сағаттан аспауы керек. Бұл жағдайда кәмелетке толмағандар үшін қоғамдық жұмыстарға тартудың мерзімі ересектерге қарағанда біршама төмен екенін көреміз.    

     Заңда көрсетілген жазалардың ішінде түзеу жұмыстарын кәмелетке толмағандарға кеңінен қолдануға болмайды, түзеу жұмыстарын жасөспірімдерге қолдану мүмкіндігі ең алдымен еңбек заңына сәйкес жасы толмағандарды жұмысқа 16 жастан қабылдауға жіберіледі. Түзеу жұмыстары сот үкім шығарған кезде 16 жасқа жеткен кәмелетке толмай сотталған адамдарға бір жылға дейінгі мерзімге тағайындалады. Түзеу жұмыстарының мазмұны сонда-сотталған адам жазасын өзінің бұрынғы негізгі жұмыс орнында өтейді, бірақ оның жалақысының мемлекет кірісіне тиісті бір бөлігін ұстап тұрады.    

     Осы жағдайларды ескеріп кәмелетке толмағандарға түзеу жұмыстарын тағайындауда жасына, мерзіміне және қылмыстық жазадан босату мүмкіндігіне байланысты мына жайларды ескеру қажет:     

     1) түзеу жұмыстары тек белгілі бір өндіріс орнында жұмыс істейтін кәмелетке толмаған адамға ғана тағайындалуы;    

     2)  жасы толмағанның жалақысынан ұстау кезінде әртүрлі объективті және субъективті факторларды (отбасы, материалдық жағдайы, отбасы мүшелерінің мүгедектігі және т.б.) ескеру қажет.    

     Қамау жазасы да қылмыстық заңдағы жазаның жаңа түрі болып табылады. Қамаудың мәні-сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау, яғни мағынасы жағынан бас бостандығынан айыру жазасына жақын.    

     Қамау 16 жасқа толмағандарға мүлдем тағайындалмайды, ал 16-дан 18 жасқа дейінгілерге бір айдан төрт айға дейінгі мерзімге тағайындалады, қамаудың мерзімі бұл жерде ересектерге қарағанда біршама қысқартылған.

Жасы   кәмелетке  толмағандарға  бас  бостандығынан   айыру   жазасын қолданудың өз ерекшеліктері бар. Қылмыстық кодекстің 79-бабының 7-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмай сотталған адамды бас бостандығынан айыру 10-жылдан, ал жауаптылықты ауырлататын жағдайларда кісі өлтіргені үшін 12 жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін. 14 жастан-16 жасқа дейін кішігірім ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған адамға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны кәмелетке толмағандар жалпы режимдегі және күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларында өтейді (79-баптың 8-бөлігі).

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың  профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу  туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 Заңы 

 

 

 

 

Осы Заң  кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды.

1-тарау.  Жалпы ережелер

1-бап.  Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар     

 Осы  Заңда мынадай негiзгi ұғымдар  пайдаланылады: 
      1) қадағалаусыз қалу - кәмелетке толмағандардың құқық бұзуына ықпал ететiн, олардың мiнез-құлқы мен тұрмыс жағдайына тиiсiнше бақылаудың жоқтығымен сипатталатын әлеуметтiк құбылыс; 
      2) қадағалаусыз қалған бала - ата-анасының немесе олардың заңды өкiлдерiнiң, сондай-ақ педагогтардың, тәрбиешiлердiң және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi басқа да оқыту, тәрбиелеу және өзге де мекемелер қызметкерлерiнiң тарапынан оны тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы салдарынан, не оның үйден немесе бала құқығын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз еркімен кетуi салдарынан мінез-құлқына бақылау болмаған кәмелетке толмаған бала; 
      3) панасыз қалған бала - тұрғылықты жерi жоқ қадағалаусыз қалған бала; 
      4) өмiрде қиын жағдайға душар болған балалар - қалыптасқан жағдайлардың салдарынан тiршiлiк әрекетi бұзылған және осы жағдайларды өз бетiнше немесе отбасының көмегiмен жеңе алмайтын балалар; 
      5) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу (бұдан әрi кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы) - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердiң алдын алуға, оларға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған, кәмелетке толмағандармен, сондай-ақ оларды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөнiндегi мiндеттерiн орындамайтын не олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн ата-аналармен немесе басқа да заңды өкiлдермен жеке профилактикалық жұмыстарды қоса жүзеге асыратын құқықтық, педагогикалық, медициналық және өзге де шаралар жүйесі; 
      6) жеке профилактикалық жұмыс - мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, ұйымдардың, азаматтардың өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандар мен тұрмысы қолайсыз отбасыларын уақтылы анықтау, оларды әлеуметтiк оңалту және (немесе) олардың құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөнiндегi қызметi; 
      7) тұрмысы қолайсыз отбасы - кәмелетке толмағандардың ата-анасы немесе заңды өкiлдерi оларды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын және (немесе) олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн отбасы; 
      8) кәмелетке толмағанды тәрбиелеу - балаға қоғамда қалыптасқан және оның рухани, дене бiтiмi, имандылық, психикалық, мәдени, зияткерлiк дамуына және әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғауға бағытталған мiнез-құлық ережелерi мен нормаларын дарыту жөнiндегi ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң тарапынан оған әсер ететiн үздiксiз процесс; 
      9) кәмелетке толмағанды бағып-күту - кәмелетке толмағанның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң өз қаржылық мүмкiндiктерi мен қабiлеттерiнiң шегiнде оның салауатты дамуы, оның мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн және мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарын қорғау үшiн жағдай жасауы; 
      10) әлеуметтiк оңалту - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесiнiң органдары мен мекемелерi жүзеге асыратын өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды құқықтық, әлеуметтiк, дене бiтiмi, психикалық, педагогикалық, моральдық және (немесе) материалдық қалпына келтiруге бағытталған шаралар кешенi.       

2-бап.  Қазақстан Республикасының кәмелетке  толмағандар 
              арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз 
              және панасыз қалудың профилактикасы туралы 
              заңдары     

1. Қазақстан  Республикасының кәмелетке толмағандар  арасындағы құқық бұзушылықтардың,  қадағалаусыз және панасыз қалудың  профилактикасы туралы заңдары  Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.      

3-бап.  Кәмелетке толмағандар арасындағы  құқық 
              бұзушылықтардың, қадағалаусыз және 
              панасыз қалудың профилактикасы саласындағы 
              мемлекеттiк саясат     

1. Кәмелетке  толмағандар арасындағы құқық  бұзушылықтардың, қадағалаусыз және  панасыз қалудың профилактикасы  саласындағы мемлекеттiк саясат  құқықтық саясаттың бiр бөлiгi  болып табылады және ол кәмелетке  толмағандар үшiн құқықтық және әлеуметтiк кепiлдiктер жасау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалу профилактикасының жүйесiн құрайтын органдар мен мекемелердi материалдық-техникалық, қаржылық, ғылыми-әдiстемелiк және кадрлармен қамтамасыз етудi қамтиды. 
      2. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк саясат: 
      1) заңдылық; 
      2) кәмелетке толмағандарға iзгiлiкпен қарау; 
      3) отбасын қолдау; 
      4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы шараларын қолданудағы кешендiлiк; 
      5) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандармен жеке жұмыс жүргiзу; 
      6) құпиялылық; 
      7) ғылыми негiздiлiк; 
      8) жүйелiлiк принциптерi бойынша жүзеге асырылады. 
      3. Мемлекеттiк саясаттың мақсаты: 
      1) балалардың дене бiтiмi, зияткерлiк, рухани және имандылық дамуына, оларды патриоттыққа, азаматтыққа және бейбiтшiлiк сүйгiштiкке тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың қоғам мүдделерiмен, мемлекет халықтарының дәстүрлерiмен, ұлттық және әлемдiк мәдениеттiң жетiстiктерiмен ұштасқан жеке басын тәрбиелеуге ықпал ету; 
      2) кәмелетке толмағандардың құқықтық санасын және құқықтық мәдениетiн қалыптастыру жөнiндегi мақсатты жұмысты қамтамасыз ету; 
      3) кәмелетке толмағандармен жеке профилактикалық жұмыс жүргiзу үшiн құқықтық негiздердi қалыптастыру; 
      4) кәмелетке толмаған баланың ата-анасымен және басқа да заңды өкiлдерiмен өзара қарым-қатынас жасау; 
      5) балаларды оқыту, тәрбиелеу, емдеу, спорт және өзге де мекемелерінің тиісті дәрежеде жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 
      6) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi белгiлеу; 
      7) қызметi әлеуметтiк тапсырыстар беру және Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де шаралар арқылы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жөнiндегi шараларды жүзеге асырумен байланысты коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдау арқылы жүзеге асырылатын кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы болып табылады.      

4-бап.  Кәмелетке толмағандар арасындағы  құқық 
              бұзушылықтардың, қадағалаусыз және 
              панасыз қалудың профилактикасы саласындағы 
              мемлекеттiк органдардың негiзгi мiндеттерi      

 Кәмелетке  толмағандар арасындағы құқық  бұзушылықтардың, қадағалаусыз және  панасыз қалудың профилактикасы  саласындағы мемлекеттiк органдардың  негiзгi мiндеттерi: 
      1) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердiң алдын алып, олардың жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау және жою; 
      2) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету; 
      3) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды  әлеуметтiк оңалту; 
      4) кәмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мiнез-құлқын қалыптастыру; 
      5) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат iс-әрекеттер жасауға тарту фактiлерiн анықтап, жолын кесу; 
      6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу жөнiндегi мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру болып табылады.       

5-бап.  Кәмелетке толмағандар арасындағы  құқық 
              бұзушылықтардың, қадағалаусыз және 
              панасыз қалудың профилактикасы саласындағы 
              мемлекеттiк реттеу

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың  профилактикасы саласындағы мемлекеттiк  реттеудi Қазақстан Республикасының  Үкiметi, орталық атқарушы органдар, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асырады.      

6-бап.  Кәмелетке толмағандар арасындағы  құқық 
              бұзушылықтардың, қадағалаусыз және 
              панасыз қалу профилактикасының жүйесi      

1. Кәмелетке  толмағандар арасындағы құқық  бұзушылықтардың, қадағалаусыз және  панасыз қалу профилактикасының  жүйесiне iшкi iстер, бiлiм беру, денсаулық  сақтау, әдiлет органдары, халықты  жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк  саясаттың iске асырылуын үйлестiретiн  мемлекеттiк орган, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, кәмелетке  толмағандардың iсi және олардың  құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялар  және өз құзыретi шегiнде өзге  де мемлекеттiк органдар кiредi. 
      2. Iшкi iстер, бiлiм беру, денсаулық сақтау, әдiлет органдарында және жергiлiктi атқарушы органдарда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жөнiндегi жекелеген функцияларды жүзеге асыратын мекемелер құрылуы мүмкiн. 
      3. Өзге ұйымдар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз және панасыз қалу жағдайының профилактикасына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қатысады.

2-тарау.  Кәмелетке толмағандар арасындағы  құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз  және панасыз қалудың профилактикасы  саласындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің функциялары және өкілеттіктері

7-бап.  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  құзыретi     

 Қазақстан  Республикасының Үкiметi: 
      1) мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары мен оны жүзеге асыру жөнiндегi шараларды әзiрлейдi; 
      2) кәмелетке толмағандардың әлеуметтiк қорғалу жүйесiн айқындайды; 
      3) кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтау және қорғау, бала құқықтарын қорғау жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыратын ұйымдардың желiсiн дамыту жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және iске асырады; 
      4) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегi ведомствоаралық комиссияны құрады; 
      5) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, оларды әлеуметтiк оңалту жөнiндегi бағдарламаларды бекiтедi.       

8-бап.  Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың 
              құзыретi     

1. Жергiлiктi өкiлдi органдар өз құзыретi шегiнде: 
      1) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасына арналған жергiлiктi бюджеттердiң шығыс бөлiгiнiң атқарылуын, экономикалық және әлеуметтiк өңiрлiк даму бағдарламаларын бекiтедi және олардың iске асырылуын бақылайды; 
      2) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялардың құрамын бекiтедi; 
      3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 
      2. Жергiлiктi атқарушы органдар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы өз жұмысын жергiлiктi мемлекеттiк басқару деңгейлерiне сәйкес және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген құзыретi шегiнде ұйымдастырады. 
      3. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары: 
      1) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялардың дербес құрамын бекiту үшiн тиiстi мәслихаттарға ұсынады және олардың жұмысын ұйымдастырады; 
      2) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандардың және жайсыз отбасылардың өңiрлiк есебiн жүргiзедi; 
      3) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жұмысқа орналастыру және тұрмыстық жағдайын жасау, өзге де көмектер көрсету жөнiндегi шараларды қолданады; 
      4) қызметтерi кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, жасөспiрiмдердiң салауатты өмiр салтын насихаттау, құқықтық сауаттылығын арттыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға байланысты коммерциялық емес және өзге де ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдiстемелiк көмек көрсетедi; 
      5) кәмелетке толмағандар үшiн, оның iшiнде бала құқығын қорғау жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыратын ұйымдардың әлеуметтiк инфрақұрылымының қалыптасуын қамтамасыз етедi және олардың қызметтерiнiң мониторингiн жүргiзедi. 
      4. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары: 
      1) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялардың дербес құрамын бекiту үшiн тиiстi мәслихаттарға ұсынады және олардың жұмысын ұйымдастырады; 
      2) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандардың және тұрмысы қолайсыз отбасылардың дербес есебiн жүргiзедi; 
      3) кәмелетке толмағандарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылымның қалыптасуына жәрдемдеседi; 
      4) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жұмысқа орналастыру және оларға тұрмыстық жағдай жасау, өзге де көмек көрсету жөнiндегi шараларды қолданады; 
      5) қызметтерi кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, жасөспiрiмдердiң салауатты өмiр салтын насихаттау, құқықтық сауаттылығын арттыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға байланысты коммерциялық емес және өзге де ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдiстемелiк көмек көрсетедi.       

Информация о работе Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері мен шектері