Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 14:57, реферат
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 79-бабында кәмелетке толмағандарға тағайындалатын мынадай жаза түрлері көрсетілген:
1) айыппұл;
2) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
3) қоғамдық жұмыстарға тарту;
4) түзеу жұмыстары;
5) қамау;
6) бас бостандығынан айыру.
9-бап.
Кәмелетке толмағандардың iсi және
олардың
құқықтарын қорғау жөнiндегі комиссиялар
1. Кәмелетке
толмағандардың iсi және олардың
құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия
кәмелетке толмағандар
2. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың
құқықтарын қорғау жөнiндегi ведомствоаралық
комиссия - Қазақстан Республикасының
Үкiметi жанынан, ал облыстық, қалалық,
аудандық - қалада, аудандық комиссиялар
тиiстi жергiлiктi атқарушы орган (әкiмдiк)
жанынан құрылады.
3. Қажет болған жағдайда кәмелетке толмағандардың
iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi
комиссия аудан орталығынан едәуiр қашықтықта
орналасқан кент, ауыл (село), ауылдық (селолық)
округ әкiмi жанынан құрылуы мүмкiн. Кент,
ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi
жанындағы кәмелетке толмағандардың iсi
және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi
комиссияның аудандық комиссияның құқықтары
мен мiндеттерi болады. Кәмелетке толмағандардың
iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi
кенттiк, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық)
округтiк комиссияны құру туралы шешiмдi
облыс әкiмдiгi қабылдайды, ал оның дербес
құрамын тиiстi ауданның мәслихаты бекiтедi.
4. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың
құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның
құрамына төраға, төрағаның орынбасары,
комиссия мүшелерi және жауапты хатшы
кiредi. Төраға мен жауапты хатшы тиiстi
мемлекеттiк органдар аппараттарында
штаттық лауазымды атқарады. Кәмелетке
толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi
кенттiк, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық)
округтiк комиссия төрағасының функцияларын
тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әкiмi
атқарады.
5. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың
құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның
құрамына тиiстi мәслихаттардың депутаттары,
iшкi iстер, бiлiм беру, мәдениет, денсаулық
сақтау, әдiлет органдарының, жұмыспен
қамту, қамқоршылық пен қорғаншылық мәселелерi
жөнiндегi уәкiлеттi органның, кәмелетке
толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасына
мүдделi қоғамдық және өзге де ұйымдардың
өкілдері кіреді.
6. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың
құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялар
өз құзыретi шегiнде:
1) кәмелетке толмағандардың құқықтары
мен заңды мүдделерiн қорғау және қалпына
келтiру, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз,
панасыз қалуына, құқық бұзушылықтар мен
қоғамға жат iс-әрекеттер жасауына ықпал
ететiн себептер мен жағдайларды анықтау
және жою жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
2) мемлекеттiк органдардың кәмелетке
толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға
жат iс-әрекеттердiң профилактикасы жөнiндегi
қызметiн жетілдiруге, оларды әлеуметтік
оңалтуға бағытталған бағдарламалар мен
әдiстемелердi әзiрлейдi;
3) бала құқығын қорғау жөнiндегі мiндеттердi
жүзеге асыратын ұйымдардағы кәмелетке
толмағандарды тәрбиелеу, әкету, бағып-күту
жағдайларын бақылауды қамтамасыз етуге
қатысады;
4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз
қалудың жай-күйiн зерделейдi және осы
салада әлеуметтiк зерттеулер жүргiзудi
ұйымдастырады;
5) бала құқығын қорғау жөнiндегi мiндеттердi
жүзеге асыратын ұйымдар желiсiнiң дамуына
жәрдемдеседi және олардың қызметiнiң мониторингiн
қамтамасыз етедi;
6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз
қалудың профилактикасымен айналысатын
органдар мен ұйымдардың оң тәжiрибесiн
жинақтап, таратады және оларға әдiстемелiк
және практикалық көмек көрсетедi;
7) мүдделi мемлекеттiк органдар басшыларының
кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз
қалудың профилактикасы, олардың құқықтарын
қорғау бойынша жүргiзген жұмыстары туралы
есептерiн тыңдайды және олардың арасында
жетекшiлiк ететiн мәселелер бойынша өзара
ақпарат алмасуды ұйымдастырады;
8) кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм
беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын
бiлiм беру ұйымдарына жiберу мәселелерi
бойынша сотқа материалдар дайындауға
қатысады;
9) қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнен
босатылған не арнаулы бiлiм беру ұйымдары
мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру
ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандарды
жұмысқа орналастыруда және тұрмыстық
жағдайын қалыптастыруда, сондай-ақ өмiрде
қиын жағдайға душар болған кәмелетке
толмағандарды әлеуметтiк оңалту жөнiндегi
өзге де мiндеттердi жүзеге асыруда мүдделi
органдардың қызметiн үйлестiреді;
10) құқық бұзған кәмелетке толмағандарға,
сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу,
оқыту және бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн
орындамайтын не олардың мiнез-құлықтарына
терiс әсер ететiн кәмелетке толмағандардың
ата-аналары мен заңды өкiлдерiне қатысты
материалдарды Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген тәртiппен қарайды;
11) кәмелетке толмағандар арасындағы
құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз
және панасыз қалудың профилактикасы
жөнiнде жүргiзiлген жұмыс туралы бұқаралық
ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастырады.
7. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың
құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияларды
құру тәртiбi және олардың қызметiн ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының заңдарымен
айқындалады.
10-бап. Iшкi
iстер органдарының құзыретi
Iшкi iстер
органдары өз құзыретi шегiнде:
1) осы Заңның 19-бабы 1-тармағының 1) - 12)
тармақшаларында аталған кәмелетке толмағандарды,
сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу,
оқыту, бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн
орындамайтын және (немесе) олардың мiнез-құлқына
терiс әсер ететiн олардың ата-аналарын
немесе заңды өкiлдерiн анықтайды, есебiн
жүргiзедi және оларға қатысты жеке профилактикалық
жұмыс жүргiзедi;
2) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар,
қоғамға қарсы iс-әрекеттер жасауға тартатын
не балаларға қатысты басқа да құқыққа
қарсы ic-әрекеттер жасайтын адамдарды,
сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу,
оқыту және (немесе) бағып-күту жөнiндегi
өз мiндеттерiн орындамайтын немесе тиiсiнше
орындамайтын, не олардың мiнез-құлқына
терiс әсер ететiн кәмелетке толмағандардың
ата-аналары мен заңды өкiлдерiн, педагогтарды,
тәрбиешiлердi, оқу, тәрбие және кәмелетке
толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға
мiндеттi өзге де мекеменiң басқа да қызметкерлерiн
анықтайды және оларды Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту
жөнiнде шаралар қолданады;
3) кәмелетке толмағандар жасаған немесе
олардың қатысуымен жасалған әкiмшiлiк
құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы
өтiнiштер мен хабарламаларды белгiленген
тәртiппен қарайды және оларға итермелейтiн
себептер мен жағдайларды жою жөнiнде
шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгiзедi,
олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз
етедi;
4) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларды мемлекеттiк мекемелерге жiберуге
немесе кәмелетке толмағандарды қамқоршылыққа
немесе қорғаншылыққа алуды ресiмдеуге
жәрдемдеседi;
5) арнаулы бiлiм беру ұйымдарына және ерекше
режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына
жiберiлетiн кәмелетке толмағандарға қатысты
материалдарды дайындауға қатысады;
6) қоғамнан оқшаулауға байланысты емес
жазаларға және өзге де қылмыстық-құқықтық
ықпал ету шараларына сотталған кәмелетке
толмағандардың өмiр салтын және мiнез-құлқын
бақылауды қамтамасыз етуде әдiлет органдарының
қылмыстық-атқару инспекцияларына жәрдемдеседi;
7) әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару
инспекцияларымен бiрлесе отырып, балаларын
тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөнiндегi
өз мiндеттерiн орындамайтын және (немесе)
олардың мiнез-құлқына керi әсер ететiн,
Қазақстан Республикасы әылмыстық кодексiнiң 72-бабының
8) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз,
панасыз қалуы, құқық бұзушылықтары туралы
және қоғамға жат iс-әрекеттерi, оған итермелейтiн
себептер мен жағдайлар туралы мүдделi
органдар мен мекемелердi хабардар етедi;
9) кәмелетке толмағандарды, олардың ата-аналарын
және басқа заңды өкiлдерiн құқықтық тәрбиелеуде
бiлiм беру органдарына жәрдемдеседi;
10) он сегiз жасқа толмаған және құқық
бұзушылықтар жасаған кәмелетке толмаған
адамдарды, егер оларды дереу оқшаулау
қажет болса, сондай-ақ арнайы оқу-тәрбиелеу
мекемелерiне жiберiлетiндердi заңда белгiленген
тәртiппен Уақытша оқшаулау, бейiмдеу және
оңалту орталықтарында ұстайды және бағып-күтедi;
11) үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi, сондай-ақ
ата-аналарының немесе олардың орнындағы
адамдардың қамқорлығынсыз қалған балалар
мен жасөспiрiмдердi Уақытша оқшаулау,
бейiмдеу және оңалту орталықтарына жеткiзедi
және бағып-күтедi, оларды кейiннен қамқоршылық
және қорғаншылық органдарына бередi.
11-бап.
Кәмелетке толмағандарды
бейiмдеу және оңалту орталықтары
1. Кәмелетке
толмағандарды уақытша
1) қылмыстық жауаптылыққа тартылатын
жасқа жеткенге дейiн қоғамға қауiптi әрекет
жасаған;
2) өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары
бойынша бұрынғы тұрғылықты жерiнде бұдан
әрi тұру мүмкiндiгi болмаған жағдайларда
қылмыс жасағандығы айыпталған;
3) арнаулы бiлiм беру ұйымдарына және ерекше
режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына
жiберiлген;
4) ата-аналарын немесе басқа да заңды
өкiлдерiн анықтау үшiн үш жастан он сегіз
жасқа дейінгi қадағалаусыз және панасыз
қалған;
5) уақтылы орналастыру мүмкiндiгi болмаған
жағдайда ата-анасының немесе олардың
орнындағы адамдардың қамқорлығынсыз
қалған, сондай-ақ олардың өмiрiне немесе
денсаулығына тiкелей қауiп төнген кезде
қамқоршылық және қорғаншылық органы
ата-анасынан (олардың бiреуiнен) немесе
оларды қамқорлыққа алған басқа да адамдардан
алып қойған кәмелетке толмағандарды
қабылдауды және уақытша ұстауды қамтамасыз
ететiн iшкi iстер органдарының қарауында
болатын арнайы балалар мекемелерi болып
табылады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында
аталған кәмелетке толмағандар Орталықта
өзге де негiздер бойынша ұсталып отырған
кәмелетке толмағандардан бөлек ұсталады.
2. Кәмелетке толмағандарды Орталыққа
орналастыруға:
1) осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында
аталған кәмелетке толмағандарға қатысты
- прокурор санкция берген қылмыстық қудалау
органының қаулысы немесе соттың қаулысы;
2) осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында
аталған кәмелетке толмағандарға қатысты
- қамқоршылық және қорғаншылық органының
қаулысы негiз болып табылады.
3. Түнгi уақытта, демалыс немесе мереке
күндерi, сондай-ақ өзге де ерекше жағдайларда
осы баптың 1-тармағының 1), 4) және 5) тармақшаларында
аталған кәмелетке толмағандар Орталыққа
қалалық, аудандық, желiлiк iшкi iстер органы
бастығының (бастықтың орынбасарының)
қаулысы негiзiнде орналастырылуы мүмкiн,
бұл туралы жиырма төрт сағат iшiнде Орталық
әкiмшiлiгi прокурорды жазбаша түрде хабардар
етуге мiндеттi. Осы тармақта аталған кәмелетке
толмағандарға қатысты материалдар оларды
одан әрi ұстау не орналастыру туралы мәселенi
шешу үшiн Орталыққа орналастырылған кезден
бастап үш тәулiктiң iшiнде сотқа, прокурорға
немесе қорғаншы және қамқоршы органына
ұсынылады.
4. Кәмелетке толмағандарды Орталыққа
орналастыру үшiн қажеттi құжаттарды жинақтауды
iшкi iстер органдары қамтамасыз етедi.
5. Осы баптың 1-тармағында аталған кәмелетке
толмағандардың Орталықта болу мерзiмi
отыз тәулiктен аспауға тиiс. Осы баптың
1-тармағының 2), 4) және 5) тармақшаларында
аталған кәмелетке толмағандардың Орталықта
болу мерзiмi оларды орналастыру мүмкiндiгiн
қамтамасыз ету, ата-аналарын немесе өзге
де заңды өкiлдерiн анықтау не қылмыстық
iстi жан-жақты тергеу үшiн тек алты айдан
аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн. Осы
санаттағы кәмелетке толмағандардың Орталықта
болу мерзiмiн ұзартуға:
1) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында
аталған кәмелетке толмағандарға қатысты
- прокурор санкция берген қылмыстық қудалау
органының қаулысы немесе соттың қаулысы;
2) осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында
аталған кәмелетке толмағандарға қатысты
- қамқоршылық және қорғаншылық органының
қаулысы негiз болып табылады.
6. Кәмелетке толмағандардың Орталықта
болу мерзiмiне денсаулық сақтау саласындағы
уәкiлеттi орган жариялаған карантин кезеңi,
сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ауруына
байланысты стационарлық медициналық
мекемеде болу уақыты енбейдi.
7. Орталыққа алкогольдiк, есiрткiлiк немесе
уытқұмарлық мас болу күйiндегi кәмелетке
толмағандар, сондай-ақ айқын психикалық
аурудың белгiлерi бар кәмелетке толмағандар
орналастырылуға тиiс емес.
8. Кәмелетке толмағандарды Орталықта
ұстаудың тәртiбi мен шарттары Қазақстан
Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк
органы бекiткен ережеде айқындалады.
12-бап.
Бiлiм беру органдарының
Бiлiм
беру органдары өз құзыретi
шегiнде:
1) девиантты мiнез-құлықты кәмелетке толмағандарға
арналған арнаулы бiлiм беру ұйымдарының
және ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру
ұйымдарының, сондай-ақ бала құқығын қорғау
жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыратын
өзге де ұйымдар жүйесiн дамыту жөнiндегi
шараларды жүзеге асырады;
2) кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын,
бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыруға
қатысады;
3) дәлелсiз себептермен жалпы бiлiм беретiн
оқу орындарына бармайтын кәмелетке толмағандарды
анықтайды және есепке алады, олармен
және олардың ата-аналарымен немесе заңды
өкiлдерiмен жеке профилактикалық жұмыс
жүргiзедi;
4) кәмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық
мiнез-құлқын қалыптастыруға, олардың
бойына имандылық пен салауатты өмiр салтының
берiк негiздерiн дарытуға бағытталған
бағдарламалар мен әдiстемелердi әзiрлеп,
бiлiм беру ұйымдарының жұмыс тәжiрибесiне
енгiзедi;
5) дамуында немесе мiнез-құлқында ауытқушылықтары
бар кәмелетке толмағандарды анықтайтын
психологиялық-медициналық-
6) девиантты мiнез-құлықты кәмелетке толмағандарды,
тұрмысы қолайсыз отбасыларын анықтауға,
оларды iшкi iстер органдарында есепке
алуға және олармен жеке профилактикалық
жұмыс жүргiзуге қатысады;
7) жалпы бiлiм беретiн оқу орындарында
қол жетерлiк спорт секцияларын, техникалық
және өзге де үйiрмелер, клубтар ұйымдастыруды
қамтамасыз етедi және оларға кәмелетке
толмағандарды тартады.
13-бап.
Арнаулы бiлiм беру ұйымдары
1. Арнаулы
бiлiм беру ұйымдары оқу-
2. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың
құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның
ұсынысы бойынша кәмелетке толмағандарды
арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберудiң
орындылығы туралы шешiмдi сот қабылдайды.
Спирт iшiмдiктерiн, есiрткi құралдары мен
психотроптық заттарды құмарлықпен салынып
пайдаланатын кәмелетке толмағандарды
арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберу туралы
мәселенi қарау кезiнде мiндеттi түрде оларға
нашақорлық аурулардан емделу курсынан
өтудi белгiлеудiң орындылығы зерттеледi.
3. Кәмелетке толмаған бала арнаулы бiлiм
беру ұйымына бiр айдан бiр жылға дейiнгi
мерзiмге жiберiлуi мүмкiн.
4. Кәмелетке толмағанның арнаулы бiлiм
беру ұйымында болуы оның кәмелеттiк жасқа
толуына байланысты, сондай-ақ мекеме
әкiмшiлiгiнiң не кәмелетке толмағандардың
iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi
аумақтық комиссияның ұсыныстары негiзiнде
сот кәмелетке толмаған бала өзiнiң түзелуi
үшiн бұл шараны қолдануды бұдан әрi қажет
етпейдi деген қорытындыға келген жағдайда
мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
5. Кәмелетке толмағандардың арнаулы бiлiм
беру ұйымдарында болуының сот белгiлеген
мерзiмi осы баптың 2 және 3-тармақтарында
белгiленген тәртіппен, тек қана мына жағдайларда:
1) кәмелетке толмаған баланың жалпы бiлiмiн
немесе кәсiби даярлығын аяқтау қажет
болған, бiрақ ол кәмелеттiк жасқа толғанға
дейiн;
2) әкiмшiлiк жазалау шараларына әкелiп
соғатын құқық бұзушылықтарды жүйелi түрде
жасаған, орта бiлiм алудан қасақана жалтарған,
арнаулы бiлiм беру ұйымынан өз еркiмен
кетiп қалған, өзге де қоғамға жат ic-әрекеттер
жасаған жағдайда ұзартылуы мүмкiн.
6. Арнаулы бiлiм беру ұйымының тәрбиеленушiсi
қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа
дейiн қылмыс белгiлерi бар қоғамдық қауiптi
әрекет жасаған жағдайда, ол осы Заңның
14-бабында белгiленген тәртiппен ерекше
режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымына жiберiлуi
мүмкiн.
7. Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм
беру ұйымдарына жiберу туралы мәселенi
қарау кезiнде прокурордың қатысуы мiндеттi
болады.
8. Осы баптың 1-тармағында аталған кәмелетке
толмағандарды анықтауды және есепке
алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар
кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм
беру ұйымдарына орналастыру үшiн қажеттi
құжаттарды жинауды қамтамасыз етедi.
9. Арнаулы бiлiм беру ұйымдарының әкiмшiлiгi:
1) кәмелетке толмағандарды бағып-күтудiң,
аталған мекеменiң аумағын күзетудi, тәрбиеленушiлердiң
жеке қауiпсiздiгiн және олардың терiс әсерден
барынша қорғалуын, аталған мекеменiң
аумағына бөгде адамдардың еркiн кiруiн
және одан тәрбиеленушiлердiң өз еркiмен
кетуiн шектеудi, кәмелетке толмағандарды
тәулiк бойы, оның iшiнде ұйқыға бөлiнген
уақытта қадағалау мен бақылауды, кәмелетке
толмағандардың өздерiн, олардың заттары
мен тынығатын бөлмелерiн тексерiп қарауды
қамтитын арнайы жағдайларын қамтамасыз
етедi;
2) аталған мекеменiң орналасқан жерi бойынша
және кәмелетке толмағандардың тұрғылықты
жерi бойынша iшкi iстер органдарына олардың
өз еркiмен кетiп қалу фактiлерi туралы
хабарлайды және оларды iздестiрiп, қайтаруға
тiкелей қатысады;
3) кәмелетке толмаған баланы аталған
мекемеден шығару туралы хабарламаны,
сондай-ақ кәмелетке толмаған балаға мiнездеменi
және онымен алдағы уақытта жеке профилактикалық
жұмыс жүргiзудiң, жұмысқа орналасуына
және тұрмыстық жағдайын қалыптастыруға
көмек көрсетудiң қажеттiлiгi туралы нұсқауларды
кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты
жерiндегi кәмелетке толмағандардың iсi
және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi
комиссияға олардың болу мерзiмi аяқталғанға
дейiн бiр айдан кешiктiрмей жiбередi.
10. Арнаулы бiлiм беру ұйымдарына өздерiн
аталған мекемелерде бағып-күтуге және
оқытуға кедергi болатын аурулары бар
кәмелетке толмағандар орналастырылмайды.
Мұндай аурулардың тiзбесiн Қазақстан
Республикасының Үкiметi бекiтедi.
11. Арнаулы бiлiм беру ұйымдарын құру, қызметiн
ұйымдастыру тәртiбi және оларда кәмелетке
толмағандарды бағып-күтудiң шарттары
Қазақстан Республикасының бiлiм беру
саласындағы орталық атқарушы органы
бекiткен осы ұйымдар туралы ережемен
айқындалады.
12. Арнаулы бiлiм беру ұйымдарын құру, қайта
ұйымдастыру және тарату туралы шешiмдi
жергiлiктi атқарушы органдар қабылдайды.
14-бап. Ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдары
1. Ерекше
режимде ұстайтын бiлiм беру
ұйымдары оқу-тәрбие немесе
2. Кәмелетке толмағандарды ерекше режимде
ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына жiберудiң
орындылығы туралы шешiмдi кәмелетке толмағандардың
iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi
комиссияның не iшкi iстер органының ұсынысы
бойынша сот қабылдайды.
3. Кәмелетке толмаған бала ерекше режимде
ұстайтын бiлiм беру ұйымына алты айдан
екi жылға дейiнгi мерзiмге жiберiлуi мүмкiн.
4. Кәмелетке толмаған баланың ерекше
режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымында болуы
оның кәмелеттiк жасқа толуына байланысты,
сондай-ақ мекеме әкiмшiлiгiнiң ұсынысы
негiзiнде сот кәмелетке толмаған бала
өзiнiң түзелуi үшiн бұл шараны қолдануды
бұдан былай қажет етпейдi деген қорытындыға
келген жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы
мүмкiн.
5. Кәмелетке толмаған баланың ерекше
режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымында болуының
сот белгiлеген мерзiмi осы баптың 2-тармағында
белгiленген тәртiппен, тек:
1) кәмелетке толмаған баланың жалпы бiлiм
алуын немесе кәсiби даярлығын аяқтау
қажет болған, бiрақ ол кәмелеттiк жасқа
толғанға дейiн;
2) қылмыстық жауапкершілік басталатын
жасқа жеткенге дейiн қоғамға қауiптi қылмыстық
белгiлерi бар iс-әрекеттер жасаған жағдайда
ұзартылуы мүмкiн.
6. Кәмелетке толмағандарды ерекше режимде
ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына жiберу
туралы мәселенi қарау кезiнде прокурордың
қатысуы мiндеттi болады.
7. Кәмелетке толмағандарды ерекше режимде
ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына орналастыру
үшiн қажеттi құжаттарды жинауды iшкi iстер
органдары қамтамасыз етедi.
8. Ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарының
әкiмшiлiгi:
1) кәмелетке толмағандарды бағып-күтудiң,
аталған мекеменiң аумағын күзетудi, тәрбиеленушiлердiң
жеке қауiпсiздiгiн және олардың терiс әсерден
барынша қорғалуын, аталған мекеменiң
аумағына бөгде адамдардың еркiн кiруiн
және одан тәрбиеленушiлердiң өз еркiмен
кетуiн шектеудi, кәмелетке толмағандарды
тәулiк бойы, оның iшiнде ұйқыға бөлiнген
уақытта қадағалау мен бақылауды, кәмелетке
толмағандардың өздерiн, олардың заттары
мен тынығатын бөлмелерiн тексерiп қарауды
қамтитын арнайы жағдайларын қамтамасыз
етедi;
2) аталған мекеменiң орналасқан жерi бойынша
және кәмелетке толмағандардың тұрғылықты
жерi бойынша iшкi iстер органдарына олардың
өз еркiмен кетiп қалу фактiлерi туралы
хабарлайды және оларды iздестiрiп, қайтаруға
тiкелей қатысады;
3) кәмелетке толмаған баланы аталған
мекемеден шығару туралы хабарламаны,
сондай-ақ кәмелетке толмаған балаға мiнездеменi
және онымен алдағы уақытта жеке профилактикалық
жұмыс жүргiзудiң, жұмысқа орналасуына
және тұрмыстық жағдайын қалыптастыруға
көмек көрсетудiң қажеттiлiгi туралы нұсқауларды
кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты
жерiндегi кәмелетке толмағандардың iсi
және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi
комиссияға олардың болу мерзiмi аяқталғанға
дейiн бiр айдан кешiктiрмей жiбередi.
9. Ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына
өздерiн аталған мекемелерде бағып-күтуге
және оқытуға кедергi болатын аурулары
бар кәмелетке толмағандарды орналастыруға
болмайды. Мұндай аурулардың тiзбесiн Қазақстан
Республикасының Үкiметi бекiтедi.
10. Ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру
ұйымдарын құру, қызметiн ұйымдастыру
тәртiбi және оларда кәмелетке толмағандарды
бағып-күтудiң шарттары Қазақстан Республикасының
бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы
органы бекiткен осы ұйымдар туралы ережемен
айқындалады.
11. Ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру
ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату
туралы шешiмдi жергiлiктi атқарушы органдар
қабылдайды.
Информация о работе Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері мен шектері