Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 14:57, реферат
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 79-бабында кәмелетке толмағандарға тағайындалатын мынадай жаза түрлері көрсетілген:
1) айыппұл;
2) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
3) қоғамдық жұмыстарға тарту;
4) түзеу жұмыстары;
5) қамау;
6) бас бостандығынан айыру.
Баланың өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiкке билiк ету құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен айқындалады.
14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы
1. Әрбiр баланың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес тұрғын үйге құқығы бар.
2. Жетiм баланың, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған және тәрбиелеу,
емдеу және басқа да мекемелердегi баланың
тұрғын үй-жайға меншiк құқығын немесе
тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды,
ал құқығы болмаған жағдайда Қазақстан
Республикасының тұрғын үй туралы заңдарына
сәйкес тұрғын үй-жай алуға құқығы бар. (РҚАО-ның ескертуi:
қараңыз. (9-10-тараулар).
3. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, оның iшiнде жетiм балаларды оларға басқа үй-жай берiлмейiнше олар тұрып жатқан тұрғын үйден шығаруға болмайды.
15-бап. Баланың бiлiм алуға құқығы
1. Әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңдарына сәйкес оған тегiн орта бiлiм, бастапқы кәсiби бiлiм және конкурстық негiзде тегiн орта кәсiби және жоғары кәсiби бiлiм алуға кепiлдiк берiледi.
2. Тегiн жалпы орта
бiлiм немесе бастапқы кәсiби бiлiм алғанға
дейiн баланы мемлекеттiк бiлiм беру мекемесiнен
шығару, шығарудың жалпы тәртiбiн сақтаумен
қатар тек қорғаншы және қамқоршы органдарды
хабардар ете отырып қана жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Арнаулы педагогикалық тәрбиенi қажет
ететiн кемтар балаларға мемлекеттiк бюджеттен
белгiленген стандарттар деңгейiнде олардың
бiлiм алуына кепiлдiк беретiн қосымша қаражат
бередi.
4. Мемлекет балалардың бiлiм алу кезеңiнде әлеуметтiк қорғауды қажет ететiндерiнiң күтiп-бағу шығынын толық немесе iшiнара көтередi. Олардың бiлiм алу кезеңiнде әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерi мен көздерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз. ).
16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы
1. Әрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар.
2. Балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде денсаулығына және өсiп-жетiлуiне оңтайлы, баланың дене бiтiмiне, имандылығына және психикалық жай-күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай-ақ мамандық алуға құқығы бар. Бұл құқықты халықты еңбекпен қамту қызметi мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары қамтамасыз етедi.
3. Он сегiз жасқа толмаған балалармен еңбек шартын жасасу және оны бұзу тәртiбi және еңбек қатынастарының басқа да ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленедi.
4. Баланы ауыр қара жұмысқа, зиянды және (немесе) еңбек жағдайы қауiптi жұмыстарға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады.
Жұмыс iстеу оқу процесiн бұзбауға тиiс.
Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N 253 Заңымен.
17-бап. Баланың мемлекеттiк көмекке құқығы
1. Мемлекеттiк көмек оны алуға құқығы бар әрбiр балаға тағайындалады. Мемлекеттiк көмектiң мөлшерi және оны көрсетудiң шарты мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
2. Ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балалар, оның iшiнде жетiм балалар
Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес толық мемлекеттiк қамсыздандырылуда
болады.
3. Мемлекеттiк органдар ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған әрбiр балаға, қорғаншылық немесе
қамқоршылық нысанына қарамастан, бiрдей
материалдық және өзге де жағдайларды
қамтамасыз етедi.
18-бап. Мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеу
1. Балалардың мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясат мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттар негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттар әлеуметтiк қызмет көрсетулер бойынша белгiленген ең төменгi көлемде мыналарды:
1) мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес кепiлдiк берiлген, жалпыға бiрдей қолжетiмдi тегiн жалпы орта және бастапқы кәсiптiк бiлiм мен конкурстық негiзде тегiн орта және жоғары кәсiптiк бiлiм берудi;
2) балаларға тегiн медициналық қызмет көрсетудi, оларды тамақтандырудың ең төменгi нормаларына сәйкес тамақтандыруды қамтамасыз етудi;
3) он бес жасқа толған балалардың кәсiби бағдарлау, қызмет саласын таңдау, жұмысқа орналасу, еңбегiнiң қорғалу, еңбегiне ақы төлену құқығын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кепiлдi қамтамасыз етудi;
4) балаларға әлеуметтiк
қызмет көрсету, оларды әлеуметтiк қорғау,
соның iшiнде туылуы мен тәрбиеленуiне
байланысты, балалары бар азаматтарға
мемлекеттiк жәрдемақы төлеу жолымен кепiлдi
материалдық қолдауды қамтамасыз ету,
сондай-ақ өмiрлiк қиын ахуалға тап болған
балаларды әлеуметтiк бейiмдеу және әлеуметтiк
оңалту жөнiндегi шараларды;
5) Қазақстан Республикасының тұрғын үй
заңдарына сәйкес тұрғын үйге құқығын
қамтамасыз етудi;
6) балаларды сауықтыру мен олардың демалысын ұйымдастыруды, соның iшiнде төтенше жағдайларда, сондай-ақ экологиялық жағынан қолайсыз және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сондай деп танылған аумақтарда тұратын балаларды сауықтыруды ұйымдастыруды;
7) бiлiктi заң көмегiн көрсетудi қамтиды.
3. Мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттар олардың өмiр сүру жағдайларындағы аймақтық айырмашылықтар ескерiле отырып айқындалады. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың органдары қосымша әлеуметтiк стандарттар белгiлей алады.
4. Тиiстi бiлiм беру ұйымдарындағы, арнаулы оқу-тәрбие ұйымдарындағы, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қызмет көрсету ұйымдарындағы немесе өзге де мекемелер мен ұйымдардағы балалардың өздерiне ұсынылған қызмет көрсетулердiң мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарға сәйкестiгiн мезгiл-мезгiл бағалап отыруға құқығы бар.
19-бап. Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы
1. Әрбiр бала өзiнiң жасына, денсаулығына және қажеттерiне қарай демалуға және бос уақытын пайдалануға құқылы.
2. Ата-анасы немесе олардың орнындағы адамдар өздерiнiң қабiлеттерi мен мүмкiндiктерiне сәйкес баланың күтiлуi мен жан-жақты дамуына қажеттi өмiрлiк жағдайларды қамтамасыз етедi.
3. Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балалардың сауықтыру, спорт, шығармашылық және бос уақытын пайдаланатын өзге де ұйымдарын, лагерьлер мен санаторийлердi құрады және оларды қолдап отырады.
4. Мемлекет балалардың демалуға, сауығуға және бос уақытын пайдалануға құқығын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады.
20-бап. Баланың мiндеттерi
Әрбiр бала Қазақстан
Республикасының
4-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ОТБАСЫ
21-бап. Баланың
отбасында өмiр сүру және
Баланың мүдделерiне
қайшы келетiн жағдайларды
22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары
Бала отбасында
Қазақстан Республикасының
23-бап. Бала
тәрбиелеп отырған
қолдау
Мемлекет бала
тәрбиелеп отырған
24-бап. Ата-анасының
баланы тәрбиелеу, күтiп-бағу
1. Ата-анасы немесе
басқа да заңды өкiлдерi өздерiнiң
қабiлетi мен қаржы
2. Ата-анасы баланы тәрбиелеуге, оны күтiп-бағуды
жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдап,
оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын
үймен қамтамасыз етуге мiндеттi.
25-бап. Баланың ата-анасымен бiрге тұру құқығы
1. Баланың өз
ата-анасымен немесе басқа да
заңды өкiлдерiмен бiрге
2. Баланың, ата-анасының немесе заңды
өкiлдерiнiң ықтиярынсыз баланы ата-анасынан
немесе заңды өкiлдерiнен айыруға тыйым
салынады. Оларды айыру туралы шешiмдi
ерекше жағдайларда және баланы қорғау
мақсатында қандай дәрежеде қажет болуына
қарай сот қана қабылдайды.
3. Ата-анасы бiр-бiрiнен бөлек тұрған жағдайда баланың тұратын жерi ата-анасының келiсiмiмен, ал ол болмаған жағдайда, ата-аналар арасындағы дау сот арқылы шешiледi. Бұл орайда сот бала ата-анасының жеке қасиеттерi мен жағдайларын, сондай-ақ баланың мүдделерi мен пiкiрiн ескередi.
26-бап. Баланың
өзiнен бөлек тұратын ата-
1. Баланың өмiрi
мен денсаулығына қатер
2. Бала құқығын
шектеуге байланысты туындаған,
5-тарау. АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
27-бап. Қорғаншылық, қамқоршылық және патронат
1. Ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаға оның мүлiктiк және мүлiктiк
емес жеке құқықтарын қорғау үшiн Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес қорғаншы
немесе қамқоршы белгiленедi. (РҚАО-ның ескертуi:
қараңыз. (4-бөлiм); Р991346_
2. Қорғаншылық он төрт жасқа толмаған балаларға белгiленедi, ал қамқоршылық он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандарға белгiленедi.
3. Жергiлiктi атқарушы
органдар қорғаншылық және қамқоршылық
органдары болып табылады.
4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,
соның iшiнде тәрбиелеушi, емдеушi немесе
басқа мекемедегi балаға Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес патронат белгiленуi
мүмкiн. (РҚАО-ның ескертуi:
қараңыз. (16-тарау); ).
5. Қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленген баланың аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi бар болса, олардың бiрге тұруы үшiн жағдай жасалады.
28-бап. Бала асырап алу
Отбасында өсiрiп-жетiлдiру мен тәрбиелеу үшiн жағдайлар жасау мақсатында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырап алуға берiлуi мүмкiн. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз. (12-тарау).
29-бап. Баланы тәрбиелейтiн, емдейтiн және сол сияқты өзге де мекемелерде күтiп-бағу мен тәрбиелеу
1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала, оны отбасында тәрбиелеуге беруге мүмкiндiк болмаған жағдайда, тәрбиелейтiн, емдейтiн немесе сол сияқты өзге де балалар мекемелерiне орналастырылуға тиiс.
2. Балаға тиесiн алимент,
жәрдемақы және басқа әлеуметтiк төлемдер
оның жеке шотына аударылады және Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген
тәртiппен төленедi.
3. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған тәрбиелейтiн, емдейтiн
және сол сияқты өзге де мекемелердегi
балаға отбасылық тәрбиеге жақындатылған
жағдай жасалады. Баланың күтiп-бағуды
пайдалануға, тәрбие, бiлiм алуға, жан-жақты
дамуға, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiнiң
құрметтелуiне, өз мүдделерiнiң қамтамасыз
етiлуiне, ана тiлiнiң, мәдениетiнiң, ұлттық
әдет-ғұрпы мен дәстүрiнiң сақталуына құқығы
бар.
4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балалар тәрбиеленетiн, емделетiн және
сол сияқты өзге де мекемелердiң аталған
мекемелердегi балаларға қатысты педагогикаға
жат немесе азғындық әрекеттер жасаған
қызметкерлерi Қазақстан Республикасының
заң актiлерiне сәйкес жауаптылықта болады. (РҚАО-ның ескертуi:
қараңыз. (131, 132, 137-баптар); (111-бап).
5. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған тәрбиелейтiн, емдейтiн
және соған ұқсас басқа да мекемелердегi
баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды,
оның жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi
жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.
Ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға
дейiн айрылған жетiм балаларға Қазақстан
Республикасының тұрғын үй заңдарына
сәйкес пайдалануға мемлекеттiк тұрғын
үй қорынан тұрғын үй берiледi. (РҚАО-ның ескертуi:
қараңыз. (9-10-тараулар).
30-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияны жүзеге асыратын ұйымдар
1. Балалар үйлерiне туғаннан бастап үш жасқа дейiнгi жетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады. Балаларды Балалар үйiнде уақытша күтiп-бағу үшiн арнаулы бөлiмше ашылады.
Мамандандырылған
Балалар үйлерiне туғаннан бастап төрт
жасқа дейiнгi, психикасының және дене
бiтiмiнiң дамуында кемiстiгi бар балалар
қабылданады.
Арнаулы бiлiм беру ұйымдарына он бiр жастан
бастап он сегiз жасқа дейiнгi, мiнез-құлқы
ауытқымалы балалар орналастырылады.
Информация о работе Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері мен шектері