Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері мен шектері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 14:57, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 79-бабында кәмелетке толмағандарға тағайындалатын мынадай жаза түрлері көрсетілген:
1) айыппұл;
2) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
3) қоғамдық жұмыстарға тарту;
4) түзеу жұмыстары;
5) қамау;
6) бас бостандығынан айыру.

Работа состоит из  1 файл

Лексия ИДН.docx

— 201.19 Кб (Скачать документ)

 

Дене шынықтыру  мен спортпен шұғылдану бөлімшесі   (Солташ) 

Спорт (франсуз тілінен алынған) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады.

Тарихы

Спорттың даму тарихына зер салсақ қоғамдағы өзгерістер мен қатар спорттың мән-мағынасын  да түсінуге болады.

Бүгінгі күнге белгілі үңгір өнерінің көп үлгілерінде дәстүрлі ырымдық ритуалдар көріністері бейнеленген. Осы бейнеленген көріністерді сенімді түрде қазіргі мағынадағы спортқа жатқызуға болмағанымен сол кездің өзінде спортқа жақын әрекеттердің орын алғаны хақында байлам жасауға болады. Франция, Африка, және Аустралияда орналасқан бұл бейнелердің осыдан 30 000 жыл бұрын жасалғанын айта кеткен жөн.

Қытай территориясында біздің дәуірден 4000 жыл бұрын қазіргі спорт мағынасына жақын әрекеттің болғанын айтатын заттар мен құрылыстар бар. Гимнастика ежелгі Қытайдағы кең тараған спорт түрі болыпты. Перғауындар мазарларындағы бейнелер мен заттар бірнеше ғасырлар бұрын да спорттың әр түрі болғандығынан хабардар етеді, оның ішінде жүзу мен балық аулауды айта кетуге болады. Ежелгі Персияда поло және атты рыцарлардың найзамен жарысы негіздері қаланды.

Ежелгі  Грекия өзінде алуан түрлі спорт болған. Ең дамыған түрлері — күрес, жүгіру, диск лақтыру және арба жарысы. Осы тізімге қарағанда Ежелгі Грекияда(жалғыз ол жерде ғана емес т.б. жерлерде) әскери мәдениет мен әскери өнер спортқа тікелей қатысты болған. Сол жерде әр төрт жыл сайын Пелопонессе атты ауылда Олимпиядеп аталған Олимпиада ойындары өтіп тұрған.

Спорттың түрлеріне  келер болсақ. Түрлерін атау.

Жазғы спорт түрлері:                                               Қысқы спорт түрлері:

1.  Велоспорт                                                         1. Биатлон

2.  Ат спорты                                                         2. Тау шаңғысы спорты

3.  Жеңіл атлетика                                                3. Шаңғы жарыстары

4.  Гольф                                                                4. Мәнерлеп сырғанау

5.  Теннис                                                              5. Фристайл

6.  Футбол                                                              6. Хоккей

7.  Суда жүзу                                                         7. Шорт-трек т.с.с. 

 

Футбол — спорттық ойын түрі, аты ағылшын тіліндегі foot – аяқ, ball – доп деген сөздерінен шыққан. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі. (Қ. Нұржан) 

Таэквондокорейше태권도, 跆拳道 – [тхэгвондо]), спорттың бір түрі, шығыс күрестеріне жатады, кәріс халқының ұлттық спорттың, күрестің түрі саналанады.

2000 жылдан бастап Олимпиядалық спорттың түрі болып саналады. Таэквондо бір жағынан ежелгі спорттың түрі, бір жағынан жаңа замандық жүйе болып табылады. Таэквондо ежелгі кәріс принциптеріне, ежелгі күрес түрлеріне сүйінеді. Бірақ қазіргі таңда таралған таэквондоның қалпы 20-ыншы ғасыр шамасында пайда болған.    (Т.Нұржан)

Енді біздің сыныбымыздың спортшыларының өнерлерін тамашалауға  рұқсат етіңіздер!

(спортшылар өнері)  

Адамның тірек-қимыл  жүйесінің тазалығы. (Қ.Нұржан)

-         Шынығу жаттығуларымен жүйелі айналысу керек;

-         Есіңде болсын, шынығу жаттығуларымен шамадан тыс айналысқан да қауіпті;

-         Әртүрлі еңбек қозғалыстарынан кейін, ағзаңды ширататын жаттығулар жасаған дұрыс;

-         Дене бітіміңді дұрыс қалыптастыру керек;

-         Ауыр заттарды көтеру зиян;

-         Орындықта дұрыс отыру керек;

-         Жеткіншектерге биік өкше, тар аяқ киім киген өте зиян. 

Тыныс алу жолдары  тазалығының негізгі ережелері. (Наиль)

-         Бір қалыпты және терең тыныс алу керек;

-         Үлкен күш жұмсауды қажет ететін қозғалыс әрекеттері тыныс алу ырғағымен сәйкес келуі керек;

-         Шаңғы тебу, ескек есу, баскетбол ойнау, т.с.с. жаттығулармен айналысқан өте пайдалы;

-         Таза ауа сіздің денсаулығыңызға пайдалы;

-         Мұрын қуысы арқылы дем алған дұрыс;

-         Түшкіріп, жөтелгенде мұрныңды беторамалмен жап;

-         Үйде де, көшеде де шаңмен күрес;

-         Дұрыс тыныс алу үшін дене бітімінің де дұрыс қалыптасуының рөлі зор;

-         Жұқпалы аурумен ауырған адамдармен қарым-қатынас жасағанда сақ болу керек (сырқат пайдаланған заттарды пайдалануға болмайды, дәкеден жасалған арнайы таңғыш тағып жүру керек);

-         Темекі шегу сенің тыныс алу мүшелерінің үшін де, денсаулығың үшін де өте зиян. 

Шыныққан шымыр  адамның 6 белгісі. (Мадияр) 

 

-         Өте сирек ауырады;

-         Көзінен от жалындаған, терісі де таза жан;

-         Ұйқысы да тыныш;

-         Алқынып-аптықпай 5 шақырым жерге дейін жүгіре алады;

-         80 жастан кем жасамайды;

-         Егер сырқаттанып қалса, тез сауығып кетеді. 

Зиянды  әдеттер бөлімшесі 

Шылымқорлық (Аяжан)  

Ең алдымен, біз  жаман әдеттер мен шылымның шығу тарихын біліп алайық.

Ертеде темекі алыстағы Америка материгінде өсірілген  екен. Ал бұл өсімдіктің темекі атануы Гаити аралындағы Тобаго провинциясында өсетін жабайы өсімдіктің атауынан шығыпты. 1559 жылы Португалиядағы француз елшісі Жан Нико Франция елінің ханшайымы  Екатерина Медичиге үздіксіз бас  ауаруынан сауығуға көмектеседі  деп темекінің жапырағы мен тұқымын  сыйға тартады. Сонымен, «никотин»  атауы француз елшісінің құрметіне  аталған.

Шылым – адам денсаулығына құрылған қақпан. Оның 2-3 талын шеккенен кейін, соған тәуелді болып, қақпанға қалай түскеніңді байқамай да қаласың. Шылымқор – ол ауру адам. 

Еркебұлан интерактивті тақтадағы темекіге байланысты суреттерді түсіндіреді. 

Ішімдік. (Амина) 

Ең көп тараған  есірткі таблетка немесе капсулада  емес, темір қалбырлар мен шыны бөтелкелерде болады. Бұл-спирттік ішімдіктер, екінші аты алкоголь.

Есіртікінің бұл  түрі ашық түрде кең тараған және жастарды жаман әдеттерге үйрету жағынан бірінші орында тұр. Жыл  сайын алкогольден уланып, мыңдаған адам өліп жатады. Адамның жүрегі мен  бауырын зақымдауға спирттік ішімдіктің азғантай мөлшері де жеткілікті.

Спирттік ішімдік  ішкен сайын бауыр қатып, тас  болады. 

 

Нұрболат  интерактивті тақтадағы ішімдікке байланысты суреттерді, видеоны  түсіндіреді. 

(Аяжан) Біз өзімізге  не керек екенін білетін қоғамда  өмір сүріп отырмыз. Көркем  фильмдердің шылым шегіп, арақ  ішетін кейіпкерлеріне де еліктеуге  болмайды. Қазір теледидардан зиянды  заттардың алдын алу туралы  жарнамалар көп беріледі. Соларға  құлақ сал! Есіңде сақта! 18 жасқа  толмаған балаларға сауда орындарынан  ішімдік, темекі сатып алуына қатаң тиым салынған. Өзге адам жұмсаса оған осы тиым туралы түсіндір!

Пайдалы кеңестер бөлімшесі.

1 слайд. (Дильназ)

Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды атаңдар:

  1. Қоршаған орта ластығы.
  2. Дұрыс тамақтанбау.
  3. Тұқымқуалаушылық.
  4. Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.
  5. Зиянды заттарды қабылдау.
  6. Тазалықты сақтамау.
  7. Отбасындағы кері жағдайлар.
  8. Адамда стресс жағдайы жиі болуы.

2 слайд. (Әмина)

Денсаулыққа дұрыс  әсерін тигізетін факторлар:

  1. Дұрыс тамақтану.
  2. Қоршаған орта тазалығы.
  3. Дене шынықтыру.
  4. Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.
  5. Зиянды заттарды қабылдамау.
  6. Жеке бастың тазалығын сақтау.
  7. Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.
  8. Эмоциялардың оң болуы.  

3 слайд. (Сая) талдың суретін  тусіндіру. 

Жетістік

ДИПЛОМ

Мамандық

Отбасы           Ақша

Аттестат

Ұрпақ

Байлық

Білім

Шынығу

Жұмыс

Оң эмоциялар

Белсенді  тіршілік ету

Үнемі қозғалыста болу

Қоршаған  ортаны тазалау

Жеке  бас тазалығы 

Ұйқыңнан ерте тұр,

Жадырап, жарқын күл.

Әдетің болсын әрқашан

Жаттығу жасау, жуыну!  

 

Аузыңды шай артынан, тамақ ішсең,

Тісті жуу соншалық түспес күшке.

Екі мәрте күніне тазаласаң,

Қартайғанша жүрерсің аппақ тіспен.

Дәрігерге тісіңді  көрсетіп тұр –

Өзін сыйлар баланың  дағдысы бұл. 

Ертеңгілік асыңды ішкеннен соң,

Таза ауамен мектепке беттеген жөн. 

Қабақ түйсең, саған  ешкім қарамас.

Жылы сөйлеп, барлығымен амандас. (Айзат) 

Суық қардан онша қорқа қоймасаң,

Шынығасың таза ауада  ойнасаң.

Осы кезде спортпенен шұғылдан,

Сұлулық пен денсаулықты  ойласаң. 

Әуес болып шылымға,

Қылыққа жаман ұрынба.

Жамандық саған  жабысып,

Ісің кетер құрдымға.  

Шашыңды сап аузыңа,

Тырнағыңды тістеме.

Жетелейтін ауруға

Мұндай қылық  істеме. (Әмина) 

Мұрын – мұржа,

Кеуде көмір, ыс –  күйе,

Шылымқордың, міне күйі осындай.

Араққорда

Қылық та жоқ ел сүйер,

Аты аталса, тұра алмайсын шошынбай.

Нашақор ма?

Өз еркіне өзі  ие бола алмас.

Адам емес, хайуанның  досындай. 

Іс істесең әдеппен,

Шырайлы жүзің, көрік  – бет.

Жиреніп жаман әдеттен,

Салауаттылықты  серік ет.

Қалмайсың сонда  ұятқа,

Жетесің барша мұратқа.  (Наиль) 

 

(Антонина)

Шыныққан шымыр  денеміз,

Күн сайын өсіп келеміз.

«Денсаулық – 5, сабақ – 5»,

-         Деп рапорт береміз!  

Өмірің болсын десең  сенің сәнді

Ойланып, айналаңа қара мәнді.

Адам бол! Білімі тасқын, өнері асқан

Өзіне сүйсіндірер  басқа жанды.

Салауатты мақсатың – өмір сүру,

Өмірдің мағынасын  керек білу.

Ішімдік, нашақорлық сенің жауың,

Пайдасы сол –  бұл жолдан аулақ жүру 

Қорытынды.

Тест. «Менің өмір сүру қалпым» 5-20 балл қою.

Дене қозғалысының түрлері

Күнделікті

Аңда-санда

Мүлде жасамаймын

1

Таңертеңгі ұйқыдан 7:00, ерте тұру

     

2

Таңертеңгі дене қозғалысы

     

3

Мектепке келу

     

4

Дене шынықтыру  сабағына қатысу

     

5

Сабақтан тыс  іс-шаралар (секция, жарыстар, бокс, күрес)

     

6

Денені шынықтыру

     

7

Үйдегі дене еңбегінің  орындалуы

     

60 – жоғары

45 – орташа

25 – төмен

Адамның ішкі дүниесінің, денесінің тазалығын тексеру. 

Мұғалім сөзі:

Бүгінгі сабағымызда  біз денсаулық туралы көптеген мәліметтер алдық. Біз қорқынышты бөлімшеніде  да аралап өттік. Біздің саяхатымыздың  соңында сіздерге айтарым:

Біз саяхат жасаған  бөлімшелердің ішінде қайсысы ұнағаны, қайсысы ұнамағаны туралы ата-анаңмен, бауырларыңмен бөлісіп, не білгеніңді ортаға саларсың.

Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық  па, әлде атақ па?» деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын  бақытты ете алмайды. Дені сау  кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп  жауап берген екен. Яғни адам бақытты  болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты  болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды  аяқтаймыз. «Салауатты өмір салтын жандарыңа  жан серік етіңдер».

Қыздардың спорттық биі.

Қатысқан мұғалімдерге сөз беру.

 

Бала өз еркімен  бұл дүниемен қош айтысты. Өмір көрмеген жастың ажалға соншалықты асығуына не себеп? Фәни жалғаннан баз кешіп, о дүниеге асыққан жасөспірімді мұндай қадамға не итермелейді?

Соңғы уақытта өз-өзіне  қол жұмсаған қыз-бозбалалардың  көбейіп кеткені мәселені тереңнен талдап, тығырықтан шығудың жолдарын іздеуге мәжбүрлеп отыр. Өйткені  суицид туралы айтқанда, ең алдымен  статистика ауызға алынып, «кім кінәлі?»  деген сұраққа жауап ізделінеді. Бірақ та мәселенің мән-жайына барып, себеп-салдарын анықтап, шешу жолдарын қарастыру көбіне-көп қалыс қалуда. Ал «Аман-саулық» қоғамдық қоры өткізген жиынға жиналған мамандар «суицид - жетім  қалған «жанның» (душа) жанайқайы» дейді.  
- Өкінішке қарай, әлем бойынша Қазақстан суицид жөнінен алғашқы орындарда тұр. Адамды суицидке итермелейтін көп факторлар бар. Бұл салалық - педагогикалық, медициналық немесе әлеуметтік мәселе емес, ол - қоғамның дерті. Қазіргі кезде мүғалімдерді немесе медициналық құрылымдарды кінәлап жатады. Сайып келгенде негізгі себеп - тәрбиеде, отбасында жатыр. Ал ата-ананың сол балаға қаншалықты көңіл бөлгендігіне мән бермейміз. Әке мен баланың арасында эмоционалдық байланыс бар ма екен? Баласының мұндай қадамға барғаны ата-анасы үшін неге күтпеген жағдай болды? Ең бірінші осы сұрақтар қойылуы керек. Содан кейін ғана басқа себептерге бас қатыру қажет, - дейді Республикалық ғылыми-тәжірибелік психиатрия, психотерапия және наркология орталығы директорының орынбасары Николай Негай.  
Өрімдей жас өзіне қол жұмсағанда ата-ана - мектепті, мектеп - ата-ананы кінәлауға бейім. Немесе балаға дұрыс білім бермеген, тәрбиесіне көңіл бөлмеген, оқушыға қысым жасаған - мектеп мұғалімдері болып жатады. Бірақ ешқайсысы да өзіне үңіліп, кінәні өзінен іздемейді, себебіне үңілмейді. Ал себебі әртүрлі болуы мүмкін. Отбасындағы кикілжіңнен бастап, адам психикасының бұзылуына дейін. «Неге?» деген сұраққа жауап іздеген кезде, ең бірінші - материалдық жағдайдың нашарлығынан деп ойлаймыз. Алайда осы мәселемен талай жылдан бері айналысып жүрген мамандар материалдық жетіспеушілік - суицидке апаратын ең соңғы себеп екендігін айтады. 
- Жасөспірімдер арасындағы суицид туралы кең көлемде зерттеу әлі жүргізілмеген. Сондықтан халықаралық зерттеулерге жүгінеміз. Осы зерттеулерге сүйенсек, суицидке барған балалардың айтуынша, мұндай қадамға итермелеген ең бірінші себеп - отбасындағы түсініспеушілік болған. Бұдан басқа факторлар бар әрине, дегенмен ата-ана мен баланың арасындағы түсініспеушілік бірінші орында. Сондай-ақ әке-шешенің ішкілікке салынуы да әсер етеді. Отбасында баланы қалай тәрбиелейтіні де маңызды. Егер баланы өте қатты ұстаса немесе бетінен қақпай, өз еркімен жіберсе де, мұндай тәрбие жолдары өз-өзімен үйлесім таппаған тұлғаны қалыптастырады. Екі жағдайда да бала суицидке бейім болуы мүмкін. Сондықтан ата-ана ең бірінші баласын қалай тәрбиелеп жатқанына мән беру керек. Суицидке бейімділік - өмір бойы сақталатын қасиет. Ондай адам қиын жағдайларда өмірімен қош айтысып кетуі мүмкін. Жанұядағы жағдайдан басқа, тұлғааралық қақтығыстар, жауапсыз махаббат та суицидке әкеледі. Материалдық қиыншылықтар ең соңғы орында тұр, - дейді Наталья Распопова. Яғни, бала үшін ақшаның жоқтығы мен қарынның аштығынан гөрі, жан жылуының жетіспеуі мен мейірімге шөлдеу ауыр. Алматы қалалық балалар құқын қорғау департаменті директорының орынбасары Владлена Ермолович та материалдық жетіспеушілік басты мәселе емес екендігін айтады. Алматы қаласы бойынша соңғы үш жылда 18 бала өз еркімен фәнимен қош айтысқан. 90 пайыздан астамы - жағдайы жақсы отбасынан шыққан балалар. Өйткені «балалардың жаны жалғыз». Бірақ жас отбасына баланы қалай тәрбиелеу керектігін ешкім үйретпейді. Қазіргі қоғам отбасы құндылықтарынан айырылып, әке-бала-немере сабақтастығын жоғалтып алды. Ата-аналарға қалай «үй болып кетуді» үйрететін кітапшаларды тәжірибеде тіптен қолдана алмайсың. Мамандардың айтуынша, толық емес отбасынан шыққан балалар өз-өзіне кол жұмсауға бейім тұрады. С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың психотерапия және наркология кафедрасының ассистенті Айгүл Нашкенованың айтуынша, көп балалы отбасынан шыққан балалар да, олардың ата-аналары да суицидке бармайды: «Суицид туралы айтқанда, тұлға ретінде қалыптасқан ересектер мен қарттар туралы да айтпай кетуге болмайды. Егер жылына 200-ден аса бала өмірін қиса, жалпы алғанда 4000-нан аса адам суицидке барады. Яғни 2 сағатта 1 адам өз еркімен дүниеден өтеді. Ересектер арасында ажырасқандар суицидке көбірек барады». Сондай-ақ мемлекет тарапынан шешілуі тиіс мәселелер де көп. Қиын жағдайға тап болған жасөспірім көмек сұрап баратын орындар жоқтың қасы. Тек үкіметтік емес ұйымдардың күшімен жұмыс жасап тұрған «150» сенім телефоны бар. Білім беру департаменттерінің қасынан ашылған сенім телефондары тек жұмыс күндері қызмет көрсетеді. Ал баланың қай уақытта, қай жерде қиындыққа тап болатыны белгісіз. Елімізде жасөспірімдерге жан-жақты көмек көрсете алатын ұлттық саІІ-орталығының жоқтығы - мемлекет тарапынан дұрыс көңіл бөлінбей жатқандығының белгісі.  
- Өз өмірін қию өте өзекті мәселеге айналғандықтан, біздің орталықта мемлекеттік бағдарлама жасалып жатыр. Ол жалпы жұртшылықты қамтып, арнайы психо-медициналық көмек көрсетуді елге жақындастыруға арналған. Өйткені халық психолог пен психиатрға жүгінуді ар санайды. Сондай-ақ пациенттер мен дәрігерлердің арасында кедергілер бар. Сондықтан осы бағдарлама аясында психиатриялық ауруханалардан тыс дағдарыс орталықтары мен емханаларда психологиялық көмек көрсету орталықтарын құру көзделген, - дейді Республикалық ғылыми-тәжірибелік психиатрия, психотерапия және наркология орталығының суицидология және эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Наталья Распопова. Ал «Дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ басқарма төрайымы Зүлфия Байсақова әр сала өз бетінше жұмыс істеп, бас біріктіре алмай отыр деп пайымдайды. «Ведомство аралық бірлестік жоқ. Білім беру саласы өзін ақтаса, денсаулық сақтау саласы өзінше бір бағдарлама жасап жатыр. Меніңше, бәрі бірігіп ортақ бағдарлама жасауы керек. Жұмыстың көптігіне қарамастан, мамандар суицидке бейімі барларды байқап отыру керек. Оның өзіндік белгілері бар. 100 пайызын анықтамасақ та, кейбіреуінің алдын алуға болады».

Информация о работе Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері мен шектері