Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 14:57, реферат
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 79-бабында кәмелетке толмағандарға тағайындалатын мынадай жаза түрлері көрсетілген:
1) айыппұл;
2) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
3) қоғамдық жұмыстарға тарту;
4) түзеу жұмыстары;
5) қамау;
6) бас бостандығынан айыру.
10-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
50-бап. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
1. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.
2. Ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтару ата-ананың (олардың орнындағы адамдардың) балаларды тәрбиелеу мен күтiп-бағу мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы, ата-ананың перзентханадағы (оның бөлiмшесiндегi) немесе балаларды емдеу мекемесiндегi баласынан бас тартуы, балаларды қадағалаусыз қалдыруы, оларға қатыгездiкпен қарауы, оларды қанауы ата-аналық құқықтарынан айыруға немесе оларды ата-аналардың орнындағы адамдардан шектеуге әкеп соғады.
Баланы алып қойған кезден бастап балаға арналған жәрдемақы төлеу, сондай-ақ өзге де төлемдер соттың шешiмi бойынша тоқтатылады.
3. Ата-ана (олардың орнындағы адамдар) балаларға арналған жәрдемақыларды және өзге де төлемдердi мақсатсыз пайдаланған жағдайда, егер бұл баланың мүдделерiне елеулi нұқсан келтiрсе, әлеуметтiк қорғау органдары, қорғаншы және қамқоршы органдар, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялар немесе прокурор бала мүдделерiне орай оған негiзсiз жұмсалған қаражатты өтеу туралы талап қояды. Сот арқылы өндiрiлген қаражат баланың жеке шотына аударылады.
4. Ата-аналық құқықтарынан айырылған ата-ана ата-аналық құқықтарынан айырылуына қатысты балаларға алименттер төлеу жөнiндегi мiндеттерден босатылмайды.
51-бап. Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының сақталуын iске асыруды үйлестiруi
Балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Балалар құқықтарын қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi орган:
1) бала құқықтарын қорғау саласындағы басқа мүдделi уәкiлеттi органдардың қызметiн үйлестiредi және бағыттайды;
2) баланың негiзгi құқықтарын
iске асыру жөнiндегi әртүрлi бағдарламалар
әзiрлейдi;
3) балалар өмiрi көрсеткiштерiнiң ең төменгi
әлеуметтiк стандарттарын, нормалары мен
нормативтерiн жақсарту жағына қарай жыл
сайын қайта қарауды қамтамасыз етедi;
4) балалар құқықтарын қорғау саласындағы
уәкiлеттi органдардың халықаралық ынтымақтастық
iсiндегi қызметiн үйлестiредi.
52-бап. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау
1. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге бағытталған және оны уәкiлеттi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
2. Жеке және заңды тұлғалардың баланың құқықтарын iске асыруға бағытталған қызметi бақылау объектiсi болып табылады.
3. Бақылау тексерулер
(жоспарлы, жоспардан тыс) түрiнде жүзеге
асырылады.
4. Жоспарлы тексерулер уәкiлеттi мемлекеттiк
органдар бекiтетiн кестелерге сәйкес
жылына бiр рет кезеңдiлiкпен жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексерулер баланың қорғалатын құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу қаупiн дереу жоюды талап ететiн, сондай-ақ азаматтардың өтiнiштерiне дереу назар аударуды талап ететiн жағдайларда жүзеге асырылады.
Тексерудi жүргiзу мерзiмi бес күннен аспауға тиiс.
Ескерту. 52-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
53-бап. Баланың
құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды
жүзеге асыратын мемлекеттiк
Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасының Yкiметi жүзеге асырады.
Қазақстан
Республикасының
Президентi
Мектеп
инспекторы қандай болу керек? ТолығырақТәрбие сағатының тақырыбы:
Өмір теңіз жүзем онда демеңіз
Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз
Мақсаты: Өмірге деген құштарлықтарын,
Өтілу түрі: ойталқы.
Көрнекіліктер: өмір туралы қанатты сөздер,
суицид туралы суреттер.
Сабақтың барысы:
І ұйымдастыру;
ІІ қызығушылықты ояту.
Шаттық шеңбері
Кіріспе сөз
Ойланайық,пікірлесейік,өнерді ортаға
салайық
Жағдаяттар
Сахналық көрініс «Қария мен бала»
«Мен өмірге ғашықпын» оқушы шығармашылығы
Жүректен –жүрекке
Қорытынды
Өмір, өмір! Өмірдің мәні қандай?
Қайратыңды жігерге жанығандай.
Жүріңдер бұл өмірде қол ұстасып
Достықтарың жарасып дәл осылай.
Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Жылатып тұрып жұбатады.
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдар бірақта шыдатады,
Мына өмір бірақта қымбат әлі,- демекші
өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың.
Сол жолдан адаспаудың ең бірінші жолы
ол – өзіңді өзің тану, өзіңді өзің сыйлау,
өзіңді өзің қадірлеу.
Өмір деген –алланың берген сыйы.Өмірдің
ащы да, тәтті кезеңдері болады.Бұл кезеңдерді
жеңе білу керек. Адамзат өмірге келген
соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі
тиіс. Яғни адам саналы ,жарқын өмір сүруі
тиіс. "Өмірдің мәні туралы ойланбайтын
адам бар ма?" деген сұраққа кім болса
да: "Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын,
толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет
етуге тырыспайтын адам болмайды", —
деп жауап беретін болар. Олай болса, біз
де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы
ойларымызды ортаға салып көрейікші.
Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: "Атаның ұлы
болма, адамның ұлы бол" деп өсиет калдырғаны
белгілі.
Әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі,
мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз
мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра
алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де еңбек
ете білетін, өз құқығын қорғап, өзгелердің
кұқығын сыйлайтын, өмірден кеткен соң
артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын
адам туралы әңгіме болып отырғаны анық.
Көркем сөз А.Балабатырұлы «Өмір деген...»
оқитын Төлеуғали Балнұр
Өмір дегеніміз не?
Оның қандай құндылықтары бар.
Жауабы:
Өмір дегеніміз-баға жетпес асыл зат. Өмірді
дүниеде еш нәрсемен салыстыруға болмайды.
Өмір әрқашан өз бағытымен енеді. Өмірді
қалай өткізуімізді өзіміз білеміз, өз
еркіміз. Өмір өзен болса, ағысқа қарсы
емес. Өмір дегеніміз-баға жетпес бақыт.
Өмірге келген әрбір адам соны лайықты
өткізу керек. Өмір дегеніміз-адамның
шыр етіп дүниеге келгенінен о дүниеге
өткенге дейінгі аралық. Сол аралықта
пенденің қуаныш-қайғысы, демалып, тіршілік
етуі, жақсылығы мен жамандығы, яғни бір
сөзбен айтқанда сол ортаға қалыптасуы.
Өмірдің өзі өзен бір ағынмен жүріп отырады.
Бірде асу-толқындар кездессе, бірде жайшуақ
күндер болады.
. Өмір дегеніміз-Алла тағаланың бізге
берген сыйы, бір мүмкіндігі. Өмір кейде
жұмсақ, кейде қатал болады. Бірақ адам
өмірге қайталап келмейді. Әрбір қиындықтармен
күресе білу керек. Өмір дегеніміз-адамға
бір-ақ рет берілетін баға жетпес тәңірдің
сыйы. Осы өмірін әркім әрқилы өткізіп
алады. Өмірдің әрбәр сәтін мәнді де, сәнді
де өткізу керек.
Көркем сөз «Үш өлшем»
Өмір деген тұрмайды: қап - қарадан.
Өмір деген тұрады:ақ - қарадан,
Ақ - Қара,екі арасын ашып өтіп,
Арымен өз бақытын тапқан Адам!
Ақын «АҚ»және «ҚАРА»деп нені меңзеп отыр?
Қай уақытта адам өмірі «аққа»толы болады?
Адам өз бақытын табу үшін не істеу керек?
Адам баласы не үшін өмір сүреді?
Өмір деген несімен қымбат?
Сенің өмірдегі мақсатың қандай?
Өмірдің мәнін түсінуге ұмтылу қаншалықты
қажет?
Ән «Өмір жолы» орындайтын Жандаулет Жандолов
VІ. Төменде берілген жағдаяттарды сен
қалай шешер едің. Осы баланың қабылдаған
шешімі дұрыс деп ойлайсын ба? Дәлелде.
Жағдаяттар:
1-топ. Ата-анасы ішімдікке салынған. Үйінде
өмір сүрүге жағдай жоқ, қара нан мен қара
шайдың өзі сирек кездеседі.
2. Ата-анасынан айырылған. Отбасында жетекшілері
жоқ. Өмір сүрудің жолын білмейді. Өлімнен
басқа жол жоқ деп ойлайды.
3. Тірлігі басқалардан төмен. Жұртпен
бірдей киініп, ойнап күле алмайды. Достарымен
бірге жүрмейді. Осыны өзінің кемшілігі
деп санайды. Досы жоқ жалғыз қалады. Шешімі
қоштасу болады.
Жауабы:
1 Осы балаға берер кеңесіміз өмірден түңілмеуі
керек, әке-шешесінің жолына түспеу керек.
Осы өмірдің бір қадамы болуы керек. Өзінің
бар өмірі алда екенін түсініп, өзінің
әке-шешесіне ермей, өзінің жақсы өмір
сүруіне талпыну керек. Егер әр адам басына
түскен қиыншылықты жене алмай, өз-өзіне
қол жұмсаса, адамзат әуелі құрып кетер
еді.
2 Ата-анасынан айырылған адамдар қазіргі
заманда өте көп. «Жетім көрсең, жебей
жүр» деген сөз бар. Ол өзін ешқашан жетім
деп санамауы тиіс. Бұл да өмірдің бір
сынағы. Басыңды тік көтеріп, тек қана
алға қара. Қиындықтың бәрін өліммен шешуге
болмайды. Өзіне жақын адамдарды таба
аласың, сондықтан еңбек етіп, өмірде өз
орныңды тап. Ыбырай Алтынсарин атамыз
айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге,
кетігін тап та, бар қалан!»
Қарылғаш
Біздің ойымызша бұл жалғыздық. Жалғыздық
тек құдайға тән қасиет. Ол бала өмірдің
қызығы тек киініп, ішіп-жеу деп ойлайды.
Біз оған өзіне жақын дос табуына тілектеспіз
және өзін-өзі бағалай білу керек. Өмір
үшін қандай ма болса да қиындыққа тәуелді
болмай күресуі керек.
Суреттер бойынша ойтолға
Берілген суреттер бойынша оқушының өзіндік
ой пікірі тыңдалады.
Ән «Өміріңе немқұрайлы қарама»
Өмір – сенің жарқылдайтын аспаның,
Өмір – сенің сарқылмайтын дастаның.
Қиыншылық түскен кезде басыңа,
Дәл бүгінгі қорған болсын қалқаның.
Қорытынды:
Өмір деген тұрады:таң мен кештен,
Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен.
Құпия,жұмбақ,сырлы дүниеге,
Адамдар Армен келіп,Армен көшкен.
Өмір деген екі өзен: Мұң - қуаныш,
Толқыны: Шындық - Жалған, Күлкі - Намыс.
Бір таяздап өмірде,бір тереңдеп,
Бір лайланып,өмірде бір тұнамыз.
Күн десең де,тірлікті түн десең де,
Өмірде өсімдіктей бүрлесеңдер,
Жолында жолығатын қос тағдыр бар:
Жусан - Жантақ, гүл - Тікен,гүл мен Шеңгел.
Өмір дәмі,екі дәм: Ащы - Тәтті,
Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ - Қатты.
Жолында жолығатын екі тағдыр,
Күтеді Адам үшін сын сағатты.
Өмір дәмі - екі дәм: улы – усыз,
Тірлік татып жатады шулы - шусыз.
Кез келіп тағдырына келеді Адам,
Жұмыр Жер құрлығында сулы - сусыз.
Қолға түспес дүние жұрт таласқан,
Кітап - Өмір парағын құнттап ашқан.
Сезінер жүрегімен,жаныменен,
Өмір әр кез ашық Күн,Бұлт та басқан.
Жүректен –жүрекке
Қорытынды
Ашық тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл».
Сабақтың мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау. Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу.
Әдісі: саяхат сабақ.
Көрнекілігі: қажетті әдебиеттер, буклет, оқушылардың өз шығармашылығынан салынған суреттері, ұлағатты сөздер.
Сабақ барысы:
Жоспар
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Ой қозғау. Салауатты өмір салты дегеніміз не?
ІІІ. Салауатты әдеттер бөлімшелеріне саяхат.
IV. Қорытындылау.
І. Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызды тақырыбы: «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл». Қош келдіңіздер! Мен сөзімді Сара Назарбаеваның мынадай сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» және де «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы» Т.Корлейль деген екен.
Енді балалар
маған мынадай сұраққа жауап
беріңіздерші: салауатты өмір дегенді
қалай түсенесіңдер? Осыған байланысты
біз бүгін сыныбымызды 4 топқа
бөліп отырық. Әр топ өздеріне тапсырған
тапсырмалар бойынша дайындық жүргізіп,
бүгінгі сабағымызда сол
Сонымен саяхатымызды бастайық.
Біз келген бірінші бөлімше «Жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану бөлімшесі» деп аталады.
Оларды барлығы да маңызды. Егер сен олардың барлығын жаттап, есте сақтайтын болсаң, ешқашан да ауырмайсың, әрі сүйкімді, әрі мықты боласың.
Жеке бас тазалығының ережелері. (Даниил)
- Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;
- Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;
- Үйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;
- Тамақ ішердің алдында, жұмыс істегеннен кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу;
- Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл;
- Түшкірген немесе жөтелген кезде мұрның мен аузыңды беторамалмен жуып, теріс айналып түшкір немесе жөтел;
- Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой;
- Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің – ақ қолынан келетін іс;
- Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын;
- Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн;
- Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен;
- Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл;
- Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста;
- Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;
- Кітап – дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой;
- Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына деру қой;
- Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын.
- Ойнасаң, ойыншықтарыңды да жинап, реттеп қой.
Тері тазалығы. (Наиль)
Адам денсаулығының кепілінің бірі – тері тазалығы. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады.
Шаш және тырнақ күтімі.
Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады.
Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды.
Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.
Ал енді дұрыс тамақтану ережелеріне келер болсақ. (Әзиза)
Табиғи дәрумендер
Денсаулығымыздың
ең жақын көмекшілері –
А дәрумені. (Сая)
Теріге, шырыштың бөлінуіне, сүйектер мен тістердің қатаюына қажет. Малдардан алынатын тағамдарда болады: бауырда, сары майда, ірімшікте, жұмыртқада, балықтың майында, сары-қызыл, жасыл түсті көкөністер мен жеміс-жидектерде: шабдалы, итмұрын, қара қарақат, қарбыз, бұрыш, қырыққабат, ақжелкен, сәбіз, көк жуа т.с.с.
В дәрумені. (Дильназ)
Ағзадаға зат алмасуды реттейді, қанның түйіршіктерінің қалыптасуына, асқазан –ішек қызметін қалыптастырады және т.б. В тобы дәрумендерімен қаныққандар: жармалар, астық тұқымдастар, атбас бұршақ, сүт және ет тағамдары, жұмыртқа, көкөністер, жаңғақтар.
С дәрумені. (Солташ)
Немесе аскорбин қышқылы, қан түйіршіктерінің қалыптасу процесіне қатысады, зақымданған тері мен шырыштың бөлінуін қалпына келтіреді, иммунды жүйенің белсенділігін арттырады.
Д дәрумені. (Аяжан)
Сүйектер мен тістердің қатаюын, ағзадағы кальции мен фосфордың алмасуын реттейді.
Е дәрумені. (Аслан)
Барлық зат алмасу процесіне қатысады. Өсімдік майларының құрамында: күнбағыс, жүгері, соя. Сонымен қатар жұмыртқа сары уызы, бауыр, атбас бұршағы, қарақұмық сұлы дәруменіне өте бай.
К дәрумені. (Айзат)
Қанның ұю процесіне қатысады. К дәруменінің негізгі көздері: итмұрын, орамжапырақ, сәбіз, қызанақ, мыңжапырақ.
Темір. (Аяжан)
Эритроциттер клеткаларын
қалыптастыруға қатысады. Бауырдың, атбас
бұршақтың, көкөністердің, шабдалының,
қойбүлдіргеннің құрамында
Кальции (Камила)
Сүйектердің және тістердің, нерв жүйесінің, жүрек және бұлшықеттердің қалыптасуына қажет. Сүт тағамдарының, көкөністердің, жеміс-жидектердің құрамында болады.
Оқушының тамақтану кестесі. (Мадияр)
Оқушының сабаққа барар алдында еттен, балықтан жасалған тамақтар немесе сүт тағамдарын ішкені дұрыс. Өйткені бұл тағамдардың құрамында өсіп келе жатқан ағзаға пайдалы көптеген витаминдер мен минералдар бар. Қуатты ішкен таңертеңгі ас адамның ой еңбегі мен дене еңбегінің потенциалын көтереді.
Сағат 11-де (3 сабақтан кейін) тәтті бауырсақ пен шай немесе кофеден тұратын екінші ертеңгілік ас ішу керек.
Түскі ас міндетті түрде ыстық сорпа (кез келген), ет немесе балықтан жасалған қою тамақ, шырындар мен жеміс-жидектерден тұруы керек.
Ұйықтар алдында 2 сағат бұрын сүттен немесе көкөністен жасалған тамақ болуы керек.
Өсіп келе жатқан сендердің ағзаларыңа жүйелі тамақтанбау, диета сақтап, ашығудың қажеті жоқ. Ертең ерте мектепке асығып, тамақ ішпей кету ағзаны әлсіретеді. Теледидар алдында кітап оқып отырып, жүріп келе жатып құрғақ тамақтар жеуге болмайды.
Мыналардан бойыңызды тасада ұстаған жөн:
- Артық салмақ қосатын шамадан тыс калориялы тағамдардан;
- Біркелкі тамақтанудан;
- Қант пен тәттілерді шектен тыс пайдаланудан;
- Мал өнімдері мен шұжық майларын мөлшерден тыс қолданудан;
- Қуырылған, ысталған, тұздалған тағамдардан;
- Күніне 6 грамға дейін тұзды азайтқан дұрыс;
- Дайындалған тағамды бірнеше рет ысытудың қажеті жоқ. Өйткені, оның құрамындағы адам организміне пайдалы заттардың орнын тағамды бұзатын зиянды өнімдер алмастыруы мүмкін;
Информация о работе Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері мен шектері