Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 14:57, реферат
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 79-бабында кәмелетке толмағандарға тағайындалатын мынадай жаза түрлері көрсетілген:
1) айыппұл;
2) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
3) қоғамдық жұмыстарға тарту;
4) түзеу жұмыстары;
5) қамау;
6) бас бостандығынан айыру.
Интернаттық ұйымдарға үш жастан бастап он сегiз жасқа дейiнгi жетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады.
Жалпы үлгiдегi жалпы бiлiм беретiн мектеп-интернатқа жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ күн көрiсi төмен және көп балалы отбасылардың алты жастан бастап он сегiз жасқа дейiнгi, осы үлгiдегi ұйымдарда күтiп-бағылуға қайшы келетiн медициналық көрсеткiштерi жоқ балалар қабылданады. Интернаттық ұйымдар кәмелетке толмағандарға тұратын орын бере отырып, тәрбиелеуге, бiлiм беруге және күтiп-бағуға мемлекеттiк кепiлдiктi қамтамасыз етедi.
Ақыл-есi кем балаларға арналған интернат-үйлерге төрт жастан бастап он сегiз жасқа дейiнгi, күтiп-бағуды, медициналық, тұрмыстық қызмет көрсетудi және әлеуметтiк-еңбекке бейiмделудi қажет ететiн балалар қабылданады.
Отбасы үлгiсiндегi
балалар ауылдарына он сегiз жасқа дейiнгi
жетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балалар қабылданады. Балаларды
отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарына
қабылдаудың және оларды күтiп-бағу жағдайының
тәртiбi отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы
және Жасөспiрiмдер үйлерi туралы Қазақстан
Республикасының заңдарымен айқындалады. (РҚАО-ның ескертуi:
қараңыз. ; Р011613_ ).
Балалар ауылы (балалар үйi) әкiмшiлiгiнiң
шешiмi негiзiнде балалар үйлерi мен балалар
ауылының жиырма үш жасқа дейiнгi түлектерi,
он алты жастан бастап балалар ауылы мен
балалар үйлерiнен көшiрiлген тәрбиеленушiлер
Жасөспiрiмдер үйлерiнде әлеуметтiк бейiмделуден
өтуi мүмкiн.
Кәмелетке толмағандарды
уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту
орталықтарына қадағалаусыз және қараусыз
қалған үш жастан бастап он сегiз жасқа
дейiнгi балалар олардың ата-аналарын немесе
басқа заңды өкiлдерiн анықтау үшiн қабылданады.
2. Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi
функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға
балаларды қабылдау және оларды күтiп-бағу
талаптары, осы Заңмен белгiленбеген бөлiгiнде,
Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк
берген орган бекiткен осы ұйымдар туралы
ережемен айқындалады. (РҚАО-ның ескертуi:
қараңыз. ; ).
6-тарау. МҮГЕДЕК БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
31-бап. Мүгедек баланың толымды өмiрге құқықтары
1. Мүгедек баланың
қоғам өмiрiне белсене араласуына ықпал
ететiн өз қадiр-қасиетiн қамтамасыз ету
жағдайындағы толымды өмiрге денi сау балалармен
бiрдей құқығы бар.
2. Мүгедек бала өзiнiң дене бiтiмiне, ақыл-ес
қабiлетiне және тiлегiне сай бiлiм алуға,
қызмет түрi мен кәсiптi таңдауға, шығармашылық
және қоғамдық қызметтерге қатысуға құқылы.
3. Ақыл-есiнiң немесе дене бiтiмiнiң дамуында
кемiстiгi бар балаларды қоса алғанда, мүгедек
балалар мамандандырылған балалар ұйымдарында
медициналық-әлеуметтiк көмек алуға құқылы.
32-бап. Мүгедек баланы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк кепiлдiктер
1. Мемлекеттiк органдар және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүгедек баланың денсаулық жағдайын, қажеттерi мен мүмкiндiктерiн ескере отырып, оны оқыту, кәсiптiк даярлау, лайықты жұмыс тауып беру және жұмысқа орналастыру үшiн қажеттi жағдайлар жасауға мiндеттi.
2. Мүгедек балалардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету, оларды кәсiби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi жеке жүзеге асыратын және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен жеңiлдiктер белгiленуi мүмкiн.
33-бап. Мүгедек балаларға мемлекеттiк көмек
1. Мемлекет мүгедек балаларды қолдауға бағытталған медициналық, құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық шаралар кешенiн жүзеге асырады.
2. Мүгедек балаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк көмек Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз. ).
3. Мүгедек балаларды тәрбиелеушi және оларды күтiп-бағуды жүзеге асырушы ата-аналардың және басқа да заңды өкiлдердiң мемлекеттiк көмек алуға құқығы бар.
7-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ҚОҒАМ
34-бап. Ұлттық және әлемдiк мәдениетке баулу
1. Мемлекет балалардың Қазақстан халқының тарихымен, дәстүрлерiмен, рухани қазыналарымен және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiмен танысуына мүмкiндiк жасайды.
2. Мемлекет балалардың
шығармашылық және ғылыми
3. Порнографияны, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты дәрiптейтiн, адамның қадiр-қасиетiн қорлайтын, балаларға зиянды әсер ететiн және құқық бұзушылыққа ықпал ететiн бұқаралық ақпарат құралдарын, әдебиеттi, ойын-сауық және басқа iс-шараларды пайдалану заң бойынша қудаланады.
35-бап. Бала және дiн
1. Мемлекет баланың ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың дiни дүниетанымына негiзделген тәрбиеге араласпауға, бiлiм беру, тәрбиелеу, емдеу ұйымдарының және өзге де сол сияқты мекемелердiң шегiнен тыс жерлерде баланың қатысуымен дiни жоралардың жасалуына, аталған әрекеттер баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн, оның құқығын бұзатын және жауапкершiлiгiн шектейтiн жағдайларды қоспағанда, кепiлдiк бередi.
2. Кәмелеттiк жасқа толмаған балаларға қатысты дiни жоралар ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың келiсiмiмен жасалады. Балаларды дiнге тарту жөнiндегi мәжбүрлеу шараларына жол берiлмейдi.
36-бап. Баланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғау
1. Мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы оның денсаулығына, имандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтiретiн әлеуметтiк ортаның, ақпараттың, насихат пен үгiттiң терiс ықпалынан қорғауға мiндеттi.
2. Салауатты өмiр салтын насихаттау мен балаға құқықтық бiлiм берудi мемлекет өз саясатының басым бағыттарының бiрi деп таниды.
3. Қылмыстың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз әрекеттiң салдарынан тән немесе жан жарақатын алған балаға денсаулығын қалпына келтiру және әлеуметтiк бейiмделу үшiн қажеттi көмек көрсетiлуге тиiс.
37-бап. Баланы алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды әсерiнен қорғау
1. Баланың ата-анасы, басқа да заңды өкiлдерi, мемлекеттiк органдар, сондай-ақ баланы тәрбиелеу мен оған бiлiм беру функциясын жүзеге асыратын ұйымдар салауатты өмiр салтын және алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды екенiн насихаттауға мiндеттi.
2. Балаға алкогольдi
iшiмдiктердi, темекiнi және темекi бұйымдарын
сатуға тыйым салынады.
3. Алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарын
өндiруде немесе сатуда бала еңбегiн пайдалануға
тыйым салынады.
4. Балалар тауарларын сататын сауда ұйымдарында және мәдениет мекемелерiнде, сондай-ақ балаларға арналған iс-шараларды жүргiзу кезiнде шылым шегуге, темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады.
5. Балалар мекемелерiнде, бiлiм беру ұйымдарында және оларға iргелес жүз метр радиустегi аумақта алкоголь өнiмдерiн сатуға тыйым салынады.
38-бап. Баланы есiрткi, психотроптық, күштi әсер ететiн немесе улы заттардан қорғау
1. Бала есiрткi, психотроптық,
күштi әсер ететiн немесе улы заттарды
қолданудан, оларды дайындаудан, сатудан
немесе өзге де жолдармен таратудан қорғауға
тиiс.
2. Баланы есiрткi, психотроптық заттарды
тұтынуға тартқаны үшiн Қазақстан Республикасының
заң актiлерiнде белгiленген жауаптылық
шаралары қолданылады. (РҚАО-ның ескертуi:
қараңыз. (132-бап).
39-бап. Бала және қоғамдық ақпарат құралдары
1. Балаларға арнап нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк және дiни өшпендiлiктi өршiтуге бағытталған, тектiк-топтық ерекшелiктi, соғысты насихаттайтын, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге және Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға шақыратын үндеулерi, порнографиясы бар немесе баланың рухани және имандылық жағынан дамуына өзгеше зиян келтiретiн ойыншықтарды, кинофильмдердi, дыбыс- және бейнежазбаларды көрсетудi, сатуды, сыйға тартуды, көбейтудi және прокатқа берудi жүзеге асыруға, әдебиеттердi, газеттердi, журналдарды және басқа бұқаралық ақпарат құралдарын таратуға тыйым салынады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған әрекеттердiң жасалғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауаптылық шаралары қолданылады.
40-бап. Баланы жезөкшелiк пен порнографиядан қорғау
Баланы жезөкшелiкпен
айналысуға тартқандарға, балаға
порнографиялық материалдарды
41-бап. Баланы соғыс қимылдарына қатыстыруға тыйым салу
Баланы соғыс
қимылдарына, қарулы
8-тарау. БАЛАНЫҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖӘНЕ ЗАҢМЕН
42-бап. Баланы
заңсыз алып кетуден қорғау
Мемлекет Қазақстан
Республикасының заңдарына
43-бап. Баланың заңды өкiлдерi
1. Баланың заңды
өкiлдерi барлық мемлекеттiк органдар
мен ұйымдарда, оның iшiнде соттарда
кез келген тұлғамен қарым-
2. Қазақстан Республикасының
заңдарында кәмелетке
3. Тәрбиелеу, емдеу
ұйымдарындағы, халықты
4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға өкiлдiк ету мен оның құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау уақытша, баланы отбасына немесе балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияны жүзеге асырушы ұйымға орналастырғанға дейiн қорғаншылық, және қамқоршылық органына жүктеледi.
44-бап. Мемлекеттiк органдар және баланың құқықтарын қорғау
Балалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауды өздерiнiң өкiлеттiктерiне сәйкес мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
45-бап. Осы Заңды орындау кезiнде дауларды шешудiң сот тәртiбi
Ата-аналар (олардың орнындағы адамдар), сондай-ақ балаға бiлiм беру, оны тәрбиелеу, дамыту, оның денсаулығын сақтау, оны әлеуметтiк қорғау мен оған әлеуметтiк қызмет көрсету, оның әлеуметтiк бейiмделуiне, әлеуметтiк оңалуына жәрдемдесу жөнiндегi iс-шараларды және (немесе) ол қатысатын iс-шараларды жүзеге асырушы адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте, баланың денсаулығына, мүлкiне келтiрiлген зиянды, сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
46-бап. Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы мемлекеттiк баяндама
Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы мемлекеттiк баяндаманы балаларды қорғау саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады және ол ресми басылымда жарияланады.
47-бап. Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың құқықтарын қорғау
1. Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың өз мүдделерiнiң қорғалуына құқығы бар.
2. Баланың тұрып жатқан жерiндегi қорғаншы және қамқоршы органдар, аумақтық көшi-қон қызметтерi ата-анасының не өзге де заңды өкiлдерiнiң бар екендiгi және олардың тұратын жерi туралы мәлiметтер алуға жәрдемдеседi, қажет болған жағдайда баланы емдеу-профилактикалау немесе бала құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларын жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға орналастырады.
9-тарау. БАЛА ЖАУАПКЕРШIЛIГIНIҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ МIНЕЗ-ҚҰЛҚЫНА ӘСЕР ЕТУДЕН ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
48-бап. Бала жауапкершiлiгiнiң ерекшелiктерi
1. Құқыққа қарсы әрекет жасаған бала Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.
2. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар жаза түрiн белгiлеу кезiнде баланың өмiр сүру мен тәрбиелену жағдайын, психикалық даму деңгейiн, жеке басының өзге де ерекшелiктерiн, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалын ескеруге тиiс.
49-бап. Баланың мiнез-құлқына әсер етудiң ерекшелiктерi
Ата-анасы және басқа да заңды өкiлдерi ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтiруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсiлдерiнде баланың адамдық қадiр-қасиетiне менсiнбей, қатал, дөрекi қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиiс.
Информация о работе Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері мен шектері