Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері мен шектері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 14:57, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 79-бабында кәмелетке толмағандарға тағайындалатын мынадай жаза түрлері көрсетілген:
1) айыппұл;
2) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
3) қоғамдық жұмыстарға тарту;
4) түзеу жұмыстары;
5) қамау;
6) бас бостандығынан айыру.

Работа состоит из  1 файл

Лексия ИДН.docx

— 201.19 Кб (Скачать документ)

«Айқын» газеті 

Жаманат хабар жерде жата ма? Сайрам ауданының алты жасөспiрiмiнің  өз-өзiне қол салғаны туралы суыт хабар жұртшылықтың жағасын ұстатқаны  анық. Дос түгіл жауыңа тілемейсің ғой мұндай сұмдықты. Олардың бiреуi сiрке суын iшiп, ендi бiрi дарға асылып, өмiрiмен қош айтысқысы келсе, төртеуi ала арқанды мойнына салып  о дүниелiк болып кеттi. Он екіде  бір гүлі ашылмаған жеткiншектер  өмiрiн неге қыршын қиды екен? Сұрақ  көп, жарытымды жауап жоқ.

Тұла бойыңды дiр еткiзiп, жүрегіңді  жаншып өтетiн мұндай суыт хабарларды айына емес, күнiне еститiн болдық. Тiптi, оқыс оқиғаға селт етпей, етiмiз  өлiп бара жатқандай ма, қалай  өзі!?

Пайымдай білген кісіге, бұл жайбарақат айтыла салатын, не жабулы қазан күйiнде  қалдыра қоятын мәселе емес. Ең өзекті проблема! Ресми мәліметтерге жүгінсек, Қазақстан 100 мың адамға шаққанда суицид бойынша әлемде үшiншi орынға шығыпты. Ойланатын жайт. Дәрігерлер мен психологтар  ғана емес, баршамызды толғандыруы  тиіс.

Құрбандыққа шалынғандар…

Дүние жүзінде жыл сайын жиырма миллионға жуық адам өз өмiрлерiн  қию жөнінде екі ұшты сүреңсіз ойдың жетегінде жүрсе, олардың  бiр миллионы тәуекелге бел буып, жарық дүниемен қош айтысып жатады. Пәни дүниені тәрк етіп, бақилықты  қолай көретіндей не күй түсті  бастарына?! Бұл өмірден баз кешкен әлгі бiр миллионның сегiз мыңы —  қазақстандықтар екені қандай өкінішті. Қабырғаны қайыстырады екен тіпті. Бұл дегенiңiз бiздiң елде сағат  сайын бiр кiсi суицидтен бақилыққа  аттанып жатқандығын көрсетедi. Әсiресе, «қолдан жасалған» өлiмнiң елiмiздiң  келешегi саналатын жастардың арасында кеңінен таралуы алаңдатпай қоймайды. Желкілдеп өсер жеткіншектердің  бұ жалғаннан түңілетіндей не зобалаң  келді соншама десеңізші! Күнделікті өмірде кездесетін кесел жөнінен Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарынан кейiнгi төртінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы тұр.

Жоғарыда айтып өткендей, жыл  сайын әлемде бiр миллионнан астам  адам өзiн құрбандыққа шалады десек, оның 280 мыңы қытайлықтар, 51 мыңы орыстар, 30 мыңы америкалықтар, 25 мыңы жапондықтар, 20 мыңы француздардың үлесiнде екен. Жер жаһанда әрбiр 20 секунд сайын  бiр адам өз өмiрiне балта шабуда. Шведтiң суицидиологиялық зерттеулер орталығының мәлiметiне сүйенсек, жан  басына шаққандағы көрсеткiш бойынша  бiрiншi орынды Шри-Ланка (100 000 жасөспiрiмге  — 46,55), екiншi орынды Қазақстан иеленген (100 000 жасөспiрiмге — 24,02). Психологтардың сөзiне қарағанда, өз-өзiн өлтiру оқиғалары  әйелдерге қарағанда ер адамдар  арасында жиi ұшырасады. Қазақта «әйелдің қырық жаны бар» деген сөз текке  айтылмаған-ау расында. Ал, еркектер күйзеліс кезінде болат сияқты морт кететін  сыңайлы. Тәуекелге бас тіккен ер адам өз-өзiне қол саламын деп  шешсе, онда олар өз iсiн аяғына дейiн  жеткiзуге ұмтылатын көрінеді.

Кісі өлтірушіден өзін- өзі өлтіруші көп

Елiмiзде 2005-2007 жылдары кәмелетке  толмағандар арасында осындай 1364 дерек  анықталып, оның 887-i қазамен аяқталыпты. 2009 жылы бұл көрсеткiш 244 болған. Бiлiм  және ғылым министрлiгiнiң мәлiметiне қарағанда, өткен жылы республикада кәмелетке толмаған жасөспiрiмдердiң  арасында 340 суицид әрекетi орын алып, 211 бала өмiрiмен қош айтысқан. Ал, Оңтүстiк  Қазақстан облысын таратып айтар  болсақ, кәмелетке толмағандар арасында мұндай жағдайдың 2009 жылы 43, 2010 жылы 27 дерегi кезiккен. Бұл облыстық балалардың құқын  қорғау департаментi мамандарының бізге  берген мәлiметi. Облыстық денсаулық  сақтау департаментiнiң мамандары  өткен жылы өңiрiмiзде жастар арасындағы өзiне-өзi қол жұмсау әрекетiнiң 96 дерегiн  тiркептi. Шымкент қаласының өзiнде 68 жағдай орын алыпты. Олардың 49-ы токсикология бөлiмшесiнде емделген. Ал, облыстық жүйке аурулары диспансерiнде 6 науқас ем қабылдаған.

Ал, облыстық iшкi iстер департаментiнiң  баспасөз қызметi өткен жылы 18 жасқа  дейiнгi балалар арасында 64 суицид жағдайының орын алғанын айтады.

Сондай-ақ, былтыр облысымызда жалпы 147 суицид оқиғасы орын алған екен. Ендi мына деректi қараңыз. Ал, қасақана кiсi өлтiрушiлердiң саны 116 болған. Яғни, өңiрiмiзде кiсi өлтiрушiден гөрi өзiн-өзi өлтiрушiлер көбейген.

Махаббат ажалды жеңеді

Тағдырдың сан қилы соқпағына түсіп, шақшадай басы шарадай күйге еніп, оны тауға да, тасқа да ұрып, пұшайман күйдегі пақырдың әрекетін түсінуге болар. Санасын соққы жеп, өмiрден әбден түңiлген ересектер емес, әлi бесiктен белi шықпаған балалар мұндай өрескел қадамдарға барып жатса, қалайша жаныңыз ашымас? Жаста  берген тәрбие жас шыбықты игендей  ғой. Жаны таза, көңілі кіршіксіз сәби сезім кейбір қара ниетті пенделердің  әрекеті мен тірлігіне төзе алмауы әбден мүмкін. Олар үшін ойланбай айтылған сөздің өзі оқ болып тиіп, жазықсыз жанын жаралап түсуі хақ. Әсіресе, өтпелі кезең өте қауіпті. Сондықтан, әрбір ата-ана бұл мәселеге мұқият болғаны жөн. Әйтпесе, орны толмас өкініште қалу оп-оңай. Әке балаға, шеше анаға  бауыр басып, олармен ашық-жарқын сырласып, пікір бөлісіп отырғанның артығы жоқ екенін дәрігерлер мен  психологтар да жоққа шығара алмасы анық. Сонымен, көз алдыңызда жүрген бауыр етi балапаныңыздан қалай көз  жазып қалдыңыз?

Иә, бұл сұраққа ешкiм әлi нақты  жауап таба алған жоқ. Яғни, сан  мәрте ойлансаң да адамның санасына кiрмейтiн жастардың мұндай әрекетi көп жағдайда жұмбақ өлiм күйiнде  қалуда. Әлемнiң талай-талай ғалымдары  суицид себептерi жөнiнде түрлi нұсқаларды айтқанымен, дөп басып ешнәрсе  дей алмауда.

Суицидтi зерттеушi ғалымдардың бiрқатары  оның дiнмен байланысына көп мән  бередi. Себебi, мемлекет неғұрлым атеистiк  бағыт ұстанса, сол елде өз өмiрiне қол жұмсаушылық оқиғалары да көп болады. Мәселен, Ислам мемлекеттерiнде  өзiне қол жұмсаушылық жағдай тіпті  жоқ десе де болады. 100 мың адамға 0.1 оқиға ғана тiркеледi. Ал, христиан дiнiн ұстанатын елдерде бұл  көрсеткiш 11,2-ге дейiн жоғарылайды. Буддаға  сыйынушылардың қоғамында бұл көрсеткiш 17,6-ға дейiн өскенiн байқатады. Яғни, әлем бойынша суицид оқиғасы ең көп  көрiнiс беретiн ел коммунистiк  Қытай болып табылады.

Жастар арасындағы өз-өзiне қол  жұмсаушылық Сайрам ауданында жиi орын алған.

Оның себептерiнiң арасында әлеуметтiк  жағдай, отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң  осалдығы, моральдық және физикалық  зорлық-зомбылық, дiни ағымдардың әрекетi, есiрткi қолдану, жоғары сынып оқушыларының төменгi сынып балаларының намысына тиетiн әрекеттер жасауы сияқты жағдайлар бар. Басқаны былай қойғанда, ұлттық бiрыңғай тест қорытындысынан кейiн психологиялық әсер етуден болатын суицидтi қосыңыз. Рас, оның адам тағдырын шешудегі орасан зор рөл атқаратыны даусыз. Алайда, өмірдің мәнін тек ҰБТ қорытындысымен бағалауға бола ма? Ал, облыстық балалардың құқын қорғау департаментi мамандарының мәлiметiне сүйенсек, өз-өзiне қол жұмсаған балалардың 81 пайызы әлеуметтiк жағдайы жақсы, ата-анасы бар отбасынан. «Байлар да жылайдының» кебі емес деп кім айта алады? Өмірдің барлық сәтсіздіктерін бақытсыздыққа балауға бола ма, сірә. Жастайынан үлде мен бүлдеге оранып өскен өрен өмірдің ащы -тұщысына шыдай алмайтын шығар. Ал, тұрмысы төмен отбасының балалары тауқыметке төзімді, жаны сір келетіні рас-ау тегінде. Кейбiр психолог мамандар дүниенiң ақпараттануы, адамның табиғаттан алшақтауы, неше түрлi компьютерлiк ойындар көбiнесе жастардың арасында суицидтiң көбеюiне алып келедi дейдi. Ал, облыстық балалардың құқын қорғау департаментiнiң бастығы Ғалия Жүсiпованың да пiкiрiн қосқымыз келiп отыр. Департамент басшысы осы мәселенiң ақпарат құралдары арқылы жиi қозғала беруiне наразылық танытуда. Себебi, аты жаман мәселе айтылған сайын көбейiп бара жатыр деп қынжылады.

Саны бар, сапасы…

Ұлжамал Бисебаева, мектептердегi психологтардың да күрделi мәселесiн тiлге тиек еттi. Бүгiнгi таңда облыста 1414 психолог маман  жұмыс iстейдi екен. Дегенмен, олардың  ғылыми-әдiстемелiк, тәжiрибелiк тұрғыда  дағдылы iскерлiгi әлсiз екенiн жоққа  шығармайды. Облыстағы бiлiм ошақтарында  осы мамандарға ережеге сай жағдай жасалмағанын да айтып кеттi. Мектептегi психологтар сабақ беру кестесiне енбейдi, яғни сыныпқа кiруге мүмкiндiгi жоқ. Тәрбие сағаттарына сұранып, балаларды  түстен кейiн шақыруға мәжбүр. Оған көбiне оқушылар түгел келе бермейтiнi анық. Кеңес берiп, тренинг сабақтар өткiзу үшiн жеке кабинеттердiң де бөлiнбеуi мамандардың жұмысына кедергi келтiредi.

Әрине, суицидтiң алдын алуда  психологтардың алатын орны зор. Ендеше, сенiп отырған мамандарымыздың  жағдайы жаңағыдай болса кiмге  үмiт артамыз ? Саны көп, сапасы жоқ  психолог мамандардан не үміт, не қайыр?

Дінің тұрса, дін аман…

Қасиеттi Құран Кәрiмдегi Ниса сүресiнiң 29-аятында: «Өздерiңдi-өздерiң өлiмге  қимаңдар», деген Алла Тағаланың  ескертуi бар. Ал, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.ғ) хадистерiнде: «Кiмде-кiм у iшiп  өлетiн болса, ол тозақта сол уды  мәңгi iшетiн болады. Егер кiмде-кiм  өзiн жардан тастап өлетiн болса, ол тозақтың түбiне мәңгi тасталады», делiнген. Жалпы, мұсылман әлемiнде өз-өзiне қол  салу харам iс болып табылады.

Облыс имамының орынбасары Мұхаметжан Естемiров соңғы жылдары жастар арасындағы суицидтiң көбейiп бара жатқанын жоққа шығармайды. Дегенмен, ел арасына iрiткi түсiп кетпес үшiн  және дұға ретiнде ондайларға жаназа оқылып жүргенiн айтады.

— Өзiне қол салу рухани бiлiмнiң  таяздығы деп бiлемiн. Осындай жағдайларда  жаназа үстiнде сұрағанымызда көбiне мектептегi тепе-теңдiк мәселесi, яғни, материалдық құндылықтың да бала санасына көп әсер ететінiн жиi естимiз. Қазiр ғылымда дәлелденiп отырған  тағы бiр жәйттi айта кеткiм келiп  отыр. Ата-бабаларымыз судың, тағамның бетiн жауып жүрiңдер деп үнемi айтып отыратын. Яғни, су немесе тағам  ашық қалса, бiзге көрiнбейтiн өрмекшi келiп судан ұрттайды екен. Сөйтiп, өзiнiң уын қалдырып кетедi. Сол  асты iшкен адамның көзi бұлдырап, үнемi өрмекшiнiң торы елестеп, жiп көрiнiп  өзiн асып қойғысы келiп тұратын  көрiнедi. Қазақылыққа мән берген дұрыс. Ас-суымызды таза ұстап, құдықтың бетiн жауып қойған жөн. Оның бiр  дәлелi бұрын мұндай суицид жағдайы  жиi кездеспейтiн, -дейдi имам бiзбен әңгiмесiнде.

Сонымен бiрге, қазақта суицидтiң  «аспа кесел» деген түрi бар екенi рас. Бабаларымыз оның өзiндiк шипасын  да тапқан. Мысалы, өзiн асқалы тұрған немесе сондай iске баруға дайындалып жүрген адамның көзiнше қара мысықты  немесе қара тауықты асып өлтiрсе, әлгi адам дертiнен айығып кететiн болған.

Жуырда ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң  депутаты Ж.Сүлейменов белең алып кеткен өз-өзiне қол жұмсау фактiлерiн азайтуға үкiметтiк деңгейде көңiл бөлу қажеттiгiне тоқталды. Сөйтiп, Премьер-министрге  арнайы сауал жолдады. Халық қалаулысының айтуынша, жасөспiрiмдер арасындағы суицидтi тоқтатуға психологтардың дәрменi жетпей отыр. Сондықтан, жан күйзелiсiне ұшыраған жастарға көмек көрсету шарасын  ширату қажет.

Шетелдiк ғалымдардың айтуынша, шын мәнiнде, өзiне-өзi қол жұмсауды ойлаған адамдар өмiр сүргiсi келiп, көмек iздеп шарқ ұратын көрiнедi. Әрине, өмiр деген тәттi ғой шіркін. Бағалай  білген адам оның әрбір сағаты мен  минутын алтын берсе де айырбастамас еді. Өйткені, өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Өлшеніп берілген ғұмырды өкінбестей өткізу адамға парыз. «Ашу дұшпан, ақыл дос» деп бұрынғылар дұрыс айтып кеткен. Сондықтан, кез-келген нәрсеге сабырмен қарап, әр қимылыңды жеті рет өлшеп, бір рет қиған ләзім. Мұндайда ойдағы әзәзілден, бойдағы шайтан қылықтан, жүректегі кірден иман мен дін ғана құтқара алады.

Назгүл Назарбекова, 
Серікқали Жексенбаев, 
«Алтын Орда», 
Оңтүстік Қазақстан облысы.

 

Тақырыбы: «Жаманнан  жирен, жақсыдан үйрен».

Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, оларды ішімдік, темекі, есірткі сияқты қоғамның кері келтіретін құбылыстары жөнінде мәлімет бере отырып, олардан бойын аулақтату.

Әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, сахналық көрініс, анкеталық сұрақтар.

Сабақтың  барысы:

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме! Сіздермен,  шын жүректен тәрбие сағатын бастауға қуаныштымын. Адамның өмірі тамаша, сәулетті көктем емес пе? Еліміздің әрбір адамы қалауынша өмір сүруге құқылы. Ал енді өмір туралы, денсаулық туралы ойланып көрейікші. Адам өмірі ғажайып нәрсе болғанымен, қас қағым сәтте үзіледі. Сол жіпті үзетін дерт- наша, темекі, арақ. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адам денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлар және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер жатады.     

 Осы жағдайлар ішінде  бізге түсінбеушілік тудыратын  соңғысы, яғни адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер.    

 Бұлар қандай әрекеттер?

Бұлар: шылымқорлық, ішімдік, нашақорлық т.б. Бүгінгі тәрбие сағатында біз осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме қозғап, солардан сақтану жолдарын қарастырамыз.     

 Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді. 

І топ «Шылымқорлық»

Ұраны: «Темекіден түтін сорсаң улайсың, өзіңді-өзің жіпсіз байлап шырмайсың».

ІІ топ «Ішімдік»

Ұраны: «Болар бала кісілікке  үйір, тозар бала ішімдікке үйір».

ІІІ топ «Нашақорлық»

Ұраны «Есірткіге жолама, жетелейді  молаға».

Мұғалім: Топтарға сөз бермес бұрын, мен жас жеткіншектердің психологиялық сауаттылығына кері әсер ететін факторлар туралы айта кетейін.    

 Олар: 1) Отбасындағы қолайсыз  жағдай.

2) Отбасының материалдық  жағдайының төмен болуы.

3) Мектептегі пәндерден үлгермеу.

4) Сабақтан тыс уақытта ата-аналар тарапынан бақылаудың жеткіліксіз болуы.

5) Заңды бұзу.

6) Бөгде біреудің қысым көрсетуі.

7) Теледидар бойынша көрсетілетін  сапасыз жарнамалар және фильмдер.     

 Ешқандай ата-ана баласының  тәрбиесіз, бұзақы болғанын қаламайды.  Жас жеткіншек шыбық секілді  иілгіш, жел қайда соқса сол  жаққа қарай бейімделеді. Бірақ жаман ідетке үйрену оңай. Енді осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме жүргізейік.

І – топ «Шылымқорлық»

1-оқушы: Темекінің шығу тарихы – темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең тек жайған мезгіл – Петр І патшалық еткен кез.

2-оқушы: Дүниежүзілік «Денсаулық сақтау» ұйымының мәліметі бойынша 2007 жылы темекінің зардабынан қайтыс болатындар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекінің шоғы 300 градусқа жеткенде оны сорған адамның аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазан қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді.

Информация о работе Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері мен шектері