Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 14:57, реферат
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 79-бабында кәмелетке толмағандарға тағайындалатын мынадай жаза түрлері көрсетілген:
1) айыппұл;
2) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
3) қоғамдық жұмыстарға тарту;
4) түзеу жұмыстары;
5) қамау;
6) бас бостандығынан айыру.
3-оқушы: Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады.
4-оқушы: Ертеде Түркияда темекі тартушылардың құлағын, мұрнын кесіп, қолын шауып тастаған. Англияда темекі тартатындарды дарға асқан. Ал Швецияда 2000 жылдан бері жас ұрпақ шылым шегуді білмейді.
Мұғалім: Қазіргі кезде республикамыздағы мектеп оқушылары арасында 13-15 жастағы оқушылардың 46 пайызы шылым шегеді. Бұл – өте өкінішті жағдай.
Топ мүшелеріне қойылатын сұрақтар:
1. Не себептен балалар темекі шеге бастайды?
2. Адам күніне бір қорап темекі шегетін болса, оның өкпесіне бір жылда қанша темекі қоры жиналады?
Мұғалім: Қазіргі кезде темекіден арылғандар саны көбейе түсуде. 31 мамыр – шылымқорлықпен күресудің халықаралық күні деп белгіленген.
ІІ - топ «Ішімдік»
1-оқушы: Маскүнемдік – алкоголь ішімдіктерін үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сіңіп кететін дерт. Ағзаның бірқатар қызметін бұзатын және тереңдей беретін кесел. Алкоголь ішімдіктеріне құнығу жолдары:
1. Тұрмыс жағдайындағы маскүнемдік.
2. Бас жазу синдромы немесе үнемі ішкісі келу.
3. Ішкен ішімдік мөлшерін бақылауды жоғалту.
2-оқушы: Алкоголь ішімдіктеріне тым үйір адамның өмір ұзақтығы – халықтың орташа өмір ұзақтығымен салыстырғанда 15-20 жас кем. Баланың миының дамуының 40-60 пайыз артта қалу себебі ата-аналарының маскүнемдігі.
3-оқушы: Қазақстанда халықтың басым көпшілігі алкоголь ішімдктерін пайдаланады, оның ішінде балалар-7 %, жасөспірімдер-37 %, жастар-54,5 %. Бұл балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарының біреуі не екеуі де маскүнемдікке салынған жандар екені анықталған.
1-оқушы: Кәпір ғұрыпты бұзады, шарап шырықты бұзады.
2-оқушы: Әзәзіл қоздырады, арақ тоздырады.
3-оқушы: Жол жеті түнде, арақ тал түсте адастырады.
4-оқушы: Ішпесең-малын торысың,
Ішсең-елдің зорысың
Отбасының сорысың.
5-оқушы: Тазда бас бар, шаш жоқ
Маскүнемде ауыз бар, бас жоқ.
6-оқушы: Арақ алдымен күлдіреді,
Күлдіріп отырып бүлдіреді.
Мұғалім: Маскүнемдікті дер кезінде тоқтатпасаң, айықпас дертке ұшырап өз өміріңе балта шабасың.
ІІІ – топ «Нашақорлық»
1-оқушы: Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі.
2-оқушы: Есірткінің негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана және т.б. жатады. Барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп зақымдайды.
3-оқушы: Біздің елімізде ресми түрде 35 мыңға жуық нашақор наркологиялық диспансерде тұр, ал тіркелмегендердің саны одан әлдеқайда көп. Қазірде Алматы қаласында нашақорлықтан емделетін диспансерлік орталықтар жұмыс істейді.
4-оқушы: 2000 жылы республикамыздың есірткі бизнесі аумағында 20 мыңға жуық қылмыс тіркелген. Барлығы 30 тоннаға жуық түрлі есірткілер тәркіленген. 2002 жылдың 9 айында есірткі айналымына байланысты 14687 қылмыс тіркелді.
Мұғалім: Осы есірткі турасында дәрігер айтсын немесе заңсыз сатып алынсын мейлі, есірткі атаулының бәрі – у. Турасын айтқанда, бұл – өлімге апаратын бірден-бір жол.
Слайдтан зиянды заттар туралы көріністер көру.
«Жалғасын тап» ойыны.
1. Денсаулық – зор байлық.
2. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.
3. Шынықсаң – шымыр боласың.
4. Ауруын жасырған өледі.
5. Арақ – атаңның асы емес.
6. Дені саудың – жаны сау.
7. Ішің ауырса, аузыңды тый.
8. Емнің алды – еңбек.
9. Жарлының байлығы – денінің сау
10. Темекі – жау.
Мұғалім: Енді осы зиянды әрекеттер туралы мына анкета сұрақтарына жауап беріңдер.
Анкета
1. Зиянды әдеттердің адам денсаулығына зиянды екенін білесіз бе?
А) иә
ә) жоқ
б) күмәнім бар
2. Сіз зиянды әдеттерге бейімсіз бе?
А) жоқ
ә) көңілсіз болғанда
б) иә
3. Шылымның, ішімдіктің, есірткінің денсаулыққа зиян екенін білесіз бе?
А) иә
ә) көп әсері жоқ деп ойлаймын
б) білмеймін
4. Бұл заттарды сатуға тыйым салу жастардың қызығушылығын азайтады дегенге сенесіз бе?
А) иә
ә) жоқ
б) ішінара
5. Зиянды әдеттер туралы мағлұматтарды қайдан аласыз?
А) Ақпарат құралдарынан
ә) жолдастарымнан
б) ата-анамнан
«Денсаулыққа байланысты» өлең жолдарын сұрап өту.
1-оқушы:
Денсаулық ол-шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол-тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
2-оқушы:
Денсаулық ол-күлуің
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық ол-жүруің
Ешбір жерің ауырмай.
3-оқушы:
Ұрпақ керек ертеңгі
Болашақты болжайтын!
Дені таза, тәні таза,
Елін, жерін қорғайтын.
4-оқушы:
Есірткі жойылсын,
Ішімдік құрысын:
Дені сау ұрпақтың
Ұрпағы көбейсін!
5-оқушы:
Мәдениет өркендеп,
Табиғат көркейіп,
Қазақтың сымбатты
Ұл-қызы көбейсін!
«Денсаулық» сөзінің әрбір әрпін салауатты өмір салтын ашатын, сипаттайтын сөздермен, сөз тіркестерімен, сөйлемдермен өрнектейік.
Д – демалу
Е – еңбектену
Н – нашақорлыққа жоламау
С – салауатты болу
А – алғырлық
У – уайымсыз өмір
Л – лайықты өмір
Ы – ынта
Қ – қозғалыс
Қорытынды.
Мұғалім: Ыбырай Алтынсарин: «Көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста». Олай болса, балалар, бойға желік бітіріп тек жамандыққа бастайтын ащы судан арылайық! Ішімдіктің, темекінің, есірткінің зардаптарынан болатын өзгерістердің ішіндегі ең елеулілері – адамның ақыл-ойы мен санамыздың бұзылуынан сақтанайық, жас ұрпақ!
Социологиялық зерттеулер
барысында заңды тыңдайтын
Девиантты мінез құлықтың мәнің түсінудің
басты шарты ретінде «норма» ұғымы енгізіледі.
Әлеуметтік норма-нақты қоғамда тарихи
қалыптасқан жеке адамның, әлеуметтік
топтың не ұйымдардың рұқсат етілен мінез-құлық
шаралары. Әлеуметтік нормалардың негізі
құқықтық заңдарда, мораль мен этикетте
жатыр.
Көптеген жағдайларда ауытқыған мінез-құлық
әлеуметттік санкцияға жатқызылады. Тәртіп
бұзуға, адамдар арасынадағы қатынасқа(өтірік,
дөрекілік) байланысты түзетулер девиацияның
әлсіз және кездейсоқ формаларын қоғамдық
пікір тіркейді және қатысушыларлың өз
арасында жағдайға байланысты түзетулер
енгізіледі. Девиацияның тұрақты формаларын
жазалау әдістері мен құралдары ауытқулардың
қауіптілік деңгейіне байланысты анықталады.
Мұнда евиация дегеніміз кең мағынадағы
әлеуметтік құбылыс екендігі ескеріледі(қоғамдық
орын мен отбасындағы дөрекіліктен бастап,
адам өлтіруге дейінгі) Сондықтан мінез
құлықты кең және шағын мағынада алып
қарастырады.
Тар мағынада алғандағы
девиантты мінез-құлық қылмыстық жазалауға
жатпайтын,яғни құқық бұзушылық болып
есептелмейтіе ауытқулар ретінде түсініледі.
Кең мағынада алғанда девиантты мінез-құлық
құлыққа қарсы барлық формалар ретінде
түсініледі. Осылайша, адамның өзін-өзі
өлтіру-девиация, ал біреуді өлтіру қылмыс
болып есептеледі. Құқыққа қарсы әрекеттердің
жиынтығы немесе қылмыстар делинквентті
мінез құлық деген атқа ие болады. Бұл
екі мән де социологияда да, құқық социологиясында
да қолданылады. Маңызды қылмыстардың
барлығы саналы түрде жасалған-жасалмағанына
қарамастан, құқыққа қарсы әрекет санатына
жататын болса, делинквентті мінез-құлыққа
жатады. Мұндай мінез құлыққа ұрлық, алаяқтық,
тонау,пара, құжаттарды қолдан жасау, өндірістік
шпионаж жатады.
Заңды социологияда халықтың мінез-құлыққа
жақын санатын, яғни қатерлі тобы бөліп
көрсете алады. Оларға, мысалы қаңғыбастар,
маргиналды топтасулар жатады.
Потология-әлеуметтік ауытқулардың келеңсіз
формалары болып саналады, оған: қылмыс,
маскүнемдік,нашақорлық, жезөкшелік жатады.
Бұл формалар дисфункционалды, оларға
қоғамға бүтіндей және нақты жеке тұлғаға
зиян әкеледі.
Құқық бұзу мен оның неғұрлым ауыр формасы-қылмыс
өзінің әркелкілігімен, сондай-ақ қоғамдағы
келеңсіз көрінісімен тіпті қауіптілімен
ерекшеленеді. Бұл құбылыстарға социологиялық
тұрғыда қарау дегеніміз олардың табиғатын,себебің
және қайта өндіру мен қызмет ету механизмін,
тарихи шарттасқан қоғамдық құбылыстармен
байланысын, сондай-ақ оларды жеңу жодарын
айқындау
Девиантты мінез-құлықтың себебі, негізгі
көзі неде? Бұл сұраққа әр қаладағы ғалымдар,
соның ішінде социологтар мен заңгерлер
басын қатырды.
Кеңестік тұжырымдамада таптық тамырдың
мәнін ашуға басты назар аударылды: таптық
қоғамда қылмыс қоғамдық қатынастардың
өз құрылысынан туындап жатты. Таптық
себептерге ерекше мән беру социализмде
қылмыс жасауға арнайы себептер жоқ деген
тұжырым жасауға итермеледі.
Идеологияның жалаң қағидаларын жеңе
отырып, біздің ғалымдар аймақтық, жастық,
кәсіптік, әлеуметтік-таптық т.б сияқты
әр түрлі заңдылықтарды ашып берді. Бүгінде
мәселені зерттеушілердің көпшілігі әлеуметтік
бастама кез-келген саналы мінез-құлыққа
басым болатынына,оның жеке тұлға құрылымындағы
биологиялық элементтермен терең өріліп
жатқанына келіседі.
Әлеуметтік терең қайшылықтар қылмыс,
нашақорлық, маскүнемдік, жезөкшелік сияқты
келеңсіз құбылыстарға әкелмеуі мүмкін
емес. Мысалы, қылмыстың сондай әлеуметтік
факторына кедейшілік жатады.БҰҰ-ың эксперттерінің
1998 жылғы есебіне қарағанда, планетада
миллиардтан астам өте кедейшілікте,1,3
миллиард адам суға жарымай, 1 миллиард
адам тұрғын үйсіз,880 миллион адам тиісті
медициналық көмек ала алмай, сонша адам
сауатсыз өмір сүріп жатыр. Африка мен
Оңтүстік Азияның көптеген елдері кедейшіліктен
шыға алмай отыр. Тұтынудағы
айырмашылық та өсіп келеді:ең бай деген
елдерде тұратын халықтың 20 проценті ең
кедей деген елдегі 20 процент халықпен
салыстырғанда 16 есе көп. Мысалы, Индияда
халықтың 19 проценті жұмыссыз.
ТМД елдерінде қылмысқа нарықтық қатынастарға
өтуі және бәсекелестік, инфляция, жұмыссыздық
сияқты феномендердің көрінісі әсер етеді.
Статистика 1996 жылдың аяғына қарай Қазақстандағы
ресми тіркелген еңбекте жарамды халықтың
деңгейін-4,2 процент деп белгілейді, бірақ
ресми емес мәліметтер еңбекке жарамды
халықтың 10 процентін құрады.
Қылмыс жасаған он адамның жетеуі-жұмыссыздар.
Қазақстан нашамен жабдықтанушы елге
айналды. Сондықтан Интерполдың мүшесі
ретінде ерекше айып төлейді. ҚР мүшелік
жарнаға үш бірлік төлейді. Әр бірлік 17
мың 100 швейцар франкі мен нашамен жабдықтаушы
ел ретінде «қара» базарға тағы соманың
20 процентін төлейді.
Қазақстанның басқа мұндай айыпты Ауғанстан,
Пәкістан, Колумбия, Венесуэла төлейді.
Ұзақ жылдар бойы нашақорлық біздің елемізде
тек батыстық өмірге жататын құбылыс ретінде
есептелді. Қазір нашақорлық құбылыс ретінде
қалыптасқанын ешкім жоққа шығара алмайды
және оның жеке адамдар мен бүтіндей қоғамға
қаншалықты зардап әкелетінін түсінеді.
Әлеуметтік зерттеулер нәтижелері нашақорлардың
көп бөлігі белгілі бір дәрежеде өздеріне
төнген қауіпті сезініп, өз құмарлығына
сындарлы көзбен қарайтындығын көрсетті:
сұралғандардың 12 проценті оның өлтіретін
күшін сезінсе, 66,5 проценті оған қарсы
қарайды. Наша қолданғаннан ешқандай жамандық
көрмеймін деп есептейтіндер,негізінен,
гашишті жаңадан бастаушылар. Наша қабылдағаннан
кейін болатын қозуды, көніл-күйдің көтерілуін
тәжірибесіздіктен және надандықтан бұл
зат өз денсаулығына игілікті әсер етті
деп қабыдайды.Бірақ белгілі бір кезеңде
денсаулығы мен психикасы бұзыла бастағанда,
көптеген нашақорлар оны алда не күтіп
тұрғанын саналы түрде сезіне бастағанымен,
бұл әдеттен бас тартуға күші жетпейді.
Нашақорлықпен күреске
әлеуметтік, экономикалық, мәдени сипаттағы
шаралар, соның ішінде маскүнемдікке қарсы
шаралар қолданылады. Бірақ нашақорлықтың
даму ерекшелігін ескере отырып, бұл мінез-құлықтың
ауытқуына байланысты әр түрлі шаралар
қолданылады: медициналық, құқықтық,т.б
ҚР-да нашақорлықпен күресуге байланысты
2000 жылдың 17 ақпанында Президент жарлығымен
«Нашақорлық пен наркобизнеске қарсы
күрес агенттігі» құрылды.
ҚР Президентінің 2000 жылғы 19 сәуірде қылмыс
пен коррупцияға қарсы күрес мәселелеріне
арналған мәжілісінде сөйлеген сөзінде
көрсетілгендей, елде қылмыстың өсуін
тоқтатып, криминалды жағдайды тұрақтандыруға
қол жеткізілді. «Ең бастысы,- деп атап
көрсетті елбасы,-біздің еліміз діни негіздегі
кикілжіңдер мен ұлттық қақтығыстарға
жол бермеді»Елдегі жағдай қылмыстық
әрекеттердің шиеленісуіне қарсы іс-қимыл
белсенділігін арттырып,қатал да тегеурінді
шаралар қабылдау қажеттігін көрсетеді.
Қылмыс деңгейі әлі де жоғары: Тәулік сайын
республикада 400 шамалы қылмыс жасалады.
1999 жылы 497 кісі өлтіруші (20процент),873 қарақшылық
шабуыл жасаушы, 4250 тонаушылар мен 22 мыңға
жуық ұры жазалаусыз қалды. Барлық жерде
қылмыстық дәстүр мен салт,қылмыс әлемінің
шеберлігін арттыру мен мамандануы жандана
түсті.
Көптеген азаматтар үшін кірістің негізгі
көзі қылмыстық бизнеске айналды.
Қазақстанда «заңды ұрылар» деген ұғым
пайда болыд, олар қылмыстық топтар арасындағы
қарым-қатынастарды реттейді, Наркобизнес,
спирт контрабандасы, ұрланған машинаны
сату өркендеп, жезөкшелік қалыпты құбылысқа
айналды.
Қылмыс бұзудың арта түсуіне маскүнемдік
әсерін тигізуде. Статистика көрсеткендей,
ауыр жағдайдағы бұзақылық, зорлаудың
90 проценті, басқа қылмыстардың 40 проценті
маскүнемдікке байланысты болып отыр.
Кісі өлтіру,ұрлық,қарақшылық шабуыл жасау,
ауыр зақым тигізудің 70 процентін адамдар
мас күйінде жасаса, ажырасудың 50 процентке
жуығы маскүнемдікке байланысты.
Мінез құлықтың ауытқуы девиацияның әр
түрлі формалары арасындағы байланыстың
заңдылығы сияқты қаралады.Мысалы, суицидті-
мінез-құлық пен әлеуметтік ауытқулардың
басқа формаларымен, мысалы, маскүнемдікпен
байланысына сөз жоқ. Сот экспертизасы
көрсеткендей, 68 процент ерлер мен 31 процент
әйелдер алкогольді масаю салдарына өз
өмірлерін қиған. Асқынған маскүнем ретінде
есепте тұрған ерлердің 12 проценті өмірің
қиса, 20,2 проценті өз өміріне қауіп төндірген.
Девиацияның барлық формаларының көрінуі
экономикалық, демографиялық, мәдени және
де басқа да көптеген факторларға да байланысты
болады. Бүгінде бұл мәселе ТМД елдерінде
аса шиеленісіп тұр, өйткені мұнда қоғамдық
өмірдің барлық салаларында айтарлықтай
өзгерістер болып, бұрынғы мінез-құлық
нормалары құнсызданып отыр. Әрекеттің
бұрынғы тәсілдері тиісті нәтиже бермеуде.
Күтілетің нәтиже мен шын нәтиженің арасындағы
айырмашылық қоғамда шиеленіс туғызып,
адамдардың өз мінез-құлқының моделін
өзгертуге дайын болуын, сөйтіп қалыптасқан
нормадан шығуына иетрмелеп отыр.Әлеуметтік
экономикалық шиеленіскен жағдайда нормалардың
өзі де өзгеріске түсуде. Кейде мәдени
шектеулер іске аспай, әлеуметтік бақылаудың
жүйесі бәсеңдеуде.
Осылайша, құқық бұзушылық-бұл қоғамдық
өмір туғызып отырған өмірлік кикілжіңдер,
сәтсіздіктер, әлеуметтік драмалар мен
таргедиялардың бейнесі. Қылмыс- адам
кеселінің бейнесі. Оны бүгінге дейін
бір де бір қоғам құрта алмай келеді.
Жеке тұлға аймағына жататын делинквентті
мінез-құлықтың себептеріне, оны қалыптастырып,
қылмысқа итермелейтін сыртқы жағдайлар
сияқты, аз көңіл бөлініп отырған жоқ.
Заң бұзушының ішкі әлемі қандай? Қылмыскердің
ішкі әлемінде «қажеттілік қысым» сипатындағы
өзіндік психологиялық жүйе іске асады.
Осы қажеттілік қылмыскердің белгілі
бір мақсатқа бағытталған мінезің қалыптастырады.
Ғалымдар қажеттіліктердің түрткісі ретінде
қажеттіліктердің тізімін анықтайды:
• Доминанттық(басқаларға баұылау жасауға
және олардың мінез құлығын басқаруға
ұмтылу)
• Агрессия (қарсыласты қорлау, төмендету
құрту үрдісі)
• Басқаларды жоққа шығару, сыртқа тебу
• Автономия(барлық шектеуден қашу)
• Бейімделу ырыққа көну
• Ойын қажеттілігі(шындықтан бас тарту)
• Эгоизм,нарциссизм( өзін өзі жақсы көру,өз
мүддесін басқалардан жоғары қою)
• Қамқоршы іздеу
• Жазадан қашу( қоғамды, үлкендерді айыптау)
Социологиялық аспектіде алғанда қылмыскерлердің
негізгі 3 түрі бар:
1. жүйелі қылмыскер тип
2. кездейсоқ типтер
3. жағдайға байланысты қылмыскер(қылмысқа
дейінгі адамгершілігінің бұзылуы)
Ал екі типтің біріншісіне есейген рецидивистер(75)
ал екіншісіне –ұзақ уақыт бойы оқымағандар
мен жұмыс істемейтіндер, маскүнемдер
жатады.
Ғалымдар қылмыстық-құқықтық жауапкершілік
неғұрлым тиімді болып есептелетін жағдайларды
көрсетеді:
1) жазалауды қолдану сәті жақындаған сайын,
оның мәні қарқындырақ
2) субъект жазадан құтылмайтындай болған
сайын,жазалаудың ескерту ролі күштірек
3)жазалаудың ынталандыру күші, қылмыскерлерге
оны қолданғанда, көп нәрседен айырылса,
жоғарырақ болады
4) Жазалаудың превентивті себебінің табысты
болуы мінез-құлықтың жасырын формаларының
таралу дәрежесі мен тұрақтылығына байланыста
болады.
5)превентивті себептердің бабыстылығы
тыйым салынған жазалау санкциясының
сыйымдылығына байланысты болады
6)жазалаудың себепті әсерінің дәрежесі
субъектінің тиым салынған, әрекеті мен
қаншалықты өзіне сай, қалаулы және қажетті
деп есептеуіне байланысты болады.
Соңында, мінез-құлыққа құқықтық бақылау
жасау
жүйесінің мәні әлеуметтік ауытқуды бейтараптауға
не жоюға байланысты. Бірақ әлеуметтік
ауытқулардың алдын алудың әлеуметтік
мүмкіндігі көп жағдайларға байланысты.
Жекелей алғанда, девиантты мінез-құлыққа
не жататыны, не жатпайтындығы сан рет
өзгеріске түсіп, азамзат тарихында әр
түрлі бағаланып келеді.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
МехМат факультеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Девиантты
мінез-құлықтардың адам өміріне әсері
Орындаған: Жуманова Раушан
Тексерген:Тәжібаева Гүлнәр
Группа:М31
Астана 2011 жыл
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
1) Девиантты және делинквентті мінез-құлықтар
2) Олардың туу себептері, түрлері
3) Мінез-құлықтың ауытқуының алдын алудағы
қылмыстық-құқықтық жауапкершілік
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер:
1. Рахметов Қ.Ж,Болатова А.Н,Исмағамбетова
З.Н «Социология»
2. Ж.Икенов «Әлеуметтану негіздері»
3. Регионы Казахстана в цифрах. Краткий
статистический словарь
Информация о работе Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері мен шектері