Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 17:21, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарын иеленіп отыр. Біркелкі мемлекеттік жер қоры 272,5 млн га құрайды. Мемлекеттік жер қоры 14 облыс және 2 қала (Астана және Алматы) арасында бөлінген. Республиканың территориясында 8 табиғи шаруашылық аумақ пен 2 табиғи шаруашылық облыс бөлініп отыр, олардың ішінде жерлердің көбі шөп (112,2 млн га), шөлейтті (37,3млн га), және дала (62,4 млн га) аумақтарында болып отыр.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................4-6
Анықтаулар..................................................................................................7-8
Қысқартылған сөздер және белгілер............................................................9
Ι бөлім. Әдебиетке шолу........................................................................10-26
ΙΙ бөлім. Ақмола обылысы Целиноград ауданының жалпы сипаттамасы.....................................................................................................27-37
ΙΙΙ бөлім. Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау............................................................................................................38-50
ΙV бөлім.
4.1.Қоршаған ортаны қорғау...................................................................51-56
4.2.Еңбек қорғау.......................................................................................57-61
Қорытынды..............................................................................................62-63
Қолданылған әдебиеттер.............................................................................64

Работа состоит из  1 файл

Dokument M. H Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау.doc

— 538.50 Кб (Скачать документ)
 
 
 
 
 
 

    Мазмұны 

    Кіріспе..........................................................................................................4-6

    Анықтаулар..................................................................................................7-8

    Қысқартылған сөздер және белгілер............................................................9 

    Ι бөлім. Әдебиетке шолу........................................................................10-26 

    ΙΙ  бөлім. Ақмола  обылысы Целиноград ауданының жалпы                сипаттамасы.....................................................................................................27-37 

    ΙΙΙ бөлім. Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау............................................................................................................38-50 

    ΙV бөлім.

    4.1.Қоршаған ортаны қорғау...................................................................51-56

    4.2.Еңбек қорғау.......................................................................................57-61 

    Қорытынды..............................................................................................62-63 

    Қолданылған әдебиеттер.............................................................................64 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

     Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарын  иеленіп отыр. Біркелкі мемлекеттік  жер қоры 272,5 млн га құрайды. Мемлекеттік  жер қоры 14 облыс және 2 қала (Астана және Алматы) арасында бөлінген. Республиканың  территориясында 8 табиғи шаруашылық аумақ пен 2 табиғи шаруашылық облыс  бөлініп  отыр,  олардың  ішінде  жерлердің көбі  шөп  (112,2 млн га),  шөлейтті  (37,3млн га),  және  дала  (62,4 млн га) аумақтарында  болып  отыр.  Барлық  жер қоры  7  санатқа  бөлінеді,  оның ішінде  34,4  ауыл  шаруашылығы мақсатындағы  жерлер,  43,9 мемлекеттік запастағы жерлер,  7,5  елді  мекендердің жерлері, 4,1 өнеркәсіп,  транспорт,  байланыс және қорғаныс, өзге де ауыл шаруашылығы емес, 4,0 орман,  1,3 су  қоры жерлер, ал ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері 0,55 пайызды құрайды. Республикада  161 әкімшілік  аудан, қалалар  мен  поселкелердің саны 7164 құрайды.  Бұл  көрсеткіштер республика жер қорының мол болуын, ал табиғи  шаруашылықты жағдайының бірдей еместігін және әкімшілік бөлімдерінің көптігін көрсетеді.

     Мемлекеттік  жер кадастры Қазақстан  Республикасы жерлерінің және шаруашылық жағдайы, жер  учаскелерінің  орналасқан жері нысаналы  пайдаланылу мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы  туралы, жер пайдаланудың есепке алынуымен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің  жүйесі  болып  табылады.

     Жер  кадастры арнайы дайындықты және білімді  талап ететін күрделі  шара.

      Жер- адамның  өмір  сүру  ортасы, өсімдік  және  мал  шаруашылығы  өнімін өндірудің  ең  басты  құралы, елді-мекендердің  тұрағы  және  өнеркәсіптік құрылыстарды, байланыс  көліктерін  орналастыру  негізі, сондай-ақ  табиғат  байлығының  қоймасы.

     Жер учаскелері үшін төлемақының базалық  ставкалары және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны.

     1. Жер учаскелері жеке меншікке  берілген кезде, мемлекет немесе  мемлекеттік жер пайдаланушылықтар  жалға берілген кезде олар  үшін төлемақының базалық ставкаларын,  жалдау құқығын сату төлемақысының  мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Бұл ретте жер учаскелерін пайдалану төлемақысының ставкалары жер салығы ставкаларының мөлшерінен төмен белгіленбейді.

Жалдау  құқығын сату төлемақысы нақты жер  учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына қарай сараланып белгіленеді.

     2. Нақты жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын жер ресурстарын  басқару жөніндегі аумақтық орган  мемлекеттің жеке меншікке өтеулі  негізде беретін жер учаскелері  үшін төлемақының базалық ставкаларына  сәйкес оған түзету (арттыратын  немесе кемітетін) коэффициенттерін қолдана отырып белгілейді және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісімен ресімдейді.

       Жер  тек  өндіріске  тартылғанда   ғана  өндіріс  құралы  бола  алады. Ол  әрқашанда еңбек,  су  және  басқа  биоклиматтық  ресурстармен  пайдаланылады. 

      Ал, ауыл  шаруашылығын  алсақ   бұл процесс  табиғаттың  ұдайы   өндіріс  процесімен  аралас, ал, нәтижесі  болса  биоклиматтық  ресурстардың, алдымен  жердің, әсіресе,  оның  құнарлы  қабатының   күйімен  байланысты.

       Қазіргі кезде академик З.Д.Дүйсенбеков , профессор, Подольский Л.И. басшылығымен жер бағасын анықтау әдістері  және  республикамыздың әр аумағында әр түрлі санаттардағы жерлердің бағасы бойынша ұсыныстарды зерттеулер жетілдіру үстінде. Сонда да қазіргі қолданыстағы әдістемелер жерді нарық айналымына түсуге мүмкіндік беріпотырған жоқ . Бұл әдістемелер тек ауыл шаруашылық арналуындағы жерлерді бағалауға бағытталған. Ал басқа санаттардағы жерлерге бұл әдістемені қолданудың  реті келмейді. Л.И. Подольскийдің ойынша жерді бағалау әдісі, бағыты қоғамның даму деңгейіне, жер ресурстарын жеке, заңды тұлғалардың, мемлекеттің пайдалану сипатына, олардың қажеттілігіне тәуелді.Сондықтан осы кезде әр түрлі мақсаттар үшін бірыңғай жерді бағалау әдісі жоқ .

       Жерлерді бағалау, Қазақстан жер ресурстарын  тиімді пайдалану  жолдарын  және әдістерін  зерттеу  мәселелері ҚР  ҰҒА  академиктері  Қалиев  Г.А., Куатов Р.И., Сағадиев К.Ә., Дүйсенбеков З.Д., ҚР  ҰҒА  корреспондент  мүшелері Сатыбалдин А.А., Григорук  В.В., ғылым  докторлары  Гендельман М.А., Сигарев М.И., Спектор М.И., Ткачук С.А., және т.б. ғылыми  жұмыстарында  келтірілген. Осы  еңбектердің  нәтижелері  қазіргі  уақытта да пайдалануда. Мемлекеттік жерге орналастыру және жер қатынастарының ғылыми- өндірісінде орындалған жерді бағалау  жұмыстары нәтижелері негізінде мемлекеттің пайдалануға берілген жерді сатып алу төлемінің базистік ставкалары ұсынылған. Олар жер салығының ставкасы негізіне алынған.

     Қазақстанда жерлерді бағалау жұмыстары  «жерлерді бағалаудың бүкіл одақтық әдістемесіне»  және  «жерді бағалауды жүргізу тәртібі» туралы нұсқауларға сәйкес жүргізіледі.  Мұнда Қазақстанның және басқа да мемлекеттердегі жер кадастрының даму  тарихы, жерді есепке алу, жерді бағалау және жер салығын салу жұмыстарының негізі, мемлекеттік жер  кадастрының  басқа  пәндермен  және  ғылым  салаларымен байланысы  қарастырылады.

     Жер сапасы дегеніміз – шаруашылышылықтың өнімділігінің ең басты негізгі факторы десек болады. Сондықтан щаруа қожалығының құжатарының басты бөлігіне топырақтың құнарлы сатысы, бал бонитетімен көрсетілуі керек. Бұл тек табиғи жағдайын ғана емес, экономикалық факторларының көрсеткіші болып келеді. Дәл осы екі фактор арқылы жер өнімділігін, өнім көлемін анықтауға және жоғары өнім алуға болады. Негізгі топтама бал бонитеті мен егістік көлемінің орташа салмағын қарастыруды қадағалау болады.күлі шаруашылық бойынша.

    Жерге орналастыру іс-қимылдарына осылармен  қатар топографиялық, геодезиялық, картографиялық, топырақ геоботаникалық және басқа да зерттеу іздестіру  жұмыстары жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу кадастрлық және тақырыптық карталар мен атластарды жасау жерді бағалау жұмыстарын орындау жатады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Анықтаулар. 

    Жер – Қазақстан Республикасының егеменділігі белгіленетін шекті аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез келгкен еңбек паоцесінің аумақтық негізі; 

    Төлемақының базалық ставкасы – Мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын берген кезде немесе уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын сатқан кезе оның кадастрлық (бағалау) құнын анықтауға арналған жер учаскесінің нормативтік бағасы;

      Уақытша жер пайдаланушылар – жер пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген тұлғалар;

    Мемлекеттік жер пайдаланушылар – мемлекеттік республикалық және коммуналдық заңды тұлғалар;

    Жер үлесі – жер учаскесіне құқықтар мен міндеттерге басқа тұлғалармен бірге қатысудың Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленгнен тәртіппен және жағдайларда бөлініп шығарылуы мүмкін сан жағынан айқындалған үлесі;

    Жер құқығы қатынастары – жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар;

    Жер ресурстары – қоғамдық материалдық, мәдени және басқа да қажеттерін қанағаттандыру үшін шаруашылық және өзге де қызмет процесінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер;

    Жер кадастры – жер туралы мәлметтер жүйесі, мемлекеттік кадастрдың құрамдас бөлігі;

    Жер учаскесі – Кодексте белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;

    Жерді жалдау төлемақысы – уақытша өтеулі жер пайдалану төлемақысы;

    Жер учаскелерінің нысаналы мақсатының жіктемесі – аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес учаске аумағын және онда орналасқан үйлер мен ғимараттардың (үй-жайлардың) функционалдық мақсатының (пайдаланылуының) үлгісі мен түрі бойынша жер учаскелерінің мақсаты пайдалану түрлерін топтастыру;

    өзіндік қосалқы шаруашылық – ауылдық жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер учаскесінде өз қажеттерін қанағаттандыруға арналған қызмет түрі;

    Жер қатынастарының объектісі – Қазақстан Республикасы аумағының шегіндегі бүкіл жер, онда не орналасқанына және олардың жекелеген субъектілерге бекітіліп берілуінің құқықтық негіздеріне қарамастан желеген жер учаскелері, сондай-ақ жер учаскелері мен жер үлестеріне құқықтар;

    Топырақ қабаты – жердің құрғақ үстіңгі қабаты, тек өзіне тән құрылымы, құрамы мен қасиеттері бар ерекше табиғи түзілім;

    Шартты жер үлесі – таратылған немесе қайта ұйымдастырылған ұжымшар мүшелерінің, мемлекеттік емес болып қайта құрылған мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдары қызметкерлерінің, сондай-ақ Кодексте аталған өзге де тұлғалардың сандық тұрғыдан анықталған үлесі, оған сәйкес аталған ұйымдардың жер пайдалану құрамында бұдан бұрын болған жер учаскелерін құқықтар беру жүзеге асырылады немесе Кодексте көзделген өзге де құқықтар іске асырылады.      

    Жерге орналастыру жер заңдарын жүзеге асыруға, жер қатынастарын реттеуге, жердің ұтымды пайдаланылуын және қорғалуын ұйымдастыруға және жағымды экологиялық ортаны қалыптастыруға бағытталған шаралар жүйесі.

    Жер категориялары (санаттары) – негізгі мақсатталғанына және белгілі бір пайдалану және қорғалу режиміне қарай ерекшеленетін елдің жер қорының бөліктері.

    Шартты белгілер – жерге орналастыру схемалары мен жобаларының элементтерін топографиялық пландар мен карталарда бейнелеуге қолданылатын белгілер жүйесі.

    Орташа қашықтық – жерге орналастырулық есептерде қолданылатын шама. Бұл көрсеткіш шаруашылықтың ішінде жүкті тасымалдаудың орташа қашықтығын сипаттайды. Оның шамасы жер учаскелерінің ауданы мен сол учаскеге дейінгі қашықтық ескеріле отырып анықталады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қысқартылған  сөздер және белгілер

Қ Р  – Қазақстан Республикасы

А.Б. –  Ақшалай бірлік

Ж.Ж. –  Жыртылған жер

ЖШС –  Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

ЖК –  Жер кадастры

ЖО –  Жерге орналастыру

ЖҚ –  Жер қоры

МЖК –  Мемлекеттік жер кадастры

Кж –  жалпы коэффицент;

Км.ж. –  мелиоративтік жағдайға байланысты коэффицент;

Ке –  жер учаскелерінің еңістігіне байланысты коэффицент;

Информация о работе Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау