Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 17:21, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарын иеленіп отыр. Біркелкі мемлекеттік жер қоры 272,5 млн га құрайды. Мемлекеттік жер қоры 14 облыс және 2 қала (Астана және Алматы) арасында бөлінген. Республиканың территориясында 8 табиғи шаруашылық аумақ пен 2 табиғи шаруашылық облыс бөлініп отыр, олардың ішінде жерлердің көбі шөп (112,2 млн га), шөлейтті (37,3млн га), және дала (62,4 млн га) аумақтарында болып отыр.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................4-6
Анықтаулар..................................................................................................7-8
Қысқартылған сөздер және белгілер............................................................9
Ι бөлім. Әдебиетке шолу........................................................................10-26
ΙΙ бөлім. Ақмола обылысы Целиноград ауданының жалпы сипаттамасы.....................................................................................................27-37
ΙΙΙ бөлім. Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау............................................................................................................38-50
ΙV бөлім.
4.1.Қоршаған ортаны қорғау...................................................................51-56
4.2.Еңбек қорғау.......................................................................................57-61
Қорытынды..............................................................................................62-63
Қолданылған әдебиеттер.............................................................................64

Работа состоит из  1 файл

Dokument M. H Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау.doc

— 538.50 Кб (Скачать документ)

163. Тұздалған  қызыл  шалғынды  терең

164. Тұздалған  қарапайым.

165. Тұздалған  шалғынды.

167. Ормандық тұзды.

170. Күнгірттүсті  орманды. 

171. Аз  жетілген  орманды.

178. Алювиальды  шөгінділер.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ΙΙΙ бөлім. Ақмола обылысы  Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау. 

    

    1-сурет«Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық

    алаптарының құрылымы. 

       Жерлерді бағалау – жерлерді  аймақтау, топырақтарды  бонитеттеу, жерлерді  бағалау әдістемесі, жерлерді  есепке  алу мәліметтері, топырақтық  геоботаникалық  зерттеу  ізденіс  материалдары.

         Қарастырылып  отырылған ауданның  жер – кадастрлық (бағалау) құнын   анықтау  үшін, Қазақстан  Республикасының  2003  жылғы маусымда  қабылданған «Жер  кодексі», яғни мұндағы 9 бап  “Жер  үшін  төленетін  төлемдер”, 10 бап “ Жер үшін  төлемақының  базалық  ставкалары” және 11 бап “ Жер  учаскелері  үшін  базалық  ставкаларына  түзету  коэффиценттері” сонымен  қатар  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  белгілеген  «нормативтік  құқықтық  актілер  жиынтығын» қолданамыз.

              

Жер  учаскелері  үшін  төлемақының  базалық  ставкалары  және  жер  учаскесінің  кадастрлық (бағалау)  құны

                Жер  учаскелері  жеке  меншікке  берген  кезде , мемлекет  немесе  мемлекеттік  жер  пайдаланушылар  жалға  берген  кезде  олар  үшін  төлемақының  базалық  ставкаларын, жалдау  құқығын  сату  төлемақысының  базалық  ставкаларының  мөлшерін  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  белгілейді. Бұл  ретте  жер  учаскелерін  пайдалану  төлемақысының  ставкалары  жер  салығы  ставкаларының  мөлшерінен  төмен  белгіленбейді .

       Жалдау  құқығын  сату  төлемақысы  нақты  жер  учаскесінің   кадастрлық (бағалау) құнына  қарай   сараланып  белгіленеді.

       Бұл ретте жер учаскесi үшiн  жыл сайынғы жалдау ақысының  мөлшерi жер учаскесiн жалға берген  кездегi ол үшiн базалық ставканың  мөлшерiнiң 100-120% шегiнде белгiленедi;

      3) жер учаскелерiн жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерi жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалық) құнының пайызымен мынадай мерзiмдер бойынша:

      10 жылға дейiн, оны қоса алғанда  - жыл сайын 2%;

      11 жылдан 30 жылға дейiн - 20%, 10 жылдан  жоғары әр жыл сайын 1,5% қосылады;

      31 жылдан 49 жылға дейiн - 35%, 30 жылдан жоғары әр жыл сайын 1% қосылады.

     Жер учаскелерi үшiн төлемақы және жалдау құқығын сату төлемақысы базалық  ставкаларының жоғарыда көрсетiлген мөлшерiн жер учаскелерiн немесе жер пайдалану құқығын кепiлге  қойған кезде жердi бағалау үшiн, сондай-ақ оларды шаруашылық серiктестердiң жарғылық қорларына жарна ретiнде не өндiрiстiк кооперативтерге пай ретiнде берген жағдайда, меншiк иесiн (жер пайдаланушыны) жер учаскесiне меншiктiң жалпы үлесiнен (жалпы жер пайдалану үлесiнен) бөлу кезiнде жер үлесiнiң құнын белгiлеу үшiн, жер учаскелерiн немесе пайдалану құқығын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң активтерiне енгiзген кезде және жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының құны тараптардың келiсiмiмен белгiленуi мүмкiн болмаған өзге де жағдайда, олардың құнын бағалау үшiн қолдану ұсынылады.

     Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық  уәкiлетті орган инфляцияның жалпы  деңгейi туралы мемлекеттiк статистика деректерiнiң және жер нарығының  мониторингi нәтижелерiнiң негiзiнде  қажеттiлiгiне қарай жер учаскелерiнiң жеке меншiкке берген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкаларын нақтылау туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзіледі.

     Нақты  жер  учасксінің  кадастрлық (бағалау) құнын  жер  ресурстарын  басқару  жөніндегі  аумақтық орган  мемлекеттің  жеке  меншікке  өтеулі  негізде  беретін  жер  учаскелері  үшін  төлемақының  базалық  ставкаларына  сәйкес  оған  түзету  (арттыратын  немесе  кемітетін) коэффиценттерін  қолдана  отырып  белгілейді  және  жер  учаскесінің  кадастрлық (бағалау) құнын  айқындау  актісімен  рәсімдейді .

         Қазақстан  Республикасының  азаматтарына  жеке  меншікке  өзіндік  үй  (қослқы) шаруашылығын  жүргізу, бағбандық, саяжай  құрылысы  үшін  тегін  берудің  белгіленген  нормаларынан  артық  берілетін  қосымша  жер  учаскелерінің  кадастрлық (бағалау) құны  бағаланатын  учаскелерге  неғұрлым  жақын  орналасқан  ауылдық  елді  мекендердің  жер  учаскелері  үшін  төлемақының  базалық  ставкаларына  негізделе  отырып  айқындалады.

         Елді  мекендердердің  шегінен  тыс  орналасқан, азаматтарға  және  мемлекеттік  емес  заңды  тұлғаларға  құрылыс  жүргізу  үшін  берілген  (берілетін) немесе  үйлер  (құрылыстар, ғимараттар) мен  олардың  кешендері  салынған  жер  учаскелері  бойынша, үйлердің  (құрылыстардың, ғимараттардың) пайдаланылу  мақсатына  сәйкес  қызмет  көрсетуге  арналған  жерді  қоса  алғанда, оларды  кадастрлық (бағалау) құны  облыстық  маңызы  бар  қалаларда  аталған  мақсаттар  үшін  берілген  (берілетін ) жер  учаскелері  үшін  төлемақының  базалық  ставкаларының  он пайыз   мөлшеріне  негізделе  отырып  айқындалады.

     Осы баптың  3  және  4- тармағында  аталған жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау  кезінде, осы Кодекстің 11 – бабының 4 – тармағының  3) тармақшасына  сәйкес  осы  учаскелердің  қызмет  көрсету  саласы  орталықтарынан  қашықтығына  байланысты .  

     Жер  учаскелері  үшін  төлемақының  базалық  ставкаларына  түзету  коэффиценттері.

      Түзету  коэффицнттері  мен   аймақтардың  шекаралары  аудандық  маңызы  бар  қалаларда, кенттер мен селолық елді  мекендерде – аудандық  атқарушы  органның  ұсынысы бойынша аудандық  өкілді  органгның , ал  облыстық  маңызы  бар қалаларда ( Астана  және  Алматы қалаларында ) облыстық (Астана  және  Алматы  қалалық ) атқарушы  органның  шешімімен  бекітіледі .

       Бұл  ретте  арттыратын  немесе  кемітетін  коэффиценттердің  шекті ( ең  жоғары ) мөлшері   екі  еседен  аспауы  керек  .

       Мемлекет  ауыл  шаруашылығы   өндірісін  жүргізу  үшін  беретін  жер  учаскелерінің   кадастрлық (бағалау) құнын айқындау  кезінде жер учасксінің  сапалық  жай – күйіне, орналасуына, сумен  қамтамасыз  етілуіне, қызмет  көрсету орталықтарынан  қашықтығына  байланысты  түзету (арттыратын  немесе  кемітетін ) коэффиценттері  қолданылады .

       Алқаптардың  түрі  мен  топырақтардың   үлгісі  бойынша  жер  учаскесінің   сапалық  жай – күйі жер – кадастр карталары, топырақ, геоботаникалық, топырақ – мелиорация  және  басқа зерттеу материалдары  негізінде анықталады:

       егістік  құрамында  пайдаланылатын  жер  учасксінің  құнын  белгілеу  үшін  оның  мелиорциялық  жай – күйі  мен  жер  бетінің  еңістігіне  қарай  мынадай  түзету  коэффиценттері  қолданылады:

       жердің  мелиорациялық  жай – күйі :

      жақсы (топырағы  тұзды емес  және  сортаң  емес , тассыз , эрозияға  ұшырамаған; жер  асты  суларының  тереңдігі :тұщы  су – 3 метрден  астам , минералды  су – 6 м ден астам) -1,2;

      қанағаттанарлық (топырағы  аздап тұзды, сортаңдау, тасы  аз  аздап эрозияға  ұшыраған; минералдануы  төмен  жер  асты  суларының  тереңдігі  3 – 6 м ) -0,9 ;

      қанағаттанғысыз (топырағы  орташа  және  аса  тұзданған , орташа  және  аса  сортаң, тастақ, орташа  және  күшті  эрозияға  ұшыраған; 1 г/л астам минералданған жер асты  суларының тереңдігі  3 метрден  кем ) -0,6 ;

       жер  бетінің  еңістігі :

       1  градусқа  дейін – 1; 1–ден 3  градусқа  дейін -0,98; 3 - тен 5 градусқа  дейін -0,96 ; 5 – тен 7  градусқа  дейін – 0,93 ; 7 градустан астам – 0,86 ;

       Табиғи  жем – шөп  алқаптары  ( шабындық , жайылым ) құрамында  пайдаланылатын  жер  учаскелерінің  құнын  айқындау  үшін  учаскенің  сапалық  жай – күйі жер  бетінің  еңістігіне  қарай  мынадай  түзету  коэффиценттері  қолданылады :

       Жақсартылған  шабындықтар   мен  жайылымдар :

         Көп  жылдық  шөп  егіліп, түбегейлі жақсартылған – 1,2 ;

        өсімдік  жамылғысының  түр  – тармағын  өзгертпей, беткі   қабаты  жақсартылған – 1,1;

        шабындық  жердің  жай – күйі:

        жақсы (ластанбаған, бұта –шілік  баспаған, ағаш  өспеген, тассыз, аймақтық  өсімдіктердің  белгілері  жақсы  байқалатын  жер  учаскесі ) -1,2;

         қанағаттанарлық (ластанған, бұта  – шілік басып  кеткен, ағаш  өскен  тастақ, өсімдік жамылғысының  аймақтық  құрылымы  бұзылған  жеручаскесі ) – 1,2;

         қанағаттанғысыз ( ластанған, бұта – шілік басып кеткен, ағаш өскен, тастақ, өсімдік жамылғысының аймақтық құрылымы бұзылған жер учаскесі. Аталған белгілер аумақтың 40 процентінен астам алаңынан байқалады) – 0,9;

     Жер қабатының еңістігі:

     3 градусқа дейін – 1;3,1 – ден 6 градусқа дейін - 0,95; 6,1-ден 10 градусқа дейін – 0,9; 10, 1-ден 20 градусқа дейін – 0,85; 20 градустан астам – 0,5;

     Жайылымдық  жердің жай күйі:

     жақсы (ластанбаған, бұта-шілік (азыққа жарамайтын бұталар) баспаған, ағаш өспеген, тассыз, аймақтық өсімдіктердің белгілері жақсы байқалатын жер учаскесі) – 1,2;

     қанағаттанарлық  (ластанған, бұта-шілік (азыққа жарамайтын бұталар) басқан, ағаш өскен, тастақ, өсімдік  жамылғысының аймақтық құрылымы бұзылған, қатты қапталған жайылымдары, жалаңаш соры бар, сортаң топырақты, тақыр жер учаскесі. Аталған белгілер аумақтың 40 процентіне дейінгі алаңынан көрінеді) – 0,9;

     қанағаттанғысыз (ластанған, бұта-шілік (азыққа жарамайтын бұталар) басқан, ағаш өскен, тастақ, өсімдік  жамылғысының аймақтық құрылымы бұзылған, қаттыф тапталған жайылымдары, жалаңаш сорлары бар, сортаң топырақты тақыр жер учаскесі. Аталған белгілер аумақтың 40 процентіне дейінгі алаңынан көрінеді) – 0,6 ;

     Жер қабатының еңістігі:

     12 градусқа дейін – 1; 13 – тен  20 градусқа дейін – 0,8; 20 градустан жоғары – 0,6.

     Жер учаскелерінің құнын анықтау  үшін жер учаскесінің суландырылуына, оның шаруашылық орталығына қарағанда  орналасқан жеріне, қызмет көрсету  саласының орталықтарынан қашықтығына  байцланысты мынадай түзету коэффиценттері қолданылады:

     Жер учасксінің суландырылуы ( сумен қамтамасыз етілуі):

     суландылылған – 1,2;

     суландырылмаған-0,8;

     Жер учаскесінің шаруашылық орталығынан  қатысты орналасуы, километрмен 5-тен 10-ға дейін - 1; 10-нан 20-ға дейін – 0,9; 20-дан 30-ға дейін – 0,8; 30-дан астам – 0,7;

     Жер учаскесінің қызмет көрсету орталықтарынан қашықтығы, жолдардың сапасына байланысты: 
 
 

     2-кесте.  Жер учаскесінің қызмет көрсету орталықтарынан қашықтығы мен жолдардың сапасы.

Қашықтығы,

км

Тас

жолдар

Қиыршық тас

Төселген  жолдар

Жай

жолдар

20-ға  дейін

21-40

41-60

61-80

81-100

100-ден  астам

1,4

1,2

1,0

0,8

0,6

0,5

1,1

0,9

0,7

0,5

0,7

0,6

0,5

Информация о работе Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау