Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 17:21, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарын иеленіп отыр. Біркелкі мемлекеттік жер қоры 272,5 млн га құрайды. Мемлекеттік жер қоры 14 облыс және 2 қала (Астана және Алматы) арасында бөлінген. Республиканың территориясында 8 табиғи шаруашылық аумақ пен 2 табиғи шаруашылық облыс бөлініп отыр, олардың ішінде жерлердің көбі шөп (112,2 млн га), шөлейтті (37,3млн га), және дала (62,4 млн га) аумақтарында болып отыр.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................4-6
Анықтаулар..................................................................................................7-8
Қысқартылған сөздер және белгілер............................................................9
Ι бөлім. Әдебиетке шолу........................................................................10-26
ΙΙ бөлім. Ақмола обылысы Целиноград ауданының жалпы сипаттамасы.....................................................................................................27-37
ΙΙΙ бөлім. Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау............................................................................................................38-50
ΙV бөлім.
4.1.Қоршаған ортаны қорғау...................................................................51-56
4.2.Еңбек қорғау.......................................................................................57-61
Қорытынды..............................................................................................62-63
Қолданылған әдебиеттер.............................................................................64

Работа состоит из  1 файл

Dokument M. H Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау.doc

— 538.50 Кб (Скачать документ)

    ауыл  еңбеккерлерінің тұрмыс жағдайларын  үздіксіз жақсартып отыру;

    заңдар  мен басқа нормативтік актілерді  қаталд ескеріп отыру;

    қабылданған шешімдерді озатты ғылыми және тәжірибелік жетістіктерге негіхздеу;

    күрделі қаржылардың барынша үнемделуін және жылдам өтелуін қамтамасыз ету.

    Екіншілеріне  – жеке принциптерге, мынадайларын жатқызуға болады:

    ҚР  Конституциясы мен жер заңдарына  сәйкесжер қатынастарын жетілдіру;

    бүкіл халық шаруашылығының мүдделіктерін жан-жақты ескере отырып, ауылшаруашылығының жерге деген приоритетін сақтау;

    жерді халық дәулеті және аса маңызды  өндіріс құралы мен табиғат ресурсы  ретінде жоғары тиімділікпен пайдалану  және қорғау;

    жерге иелік ету мен шаруашылық жүргізудің барлық формаларына тең құқық қамтамасыз ету;

    жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың, олардың межелері мен аудандарының, ішкішаруашылық территория реттілігінің тұрақтылығын, өндіргіш күштері мен  өндірістік қатынстарының дамуымен себептелген ықтимал өзгерістерді мұқият дәлелдеу;

    жердің  пайдалануын жақсарту мақсатымен аймақтар мен аудандардың, жеке шаруашылықтардың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық  жағдайлары мен жердің кеңістік қасиеттерін  барынша ескеру.

    Атап  өткен принциптердің негізінде әрбір бөлек жағдайға сай жоспарланған іс-қимылдардың ерекше міндеттері мен мазмұндары, схемалар мен жобаларды жасау амалдары тұжырымдалады. Жерге орналастыру жобаларында белгіленген әлеуметтік-экономикалық тиімділік пен экологиялық қауіпсіздік осы принциптердің негізінде дәлелденеді.Сонымен бірге бұл принциптер методологиялық негіз ретінде нақты міндеттерді орындау әдістемесін, демек ненің, қалай және қандай жүйелілікте орындалуын себептейді.

    Жерге орналастыру атқарушы органдардың  шешімі бойынша не жер учаскелерінің мүдделі меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың өтініші бойынша, сондай-ақ жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдардың бастамасы бойынша жүргізіледі.

    Жер учаскелерінің мүдделі меншік иелерінің  немесе жер пайдаланушылардың бастамасы бойынша жүргізілетін жерге орналастыру олардың жер ресурстарын басқару жөніндегі тиісті аумақтық органға беретін өтініштерінің негізінде жүзеге асырылады.

    Жерге орналастыру жұмыстарын Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес  жерге орналастыру жұмыстарын  жүргізге белгіленген тәртіппен лицензия алған заңды тұлғалар мен азаматтар орындайды.

    Жерге орналастыру жұмыстарын орындау  тәртібі мен технологиясы  жер  ресурстарын басқару жөніндегі  уәкілетті орган бекітетін нормативтік  құқықтық актілермен белгіленеді, олар жерге орналастыру жұмыстарын   орындаушылардың барлығы үшін міндетті.

    Белгіленген тәртіппен келісілген жерге орналастыру  құжаттамасын: Қазақстан Республикасының  заңдарында белгіленген өз құзыретіне сәйкес   жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері; шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобаларын және жерді ұтымды пайдалануға, топырақтың құнарлылығын сақтау мен арттыруға байланысты олардың өз есебінен әзірленетін және жүзеге асырылатын жобаларды - жер ресурстарын басқару жөніндегі тиісті аумақтық органмен келісім бойынша жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар, басқа да тапсырыс берушілер; жер учаскелерінің шекарасын қалыптастыруға,оларды белгілі бір жерде белгілеуге, жер учаскесінің жоспарын дайындауға байланысты  жерге орналастыру құжаттамасын, сондай-ақ жерге орналастыру жөніндегі, жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланылуының арнайы тақырыптық карталарын жасау жөніндегі топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, топырақты зерреу, агрохимиялық,геоботаникалық және басқа да зерттеу және іздестіру жұмыстарының  материалдарын-жер ресурстарын басқару жөніндегі тиісті аумақтық орган бекітеді.

    Жерге орналастыру құжаттамасына өзгерістер осы құжаттаманы бекіткен органның рұқсатымен ғана енгізіледі.

    Жерге орналастыру  жобасын орындау: жобаны жер бетіне көшіруді; жобаның барлық элементтерін игеруді, жерге орналастыру  материалдары мен құжаттарын ресімдеуді және беруді қамтиды.

    Жерге орналастыру процесі мынадай  кезеңдерді қамтиды: жерге орналастыру ісін жүргізуді бастау; дайындық жұмыстары; жерге орналастыру болжамдарын, схемаларын, бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу; жерге орналастыру құжаттамасын қарау, келісу және бекіту; жерге орналастыру жобасын орындау.

    Жерге орналастыруды жүргізу бойынша тапсырыс беруші, жерге орналастыру құжаттамасын әзірлеуші, жерге орналастыруды жүргізу кезінде құқықтары мен заңды мүдделері көзделуі мүмкін үшінші тұлғалар, сондай-ақ жерге орналастыру құжаттамасы келісілетін және оны бекітетін мемлекеттік органдар мен басқа да тұлғаларға жерге орналастыру процесіне қатысушылар болып табылады.

    Жерге орналастыру процесіне қатысушылардың: 1) жерге орналастыруды жүргізу  жөніндегі тапсырыс берушінің: жеке өзі немесе өкілі арқылы жерге  орналастыру процесінің барлық сатысында қатысуға; жерге орналастыру ісінің материалдарымен танысуға; өз ұсыныстарын қарауға енгізуге; жерге орналастыру процесінде туындаған келіспеушіліктерді шешеуге қатысуға құқығы бар; 2) әзірлеушінің (жобалау және іздестіру жұмыстарымен айналысатын, сондай-ақ жерге орналастыру жобаларын орындауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның): мемлекеттік органдардан жерге орналастыру жөнінде қажетті ақпарат алуға; тапсырыс берушілермен шарт жағдайларында қарым-қатынас орнатуға; жерге орналастыру жобаларын жүзеге асыру барысына қандай да бір ерекше рұқсатсыз бақылау жасауға, жергілікті атқарушы органдарды оның нәтижелері туралы хабардар етуге және жерді пайдалану мен қорғау іс-тәжірибесін жақсарту жөнінде ұсыныс енгізуге; жерге орналастырудың ескірген схемалары мен жобаларын жетілдіру немесе қайта өңдеу жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар; 3) жерге орналастыру кезінде құқықтары мен заңды мүдделері көзделуі мүмкін үшінші тұлғалардың: жерге орналастыру мәселелері талқыланғанда қатысуға және жерге орналастырудың барысы мен нәтижелері туралы өз мүдделерін көздейтін ақпарат алуға; жерге орналастыру процесінде өздерінің мүдделерін қозғайтын заңсыз әрекеттерге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағымдануға құқығы бар.

    Жерге орналастыру процесіне қатысушылардың міндеттері: жерге орналастыру процесінің барлық қатысушылары: Қазақстан Республикасының жер заңдарын сақтауға; жерді пайдалану мен қорғау мәселелері жөніндегі құзыретті мемлекеттік органдар талаптарын орындауға; жерге орналастыру процесінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті; жобалау құжаттамасы келісілетін және оны бекітетін атқарушы органдар оны бір ай ішінде қарауға міндетті. Жерге орналастыруды жүргізу жөнінде тапсырыс беруші:  жерге орналастыруды жүргізу мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, ерекше жағдайлары мен мерзімдерін анықтауға; қажетті материалдар мен құжаттарды беруге; жұмысты қаржыландыруды ұйымдастыруға; орындалған жұмыстарды бір ай ішінде қабылдауға немесе дәлелді түрде бас тартуға міндетті; жерге орналастыру құжаттамасын әзірлеуші: барлық жұмыстарды қолданыстағы нұсқаулықтар мен әдістемелік нұсқауларға, сондай-ақ шартқа сәйкес орындауға; зерттеу, іздестіру және өзге де жұмыстар топырақтың құнарлы қабатын бүлдіре отырып жүргізілген жер учаскелерінің жай-күйін бастапқы қалпына келтіруге; жерге орналастыру құжаттамасында көзделген іс-шаралардың дұрыстығы, сапасы мен экологиялық қауіпсіздігі үшін жауап беруге міндетті.

    Мемлекет  ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беретін жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау кезінде жер учаскесінің сапалық жай-күйіне, орналасуына, сумен қамтамасыз етілуіне, қызмет көрсету орталықтарынан қашықтығына байланысты түзету (арттыратын немесе кемітетін) коэффициенттері қолданылады.

    Алқаптардың түрі мен топырақтардың үлгісі бойынша  жер учаскесінің сапалық жай-күйі жер-кадастр карталары, топырақ, геоботаникалық, топырақ-мелиорация және басқа зерттеу  материалдары негізінде анықталады. 

     II-бөлім   Жобаланатын объектіге сипаттама 

      «Ақсу»  Фирма» ЖШС-гі Целиноград ауданы, Ақмола облысының оңтүстік шығысында  орналасқан.

        Жалпы  ауданы   12 567,5 гектарды құрайды. Оның ішінде: егістік жерлері-8 179 гектарды, шабындық-387 гектар, табиғи жайылым-2887 гектар,  жақсартылған жайылым-1073 гектар, су астындағы жерлер-23 гектар, жолдар-18,5 гектарды құрайды. 

      1-кесте.  «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің экспликациясы. 

Учаскелер № барлық аудан, га. Егістік, га  
шабындық , га
табиғи жайылым, га  
жақсартылға жайылым, га
су астындағы жерлер, га жолдар, га
№1 учаске 11 526,5 8 179 - 2 386 943 2 16,5
№2 учаске 1 041 - 387 501 130 21 2
Барлығы: 12 567,5 8 179 387 2 887 1 073 23 18,5
 

      Табиғат  жағдайы. Кез  келген  территорияның топырақ  жамылғысын  білу  үшін, сол жердің  жергілікті  табиғат ерекшелігімен  танысу  керек. Бұл  осы  жердің құнарлылығымен  дұрыс  пайдалану  шараларын  ұйымдастыруға  және қазіргі жағдайдағы  топырақта  жүретін  процесстерді  дұрыс  түсінуге  көмектеседі. Топырақты зерттеу, дұрыс қолдана  білу, әсіресе  табиғи  және  шынайы  құнарын  ќұрастыру  сол  ортаға, климат  жағдайына, жер бедеріне  байланысты, өйткені  осы  жағдайлар  топырақ  түзілу  процессінің негізгі факторлары  болып табылады.

      Климаты. Климат  жағдайы  топырақтың құрылу  процессіне  зор  әсерін  тигізеді.

      Атмосфералық  жауын – шашынның  мөлшері, қоршаған  ортаның  температурасы  өсімдіктердің  пайда  болуына, олардың  шіруіне, осыған  байланысты  топыраќтың  ќұрамындағы  қарашіріктің  жаќсаруына  әсер  етеді.

      Температура  мен  жауын – шашынның  мөлшері  топырақтағы  тұздардың  қозғалу  бағыты  мен  жылдамдығына  ықпал  етеді.

      Ақмола  облысы, Азия  материгінің  орталығында  орналасқандықтан  арктикалыќ  және  оңтүстік  белдеуден  ауа  массаларының  ықпалында  болады. Осындай  ауа  массаларының әсерінен  континентальды  климат  қалыптасқан, осыған  байланысты  көктем –жаз  кездерінде  құрғақшылық, жазда – ыстық,  ќыста – суық  әрі жылдыќ  жауын –шашынның, ылғалдылықтың  мөлшерінің  аз  болуы  тән  климат  жағдайларына  мінездеме  беру  үшін  Анар  метеостанциясының  көп  жылғы  бақылауы  мен  Целиноград  гидрометобсерваториясының  баќылаулары  алынған.

      Жылдық  температураның  ауысуы  қыста  тұрақсыз, қатты  аяздарда  көктемгі  қысқа  уақыт  аралығында  температураның  күрт  көтерілуіне, жаз  бойына  ыстық  болуына тікелей байланысты. Мұнда қатты суық  айлар: қаңтар  мен  ақпан  болып  есептелінеді. Ауаның  орташа  температурасы  -37,8  грдусты  құраса, ал  кейде  -42,7  градусқа  дейін  жетеді. Абсолюттік  максимум  маусым  және  шілде  айларында  түседі. Орташа  айлық  температура +19,0 ºС   градус  және  +19,6 ºС-қа  дейін  жетеді. Кей  кездерде  +37,5 ºС-те  көрсетеді. Осыған  байланысты  орташа  айлық  ауа  температурасының  амплитудалық  тербелісі 40ºС  мањайында.

    Климаттың  континентальдылығына   байланысты  ауа  температурасының  тез  ауытқуы  тек  ќана  ќыс  пен  жаз  аралығында ғана емес, тәулік  арасында  да  болып  тұрады.  Вегетациялық  период  аралығында  температураның  қосындысы  орташа  2250 С – 2300 С  құрайды.  Тәуліктік  орташа  температураның  мәні ОС – тан  өтетін  кездері  сәуір  айының 1 – оңтүстігінде  (декада  соңында),  ал  күзде  қазан  айларында  төмендеуі  байқалады.  Осыған  байланысты  жылы  кезеңнің  ұзақтығы, орташа  айлық  температура бойынша 195  күн аралығында  ал, суық  кезеңнің, орташа  айлық  температура ОС  төмен болғанда  171  күнді құрайды.  Вегетациялық  кезеңнің  ұзақтығы  165 – 170  күнді құрайды.  Соңғы  аяздар  көктемде  мамырдың  үшінші  онкүндігінде  немесе  маусымның  бірінші  онкүндігінде  байқалса, бірінші аяздар  қыркүйек  айының, бірінші  декадасында  (онкүндігінде)  байқалады.

Информация о работе Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау