Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 17:21, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарын иеленіп отыр. Біркелкі мемлекеттік жер қоры 272,5 млн га құрайды. Мемлекеттік жер қоры 14 облыс және 2 қала (Астана және Алматы) арасында бөлінген. Республиканың территориясында 8 табиғи шаруашылық аумақ пен 2 табиғи шаруашылық облыс бөлініп отыр, олардың ішінде жерлердің көбі шөп (112,2 млн га), шөлейтті (37,3млн га), және дала (62,4 млн га) аумақтарында болып отыр.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................4-6
Анықтаулар..................................................................................................7-8
Қысқартылған сөздер және белгілер............................................................9
Ι бөлім. Әдебиетке шолу........................................................................10-26
ΙΙ бөлім. Ақмола обылысы Целиноград ауданының жалпы сипаттамасы.....................................................................................................27-37
ΙΙΙ бөлім. Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау............................................................................................................38-50
ΙV бөлім.
4.1.Қоршаған ортаны қорғау...................................................................51-56
4.2.Еңбек қорғау.......................................................................................57-61
Қорытынды..............................................................................................62-63
Қолданылған әдебиеттер.............................................................................64

Работа состоит из  1 файл

Dokument M. H Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау.doc

— 538.50 Кб (Скачать документ)
 

 

     Кесте 9 – Нұсқалар бойынша жердің кадастрлық құнының салыстырмасы. 

Шаруашылық  атауы жердің  кадастрлық құны екі нұсқаның айырмашылықтары
I нұсқа II нұсқа
ЖШС «Ақсу» Фирма» 188 125 295411,0 107286,0
 

Жер үшін төленетін төлемдер 

        Мемлекеттегі, тұрақты жер пайдаланудағы  немесе бастапқы уақытша өтеусіз  жер  пайдаланудағы жер   учасклеріне  Қазақстан  Республикасының  салық  заңдарына  сәйкес  жер  салығы  салынады.

       Мемлекет  уақытша өтеулі  пайдалануға  (жалға) берген  жер  учаскелерін  пайдалану  төлемақысы  алынады.

       Жер  учаскелерін  пайдалану   төлемақысының  есептеу  және  жергілікті  бюджеттің  кірісіне  төлеу  тәртібі  Қазақстан   Республикасының  салық  заңдарына   сәйкес  айқындалады.

       Қазақстан  Республикасының  аумағында  басқа  мемлекеттерге жер  учаскесі  жалға  берген  кезде  жер  учаскелерін  пайдалану  төлемақысының  мөлшері  Қазақстан  Республикасы  бекіткен  халық аралық  шарттарда  айқындалады.

        Жер  учаскелерін  мемлекттік  меншіктен  жеке  меншікке  беру  өтеулі  негізде, жергілікті  атқарушы  органның  шешімі  бойынша  бірден  төленіп, не  төлем мерзімін  ұзартып  сату  арқылы  жүргізіледі, бұған:

      Қазақстан Республикасының азаматтарына – тұрғын – үй – жайлардың меншік  иелеріне  кондоминимум  объектілеріндегі  мінсіз  үлесі  ретінде .

       Қазақстан  Республикасының  азаматтарына  белгіленген  нормалар  шегінде  өзіндік  үй  (қоалқы) шаруашылығын  жүргізу , бағбандық , саяжай  құрылыстары  үшін;

         Осы  Кодексте  және  Қазақстан  Республикасының  заң  актілерінде  көзделген  өзге  де  жағдайларға, жер  учаскесі  меншікке  өтеусіз  негізде  берілетін  жағдайлар  қосылмайды.

         Жер  учаскесіне  жеке  меншікке  құқығын  өтеулі  түрде  беру  (сату) (бұдан әрі – жер  учаскелері  үшін  төлемақы) немесе  уақытша  өтеулі  жер  пайдалану  құқығын  өтеулі  түрде  беру (сату) төлемақысы  (бұдан әрі – жалдау  құқығын  сату  төлемақысы)  жер  учасклері  үшін  төлемақының  базалық  ставкаларына  түзету  коэффиценттерін  қолдану  арқылы   шығарылатын  кадастрлық (бағалау) есептелінеді .

        Мемлекеттің ауыл  шаруашылығы мақстындағы жер учаскелерін жеке  меншікке  сатқаннан түсетін қаражат Ұлттық  қорға аударылады  және  Қазақстан Республикасының заңдарында  белгіленген  тәртіппен  пайдаланылады.

      Өзіндік үй  (қосалқы) шаруашылығын  жүргізу, бағбандық, жеке  тұрғын  үй  және  саяжай  құрылысы  үшін  өтеусіз берілген  жер учаскесінің нысаналы  мақсаты үшін  Қазақстан Республикасының заңында көзделген  кадастрлық (бағалау) құнына  тең  болатын  соманы  жергілікті  бюджеттің  кірісіне  төлуге  міндетті .

        Мемлекеттік заттай  гранттар  түріндегі жер учаскелері  мен жер пайдалану құқығы  инвесторға  осы Кодекске  және  Қазақстан Республикасының  инвестициялар  туралы  заңдарына  сәйкес  беріледі.

       Жер учаскесін заттай  грант ретінде беру  туралы  атқарушы  органның  шешімі  инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның  шешімі  негізінде қабылданады.

        Меншік  иесі  жер  учаскесін  сатқан  немесе  жалға  берген  кезде, мемлекеттік  емес  жер  пайдаланушы  өзіне  тиесілі  жер  пайдалану  құқығын  басқа  тұлғаларға  сатқан  кезде, сондай – ақ  ол  жер  учаскесін  кейінгі  жер  пайдаланушыларға  жалға  берген  кезде, жер учаскелері  үшін  төлемақының мөлшері, мерзімдері  мен нысаны  Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес  сатып алу – сату  немесе  мүлік жалдау  шарттарымен айқындалады.

 

    IV- бөлім.

4.1. Қоршаған ортаны қорғау

 

      Табиғи  ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану табиғаттың  және қоғамның даму заңдылықтарына сүйеніп жүргізіледі. Заңдылықтардың үйлесімділігі және жүргізілген шаралардың осы заңдылықтарға сәйкес болуы басты міндет. Табиғат байлығын пайдалану және табиғи ортаны қорғау жүйесінде екі негізгі заңдылық тобын атауға болады. Бірінші жалпы заңдылық – табиғатпен қоғамның қатынасындағы ең негізгі тұрақты байланыстар заңдылығы. Екінші, өндіріс қатынасымен шектелген арнайы заңдылықтар. Табиғи ортамен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуға тиіс.

     Қоршаған  ортаны қорғау – қоршаған ортаның  табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды  тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды  сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық іс-шаралар жүйесі. Қазақстан Республикасында “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң 1997 жылы 5 тамызда қабылданды. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқадай қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, биологиялық әр алуандылықты сақтауға және табиғатты оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі туралы мемлекеттік тұжырымдамада (1997 жыл) қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды экологияландыруға көшу стратегиясы белгіленген. Қазақстан Республикасының Конституциясына негіздеді және ол  “Қоршаған ортаны қорғау туралы”, “Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы”, басқа да заңдар мен нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

  Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерін зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан түрліті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

     Қоршаған  ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік  саясаттың негіздері Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 сәуірдегі өкімімен мақұлданған Экологиялық қауіпсіздің тұжырымдасына енгізіліп, онда өтпелі кезеңнің экологиялық басымдылықтары, атап айтқанда, жекешелендірудің экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттік бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетіктерінің, қоршаған орта мониторингінің жүйесін құру қажеттілігінің мәселелері қарастырылатын болды.  
 
 

     Аталаған  Тұжырымдаманы қабылданған сәттен бастап Қазақстан Республикасында қоғамдық дамуда елеулі өзгерістер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары әзірленді, табиғат қорғау заңнамасының негізі құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша бірқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметін басқару жүйесі құрылды.

     Бұл стратегиялық жоспарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау бөліміндегі шараларды  өткізу нәтижесінде ғана біз экологияға зор жауапкершілікпен қарай аламыз. Бұл стратегиямен қатар 1997 жылы “қоршаған ортаны қорғау туралы”, “Ерекше қорғалатын аймақтар туралы”, “Экологиялық сараптама туралы”, 1998 жылы “Радиакациялық қауіпсіздік туралы” заңдар, 2002 жылғы “Атмосфералық ауаны қорғау туралы” заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттің “Жер қойнауын және жер қойнауын пайдалану туралы” 1996 жылғы жарғыны, 2003 жылғы – Орман, Су және Жер кодекстері қабылданды. Заңға тәуелді қажетті нормативтік құқықтық актілердің көпшілігі әзірленіп, бекітілді. 

    Қоршаған  ортаның экологиялық  жағдайы мен территорияның  реакреациондық құндылығы. Құрылыстың тарихи құндылығы, территорияның әсмдік және ландшафттық құндылығы. Территорияның реакреациондық құндылығы (шағын аудан, тұрғын массив) сондай құндылығы бар қоныстанған пункттің учаскелеріне локалды турде қолданылады. 

    Кесте-10. Жер бағасын төмендететін экологиялық факторлер.

5.1. Механикалық 5.2. Химиялық 5.3. Физикалық
Қоқыстану Химиялық құрамының  өзгеруі:

5.2.1. Атмосфера.  Ластану деңгейі, ауа тазалығы.

5.2.2. Топырақтар.

5.2.3. Сулар

5.3.1. Жылумен  ластануы.

5.3.2. Жарықпен  ластануы.

5.3.3. Шумен ластануы.

5.3.4. Электромагниттік  ластану.

5.3.5. Радиациялық  ластану.

 

    Кесте-11. Жер бағасын көтеретін экологиялық факторлер.

Табиғат ландшафты болуыф және оны терезеден  көру мүмкіндігі. Таза табиғи нысандардың жоғары әрі қолжетерлігі. Жасыл ағаштардың әртүрлілігі және олардың жоғары экологиялық әсемдігі. Жайлылық жеңгейі (микроклимат)
 
 

    Ландшафттың әсемдік сапасын бағалау кезінде  басқа жеке бәсекелес алаңдардың әсемдік белгілерімен салыстырады.

    Қазақстан Республикасының  Жер кодексінің 139- бабы бойынша:

    «Жерді  қорғау қоршаған ортаны бір бөлігі ретінде жерді қорғауға, жерді  ұтымды пайдалануға, жерді ауылшаруашылығы  айналымнан негізсіз алып қоюды болдырмауға, сондай- ақ топырақ құнарлығын қалпына  келтіру мен арттыруға бағытталған  құқықтық ұйымдық экономикалық технологиялық  және басқа іс- шаралар жүйесін қамтиды ». Кодекстің осы бөлімінің 163 бабында республикалық және аймақтық бағдарламаға сәйкес жүргізілетін жер қорғау жөніндегі шаралар мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, ал жеке меншікке және пайдалануға берілген нақты жер учаскелерін жақсарту жөніндегі жұмыстар жер иелену мен. Пайдаланушыларды қаржы есебінен жүзеге асырылады делінген.

          Жердің пайдалануы мен қорғалуы зор мемлекеттік  және қоғамдық міндет болып табылады. Мемлекеттік тарапынан бұны жергілікті әкімшіліктердің жерге орналастыру қызметі, табиғи қорғау органдары және арнайы  уәкілдік берілген басқа да органдар жүзеге асырады.

          Өзгерістерді уақтылы  анықтап, оларға баға беру, келеңсіз процестер  зардаптарын алдын алу және жою  үшін жер қорын жайын қадағалап отыру жүйесі жер мониторингі деп аталады. Жер мониторингінің құрылымын, мазмұнын және жүзеге асырылуы тәртібін министрлер кабинті белгілейді, ал міндеттері, әдістері және т. б. Жер кодексінің 159-162 баптарында көрсетілген.

      Жалпы алғанда жерді қорғау жөніндегі шаралар үш бағытта жүргізіледі. Олар: құқықтық, экономикалық және техникалық. Егерде біріншілері жерді қорғау жөніндегі құқықтық және экономикалық негіздерін қамтамасыз етсе, соңғысы ол шаралардың жүзеге асырылуының нақты жолдары мен әдістерін қарастырады.

      Жердің  негізгі қасиеттерінің бірі –  бұл оның  басқа өндіріс құралдарымен алмастырылуға болмайтындығында. Жер  – жалғыз табиғи және өндірістік құрал  болып табылады. Жер тез техникалық прогресстің дамуы мен урбанизацияға  байланысты адамдардың оған деген құрметпен қарауды қажет етеді. Алайда, адамның  жерге немқұрайлы қараудың бірнеше мысалдары да бар.Ол жерлер кеңістікте шектеулі екенін ескермейді.

     Жер бетін дұрыс пайдаланбау, топырақ  эрозиясына, оның бетін әр түрлі  тау-кен өндірісінің қалдықтары мен шихта үйінділерімен ластануын әкеліп соқтырады. Топырақ дегеніміз, жердің құнарлы қабаты және жануарлар дүниесінің қатысуымен, климаттың әсерінен мындаған, миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан күрделі зат. Топырақтың ерекше қасиеті – оның құнарлығы.     Жердің ерекше қасиеті – топырақтың құнарлығы.топырақтың құнарлығының өзгеруіне адамдар әрекетті әсер етеді. Ғылыми тұрғыдан әрекет жасаса, топырақ құнарлығын арттырады, ал жауапсыздықпен қарайтын болсақ, топырақ құнарлығын төмендетеді немесе жойып жібереді.

     Топырақтың  құнарлығы көптеген микроорганизмдердің  қатысуымен өздігінен қалпына келеді, бірақ оған ұзақ уақыт керек, екі  жарым см құнарлы топырақ қабаты қалыптасу үшін үш жыл, бір қалыпты  температурада тоқсан см топырақ  қабаты жасалу үшін он алты мың жыл керек екен. Топырақтың құнарлы қабатының қалыптасуына сыртқы ортаның факторлары (ыстық, суық, жел, ылғал, күн және тағы басқалары) әсер етеді. Топырақ құнарлығын сақтау және қалпына келтіру, қоршаған ортаны жақсарту және халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ауыл шаруашылығының тозған алқаптарын, шекті жол берілетін әсер ету деңгейінің белгіленген нормативтерінен тыс химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен, сарқынды сулармен ластанған жерді, бүлінген жерді, сондай-ақ карантиндік зиянкестер мен өсімдік аурулары жұққан жерді сақтап қою тәртібін белгілейді. Белгіленген тәртіппен пайдаланылуы олардың бүлінуіне байланысты болатын пайдалы қазбалар кен

орындарын өңдеу, минералдық шикізаттың қалдықтарын, шлам жинақтауыштарды, күл-қоқыс үйінділерін жинап қою, геологиялық барлау, іздестіру, құрылыс және өзге де жұмыстарды орындау үшін берілген (бүлінетін) жер учаскелеріне қолданылмайды.

     Қазақстан Республикасының барлық жер қоры санаулы болғандықтан, оның құндылығы ақшалай бағаланып, ұлттық байлықтың құрамында есептеледі.

     Жер иеленуге, пайдалануға, жалға немесе жеке меншікке беріледі, жер несиеге  кепілдік болады, жер пайдаланушылардан  салық, тағы басқа төлемдер алынады, осының барлығының шамасын анықтау негізінде жердің құндылығы – экономикалық бағалауға жатады. Барлық табиғат байлықтары сияқты жерді экономикалық бағалау негізгі үш түрлі қызмет атқарады: жер ұлттық байлық ретінде, аймақтардың, кәсіпорындардың, жеке жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың өндірістік – материалдық қоры ретінде үйлердің және тағы басқа орналасқан орны, шаруашылық орны ретінде есепке алынады; жер қорын тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру үшін оның бағасы болуы керек және сол арқылы нарықтық қоғам-қатынасқа қосылады; жер бөлемшелерінің сапалық қасиеттері - өнімділігі, орналасу тиімділігі әртүрлі. Құнарлы, тиімді жер жеткіліксіз, сондықтан өнімділігі, тиімділігі төмен жерлер де пайдаланылады және жұмсалған еңбектеріне қарамай жақсы (тиімді) пайдаланушылар қосымша пайда табады. Тиімділігіне байланысты әр түрлі жер бөлемшелері әр түрлі бағаланып жер пайдаланушыларға біркелкі жағдай туғызылады. Сонымен тиімділіг төмен, бірақ халық шаруашылық тұрғыдан қажетті жерлерді пайдалану ынталандырылады.

Информация о работе Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау