Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 17:21, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарын иеленіп отыр. Біркелкі мемлекеттік жер қоры 272,5 млн га құрайды. Мемлекеттік жер қоры 14 облыс және 2 қала (Астана және Алматы) арасында бөлінген. Республиканың территориясында 8 табиғи шаруашылық аумақ пен 2 табиғи шаруашылық облыс бөлініп отыр, олардың ішінде жерлердің көбі шөп (112,2 млн га), шөлейтті (37,3млн га), және дала (62,4 млн га) аумақтарында болып отыр.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................4-6
Анықтаулар..................................................................................................7-8
Қысқартылған сөздер және белгілер............................................................9
Ι бөлім. Әдебиетке шолу........................................................................10-26
ΙΙ бөлім. Ақмола обылысы Целиноград ауданының жалпы сипаттамасы.....................................................................................................27-37
ΙΙΙ бөлім. Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау............................................................................................................38-50
ΙV бөлім.
4.1.Қоршаған ортаны қорғау...................................................................51-56
4.2.Еңбек қорғау.......................................................................................57-61
Қорытынды..............................................................................................62-63
Қолданылған әдебиеттер.............................................................................64

Работа состоит из  1 файл

Dokument M. H Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау.doc

— 538.50 Кб (Скачать документ)

    Тұтас жүйе ретінде жер кадастрының байланысы және жүзеге асыру ізділігі осындай. Өз кезегінде кадастрдың әр бөлігінің жүргізілуінің нақты арнаулы, мазмұны , белгілі әдістемелері, тәсілдері бар. Оның  әр біреуі белгілі  жағдайда жеке жүргізілуі мүмкін. Мысалы, бір кезеңде назарды жер тіркеуге, ал басқа уақытта – жерлерді есепке алуға көңіл бөледі. Белгілі кезеңде оларды топырақтарды бонитеттеу және жерлерді экономикалық бағалау мәліметтерімен толықтыру қажеттілігі туады. Орындалатын жұмыс аумағына, сипатына байланысты жер кадастры екі түрге бөлінеді: негізгі(бірінші), күнделікті(келесі).

    Негізгі кадастрдың мақсаты – кадастрленетін жер учаскесі, аудан, облыс жерлерінің табиғи, құқықтық, шаруашылық жағдайы  туралы алғашқы мәліметтерді алу. Мұнда  алқаптардың көлемі, құралы, сапалық сипаттамасы, жерлердің пайдалануы, шығындар және тағы басқа мәліметтерден тұратын құжаттар, материалдар жинақталып, олардың толықтығы дұрысталып талданады. Керек болса толық және сенімді мәліметтерді  алу мақсатымен қосымша жұмыстар орындалып, материалдар түзетіледі. Осы мәліметтер негізінде мемлекеттік жер кадастрының құжаттарына алғашқы жазу түсіріледі.

    Сонымен, негізгі кадастр жүргізу нәтижесінде  жер қорының мөлшерлері,олардың  негізгі санаттары бойынша үлестіріледі және бағалау туралы мағұлматтар  алынады. Негізгі кадастр жерлерді түсіру , зерттеу, жазу, бағалау бойынша көп аумақты, қомақты жұмыстарды жүргізумен байланысты. Топырақтық және геоботаникалық зерттеулер ведомостволық  бағыныштыққа қарамай, кадастр талаптары бойынша мемлекеттік бағдарламамен кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде орындалады.

    Жерді өз еркімен басып алу, беру, құнды  алқаптарды құнсыз түрге аудару сияқты әртүрлі заңсыз әрекеттер жер  кадастрлық құжаттарға түсірілмейді, оларды жою жөнінде шаралар қолданады. Сонымен, негізгі және күнделікті қолданатын кадастр де жер қоры туралы мәліметтерді жинаумен шектелмейді, жердің пайдалануын дер кезінде бақылауға, мемлекеттік және жеке меншікті қорғауға мүмкіндік береді. Осы екі кадастр арасында байланыс бар. Негізгі кадастр жер толық сипатталған, күнделікті кадастр мәліметтерін қолданады. Күнделікті кадастр алғашқыны жаңартып, толықтырып, оның мәліметтерін қазіргі заман деңгейінде жүйелі ұстап отырады.

    Жер кадастрлық құжат текстік және жоспарлы – картографиялық болып бөлінеді. Текстік – кітап, ведомос, карточка, тізім, түсіндірме жазулар түрінде болады. Жоспарлы – картогрфиялық құжаттар жер учаскелерінің сызба бейнелерін көрсетеді – жоспарлар, карталар, картограммалар. Жер кадастрының басқа есепке алу түрлерінен айырмашылығы оның тек жоспарлы – картографиялық негізде жүргізілуі. Кадастр үшін мәліметтер жоспарлы – картографиялық  материалдарда сызба түрінде көрсетілген. Қазақстанда жер кадастрын жүргізу автоматтандырылған жүйеге салынып отыр, барлық мәліметтер компьютерлерге енгізіліп сақталады. Бұл ақпаратпен жұмыс істеу үшін арнайы бағдарламалар жасалынған. Картографиялық материалдар да компьютерлерге енгізіліп, электрондық жоспар – карта түрінде шығарылады.

    Кадастрлық  құжат негізгі және қосымша деп  бөлінеді. Негізгі құжат рәсімінің  тізімін , сол құжаттарға кіретін мәліметтер құрамын Жер қорларын басқару Агенттігі жасайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі» туралы қаулысы бойынша негізгі жер – кадастрлық  құжаттарына мыналар жатады: жер учаскесінің жер – кадастрлық ісі ; ауданның(қаланың) мемлекеттік жер – кадастрлық кітабы ; жер – кадастрлық картасы.

    Тиісті  жазулардың заңды негізі ретінде  құжаттар жерлердің барлық санаттары  бойынша кадастрлық құжаттарды жүргізу  тәртібін белгілейді. Ол құжаттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, атқарушы органдарының шешімдері.

    Жер кадастрында тағы арнайы есептік  құжат жүргізіледі, ол текстік құжатқа  жатады. Оған қосымша картограммалар, диаграммалар, жоспарлы – картографиялық материалдар тіркеледі. Жер кадастрының әр сатысында жер учаскесі, кәсіпорын, аудан, облыс, республикалық мәліметтер бойынша байланысы бар тиісті құжаттар толтырылады. Қосымша кадастрлық құжатта негізгі жер кадастрлық құжатта бар материалдарға қосымшалар және түсініктемелер келтіріледі. Мағұлматтарды алу және кадастрлық құжатты толтыру үшін алғашқы құжаттың мәліметтері пайдаланылады. Оларға түсіру және зерттеу, жоспарларды түзету материалдары, түгендеу, жерді орналастыру, мелиорация және тағы басқа мәліметтер жатады. Жер кадастрының кейбір бөліктерін жүргізу үшін қажетті кадастрлық құжаттардың және материалдардың, жұмыстардың түрлері:

    Жер учаскелерін тіркеу – заңдық және нормативтік құжаттар, жер учаскелеріне құқықтарды рәсімдеу және табыстау тәртібі, құжаттардың рәсімі, жерлерді бөліп  беру, шекараларды, аудандарды, алқап құралдарын, бөлінуі, ауыртпалықтарын және пайдаланудағы басқа щектеулерді анықтау, картографиялық жұмыстар;

    Жерлерді  есепке алу – тіркеу мәліметтері, есепке алу және есеп беру құжаттары, картографиялық материалдар, бонитеттеу, жерлерді бағалау мәліметтері, жер учаскелері, санаттары, алқап түрлері, құқық субъектілері бойынша есепке алуды жүргізу;

    Жерлерді  бағалау – жерлерді  аймақтау, топырақтарды бонитеттеу, жерлерді бағалау  әдістемесі,жерлерді есепке алу мәліметтері, топырақтық геоботаникалық зерттеу, ізденіс материалдары;

    Жер кадастрының автоматтандырылған жүйесі – компьютерлік техникамен қамтамассыз  ету, жекешелеп оқыту, кадастрлық жұмыстардың  барлық түрлерін бағдарламамен қамтамассыз  ету.

    Қазақстан  Республикасында  қалыптасып  жатқан  мемлекеттік  жер кадастрының  жаңа  құрылымын біздің ұсынуымыз бойынша осылай сипаттау жер  –  кадастрлық  жұмыстарының  халық  шаруашылық  маңыздылығын, күрделілігін, қомақтылығын, сондай – ақ кадастрды мемлекет  басшылығымен жүргізу қажеттігін әдістемелік тұрғыдан дұрыс көрсетуге мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар, мемлекеттік жер кадастры құрылымының жаңа схемасы қазір  Қазақстанда дамып келе жатқан жер  кадастр жүйесі бұрынғы Кеңес  жүйесіндегі жер кадастрынан  түбегейлі басқа екендігін айқындайды. Оның ең басты ерекшелігі, айырмашылығы кадастрдың құқықтық және қаржылық байламдары мәндерінің, қызметтерінің өсуі. Бұл жағдай  халық шаруашылығының  барлық салаларына нарықтық қатынастардың енгізілуіне байланысты бір айырмашылық – жер кадастрының барлық байламдарында ғарыштық, аэротүсіру негізінде жер мониторингісін жүргізу, жер кадастрында автоматтандырылған ақпарат жүйесін қолдану, жетілген өлшеуші, талдаушы аспаптар, жаңа техникалық құралдар, технологиялар қолданып, барлық процестерді автоматтандыру.

    Жер кадастрының негізгі принциптері:

    -жүйесінің бірыңғайлылығы;

    -мәліметтердің сенімділігі;

    -мағұлматтардың толықтығы;

    -үздіксіздігі;

    -құжаттылығы;

    -мәліметтердің көрнектілігі, анықтылығы, қол жетерлігі;

    -үнемділігі;

    -орталық мемлекеттік басқару.

    Жер кадастр жүйесінің бірыңғайлылығы .Ол бірыңғай жүйе бойынша бірыңғай әдістемелік  жүйе негізінде жүргізілді. Оның негізіне бірыңғай мемлекеттік жер қорын табиғи шаруашылық, құқықтық тұрғыда сипаттаушы ғылыми негізделінген көрсеткіштер алынады. Мұнда кадастр жүйесінде белгілі бір келісімдік болу керек. Біріншіден, оның құрамдық бөліктерінің мазмұнында және жүзеге асыруында; екіншісі , жер кадастрын қоюда мәліметтердің мазмұнында оның жеке звенолары (кәсіпорын, аудан, қала, облыс) мен оларды алу тәсілінде; үшіншіден, жер кадастры құжаттарының төменгі звенодан бастап, жоғарыдан аяқталатын мазмұнында. Бірыңғайлылықта негізделе отыра, бұл жүйе жерлердің жай – күйіндегі және пайдаланудың аймақтық ерекшеліктерін айқындауы керек.

    Жер кадастры мәліметтерінің сенімділігі. Бұл олардың обьективтілігіне тығыз қатысты, олар жер қорының нақты мөлшерлерін, орналасуын және сапалық жай – күйін дәл айқындауға байланысты. Жер кадастрында өндірістік мәселелерді және жерлерді пайдаланумен байланысты басқа да міндеттерді атқару үшін жерлердің табиғи шаруашылықтық , құқықтық жай – күйлері туралы қажетті дәлділікті мағұлматтармен қамтамассыз ететін жер учаскелерін тіркеу, зерттеу, есепке алу, бағалау тәсілдерінқ қолдану керек. Жерлер жай – күйіне, пайдалануына байланысты алқаптар бойынша топтастырылады. Мәліметтердің дұрыстығы кадастрлық жерлердің нақтылы жер аудандарына, сапалық жай – күйлеріне, пайдалануына сәйкес болуы керек. Бұл талап жерлерді зерттеуде жетілген қазіргі түсіру әдістерін қолданғанда ғана орындалады.

    Жер кадастры мағұлматтарының толықтығы. Жерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық жай – күйлері туралы қажетті мәліметтердің барлық жиынтығымен айқындалады. Кадастрлық мағұлматтардың тәптіштеу дәрежесі және оның құжаттарының мазмұнын жүргізу деңгейіне (аудан, облыс, республика) тәуелді. Жер қорының мөлшерлері, жай – күйі , пайдаланылуы туралы дәл және толық мәліметтерді алу үшін барлық жерлер, олардың кадастр жүргізу кезінде нақты пайдаланылуы немесе біреуге табысталуына қарамай есепке алынуы керек.

    Жер кадастрының үздіксіздігі. Мұнда жер қорының барлық өзгерістері кадастрлық құжаттарда есепке лынып жазылады. Өзгерістердің түріне байланысты бір мағұлматтар (есепке алу, тіркеу) жүйелі түрде көрсетіліп орырса, басқалары (бағалық) оқтын – оқтын жаппай немесе таңдау тәртібімен жаңартылып отырады. Сөйтіп кадастр мәліметтері қазіргі деңгейде ұсталып, оны жүргізудің үздіксіздігі қамтамассыз етіледі.

    Жер кадасрының құжаттылығы деп жерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық жай – күйлері туралы мәліметтерді алу, жазу тек қана тиісті құжаттар, материалдардың негізінде жүргізілуін айтады. Жер учаскесін тіркеу тиісті мемлекеттік органдар шешіміне немесе олармен мәліметтер бойынша нотариалды куәләндірілген құжаттарға сүйенеді. Жерлерді есепке алуда, бағалауда түсіру және зерттеу материалдарының маңызы өте зор.

    Кадастр мәліметтерінің көрнектілігі, анықтылығы, қол жетерлігі. Материалдарды кадастрлық құжаттарда тиімді және ыңғайлы орналастырумен қатар, әртүрлі картографиялық материалдарды, кадастрлық ақпаратты жинау, талдау, өңдеу, сақтау және беру электрондық карталарды, жоспарларды, картограммаларды, диаграммаларды қоса, компьютерлік технологиясын қолданумен жетіледі. Жер кадастрының мағұлматтары және материалдары жеке және заңды тұлғалар учаскесін әртүрлі шаруашылық, құқықтық және жерлерді пайдалану, қорғау мәселелерін шешуде қарапайым, қол жетерлі болуы тиісті.

    Жер кадастрының үнемділігі.Қазіргі өлшеу,зерттеу әдістерін,сондай – ақ компьютерлік техниканы қолдану арқылы қажетті мағұлматтарды алу және оларды қазіргі деңгейде ең аз шығыннмен ұстауды қамтамассыз ету. Аэрофототүсіру және аэроғарыштық түсіру материалдарын пайдалану жеріміздің барлық аумағы арқылы кең ақпарат бере отыра, қысқа мерзімде жер қорының орналасуы, жай – күйі және пайдалануында өтіп жатқан барлық өзгерістерді ескеруге мүмкіндік береді.

    Жер кадастрын орталық мемлекеттік  басқару  кадастрлық жұмыстарды бірдей әдістеме бойынша жүргізіп, жер қорының  жай – күйі, оның пайдалануы  туралы салыстырмалы сенімді мәліметтерін алуға мүмкіндік береді. Қазақстан  Республикасында мемлекеттік жер кадастрын басқару, жүргізу жер қорын басқару жөніндегі Агенттікке және оның территориялық органдарына жүктелген, осы Агенттікке пайдаланатын, иеленетін жерлерді тіркеуді, жерлерді мемлекеттік есепке алуды және басқа жер – кадастрлық жұмыстарды басқарады.

    Ол  топырақтық, геоботаникалық зерттеулерді жүргізу, жоспарлы – картографиялық  материалдарды  құру,  жерлерді  тіркеу, есепке  алу,  бағалау  бойынша  нұсқауларды,  әдістемелерді  жасап, бекітеді. Агенттік жер көлемдерін, олардың  санаттарын, алқаптар, жер  пайдаланушылар  бойынша орналастыру туралы мәліметтерді жүйелендіруді, зерттеуді, сақтауды, сондай – ақ қажетті жер – кадастрлық құжаттарды жарыққа шығаруды қамтамассыз етеді.

    Жер кадастрлық жұмыстарды Агенттіктің  территориялық органдарымен қатар  республиканың жерді орналастыру қызметімен әртүрлі кәсіпорындары, ұйымдары жүргізеді. Ал кейбір жұмыс түрлерін қазіргі уақытта мемлекеттік емес кадастрлық фирмалар мен бюролар орындайды. Осы кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер жылда белгіленген мерзімде тиісті аудан, қала органдарына белгіленген рәсімде жерлер құрамында болған өзгерістер туралы есеп беріп тұрады. Жер кадастрын бүкіл республика масштабында орталық басқару мен Агенттік жағынан бақылау, оның жүйесінің және әдістемесінің бірлігін қамтамассыз етеді.

    Жер кадастрының халық шаруашылығындағы есепке алудың кейбір түрлерімен және жерді орналастырумен байланысы  бар. Халық шаруашылық есепке алудың кейбір түрлері шаруашылық қызметіне  жатады және ақпаратты бақылау, жинау, өңдеу, талдау процесін жүзеге асыруға  бағытталған (оларды бақылау және дамуына әсер ету мақсатымен сапалық көрсету, сипаттау). Халық шаруашылық есепке алудың тиісті өлшемдері (натуралдық, еңбектік, құндық), абсолюттік және салыстыриалы шамалар қолданылады.

    Натуралдық  өлшемдер (сан, ұзындық, салмақ) шаруашылық құралдарының нақты  түрлері мөлшерін береді. Мысалы, жер ауданын тек қана натуралдық өлшемде көрсетуге болады (га). Дегенмен, натуралды өлшемдермен тұтас өндірістік процестерді , әртекті обьектілер мен процестердің (аудан, масса) көрсеткіштері әр дақылдың тиімділігі бойынша бағаланса тұтас жер сапасын салыстыру мүмкін емес.

    Еңбектік  өлшемдер шаруашылық құбылыстарды көрсету үшін жұмсалған еңбек мөлшері, уақыт бірлігі (сағат,жұмыс күн) ретінде қолданылады. Натуралдық көрсеткіштермен олар еңбек төлемін, өндіру нормасын есептеу үшін пайдаланылады.

    Құндық  өлшем талдауда кең қолданылады, ол бүкіл шаруашылық әрекеттері нәтижелерін қорытуға мүмкіндік береді.

    Халық шаруашылық есепке алу жүйесіне оның келесі негізгі түрлері кіреді: статистикалық; бухгалтерлік; қолма – қолдық (оперативный).

Информация о работе Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау