Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 17:21, курсовая работа
Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарын иеленіп отыр. Біркелкі мемлекеттік жер қоры 272,5 млн га құрайды. Мемлекеттік жер қоры 14 облыс және 2 қала (Астана және Алматы) арасында бөлінген. Республиканың территориясында 8 табиғи шаруашылық аумақ пен 2 табиғи шаруашылық облыс бөлініп отыр, олардың ішінде жерлердің көбі шөп (112,2 млн га), шөлейтті (37,3млн га), және дала (62,4 млн га) аумақтарында болып отыр.
Кіріспе..........................................................................................................4-6
Анықтаулар..................................................................................................7-8
Қысқартылған сөздер және белгілер............................................................9
Ι бөлім. Әдебиетке шолу........................................................................10-26
ΙΙ бөлім. Ақмола обылысы Целиноград ауданының жалпы сипаттамасы.....................................................................................................27-37
ΙΙΙ бөлім. Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау............................................................................................................38-50
ΙV бөлім.
4.1.Қоршаған ортаны қорғау...................................................................51-56
4.2.Еңбек қорғау.......................................................................................57-61
Қорытынды..............................................................................................62-63
Қолданылған әдебиеттер.............................................................................64
Жер кадастрының құрамдық бөлігі ретінде жерді есепке алудың орны ерекше. Онда статистикалық және жедел есепке алу сәттері жанастырылады.
Статистика деп әдете қоғамдық өмір немесе облыстардың жан – жағын сипаттайтын сан көрсеткіштері жиынтығын айтады.
Статистикалық есепке алуда мәліметтерді алу, өңдеу, талдау бойынша айрықша тәсілдер қолданылады. Ол толық, орта шамалы және тағы басқа әдістер. Бұл әдістерді де жер кадастрында қолданады.
Бухгалтерлік есепке алу өндіріс жүрісін, кіріс – шығысты, қаржылық нәтижелерді көрсетіп бақылайды, оның обьектісі шаруашылық процестер, материалдық құндылықтар болып табылады. Ол қатаң құжаттылықта жүргізіледі, оған есепке алынатын екі жақты тексеру тәсілі тән.
Жедел есепке алу обьектісі болып жеке шаруашылық операциялар, сондай – ақ өндірістің жеке звенолары саналады.
Жедел есепке алуда натуралдық, ақшалық, еңбектік өлшемдер қолданылады.
Осы аталған статистикалық, бухгалтерлік жедел есепке алу жер кадастрында кең қолданылады. Мысалы, жерлерді бағалауда, олардың пайдалануын сипаттауда дақылдардың шығымдылығы, алқаптардың өнімділігі, өнімдердің шығымдары, жалпы құны, жалпы және таза пайда туралы есепке алу құжаттарында болатын мағұлматтарды жер кадастрында кеңінен қолданады. Әсіресе ақпараттар алудың, өңдеудің, талдаудың статистикалық тәсілдері мәнді. Мысалы, жерді есепке алуда, бағалауда статистикалық топтау, бақылау және баланс әдістері, сондай – ақ салыстырмалы, орта шамалар, индекстер,коррелияциялық талдаулар қолданылады. Өз кезегінде, жер кадастры мағұлматтарын жер пайдалануды талдау барысында статистикалық, бухгалтерлік жедел есепке алуда пайдаланады.
Жер кадастры жерді орналастыру мен өте тығыз байланыста.Олар жер қорларын ұтымды, тиімді пайдалануды, қорғауды қамтамассыз етуге бағытталған. Екі жағдайда да жер табиғи қор және өндіріс құралы ретінде қаралады. Жер қорларын тиімді пайдалану, оларды территорияларды орналастыру керектігін обьективті түрде себептейді. Былай айтқанда, жерді орналастыру арқылы мемлекет жерді нысаналы, дұрыс пайдаланады. Осының нәтижесінде халық шаруашылық, сапалық, шаруашылық ішкі тұрғыларды жақсы территориялық жағдайлар жасалынады.
Шаруашылықаралық жерді орналастыру процесінде пайдаланатын жерлердің жаңа құрылымдары құрылып, қазіргі қолданыстағылары ретке келтіріліп, өзгертіледі. Шаруашылық ішінде жерді орналастыруда өндірістік бөлімшелерді, шаруашылық орталықтарын, жол желісін, алқаптарды және ауыспалы егістерді ұйымдастыру, бақтарды, жүзімдерді, шабындықтарды, жайылымдарды орналастыру мәселелері шешіледі. Учаскелік жерді орналастыруда аз көлемді жер учаскелерінің, массивтерінің территорияларын ұйымдастыру мәселесі шешіледі.
Жерді орналастыру мәселелерін шешу республикамыздағы барлық жерлері мен әр жер учаскесінің табиғи, шаруашылық және құқықтық жай – күйлері туралы нақты мағұлматтарды алу қажеттігін білдіреді. Ал жер қорлары туралы бұл мағұлматтарды жер кадастры береді. Жерді орналастыру, мелиорация, рекультивация, жерлерді жақсарту жобаларын құруда кадастр мәліметтері бастапқы ретінде алынады. Жерлерді күнделікті есепке алуды жүргізуде алқаптардың бір түрінен екіншісіне көшу жобаларын іске асыру тексерулері, зерттеулері кадастр үшін қажетті мағұлматтарды алу және бұрынғыларын дұрыстауға негіз болып саналады.
Жерге орналастырудың тәжірибесін, мақсат – міндеттері мен қазіргі және жақын болашақтағы мазмұнын талдай отырып, толық түрде оған мынадай ғылыми сипаттама (дефиниция) беруге болады.
Қазіргі жерге орналастыру – бұл еңбектің жоғары әлеуметтік- экономикалық тиімділігі мен экологиялық тұрғыдан қауіпсіз қоршаған ортаны қамтамасыз ету мақсатымен жер заңдарын жүзеге асыруға, жер қатынастарын реттеуге, жерде әртүрлі шаруашылық жүргізу формаларының дамуына тең және қолайлы жағдайлар жасауға, жерді аса маңыздытабиғи ресурс және өндіріс құралы ретінде ұтымды пайдалануға және қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.
Бұндай
күрделі сипаттама жерге
жерге орналастыру – жеке дара іс- қимыл емес, ол шаралар жүйесі;
жерге
орналастыру – мемлекеттік
жер заңдарын жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік құрал ретінде, жерге орналастыру, біріншіден, жер қатынастарын реттеуге, жер пайдаланушылықтар және жер иеленушіліктер жүйесін қалыптастыруға және үнемі жетілдіріп отыруға, екіншіден, жердің ұтымды пайдалануын ұйымдастыруға және ысырапты жұмсаудан, ұқыпсыздықтан, табиғи теріс құбылыстар мен антропогендік ықпалдардан қорғауға бағытталады;
жерге
орналастырудың түұпкі мақсаты - әрбір
жер учаскесінің жалпы өндіріс
құралы және аса маңызды табиғи ресурс
ретіндегі пайдалану
Өткен ғасырдың 40-70 ж.ж. жерге орналастрыру ғылыми мектебінің жетекшісі академик С.А.Удачкин жерге орналастыруды техника мен құқықтың экономика арқылы сынып көрінетін үшқырлы примамен салыстыра бейнелеген болатын. Шынында да, жерге орналастыру экономикалық тиімділікті арттыруға бағытталған, бірақ, ол геодезиялық және басқа техникалық тәсілдерді қолдана отырып, әртүрлі инженерлік жобаларды жасау, болжауларды әзірлеу арқылы жүзеге асырылады және тек осыларды орындау барысында әрқашанда құқыққа – заңдар мен нормативтік актілерге негізделеді.
Жерге
орналастыру обьектісі ретінде
республиканың, облыстардың, аудандардың,
қалалардың және басқа да елді –
мекендердің территориялары, бірінші
кезекте ауыл шаруашылық және ауыл
шаруашылық емес кәсіпорындардың жер
иеленушіліктері мен жер
Жерге
орналастырудың тақырыбы және оның нақты
нәтижелері – экономикалық тұрғыдан
тиімді, экология жағынан қолайлы
жер категорияларының, жер иеленушіліктер
мен жер
Жерге орналастыру өзі функцияларын жер қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеу жүйесінің негізінде жүзеге асырып отырады. Бүкіл құқықтық құжаттарды шартты түрде 4 топқа бөлуге болады:
Біріншісі – Қазақстан Республикасының Конституциясы; екіншісі – Парламент әзірлеп, Президент бекіткен заңдар; үшіншісі – ведомостволық нұсқаулар мен ұсыныстар; төртіншісі – облыстық және аудандық мәслихаттар мен әкімшіліктердің өзі құқықтық құзырларындағы аймақтық шешімдері.
ҚР Конституциясы бойынша жер, оның қойнауы, суы, өсімдік және жауарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігіне жатады.
Жер заңдарынан басқа, жер қатынастары мен жерге орналастырудың құқықтық негізі ретінде Азаматтық Кодекс, «Шаруа қожалығы туралы» (1998ж.), «Ауыл шаруашылық серіктестіктері туралы»(2000ж.), «Ипотека туралы» (1995ж.) және тағы бірқатар заңдар қолданылады. Бұлардың кейбіреулері жер мен жерге орналастыруға тікелей, ал кейбіреулері жанама түрде қатысты. Сондықтан оларды жеткілікті деңгейде оқып білу қажетті.
«Шаруа қожалығы туралы» заңда оларға жерді иеленуге, пайдалануға немесе жалға алуға қатысты құқықтық шарттар белгіленген.
«Жер салығы туралы» заң жерді тиімді пайдалануға және жерге орналастыру, топырақтың құнарлылығын арттыру шараларын қаржыландыруға қолайлы экономикалық жағдайларды қамтамасыз етуге тиісті.
Реформаға
дейінгі уақыттағы біршама
Жерге орналастыру обьектісіне қарай екі түр тармаққа ажыратылады. Олардың біреуі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтарын құруға, қайта құруға, реттестіруге және жетілдіруге, екіншісі- әр түрлі мемлекеттік, қоғамдық және жеке шаруашылық мұқтаждықтарға (өнеркәсіптік, азаматтық, энергетикалық, гидротехникалық және басқа құрылыстарды жүргізуге, қорғаныс, трнаспорт, байланыс,ғылым, мәдениет және т.с.с.) жер бөліп беруге байланысты. Демек, ауыл шаруашылық емес кәсіпорындардың жер пайдаланушылықтарын құру.
Жерге орналастыру құрамында оның тек екі түрін белгілегенде жер категориялары мен жерге орналастыру іс- қимылдарының мазмұны толық қамтылмайды, өйткені олардың кейбіреулері халық шаруашылығы салалары мен әкімшілік-территориялық бірліктерге, ал кейбіреулері тек жеке кәсіпорындарға қатысты.
Қазіргі жерге орналастыру салааралық сипаттағы, жалпы республика, сонымен бірге халық шаруашылығының жеке салаларының көлемінде, жердің пайдалануын ұйымдастыруға бағытталған іс-қимылдарды қамтиды. Сондықтан қазіргі кезде жерге орналастыру құрамында салааралық жерге орналастыру түрі анық белгіленіп отыр.
Салааралық жерге орналастыру арқылы жер қорының категорияларға бөлінуі, соңғыларының көлемінде арнайы мақсаттағы жер қорларының құрылуы, елді-мекендердің, басқаша айтқанда, ішінде жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтар орналасқан агломерация шептерінің жүргізілуі жүзеге асырылады. Елді-мекеннің жер массиві мен межелері әкімшілік-территориялық бірлік немесе ауыл округінің бір бөлігі болып табылады. Салааралық жерге орналастыруға облыстар мен аудандардың шекараларын белгілеу, тіпті мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау жөніндегі іс- қимылдар жатады.
Жерге орналастырудың екінші түрі – шаруашылықаралық жерге орналастыру (ШАЖО) бір топ шаруашылықтың, ал кейбір кезде бүтін аудандардың территориясында жүргізіледі, біақта тек жеке саланың (өнеркәсіп ауыл шаруашылығы және т.с.с.) шеңберінде. Нақтылы түрде ШАЖО әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес заң тұлғалары мен жеке тұлғалардың мүдделерін, олардың жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтарын құру немесе қайта құру арқылы қанағаттандырып отырады. Оның түр тармақтары ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес жерлерде жүргізілуіне қарай ажыратылады.
Ішкішаруашылық жерге орналастыру тек ауылшаруашылық кәсіпорындарының, серіктестіктердің, кооперативтердің және ШФҚ-ның шеңберінде ғана жүгізіледі. Оның негізгі мақсаты жерді өңдеудің жаңа технологиясын енгізуге, топырақты әр түрлі техногендік және табиғи теріс ықпалдардан қорғауға, мәдени-ландшафттарды жойылудан сақтап қалуға және жаңаларын қалыптастыруға қолайлы территориялық реттілік жасау.
Ішкішаруашылық жерге орналастыру формаларының бөлінуі тәлімі және суармалы егіншілік аймақтарында жобалық міндеттердің әр түрлі әдіс-тәсілдері арқылы орындалуымен себептеледі.
Тәлімі егіншілік аймақтарында жер учаскелерінің пайдалануы топырақ қорғау жүйесін, эрозия (жел, су немесе олардың қосыла әсер етуі) қауіптілігін, жердің сортаңданғандығын және басқа да осы тәріздес теріс ықпалдарды ескере отырып ұйымдастырылады. Осымен қатар басқа территориялардың да ерекшеліктері ескерілуі мүмкін. Суармалы егіншілік дамыған аймақтарда ішкішаруашылық территорияны реттестіру суару және коллекторлық – дренаждық жүйенің, оның жеке элементтерінің орналасуымен, суды пайдалану мәселелерімен тығыз байланысты.
Учаскелік жерге орналастыру жеке учаскенің немесе алап түрінің шеңберінде жүргізіледі.
Жерге
орналастырудың бұл түрінде жұмыс
жобаларының типтеріне қарай
мынадай түр тармақтарын
Жерге орналастыружың түріне, түр – тармағына және формасына қарамастан оның қай іс-қимылы болса да белгілі бір принциптерге негізделеді.
Принциптер
деп белгіленген шараларды
Жалпы принциптерге, жерге орналастыруға қатысты, бірақ онымен шектелмейтіндеріне және жеке принциптерге, жерге орналастыруға тікелей қатысты, оның ерекшеліктерін бейнелейтіндеріне.
Біріншілеріне, яғни жалпы принциптерге мыналарды жатқызуға болады:
қоғамдық, сонымен бірге ауылшаруашылық өндірістің жоғары тиімділігі мен тұрақты рентабельдіктігін қамтамасыз ету;