Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 17:21, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарын иеленіп отыр. Біркелкі мемлекеттік жер қоры 272,5 млн га құрайды. Мемлекеттік жер қоры 14 облыс және 2 қала (Астана және Алматы) арасында бөлінген. Республиканың территориясында 8 табиғи шаруашылық аумақ пен 2 табиғи шаруашылық облыс бөлініп отыр, олардың ішінде жерлердің көбі шөп (112,2 млн га), шөлейтті (37,3млн га), және дала (62,4 млн га) аумақтарында болып отыр.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................4-6
Анықтаулар..................................................................................................7-8
Қысқартылған сөздер және белгілер............................................................9
Ι бөлім. Әдебиетке шолу........................................................................10-26
ΙΙ бөлім. Ақмола обылысы Целиноград ауданының жалпы сипаттамасы.....................................................................................................27-37
ΙΙΙ бөлім. Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау............................................................................................................38-50
ΙV бөлім.
4.1.Қоршаған ортаны қорғау...................................................................51-56
4.2.Еңбек қорғау.......................................................................................57-61
Қорытынды..............................................................................................62-63
Қолданылған әдебиеттер.............................................................................64

Работа состоит из  1 файл

Dokument M. H Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау.doc

— 538.50 Кб (Скачать документ)

      Өзен  бойында, ойпаттарда  жер  асты  суларының  деңгейі  көтеріледі  де  олар  топырақ  түзілу  процессіне  әсерін  тигізеді. Осындай  жерлерде  топырақ  түзілісі  шалғынды, шалғынды – батпақты  болып  келеді. Өте  минералданған  сулар  шыққан  жерлерде  сорлар, тұзды  топыраќтар  пайда  болады. Бетіндегі сулар да  топыраққа  әсерін  тигізеді, өйткені  жазық жерлер  ылғалды  толық  сіңіреді. Осы жерлерде  зоналы  топырақ  түзіледі. Ылди  жерлерден  жауын – шашынның  көбі  ағып  кетеді  де, өзімен  бірге  топырақты  шайып  кетеді. Сондықтан  да  мұндай  жерлердің  топырағы  әр  түрлі  дәрежеде  шайылған  болады.

    Өсімдік жамылғысы. Аудан аумағында өсімдіктер қабаты барынша алуан түрлі. Бұл алуан түрлілік климаттың, су режимінің, тұздалған топрақтың болуына, ылғалдылығына және басқаларға байланысты. Өсімдіктер қабатының топрақты жасауға тигізетін әсері өсімдіктер жақсы дамыған кезде топрақта органикалық заттардың едәуір көп жиналатындығында, ол топрақтың құрылымы мен құнарлылығын жақсартады. Бұл ретте топрақтың ауалық және жылылық режимі өзгереді, оның бетінен ылғалдың өндірістік емес булануы азарады.

      Даланың шөптік қабатында ксерофильдік қыртысты дәндер басым: қызыл селеу, бетеге, ши аяқ.

      Әртүрлі шөптер негізінен шәлім, зопникпен, бөденешөп және басқалар болып табылады. Жобалау қабаты 60-70 пайыз. Топрақтың  белгілі бір түрлері мен алуан  түрлілігіне өсімдіктің белгілі  бір құрамы мен жағдайы сәйкес келеді. Тегістелген су бөлікті оңтүстік қара жер мен қоңыр каштан топрағы бар кеңістіктегі өсімдіктер қабаты зопникпен араласқан селеулі-бетегелі тобымен, жусан мен басқа да әртүрлі шөптермен көрсетілген. Жобалау қабаты 70 пайыз.

      Қарапайым топрақтан сортаңдыққа ауысу шамасына қарай шөп қабатында селеудің саны азайып, жусан пайда бола бастайды; жобалау қабаты 60 пайызға дейін құрайды. Әлсіз топрақта өсімдіктер біраз зорлыққа ұшыраған. Жер беті қабатының пайызы 40 пайызға дейін.

      Майда шоқы учаскелері анағұрлым күрделі өсімдік қабатымен ерекшеленеді, себебі онда ылғалданудың әртүрлілік, беткейдің экспозициясынан түсетін жылу көлемінің бірдей еместік жағдайы, өте шұбар топрақ қабаты және т.б. жасалады.

      Анағұрлым бай өсімдік солтүстік экспозиция беткейінде және шоқы етегінде өседі, өйткені онда ылғалдықтың жағдайы жақсы жасалған, оңтүстік беткейде және төбелерде анағұрлым сирегірек. Майда шоқы учаскелеріндегі негізгі өсімдік тобы емшек сүті көп араласқан селеулі-жусанды-бетегелі болып табылады. Шоқылардың еңістігінде және етегінде құнарлығы аз қара жерде жусан араласқан селеулі-бетегелі топ кең тараған.

      Сортаң  жерлерде және шоқылардың құнарлығы  аз топрақтарында емшек сүті араласқан  жусан басым: мүктер, қыналар, жасаңдар кездеседі. Ылғалдығы жоғары жерлерде (ағыс жыраларының түбінде, шұқырларда) шабынды-далалық өсімдік дамыған ондағы басым өсімдіктер бидайық, табан жапырақ, көсік, мыңжапырақ, бақажапырақ, шәлім, бетеге, жусан және т.б.

      Осындай өсімдіктер тобына шабындық, шабынды-каштан және шабынды-қара жер топрағы жасалады. Бұл топрақтардың үстіңгі бетін 80 пайызға дейін өсімдіктер қабаты басқан. Су біраз уақыт тұрып қалатын ылғал өте көп жағдайда шабынды-батпақты шалғыны басым өсімдіктер дамиды.

      Бұл жерлерде шабынды-батпақты топрақ құрылған. Қаналған өсімдік қабаты сортаң жерлерде байқалады, онда жусан, кермек, бетегенің сирек кездесетін бұтақтары, бидайық басым. Жобаланған үстіңгі қабаты 10 пайыз. Сортаң жерлерде шөп қабаты әлде де төмен. Бұл жерде ащышөптің әртүрлі түрі, қыналар өседі, кейде шөп қабаты тіпті де болмайды. Далалық, шабындық және батпақты өсімдіктен басқа аудан аусағында талды-бұталы өсімдіктер де кездеседі, олар: итмұрын, тобылғы, тал шыбық, көк терек, аққайың және басқалар.

      Аққайың мен көктерек еңістіктер бойына өскен, анағұрлым биіу және құрғақ учаскелерде  қарағай пайда болады, ол майда  шоқының тасты жерлерінде жиі  өскен. Арам өсімдіктердің ішінде кең  тарағаны сары қаулен, қарасұлы, далалық  шырмауық, сүттіген, ошаған және т.б.

      Топырақ жасаушы жыныстар. Топрақ жасау шарттарының және топрақ қабатының сипаттамасы. Өсімдіктер климатының, жануарлар әлемінің, топрақ жасайтын жыныстардың, топрақтық және жер бетінің ылғылдығының ерекшеліктері, бедер сипаты, сондай-ақ адам әрекетінің өнімділігі – мұның бәрі әртүрлі қатынаста аудан аумағында топрақ жасау процесінің әртүрлі жағдайын жасайды және топрақтың алуан түрлілігіне және топрақ қабатының шұбарлығына әкеп соғады.

      Ауданның  топрақ қабаты қара жер және каштан түріндегі топрақтарды дамыта отырып, топрақ жасаудың далалық түріне тән ерекшеліктер мен сипатқа ие. Құрғақ дала аумағына тән ерекшелік топрақ қабатының шұбарлығы – кешендігі мен үйлесімдігі болып табылады. Қарашірікті горизонттың құнарлығына, механикалық құрамына, сортаңдық деңгейіне, карбонаттылығына және де басқа белгілеріне қарай аудан аумағында мынадай топрақтық алуан түрлілігі тараған:

1.Орташа сазды оңтүстік қаражер;

     2.Ауыр сазды оңтүстік қаражер;

     3.Аз және орташа шайылған ауыр  сазды оңтүстік қаражер. 

     Топрақты  құнарлы заттармен қамтамасыз етілуін анықтау мақсатында жеке үлгілерде фосфор мен калийдің жылжымалы нысандарының мөлшерін анықтау жүргізілді. Үлгілер әрбір шаруашылықта әртүрлі жағдайда және әртүрлі мерзімде алынды, сондықтан құнарлы заттар қорының картограммасын жасау үшін пайдаланыла алмайды.

     Целиноград  ауыл шаруашылық институты мен Целиноград жерге орналастыру экспедициясының  жанындағы зертханаларда құрамын  анықтаудың мынадай түрлері жүргізілді:

  1. Тюрин бойынша қарашірік
  2. Къельдаль бойынша жалпы азот
  3. Суды толық тартып алу
  4. Мачигин бойынша карбонатты топрақтағы фосфор
  5. Протасов бойынша калий
  6. Пури бойынша сіңірілген натрий
  7. Шмук бойынша сіңірілген негіз
  8. Потенциометрлік әдіспен РН
  9. Топрақты Грабаров бойынша дайындаумен Качинский бойынша механикалық талдау жасау
  10. Жалпы фосфор

      Аудан аймағында топрақтық-мелиорациялық  мақсаттарға арналған арнайы құрамын  анықтау және физикалық қасиетін зерделеу жүргізілген жоқ.

      Топрақ  жасаушы жыныс топрақ жасау факторының бірі болып табылады. Аналық жыныстың механикалық құрамы топрақтың физикалық қасиетін анықтайды.

      Целиноград  ауданының аусағындағы топрақ жасаушы жыныстар барынша алуан түрлі және үшінші және төртінші шөгінділер болып келеді. Үшінші шөгіндіден анағұрлым кең тараған шұбар түсті және қызыл қоңыр саз. Бұл жыныстар көбіне шоқы аралық жазықта, сондай-ақ төртінші шөгінділердің қабын шайып кеткен бөктер мен жыралар арасында жер бетіне шығады.

      Шұбар түсті саздың негізгі белгілері  ашық түстілігі болып табылады: таңқурай түсті, қоңыр, сары жылтыры бар сары күлгін, ашық жасыл, қызғылт және сұр дақтары; сазды механикалық құрамы, кесекті немесе жаңғақты-кесекті құрылымы, тығыз біріктірілуі; тұз кристалдарының ірі ұяларының болуы. Шұбар тұсті саздар әдетте сортаңданады.

      Үшінші  топрақ жасатын шөгінділердің құрамы жыныстардың өздерінің де және онда құрылған топрақтың да қолайсыз сулы-физикалық қасиетін танытады. Бұл жыныстар суды аз өткізетіндігімен, жоғары ылғалдылығымен және су ұстайтын қабілетімен ерекшеленеді, ол онда дамыған топрақтың көктемде жабысқақтығын және созылғыштығын және жазда әжептәуір кеуіп кететіндігін анықтайды.

      Майда шоқы шегінде топрақ жасайтын жыныстар түбегейлі таулы жынысты желдету  өнімі болып көрсетілген.Олардың  қатарына элювий – шоқылардың төбесін  желдету өнімі, шоқы аралық жазықтарды толтыратын элювиальдық-делювиальды шөгінділер жатады. Элювиальдық-делювиальды шөгінділер тасты шеміршекті-ірі құмды саздақтармен көрсетілген. Олардың жасалуына делювиальдық ағындар қатысқан, олар бөктердің әртүрлі бөліктерінде әртүрлі бөлшектерді қайта жинайды.

      Тік жарларда тастардың ірі бөлшектері, қиыршық тастар жиналады; шоқы етегіндегі еңіс жарларда және шоқы аралық жазықтарда топрақ жасаушы жыныстар майда құмның жіңішке бөлшектерінен тұратын делювиальдық шөгінділер болып табылады. Олардың механикалық құрамы жер бетіне шығатын таулы жыныстарға тығыс байланысты.

      Аудан аумағының көп бөлігінде, тегістелген  кеңістікте топрақ жасаушы жыныстар негізінен механикалық құрамы ауыр төртінші шөгінділермен көрсетілген. Төртінші шөгінділер сары-шұбаркарбонатты  орташа саздықтармен және жеңіл саздармен көрсетілген. Топрақ жасаушы жыныстар сары-шұбар, карбонатты орташа саздықтармен сирек көрсетіледі.

      Көрінетін карбонаттар жоқ, гипс 100-130 см тереңдікте бүдір кристалдар түрінде жатыр. Топрақ жасаушы жыныстың тұзы аз, негізінен  хлоридті-сульфатты. Топрақ жасау процесіне аналық жыныстар өздерінің механикалық және минералдық құрамымен әсер етеді.

      Топырақты  мұқият  зерттеу  барысында, аудан территориясында топырақтың  төмендегідей  түрлері  анықталады:

20  Оңтүстік  қарашірікті.

22. Оңтүстік  азқуатты  қаратопырақ.

23. Карбонатты  оңтүстік  қаратопырақ.

24. Аз  қуатты  оңтүстік  карбонатты  қаратопырақ.

25. Аз  шайылатын   карбонатты  оңтүстік  қаратопырақ

26. Орташа  шайылатын   карбонатты  оңтүстік  қаратопырақ

30. Карбонатты – сорлы оңтүстік  қаратопырақ.

31. Сазды   оңтүстік  қаратопырақ.

35. Толық жетілмеген  оңтүстік  қаратопырақ.

36. Аз  жетілген  оңтүстік  қаратопырақ.

37. Шалғынды  қаратопырақ.

38. Аз  қуатты  шалғынды  қаратопырақ.

39. Карбонатты  шалғынды  қаратопырақ.

51. Шайылған  топырақ  аралас  шалғынды  қаратопырақ.

52. Шалғынды  қаратопырақты  ағымды.

53. Қошқыл  топырақ.

55. Аз  қуатты  қошқыл.

56. Карбонатты  қошқыл.

57. Аз  қуатты  карбонатты  қошқыл.

58. Аз  шайылатын   карбонатты  қошқыл.

59. Орташа  шайылатын  карбонатты  қошқыл.

60. Қатты   шайылатын  карбонатты  қошқыл.

61. Сазды   карбонатты  қошқыл.

62. Сазды   карбонатты  қошқыл, балшықты.

68. Толық жетілмеген  қошқыл.

69. Аз  жетілген  қошқыл.

104. Шалғынды – қошқыл.

105. Аз  қуатты  шалғынды – қошқыл.

106. Карбонатты  шалғынды – қошқыл.

109. Жуылған  шалғынды – қызыл.

111. Сазды   шалғынды  қызыл.

112. Сазды   карбонатты  шалғынды –қошқыл.

120. Тұзды  шалғынды – алювиальды.

122. Шалғынды.

123. Шалғынды  карбонатты.

124. Шалғынды  карбонатты, тұзды

125. Шалғынды  тұзды.

126. Шалғынды  сазды.

136. Шалғынды  батпақты.

137. Шалғынды  батпақты  тұзды.

138. Лайлы –  батпақты.

139. Шымтезекті – батпақты.

141. Сорланатын  далалы  ұсақ, тұзды  қаратопырақ.

142. Орташа  тұздалатын  далалы  қаратопырақ.

145. Шалғынды – далалы  ұсақ, тұздалған.

146. Тұздалған  шалғынды – далалы  орташа  қаратопырақ.       

152.  Тұздалған   қызыл  далалық қабыршақты.

153. Тұздалған   қызыл  далалық  сазды.

154. Тұздалған   қызыл  далалық  орташа.

155. Тұздалған  қызыл  далалық  терең.

156. Тұздалған   қызыл  шалғынды – далалық  қабыршақты  сазды                           

157. Тұздалған   қызыл  шалғынды  далалы  орташа.

158. Тұздалған   қызыл  шалғынды  далалы  терең

162. Тұздалған   қызыл  шалғынды  орташа.

Информация о работе Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау