Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 17:21, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарын иеленіп отыр. Біркелкі мемлекеттік жер қоры 272,5 млн га құрайды. Мемлекеттік жер қоры 14 облыс және 2 қала (Астана және Алматы) арасында бөлінген. Республиканың территориясында 8 табиғи шаруашылық аумақ пен 2 табиғи шаруашылық облыс бөлініп отыр, олардың ішінде жерлердің көбі шөп (112,2 млн га), шөлейтті (37,3млн га), және дала (62,4 млн га) аумақтарында болып отыр.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................4-6
Анықтаулар..................................................................................................7-8
Қысқартылған сөздер және белгілер............................................................9
Ι бөлім. Әдебиетке шолу........................................................................10-26
ΙΙ бөлім. Ақмола обылысы Целиноград ауданының жалпы сипаттамасы.....................................................................................................27-37
ΙΙΙ бөлім. Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау............................................................................................................38-50
ΙV бөлім.
4.1.Қоршаған ортаны қорғау...................................................................51-56
4.2.Еңбек қорғау.......................................................................................57-61
Қорытынды..............................................................................................62-63
Қолданылған әдебиеттер.............................................................................64

Работа состоит из  1 файл

Dokument M. H Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау.doc

— 538.50 Кб (Скачать документ)

      Жер бетiн дұрыс пайдаланбау, топырақ эрозиясына, оның бетiн әр турлi тау-кен өндiрiсiнiң қалдықтары мен шихта үйiндiлерiмен ластануын әкелiп соқтырады. Литосфераның жоғарғы беткi қабатын топырақ құрайтындағы мәлiм. Топырақ дегенiмiз, жердiң құнарлы қабаты және жануарлар дуниесінің қатысуымен, климаттың әсірінен мындаған, миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан күрделi зат. Топырақтың ерекше қасиетi - оның құнарлығы. Құнарлы топырақ - сумен, ауамен, кун сәулесiмен қосылып, өсiмдiктердiң өсуіне қолайлы жағдай туғызады.

       Техниканың жетiстiгi қаншама шарықтағанмен, адамдар, өздерiне қажеттi көректік заттардың барлығы дерлiк топырақтан алады. Теңізден, өзеннен, су қоймаларынан алатын көректік заттар мөлшерi онша көп емес.

     Топырақтың  эрозиясы (грек тілінен аударғанда – “бұзамын” деген мағынаны білдіреді) дегеніміз, оның су немесе жеодің әсерімен бұзылуы.  

     Топырақтың  үстіндегi нағыз құнарлы қабаты желдiң  күшiмен ұшып, қар-жаңбыр суларымен ағып кетiп, өсiмдiктерге қажеттi құнарлы заттар (гумус - қарашiрiктер) азайғаннан кейiн, жер азып, өнімге бермейтiн халге түседi. Бұл апаттың қаншалықты қауiптiлiгiн түсіну үшiн, осы күнге дейiн icтен шыққан жерлердiң оннан тоғыз бөлiгi, осы себеппен болғанын ескерген жөн.

       Топырақты эрозиядан қорғay үшiн, жер бетiнiң  ерекшелiгiн, ауа райы, эрозиялық құбылыстардың жылдамдығын ескере отырып, мынадай шараларды қолдану қажет:

    - ұйымдастыру шаралары (егiстiктердi айналмалы жүйе бойынша орналастыру, жердi топырақ түрінe сәйкес әдiстермен өндеу т.б.);

    - айтарлықтай үлкен территорияда  өсімдіктер жабынын жоюға әкелетін табиғи экожүйелерге тигізетін әсерін шектеу;

    - агротехникалық шаралар (топырақта көректік заттар жеткілікті мерзiмде егін егу, өнім беруге қолайлы жағдайлар жасау т.б.);

    - (жүгері, картоп, қызылша) топырақты  бекітетін тамырлары бар  шөптер қоспасымен алмасып келуі қажет;

    - танап қорғайтын орман белдеулерін  жасау;

    - топырақтың құрылым түзілуіне  мүмкіндік туғызатын, органикалық  тыңайтқыштарды топыраққа енгізу;

    - топыраққа жасалатын қысымды  кемітетін техниканы пайдалану.

     Топырақты соқасыз өңдеу жұмыстарына ерекше көңіл бөлу қажет. Агротехниканың бұл жаңа әдісі қазір кеңінен пайдаланып отыр. Аудармай жырту әдісін қолданғанда барлық агротехникалық шаралардың кезегі мен мерзімдерін қатаң сақтау қажет. 

     Қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

      Әрбір азамат қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды орындауға, өзінің экологиялық білім  деңгейін арттыруға және жеткіншек  ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге жәрдемдесуге міндетті.

      Қорыта  келгенде, мынаны айтуымызға болады: әлемде табиғат байлығы таяу уақытта таусылады деп айтуға негіз жоқ. Сонымен қатар, адамзат, жан – жануарлар өміріне, жалпы тіршілікке, табиғатқа қауып төндірмеу үшін табиғат ортаны қорғап, табиғат байлығын тиімді, үнемдеп пайдалана білуіміз керек.

     Азаматтардың  белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды  пайдалануға, олардың қорғау және молықтыру  жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыруға  қатысуы және кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзгеде объектілерді орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай – ақ заңды және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс ықпал ететін шаруашылық және өзге де қызметін шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жоюды талап етуге құқығы бар.

                                   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

4.2. Еңбек қорғау 

          Еңбекті қорғау дегеніміз  әлеуметтік – экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, гигиеналық және емдік- профилактикалық, сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ететін іс- шаралардың заңды актілер жүйесі (ГОСТ12.0.- 80).   

          Кез-келген өндіріс  үлескісінде толық зиянсыз және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау мүмкін емес. Сондықтан да еңбекті қорғаудың міндеттері түрлі мақсаттағы іс-шараларды қолдана отырып жұмыс орнында туындайтын зиянды және қауіпті өндіріс факторларының ұшырауының ықтималшдығын төмендету және жоғары өнімділікке ықпал ететін оңтайлы еңбек жағдайын қамтамасыз ету.

          Қазақстанда еңбекті қорғау туралы кодексі жаңадан 2007 жылдың 23-мамырда қабылданды. Ол жұмыскерлердің еңбекті қорғау құқығын қамтамасыз етуге, меншік түріне тәуелсіз барлық шаруашылық түрлерінде зиянды және қауіпті факторлардың әсерін төменгі шекке жеткізіп, өндірісте денсеулыққа зақым келу мен бақытсыз жағдайлардан сақтандыру мақсатында осы саладағы ұлттық саясаттың негізгі ұстанымдарын бекітеді.

     Еңбекті қорғау – кең мағынасында алғанда: еңбек процесінде адамның қауіпсіздігіне, денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауға кепілдік беретін, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық, техникалық, гигиеналық және емдік-профикалактикалық шараларды өткізу, нақты мағынасында алғанда: қауіпсіз әрі салауатты еңбек жағдайын жасау мәселелерін, жұмыс берушінің еңбекті қорғау ісін қадағалау мен бақылау жөніндегі міндеттерін реттейтін құқытық нормалардың жиынтығы. Денсаулықты қорғау азаматтардың конституциялық құқығы болып саналады (Қазақстан Республикасының Конституциясы 29-бап). Осы құқыларды жүзеге асыру мақсатында республика заңдарында мемлекеттік органдар жұмыс берушілер мен лауазымды басшалар азаматтардың денсаулығын нығайтуға жәрдемдесетін жағдайлар дасауға жауапты екендігі көзделген. Еңбекті қорғау осы саланы мемлекеттік басқаруға байланысты шаралар кешенін өткізуді қамтамасыз етіп, арнаулы стандарттарды, ережелер мен нормаларды белгілейді, сондай-ақ, еңбекті қорғау саласының мамандарын даярлау, оны қаржыландыру, әйелдердің, кәмелетке толмағандар мен мүгедектердің еңбегін қорғау нормаларын сақтаудың талаптарын, қызметкерлердің еңбегін қорғауға арналған құқыларының кепілдіктерін, сонымен қатар еңбекті қорғау туралы заң қағидаларын бұрмалағаны үшін жауапкершілікті айқындайды. 

     Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаттары мен міндеттері.

  1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастарды тараптарының құқықтары мен бостандықтардың ең төмен кепілдіктерін белгілеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады.
  2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының міндеттері еңбек қатынастары мүдделерінің теңгеріміне, экономикалық өсуге қол жеткізуге, өндіріс тиімділігі мен адамдардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған қажетті құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.

    Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптері:

  1. адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;
  2. еңбек бостандығы;
  3. кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;
  4. қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету;
  5. өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;
  6. еңбегі үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес, әділетті сыйақыға құқығын қамтамасыз ету;
  7. тынығу құқығын қамтамысз ету;
  8. қызметкерлерді құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;
  9. қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамсыз ету;
  10. әлеуметтік әріптестік;
  11. еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;  
  12. қызметкерлер өкілдерінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып табылады.

     Қазақстанды уақыт талабына сай қарқынды дамып  отырған әрі өмір сүру стандарттары жоғары мемлекет етуді ойласақ, оны ел азаматтарының белсенділігін, іскерлігін арттыру, азаматтық қоғамды одан ары қалыптастыру кезеңінде ғана жүзеге асыра аламыз.

     Қазақстанның  әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің  қатарына кіру стратегиясы көптеген салалардағы және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық деңгейінде өзара байланысты міндеттерді кешенді шешуді қажет етеді. Оған ең алдымен халықты жұмыспен қамту және оларды еліміздегі еңбек нарығына тарту мәселесі жатады. Тұрғындарды тиімді және өнімділігі жоғары жұмыстармен қамту арқылы ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетулердің бәсекеге жарамдылығын арттыруға болады.

     Еңбек саласында қалыптасқан ахуалға  орай еңбекке қатысты құқықтық қатынастағы  тараптардың негізгі құқықтары  мен міндеттері белгіленетін жеке және ұжымдық шарттарды бекіту тәртібін, сондай-ақ еңбек жағдайлары бойынша кепілдіктер мен нормаларды реттейтін еліміздегі еңбек туралы қолданыстағы заңнамаларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде жұмыстар атқарылды. Мұндай тәсілдеме еңбек қатынастарының даму жүйесін мейлінше жетілдіріп отырады және қажет болған жағдайда оны қалыптасқан экономикалық ахуалға қарай түзетуге мүмкіндік береді.

     Бұл қатынастарды реттеу үшін Қазақстан  Республикасында бірқатар заң актілері қабылданды. Олардың ішіндегі негізгілері: «Еңбек кодексі»және “Әлеуметтік әрептестік туралы” заңдар.      

     Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік  ережелері мен нормаларының сақталуын  бақылау күшейтіліп жақсыртала түсті. Енді айқындалған бұзышылықтарды есепке алу мен бақылау ғана жүргізіліп қоймайды, сонымен қатар айқындалған бұзушылықтардың түрлері бойынша да талдау жүргізіледі. Талдаудың негізінде еңбекті қорғау, өнеркәсіптік санитария және өрт қауіпсіздігі мәселелерінің осал жерлерін анықтауға, сол арқылы алдын алушы және түзетуші іс-шараларды шұғыл өткізуге болады.

     Қауіпсіз  және салауатты еңбек жағдайлары айтарлықтай мөлшерде техникалық прогресспен, техника мен өндіріс технологиясын  жетілдірумен қамтамасыз етілетіні  белгілі.  Қарағанды облысы Саран қаласының жер учаскелерін қарастыру үшін еңбекті қорғау мәселелеріне де көңіл бөлуді қажет етеді. Сондықтан бұл бағытта қарастырылып отырған мәселеге байланысты еңбек қорғау жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктеріне тоқталайық.

     Мұндағы еңбек жағдайлары тұрмыстық қызмет көрсетуді жақсартумен үнемі  айналысып отыр. Жұмысшылар стационарлық тұрмыс үй-жаймен, ыстық суы бар шайынатын орындарымен қамтамасыз етілген.  Өндірістегі шайылатын орындары жөндеуден өткен.

    Денсаулық сақтау пунктері жұмыс жасайды, арнаулы  кабинеттері бар. Сонымен бірге  денсаулық сақтау пунктінде еңбек  жағдайы зиянды жұмыстарда еңбек ететін қызметкерлер күн сайын ауысым алдында медициналық тұрғыдан куәландырылады.

    Әрбір жұмысшы қауіпсіз жұмыс жағдайында енбек етуге құқығы бар. Бірақ, өкінішке орай, әр өндірісте толық қауіпсіз және зиянсыз жұмыс жағдайын құру мүмкін емес. Сондықтан еңбек қорғауға қатысты әр түрлі шараларды іске асыру жолдарын қарастыруды, жұмыс орында пайда балатын, адамға әсер ететін қауіпты және зиянды өндірістік факторларды төмендету, жоғары өнімділікке әсер ететін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету мәселелерін жүзеге асыруды қажет етеді

      Еңбек қорғау мақсатында келесі бағыттағы  жұмыстарды жүргізу қажет: еңбек  қорғауды қоғамда   қабылданған   заңдар мен актілер негізінде  жүргізу; техника қауіпсіздігі    шараларын          ұйымдастыру;      өндірістік жұмыстар жүргізілетін жұмыс тазалығын сақтау;       өрт қауіпсіздігін сақтау  бойынша жүргізу;

      Еңбек    қорғау   мәсәлелерінің     мақсаты   өндірістік       жағдайда жұмыскерлердің     организидерінде     жағымсыз әсерін  тигізетін зиянды және қауіпті факторларды толығымен жою. Ол төрт бөлімнен тұрады: еңбек қорғау жөніндегі жалпы құқықтық   мәселелер; өндіріс санитариясы;   техника қауіпсіздігі;   өрт қауіпсіздігі.

      Өндірістік   зақымдану     мен кәсіби  ауруларды болдырмауға бағытталған         ұйымдастырушылық     құқықтық      шаралардың жиынтығы.

      Өрт    қауіпсіздігі.    Еңбек    қауіпсіздігін   қамтамасыз етуге  бағытталған құралдар мен өртке  қарсы шаралар жүйесі.

      Өндірістік  санитария. Өндірістік         зиянды  факторлардың әсерін  жұмысшыларға       болдырмауға             бағытталған  ұйымдастырушылық құқықтық шаралардың жиынтығы.

      Бұл кезде жұмыс беруші білуі қажет: барлық жұмысшылар еңбек қорғау құқығын  иеленуге құқығы бар. Олар кәсіпорындармен, мекемелермен, кооперативтермен, шаруа қожалықтарымен еңбек қатынасында тұрғандар. Сонымен бірге жеке жалданушылармен: кооператив мүшелері, студенттер, оқушылар, өндірістік практика өткендер, әскери қызметкерлер, әскери қызметпен байланыссыз жұмыс істегенде, сонымен бірге әр түрлі еңбек қызметімен айналысқан адамдар. Өйткені, өндірістік қызмет нәтижесіне қарай жұмыскерлердің өмірімен денсаулығы приоритет болып табылады.

Информация о работе Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау