Рим құқығының пайда болуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 23:40, дипломная работа

Описание

Рим құықғының термині антикалық Римнің құқығы яғни Рим мемлекетіндегі құлиеленушілік формаларының құқығын білдірді. Ежелгi Рим мемлекетi және Рим құқығы заң ғылымында ерекше орын алады. Өйткенi, Ежелгi Рим мемлекетiнің құрылуы, оның абсалюттік монария тарихының болуы өте құнды болса, ал Рим құқығы – бұл классикалық құқыққа жатады.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................6
1. ЕЖЕЛГІ РИМ МЕМЛЕКЕТІ
1.1 Римнiң әлеуметтік құрылысы...............................................................................8
1.2 Рим аристократиялық республикасы.................................................................10
1.3 Рим империясы....................................................................................................16
2. РИМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ
2.1 Рим құқығының жалпы сипаты және негiзгi қайнар көздерi..........................21
2.2 Рим құқығының негiзгi кезеңдерi......................................................................30
2.3 Римнiң зат құқығы...............................................................................................32
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................64

Работа состоит из  1 файл

Д раб Ежелгi Римде мемлекеттiң пайда болуы.doc

— 607.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi

Абай  атындағы Алматы университетi

 

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

Тақырыбы: „Ежелгi Римде мемлекеттiң пайда болуы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ......................................................................................................................6

1. ЕЖЕЛГІ РИМ МЕМЛЕКЕТІ

1.1 Римнiң әлеуметтік құрылысы...............................................................................8

1.2 Рим аристократиялық республикасы.................................................................10

1.3 Рим империясы....................................................................................................16

2. РИМ  ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ

2.1 Рим құқығының жалпы сипаты және негiзгi қайнар көздерi..........................21

2.2 Рим құқығының негiзгi кезеңдерi......................................................................30

2.3 Римнiң зат құқығы...............................................................................................32

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................64

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КIРIСПЕ

 

Рим құықғының  термині антикалық Римнің құқығы яғни Рим мемлекетіндегі құлиеленушілік формаларының құқығын  білдірді. Ежелгi Рим мемлекетi және Рим құқығы заң ғылымында ерекше орын алады. Өйткенi, Ежелгi Рим мемлекетiнің құрылуы, оның абсалюттік монария тарихының болуы өте құнды болса, ал Рим құқығы – бұл классикалық құқыққа жатады. Ежелгi Рим мемлекетiнде құқықтың саяси, экономикалық жағдайы, жеке  меншiктің дамуы,  түрлерi,  пайдалану  шарттары қорғалатын жақтары мықты айтылған.

Рим құқығының қалыптасуы мен әрі қарай дамуын тұтастай алып қарағанда 2 дәуірге бөлуге болады:

I дәуір – рим құқығының құрылуы мен дамуы. Ежелгі Рим мемлекетінің қалыптасуымен байланысты (антикалық мәдениетімен қоса) (б.э.д.VIII – б.э.V ғғ).

II дәуір – тарихи дәстүрге байланысты дамуы (саяси жағынан, заң тәжірибесінен, ағарту ісі мен заң ғылымы жағынан) (б.э.VI ғ).

Мұндағы рим құқығының  пайда болуы мен дамуын зерттеушілер екінші кезеңге байланыстырады. Бұл  кезеңді кейде классикалық рим  құқығы кезеңі деп те атайды.

Ежелгi Рим мемлекетiнің құрылуы плебейлердің патрийцийлерге қарсы күресiнің ру-тайпалық қатынастардың ыдырап, құл иеленушiлiк мемлекеттің пайда болуымен байланысты.

Б.д.д. V-VI ғасырларда, яғни 510 жылы Римде Республика құрылды [1]. Ежелгi Рим мемлекетiнің жоғарғы мемлекеттiк органы болып Сенат табылады. Бұл Рим Республыкасы аристократиялық республика болып аталды, өйткенi,    Рим    мемлекетiнің   жоғарғы   органының қызметкерлерi болып патрийцийлер болып саналды, яғни ауқатты беделді адамдар. Кейiн бiрте-бiрте плебейлер арасынан басшы қызметкерлерге сайланды. Римде әскери жағдай мықты болды, себебi әскерилер қатарларына шақырылған азаматтар байлықтарына карай тiркелдi. Рим мемлекетiнің әскерi күштi болғаннан соң, Рим мемлекетiнде империя құрылды.

Империя екiге бөлiндi: Шығыс және Батыс. IV-ғасырдың   аяғында   Римде   варварлық  дүние қозғалысы болды. Рим империясының ең қауiптi жаулары болып, готтар танылды. Рим мемлекетi көшiп келген готтарға салық төлетiп, оларды жалдамалы әскерге пайдаланып отырды.

Римдiктер уәделенген  азық-түлiктi  бермей,  готтардың арасында аштық басталды. 455 жылы варварлар Римдi қаңыратып тонап кеттi. Вандардың бұл шапқыншығы халық жағдайында ұзақ сақталып қалды. Вандализм адамзат  жасаған мәдени және материалдық игiлiктердi мән-мағынасыз қиратудың синонимiне айналды.

Ежелгi Рим мемлекетi және оның құқығы мың жыл өмiр сүрген оған қоса мұнда құл иеленушi қатынастар мықты болған.

«Рим құқығы» термині  құл иеленушілік қауымда құрылған Рим мемлекетінің, яғни антикалық  Римнің құқығын білдіреді [1]. Рим құқығының жүйесі сондай-ақ бұл мемлекеттің тарихи дамуына тұтастай алғанда көбінесе шет мемлекеттер құқығының тарихтарынан көрініс табады.

Римдік азаматтық құқығының  оқыту пәні – мүліктік құқықтың маңызды институттары болып табылады (отбасылық қатынастар да жатады).

Рим құқығының негізгі  институттарына мына төмендегілер кіреді: меншік құқығы; шарттар мен міндеттемелер; отбасылық құқықтық қатынастар; мұрагерлік мәселесі, сондай-ақ жеке құқықтарды талап арқылы қорғау мәселелері және тағы басқа маңызды мәселелер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ЕЖЕЛГI РИМ МЕМЛЕКЕТI

 

1.1 Римнiң әлеуметтiк құрылысы.

 

«Рим құқығы» термині  құл иеленушілік қауымында құрылған Рим мемлекетінің, яғни антикалық  Римнің құқығын білдіреді [1]. Рим құқығының жүйесі бойынша сондай-ақ бұл мемлекеттердің тарихи дамуы тұтастай алғанда көбінесе шет мемлекеттер құқығының тарихы.

Рим азаматтық құқықтың маңызды  институттарының бірі болып табылады [2], оның ішіне отбасылық қатынастарды жатқызуға болады. Рим құқығының негізгі институттарына мыналарды жатқызуға болады: меншік құқығы; шарттар мен міндеттемелер; отбасылық құқықтық қатынастар; мұрагерлік кестесі, сондай-ақ жеке құқықтарды талап арқылы қорғау мәселелерін және тағы басқа мағызды мәселелерді жатқызады.

Ерте кездерде Рим құқығын  «ақылмен жазылған» дегенге келтірген [3]. Дегенмен, жалпы қазіргі құқық жүйесі кезкелген салада қарқынды дамып келе жатыр, бірақ та барлық жаңа заң құрлысының қалыптасу негіздері ретінде Рим құқығымен жасалған түсініктер мен катерогиялардан бастау алады.  Ежелгi Рим қауымының құрылуы соғыстар нәтижесiнде үш тайпаның (латын, сабин және этруск) бiрiгуiнен туындаған. Ежелгi рим руларының мүшелерi патриции деп аталды. Римдiк емес қауым мүшелерi плебстер деп аталды. Плебейлердің бас бостандығы болғанымен мүлiктiк және жеке құқықтық жағынан шектеулi болды. Рим қауымының басында сайланбалы  көсем – рекс – отырды. Олар әскербасы, дiнбасы және сот қызметiн атқарды. Басқару органына ру ақсақалдары кеңесi – Сенат жатты. Жалпы мәселер халық жиналысында қаралды. Бiрақ оның шешiмiн сенат және рекс қабылдамауы мүмкiн едi [4].

Рим жергiлiктi патриархалдық қауымға жататын патрийцийлер, ру, курия және трибаларға бөлiнедi. Римде үш трибаның одағы болатын. Бiр курия он рудан, триба он курийден тұратын. Үш трибаның әрқайсысы жүз рудан, ал бұл қауымның халқы үш жүз рудан құрылатын. Ру бiрлестiктерiне кiретiн азаматтар өз әскерiн құрады. Халық жиналысына қатынасып, қауымның алғашқы мүшелерi болып саналатын.

Алғашқы толық құқықты азаматтықты тек патрийцийлер иелендi. Әрбiр рудың аты болды. Рудың басшысы ақсақал кеңесiне, атап айтқанда сот қызметiн жүзеге асыратын сенатқа ендi.  Ең бастапқысында Рим қауымы үш жүз рудан тұрғандықтан, ежелгi Сенат үш жүз сенатордан тұрады [1]. Сенат өмiрлiк көсемдi сайлады. Патша Сенаттың төрағасы болып, бүкiл қауым атынан құдайға құрбандық бердi және "легиондар" басқарды. Ең маңызды мәселелер курияның, рудың халық жиналысында қойылып отырған.

Халықтың ең ауқатты бөлiгiнен тұратын бiрiншi топтың жүздiктерiндегi адам саны небары оншақты едi. Керiсiнше, соңғы топ жүздiктерiнде азаматтардың саны жүзден едәуiр асып, ал ақырғы центурияда 4 мыңға дейiн жеттi. Сонымен дұрыс шешiлсе, 1 топ шешiмi дұрыс және қуатты болып шығады. Олар 193 дауыстан 98 дауыс бередi. Басқа топтар дауыс  беруге қатыспасада болатын,  өйткенi олардың дауыстарының еш қандай қажетi жоқ едi.

Б.д.д II ғ. Сервий Тулий реформалары плебейлердің жеңiсiн бекiттi. Сервий Тулий Римнiң қоғамдық ұйымын мүлiктiк және территориялық жағынан бөлдi. Римнiң барлық ерiктi тұрғындары  және рим рулары өкiлдерi, плебейлер мүлiктiк топтарға бөлiндi. Бөлудің негiзiне адамның иелiгiндегi жер үлесi көлемi жатты. Толық  үлесi барлар бiрiншi топқа кiрдi, 4/3 үлесi барлар екiншi топта, бiрiншi топ құрамында ерекше салтаттылыр тобы болды. Байлық мөлшерi асспен саналды: 1) 1.100000 асс, 2) 75000 асс, 3) 5000 асс, 4) 25000 асс, 5) 11000 асс [3].

Жер үлесi жоқ пролетариилер алтыншы жеке топқа жатты. Одан кемi пролетарийлер. Сонымен, бiрiншi топқа мүлiгi 100 мың жүз ғасырларға бағаланған неғұрлым ауқатты азаматтар жатқызылады. Олар толық қару-жарақтанған 18 атты және 80 жаяу әскер жүздiгiн беруге мiндеттi болды [5].

Центуриат комицияларында дауыстар жүздiктер бойынша берiлдi. Бiр жүздiк бiр дауыска ие болды. Сұрақ қою бiрiншi топтық азаматтарынан басталды, олар 193-тен 98 дауысқа ие болды. Ал қалғандарының 95 қана дауысы болды. Ең кедей азаматтар ақырғы цензурияға бiрiктiрiлдi. Бұл "пролетарии", яғни "балаларынан, тұқымдарынан басқа ештеңесi жоқ адамдар" едi. Оларды әскери қызметке жiбермедi. Сервий Тулийдің жүргiзген реформасы Римнiң әскерiн күшейтiп, плебейлер мен патрийцийлердiн құқығын теңедi. Реформалардан кейiн патрийцийлер бәрi жоғарғы билiктегi мiндеттердi өздерi иелендi және жер алу құқығын сақтап қалды. Плебейлер мен патрийцийлердің өзара қатысы мұнымен шектелген жоқ. Сырттай ескi трибаларға бөлiнудi сақтай отырып, Сервий Тулый трибаларды ежелгi ру одағынан аумақтық бөлiнiске айналдырылды. Ол бұрын әкiмшілiк округтарда ғана болған 4 аумақтық трибалар құрды.

Кейiн осындай округтардың саны бiртiндеп өсiп, б.д.д. I ғасырда 35- ке дейiн жеттi.

Сервий Тулий реформалары Рим патрийцийлерi арасында наразылықтар туғызды.  Осыны пайдаланып Тарквиний  өзiнің алдындағы патшаны өлтiрген. Бiрақ бiраз уақыт өткен соң өзiнің зорлығымен және қаталдығымен Тарквиний жалпы жұрттың наразылығына ұшырады. Б.з. дейiнгi 510 жылы Рим халқы патшаға қарсы көтерiлiн, оны Римнен қуып шығарды.

Патрийцийлерге қарсы плебейлер күресiнің нәтижесi рулық-тайпалық катынастардан құл иеленушiлiк мемлекет құрылуы болды. Плебейлер - Рим аумағына келген, көшiп келген адамдар. Олардың құқықтары шектелген болатын. Оларға патрийцийлермен неке қиюға, жер сатып алуға, әскерге қатысуға болмайтын [5]. Өздерiнің жағдайларын жақсарту  үшiн   плебейлер   патрийцийлермен күрестi.

Плебейлердің күресiнің жемiсi ескi рулық құрылысты өзгерттi де, оның орнына мемлекет құрды. Мұның iшiнде рулық аристократия мен плебей кешiкпей мүлде жойылып кеттi.

Рим тарихындағы плебейлер күресiн екi кезеңге бөлуге болады. Б.д.д. II ғасырда плебейлер лауазымды тұлғалардың жүгенсiздiгiне шектеу қоюға қолы жеттi. Осы мақсатта б.д.д. 494 жылы плебей трибуны лауазымы жойылды [4]. Плебей трибундары олардың арасынан сайланды, сайланған 10 адам басқарушылық құзiретке ие болды және  «вето» қою құқығы болды, тiптi сенат қаулысына қарсы да. Плебейлердің екiншi маңызды жетiстiгi б.д.д. 451-450 жылдары шығарған ХII Кесте Заңдары, ол бойынша патрициилық магистранттардың әдет құқығын талқылаудағы жүргенсiздiгiне тосқауыл қойылды. Осы заңдар патрициилар мен плебейлердің азаматтық құқытары бойынша толық теңелгендiгiн көрсетедi. Бiрақ заңда плебейлер мен патрициилар арасындағы некеге тиым туралы бап бар екенiн көремiз. Осы тиым салу б.д.д. 445 жылы Канулей заңымен жойылған [6].

Б.д.д. II ғасырда плебейлердің мемлекеттiк лауазымдарға тұруға құқық алуы күрестің екiншi кезеңiн айқындайды. Б.д.д 367 жылғы Лициния және Секстия Заңдары бойынша жоғарғы лауазым иелерi консульдың бiреуi плебейлерден сайлануы керек болды, ал б.д.д. 364-337 жылдардағы бiрнеше заңдар бойынша басқа да мемлекеттiк қызметтерге тұруға құқық берiлдi. Лициния және Секстия заңдары  патрициилардың қоғамдық жер үлесiндегi иелiктен жер алу мөлшерiн шектедi, яғни плебейлердің осы қордан жер алуы мүмкiндiгiн кеңейтттi. Б.д.д. 326 жылғы Петелия заңы бойынша ХII Кесте заңында сақталып қалған қарызы үшiн тәуелдiлiкке кiру жойылды, одан көбiнесе плебейлер зардап  шегетiн.

Плебейлер мен патрициилер күресiнің соңы  б.д.д. 287 жылғы Гортензия заңында бекiдi. Заң бойынша ендi трибтардағы плебейлер жиналысының шешiмдерi  центуриаттық жиналсытар шешiмiмен теңестiрiлдi [3].

 

 

2. Рим аристократиялық республикасы

 

Мемлекетiк құрылысы. Бiздің дәуiрiмiзге  дейiнгi V-V1 ғасырлар бойында   патрийцийлiк   аристократиялық   республика  институттарының бiрте-бiрте қалыптасып, даму процесi өрiстедi. Б.д.д 509 жылы соңғы (жетiншi) рекс Тарквиния қуылғаннан кейiн Римде республикалық құрылыс орнады [1].

Рим республикасының әскери жүйесi б.д.д. IV ғасырда қауымның көршiлес халық топтарымен үздiксiз соғыстары жағдайларында қалыптасты.

Патшаның орнына екi консулды сайлайтын болды. Рим республикасының тарихы 500 жылдан асады. Бiрақ Римде республика құрылғанымен, қоғамдық құрылыста айтарлықтай өзгерiстер бола койған жоқ. Рим ерте республикалық кезеңде полис, яғни, еркiн құл иеленушiлiк сипатындағы азаматтық қауым болып қалды. Рим халқы егiншiлiкпен, мал шарушылығымен шұғылданды. Римдiктер астық дақылдарын, жүзiм, зейтун егiп, өсiрдi, бақша шаруашылығымен шұғылданды. Диқандар темiрдi енбек құралы ретiнде қолданды. Олар iрi қара және ұсақ  мал, шошқалар өсiрдi [1].

Информация о работе Рим құқығының пайда болуы