Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 23:40, дипломная работа
Рим құықғының термині антикалық Римнің құқығы яғни Рим мемлекетіндегі құлиеленушілік формаларының құқығын білдірді. Ежелгi Рим мемлекетi және Рим құқығы заң ғылымында ерекше орын алады. Өйткенi, Ежелгi Рим мемлекетiнің құрылуы, оның абсалюттік монария тарихының болуы өте құнды болса, ал Рим құқығы – бұл классикалық құқыққа жатады.
КІРІСПЕ......................................................................................................................6
1. ЕЖЕЛГІ РИМ МЕМЛЕКЕТІ
1.1 Римнiң әлеуметтік құрылысы...............................................................................8
1.2 Рим аристократиялық республикасы.................................................................10
1.3 Рим империясы....................................................................................................16
2. РИМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ
2.1 Рим құқығының жалпы сипаты және негiзгi қайнар көздерi..........................21
2.2 Рим құқығының негiзгi кезеңдерi......................................................................30
2.3 Римнiң зат құқығы...............................................................................................32
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................64
Б.д.д. V-III ғасырларда Рим мемлекеттiк құрылысының тұжырымдау процесi жүрдi. Мемлекеттiк өкiмет органдары - халық жиналыстары, магистратуралар, Сенат болатын. Рим республикасының жоғарғы мемлекеттiк органы б.д. дейiнгi I ғ. басына дейiн 300 адамнан тұратын Сенат едi. Кейiн сенаторлар саны 600, одан кейiн 900-ге жеттi. Сенаторларды цензорлар тағайындайтын [4]. Сенаторлардың көбi өмiр бойына сенатор болып қалды. Кез келген адам сенатор бола алмайтын. Ақсүйек рудан шыққан, жасы 60-қа толған, әуелi диктатор, консул, яғни, претор болып iстеген адам ғана бұл лауазымға сайлана алатын.
Сенат заң, қабылдамайтын, бiрақ ол заңды талқылау құқығына иеленген едi. Бұл фунқцияны ол жаңа заң қабылдағандай шебер қолдана бiлдi. Сенатты магистраттар ғана шақыра алатын. Мәжiлстерге төрағалық етушi Сенаттың қызмет бабы өте жоғары болып саналды [3].
Сенат мемлекет мүлкiне басшылық жасады, қазынаға иелiк еттi, бюджеттi, салыкты белгiледi. Ол комиция каулыларын ол сайлаған қызмет адамдарын бекiтiп, сыртқы саясатқа басшылық етiп, дiни тәртiбiн бақылады. Сенат республиканың әскери өмiрiн басқарды. Жауынгерлердi жинау мерзiмiн, әскерлер контингентiн, әскери бастықтар өкiлдiгiн белгiледi. Бақылау мақсатын көздеп, елшiлерiн өзi соғыс жүргiзiп жатқан магистратқа жiберiп отырды. Рим Республикасының ерекшелiгiн Сенаттың рөлiнен-ақ көрiнiп тұрды. Сенаттың ықпалы орасан зор болды.
Римдегi мемлекеттiк лауазымдар магистратуралар деп аталды. Магистратураға тұрудың Өзiндiк қағидалары болды: сайланбалылығы, жылдам орнығыуы, алқалылығы, тегiн және жауапкершiлiгi. Рим магистраттары мынандай түрге бөлiнедi;
1) Экстраординарлы (төтенше);
2) Ординарлы (консул, цензор, трибун);
3) Жоғарғы;
4) Төменгi.
Жоғарғы магистратураға 2 консул, преторлар, цензорлар, халық трибундары жатқызылады. Барлық магистраттар (диктатордан басқалары) центуриаттық және трибуттық жиналыстарда бiр жылға сайланды. Диктаторлардың өкiлеттiгi мерiзiмi алты айдан аспайтын болды. Сенат әскердi басқарушы консулдың өкiлеттiгiн соғыс жағдайында ұзарта алды. магистратуралар алқалық болып бiр лауазымға бiрнеша адам сайланды. Магистраттар билiгi жоғарғы және жалпы болып бөлiндi. Жоғарғы билiк диктаторға, консульға және преторға жатты: жоғарғы әскери билiк, бiтiм шартын жасау, сенатты, халық жиналыстарын шақырыу және оларда төрағалық ету, бұйрықтар шығыру және оларды орындауға мәжбүрлеу, сот құқығы және жазалау. Жоғарғы билiктердің iшiнде «Ең жоғарғы» билiк диктатордың, «үлкен билiк» консулдың, «шектеулi билiк» претордың қолында болды. Жалпы билiкке ие болған барлық басқа магистратуралар нұсқаулар беру және оны орындамағаны үшiн айып салды.
Магистратуралар жай және төтенше болып ажыратылды. Жай магистратураларға консулдар, преторлар, цензорлар, квесторлар, эдилдер лауазымы жатты.
Атқару үкiметiнің билiгi магистраттарға берiлген едi. Оларға халық жиналысы мен бiр жылға сайланған қызмет адамдары кiрдi. Бұл қызметтi әрбiр Рим азаматы формальды түрде атқара алғанымен, тек бай адамдар ғана магистрат бола алатын. Олар серiктес азаматтарға сый-құрмет көрсетiп, сыйлық тарату үшiн қаржы жұмсауға тиiс болды [5].
Магистраттың кейбiр мiндеттерiн орындау да еркiндiктi керек еттi.
Рим магистраттары мәселенi алқа болып шешетiн. Жеке магистр дербес құқыққа ие едi. Рим магистраттары тек ұжымдық түрде әрекет жасап, бiр ауыздан шешiм қабылдай алатын.
Консул жоғарғы магистрат болып бүкiл магистратура жүйесiн басқарды. Әсiресе консулдардың әскери өкiлеттiгi маңызы болды: әскерге алу және оны басқару, қолбасыларды тағайындау, бiтiм жасау құқығы және әскери олжаны бөлу.
Алғашқыда Римдегi бүкiл жоғарғы қызметтерi консул деп аталады. Римде әскери милицияның жүйесi құрылды. Әскерде жасы 17-ден 46-ға дейiнгi ер адамдар қызмет еттi. 46-60 жастағы ер адамдар резерüâте тұрды [7]. Консулдар халық жиналысында белгiленген күнi цензор жасаған тiзiм бойынша алдын - ала жауынгерлердi жиыстыру iсiн жүргiздi, 43 жастағы ер адамдар ғана консул болуға құқылы. Консулдың қасында жүретiн нөкерлерi 12 лектордан тұратын. Рим республикасыың жоғарғы кызмет адамдары жыл сайын центуриат комицияларымен сайланды. Олар әскери жане азаматтық мiндеттерiн өтеуге тиiстi болды.
Консулдар әскери қызметкерлердi жинап, әмiр беретiн жоғарғы әскери трибундардың бiр бөлiгiн тағайындайтын. Азаматтық өкiмет билiгiне ие болып отырып, консулдар сенатты, халық жиналысын шақыра алады, олардың шешiмiн орындады, қызмет адамын сайлау жұмыстарына басшылық еттi. Консулдардың бiрiне дара өкiмет билiгiн беру туралы мәселе жеребе бойынша келiсiлетiн. Бiрақ ұсынысты талқылау немесе өзгерту құкығы болмады. Центуриат жиналыстарына қатысушылардың жағдайын анықтайтын ценздiк принцип демократиялық емес едi.
Преторлар б.д.д. II ғасырдың ортасында консулдардың көмекшiлiрi санатында болды: соғыс жағдайында қалаларды басқарды, сот iсiн жүргiздi және жаңа құқық нормаларын қалыптастырды [8]. Бастапқыда бiр, кейiн екi претор сайланды. Оның бiреуi Рим азаматтарының iстерiн қарады, екiншiсi (перегриндер преторы) шетелдiктер қатысы бар iстердi қарады. Бiртiндеп преторлар саны сегiзге жеттi. Преторлар сот iстерiн жүргiзiп, провинцияларды басқарды. Олар консулдарды ауыстырып отырып, сенаттың тапсырмасы бойынша легионды да басқарды.
Екi цензор бес жылда бiр рет сайланды. Олар рим азаматтары тiзiмiн жасады, оларды трибалар, топтар және сенаторлар тiзiмiн жасау үшiн жiктедi. Сонымен қатар олардың құзiретiне нравтылықтың сақталуын бақылау және соған сәйкес эдиктiлер шығару жатты. Квесторлар бастапқыда консулдардың көмекшiлерi болып, кейiн қаржы мәселесiн және кейбiр қылмыстық iстердi қарады. Эдилдар (екеу болды) қаладағы қоғамдық тәртiптi, базардағы сауда тәртiбiн бақылады және мейрамдар мен сауықтарды ұйымдастырушылар болды.
Магистрлар iшiнде плебейлер трибуны ерекше орын алды. Олардың вето қою құқығы маңызы Сенат ролы артқан сайын әлсiрей бердi [5].
Төтенше магистратуралар Рим мемлекетi үшiн ауыр жағдайларда құрылды: ауыр соғыстар, құлдардың iрi көтерiлiстерi, iшкi толқулар. Осы жағдайда сенаттың ұсынысы бойынша консулдың бiреуi диктаторлыққа тағайындалды. Диктатор шексiз билiкке ие болды: барлық магистраттар бағынды, плебей трибунының вето қоюы қабылданбады, бұйрықтары талқыланбады, өз әрекетi үшiн жауап бермедi. Диктатура мерiзiмi алты айдан аспайтын болды. Республикадағы дағдарыс кезiнде өмiрлiк диктатуралар орнаған болатын. Мысалы, Сулла диктатурасы.
Аристократиялық республика халық демократиясының көп белгiсiн сақтап қалды. Халық жиналыстары - сол демократияның бiр көрiнiсi. Ең маңызды мемлекеттiк органдары - халык жиналыстары. Олар комиция деп аталады [9].
Римде комициялардын үш түрi бар. Куриялар жиналыстары (комициясы) Римде ежелден келе жатқан комиция жиналыстары болатын. Бұған үкiметтің жоғарғы иесi, әкесi мен шешесiнің азаматтық құқығы бар, толық құкықты Рим азаматтары (патрийцийлер) жататын. Рим азаматтары халық жиналысына, мемлекеттiк қызметке алынып, жеке меншiкке ие болып, әскерлерiнде қызмет ете алатын.
Халық жиналыстарының тағы бiр күрделi түрi центуриаттық комициялардың маңызы зор болды. С. Туллий жүргiзген реформадан кейiн олардың саны 193-ден 373-ке деиiн көбейдi [8].
Центуриаттық жиналыс патрийцийлер мен плебейлердің жиналысы болатын. Бұл жиналыстарда жоғарғы қызмет адамдары қаланың шешетiн мәселенi қойып, дауыс беру iсiн жүргiзудi биледi. Алғашқы дауыс беру центурия iшiнде өттi. Әрбiр центурияда бiр-бiр дауыстан беретiн.
Центуриат жиналысының қызметтiк ықпалы қүштi болатын, бiрiншiден олар қабылдайтын, центуриат комициялары Рим халқының еркiн бiлдiрдi. Олар жоғарғы қызмет адамдары - консулдарды, преторларды, цензорларды сайлады. Соғыс жариялау және бiтiм жасау мәселелерiн шешу. Комиция қабылдаған зандарды бекiтіп, қатты жазаға ұшыраған азаматтардың шағымын қарайтын ХII кесте заңдарын қабылдау Рим плебейлерiнің үлкен жеңiсi болды. Патроий мен плебейге ортақ заңдар плебейлердi патрийцийлердің жүргенсiздiгiнен қорғауға тиiстi болды. Эдилдер плебей трибундардың кемекшiлерi болды.
Б.д.д. 445 жылы Канулейдiн заңы қабылданды. Ол плебейлерге патрийций әйелдерге үйленуге рұқсат еттi. Б.д. дейiнгi 409 жылы плебейлердi квестор етiп сайлайтын болды. Кейiн оларды - 367 жылы - консул, 64 жылы -куруи эдилi (курилық эдил), 366 жылы - диктатор, 351 жыны- цензор, 337 жылы - претор ретiнде сайлап коятын болды. Б.д.д. 287 жылы плебейлердің ақырғы жиналысы болды [10].
Плебейден шыққан диктатор Квинт Гортензий халықты тыныштандыру үшiн, трибут комициялардың шешiмi бойынша жалпы мемлекетiк зандары болатындығын тағы да растайтын заң шығарды.
Рим халқының төменгi сатысы құлдар болды. Бұлардың көбi соғыс тұтқындары едi. Басқалары көршiлес тайпалардан немесе осында келген құл сатушылардан сатып алынатын құлдарды толықтырып отырыудың маңызды көзi кiрiптарлық, құлдар болды [11].
Өнер мен сауданың дамуы Рим плебейлердің жiктелуiне әкелiп соқты. Плебейлер арасынан сауда - қол өнер шонжарлары шықты. Екiншi жағынан плебейлер саны өстi. Плебейлердің патрийцийлермен нарықтық тұрғыдағы күресi жер үшiн күрес болды. Кедейленген плебейлердiн кiрiптарлығын жою талаптары күрестi қиындата түстi. Б.д.д. V-V1 ғасырларда плебейлер нарықтық және саяси қатынастарда патрийцийлермен теңдiк жолындағы ұзақ қүреске кiрiстi. Олар патрийцийлер ие болып отырғандай азаматтық құқықтарды, магистратураларды Сенаттан орын алу құқықтарын талап еттi.
Плебейлердің патрицийлермен күресiнің басталуы б.д.д. 494 жылға жатады. Эквалармен соғыс кезiнде ауыртпалық тартқан плебейлер Рим әскерлерiне қызмет етуден бас тартты да, Римдi тастап лагерьде тұрды. Плебейлердің Рим әскерiнің тастап кетуiнен шошынған патрийцийлер оларға кеңшiлiк жасауға мәжбүр болды. Плебейлерлердің дербес ұйымдасу құқығы танылды. 493 жылдан бастап олрдың өз ортасынан олар екi лауазылды адамды халық трибундарына сайлай алды.
Трибундар сенатпен магистраттардың плебейлердің мүдделерiне кайшы келетiн шешiмдерiне тыйым (вето) салу құқығын алды. Сонымен, олардың мiндетi плебейлердi патриция магистраттары мен сенаттың жүргенсiздiгiнен корғау болды. Алғашында 2 трибун, содан соң 4, ал кейiнiрек 10 трибун сайланды.
Б.д.д. 449 жылы 12 тақтаға ойылып жазылған заңдар қорымға қойылды. Адам замандағы плебейлермен қатар Римде еркiн халықтың тобы- плебейлер де пайда бола бастады [1].
Плебейлер патрийцийлердің рулық бiрлестiктерiне кiрген емес. Ежелгi заманда жер иеленуге құқығы болмады. Бұлардың көпшiлiгi колөнермен және саудамен шұғылданды.
Плебей азаматтың құқықтарға көп қол жеткiзе алмады. Бiрақ уақыт өткен сайын оларды Рим әскери жасағының құрамына енгiзетiн болды. Плебейлердің салық төлеп, әскерге қызметке араласуы нақты көрiнiске айналды.
Плебейлердің қалай пайда болғаны жөнiнде бiрнеше болжам бар. Қазiргi зетттеушiлердің пiкiрi бойынша, плебей халқының тегi iшiнара еркiн қоныс аударушылардан, iшiнара еркiндiкке жiберiлген құлдардан Римде қоныс тебуге Римдiктер зорлап көндiрген кейбiр көршiлес шағын қалалардың тұрғындарынан құралды [5].
Комициялардың үшiншi түрi - трибут комициялары. Олар трибо бойынша жиналады. Олар центуриат комициаларымен салыстырғанда демократияға неғұрлым жақын болды.
Бұл комициаларға өздерiнің орнына қарамай барлық рим азаматтары қатысты. Трибут жиналыстары әдетте заң - жоба мәсслелерiн шештi, төменгi қызмет адамдарын сайлады, кейбiр қылмысты iстердi талқылауға салды [12].
Трибут комициалары 35 болатын. Олар кейбiр зандардың жаңа жобасын талқылап, плебей трибундарын сайлады.
Римде халық жиналыстарының жүйесi демократияльқ негiздерде құрылмаған едi. Рим халқының жиналыстарын тек магистраттар ғана шақыруға құқылы болды. Бiрде-бiр халық жиналысында зандық бастама болған жоқ. Басқыншылық соғыстардың нәтижесiнде Рим Республикасы орасан зор мемлекетке айналды. Оның иелiктерi бүкiл Аппенин түбегi кеңiстiгiнде ғана емес, сондай-ақ одан әлдеқайда сырт жерде болып, Рим бiздің дәуiрiмiзге дейiн үлкен қалаға айналды да, Жерорта теiңiзiнің аса маңызды саяси орталығы болды.
Жеңiп алған елдерден Римге көп құл әкелiнiп жатты. Сөйтiп олар жеке меншiктерге сатылды. Римде "нобиль"- деп аталатын жаңа топ пайда болды. Олардың дүние мүлкi 1 млн. сестерция болып болжамдалды. Олардың латифундияларына рим шаруалары жұмыс iстейтiн. Шаруалар құлдың арзан енбегiмен бәсекеге түсе алмады [6].
Бiздің дәуiрiмiзге дейiнгi II-I ғасырларда Римдегi құл иеленушiлiк қоғамда таптық қайшылықтар шиеленiсе тұстi. Бұрынғы саяси құрылым жаңа жағдайларда басқару күшiнен айырыла бердi. Осы кезеңдегi соғыстар Римде құлдар санының өсуiне алып келдi. Бұлдардың басым көпшiлiгi мемлекеттiк және iрi жер иеленушi латифундияларда жұмыс iстедi. Оларға қарсы қатаң тәртiп орнатылды. Бұлдардың қарсы тұрулары көтерлiстерге ұласты.
Б.д.д. 74-70 жылдары Сицилиядағы Спартак көтерлiсi Рим мемлекетiгiне қауiп төндiрдi.
Б.д.д. 133 жылы трибун болып сайланған. Тиберий Гракх жаңа занның жобасын ұсынды. Бұл заң бойынша жерге кожалық етуге шек қойылды: бiр жер қожалың 1000 югерден кем болмайтын болды, бiр отбасына 250 гектардан келдi, қалған артық жердi ол жерi аз немесе жерi мүлде жоқ шаруаларға бөлiп беру керек деген ұсыныс жасады. Сенат бұл заңды қабылдамай қарсылық бiлдiрдi. Тиберий бұл занды өткiзу үшiн Рим конституциясын үш рет бұзды: ол екiншi 20 Октавий орынынан алынсын деген талап қойды; реформаға қанша ақша керегiн Октавийдің өзi шешетiн болсын деген өтiнiш бiлдiрдi, өзi келесi мерзiмге трибун болып сайланғысы келдi. Халық Тиберийдi жақтады. Бiрақ Тиберий диктатураға ұмтылады деген желеумен Сенат оны өлтiрудi ұйымдастырды [13].
Тибериймен бiрге 300 жақтаушысының да көзi жойылды. Бiрақ шаруалар аз да болса жер алды. Тиберийдің саяси жолын оның ағасы Гай Гракх жалғастырды. Гай өте акылды адам болды. Ол көптеген жақсы заң қабылдады. Ол қабылдаған заң бойынша плебейлерге нан арзан ақымен сатылды. Ол соттың жұмысын өзгерттi. Гай қабылдаған заң бойынша жаңа сот комициясы құрылып, бұл комиция провинциядағы қызмет адамдарының терiс жұмыстарын тексеретiн. Римнiң аристократ адамдары Гайға қарсы шығып, оның қабылдаған заңын бұзды [14]. Жауларының қолына түспеу үшiн Гай құлына өзiн өлтiрттi. Ағайынды екi Грако қайтыс болғаннан кейiн, олардың iстеген жұмыстарын жоятын жаңа зандар қабылданды, құлдық өндiрiс тәсiлiнің дамуы құлдар санын көбейттi, олрды қанау күшейдi. құлдардың жұмыс күшiн кәсiпорындарда, жеке меншiк кәсiпорындарда және латифундияларда, үй шаруашылығында пайдаланылды, құлдар латифундияларда қатты қанауға түстi. Бұл жағдай құлдарды көтерiлiске шығуға мәжбүрледi. Iрi латифундиялардың пайда болуы шаруалар мен қолөнерiшiлердi кедейлендiрiп, пролетариатқа айналдырды. Оларға жұмыс табылмады. Өйткенi, жұмыстардың бәрiн iрi кәсiпорында құлдар iстейтiн. Бұл жағдай басы бос азаматтар мен құл иеленушiнердің карым-қатынасын шиеленiстiрдi [15].